Домой Блог Страница 265

Қанды тұрақты тапсыратын донорлар ұзақ өмір сүреді

00cf5639d4141cff9ac30cc2406865fa_LДат ғалымдары тұрақты түрде қан тапсыратын донорлардың денсаулығы жақсы болып, ұзақ ғұмыр сүреді деген тұжырымға келді, деп жазады planet-today.ru.

Олар қанды тұрақты түрде тапсырып тұратын және ондай әдеті жоқ еріктілердің арасында үлкен тәжірибе өткізді. Бұл тәжірибеге бірнеше миллион донор қатысқан. Сынақ барысында екі түрлі еріктілердің денсаулығы салыстырылды. Нәтижесінде үнемі қан тапсыратындардың соңғыларға қарағанда, ұзағырақ өмір сүретіні анықталды. Дей тұра бұл факторге не себеп екендігін ғалымдар әзірге анцықтай алмай отыр.

Оған қоса, донорлыққа қанында темірі көп адамдардың денсаулығы үшін өте пайдалы екендігі белгілі болды. Ал жалпы қанды тұрақты тапсырып дағдыланған адам кенеттен қан жоғалтқан жағдайда, оның тірі қалу ықтималдығы жоғары болады екен.

Айфон экранын қолғап киіп басқаруға болады

e5e22a8d1c3bb63f7533f61cc24afc1d_LApple компаниясының құрылғысын пайдаланушылар қыс мезгілінде қолғап киіп, дисплейді басқара алмайтындықтарына жиі шағымданып келеді. Бұл сынға құлақ асқан корпорация енді электр тоғын өткізу қабілеті бар аксессуар шығаруды қолға алмақшы.

Apple корпорациясының басты бақталасы — Samsung компаниясында мұндай технология бұрыннан бар екендігін атап өту керек. Енді Apple осы бір технологияны іске асыру үшін АҚШ-тың Патенттер мен тауарлы белгілер ведомствосына сұрау салған болатын. Оған қоса, компанияның мамандары қолғаппен түрткенде жұмыс істейтін экран шығаруды қолға алып отыр, деп жазады planet-today.ru.

iPhone 7 смартфонының экраны майысқақ болады

6fea668764fbc5c03b62d282f6316f64_LApple компаниясының келесі айфоны, яғни iPhone 7 смартфонының экраны майысқақ болады делінген ақпараттардың бірінде.

Дәл осындай дизайн Samsung компаниясының Galaxу S6 Edge құрылғысына тән екендігін айта кету керек. Заманауи технологиялар саласындағы сарапшылардың айтуынат сүйінсек, Apple компаниясы телефон көлемін үлкетпей, оның экранын кеңейтуді жөн көрген. Бұл смартфонның майысқан шеттері қосымша функция үшін пайдаланылады.

Сонымен бірге,  Apple-дың жаңа туцындысында музыка тыңдауға арналған құлаққапты жалғайтын саңылау болмайды. Міне, осы ерекшеліктің арқасында iPhone 7 смартфонының корпусы өте жіңішке етіп шығарылады, деп жазады planet-today.ru.

Бурабайда марал шаруашылығы қарқынды дамып келеді

6d8db8ebc5025e1406ed30dba3f9c5ec_LБурабай ауданында марал өсіріп, науқастарды пантымен емдеу тәсілі қарқынды дамып келеді. Осыдан бірнеше жыл бұрын құрылған марал шаруашылығының бұғылары жергілікті жерге тез бейімделіп кетті.

Жас маралдың мүйізінен алынған пантыларды облыстың сауықтыру мекемелері алады.  «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің марал шаруашылығына бұғылар Шығыс Қазақстан облысынан әкелінді. 150 бас маралдың табиғи ортада өсіп өнуіне барлық жағдай жасалған. Бүгінде 600 гектар алқап маралдардың тұрақты мекеніне айналды.

Бурабайдың сауықтыру туризмі шетелдік туристер арасында танымал бола бастаған. Ұлттық парктің ендігі жоспары шаруашылықты кеңейтіп, өндірісті жолға қою. Онда пантыдан түрлі препараттар алуға мүмкіндік туады. Ақмола облысында емдеу-сауықтыру туризмімен қазір 50-ге жуық шипажай айналысады. Әзірге олардың 10-ы пантымен емдеу әдісін  қолданады. Келешекте олардың саны артуы мүмкін.

24.kz

Қызылордада жаңа үй құрылыс комбинаты ашылмақ

52bc60d2cb4b9880f1b62e0a4961c7e8_LҚызылордада жаңа тұрғын үйдің өзіндік құны арзандауы мүмкін. Өйткені жуырда облыс орталығында құрылыс комбинаты ашылмақ.

Құны 1,5 миллиард теңгені құрайтын алып жоба «Өнімділік-2020» бағдарламасы бойынша жүзеге асуда. Жалпы биыл өңір экономикасын өрге сүйрер индустриалды-инновациялық 4 жоба сәтті жүзеге асты. Жыл соңына дейін тағы екеуін іске қосу көзделген. Нәтижесінде 300-дей жаңа жұмыс орны пайда болмақ.

Негізгі өндірістік бөлігі дайын болған үй құрылысы комбинаты германиялық технологияға негізделген. Құрылғы-қондырғылар алғашқы сынақтан сүрінбей өтті. Сыр бойында салынатын көпқабатты үйлердің қабырғасы мен жабындысы секілді түрлі бетон бұйымдары осы жерден шығарылады.

Тастан сарай салғызған комбинат жылына 35 мың шаршы метр тұрғын үй тұрғызуға қауқарлы. Қазір құрылыс басында 50-ден астам адам тер төгіп жүр. Жоба толық іске асқанда 70 адамға екі қолға бір күрек табылады. Ақмешіт атырабының құнарлы сазынан керамикалық кірпіш те өндірілуде. Өз жұмысын бірер ай бұрын бастаған зауыт алғашқы өнімін нарыққа шығарып үлгерді.

Үдемелі дамудың даңғыл жолына түскен Сыр елінде жалпы құны 142 миллиард теңгеден асатын 37 индустриалды-инновациялық жоба қолға алынған. Ағымдағы жылдың еншісінде сондай-ақ құрама жем зауыты мен жарықтандыру шамдарын шығаратын өндіріс орындары бар.

24.kz

Елбасы халықты отандық өнімді қолдауға шақырды

СнимокБүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев келер жылға арналған кезекті Жолдауын жариялады. Президент халықты елімізде шығып жатқан отандық өнімдерді қолдауға шақырды.

«Қазақта «Заманын қандай болса, дамбалын сондай болады» деген сөз бар. Сондай-ақ «Заманын түлкі болса, тазы болып шал» деген мәтел бар екенін жақсы білесіздер. Сондықтан заманға сай бейімделуіміз керек. Бізге ешкім тауарларын да бермейді. Қондырғыларын да бермейді. Жаңағыдай елімізде шығып жатқан отандық өнімдерді қолдап жіберетін болсақ, тауарларын жылдан-жылға көбейтер еді. Сапасы да жақсаратын болады. Мұндай қолдау әр облыста, қалада, ауданда болу керек. Барлық дүниежүзілік брендтер солай шыққан. Әйелдер киіп жүрген брендтер киімдерді алғашында орамал тоқудан бастаған. Қазір дүние жүзіне белгілі «Шанель» сияқты брендтердің барлығы осындай қарапайым орамал тоқудан бастаған. Қыздар мұны жақсы біледі», – деді мемлекет басшысы.

Айта кетейік, биылғы Елбасының жолдауының тақырыбы – «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» деп аталады.

baq.kz

Астанада «Жаңа белес — 2015» студенттер қатарына қабылдау кеші өтті

Елорда жастары «Жаңа белес» атты студенттер қатарына қабылдау салтанаты үшін «Думан» ойын-сауық орталығына жиналды. Бұрыннан келе жатқан бұл салтанатты рәсім — студенттер қатарына қабылдау кешін кең ауқымда, мерекелік атмосферада өткізудің жаңа форматы.

Белгілі эстрада жұлдыздары мен танымал өнер және қоғам қайраткерлерінің қатысуымен өтетін мерекелік шараның басты мақсаты – Астанадағы оқу орындарын таңдаған жастардың бас қала студенті атанудың үлкен жауапкершілік екенін сезіндіру, елорданың ерекше тынысы мен даму қарқынын насихаттау, сонымен қатар елорданың білім ошақтарын таңдайтын студенттер қатарын арттыру. Алғаш рет Астана қаласы Жастар саясаты басқармасының бастауымен қолға алынған бұл шара осымен үшінші жыл өткізіліп отыр. Жыл сайын елорда студенттер қатары артуда. Биыл Астана қаласындағы оқу орындарын таңдаған студенттер саны – 12 208 болса, оның 6004 студенті өзге өңірлерден.

bfcc34e3ea1b6c6772352866b05

«Жаңа белес – 2015» салтанатының ерекшелігі — мерекенің биыл алғаш рет би кеші формасында өтуі. Қала әкімі Әділбек Ырыскелдіұлы Жақсыбеков студенттерге ақ тілегін айтып, естелік сыйлықтарын табыстады. Мұндай құрметке ерекеше еңбектерімен танылған бірінші курстың озат 2000 студенті ие болды. Мереке иелерін «Орда» тобы, Мархаба Сәби, Дос, Жансакс, «Астана Опера» театрының әртістері құттықтап, сондай-ақ, жайдарманшылар мен студенттердің «Тұмар», «Қазақ қыздары», «Драйм лайн», «Шаттық» топтары өнер көрсетті. Мерекелік кешті белгілі театр және кино актері Әділ Ахметов пен «Қазақ аруы – 2015» Кәмшат Қоскелова жүргізді. студенты 2Бұл шараға жастар Мархаба Сәбидің «Ұнайды маған» әніне флеш-моб ұйымдастырды, кеш соңына жалғасқан би кешін Dj Puza7 қыздырды.

Тұңғыш Президенті күніне орай ардагерлерді құттықтады

8c7f502d767f6cb15935a8e4d7d9342dАлматы облысының әкімі Амандық Баталов Қаскелең қаласында тұратын 94 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері Федор Маркиянович Федотовты 1 желтоқсан — Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай Елбасының атынан құттықтады.

Федор Федотов төрт рет Жеңіс парадына қатысушы. Ең алғаш рет 1945 жылы, одан кейін Жеңістің 40, 50 және 70 жылдығына арналған парадтарға қатысқан. Батырлардың есімі мен ерлігі мәңгі есімізде болмақ!

Ерлі — зайыптылардың опасыздығы. Қай елде қандай жаза қолданылды?

5654049cc3ea7«Өмірлік серік боламыз» деп антсу ішкенен кейін, түзу жолдан тайып, шаңырақтарын шайқалтып жататын жандар, өкінішке орай, жоқ емес. Бүгінде екінің бірі ажырасып жатқанымен, бұрынғы уақытта мұндайға жол берілмеген. Ажырасу – өте ұятты қадам болып есептелген. Азаматтардың некесін бұзбауы үшін, тіпті кейбір елдерде ерлі-зайыптыларды опасыздығы үшін қатаң жазалаған. Ендеше, қай елде қандай жаза қолданылғанын қарап көрелік.

  • Жазаның ауырлығы жағынан Папуа Республикасы көш бастап тұр деуге болады. Алданған еркек әйелінің көңілдесінің басын алуға рұқсат берілген. Ал әйелді өлтірмеген, бірақ көңілдесінің басын алмас бұрын опасыздық жасаған әйелдің саусағын шайнатады екен.
  • АҚШ-тың он штатында опасыздық жасаған ерлі-зайыптыларды түрмеге жабады. Мысалы, Миннесота штатында әйел мен еркекті де 5 жылға түрмеге жауып, 1000 $ айыппұл төлетеді.
  • Вавилонда опасыздық жасағандарды тұншықтырып өлтірген.
  • Орта ассириялықтарда әйелінің опасыздығының үстінен түскен еркек екеуін де сол жерде өлтіруге құқылы екен.
  • Қазіргі Түркияда 1996 жылы қабылданған заңға сай осындай опасыздық үшін 5 жылға түрмеге тоғытылады.
  • Ал Сауд Арабияда көңілдесінің құшағында болған әйелді шариғатқа сай әлі күнге дейін ел алдында таспен атады. Бұл жаза түрі Иран, Мавритания, БАЭ, Судан мен Нигерияда (ислам елдерінде) да осындай. Таспен ату – тек некеде тұрған әйел адамдарға қолданылатын жаза. Ал опасыздық жасаған еркектерді көптің алдында масқаралап, ұлятады.
  • Жоғарыда айтылғандардың сыртында Иранда 1990 жылдан бері заң бойынша күйеуіне опасыздық жасаған әйелдерге тағы бір қатаң жаза тағайындалған. Бұл заңға сәйкес опасыздық жасаған әйелді бір туысы (ер адам, күйеуі болуы міндетті емес) ешқандай сотсыз-ақ өлтіруге құқылы.
  • Пәкістанда шариғатқа сай опасыздық жасаған әйелді дарға асуға болады.
  • Ауғанстанда тура жолдан тайған әйелдерді ел алдында масқаралаудан бастап, 10 жыл түрмеге де жабады.
  • Ал Индонезияда 15 жылға түрмеге тоғытады екен.
  • Германияда бұрынғы кездері опасыздық жасаған ерлі-зайыптылардың аяқ-қолын кесіп жазалаған екен. Кейбір мәліметтерде ақсүйектер арасында опасыздыққа барған әйелді қамауда ұстаған делінген.
  • Кейбір африкалық тайпаларда опасыздық жасаған әйелдің жатырын алып тастаған екен.
  • XV-XVI ғасырларда Еуропада опасыздық жасаған әйелді өмір бойына шіркеуде қалдырған екен. Сондай-ақ мұрнын, құлағы мен ернін кесіп, жазалаған көрінеді.
  • Қазіргі Қытайдың Гуандун өлкесінде некесіз жыныстық қатынасқа тиім салынған. Опасыздық жасаған ерлі-зайыптыларды 2 жылға түрмеге жауып, мүлкінің тең жартысын тәркілейді.

anabol.kz

Желтоқсан айында Астанада интернет форумы өтеді

Internet-Marketing-Forum-Астанада 4 желтоқсан күні ІІІ Астана Интернет форумы өтеді. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы жанындағы баспасөз орталығында өткен брифингте форумның үйлестірушісі Данияр Алан мәлімдеді, деп хабарлайды baq.kz тілшісі.

«Биылғы жылдың 4 желтоқсанында Елордамызда ІІІ Астана Интернет форумын өткіземіз. Форумның өтуіне «Нұр Отан» партиясы мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті Журналистика мәселелерін зерттеу институты, Ұлттық Интернет Ассоциациясы қолдау көрсетіп отыр. Сонымен қатар шараға «Жігер. Абырой. Сана» қоғамдық қоры да ресми қолдауын білдірді», — деді Д. Алан.

Спикер өз сөзінде интернет форум кезінде қазақ тілді сайттардың түрлі номинациялар бойынша марапатталатынын да атап өтті.

«Биылғы форум тақырыбы – ақпараттық кеңістіктігіміздің қауіпсіздік мәселелеріне арналады. Сонымен қатар, журналистика мәселелерін зерттеу институтының құрған Sanaq.kz электронды база жүйесі арқылы қазақтілді сайттардың рейтингі нәтижесі келесідей номинациялар бойынша үздік сайттар анықталып, марапатталады. Биылғы жылдың тағы бір жаңалығы, форум аясында Петропавл қаласынан келетін «Arta Robotics» тобы ұсынатын роботтар көрмесі өтеді», — деді ол.