Домой Блог Страница 27

Астанада Тұңғыш Президент күніне орай «Сиқырлы шоу» спектаклінің премьерасы өтеді

c-11 желтоқсанда Бейбітшілік және келісім сарайында елорда әкімдігінің қолдауымен ересектер мен балаларға арналған «Суық жүрек» мультфильмінің желісімен «Сиқырлы шоу» музыкалық спектаклінің премьерасы өтеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Тұңғыш президент күніне арналған «Сиқырлы шоу» премьерасы қайырымдылық негізде балалар үйі мен интернаттарға арналған.

«Сиқырлы шоу» — драмалық және еуропалық театрлар тәсілдерін, қазіргі заманғы сахна технологияларын, би шоуларын, эксклюзивті костюмдерді, ауқымды декорациялар, көрермендермен өзара әрекет етудің интерактивті қойылымдары мен сценарийдегі күтпеген өзгерістерді үйлестірген алғашқы жоба-концерт және отандық қойылым.

Сонымен қатар, көрсетілім аясында «Сиқырлы шоу» жобасын жасаушылар мен шығармашылық ұжымның қатысуымен баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады.

Арыста жаңа мектеп ашылды

img_02301-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерейтойы қарсаңында, Арыс қаласында жаңа 150 орындық Қабылсай атындағы жалпы орта мектебінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Білім ошағының салтанатты ашылу рәсіміне қала әкімі М.Қадырбек, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Қ.Әбдіхалық, қалалық мәслихат хатшысы А.Байтанев, қала әкімінің орынбасарлары, мекеме, бөлім басшылары мен қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері, зиялы қауым өкілдері, ауыл тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты.

Барша тұрғындар мен оқушыларды қос мерейлі мерекемен құттықтаған қала басшысы ширек ғасырда қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы артқанын атап өтті. «Елбасы Н.Ә.Назарбаев республиканы əлемдегі бəсекеге қабілетті 30 елдің қатарына енгізу туралы міндет қойғаны баршамызға белгілі. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады. Қазақстанды дамыған елдердің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін де білім», деді М.Қадырбек.

Аталған мектептер заманауи құрал-жабдықтармен, компьютер кабинеті, физика-химия кабинеттері мен интерактивті тақта және оқушыларды еңбекке баулитын арнайы кабинеттер талапқа сай жабдықталған.

Ашылу рәсімінде қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары концерттік бағдарлама ұйымдастырып, өз өнерлерін көрсетті.

Оңтүстікте тегін ұлттық ұғымға сай жазатындар көбейді

0021Шымкентте Оңтүстік Қазақстан облыстық тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен «Ұлты қазақ азаматтардың аты-жөнін ресімдеуді реттеу мәселелері» тақырыбында кеңейтілген семинар-кеңес өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесіне орай ұйымдастырылған шараның түпкі мақсаты – тәуелсіздік құндылықтарын насихаттау арқылы мемлекеттік тілге деген құрметті қалыптастыру, төлқұжаттағы тегіміздің дұрыс жазылуын насихаттау және халықты құжаттандыруға жауапты мекемелердің қызметімен етене танысып, кеңес дәуірінен қалған аффикстерден арылу бағытындағы кедергілерді талқылауды көздеді.

Жиынға облыстық ономастика комиссиясының мүшелері, өңірдегі тіл жанашырлары, облыстық әділет департаменті мен білім беру мекемелерінің қызметкерлері, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен  белсенді жастар, жас ата-аналар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Облыстық басқарма жүйелі түрде аймақтағы ұлты қазақ азаматтардың аты-жөніне байланысты мектеп оқушыларымен, жаңадан шаңырақ көтерген жас жұбайлармен жалпы қалың жұртшылықпен тығыз байланыс жасап, үгіт-насихат шараларына ұйытқы болып келеді. Осындай игі істердің нәтижесінде соңғы үш жылда дүние есігін ашқан сәбилердің басым бөлігінің аты-жөні қазақша «-ұлы», «-қызы»  жалғауларымен жазылған.  Бұл көрсеткіштер 2013 жылы – 52, 2014 жылы – 73,  ал 2015 жылы – 78 пайызды көрсетіп, «-ов», «-ова», «-ович», «-овна» сынды аффикстерсіз тегін қазақы дәстүрге сай ресімдегендер саны артып келеді. Бұл – Тәуелсіздік жемісі.

– Тегімізді түзеу – тектілік. Өмір табалдырығынан енді аттаған  нәрестенің аты-жөнін кеңес дәуірінен қалған жалғаусыз рәсімдеу бүгінге буынға жүктеліп отырған міндет. Бұл адамдардың жеке басына ғана қатысты емес, бұл мемлекеттік мәні зор мәселе. Аты-жөніміз бен тегіміздің орынды қолданылып, олардың ана тілімізде және орыс, ағылшын тілдерінде орфографиялық ереже мен әдеби нормаға сай жазылуын дұрыс жолға қоятын кез жетті.  Тегіміздегі түрлі жалғаудан арылуды – құлдық психологиядан елдік мүддеге сай өзгеру деп қабыл алғанымыз жөн. Ұлы дала елінің ұрпағы «Мәңгілік Елдің» мызғымас құндылықтары бүгіннен бастап қалыптасатынын ескерсе дейміз, – деді.

ОҚО-да «Елі сүйген, Елін сүйген – Елбасы» тақырыбында фотокөрме өтті

6007_0Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында өңір басшысы Жансейіт Түймебаевтың қатысуымен ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған шара өтті.

Шымкенттегі Көрме орталығында ұйымдастырылған «Елі сүйген, Елін сүйген – Елбасы» тақырыбындағы фотокөрмеге 70-ке жуық фотосурет қойылған. Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен нығаюындағы Тұңғыш Президент – Елбасының рөлі, сондай-ақ, тәуелсіздіктің қалыптасуының негізгі кезеңдері мен Қазақстанның сыртқы, ішкі саясаттағы жетістіктері және дамуы көрсетілген фотошежіре Елбасының Егемендік жылдарындағы тарихи сәттері мен Тәуелсіздік шежіресі атты топтық жинақталған суреттерден басталады.

1991-2000 ж.ж. ақ-қара суреттер Оңтүстікте Елбасының халықпен жүздесуі, Ордабасыдағы жиын, Тұрғыт Озал, Ислам Каримов, Асқар Ақаевтардың тарихи фотолары, Түркістанның 1500 жылдығы, Оңтүстік өндірісі, ауыл шаруашылығы, «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша қас-қағым сәттерді бейнелейді.

Сонымен бірге, мұнда «Мәңгілік ел», «ЕXPO – Халықаралық көрмесі», ел таңдауы — Н.Назарбаевтың соңғы сайлаудағы ұлықталуы және 2015-2016 жылдардағы халықаралық кездесулердің фотолары қойылған. Көрмеде хронологиялық жылдар тізбесі бойынша экспозиция мәтіні сақталған. Еліміздің 25 жылдық тарихы мен Оңтүстік өңірінің дамуын көрсете білген барлық фото жаңадан жинақталып басылған.

Облыс әкіміне осынау тақырыптық фотошежіре туралы баяндаған облыстық бейнелеу өнері музейінің директоры, ҚР Көркем сурет академиясының академигі Айнабек Оспанов мұнда Елбасының Тәуелсіздік алған жылдардан бері Оңтүстікке жасаған 50 шақты сапарының бірегейлері, тіпті, кейбірінің еш жерде жарияланбаған эксклюзив даналары орын алғанын жеткізді.

Айта кету керек, «Елі сүйген, Елін сүйген – Елбасы» тақырыбындағы

фотокөрмесіне кіру тегін. Келушілер үшін көрме 1 желтоқсан күні кешке дейін дейін жұмыс істейді.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Шымкенттегі жөндеуден өткен көпқабатты үйлердің аулалары пайдалануға берілді

7d856e38-6be8-43e7-b382-6daabf083499Шымкент қаласындағы Абай ауданына қарасты үш көпқабатты үйлердің аулалары қайта жөндеуден өтіп, ел игілігіне берілді, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Тұрғындардың қуанышымен бөлісе барған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен қала әкімі Ғабидолла Әбдіраxымов барша шымкенттіктерді мерейлі қос мереке — Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және «1 желтоқсан  — Тұңғыш Президент күнімен» құттықтады.

«Халыққа ыңғайлы жағдай жасау мақсатында қалада ауқымды құрылыс жұмыстары жүргізілді. Мәселен, шаһардағы  көпқабатты 1020 тұрғын үйдің  829-ндағы аулалар жөнделіп, 334 үйдің ауласына жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Ал 686 көпқабатты тұрғын үйдің ауласына электр бағаналарын орнату жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда»,-деді облыс әкімі.

Осынау жұмыстардың барлығы халық игілігі үшін жасалып жатқан дүние екенін айтқан аймақ басшысы қаламыздың тазалығы мен оны күтіп ұстау  тұрғындардың да міндеті екенін жеткізді.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесіне орай,  «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы аясында республикалық және жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, 80-нен астам көпқабатты тұрғын үйдің ойын алаңдары қайта жөнделіп, жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

Талдықорғанда Елбасы мүсіні орнатылды

69d89ad3c4ae975bcc1c5697f610c157Бүгін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мүсінінің салтанатты ашылуы өтті. Айта кету керек, осыдан біраз уақыт бұрын Президенттің мүсінін орнату туралы бастаманы жетісулық ардагерлер көтеріп, ол облыстық мәслихат депутаттарының қызу қолдауына ие болған еді. Осы игі бастама жүзеге асырылып Елбасы мүсіні Талдықорғанның орталық алаңындағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің скверіне орнатылды.

Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен басталып, мүсіннің ашылуына орай шашу шашылды. 1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күнімен және айтулы оқиғамен көпшілікті облыс әкімі Амандық Баталов құттықтады.

— Президентіміздің көпқырлы қызметінің ауқымдылығы, биік беделі Қазақстанның әрбір азаматына етене таныс. Біз, Алматы облысының тұрғындары Елбасының мүсінін орната отырып, өзіміздің шынайы ықыласымызды, риясыз алғысымызды, зор құрметімізді білдіреміз. Мемлекет басшысының мүсіні өзінің туған жерінде орнатылуы заңдылық. Тәуелсіздіктің 25 жылында Ұлт Көшбасшысы қазақстандық қоғамның біріктіруші факторы, тұрақтылықтың, гүлдену мен өркендеудің символына айналды, — дей келе көпшілікті осы айтулы оқиғамен құттықтап ақ тілегін айтты.

Мұнан кейін Алматы облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт, Алматы облысының Құрметті азаматы, ардагер Наурыз Қылышбаев Елбасының ерен еңбегінің, салиқалы саясатының жемісін көріп отырған ел ағасы ретінде ыстық лебіздерін білдірді.

— «Көшбасшысы батыр болса, сарбаздары батыл болады» дегендей, Қазақ елі өркениетті елу елдің қатарынан өзіне лайықты орын алды. Енді дамыған отыз елдің қатарына қосылу – Елбасының ғана емес, барша қазақстандықтардың басты міндеті. Темірқазық нысанадан көріну – абыройлы да айбынды елге тән қасиет. Міне, осы ретте жетісулықтар іріліктің де, ұлылықтың да үлгісін көрсетіп келеді. Енді, міне, қабырғалы Қазақ елінің атын әлемге паш етіп, асыл мұратына жеткен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жерлестерімен қауышып тұр. Тәуелсіздікті баянды ету жолында бір атаның балаларындай жұмылып, жанартаудай жарқылдауға шақырып тұр! Ендеше іске сәт! — деді Н. Қылышбаев.

 Мұнан соң сөз алған «Хильниченко и К» командиттік серіктестігінің директоры Виктор Хильниченко:

— Мен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен 20 жылдан бері жақсы таныспын. Ол еліміздегі ауыл шаруашылығының дамуын қалт жібермей қадағалап отырады. Қолдау көрсетіп, кеңес береді, оның дамуындағы жаңа жетістіктерді ешқашан назардан тыс қалдырған емес.

Мен осындай көпқырлы, талантты, көреген мемлекет басшысымен тілдесуге, пікірлесуге мүмкіндік жасаған тағдырыма ризамын. Және Алматы облысы тұрғындарымен бірге Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Президент ретіндегі, беделі зор әлемдік саясаткер ретіндегі еңбегі үшін  облысымызда, өзінің туған жерінде мүсіні орнатылғанына қуаныштымын, — деді.

Жастардың атынан құттықтау сөз сөйлеген І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің студенті Айзада Оразалы өз сөзінде Елбасының жастарға жасап отырған қамқорлығы, білім алуға, еңбек етуге жасалған зор мүмкіндіктері жайлы айта келе, жастар Елбасымызды мақтан тұтып қана қоймай, келешек ұрпақ үшін жасалып жатқан жақсылықтарды  дұрыс бағытқа пайдалана біліп, еселеп қайтаруы қажеттігін атап өтті. Жер жаннаты Жетісу жерінде  бой көтеріп отырған Көшбасшымыздың мүсінінің ашылуы – барша қазақ жұрты үшін үлкен қуаныш екенін жеткізіп, сөзінің соңын «Ұлы Даланың Ұлт көшбасшысы Елбасымыз Мәңгі жасай берсін!!!» деген жалынды тілекпен аяқтады.

Салтанатты шара концерттік бағдарламамен жалғасты.

Айта кетсек, Елбасы мүсіні Талдықорғандағы орталық алаңның оңтүстік-шығысында орналасқан Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің скверіне қойылды. Мүсіннің авторы: ҚР құрметті сәулетшісі, «Құрмет» орденінің кавалері, 40-тан астам ескерткіштің авторы Қазбек Жарылғапов және танымал мүсінші, Суретшілер одағының мүшесі, 20-дан астам ескерткіштің авторы Мирлан Азмағанбетов.

Мүсіннің биіктігі 4,2 метр, қоладан жасалған, ал тұғырының биіктігі 4,5 м., күртілік қоңыр граниттен жасалған. Мүсіннен кейін сквер Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің аллеясымен жалғасады. Сквердегі жүргінші жолының екі жағында гранит қабырғада Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері қоладан жасалған:

— Қазақстан Республикасы Елтаңбасы;

— Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы;

— Қазақстан Республикасының Гимні;

— Қазақстан Республикасы Конституциясы Кітабы.

Астанада Astex Astana Smart City 2016 IV халықаралық форум-көрмесі өз жұмысын бастады

Астанада Astex Astana Smart City 2016 IV халықаралық форум-көрмесі өз жұмысын бастады. Аталған шараны Астана қ. әкімдігі ҚР ақпарат және коммуникация министрлігімен бірлесіп «Зерде» Ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингінің және Astana Innovations АҚ-ның қатысуымен ұйымдастырды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Шетелден келген 700 делегаттың қатысуымен шарада қалалық инфрақұрылымның зияткерлік дамуына жағдай жасап, барлық ресурстар мен халық қажеттіліктерінің жан-жақты тепе-теңдігін қамтамасыз ететін «ақылды қалаларды» құру мәселелері талқыланды.

Панельдік сессияда елорда әкімі Әсет Исекешев сөз сөйледі.

«Мемлекет басшысы әлем елдері бүгінгі күні тез ауысып отырған жаңа шынайылыққа бейімделу мәселесіне алаңдаулы екенін бірнеше рет айтқан болатын. Диджитализация және цифровизация дәуірі келе жатыр, өмірімізге сандық технологиялар енуде. Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының бірқатар тапсырмаларын және Ұлт жоспарындағы 69-шы қадамды ескере отырып, Астанада Еуразиялық кеңістіктегі жаһандық қаланы дамыту керек. Біз өзіміз үшін әлемдегі мегаполис экономикасының құрылымына сай келетін 10 басымдықты секторды анықтадық. Біз Смарт Астана тұжырымдамасын әзірледік. Ақпарат министрлігі «Сандық Қазақстан» бағдарламасын әзірлеп, іске асыруда. Біз Астананы пилоттық алаңға айналдырмақпыз, және ұсынылған барлық бағдарламаларды елордада іске асыру үшін күш салмақпыз. Смарт Астана бойынша біз әлеуметтік және экономикалық нәтиже беретін жобаларды іске асырудамыз», — деді Әсет Исекешев.

Қала басшысы айтқан жобалар әлеуметтік салаға қатысты: медицина, білім және көлік инфрақұрылымы. Пленарлық сессиядан кейін елорда әкімдігі мен әріптестер арасында инновациялық саладағы ынтымақтастық және кәсіпкерлікті дамыту туралы 9 меморандумға қол қойылды.

Астанада биыл 4­6 балабақша ашылды

c-1Қазақстан Республикас­ы Тәуелсіздігінің 25 ­жылдығында Астанада 46 балабақша іске қосылды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Ильинка ­тұрғын алабында 240 о­рынға есептелген №92 «Жау­қ­азын» ­балабақшасының құрылы­сы аяқталды. ­Жалпы ауданы­- 5 ­мың шаршы ­метр­ге жуық.­Екі қабатты ғимарат м­емлекеттік тілде білі­м алатын 12 топқа есе­птелген. Балаларды қа­былдау 2017 жылдың 1 ­қаңтарында басталады.­

Елордада мектепке дей­інгі мекемелердің жет­спеушілігі проблемасы­ жаңа балабақшаларды ­пайдалануға беру, сон­ың ішінде МЖС арқылы ­шешіледі. Үстіміздегі­ жылы 46 балабақша ашылды. Сон­ың ішінде – 8859 орынға есептелге­н 44 жеке меншік (онда мемлекеттік та­псырыс енгізілген) жəне бюджет есе­бінен 440 орындық 2 б­алабақша ашылды.

Бұған қоса, МЖС аяс­ында 2480 орындық 10 балаб­ақшаның құрылысы баст­алды. Ал «Бизнестің жол кар­тасы» бағдарламасы шеңберінде балабақша ашу б­ойынша 31 жобаға қолдау көрс­етілді, соның ішінде ­бесеуі биыл салынды.

2017 жылдың бірінші ж­артыжылдығында 480 ор­ындық 2 балабақша ашы­лмақ.­

Анықтама­

Қазіргі кезде Астанад­а ­түрлі типтегі ­261­ ­мектепке дейінгі меке­ме жұмыс істеуде,­ оған 48 ­мың ­154­ ­бала барады.­

Соның ішінде 95 мемлекеттік­, 2 ведомств­олық, 116 ­жеке меншік, 48 ­шағын орталық­. Астанадағы 0­-ден­ 6­ жасқа дейінгі балала­р саны – 87 947.  3-тен 6 жасқа дейінгі­ 25 550 ­бала кезекте тұр­.­

Елордада «Ақын мен Ажал» пьесасы алғаш рет ағылшын тілінде қойылды

cС. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінің студенттері «Ақын мен Ажал» атты трагедиялық қойылымды алғаш рет ағылшын тілінде сахналады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрында көпшілік назарына ұсынылған туынды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылды. Пьесаның авторы, белгілі ақын Ғ. Ештанаев.

«Ақын мен Ажал» атты қойылымда Алаш қайраткері С. Сейфуллиннің жазықсыз тұтқындалған кезеңі мен түрмедегі азапты күндері және өмірінің соңғы қасіретті шақтары суреттелген. Сәкен образын — Ә. Мырзақұлов, «Ажал» образын — Д. Аманжанов сомдады.

Айта кетейік, С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінің «Ақжелкен» театры осыдан сегіз жыл бұрын құрылған, оның репертуарында онға жуық қойылым бар. Студенттер бұған дейін «Емен ұзақ жасайды», «Жолайрық», «Құмдағы үй», «Пай-пай, жас жұбайлар!», Тахауи Ахтановтың «Күшік күйеу», Сұлтанәлі Балғабаевтың «Қыз жиырмаға толғанда» және т.б. пьесаларды жарыққа шығарды.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына – жаңа ГЭС

308d637d0e1b0a752676ed7ed8b792baТәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Алматы облысында жаңа шағын ГЭС ашылды. Сарқан ауданының Лепсі өзенінде қуаттылығы 17 МВт болатын шағын ГЭС-2 іске қосылды. Жаңа нысанның салтанатты ашылуына облыс әкімі Амандық Баталов қатысты.

Нысанның ашылуында А. Баталов Қазақстандағы тау суларының гидроэнергетикалық қорының 65 % Алматы облысында екенін тілге тиек етіп,  облыста су және жел энергетикасын дамытудың арнайы бағдарламасы әзірленгенін, соның аясында жаңа ГЭС ашылып отырғанын атап өтті.

—  Осы ГЭС-ті іске қосудың нәтижесінде өңірдегі электр энерегиясының дефициті сағатына 68 млн. кВт-қа азайды. Бұл өте маңызды жетістік, дегенмен меже емес. Қазіргі кезде Қора өзенінде қуаттылығы 26-дан 29 МВт-қа дейінгі тағы 3 ГЭС-тің құрылысы жүрып жатыр. Оған қоса тағы бірнеше нысанның құрылысы жоспарланған. Мұның барлығы өзіміз өндіретін электр энергиясының тапшылығын азайтып, облыстың электр қуаты үшін сыртқа тәуелді болмауына және жаңартылған энергия көздерін дамытуға ықпал етпек. Сонымен қатар компаниялар жоспарлап, салған ГЭС-тар «ЭКСПО — 2017» көрмесіндегі «Қазақстан» павильонынан көрнекті орын алатын болады, — деді А. Баталов құттықтау сөзінің соңында.

Нысанның салтанатты ашылуынан кейін қатысушылар жаңа ГЭС ғимаратының ішін аралап көріп, жаңа үлгідегі нысанның жұмыс істеу ерекшеліктерімен танысты.

Атап өтсек, Сарқан ауданы Лепсі өзеніндегі шағын ГЭС-2 жылына орта есеппен 67,78 млн. кВт/сағ. электр энергиясын өндіреді. Құрылыстың сметалық құны 4,2 млрд. теңге. Құрылыс жұмыстары 2014 жылдың тамыз айында басталған. Жаңа нысан іске қосылғаннан кейін 17 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Жобаның авторы және бас мердігері – 500 кВ-қа дейінгі электр желілері мен подстанцияларды жоабалау, салу, жаңғырту мен жөндеу саласында еліміздің нарығында алдыңғы қатарда саналатын «АСПМК-519» ЖШС холдингі.