Домой Блог Страница 252

Қазақстанда 39 рұқсат беру құжатының күші жойылады

Қазақстанда 39 рұқсат беру құжатының күші жойыладыКәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай жасау мақсатында елімізде 39 рұқсат беру құжатының күші жойылады. Бұл туралы бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлім етті.

Жалпы Парламенттің төменгі палатасы 2015 жылдың соңғы отырысын өткізуде. Парламент үшін биылғы жыл оңайға соқпады. Өйткені биыл елімізде бірнеше маңызды шараөтті. Ол Президент сайлауы, Қазақ хандығының 550жылдығы, ҚХА 20 жылдығы, еліміз екі бірдей халықаралық ұйымның мүшесі атанды. Бұл істе мəжілісмендердің үлесі аз болмады. Жалпы бір жылда парламент 3бірлескен отырыс, 38жалпы отырыс, 5 үкімет сағатын өткізді. Мәжілістің қарауына биыл 210 заң жобасы келіп түссе, оның 158-і мақұлданды. Бұл өткен жылдың қорытындысымен салыстырғанда 59 құжатқа артық. Биыл Мəжіліс 44 жұмыс аптасын өткізді.

Бұл күндері мыңнан аса жұмыс тобы мен комитеттер отырысы өтті. Жұмыстың жемісті болғанының тағы бір дәлелі, биыл Үкімет қайтарып жіберген заң жобалары болса аты. Мəжілісмендердің өткен жылға көшелері жоқ, ал келер жылдан үміттері зор. Өйткені жаңа жылда Парламент сайлауы өтеді және алдағы жыл EXPO-2017 көрмесіне соңғы дайындықтар пысықталды. Сондықтан атқарар шаруа аз болмайды деді қорытынды сөзінде палата спикері.

24.kz

2016 жылдан бастап виза берудің жаңа ережелері енгізіледі

2016 жылдан бастап виза берудің жаңа ережелері енгізіледіКелер жылдан бастап виза берудің жаңа ережелері енгізіледі. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов мәлімдеді. Жаңа жылдан бастап біздің елге келетін шетелдіктерге қолайлы жағдай жасалмақ.

Статистикаға сүйенсек, Қазақстан азаматтары 41 мемлекетке визасыз кіруге құқы бар. Ал 2015 жылдың 15 шілдесінен 2017 жылдың соңына дейін 20 елдің азаматына 15 күнге ел аумағына визасыз кіруге рұқсат берілген.

Статистикаға сүйенсек, біздің елімізде 2013 жылы 320 мыңдай виза берілсе, өткен жылы 300 мыңнан астам азамат емін-еркін кіріп-шығуға мүмкіндік алған. Бұл көрсеткіш биылғы жылдың 11 айында 242 мың 645-ке жетті.

24.kz

Поляк карикатурисі Павел Кучински Фейсбук туралы

Карикатурист Павел Кучински Фейсбук туралы

Танымал поляк карикатурисі Кучинскиді де желіге тәуелділік тақырыбы көп мазалайды екен. Соңғы жылдардағы карикатураларында Фейсбук тақырыбын көп салған екен. Оның суреттерінде тәуелділік, жалған ақпарат, лайкомания, ФБ арқылы диагноз қою, оқшаулық, негатив, өсек-аяң, маска кию, жануарға айналу сияқты қазіргі желі элементтерін көруге болады.

1619_10208507648118920_257746423951722099_n

7041_10208507644678834_1489576139534667989_n

1468799_10208507651559006_6000861643401212035_n

1916947_10208507636358626_497540872876918107_n

1917049_10208507642998792_5415563015768677385_n

10338308_10208507649198947_1378328238416304302_n

10561624_10208507633158546_7770737567992762121_n

12366373_10208507652439028_3003052885693577692_n

12373337_10208507638558681_2916408404446942531_n

12391427_10208507627638408_8631310560457316046_n

12391820_10208507640798737_6613805211293191748_n

12391953_10208507634758586_7201909796912364266_n

Ұлттық кітапхана отандық автоматтандырылған ақпараттық Веб-рабис жүйесіне көшпек

Ұлттық кітапхана отандық автоматтандырылған ақпараттық Веб-рабис жүйесіне көшпекҰлттық кітапханада отандық автоматтандырылған ақпараттық Веб-рабис жүйесінің тұсаукесері өтті. 3 жыл бойы әзірленген бұл бағдарлама 723 кітапхананы бірыңғай компьютерлік желіге біріктіреді.

Веб-рабис бағдарламасы кітапхана ісін автоматтындырып қана қоймай, ақпаратты жедел іздестіру мен оқырманның уақытын тиімді жұмсауға септігін тигізеді. Веб-рабистің мүмкіндіктері кең, оқырмандарға жер шарының кез келген нүктесінен аудио мен бейне қосымшаларымен жұмыс істеуіне жағдай жасайды.

Еркін Сапарғалиев, ҚР Ұлттық кітапханасы автоматизация бөлімінің маманы:

— Ғаламтордағы қосымшалардың басым бөлігі заманауи үлгіде жасалады. Мұндай жүйе Орта Азияда жоқ. Тіпті Ресейде оқырмандарға ыңғайлы, тиімді жүйе жасақталмаған. Кітапхана ісіне қажетті барлық қосымшалар мен жаңашылдықты қолдандық. Бұл кітапхана ісін жеңілдетеді.

Осы уақыт ішінде Ұлттық кітапханада 3 миллионнан астам биографиялық мәліметтер қоры жинақталған. Бұдан өзге, онда толық мәтіндегі ақпаратты 516 гбайтта сақтайтын контент құрылыпты. Айта кетейік, веб рабистің интерфейсі қарапайым әрі қолдануға өте ыңғайлы. Оған бес модуль кіреді. Атап айтқанда, «Кітап қорын толықтыру», «Каталогизатор», «Іздеу және тапсырыс беру», «Кітап беру» және «Оқырмандарды тіркеу».

almaty.tv

«Ақ Дастарханда» аспаздар бақ сынасты

Талдықорған қаласында жыл сайынғы дәстүрлі «Ақ Дастархан» аспаздар байқауы өтті. Бұл жолы байқауға аудандық, қалалық іріктеу турларында жеңімпаз болған 23 аспаз бен кулинарлар қатысты.

????????????????????????????????????

Байқау барысында 500-ден астам түрлі тағамдар мен кондитерлік бұйымдар қазылардың сараптауына ұсынылды. Бағалау барысында тағамның сапасымен қатар оны ұсыну және көркемдеу ерекшелігіне, денсаулыққа пайдалы тағамдарға басымдық беру жайына да назар аударылды.

Қазылар алқасының төрағасы, Қазақстандағы аспаздық ісі бойынша әзірге жалғыз халықаралық сарапшы Серікхан Әділхановтың айтуынша, «Ақ Дастархан» — тек аспаздық байқауы ғана емес, мейрамханалық істің сапасы мен біліктілігін арттыру алаңы да. Оның түпкі негізінде «саламатты тамақтану» ұстанымы жатыр.

Бірнеше номинация бойынша өткен конкурстың жалпы қорытындысында «Қоғамдық тамақтану саласының жыл үздігі» атағы және Гран-При жүлдесі Қарасай ауданының Қаскелең қаласынан келген «Rhama Park» мейрамханасының ұжымына берілді.

Қазылар алқасы қатысушылар арасынан «Жылдың үздік аспазы» номинациясы бойынша Талдықорған қаласындағы «Кишлак» мейрамханасын, «Жылдың үздік кондитері» аталымында Қаскелең қаласындағы «Ас-Мар» кондитерлік кешенін, «Жылдың үздік даяшысы» аталымында Қарасай ауданындағы «Rhama Park» мейрамханасының кондитері Татьяна Бобровскаяны жеңімпаз деп таныды.

55815c27b81f425e3eca3735cbefb30d

Сонымен қатар осы байқауда Талдықорған қаласының «Серебрянный водопад» кондитерлік цехы, Үштөбе қаласындағы «ЛАД» кондитерлік кешені, Еңбекшіқазақ, Талғар аудандарының аспаздық-кондитерлік цехтары, Сондай-ақ Жамбыл, Алакөл ауданының аспаздары жүлдегерлер қатарынан көрінді. Олар ақшалай және естелік сыйлықтармен, дипломдармен марапатталды.

Алматы облысында жаңа аялдамалар салынды

Алматы облысында жаңа аялдамалар салындыАлматы облысы Қарасай ауданы Береке ауылының тұрғындары үшін жаңа аялдамалар салынды. Бұл жобаға Қарасай ауданы Елтай ауылдық округі әкімдігінің қолдауымен «Эфес-Қазақстан» ЖК АҚ бастамашы болды.

Зауыт директоры Сабыржан Белгібаевтың айтуынша, биылғы жылы осы жоба арқылы ауданның көліктік және әлеуметтік инфрақұрылымын қолдау көзделген. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберіндегі қызметін зауыт алдағы уақытта да жалғастырмақ.

Бұл жоба шағын елді мекендерді көріктендіру, тұрғындарына қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Алматы облысында тілдерді тереңдетіп оқытатын балабақша ашылды

Алматы облысында тілдерді тереңдетіп оқытатын балабақша ашылдыМемлекет басшысының мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігін дамыту туралы тапсырмасын орындау мақсатында Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал қаласында 100 орынға арналған коммерциялық жаңа балабақша ашылды.

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту ісіне кәсіпкер, облыстық мәслихаттың депутаты, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы саяси кеңесінің мүшесі, «Нүсіпов және К» ЖШС басшысы Қанатхан Нүсіпов үлес қосты, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бұл айтулы шараға облыстық мәслихаттың хатшысы Ермек Келемсейіт пен Алакөл ауданының әкімі Әлібек Жақанбаев қатысып, балабақша ұжымына плазмалы теледидар сыйға тартты.

Балабақшаның екі қабатты ғимаратының жалпы алаңы 600 шаршы метрді құрайды. Мұнда жатын бөлме, ойын бөлмелері, мәжіліс және спорт залдары, денсаулық бөлмесі, заманауи құралдармен жабдықталған асхана бар. Ғимарат әзірге жеке жылытылады, дегенмен 2016 жылдан бастап орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосу жоспарланып отыр.  Балабақша аумағын абаттандыруға да көп көңіл бөлінген. Ойын алаңдары, өрнекті қоршау, әдемі жарық шамдары, бейнебақылау камералары, тротуар плиталары, жасыл желек, 20-дан астам шырша аулаға ерекше ажар беріп тұр.

Қ. Нүсіповтің айтуынша, заманауи, екі қабатты, кірпіштен қаланған балабақша өз жеке қаражатына тұрғызылған, яғни 70 млн. теңге инвестиция тартылған.

Балабақшада балаларды оқыту мен тәрбиелеуге ерекше мән берілген. Мұндағы тәрбиешілер балаларды ерекше бағдарламамен оқытады, мемлекеттің үш тұғырлы тіл саясатына байланысты қазақ, орыс, ағылшын тілдерін тереңдете үйретуде.

Жаңа балабақша Алакөл ауданында соңғы үш аптада ашылған екінші және жұмыс істеп тұрған 15-ші балабақша. Аталмыш ауданда балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 90 процентке жеткен. Жаңа балабақшаның ашылуына байланысты 30 жаңа жұмыс орны құрылғанын да айта кету керек.

Астанада «Адамзаттың абзалы» атты мәуліт кеші өтеді

Астанада «Адамзаттың абзалы» атты мәуліт кеші өтедіЕртең, желтоқсан айының 23-жұлдызында «Қазақстан» концерт залында ардақты пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) туылған күніне орай «Адамзаттың абзалы» атты мәуліт кеші өтеді.

Аталмыш кешке Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев, қоғам және мәдениет қайраткерлері, мұсылман мемлекеттерінің елшілері, тағы басқа құрметті қонақтар қатысады. Кеш барысында ҚМДБ-ның атқарған біржылдық жұмыс нәтижесі жұртшылық назарына ұсынылады. Сондай-ақ, «Өнер қырандары» тобының орындауындағы сахналық қойлымдар қойылып, діни әндер орындалып, Мәуліт жыры (Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмір жолы) оқылады.

Мәуліт кешінде «Хикмет» телерадиостудиясы ұйымдастырған деректі фильмдер байқауының жеңімпаздары (Бас жүлде – 1 000 000) марапатталатын болады.

baq.kz

Теріні жасартатын шоколад сатылымға шықты

Теріні жасартатын шоколад сатылымға шықтыАҚШ пен Еуропаның дүкен сөрелерінде теріні жасартатын шоколад шоколад пайда болды. Кәрілікке қарсы Esthechoc шоколадын британдықтар ойлап тапқан болатын.  Қазір оның бір орамасын 54 долларға сатып алуға болады.

Esthechoc-ты жеген адамның бойында қартаю барысы баяулап, терісі жас күйінде ұзақ сақталады. Әйелдер жағы болса, оны тұрақты жеген жағдайда терісі түлеп, құлпырып шығады екен.  Терінің жасаруы үшін бұл өнімнің құрамына астаксантин табиғи антиоксиданты қосылған. Бұл зат табиғи түрінде алтын балық пен қоқиқазда кездесіп, олардың түр-түсін үнемі әдемі етіп тұрады.

Ерекше антиоксиданттың көмегімен тері қабатындағы қан айналымы жақсарып, жаңарып, ол үнемі өз қалпын сақтап қалады.

24.kz

Әлемдегі ең алғашқы сайт жасалғанына 25 жыл толды

Әлемдегі ең алғашқы сайт жасалғанына 25 жыл толды1990 жылы 20 желтоқсанда ғаламтор кеңістігіне шығарылған дүние жүзіндегі ең алғашқы сайт Ядролық зерттеу жөнінен еуропалық кеңеске (Conseil Européen pour la Recherche Nucléaire — ЦЕРН) тиесілі болған екен, деп хабарлайды Engadget.

Бастапқыда сайт тек ЦЕРН қызметкерлері үшін ғана қолжетімді болған. Онда ғалым Тим Бернерс-Лидің жасап шығарған World Wide Web (WWW) гипермәтіндік жобасының мәнісі түсіндірілген.

Бұл жоба құжаттарға жасалған гиперсілтемелер арқылы әріптестермен ақпарат алмасуға мүмкіндік берген. Бернерс-Ли WWW жобасын басшылық назарына ұсынып ғана қоймай, URL идентификаторларын, HTTP протоколын және HTML тілін жасап шығарып, осының бәрі дүниежүзілік ғаламтордың негізі болып қаланды.

24.kz