1. Жұмысты дұрыстап жасау үшін ешқашан уақыт жетпейді, дұрыс жасалмаған жерін қайта жасау үшін уақыт әрқашан да бар. (Мескимен заңы)
2. Қиын істің шешімін жалқауға тапқызу керек, ол оңай шешімін табады. (Хлейд заңы)
3. Іздеуді табылады деп ойламаған жерден бастау керек. (Іздеу заңы)
4. Шығыс кіріспен теңесуге ұмтылады. (Паркинсонның екінші заңы)
5. Төмен отырған сайын таяқты көп жейсің. (Перкнис заңы)
6. Шұжықты жақсы көретін және заңды сыйлайтын адамның, олардың қалай жасалатынын көрмегені дұрыс. (Шұжық принціпі)
7. Топтық жұмыстың орны өте маңызды. Бұл кінәні басқаға арта салуға мүмкіндік береді. (Фингейлдің сегізінші қағидасы)
8. Сізге әрқашан не уақыт, не ақша жетпей тұрады. (Лерман салдары)
9. Жұмыстың алғашқы 90%-ы — уақыттың 10%-ын алады. Ал қалған 10%-ы — қалған уақыттың 90%-ын алады. (Жобаны уақытында бітіру қағидасы)
10. Тырнағыңызды алғанан бір сағаттан кейін тырнақ керек болады. (Уиттен заңы)
12. Істемейтін адамға жұмыстың барлығы оңай. (Холт заңы)
13. Қолынан іс келетін адам — іс жасайды. Қолынан іс келмейтін адам — үйретеді. (Б. Шоу заңы)
14. Дұрыс түсінілмей қалады-ау деген бұйрықтың барлығы дұрыс түсінілмей қалады. (Әскери аксиома)
15. Қажет болмай қалған жұмысты істеп тастауға дайын адамдар көптеп табыла кетеді. (Зимерги заңы)
16. Тіс ауруы әдетте сенбіге қараған түннен басталады. (Джонсон және Лэрд заңы)
17. Ең қызық экспонаттың аты жазылған тақтайшасы түсіп қалған болады. (Джоунс заңы)
18. Ұзақ уақыт сақтап, қолданылмай жатқан затты лақтыра салуға болады. Бірнәрсені тастай салсаңыз, дәл сол нәрсе керек бола қалады. (Ричард қағидасы)
19. Жоғалғанды әрқашан соңғы қалтаңнан табасың. (Буб заңы)
20. Үкіметтегі жемқорлық қашанда ол үкімет орнынан түскен соң хабарланады. (Уотергейт принципі)
21. Ең кішкентай тәжірибенің өзі үлкен теориядан жақсы. (Букер заңы)
22. Ең аз төлеген адам, ең көп шағымданады. (Дрю заңы)
23. Сынбайтын ойыншық басқа ойыншықтарды сындыруға жақсы. (Ван Рой заңы)
24. Ұлы жаңалықтар қателесіп ашылады. (Янг заңы)
25. Сiздiң бастан кешiргенiңiздi таныстарыңыздың бiрi бастан өткiзiп қойған, оның жағдайы сіздікінен де қиын болған. (Мидер заңы)
bilim-all.kz