Домой Блог Страница 257

Испанияда Санта-Клаус мен эльфтер жарысты

Испанияда Санта-Клаус мен эльфтер жарыстыИспанияда дәстүрлі рождестволық жарыс өтті. Санта-Клаус киімін киген 10 мыңнан астам адаммен эльф болып киінген 500 мың бала жарысқа қатысып жүгіріп өтті.

Испанияда жыл сайын өткізілетін бұл жарыстың басты мақсаты – 5,5 шақырымдық қашықтықты еңсеру.

Жалпы, осы жергілікті тұрғындарға танымал мерекелік шараға қатысу үшін әрбір адам 13 еуроның билетін сатып алыпты. Себебі, содан түскен қаржы қайырымдылыққа жұмсалуы тиіс.

24.kz

Қанат Ислам WBA-ның ең үздік бестігіне енді

Қанат Ислам WBA-ның ең үздік бестігіне ендіҚанат Ислам Дүниежүзілік бокс ассоциациясының (WBA) ТОП-5 рейтингіне енді. Кәсіби рингте бір рет те тізе бүкпеген қазақстандық кәсіпқой боксшы барлығы 19 кездесу өткізіп, барлығын жеңген деп хабарлайды Vesti.kz.

31 жастағы былғары қолғап шебері WBA тізіміндегі ең үздік бестік қатарына желтоқсаннан бастап көтерілген. Қанат келесі жекпе-жекке қаңтар айында Қытай жерінде шығады.

24.kz

Ерекше жол белгілері

«Естімеген елде көп» демекші, мынандай жол белгілерін Сіздер кездестірмесеңіздерп де, олардың не білдіретінінен хабардар болып жүргендеріңіз абзал!

Мұқият болыңыздар! 88 км бойы түйе белгісіз бір жануарды, ал ол жануар кенгуруды қуып келеді. 89 км басталғанда бұл жарыс аяқталады. Қалжыңды былай қоя тұрсақ, Австралияда кездесетін бұл белгі алдарыңыздан кенеттен шығып қалуы мүмкін жануарларды бейнелейді.

Ерекше жол белгілері

Мына белгіге келгенде, биік өкшені шешіп, ары қарай жалаң аяқ жүру керек. Бәрібір өкшесіз қаласыз.

Ерекше жол белгілері

Танк. Жай ғана танк. Бәрі түсінікті.

Ерекше жол белгілері

Польшаның суретшілеріне шеберлік жетіспейтіні көрінеді. Жолға мас адам шығып қалуы мүмкін деген белгілері көліктің алдында асыр салып билеп жүрген адамның көрінісіне әлдеқайда ұқсайды.

Ерекше жол белгілері

О! Бұл сіз бен біз! Шамасы инстаграмды ақтарып келеміз.

Ерекше жол белгілері

Мына белгіні біздің қаламыздың кейбір жаяу жүргіншілер өтетін жерге орналастыру керек сияқты. Жолды әдейі асықпай өтіп, жүргізушілердің жынын келтіретін адамдар бар ғой? Солар үшін.

Ерекше жол белгілері

Бұл жерде көлігіңізді қалдырып кету үлкен ақымақтық болады.

Ерекше жол белгілері

Қорқатын түгі де жоқ. Бұл үш шеңбер жолды құлағы нашар еститін адамдар өту мүмкіндігін бейнелейді.

Ерекше жол белгілері

Ал мына белгі көзі нашар көретін адамдарды бейнелейді. Не деген креатив!

Ерекше жол белгілері

Лайк басуға болмайды. Қалжын. Бұл белгі бар жерде көлік тоқтатуға болмайды.

Ерекше жол белгілері

Қазақтар тойға кешігіп жатыр дегенде келеді, ия? Алайда бұл заңсыз иммигранттардың шекараны кесіп өтуі мүмкін дегенді бейнелейді. Суреттегі драматизмды айтсаңшы!

Ерекше жол белгілері

65 млн жыл бұрын қырылып қалмаған динозаврлар дәл осы жерде жолдан өтеді.

Ерекше жол белгілері

comode.kz

 

Ең кедей мемлекеттің сәнқойлары қалай киінеді?

Африканың батысында орналасқан Мали мемлекеті — әлемдегі ең кедей мемлекеттердің қатарында. Дей тұра, бұл жердің адамдары да сән үлгілерінің көрсетілімін жасап тұрады.

Джо Пенни (Joe Penney) есімді фотограф Мали республикасының астанасы Бамако қаласында өткен осындай көрсетілімнің біріне ұсынылған киімдер үлгісінің суреттерін жасапты. Киімдердің барлығы мақтадан жасалған жылтырақ мата, яғни базиннен тігілген. Базин — Мали республикасына әкелінетін матаның жалғыз түрі.

Ең кедей мемлекеттің сәнқойлары қалай киінеді, тамашалаңыздар.

Ең кедей мемлекеттің сәнқойлары қалай киінеді? Ең кедей мемлекеттің сәнқойлары қалай киінеді? Ең кедей мемлекеттің сәнқойлары қалай киінеді? Ең кедей мемлекеттің сәнқойлары қалай киінеді? Ең кедей мемлекеттің сәнқойлары қалай киінеді? Ең кедей мемлекеттің сәнқойлары қалай киінеді? Ең кедей мемлекеттің сәнқойлары қалай киінеді? Ең кедей мемлекеттің сәнқойлары қалай киінеді? Ең кедей мемлекеттің сәнқойлары қалай киінеді? Ең кедей мемлекеттің сәнқойлары қалай киінеді?

pure-t.ru

ШҚО-да 2018 жылы ірі автомобиль зауыты пайдалануға беріледі

ШҚО-да 2018 жылы ірі автомобиль зауыты пайдалануға беріледі2018 жылы ШҚО-да 180 мың автомобиль шығаратын зауыт пайдалануға беріледі. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов айтты.

«Келесі жылдан бастап біз Еуразиялық одақ құрамындағы елдермен бұған дейін жұмыс істемеген нарықта жұмыс істеуіміз керек. Әсіресе, өнімдерімізді Арменияға, Монғолия, Кырғызстан, Грузия мемлекеттеріне шығаруымыз қажет. Елбасы бізге өнімдерімізді экспорттауды тапсырды. Мен осы мәселеде автомобильді шығару керек өнімнің бірі деп есептеймін. Ол Қазақстан экономикасының өркендеуінің ен маңызды компоненті. Шығыс Қазақстан облысы осы бағытта жұмысты бастап кетті. 2018 жылы 180 мың автомобиль шығаратын зауыт пайдалауға берілмек. Ол жол картасы бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отыр. Оның құрылысы әлдеқашан басталды. Біз оны уақытында пайдалануға береміз», — деді Д.Ахметов.

Сондай-ақ, оның айтуынша, мемлекет оның инфраструктурасына 6 млр теңге қаражат бөлді.

Жақсылық Үшкемпіров ауылға жаңа балабақша мен жатақхана салып берді

Жақсылық Үшкемпіров ауылға жаңа балабақша мен жатақхана салып бердіЖақсылық Үшкемпіров туған Алматы облысы Жамбыл ауданының Мыңбаев ауылына жаңа балабақша мен жатақхана салып берді. Сонымен қатар, шара аясында  грек-рим күресінен республикалық турнирдің жалауы желбіреді деп хабарлайды jas.kz.

Осы игі шаралардың барлығын әйгілі спортшы, олимпиада және әлем чемпионы, КСРО еңбегі сіңген спорт шебері Жақсылық Үшкемпіровтың Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында «Қазақстан — 2050» стратегиясын жүзеге асыру жолында қосқан үлесі деп білуге болады.

Жоғарыда аталған екі ғимараттың және грек-рим күресінен ұйымдастырылған республикалық турнирдің ашылу салтанатына облыстық мәслихат хатшысы Ермек Келемсейіт, Жамбыл ауданының әкімі Жандарбек Далабаев, Қазақстанның Халық әртісі Асанәлі Әшімов, педагогика саласының ардагер еңбеккері Аягүл Миразова қатысты.

Жамбыл ауданында бүгінгі күні 14 мемлекеттік, 27 жеке меншік балабақша, 36 мектептке дейінгі шағын орталық балаларды білім нәрімен сусындап, тәрбиелеуде. Енді міне жеке меншік балабақшалар саны тағы бір балабақшамен толығып, 100 бүлдіршінді қарауына алды. Бұл балабақша Елбасының мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту тапсырмасын және «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында қолданысқа берілген нысан.

Балабақшаның өзі «Жақсылық» аталуы ырымшыл жандарға жақсылықтың жаршысы болмақ. Бұл заманауи үлгіде салынған екі қабатты ғимарат талаптарға сай, тәрбиеленушілердің қажеттілігін қанағаттандыруға керекті барлық құрылғылармен жабдықталған. Мұнда бүлдіршіндер төрт топқа бөлініп, білім алатын болады. Бөбектердің дұрыс тәрбие алып, білімін жетілдіруі сапасын назарында ұстап, балабақша ұжымына басшылық ететін Жұлдыз Үшкемпірова болмақ. Осы жанға жаңа нысанның кілті салтанатты түрде табысталды.

Осы күні болған екінші бір жақсы жаңалық екі қабатты жатақхана ғимаратының қолданысқа берілуі. Онда елді-мекеннің 38 отбасы қоныстанбақ. Қоныс тойын тойлаушылардың атынан спортсмен әрі кәсіпкер Айжан Райханова есімді азаматша шын жүректен алғысын білдірді.

Дәл сол күні осы елді-мекенде орын тепкен спорт кешенінде 1999-2001 жылы туылған жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен республикалық турнир өткізіліп, тартысты өткен доданың жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Қазақ жігітінің суреті National Geographic-тің ең үздік түсірілімдер тізіміне енді

Қазақ жігітінің суреті National Geographic-тің ең үздік түсірілімдер тізіміне ендіЖуынып отырған қазақ жігітінің суреті жылдың ең үздік түсірілімдер тізіміне енді. Суретті “National Geographic” журналының сарапшылары іріктеген.

Фото Қызылорда облысының Ақбасты ауылында түсіріліпті. Фотограф Каролина Дрейкт арнайы орында бұлақтың ыстық суына шомылып отырған қазақ жігіті арқылы Аралдың проблемасын да көтерген.

Бір кездері теңіз жағасында болған ауыл қазір Аралдан 11 шақырым қашықтықта тұр.

baq.kz

Бақытжан Сағынтаев Бейжіңдегі «Қазақстан орталығын» ашу рәсіміне қатысты

Бақытжан Сағынтаев Бейжіңдегі «Қазақстан орталығын» ашу рәсіміне қатыстыҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Бейжің шет тілдері университеті (БШТУ) жанындағы «Қазақстан орталығын» ашу рәсіміне қатысты.

«Қазақстан орталығы» Қазақстанның тарихын, тілін және мәдениетін, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарын, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сыртқы саяси бастамаларын ілгерілетуге және дәріптеуге арналған көпшілік дипломатия саласындағы функционалды алаңға айналады.

Келер жылы БШТУ базасында «Қазақ тілі және елтану» мамандығы ашылады. Алғашқы 15 қытайлық студент қыркүйек айынан бастап оқуға кіріседі.

Бақытжан Сағынтаев БШТУ мен «Назарбаев Университет» арасында ғылыми-академиялық ынтымақтастық орнатуды ұсынды, онда Қытайды зерттеу бойынша Еуразиялық орталық құру жоспарланған.

Бейжің шет тілдері университетінің негізі 1941 жылы қаланған, қазіргі таңда аудармашы-синхроншыларды, дипломатия, сыртқы сауда саласындағы мамандарды даярлайтын әлемдік деңгейдегі мамандандырылған ең ірі оқу орындарының бірі болып табылады. Оның жанында 20-дан астам шет тілдері орталықтары жұмыс жасайды.

baq.kz

Жастарға арналған есірткіге қарсылық іс-шарасы аяқталды

2015 жылдың қыркүйегінен бастап желтоқсан айы аралығында Ішкі істер министрлігі облыс әкімдерінің жоғары, орта оқу орындарының «Жас Отан» жастар қанаты басшылығының белсенді қолдауымен әрбір облыста есірткіге қарсылық ретінде «Өз өміріңді көркемде!» ұранымен ірі ауқымды акциялар өткізді.

T9iJMOExCYOQtS7pkC1yOz5aW5j3Vy

Астана қаласында 10 желтоқсанда Қазақ мемлекеттік заң университетінде бір уақытта бүкіл республика бойынша ұйымдастырылған акцияның қорытынды сатысы өтті.

Іс-шараға еліміздің танымал эстрада мен спорт жұлдыздары қатысты. Олардың қатарында Бауыржан Исаев, Ерлан Көкеев, Дәурен Серғазин  Серік Сәпиев, Бақыт Сәрсекбаев болды.

Салауатты өмір салтын жүргізуді тілеп, шақырылған қонақтар сөз сөйледі.

WXvB0cxm2C6cg7BnoblY69dykKOQuJ

Іс-шара жоғары деңгейде өтті. Акцияның басты ерекшелігі – есіртікінің қаншалықты қауіпті, өмірге қажет еместігін лекция, ұзақ соңар әңгімемен емес, қарапайым тілде түсіндіре отырып, тұлғалардың өз ұстанымдары туралы ой бөлісе отырып, өтуі болды.

Алматы облысында жаңа фармацевтикалық зауыт іске қосылды

Алматы облысында жаңа фармацевтикалық зауыт іске қосылдыБүгін Индустрияландыру күні аясында өткен жалпыұлттық телекөпір кезінде Мемлекет басшысы Н. Назарбаев Алматы облысының Іле ауданында бой көтерген жаңа фармацевтикалық зауыттың іске қосылуына рұқсатын беріп, ақ жол тіледі.

Телекөпір барысында «Абди Ибрахим ГлобалФарм» ЖШС бас директоры жеткізгендей, жаңа зауыттың қуаттылығы жылына 1,5 млрд дәрі-дәрмек пен капсуланы құрамақ.

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов:

— Мемлекет басшысының қолдауының арқасында Алматы облысында Индустриаландырудың өңірлік бағдарламасының арқасында 2010 жылдан бері 53 жоба жүзеге асырылды. Бүгін міне сапалы, қауіпсіз әрі емдік қасиеті жоғары дәрі-дәрмек шығаратын маңызды нысанды іске қосудамыз. Осы күнге дейінгі жобаның қаржыландырылуы 3,7 млрд. теңгені құрады. Екінші кезеңде, өндірісті ұлғайту кезінде тағы да 9 млрд. теңге инвестиция тартылатын болады.

Кәсіпорын еліміздің дәрі-дәрмекті сырттан тасуын азайтып, фармацевтика дамуын 10 пайызға арттырып, жетекші елдердің қатарына енуіне мүмкіндік береді.

Зауыт шығаратын қан қысымын төмендететін және туберкулезге қарсы препараттар, қандағы қант құрамын төмендететін дәрілер мен жаңа антивирустық препараттар шығаратын болады. Өнім сапалы, бәсекеге қабілетті, сондықтан да экспортқа шығаруға толық мүмкіндігі бар.