Домой Блог Страница 227

Дәулет Ниязбеков екі дүркін Азия чемпионы атанды

Дәулет Ниязбеков екі дүркін Азия чемпионы атандыТаиланд астанасы Бангкок қаласында өткен күрес түрлерінен Азия чемпионатында қазақстандық балуан Дәулет Ниязбеков екінші жыл қатарынан қарсылас шыдатпады.

Еркін күрес шебері 61 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Ол финалда Иранның мықтысы Бехнам Ихсанпурды 10:0 есебімен ұтты. Былтыр да дәл осы Бехнамды шешуі сайыста жеңген болатын. Бапкері — КР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Абуталип Аманов.

Айта кетейік, күрес түрлерінен Қазақстан құрамасы екі алтын еншіледі. Алғашқы алтынды грек-рим күресінен 75 келідегі Досжан Кәртіков жеңіп алған еді. Сонымен қатар грек-рим шеберлерінің арасында Асхат Жаңбыров (66 келі) күміс, Мейрамбек Айнағұлов (59 келі), Дархан Баяхметов (71 келі), Асхат Ділмұхамедов (80 келі), Дамир Күзембаев (130 келі) қола жүлдегер атанды.

Әйелдер күресінен Ирина Борисова (48 келі), Эльмира Сыздықова (69 келі), Айым Әбділдина (58 келі) финалға дейін жетсе, Мәдина Бақбергенова (60 келі) мен Гүлмарал Еркебаева (75 келі) үшінші орынға ие болды.

Еркін күресте Дәулет алтын алса, Нұрлан Бекжанов (65 келі), Жігер Зәкіров (74 келі) және Дәулет Шабанбай (125 келі) Азияның вице-чемпиондары атанды. Аслан Кахидзе (86 келі) мен Бақдәулет Әлментай (97 келі) үшінші орынды місе ұтты.

baq.kz

Астанада «Қыс өрнегі» дәстүрлі шаңғы фестивалі өтті

Астанада «Қыс өрнегі» дәстүрлі шаңғы фестивалі өтті Кеше Астанада ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Қыс өрнегі» шаңғы фестивалі өтті. Дәстүрлі шараға елорда әкімі Әділбек Жақсыбеков қатысты.

Биыл 16-шы рет өткізіліп отырған шаңғы мерекесіне 3 мыңнан астам салауатты өмір салты мен белсенді демалысты таңдайтын қала тұрғындары жиналды, олардың ішінде 2700 — шаңғы жарысына қатысушылар. Кәсіпқой спортшылармен бірге әуесқойлар да шаңғы тепті. Мектеп оқушылары, спорт мектептерінің шәкірттері, күш құрылымдарының өкілдері, балалар мен ардагерлер арасындағы жарыстар бөлек ұйымдастырылды. Әдеттегідей жаппай жарысқа қатысушылардың саны көп болды. Дистанциялар жас санатына қарай 1-3 км құрады.

Есіл өзенінің бойында нағыз спорт қалашығы бой көтерді. Шаңғы жарысынан басқа, көрші алаңдарда тағы да сегіз спорт түрінен жарыстар өткізілді. Атап айтқанда, гір көтеру спорты, армрестлинг, шағын футбол, су астынан балық аулау, арқан тарту, белбеу күресі, хоккей және мотокросс. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау шаралары арасында концерттік бағдарлама қойылған болатын. Айта кетейік, биыл құрылғанына 25 жыл толуын атап өтетін Ұлттық Олимпиада комитеті шараға белсенді қатысты.

Дәстүр бойынша Астана қаласының әкімдігімен ұйымдастырылған фестиваль елордада қысқы спорт маусымын жапты. Астанада биыл шаңғы маусымы аясында 15 шаңғы жарысы өткізіліп, оған 6 мыңнан астам адам қатысқан.

baq.kz

Сарыағашта нан зауыты іске қосылды

Сарыағашта нан зауыты іске қосылдыОҚО әкiмi Бейбiт Атамқұлов жұмыс сапарымен Түркiстан қаласына барғанда «Ақ жол» ЖШС-нiң нан өнiмдерiмен танысқан болатын.

2014 жылы iске қосылған нан өндiру цехы жылына 450 миллион теңгенiң өнiмiн шығарып, қазiргi таңда мұнда жүздеген адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Өңiр басшысы серiктестiктiң тындырымды тiрлiгiне ризашылық бiлдiрiп, нан зауытын басқа аудандардан да салу қажеттiгiн айтқан болатын. Көп уақыт өтпей «Ақ жол» ЖШС-i Сарыағаш ауданынан да нан зауытын салуға кiрiскен едi.

Бүгiнде Сарыағаш ауданындағы нан зауытының құрылысы толықтай аяқталып, небәрi 3 ай iшiнде тәулiгiне 10-50 тоннаға дейiн өнiм бере бастады. Әзiрге мұнда нан өнiмдерiнiң 32 түрi шығарылуда. Алдағы уақытта оның түрлерi көбейе бермек. Зауыт толықтай заманауи қондырғылармен жабдықталып, төрт пеш орнатылған. Мұнда ас атасының бағасы да анағұрлым арзан, ал, сапасы өте жоғары әрi 30-35 минутта дайын болады. Сонымен қатар, өндiрiс толық автоматтандырылған. Ұн сақтайтын қойма, нан сататын дүкен бар.

– Елбасы Н.Назарбаев кәсiпкерлiктi ерекше қолдап отыр. Облыс, аудан басшылары да қол ұшын берiп келедi. Сарыағаш ауданының әкiмi Б.Парманов жұмысымызға қолдау бiлдiрiп отыр. Сарыағашта «Яссы» деген атаумен филиал ашып, жергiлiктi тұрғындарды жұмысқа тарттық. Нанның бағасы қолжетiмдi, яғни 50 теңгеден 170 теңгеге дейiн сатылуда, – дейдi нан зауытының директоры Насиба Сабыржанова.

Серiктестiк Сарыағаш ауданындағы 25 ауыл округiнде дүкен ашуды қолға алып отыр. Дәмдi, ыстық нан бiрден тұтынушыға жетедi.

– Тұрғындардан алынған тапсырысты дайындап беруге зауыттың мүмкiндiгi бар. Қазiргi таңда Сарыағаш ауданына күнiне бес мыңнан астам нан өнiмдерiн сатып отырмыз. Ендi Мақтаарал, Шардара аудандарынан тапсырыстар түсуде. Келешекте зауыттың өндiрiстiк қуатын ұлғайтатын боламыз. Қазiр кондитерлiк цехтың құрылысы жүрiп жатыр. Онда тәттiлердiң 500-ден 2000 тоннаға дейiн 100 түрi шығарылатын болады, – дейдi зауыт басшысы.

baq.kz

Астана қалалық «Маусымашар 2016» фестивалі жақындады

vDgcpwGjqA4Елорданың жайдарманшылары арасында Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен ұйымдастырылатын Астана қалалық «Жайдарман» біріншілігінің «Жаңа маусым — жаңару» ашылуы  «Маусымашар — 2016» фестивалі наурыз айының 13-і күніне жоспарланған.

Командалардың тіркелуі — 10  наурыз. 

Редакторлық
жұмыстар — 11-12 наурыз.

Гала-концерт — 13 наурыз сағат 17:00.

Барлық астаналық жайдарман топтарын фестивальге қатысуға және астаналық жайдармансүйер көрермендерді «Жайдарман» тамашалауға шақырамыз!

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Заңының 25-2-бабының тәртібіндегі үндеу

0

img_0818_blizheҚазақстан Республикасының Бас прокуратурасы 2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының сайлауына байланысты прокуратура органдары конституциялық өкілеттіктеріне сәйкес барлық сайлау процесінің қатысушыларымен сайлау туралы заңнаманың дәл және бірыңғай қолданылуына жоғарғы қадағалауды жүзеге асыратынын мәлімдейді.

Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңдылықты сақтау, заң бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында сайлау процесіне қатысушылардың назарын сайлау алдындағы іс-шараларға қатысты келесі заңнама нормаларына аударамыз.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 20.01.2016 жылғы №3/83 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындалу және өткізу бойынша негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарына сәйкес ертең 2016 жылғы 20 ақпанда сайлау алдындағы үгіт басталады, ол 2016 жылғы 18 наурызда сағат 24-те аяқталады.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 20.01.2016 жылғы №3/82 қаулысымен бекітілген Күнтізбелік жоспарға сәйкес Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлау бойынша сайлау алдындағы үгіт 2016 жылғы 24 ақпанда басталады және 18 наурызда сағат 24-те аяқталады.

Сайлау алдындағы үгiт – бұл сайлаушылардың белгiлi бiр кандидатты, саяси партияны жақтап немесе қарсы дауыс беруге қатысуына түрткi болу мақсатындағы қызмет («Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 27-бабының 1-тармағы, бұдан әрі – Конституциялық заң).

Конституциялық заңның 27-бабының 3-тармағына сәйкес сайлау алдындағы үгiт бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, баспа, дыбыс-бейне және өзге де үгiт материалдарын шығару және (немесе) тарату жолымен жүзеге асырылады.Сайлау алдындағы үгiт заңнамада белгiленген тәртiппен және Конституциялық заңда тыйым салынбаған сайлау алдындағы жария iс-шаралар(сайлаушылармен жиналыстар және кездесулер, жария пікір таластар мен пiкiр алысулар, митингiлер, шерулер, демонстрациялар және өзге де жария іс-шаралар) арқылы да жүзеге асырылуы мүмкін.

Бұл ретте, Конституциялық заң бұқаралық ақпарат құралдарын кандидаттардың сайлау науқанын объективтi көрсетудi жүзеге асыруға, кандидаттың, саяси партияның ар-намысына, қадiр-қасиетiне және iскерлiк беделiне көрiнеу нұқсан келтiретiн үгiт материалдары мен өзге де ақпаратты жариялаудан аулақ болуға мiндеттейді.

Саяси партиялардың және мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың сайлау алдындағы бағдарламаларында Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгерту, оның тұтастығын бұзу, мемлекет қауiпсiздігіне нұқсан келтiру, әлеуметтік, нәсілдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыру, қатыгездiк пен зорлық-зомбылыққа бас ұру, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендiрілген құралымдар құру идеялары уағыздалмауға тиiс (Конституциялық заңның 29-бабы).

«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен Интернет-ресурстар бұқаралық ақпарат құралдарына жатқызылғанын атап өтеміз.

Сәйкесінше, Интернет желісіндегі сайлау алдындағы үгіт бұқаралық ақпарат құралдарына қойылған талаптар ескеріле отырып жүргізілуі тиіс.

Конституциялық заңның 28-бабының 9-тармағына сәйкес сайлаумен байланысты қоғамдық пікірге сұрау салу нәтижелерін жариялаған кезде бұқаралық ақпарат құралдары сұрау салуды жүргiзген ұйымды, сұрау салуды жүргізуге тапсырыс берген және оның ақшасын төлеген адамдарды, сұрау салу жүргiзілген уақытты, ақпарат жинау әдiсiн, сұрау салудың нақты тұжырымын, сұралғандардың саны мен сұрау салу нәтижесінің қателiк коэффициентiн көрсетуге мiндеттi.

Бұқаралық ақпарат құралдарында қоғамдық пікірге сұрау салу нәтижелерiн, сайлау нәтижелерiнiң болжамын, сайлауға байланысты өзге де зерттеулердi дауыс берiлетін күн алдындағы бес күн ішінде және дауыс берiлетiн күні жариялауға жол берілмейдi.

Сайлау күнi дауыс берілетiн жайда қоғамдық пiкiрге сұрау салуға тыйым салынады.

Соңғы кезде сайлау науқаны барысында жекелеген тұлғалармен әртүрлі Интернет-ресурстарда онлайн-дауыс берулер (онлайн-сұрау салулар) ұйымдастыру және олардың нәтижелерін жариялау тәжірибеге алынғанын атап өту қажет.

Осындай әрекеттерде қоғамдық пікірге сұрау салудың барлық белгілері бар болғандықтан оларға Конституциялық заңның 28-бабы 9-тармағының жоғарыда мазмұндалған талаптары тең өлшемде таралады.

Жариялы сайлау алдындағы іс-шараларды өткізу кезінде жиналыстар, митингілер, шерулер және демонстрациялар болып табылатын қоғамдық, топтық немесе жеке мүдделерді білдіру орын алады.

Бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Заңымен (бұдан әрі — Заң) реттеледі.

Бұл Заң қоғамдық тәртіпті, тұрғындардың денсаулықтары мен өмірлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауға бағытталуына байланысты жаппай жария шаралар алдын ала ескертіп, жергілікті атқарушы органдарының рұқсатымен арнайы белгіленген жерлерде көлiктiң, өзге де инфрақұрылым объектiлерiнiң қалыпты жұмыс iстеуiне нұқсан келтіретін бөгеттерді жоя отырып өткізілуі тиіс.

Осыны ескере отырып, жабық ғимараттардан тыс жерлердегі Конституциялық заңның 27-бабы 3-тармағының 2-тармақшасында көрсетілген жариялы сайлау алдындағы іс-шаралар Заңмен белгіленген тәртіпте өткізілуі тиіс.

Конституциялық заңның 27-бабының 9-тармағымен сайлау алдындағы жөнсiз үгіттi жүргiзуге тыйым салынады.

Сайлау науқаны үшiн арнайы әзiрленген баспа материалдарын, соның iшiнде безендiрiлген материалдарды, сондай-ақ омырауға тағатын белгiлердi, жалауларды, жалаушаларды тегiн таратуды қоспағанда, сайлаушыларға тегiн немесе жеңiлдiк шарттарымен тауарлар, бағалы қағаздар беріп, қызметтер көрсету, сондай-ақ лотереялар, қайырымдылық акцияларын өткiзу, ақша төлеу не осындайларға уәде беру арқылы сайлау алдындағы үгiттi жүргiзу сайлау алдындағы жөнсiз үгіт деп саналады.

Конституциялық заңның 27-бабының 1-тармағына сай шетелдіктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың кандидаттарды, партиялық тізімдер ұсынған саяси партияларды ұсынуға және сайлауға, сайлауда белгiлi бір нәтижеге қол жеткiзуге кедергі болатын және (немесе) демеп жіберетін қызметті жүзеге асыруына тыйым салынады.

Халықаралық ұйымдар мен халықаралық қоғамдық бiрлестiктер, шетелдiк мемлекеттік органдар, шет елдердiң Заңды тұлғалары мен азаматтығы жоқ адамдар тарапынан Республикадағы сайлауды қаржыландыруға, олардың қандай да болмасын тiкелей немесе жанама түрде республикадағы сайлауды қаржыландыруға қатысуына тыйым салынады (Конституциялық заңның 33-бабының 3-тармағы).

Сайлау жарияланған (тағайындалған) кезден бастап, кандидаттарды, партиялық тізімдер ұсынған саяси партияларды, сондай-ақ олардың атынан немесе оларды қолдап кeз келген жеке және заңды тұлғаларға, ойын-сауық және спорттық iс-шараларын ұйымдастыруды қоспағанда, қайырымдылық iс-шараларын өткiзуге тыйым салынады.Кандидаттың, партиялық тізімдер ұсынған саяси партияның, сондай-ақ оның сенiм бiлдiрген адамдарының осы тармақта белгiленген ережелердi бұзуы кандидатты, партиялық тізімді тiркеу туралы шешімнің күшiн жоюға әкеп соғады(Конституциялық заңның 27-бабының 9-тармағы).

Конституциялық заңның 34-бабына сәйкес кандидаттың сайлау алдындағы үгiтiн қаржыландыру сайлау қорлары қаражатынан жүзеге асырылады.

Бұл ретте, мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, қайырымдылық ұйымдарының, дiни бiрлестiктердiң, өздерiнiң жарғылық капиталында шетелдiк қатысушысы бар қазақстандық заңды тұлғалардың ерiктi қайырмалдықтары, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың анонимдiк қайырмалдықтары сайлау қорларының құралу көздері бола алмайды (тыйым салынады).

Сайлау науқанын сайлау қорларынан бөлек қаржыландыруға немесе кандидаттарға, партиялық тізімдер ұсынған саяси партияларға өзге материалдық көмек көрсетуге тыйым салынады.

Дегенмен, Конституциялық заңның 28-бабының 1-тармақшасына сәйкес Конституциялық заңға сәйкес сайлау қорларын құрмайтын азаматтар, қоғамдық бiрлестіктер қаржыландыруды талап етпейтiн сайлау алдындағы үгіт жүргiзуге құқылы.

Дей тұрғанымен, кандидатқа, саяси партияға сайлау алдындағы үгітті жүргiзуге байланысты қызмет көрсететiн жеке және заңды тұлғаларда Конституциялық заңның 28-бабының 7-тармағына сәйкес оның осы қызметтердi қабылдауға жазбаша келiсiмi болуға тиiс.

Сайлау болатын күнi және оның қарсаңындағы күнi кез келген үгiтке тыйым салынады (Конституциялық заңның 32-бабының 1-тармағы).

Сайлау болатын күні не оның қарсаңындағы күні сайлау алдындағы үгітті жүргізу, депутаттыққа кандидаттарға, олардың сенiм бiлдiрілген тұлғаларына сайлау алдындағы үгiтті жүргiзу құқығын iске асыру процесiнде кедергi келтiру, кандидаттар, саяси партиялар туралы көрінеу жалған мәліметтер тарату немесе сайлаудың нәтижесіне ықпал ету мақсатында олардың абыройына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін өзге де әрекеттер жасау, шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдiк заңды тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың кандидаттарды, партиялық тізімдер ұсынған саяси партияларды ұсынуға және сайлауға, сайлауда белгiлi бiр нәтижеге қол жеткiзуге кедергi келтіретін және (немесе) ықпал ететiн қызметтi жүзеге асыруы, сайлау алдындағы үгiтті, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүргiзу шарттарын бұзу, анонимдік үгiттеу материалдарын дайындау немесе тарату, үгіттеу материалдарын қасақана жою, бүлдіру, сайлау науқанын сайлау қорларынан тыс қаржыландыру немесе оған өзге де материалдық көмек көрсету, жеке және заңды тұлғалардың кандидаттарға, саяси партияға олардың жазбаша келiсiмiнсiз қызметтер көрсетуi, сайлауға байланысты қоғамдық пiкiрге сауалнама жүргiзу шарттарын бұзу, үгіт материалдарын ескерткіштерде, обелисктерде, тарихи, мәдени немесе сәулеттік құндылығы бар ғимараттар мен құрылыстарда, сондай-ақ дауыс беруге арналған үй-жайларда орналастыру әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқтырады(Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 11-тарауы).

Сайлау құқықтарын немесе сайлау комиссияларының жұмысын жүзеге асыруына кедергi жасау, қоғамдық тәртіпті бұзу немесе азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіру қаупін төндіретін көрінеу жалған ақпарат тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеледі (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 150, 274-баптары). 

Жоғарыда келтірілген заңнама нормаларын түсіндіре отырып, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы барлық жеке және заңды тұлғаларды, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарын сайлау процесі барысында, соның ішінде сайлау алдындағы үгітті немесе жарияіс-шараларды заңсыз өткізуге жол бермеу бөлігінде заңдылықты мүлтіксіз сақтауға шақырады.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/kazakstan-respublikasynyn-prokuratura-turaly-zanynyn-25-2-babynyn-trtibindegi

«Титаник II» кемесін сапарға дайындап жатыр (фото)

«Титианик II» кемесін сапарға дайындап жатыр (фото)2018 жылы «Титаник II» өзінің алғашқы сапарына аттанбақ. Ол 1912 жылы құрастырылған және өзінің алғашқы жүзген кезінде айсбергпен соқтығысып, суға батып кеткен мұхит лайнері іспеттес.

«Титаник» көшірмесін австралиялық саясаткер әрі бизнесмен Клайв Палмерге тиесілі Blue Star Line компаниясы құрастырып жатыр. Ол сапарға Дубаидан шығатын болады.

Оның ұзындығы 265 метр, биіктігі 52 метр және салмағы 40 тонна, яғни «Титаникпен» бірдей болмақ. 1235 жолаушыға және 900 экипаж мүшесіне лайықталған.
1455626631_7

1455626634_11

1455626638_13

1455626644_12

1455626645_9

1455626646_19

1455626664_4

1455626667_15

1455626669_16

1455626670_2

1455626671_3

1455626700_14

1455626705_10

1455626709_1

1455626714_20

1455626721_8

1455627105_1212
ҚазАқпарат

«Жаңғақ тал» картинасы Францияда өткен халықаралық кинофестивальде марапатқа ие болды

«Жаңғақ тал» картинасы Францияда өткен халықаралық кинофестивальде марапатқа ие болдыШ. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ киностудиясы түсірген «Жаңғақ тал» фильмі Везульдегі (Франция) Азия киноларының 22-і Халықаралық кинофестивалінде екі бірдей жүлдеге ие болды. Режиссер Ерлан Нұрмұхамбетовтың кинокартинасы халықаралық қазылардың арнаулы жүлдесіне және кино сыншыларының арнаулы жүлдесіне ие болды.

Іріктеу комиссиясы конкурстық көрсетілім үшін «Жаңғақ тал» фильмін үздік азиялық кинотуындылар арасынан таңдап алған болатын. Фильмнің мазмұнына келсек, онда қарапайым отбасындағы қарым-қатынастар суреттеледі.
Фестиваль аясында француз көрермендеріне ұсынылған фильмнің көрсетіліміне режиссер Ерлан Нұрмұхамбетовтің өзі де қатысты. Ал конкурсқа қазақстандық туындыға бәсеке ретінде Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Иран, Филиппин және Түркия елдерінің 8 кинокартинасы ұсынылған болатын. Солардың арасында «Жаңғақ тал» фильмі талғамы биік көрермендердің көңілінен шығып, киносыншылар мен мамандар арасында жоғары бағаға ие болды.Айта кетерлігі, фестиваль аясында бағдарлама бойынша барлығы 90-нан астам фильм көрсетілген болатын.
Негізгі конкурста фильмдерге оңтүстік кореялық режиссер Им Санг-Су төрағалық ететін қазылар алқасы баға берді. Қазылар құрамында режиссер Нан Тривени Ахнас (Сингапур), продюсер және актриса Мания Акбари (Тегеран), режиссер Еутана Мукдасанит (Тайланд) секкілді танымал тұлғалар болды.
Везульдегі финогфестиваль Франциядағы ғана емес Еуропадағы бірталай уақыт бойы өткізіліп келе жатқан ауқымды азиялық кино форумы болып табылады.
Еске салайық, қазақстандық режиссер Ерлан Нұрмұхамбетовтың «Жаңғақ тал» фильмі бұған дейін Кореядағы Пусан фестивалінде әлемдік премьерасын өткізіп, онда New Currents («Жаңа ағым») секциясы аясында жүлдеге ие болған еді.

«Зәуре» – қазақстандық күлбике туралы телехикая

Screenshot_4«Хабар» агенттігі сериалдар өндірісінің отандық нарығының дамуына өз үлесін қосуды жалғастыруда. «Хабар» телеарнасы әзірлеп жатқан көктемгі тұсаукесердің бірі жаңа «Зәуре» отандық сериалы болмақ. Әйгілі күлбике туралы ертегі телехикаяның желісімен ұштасады. Қатаң өгей шешесінің ұзақ жылдар бойы көрсетіп келген қысымынан кейін ғажайып түрде өзінің сүйіктісін тапқан қыздың оқиғасы бүгінгі өмірдің шындығын ескере отырып бейімделген.

Телехикая нұсқасында ауылда туып-өскен Зәуре есімді жас қыз туралы баяндалады. Анасы қайтыс болғаннан кейін қыз оларды көп жылдар бұрын тастап кеткен әкесінің бар екендігі жайлы біледі. Оның шақыруы бойынша Зәуре әкесінің үйіне көшіп келеді, бұған өгей шешесі мен оның қызы өш болады, ал ұлы керісінше қуанышпен қарсы алады.

Оқиға желісінің өрбуімен көрермендер Зәуренің өзіне сенімсіз қыздан жетістікке жеткен құрметті дизайнерге айналу құбылыстарын бақылай алады. Белгілі ертегінің қазақстандық нұсқасының кейіпкерін «Одни из нас», «Нархоз» және «Он и Она» сияқты жобаларға қатысқан белгілі Динара Бақтыбаева ойнайды. «Он и Она» фильміндегі рөлі арқасында Динара жұртшылыққа кеңінен танылған. Оның айтуынша: «Бұл барлық қиыншылықтардан ханзада құтқаратын күлбикенің оқиғасы емес. Біздің оқиғада менің кейіпкерім бәріне өз күшімен, жігерлігімен, талантымен қол жеткізеді».

Сондай-ақ телехикаяда Нұрлан Төреханов, Венера Нигматулина, Айнұр Ниязова, Жандос Айбасов, Артур Төлепов, Камалия Байтөлеуова және басқалары ойнайды.

Өгей шешенің ұлы Аленнің рөлі театр және кино актері Чингиз Капинге бұйырды: «Бұл сериалда біздің өмірді, күнделікті әдеттерімізді, біздің ықылас-тілектерді көрсететін өте қарапайым жағдайлар бар. Сериал көптеген қазақстандықтардан қолдау табатындығына сенемін. Барлық түсірілім командасы эфирден бірде-бір серияны жібермей көретіндігін айтты, бұның өзі көп нәрсені білдіреді».

Сценарийдің авторы – Асқар Ұзабаев, ол «Сұрбойдақ», «Осторожно, корова!», «Тракторшының махаббаты», «Коктейль для звезды», «ВУЗеры» және т.б. сияқты жобаларды өмірге әкелген. Ал режиссердің орнын «Махаббатым жүрегімде 2» сериалының түсірген Ернар Нұрғалиев иеленді.

Шығармашылық топ сюжетті жақсы әзілмен байытуға және актерлердің ойынын шытырман оқиғалар әрі сериядан серияға өткен сайын қызықты болатындай етіп жасауға сөз береді. Сценарий барлық жастағы топтардың қызығушылықтарын ескере отырып жазылған, соған орай сериалды отбасымен бірге көруге болады.

Мелодраматикалық туынды құру идеясы «Хабар» агенттігіне тиесілі, жобаны іске асыруға «567 Creative Laboratory» продакшн-компаниясының тобы кірісті. Түсірілімдер Алматы және Талғар (Алматы облысы) қалаларында жүргізілді.

Сериал 20 ақпаннан бастап көрсетіледі және әр сенбі және жексенбі сайын сағат 17.00-де эфирге шығатын болады.

baq.kz

Елімізде алғаш рет зомбилер туралы фильм түсірілді (ВИДЕО)

Елімізде алғаш рет зомбилер туралы фильм түсірілді (ВИДЕО)Қазақстанда зомби апокалипсиске арналған «Өліктермен Selfie» («Selfie с мертвецами») кинотуындысы түсірілді.

Жобамен режиссер, продюсер, актер Ермек Шахметтің («Анаша», «Бекзат») «OmniArs» кинокомпаниясы түсірді. Фильмге Ермек Шахметтің өзі продюсер және актер ретінде қатысты.

Сюжетте сәтсіз эксперименттің нәтижесінде елге таралған вирустың салдары көрсетіледі. Масалар генетикалық тәжірибелер жасалатын зертханада вирусы бар қанды сорып, оның таралуына себепші болады. Қатерлі дерттің құрбаны болған ұлын құтқармақ болған әкеның басынан өткен оқиғалары баяндалады.

Отандық хоррорды Дәулет Әуелбеков есімді дебютант- режиссер түсірген. Фильмнің Қазақстандағы премьерасы 2016 жылғы 14 сәуірге жоспарланған.

«OmniArs» компаниясы келешекті «Шанс на счастье» драмасын, «Самая лучшая свадьба на земле» романтикалық комедиясын жарыққа шығаруды жоспарлап отыр.

kinostan.kz

«72 сағатта үйлену» фильмі бір аптада 10 млн қаржы тапты

«72 сағатта үйлену» фильмінің кассалық жинағы бір аптада 10 млн теңгені құрады.

Алайда, фильм продюсері Жанбек Мәдиев кинотеатрлардың құрған кестесіне көңілі толмайтынын айтты. Продюсерге сенсек, қазақ тілінде түсірілген фильмнің ресми тілге аударылған нұсқасы ыңғайлы уақытқа қойылса, картинаның түпнұсқасын көргісі келген көрермен түннің бір уағына дейін күтуге мәжбүр көрінеді.

«72 сағатта үйлену» фильмі бір аптада 10 млн қаржы тапты

— Мәселен, фильмнің орыс тіліндегі нұсқасы негізінен кешкі, яғни ел-жұрт жұмыстан шыққан соң, барып көруге ыңғайлы уақытта көрсетіледі, ал қазақ тіліндегі нұсқасы күндізгі немесе түнгі, тым кеш уақытқа қойылған. Көрермендердің көбісі фильмді түпнұсқасында көргісі келетіндерін айтып, шағым жасап жатыр, — дейді фильм продюсері Жанбек Мәдиев.

Сонымен қатар, көрермен кинотеатр кестесін көретін сайттарға да өкпелі. Мәселен, киномандар көп кіретін kino.kz сайтында тек орыс тілді нұсқаның ғана кестесі көрсетілген.

Айта кету керек, фильмнің жалпы бюджеті 55 млн теңге. Авторлар, «егер түпнұсқасы кешкі ыңғайлы уақытқа қойылғанда картина өз шығынын он күн ішінде өтер еді», деген пікірде.

«72 сағатта үйлену» фильмінің тұсаукесері 11-ақпанда өткен болатын.

businessnews.kz