Домой Блог Страница 198

Еуропа пәтуа кеңесі Рамазан күнін бекітті

Еуропа пәтуа кеңесі Рамазан күнін бекітті

Еуропа пәтуа және зерттеу бойынша кеңесінің бас хатшылығы (ECFR) хижри бойынша 1437 жылы, милади бойынша 2016 жылы қасиетті Рамазан айының кіру уақытын бекітті.

«Нақты астрономиялық есепте 1437 жылдың жаңа Рамазан айы Шағбанның 29 күніне сағат 02:59-да, Гринвич бойынша жексенбі күні 2016 жылдың 5 маусымында кіреді.

Осыған сәйкес, жаңа айды 2016 жылдың 6 маусымына, дүйсенбіге қараған түні арнайы құралдармен Солтүстік және Оңтүстік Америка, Африка, Тынық мұхиты жағалауы мен Атлантика, Үнді мұхитының кей бөліктерінде және Арабия жартыаралының оңтүстік-батысында көруге болады» делінген ECFR сайтында.

Осылайша Рамазанның алғашқы ораза күні 2016 жылдың 6 маусымы, дүйсенбіге сәйкес келеді.

Baq.kz

«Жұлдыздар тоғысқанда» фильмінің тұсаукесер көрсетілімі

«Жұлдыздар тоғысқанда» фильмінің тұсаукесер көрсетіліміБүгін Талдықорған қаласында «Жұлдыздар тоғысқанда» фильмінің тұсаукесер көрсетілімі болды, деп хабарлайды  Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бұл туынды Қазақстан Республикасы Президентінің өмірі мен қызметіне арналған «Елбасы жолы» киноэпопеясының жалғасы болып табылады. Бұл бесінші фильмнің режиссері әрі сценариін жазған ресейлік маман Сергей Снежкин. Басты рөлді танымал актер Берік Айтжанов сомдады.

Фильм көрсетілімінің алдында Алматы облысы әкімінің орынбасары Бақтияр Өнербаев облысқа аталмыш фильмнің премьералық көрсетіліміне арнайы келген фильмнің актерлері Алдабек Шалбаев пен Ғани Құлжановты құттықтай келе, шығармашылық еңбектеріне табыс тілеп, естелік сыйлықтар табыстады.

Үйде отырып жұмыс істеудің артықшылығы мен кемшілігі

Удаленная работа
Удаленная работа

Үйде отырып жұмыс істеудің артықшылықтары мен кемшіліктері бар және барлығына бірдей ыңғайлы болмайды. Қазіргі кезде компьютер мен интернет бағдарламалау, тауар сипаттамасын жазу және басқалардың грамматикалық қателіктерін тексеру сияқты түрлі әдіспен ақша табу жолдары ұсынылады.

Үйден шықпай-ақ ерлер де, әйелдер де жұмыс істей береді. Көп жағдайда ерлер ақпараттық технологиялар саласындағы маман болса, кеңседе немесе үйде жұмыс істеуі қалауына байланысты болады. Кей жағдайда жұмыстың осы екі түрін үйлестіреді: бірнеше сағатын кеңседе өткізіп, қалған уақытында үйден жұмыс істеп немесе аптасына 2-3 күн кеңсеге барып, қалған күндері жұмысын үйден атқарады.

Әйелдер бала күтімі бойынша демалысқа шыққан уақытында отбасылық бюджетін толтыру әдісін іздеп, үйден жұмыс жасауды ойлайды. Кей жағдайда тек қаражат үшін емес, өзінің кәсіби деңгейін жоғалтпау үшін және жаңа мамандық игеру үшін де компьютер алдында отырып, жұмыс істеуді жөн көретіндер болады.

Үйден жұмыс істеудің артықшылықтары:

  • Жұмысқа жиналып және жетіп үлгеру үшін ерте тұрудың қажеті жоқ;
  • Уақыт және көлік шығынына (әсіресе, қалалық жерлерде) ақша үнемдейсіз;
  • Бір апта бойы демалыссыз жұмыс істеп, келесі аптада демалуға бір жерге барып қайтуға болады;
  • Балалар әрқашан өз қарауыңызда жүреді. Егер олар балабақшаға барса, оларды алып кетуге уақытыңыз болады;
  • Жалпы міндеттік шаралар жоқ және сізге ұнамайтын адамдармен бірге жұмыс істеуге мәжбүр болмайсыз;
  • Бастығыңыз сізден уақытында орындалатын жұмыстан басқа ештеңе сұрамайды. Мысалы, 8 сағат міндетті түрде жұмыста отыруыңызды немесе біреуге көмектесуіңізді талап етпейді;
  • Егер тамағыңыз ауырып қалса немесе бетіңізге аллергия шығып кетсе, үйден жұмыс істей бересіз.

Үйден жұмыс істеудің кемшіліктері:

  • Өзіңізді әріптестеріңізбен салыстыруға мүмкіндік жоқ. Соның себебінен, кәсіби деңгейіңізді бағалау қиынға түседі. Әріптестеріңізден немесе басшылықтан жаңа әдістер мен идеяларды үйренуге мүмкіндік болмайды;
  • Үй кеңсесі — жас мансапқорларға арналған жұмыс емес. Үйде өзіңіздің ұйымдастырушылық қасиетіңізді, идеяларды түрлендіру қабілетіңізді және топпен жұмыс істей алатыныңызды көрсете алмайсыз;
  • Қиын мәселені қызметкерлермен бірге ақылдасып, жылдам шеше салатын мүмкіндігіңіз болмайды;
  • Көңіл-күймен емес, уақытылы жұмыс істеуге өзіңізді мәжбүрлеу қиынға түседі;
  • Сыртқы келбетіңізге күтім жасауды доғаруыңыз мүмкін;
  • Үй жиналмаған және тамақ дайындалмаған болса, отбасылық қатынастың бұзылу қаупі бар;
  • Маңызды мәселені шешу үшін алаңсыз ойлану қажет. Алайда жаныңызда кішкентай балаңыз сізге әңгімесін айтып тұрса, тек жұмысқа зейін қою қиынға түседі. Егер үйіңізде адам саны көп болса, үйден жұмыс істеу қиынға соғатынын ұмытпаңыз.

namys.kz

Астанада жол жүру ережелерін білетін үздіктер анықталады

Астанада жол жүру ережелерін білетін үздіктер анықталадыЕлордада жол қозғалысы жас инспекторларының кезекті қалалық слеті өтіп жатыр. Биыл конкурста 10 адамнан тұратын 7 команда бағын сынауда. Балалар саптық дайындық, зардап шеккендерге бастапқы медициналық жәрдем көрсету, көшедегі жүрісті реттеушінің қимылдарын тану бойынша жарысады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Бүгін М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайының сахнасында жеті команда аудандық іріктеуден өтіп, қалалық кезеңде бәсекеге түспек. Жеңімпаздар еліміздің барлық өңірлерінің командалары қатысатын республикалық конкурсқа жолдама алады.

– Биыл слет 16-шы рет өткізіледі. Ең басты мақсатымыз — барлық мектеп оқушыларының өзара қарым-қатынасын құру. Балалар республикалық слетта 10 күн бойы лагерьде болып, басқа аймақтардан келген балалармен араласады. Мұндай конкурстар оларды ой-өрісін дамытуға, кеңейтуге қосымша ынталандырады, – деді жергілікті полиция қызмтінің ювеналды полиция бөлімінің басшысы Бақытгүл Сарина.

Слет бағдарламасы жеті конкурстан тұрады, балалар велосипедпен мәнерлеп жүреді, тапқырлар мен білгірлер сайысына қатысады, ал үгіт-насихат бригадалары конкурсында әртістік өнерлерін ортаға салады.

Конкурс жеңімпаздары Астана қаласының ІІД жергілікті полиция қызметінің дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Елордалық музейлер келушілерге есігін айқара ашты

Елордалық музейлер келушілерге есігін айқара аштыЕлордада түнде музейлерге кіру тегін болды. Келушілер экспонаттармен танысып, қазақстандық жұлдыздардың композицияларын тыңдады, сиқыршылар мен иллюзионистердің өнерін, театрландырылған қойылымдар тамашалады. «Музейдегі түн» акциясына мыңдаған қала тұрғыны мен қонақтары қатысты, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

ҚР Ұлттық музейінде қонақтар үшін қызықты бағдарлама әзірленді. Келушілер назарына қолөнершілердің жәрмеңкесі, музей туралы кітап ұсынылды. Бұл түні он экспозициялық залдың бәрінде экскурсиялар өткізіліп, LED-экрандардан роликтер көрсетілді. Музейде зергерлік бұйымдар, фарфор, ат әбзелдері, қару-жарақтар коллекциясы мен кілемдер қойылған.

Келушілер «Атамекен» этномемориалдық кешенінде бір түнде барша республикамызды аралап өтті. Олар еліміздің өңірлерін толықтыра түскен жаңа макеттерді тамашалады.

Музей экскурсоводтары мен шақырылған шығармашылық ұжымдар көрермендер үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Сонымен қатар, әдеттегідей лотерея билеттерінің ұтысы өткізілді.

Жетісу қызыл гүлге оранды

Жетісу қызыл гүлге орандыЖетісу – «жеті өзен елі» атымен белгілі, еліміздің ең бай және көрікті аумақтарының бірі. Алматы-Талдықорған тасжолының Арқарлы асуы мен Жоламан жазығында мыңдаған гектар алқапта қызғалдақ жайқалып тұр. Жетісу қызыл гүлге оранды.

Жолаушылар көздің жауын алатын тамаша көріністі көру үшін тоқтап, суретке түсіп, қызықтауда. Ел ішінде «Жоламанның қызғалдағы көп гүлдесе, бидай бітік шығады» деген сенім бар.

Неше елді аттандырған құтты қоныс,

Әлі тұр әсемдігі таусылмай.

Суретін сөз баяндап жеткізе алмас,

Жерінің Жетісудың бәрі сондай! (І. Жансүгіров)

Балаға смартфон ұстатпаудың 10 себебі

Балаға смартфон ұстатпаудың 10 себебіЖаңа теxнологиялар біздің өмірімізді жеңілдеткені, еңбек өнімділігін арттырғандығы шындық. Дей тұра, смартфон, планшет сияқты құрылғылардың балаға тигізетін кері әсерін білуіңіз керек, деп жазады namys.kz.

Бүгінде кез-келген баланың қолында мобильді құрылғының жүруі қалыпты жағдайға айналып барады. Бұл мақтанарлық та, қуанардық та жағдай емес. Себебі, смартфонның кері әсері балалардың дамуын тежейтінін ғаламдар дәлелдеп отыр.

Балаға смартфон ұстатпаудың 10 себебі:

1. Бала қолында смартфонның болуы қаншалықты қажет болса да, ол ата-ана мен бала арасындағы байланысты бұзады. Смартфондағы бағдарламаларды (WhatsApp, Viber, IMO т.б.) қолдану, мезетте жауап беру балаңызға көңіл бөлуді арттырмайды. Санасы енді жетіліп келе жатқан балаға табиғи тығыз қарым-қатынас ауадай қажет.
Баламен табиғатта жиі серуендеу, үйде көп әңгімелесу арқылы ғана байланыс жасалады. Сізбен емес, смартфонмен сырласатын бала өсіруді мақсат тұтпасаңыз, қолына смартфон ұстатудың алдында ойланыңыз.

2. Смартфон — баланың шығармашылық, оның ішінде креативті ойлауын тежейді. Смартфондағы түрлі ойындар мен бағдарламаларды қолдануға мүмкіндік алған баланың шығармашылық ойлау процессі тоқтай бастайды. Әсіресе, ойындардың қауіпі зор екен. Олардың ойлауын тежеумен қатар, оптикалық-сенсорлық дамуына кері әсерін тигізеді. Көбінде баланың іс-әрекетінің баяулайтынын байқауға болады.

3. Бала ұйқысының бұзылуына себеп болады. Ғалымдардың зерттеуінше, смартфон жатын бөлмеде болған жағдайда ұйқысының қанбауына, ұйқыға кеш жатуы мен шаршаңқы болуына бірден-бір себеп болады. Баланың уақытылы ұйықтап, келесі күнге миын тынықтыруы оның өсуіне маңызды екенін білесіз. Алайда, оның қолында смартфон болса ол мақсатқа жете алмайсыз.

4. Өз іс-әрекетінің салдарын ойлауға мүмкіндік бермейді. Қазіргі таңда жеткіншектер өзара қарым- қатынасты түрлі чаттарда жазысу арқылы жасайды. Смартфонды пайдалану арқылы жылдам жауап беруге дағдыланады. Жылдам жазам деп ойланбай жауап беретін жастар өсіп келеді. Оған дәлел ретінде тәжірбие жүргізілген балалардың мына мысалын қарастырсақ. Чат ашып, оған достары ортақ балалардың сөйлескенін бақылап отырған. Достары арасында келіспеушілік болып, өзара қысым көрсетіле бастайды. Осы жағдайда чаттағы бір бала «өміріңді жоғалтқаныңды тілеймін!» десе, жақсы отбасыда тәрбиеленген балалар да еш ойланбастан «сенің де!» деп жауап берген. Осы тәжірбиеден-ақ смартфонның балаға өзінің іс әрекетінің салдарын ойлануға мұрша келтірмейтінін байқауға болады.

5. Смартфон баланың оқуға деген қабілетін төмендетеді. Баланың білімге деген құштарлығының төмендеуіне сабақ уақытында ойының басқа нәрсеге бөлінуі себеп екенін мұғалімдерде жиі айтып жүр. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, смартфон құрылғыларын көп пайдаланатын баланың математика және физика пәндері үшін қажетті дағдының қалыптасуын бұзады. Яғни, смартфонға жақын болған балалардан нақты ғылымға әлсіз жеткіншектер өседі.

6. Смартфонға тәуелділік қалыптасады. Түрлі ойындар мен бағдарламалар арқылы өзіне тәуелді ететін смартфондар оның ұзақ уақыт бойы, тіпті ересек өмірде де оның «есірткі шегуші» секілді тәуелді болуын жүзеге асырады.

7. Псиxикалық саулығына әсер етеді. Мамандардың айтуынша, балалар арасындағы депрессия және анфекция себептерінің көп жағдайда интернет пен смартфон секілді құрылғыларды пайдаланудан болады дейді. Смарфондағы ойындарда жиі қорқытып-үркіту орын алады. Бұл оның псиxикасына кері зиянын тигізеді.

8. Балаңыздың физикалық саулығына зиян. Смартфонды пайдаланушылар бір орында қимылсыз отырады. Бұл жеткіншектің дене бітімінің дұрыс өсуіне, қалыптасуына кері әсер етеді. Олар таза ауада көп қимылдауы тиіс. Соның салдарынан арқаның қисаюы, көзінің көруі нашарлауы, артық салмақ жинауы тағы да басқа аурулар табуы мүмкін.

9. Мінез-құлқы өзгереді. Смартфонды күніне 2 сағаттан артық пайдалану бала эмоциясының өзгеруі мен әлеуметтік мәселелерінің тууына үлкен себеп. Мінезінде тұйықтық пайда болады. Алуан түрлі ойындар жеткіншектің көңілінің бұзылуына, оның өзімен-өзі жалғыз болуына деген ынтасын арттырады.

10. Балаға зорлық-зомбылықты үйретеді. Смартфон арқылы түрлі зорлық — зомбылық ойындар, чаттар немесе интернеттегі әдепсіз видеоларды жиі көретіндіктен агрессивтілік пен агрессивті мінез-құлықты қалыптастырады. Оның зардаптары қазіргі уақытта да байқалып жатқанына куә болып жатырмыз.

Геннадий Головкин орта салмақтағы WBC чемпионы атанды

Геннадий Головкин орта салмақтағы WBC чемпионы атандыWBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин (34-0, 31 КО) кезекті титулына ие болды.

Дүниежүзілік бокс кеңесі «Golden Boy Promotions»-тен Сауль Канело Альварестің орта салмақтағы WBC белдігінен бас тартқаны туралы ресми хабарлады.

«Геннадий Головкин WBC нұсқасы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы атанды. WBC  Канелоға  карьерасында сәттілік тілейді, болашақта Головкин-Альварес жекпе-жегін көруге ниеттіміз». — делінген ұйым қаулысында.

Г.Головкин бұған дейін WBA (Дүниежүзілік бокс ассоциациясы), IBO (Халықаралық бокс ұйымы) және IBF (Халықарылқ бокс федерациясы), ал, бүгін мексикалық Сауль «Канело» Альварес Геннадиймен болатын жекпе-жектен бас тартып, WBC (Дүниежүзілік бокс кеңесі) белдігін Головкинге берді.

Сөйтіп, Геннадий Головкин жекпе-жек өткізбей-ақ, WBC белбеуінің иегері атанды.

Кәсіпқой бокстағы тағы бір чемпиондық белбеуі WBO (Дүниежүзілік бокс ұйымы) британиялық боксшы Билли Джо Сондерсте.

Айта кетейік, Геннадий Головкин 24 сәуір күні өзінің 35-ші жекпе-жекгін өткізіп, америкалық боксшы Доминик Уэйдті 2 раундта нокаутпен жеңген болатын.

Қазақстан телеарнасы

 

Жас шахматшы Әсел Серікбай халықаралық дәрежедегі ФИДЕ шебері атанды

Жас шахматшы Әсел Серікбай халықаралық дәрежедегі ФИДЕ шебері атандыӘсел Серікбайға дүниежүзілік шахмат федерациясының төсбелгісі Сыр өңірінде өтіп жатқан Қазақстан Кубогы бәсекесінің ашылу рәсімінде табысталды.

Оқушылар арасында Әлем, Азия чемпионы атанып үлгерген Әселдің болашағына мамандар бүгінде зор үмітпен қарайды.

Зерек ойлы қыз осыған дейін жеті мәрте ел біріншілігінде топжарған. Ол осындай жетістіктерінің арқасында халықаралық дәрежеге ФИДЕ шебері атанып отыр.

kaztv.kaztrk.kz

Өмірдің мәні неде?

e47a6a2f-3284-448f-88fd-b9a7616e4447

Егер сен бақыттың неден құралатынын іздесең, мәңгі бақытты бола алмайсың. Егер сен адам өмірінің мән-мағынасын іздеуді қоймасаң, онда өмір сүре алмайсың.

А. Камю

Философия пәні мен үшін белгілі бір ойлардың пайда болу алаңы ретінде көрінеді. А.Камюдің философиясы туралы естіп көрдіңіз бе? Жазып кеткен ойлары мені де толғандырды.

Адам дүниеге келгеннен бастап, кеткенге дейінгі тіршілігінің барлығы жалған, оның айналасындағы ата-анасы, жақын-туғандары да бір сәтте жат адамдарға айналып кетеді. Бес күндік жалған өмірде өмір сүрудің мәні қалмайды. Алайда осындай мәнсіз өмірді түзетуге, мәнсіздікпен күресуге тырыспаса нағыз абсурд осы болады.

1957 жылы Нобель сыйлығының иегері атанған жазушы «Сизиф туралы аңыз» кітабында былай деп айтады:
«Төсектен тұрады, автобус, төрт сағаттық жұмыс, тамақ, автобус, төрт сағаттық жұмыс, тамақ, ұйқы, дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, көп санды уақыты бір-бірінен еш айырмашылығы жоқ мәнсіз, мағынасыз жөңкілген қайталанбалы ағын. Бірақ, күндердің бірі оның миында «Не үшін?» деген сұрақ пайда болады және сол сәттен бастап осының бәрінен таңырқау аралас жалығу басталады. «Басталу», бұл өте маңызды. Зерігу механикалық тұрмыстан басталған соң, сананы түгелдей қозғалысқа түсіреді».

Шындығында біркелкі өмір адамды жалықтырып жібереді. Жалыққан адам санасында неше түрлі ойлар болады, олар бір нәрсе істеуге құлшынады. Егер адамдардың белгілі бір мақсаты болмаса, олардың іштері пысады, осылайша қоғамға бүлік әкелушілер пайда болады.

Өмірдің мағынасыздығы мен ажалдың шынайылығын түсінген адамның шынайы құндылығы өзін-өзі мерт қылу жолымен ажалды қабылдауда емес, ажалмен күресте. Ажалмен күресу дегенде өлмеудің жолын іздеу емес, арғы дүниеге кеткенше саналы нәрсемен айналысу, мақсат қойып соны орындай білу, қоғамға пайдалы адамгершілік тұрғысынан ақылға қонымды нәрсе жасап кету.

Яғни, бұл өмірге келіп, қалай өмір сүруің өзіңе ғана байланысты, абсурдқа толы жалған өмірде көптің бірі болып өткізу немесе абсурдпен күресіп, өз-өзіңе өмірдің мәнін жасап алу, игі істер атқарып, кейінгі ұрпаққа мол мұра қалдыру.

Гаухар Іздібай