Испанияда дәстүрлі рождестволық жарыс өтті. Санта-Клаус киімін киген 10 мыңнан астам адаммен эльф болып киінген 500 мың бала жарысқа қатысып жүгіріп өтті.
Испанияда жыл сайын өткізілетін бұл жарыстың басты мақсаты – 5,5 шақырымдық қашықтықты еңсеру.
Жалпы, осы жергілікті тұрғындарға танымал мерекелік шараға қатысу үшін әрбір адам 13 еуроның билетін сатып алыпты. Себебі, содан түскен қаржы қайырымдылыққа жұмсалуы тиіс.