Домой Блог Страница 199

Жанар Дұғалова: «Жас қанат» байқауы үшін шетелге іс-сапарымнан бас тартуыма тура келді

Жанар Дұғалова: «Жас қанат» байқауы үшін шетелге іс-сапарымнан бас тартуыма тура келдіЕлімізде өтіп жатқан «Жас қанат» байқауының аясында әнші, Жанар Дұғалова өзінің тәжірибесімен бөлісті. Бұл туралы «Жас қанат-2016» республикалық байқауының баспасөз орталығынан хабарланды.

«Мен кішкентайымнан әнші болуды армандадым және осы жолда еңбектендім. Ал, отбасым мені толықтай қолдады. «Жас қанат» байқауына қатысу анамның ойы еді. Өз басым көптеген байқауларға қатыссам да, мектеп оқушысы болғандықтан «Жас қанаттан» қатты жүрексіндім. Өйткені,  осыған дейін мен қатысқан байқаулардың барлығы балаларға арналған болатын. Ал «Жас қанатқа» келгенімде бәрі жасыма  таң қалған. Сол себептен жеңісімді, ең алдымен, өзіме дәлелдедім. Себебі қатысушылардың барлығы тәжіриебелі әрі жасы жағынан да үлкен болды»,-деген ойымен бөлісті әнші.

Оның сөзінше, сол уақыттан бері елімізде де өнер әлемінде де көптеген өзгерістер болды.

«Негізінен, мұндай байқауларды халық білуі керек. Осы күнде қалың көпшілік теледидарға қарағанда, интернетке көп қарайтын болды.  Ал «Жас қанат» таза теледидарлық жоба және ол осы уақытта ерекше қолдауды қажет етеді. Жалпы мен болашақта «Жас қанат» пен «Азия дауысы» сияқты байқауларды елімізде дәстүрлі түрде өткізілетін шаралардың қатарынан көргім келеді. Ол үшін әрине, осы байқауларға үлкен қолдау қажет және ол қолдау еліміз тарапынан көрсетілетін болады деп үміттенемін»,-деді Ж.Дұғалова.

Жалаң аяқ жүгіру есте сақтау қабілетін арттырады

Жалаң аяқ жүгіру есте сақтау қабілетін арттырадыЖалаң аяқ жүгіргендердің есте сақтау қабілеті шамамен 16% артқанын байқаған ғалымдар спорттың осы түрін жақсы көретіндерге аяқ киімін шешіп, жүгіруді кеңес етеді.  Бұл тқжырымды Солтүстік Флорида Университетінің ғылыми қызметкерлері қолдады. Өйткені жалаң аяқ жүру есте сақтау қабілетін жақсартады. Зерттеудің нәтижесі Perceptual and Motor Skills журналында жарияланды.

Жүгіргенге дейінгі және жүгіруден кейінгі ерікті қатысушылардың есте сақтау қабілетінің деңгейін өлшеп жүргізілген үдеріске барлығы 18 бен 44 жас аралығындағы 72 ерікті қатысты. Олар шамамен 16 минуттай жалаң аяқ жүгірген екен.

Астанада иттердің халықаралық көрмесі өтті

Елордамызда «Есіл арайы – 2016» атауымен иттердің халықаралық көрмесі өтті. Ресей, Қырғызстан мен Қазақстанның түкпір-түкпірінен  400 астам ит қатысты.

Көрмеде 375 жуық түрлі тұқымдағы саққұлақтар болды. Олардың арасында дүниежүзі бойынша сирек кездесетін асыл тұқымды иттер де бар. Мысалы тибеттік мастиф пен брюссельдік гриффон және уиппет иттері. Сондай-ақ, CACIB (халықаралық чемпиондықтың үміткері. Белгілі бір тұқымға жататын үздік төбет пен қаншыққа берілетін сертификат) дәрежесі бойынша конкурс ұйымдастырылды. Польшаның «Молосс клубының» президенті Андрей Шуткевич пен Грузиядан келген халықаралық категориядағы сарапшы Георгий Щеголь төрешілік етті. Байқау талаптары бойынша иттердің жынысы, жасы, тұқымынан өзге сыртқы келбетіне, белсенділігі мен иесі екеуінің арасындағы байланысқа қарап бағалады. Конкурс 17 түрлі рет бойынша өткізілді.

«Мұндай көрмені жыл сайын бірнеше мәрте ұйымдастырып тұрамыз. Басты мақсаты: еліміздегі және әртүрлі мемлекеттегі төрт аяқтылардың иелері бас қосатын алаңға айналдыру, ынталандыру және ең үздік итті анықтау» дейді көрменің бас ұйымдастырушы Евгений Мечковский.

IMG_7096

IMG_7598

IMG_7612

IMG_7658

IMG_7681

IMG_7181

IMG_7688

IMG_7667

IMG_7119

Аталмыш көрме Халықаралық кинологтар федерациясы мен Қазақстан кинологтарының бірлестігі және «Арко и К» Кинология және Фелинология орталығының ұйымдастыруымен өткізілді.

Фотолар анималист, фотограф Алена Митрофановаға тиесілі. 

«Әлем аспабы – 2016» фестивалінде алғаш рет қазақы нақыштағы әуендер шырқалады

«Әлем аспабы – 2016» фестивалінде алғаш рет қазақы нақыштағы әуендер шырқаладыМаусым айында Астана қаласында алғаш рет әскери оркестерлердің «Әлем аспабы – 2016» фестивалі өтеді. Әскери оркестрлердің халықаралық байқауы ШЫҰ мүше мемлекеттері қорғаныс министрлері кеңесінің аясында өтеді, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

ҚР Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Орталық әскери оркестрінің музыканттары қазақы нақыштағы ұлттық әуездерге мән беріп, отандық сазгерлеріміздің танымал музыкалық шығармалары мен қазақтың халық әндерінен құралған попурри ұсынды.

Музыканттарымыз өнер көрсететін бағдарламада «Дос-Мұқасан» вокалды-аспаптық ансамблінің репертуарынан қазақ әуендері тақырыбындағы попурри, қазақтың халық әні «Белес-белес», Б.Желдірбаевтің «Шабыт шыңында» атты шығармалары шырқалады.

Одан басқа, әр елдің әскери оркестрі 8 бен 10 минут аралығында созылатын дефиле ұсынады. Қазақстандық музыканттардың жаңа бағдарламасына оркестрдің әртістері ғана емес, сонымен бірге құрмет қарауылы ротасы, ҚР Қорғаныс министрлігі Орталық ансамблінің бишілері кіреді.

ШЫҰ мүше мемлекеттерінің әскери оркестрлері қатысатын фестивальдің гала-концерті 8 маусымда Астана Опера театрының алдында өтеді. ШЫҰ мүше мемлекеттері әскери оркестрлерінің жанды дауыстағы орындау шеберліктерін барша қауым тыңдап, құлақ құрышын қандыра алады.

Алдыңғы «Әлем аспабы» фестивалі 2015 жылы Санкт-Петерборда өткенін естеріңізге сала кетейік.

Сұлулық зертханасы: Арықтау жолдары

1438756795_l1. Күніне 2 — 2,5 л су ішіңіз.
2.  Таңғы ас алдында (20 минут бұрын) бір стақан суға бал немесе лимон салып ішіңіз.
3.Тамақтанар алдында жарты сағат бұрын міндетті түрде су ішіңіз, бірақ тамақпен қосып, су, шай ішпеңіз. Ауқаттанып болған соң, сусынға 40 минут өткен соң ғана рұқсат.
4. Күніне 4-5 рет тамақтаныңыз. 
5. Кешкі ас ұйықтар алдынан 3 сағат бұрын болуы керек. Одан кейін тек су, көк шай, майлы емес айран ішуге болады.
6.  Шайды қантсыз ішіңіз. Қантты қатты қалап тұрсаңыз, бал қосуға болады. Кофені тамақ рационыңыздан алып тастаңыз немесе қоспасыз ішіңіз, яғни қантсыз, сүтсіз, қаймақсыз.
7. Картопты аптасына екі рет қана жеуге рұқсат және ең бастысы суға немесе буға піскен күйде. Қуырылған картоп туралы мүлде ұмытыңыз.
8. Жүзім мен бананды арықтағыңыз келсе, тамақ рационыңыздан мүлдем алып тастағаныңыз жөн.
9. Аптасына бір-екі күн ораза ұстауды әдетке айналдырыңыз.
10. Егер 2 ай бойы салмақ өзгермесе, читинг жасауға болады. Читинг дегеніміз тек ұнайтын тағамдармен арықтау.
11. Спортты есте сақтаған жөн. Таңертең және кешке жаттығу жасаңыз. Стадионға барып жүгіруді қолға алыңыз. Спорт үшін ең тиімді уақыт 17.00-тен 20.00-ге дейін.
12. Таңғы асты тастамаңыз!
13. Түскі асқа сорпа тамақ ішіңіз. Қосымша салаттар, майлы емес ет, көкөніс, жеміс-жидек жеуге рұқсат.
14. Бестің шайына йогурт, салат, айран, ет, көкөністерді азық етуге болады.
15.  Кешкі асқа жеңіл салат, ірімшік, сүзбе, йогурт, бұқтырылған көкөністерді пайдаланыңыз.
16. Жемістерді түске дейін жеген жөн.
17. Қуырылған, майға піскен, ұннан жасалған тамақты ұмытыңыз.
18. Салаттарды қаймақпен, табиғи йогуртпен араластыруға болады.
19.  Жартылай фабрикаттар туралы ұмытыңыз: фастфуд, шемішке, тұздалған жаңғақтар, чипсыларға рұқсат жоқ. Тамаққа майонез қоспаңыз. Тәтті су мен шырынды, түрлі газдалған және энергетикалық сусындарды ішпеңіз.
20.  Аздаған бөліктермен тамақтанып үйреніңіз.
21. Өзіңізге арнап кішкентай тостақ (тарелка) сатып алыңыз да тек сонымен тамақтуды әдетке айналдырыңыз. Алғашқы уақытта, шамамен жеті күндей, әрине, қиналасыз. Бірақ, содан кейін асқазан жиырылып, кішірейеді де, уақтылы тамақтануға үйренісіп кетеді.

«Алакөл қанаты» экофестивалі өтті

«Алакөл қанаты» экофестивалі өттіАлакөл ауданында «Алакөл қанаты» көктемгі экофестивалі төртінші жыл ұйымдастырылып отыр. Бұл шара Алматы облысындағы ішкі туризмді дамытуға ықпал етеді. Осы фестивальға облыстық әкімдік екінші жыл қолдау көрсетіп отыр, деп хабарлайды  Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Республикалық фестивальға 50 бердвочер қатысып, үш күн бойы құстардың 60-тан астам түрін көріп қана қоймай оларды камераға түсіріп те үлгерді. Бұл жолы қызықтаушылардың объективіне сирек кездесетін реликт шағаласы да ілінді.

Алакөл Жетісу табиғатының әсемдігі мен әртүрлілігін тағы бір паш етіп, құсқа қызығушылық білдіргендерді таңғалдырды.

Қалалық мәслихатта жастар мәселелері талқыланды

Қалалық мәслихатта жастар мәселелері талқыландыҚалалық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында жастарды мемлекеттік қолдау және оларды Астананың қоғамдық өміріне тарту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Астана – жастардың, дарынды және белсенді адамдардың қаласы. Ресми мәліметтерге сәйкес, бүгінгі таңда Астана қаласында 14-29 жас аралығындағы жастардың саны 213,4 мың адам немесе қаланың жалпы демографиялық көрсеткішінің 25% құрайды. Өткен жылы 30 астам жоба жүзеге асырылып, 150 астам шара ұйымдастырылды. 2016 жылдың басында 13 аула клубы жұмыс істеп, олар 2500 бала мен жасөспірімді қамтып отыр.

Басқарма жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту бағытында да белсенді жұмыс жүргізіп отыр, негізінен жастардың кәсіптік бағдарына баса назар аударылады.

Талқылау барысында комиссия мүшелері қазіргі кезде аула клубтарының мүшелері тиісті деңгейде жолға қойылмағанын, сол себепті жастардың біршама бөлігі қамтылмай қалып отырғанын атап өтті. Сонымен қатар, жұмыссыз жастармен жүргізілетін жұмыстардың да кемшін тұстары бар. Депутаттар барлық мүдделі мемлекеттік құрылымдарды тарта отырып, азаматтардың осы санатын еңбекке орналастыру бойынша жұмыстарды белсендіру қажеттілігін атап өтті. Сонымен қатар, тұрғын үй мәселесі де шешілмей келеді.

Талқылау қорытындысы бойынша комиссия мүшелері барлық ескертулерді ескере отырып, басқарма қызметі туралы есепті келесі отырыстарда қайта тыңдау туралы қорытынды жасады.

Сонымен қатар, отырыста ревизиялық комиссияның қалалық Мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасында, Жастар саясаты мәселелері басқармасында жүргізілген аудиторлық шаралардың қорытындысымен танысты.

Жүргізілген жұмыстар нәтижесі бойынша осы саладағы үйлестірушіні анықтап, қаланы сыртқы тақырыптық ресімдеу, елордада мәдени имиджілік және әлеуметтік маңызы бар шараларды ұйымдастыру және өткізу тәртібін реттейтін бірыңғай құжат әзірлеу мәселесін қарау ұсынылды.

Астанада Қазақ ұлттық хореографии академиясы ашылады

Астанада Қазақ ұлттық хореографии академиясы ашыладыЖақын арада елордада көп деңгейлі кәсіби хореографиялық білім берудің толық циклін іске асыратын жоғары оқу орны ашылады. 26 мамырда Қазақ ұлттық хореография академиясына шәкірттер қабылдау басталады. Хореография академиясында мектеп жасындағы балалар мен жастар балет өнерін меңгереді.

Білім берудің көпсатылы формасы бастапқы, техникалық және кәсіптік, сондай-ақ, жоғары (бакалвриат) және ЖОО-дан кейінгі (магистратура, докторантура PhD) білім беруден тұрады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Академияның негізгі қызметі «Балет әртісі»,  «Би ансамблінің әртісі»,  «Режиссура», «Хореография», «Өнертану» және «Арт-менеджмент» мамандықтары бойынша кадрларды даярлау. Қазақ хореография академиясын құрудың мақсаты Қазақстанда хореография өнерін дамудың жаңа деңгейіне шығару, сонымен қатар, жастарға рухани және эестетикалық тәрбие беру болып табылады.

Хореография академиясында балет әртістері негізгі жалпы немесе орта жалпы білім базасында кәсіби білім алатын болады, бұл профилін еркін түрде өзгерту немесе басқа оқу орындарына ауысу мүмкіндігін береді. Шәкірттер балет өнерінен бірегей тәжірибе жинау үшін шағын және үлкен сахналарда өнер көрсетеді.

26 мамырда Хореография академиясына балаларды қабылдау басталады. Комиссия үміткерлердің функционалдық кәсіби және физиологиялық қасиеттеріне қарай, соның ішінде жас үрдісіне, денесінің иілгіштігіне, музыкалылығы мен ырғақтылығына, сахналық пластикасына, эмоционалды толықтығына, темпераментіне, сондай-ақ, көптеген психологиялық факторларды ескере отырып, іріктеу жүргізеді.

Академия ғимараты Хусейн бен Талал көшесі, 9 мекен жайы бойынша ЭКСПО-орталыққа қарсы орналасқан. Оқушыларға 498 грант ұсынылады, сондай-ақ, ақылы негізде де білім алу мүмкіндігі қарастырылған.

Аталған өнер ордасы отандық балет мәдениетінің орталығына, хореография өнері саласында шығармашылық жобаларды және әлемдік деңгейдегі жаңа шығармаларды дайындау зертханасына айналмақ.

Елордада әйелдер арасында бокстан Әлем чемпионаты өтеді

Елордада әйелдер арасында бокстан Әлем чемпионаты өтедіЕртең Елордамызда әйелдер арасындағы бокстан Әлем чемионатының салтанатты ашылуы өтеді. Дүбірлі додаға 64 мемлекеттен келген 300 жуық спортшы қатысады. Бұл чемпионатта Рио-де-Жанейрода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына жолдамалар сарапқа салынады. Ш

Төрт жылдықтың басты бәсекесіне лицензиялар үш салмақ дәрежесінде ұсынылады – 51 кг дейін, 60 кг дейін және 75 дейін. Әр санат бойынша төрт жолдама беріледі.

Қазақстандық құрама командаға астаналық спортшылар Римма Волосенко, Валентина Хальзова мен Ләззат Күнгейбаева енді. Сонымен қатар, жарыста Назым Қызайбай, Жайна Шекербекова, Дина Жоламан, Айжан Ходжабекова, Зарина Цолоева, Виолетта Князева мен Юлдуз Маматкулова ел намысын қорғайды.

Қазақстан әйелдер құрамасының аға бапкері — Вадим Присяжнюк.

Әлем біріншілігі 19-27 мамырда «Барыс-Арена» сарайында өтеді.

Шайды қай кезде ішуге болмайды?

Шайды қай кезде ішуге болмайды?Шай құрамындағы заттардың адам денсаулығына қаншалықты пайдалы немесе зиян екені бұған дейін аз айтылған жоқ. Оны көпшілік жақсы біледі. Ал, шайды оңды-солды ішуді жақсы көретіндерге британдық ғалымдар бұл әдеттен арылу керектігін айтып отыр.

Шайды көп ішетін елдер арасында жүргізілген зерттеулерге сүйенсек, адам басына шаққанда әр қазақ жылына 1-2 келі шай ішеді екен. Қазақтардың шайды қалай ішетіні туралы XIX ғасырдың орта шенінде жапондық зерттеуші М.Киттар «Қазақтар шай ішкенде уақыт та, орын да талғамайды. Кез келген тамақтан бұрын да, кейін де іше береді» деген екен. Алайда дәрігерлердің кеңесі бойынша оңды-солды шай іше беру денсаулыққа зиян.

Мысалы, кей адамдар үшін шай ішпеген жақсы немесе күнделікті пайдаланатын сусындар тізімінен алып тастағаны абзал. Жүкті әйелдер үшін шайды өте аз мөлшерде, мүмкін болса, тіпті ішпегендері дұрыс. Шайдың құрамындағы кофеин іштегі ұрықтың дамуына кері әсер етеді. Жапон зерттеушілерінің дерегі бойынша, 5 шыны аяқ қою шайдың құрамындағы кофеиннің мөлшері іштегі баланың салмағының жетпей туылуына себеп болады екен.

Ендеше, шайды қай кезде ішуге болмайды, соған тоқталайық:

Аш қарынға шай ішпеңіз. Ас қорыту жолындағы ішкі мүшелер шайдың кесірінен зақымдануы мүмкін.

Шайды өте ыстық кезінді ішуге болмайды. Ыстық шай ауыз бен жұтқыншақты, ары қарайғы ас қорыту жолдарын күйдіреді.

Шайды суып қалған күйінде ішуге болмайды. Ондай шайдың кесірінен қақырық тұрып қалуы мүмкін.

Шайды тым ащы қылып ішпеңіз. Ол денсаулыққа зиян. Егер түн уақыты болса, ұйқыңыз келмей, басыңызды ауыртуы мүмкін.

Дәрі-дәрмек қабылдаған кезде шай ішуші болмаңыз. Себебі шай құрамындағы заттар ыдырағанда пайда болатын таниннің әсерінен дәрі сіңімділігі төмендейді. Ол дәрінің күшін жояды.

Тұрып қалған шайды ішуге болмайды. Негізінде, шайлар демдегеннен 20-30 минуттай кейін өзінің құрамындағы заттарымен қышқылдану процесін бастайды. Хош иісті заттар мен пайдалы деген құрамдас бөліктері (фенол, липоид, эфир майы) жарамсыз болып қалады.

Қайта-қайта демдеген шайдың пайдасы жоқ. Керісінше, зияны көп. Алғашқы рет демдеген шайдағы пайдалы заттардың жартысына жуығын алсаңыз, екінші рет демдегенде 30%, үшінші рет демдегенде 20%, ал одан кейінгісін де 10% пайдалы заттарды ала аласыз.

Көп мөлшерде ішуге болмайды. Әсіресе, қара шайды көп ішу ағзаға зиян. Сондықтан, күнделікті қалыпты мөлшерді сақтаған жөн. Қалыпты мөлшер ащы емес шайдың 4-5 шыныаяғы болу керек.

Тамақтан соң бірден шай ішпеген жөн. Ішкіңіз келсе, жарты сағат күтіңіз. Өйткені шай құрамындағы танин, протеин мен темірдің қатқылдануы тағам сіңімділігін төмендете түседі.

baq.kz