Ертеңнен бастап, “16 қыз” романтикалық комедиясы еліміздің барлық кинотеатрларынан көрсетілетін болады. Өткен жылы бірнеше рет «16 қыз» фильмі жайлы айтқан едік. Естеріңізге сала кетсек, оның режиссері Қанағат Мұстафин.
Режиссер туындының санундтрегі ретінде кезінде “Дос-Мұқасан” тобы орындаған “16 қыз” әнін Қайрат Нұртастың орындауында таңдауды жөн көрген.
«16 қыз» фильмінің сюжеті Бауыржан (Берік Айтжанов) деген жас жігіт туралы, оны ата-анасы үйлендіруді армандайды. Бұл үшін олар келін іздей бастайды. Жігіттің өзі болса сүйгеніне сүйіп қосылғысы келеді, бірақ оның сүйіктісі Айжан басқа біреумен атастырылып қойған. Қыз әкесін ренжіткісі келмей, Бауыржаннан бас тартуға мәжбүр болады.
ҚР Ұлттық музейінде 2-наурызда Халықаралық әйелдер мерекесіне орай Франц Бирбаум және Карл Фаберже ордендерінің (2-дәрежелі гауһар) иегері, «ZergerIlyas» брендінің негізін қалаушы Ілияс Сүлейменовтың «Тұмар тәжі» көрмесі ашылады.
Көрменің басты экспонаты «Тұмар ханша» деген атауы бар тәж. Ол скифтердің ежелгі дәстүрлі аң стилімен жасалған. Бірегей әрі сирек кездесетін 252 караттық жасыл ақық, қанатты барыстардың бейнелері, тәжді бойлай орнатылған қымбат әшекей тастардан жасалған ырғақты өрнек, көкке қарай тартылған жебе тәжге ерекше сән беріп тұр. Жалпы алғанда мұның бәрі Тұмар ханшаның патшалық билігін, тектілігін, оның өз жұртын құтқару жолындағы қайратты әрекеттерін көрсетеді.
Сонымен қатар, Алтын залында автордың қолынан шыққан «еуразиялық этномодерн» стиліндегі бірегей екі зергерлік бұйым ұсынылады. Бұл жәдігерлерден арий, скиф, ғұн, түркі-монғол өркениеті өнерінің және замануи зергерлік өнер технологиясының негізгі стильдік ерекшеліктерін байқауға болады.
Ілияс Сүлейменовтің туындылары Ресейде, Австрияда, Швейцарияда, Лихтенштейнде, Францияда және т.б. елдерде өткен зергерлік көрмелерге қойылған. Оның жасаған зергерлік бұйымдары шетелдік атақты эстрада жұлдыздарының, Лихтенштейн княздігі ақсүйектерінің, Қазақстан мен Ресейдің саяси және іскер элиталарының топтамаларында сақтаулы.
Қаламдар да тіл қатады. Өнертапқыштар бөбектердің өресін кеңейтетін әдіс ойлап тапты. «Зерек бала» және «Сиқырлы қалам» деп аталатын құралдар балаларды тәрбиелеуде таптырмас дүние, — дейді мамандар. Жоба авторлары келешекте тың дүниелерін жетілдіріп, мектеп бағдарламасына енгізуді жоспарлап отыр.
«Әліппе», «Мақал-мәтел», «Жаңылтпаш», «Жұмбақ», «Білгенге маржан» секілді 11 дәптерден тұратын топтаманы «Қастерлі» деп аталатын шағын қалам сөйлей жөнеледі. Тіпті, қабырғаға іліп қоятын әліппи, киіз үйдің моделі, әртүрлі музыкалық аспаптарды қамтыған пианино – бәрі сол «Қастерлі» қаламның арқасында әуендетеді. Бұл құралдар қолдануға өте ыңғайлы. Алматыдағы балабақшалардың бірінде қолданысқа енгізілген бұл құрылғы өз нәтижесін беріп үлгеріпті.
Мамандардың айтуынша, балалардың өрісін кеңейтетін бұл қалам бүлдіршіндерді қазақ тілін еркін меңгеруге, тілін дамытуға септігін тигізуде.
Қытайлық компаниямен бірігіп жасаған бұл құралдарға қазақ тілін енгізу үшін бірталай уақыт кетіпті. Жоба авторларының айтуынша, аталмыш әдістемелік құралдар аспан асты елінде үлкен сұранысқа ие. Өнертапқыштардың болашақтағы жоспары үлкен. Келешекте осындай құралды бастауыш сынып оқушыларына да енгізсе деген пікірде.
— Техникалық тұрғыда қаламсапты жинауға біраз уақыт кетті. Ол жақтағы техникалық жобаларды, біздегі жобаларды салыстырдық. Балаларға қауіпсіз, жақсы бір құрал ретінде кіргізіп отырған жөніміз бар. 1 және 2-сыныпқа жарайтындай білім бөліміне кіргізсек деген де ойымыз бар, — дейді жоба авторы Еркебұлан Дудабаев.
Аталмыш әдістемелік құралдың бағасы 25 мың теңгенің көлемінде. Болашақта құрастырушылар құралды одан әрі жетілдіріп, сауда орындарына сатылымға шығармақшы.
Алдағы уақытта Қытайдың Tmall интернет-дүкенінде қазақстандық брендтер сатылымға шығарылуы мүмкін. Олардың арасында ұлттық сусынымыз – қымыз да бар. Мұндай жағымды жаңалық «Самұрық-Қазына» АҚ басшысы Өмірзақ Шөкеевтің Қытайдың ең бай адамы, Alibaba Group компаниясының басқарма төрағасы Джек Мамен кездесуінен кейін белгілі болды.
«Қазпошта» АҚ басшысы Бағдат Мусиннің Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасына жазған жазбасына қарағанда, кездесу барысында тараптар интернет-сауда, төлем жүйесін дамыту, тасымал әлеуетін пайдалану сынды бірқатар мәселеге тоқталып, осы салалардағы ынтымақтастықты арттыру жөнінде сөз қозғаған.
«Ең бастысы, біз Tmall интернет-дүкеніне қазақстандық 150 брендтің тізімін ұсындық. Tmall – Қытайдың ішкі нарығында электронды коммерциямен айналысып, тауар сататын платформа. Ол жерде миллиондаған транзакциялар жасалады», – деп жазады «Қазпошта» басшысы.
«Бұл – қазақстандық кәсіпкерлерге беріліп отырған мол мүмкіндік», – деген «Қазпошта» АҚ маркетингтік коммуникациялар департаментінің директоры Байрам Әзизов ұсынылған тауарлардың ішінде қымыз, құрғақ қымыз, шоколад, бал сынды өнім түрлері бар екенін айтты.
2016 жылдың 3 наурызында сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін Бейбітшілік көшесі 25, «Өркен» іскерлік орталығы, 2-қабатта Астана қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» КММ өткізетін бос орындар жәрмеңкесінде 2000 аса жұмыс орны ұсынылады.
Шараға 25-тен аса елордалық жұмыс беруші қатыспақ. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Бос жұмыс орындар жәрмеңкесінің мақсаты – жұмыссыз азаматтардың ішінен елордалық кәсіпорындар мен ұйымдарға қажетті кадрлар таңдау.
«Жұмыспен қамту жол картасы — 2020» бағдарламасы шеңберінде оқу орындарының түлектері жастар практикасынан өтуге, халықтың нысаналы тобына жататын тұлғалар әлеуметтік жұмыс орындарына орналасуға мүмкіндік алады.
Сонымен қатар, бос жұмыс орындар жәрмеңкесінде Жұмыспен қамту орталығының мамандары Бағдарламаға қатысу мәселелері бойынша қайта оқыту және жаңа мамандық алудың мүмкіндіктері туралы кеңес береді.
Бүгін қазақстандық альпинистер Мақсұт Жұмаев, Мағжан Сағымбаев және Иван Борода Оңтүстік Америка құрлығындағы ең биік нүкте – Аконкагуа шыңын (Аргентина) бағындырды. Астана уақытымен сағат таңғы 4:00 шамасында альпинистер байланысқа шығып, қуанышты хабарды жеткізді.
Аталған қоғамның facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жарияланған жазбада: «Алақай! Қазақ географиялық қоғамы экспедициясының Аконкагуадағы команда мүшелері Мағжан Сағымбаев пен Мақсұт Жұмаев теңіз деңгейінен 6962 метр биіктікте орналасқан шыңды бағындырды! Еліміздің, Қазақстанның туы мен Қазақ географиялық қоғамының туы Оңтүстік Американың ең биік жеріне тігілді! Алға Қазақстан!», – делінген.
Айта кетейік, осыдан екі апта бұрын альпинистеріміз аталған шыңды бағындыру үшін экспедицияға шыққан болатын. Ұшақпен Аргентинаның Мендоса қаласына жеткен олар сол жерден көздеген мақсаттарын іске асыру үшін жолға шықты.
Мақсұт Жұмаев тек Қазақстанның емес, әлемнің бірегей альпинисі екенін ерекше атап өткен жөн. Ол Жер бетінде 8000 метрден асатын барлық 14 шыңды қосымша оттегісіз бағындырған әлемдегі 12 альпинистің бі
2016 жылдың 3 наурызында сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін Бейбітшілік көшесі 25, «Өркен» іскерлік орталығы, 2-қабатта Астана қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» КММ өткізетін бос орындар жәрмеңкесінде 2000 аса жұмыс орны ұсынылады. Шараға 25 артық елордалық жұмыс беруші қатыспақ.
Бос жұмыс орындар жәрмеңкесінің мақсаты – жұмыссыз азаматтардың ішінен елордалық кәсіпорындар мен ұйымдарға қажетті кадрлар таңдау.
«Жұмыспен қамту жол картасы — 2020» бағдарламасы шеңберінде оқу орындарының түлектері жастар практикасынан өтуге, халықтың нысаналы тобына жататын тұлғалар әлеуметтік жұмыс орындарына орналасуға мүмкіндік алады.
Сонымен қатар, бос жұмыс орындар жәрмеңкесінде Жұмыспен қамту орталығының мамандары Бағдарламаға қатысу мәселелері бойынша қайта оқыту және жаңа мамандық алудың мүмкіндіктері туралы кеңес береді.
Ұлты орыс болып келетін, қазақстандық журналист Максим Рожин әлемеуттік желідегі парақшасында бүгінгі «Алғыс айту» күніне орай қазақ халқына алғысын білдірді.
Сонау ашаршылық кездегі нағашы әжесі мен оның інісі туралы естелікпен бастаған Максим, олардың балалық өмірінен сыр шертеді.
Ашаршылық жылдар. Қызылорда облысы Қазалы станциясы. Темір жолда күніге 6 жасар қыз бен 4 жасар бала шпалдың арасында бір нәрсе теріп жүр. Ол менің нағашы әжем мен оның інісі. Олардың теріп, азық қылғандары пойыздан жерге үгітіліп түскен күнжараның ұнтағы. Вагондардың соқтығысынан жерге түсетін күнжара болмағанда, 10 баласы бар көрші отбасыңа барып 11-шi және 12-шi бала болып қосылады. Амал қанша, әжемнің анасы екі баласын жалғыз асырады, өзі аш болса да, сол екі баласының қамын ойлап, күндіз-түні жұмыста болды. Ал екі балапанын өз баласындай көрген Алеке аға бөтенсімей, бар қамқорлығын аямаған. Ашығын айтқанда аман алып қалған сол кісі.
Алеке аға, өзіңізді әжемнің күнде айтатын рахметі мен ризашылығының арқасында ғана танимын. Озіңізді осындай қайрымды жан болып тәрбиелеген қазақ халқына мың Алғыс. Әжем секілді басқа да ұлттардың баласымен, қиын сәтте бір үзім нанды бөлісе білген ұрпақтарыңызға, қазақ халқының әрбір өкіліне Аллаһ тағала екі дүниенің жақсылығын нәсіп етсін! Мен, менің ұрпағым сіздің алдыңызда әжеме жасаған жақсылық үшін қарыздар!!! Әжемнің алғысы бір күндік емес, оның алғысын мен күнде естимін. Қазір 87 де! Оны көріп, әңгімесін естіп мен де сіздің алдыңызда басымды иемін, менің де сізге деген Алғысым шексіз!!!
Иран ғалымдары жарақатты жазатын биологиялық белсенді бинт ойлап тапты.
Медициналық инженерия факультеті Ғалымдар кеңесінің мүшесі Сохиля Салахсур Кордестани аталмыш ғылыми жетістік жолындағы жұмыс 35 жыл бұрын басталғанын мәлім етті.
Қазіргі уақытта ғалымдар сауытты шаянтектес теңіз жәндігінен қажетті биоматериалдар алудың жолдарын тапқан.
Жаңа биобинттер дене жарақатын, диабет, қан-тамыр және генетикалық асқазан жарасын емдеуге қолдануға болады. Бұған қоса, жаңа бинт күйген терінің қалпына келуін 75%-ға жылдамдатады.
Асқар Бисембиннің «Замуж в 30» («30 жаста ұзатылу») деген комедиясының алғашқы трейлері пайда болды.
Сюжетте жасы 29 жасқа келсе де, әлі күйеуге шыға алмай жүрген қыз туралы баяндалады. Жалғыздықтан сарғайып, енді ешкімге керек емеспін деп шешкен Анель өмірмен қош айтыспақ болады. Дәл осы сәтте тағдыр оған тосынсый жасайды — ол Дастан есімді жігітті кездестіреді. Соңғы мүмкіндігінен айырылып қалмау үшін барлығына да дайын.
Фильмде басты рөлдерді Әсел Сәдуақасова, Санжар Мәдиев, Құмар Лұқманов, Талғат Кенжеболатов (Кентал), Берік Айтжанов, Дәстен Шәкіров сомдайды.
Картинаның өндірісімен Әсел Сәдуақасованың «Sunny production» компаниясы айналысқан. Айта кетейік, бұл Әсел мен Асқар Бисембиннің алғашқы әріптестігі емес. Осыған дейін олар «Адель» мелодрамасын шығарған болатын.
«Замуж в 30» фильмі 2016 жылы 7 сәуірде прокатқа шығады.