Домой Блог Страница 274

Шағын қалалар да жылыту маусымына кірісті

Шағын қалалар да жылыту маусымына кірісті
жылыту

Шағын қалалар да жылыту маусымына кірісті. Алматы облысы Сарқан қаласында құны 1,1 млдр. теңге болатын орталық қазандық пен жылу жүйелерінің құрылысы аяқталды. «Сарқан жылу» МҚК-ның жарғылық капиталын қалыптастыру мақсатында арнайы техника сатып алу үшін облыстық бюджеттен 100 млн. теңге, көмір алуға 67,97 млн. теңге бөлінді. Бұл туралы облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Әсет Қанағатов мәлімдеді.

Ә. Қанағатовтың айтуынша, бүгінгі күні Сарқан қаласында бюджеттік саланың 14 нысаны орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған.

Сонымен қатар Үштөбе қаласындағы «Жылыту орталығы» ЖШС-ның қазандығына 746,2 млн. теңгеге жаңғырту жұмыстары жасалды. Ал Текелі қаласының «Алатау» және «Достық» шағын аудандарында жалпы ұзындығы 12,5 шақырым болатын магистралды жылу жүйелері төселу үстінде. Бұл өз кезегінде тұрғындардың орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілу деңгейін 19 %-дан 26 %-ға дейін жеткізуге, тозығы жеткен жылу жүйелерін 58 %-дан 50 %-ға азайтуға мүмкіндік береді.

Талдықорған мен Астананың арасын жаңа ұшақ жалғайды

Кеше Астана қаласынан Талдықорған әуежайына өзінің алғашқы сапарын бастаған «Qazaq Air» авиакомпаниясының BombardierQ400 ұшағын облыс әкімі Амандық Баталов бастаған делегация салтанатты жағдайда күтіп алды.

Талдықорған мен Астананың арасын жаңа ұшақ жалғайдыЭкипаж мүшелері мен алғашқы рейстің жолаушылары болған ардагерлер қауымын талдықорғандықтар шашу шашып, үлкен қошаметпен қарсы алды. Тұрғындарды тарихи сәтпен, зор қуанышымен құттықтаған облыс басшысы А.Баталов:

— Бұл шара Елбасының өткен жылғы сапарында берген тапсырмасы аясында, сондай-ақ  Көлік жүйесі инфрақұрылымын дамытудың  мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде, өңірлерді дамыту мақсатында іске асырылды. Мемлекеттік бағдарлама негізінде халықты тасымалдау қызметінің сапасы жақсарып, ыңғайлы, жайлы самолет беріліп отыр. Талдықорған қаласына осындай жаңа үлгідегі самолеттің ұшуы уақыт талабы деп білеміз.Бүгінгі қуаныштарыңыз құтты болсын! Еліміз аман болып, жақсы істер, игі бастамалар көбейе берсін! – деді.

Талдықорған мен Астананың арасын жаңа ұшақ жалғайды

Сонымен қатар облыс басшысы Талдықорған әуежайын жаңа, заманауи кейіпке келтіру болашақта оның халықаралық мәртебеге ие болуына, Алматы облысының орталығынан Қытайға, Ресей мен Қырғызстанға авиарейс қатынауына мүмкіндік беретінін атап өтті.

Мұнан соң «Qazaq Air» авиакомпаниясының басшысы Блэр Поллок мырза қала халқының қонақжайлығына ризашылығын білдіріп, облыс басшылығына, әуежай ұжымына алғыс айтты. Бұл — Қазақстан бойынша соңғы екі айда «Qazaq Air» ашып отырған он екінші жаңа рейс екен. Алдағы уақытта сұраныс артатын болса, соған сәйкес рейстердің санын да ұлғайтуға мүмкіндік бар екенін жеткізді.

Бүгінге дейін Талдықорған әуежайында кеңестік кезеңнен қалған тар, моральдік тұрғыдан ескірген «ЯК — 40» самолеті қызмет атқарып келген. Енді Талдықорған өңірінің тұрғындары Астана қаласына барлық қолайлы жағдайлар қарастырылған заманауи ұшақпен қатынайтын болады. Рейстер аптасына үш рет, яғни дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері ұшады. Жаңа ұшақ 78 жолаушыға арналған.

Талдықорған мен Астананың арасын жаңа ұшақ жалғайды

Авиакомпания Астанамен ғана емес, Талдықорғанның Алматы қаласымен де әуе қатынасына қызмет көрсетпекші. Алматы мен Талдықорған аралығына жолаушылар 35 минутта жетсе, Елордамыз бен облыс орталығы аралығының ұзақтығы – орта есеппен 1 сағат 20 минут.

Жалпы Талдықорған әуежайының ұшу және қону алаңын жаңғырту мен жаңа аэронавигациялық кешен орнатуға 11 млрд. теңге бөлініп, белгіленген жұмыстар толығымен аяқталды. Бүгінгі күні әуежайды халықаралық талаптарға сай күрделі жөндеу мен қосымша ғимараттардың құрылысын жүргізу  қолға алынуда. Жөндеу жұмыстары 2016 жылдың бірінші жартысында аяқталады деп жоспарланып отыр.

Талдықорған мен Астананың арасын жаңа ұшақ жалғайды

Сонымен қатар, облыста туризмді дамыту мақсатында Үшарал қаласына аэровокзал салу мен ұшақ қатынасын ашуға бағытталған жұмыстар жүргізіліп жатыр.

А. Баталов: «Сапа мен қауіпсіздік әрқашан бірінші орында тұруы тиіс»

А. Баталов: «Сапа мен қауіпсіздік әрқашан бірінші орында тұруы тиіс»Алматы-Талдықорған автокөлік жолы учаскесінде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының сапасы, мерзімі, қауіпсіздігі мәселелері бүгін облыс әкімі Амандық Баталовтың мердігер компаниялардың өкілдерімен  өткізген жиынында сөз болды. Аталмыш учаскенің «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «Алматы — Өскемен» республикалық маңыздағы автокөлік жолын жаңғырту шеңберінде жүргізіліп жатқанын айта кету керек.

Жиын барысында «Алматы КазАвтоЖол» АҚ Алматы облыстық филиалының басшысы Батыр Дадамурзаев баяндама жасады. Б. Дадамурзаевтың айтуынша, автокөлік жолының жаңғырту жұмыстарына 7 отандық мердігер ұйым, 1362 бірлік жол-құрылыс техникалары және  3 мың адам тартылған.  Биылғы жылы автокөлік жолының 115 шақырымын іске қосу жоспарланған, оның ішінде 62 шақырымы цемент бетонды жабынды, 53 шақырымы асфальтты бетон. Осы орайда  13 қарашада Сарыөзек–Сарыбұлақ жол учаскесін, ал 1 желтоқсанға қарай жолдың Алғабас – Балпық би бөлігін пайдалануға беру жоспарланып отырғанын айта кету керек.

Сонымен қатар Б. Дадамурзаев өз баяндамасында жөнделіп біткен және әлі жөндеу жүргізіліп жатқан жол учаскелерін қыс мерзімінде күтіп-ұстау мәселесіне де тоқталды.

Бірқатар өзекті мәселелерді талқылап, жиынды қорытындылаған облыс әкімі Амандық Баталов барлық жөндеу жұмыстары облыс басшылығының қатаң назарында екенін атап өтті. Бұл орайда өңір басшысы алдағы қыс мерзіміне дайындық және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударды. Жиын барысында жұмыстары сынға алынған «ДС Нойбург» ЖШС, «Прогресс» корпорациясы» және «СК Құлагер» сияқты мердігер компаниялардың өкілдеріне  жұмыстың сапасы мен мерзіміне қатысты барлық ескертпелерді ескеріп, кемшіліктерді жоюды тапсырды.

— Сапалы жолмен қамтамасыз ету үшін барлық істі өз мерзімінде жауапкершілікпен атқару керек. Өйткені жол қауіпсіздігі деген ең алдымен оның сапасына тікелей байланысты. Сондықтан жолдың сапасы мен қауіпсіздігі ең бірінші орында тұруы тиіс. Бұл талап мерзімін сақтауға да қатысты, өйткені қыс таяп қалды, — дей келе облыс әкімі А.Баталов жұмысты Талдықорғанның маңындағы айналма жолдың құрылысынан бастауды тапсырды.

Елімізде «Арғымақ», «Тайбұрыл» сынды биенің сүтінен жасалған балалар өнімдері шығарылмақ

Елімізде «Арғымақ», «Тайбұрыл» сынды биенің сүтінен жасалған балалар өнімдері шығарылмақ
биенің сүтінен

Елімізде «Арғымақ», «Тайбұрыл» сынды биенің сүтінен жасалған балалар өнімдері шығарылмақ. Бұл туралы ҚТА және ҰСТО президенті, медицина ғылымдарының докторы Төрегелді Шарманов Қазақ тағамтану академиясы, Профилактикалық медицина академиясы және Ұлттық салауатты тағамтану орталығы өткізген баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

«Біз бие сүтінің негізінде өнім шығардық. Бұл біздің өнім, оны әлемде бірінші болып өндірдік. Бие сүтінен шоколад, торт, ірімшік, йогурт жасадық. Ежелден бие сауған қазақтар қымыз бен саумалды ғана білген. Ал бие сүтін қайнатуға, залалсыздандыруға болмайды, ол бұзылып кетеді. Сиыр сүтін керісінше қайнатып, залалсыздандыру қажет, әйтпесе, керісінше ол бүлініп кетеді. Мысалы сіз сиыр сүтін үш күн қойып көріңізші, ол қауіпті, ал бие сүтіне ештеңе болмайды. Сондықтан біз бие сүтін таңдадық», — дейді ҚТА президенті.

Ғалымның айтуынша, олар биыл израильдік құрал-жабдықтар сатып алды.

«Енді біз бие сүті негізінде балаларға арналған өнімдерді шығаруды жоспарлап отырмыз. Бұл өнімдер аты аңызға айналған батырлардың жылқыларының құрметіне «Арғымақ», «Тайбұрыл», «Кербұғы» деп аталады. Зауытты біз «Құлыным ай, құлыным» деп атадық. Жалпы ұлтымыз үшін жылқының орны бөлек. Қазір Қазақстан аумағында жылқылардың саны 2 млн 100 мыңға жетеді, бұл аз, біздің жерімізде 50 млн жылқы өсіруге болар еді», — дейді Төрегелді Шарманов.

baq.kz

«KAZSPORT» спорт комментаторлары арасында кастинг өткізеді

«KAZSPORT» спорт комментаторлары арасында кастинг өткізедіКастинг 14 қараша күні «Қазақстан» РТРК» АҚ Алматы филиалының ғимаратында өтеді. Бұл — телеарнаның 2015 жылы жалпы төртінші, Алматыда өткізіліп отырған бірінші байқауы деп хабарлайды «Қазақстан» Телерадиокорпорациясының баспасөз қызметі.

«Kazsport» телеарнасы үміткерлерден кастингке жауапкершілікпен дайындалып, өздері мен өзгенің уақытын бағалауды сұрайды. Байқауда футбол, хоккей және басқа да командалық спорт түрлері мен жекпе-жек сайыстарынан материалдар пайдаланылады.

Резюмелерді 12 қараша күнгі кешкі 22.00 –ге дейін kazsporttv.kz@mail.ru адресіне жіберу қажет.

Елордада шыбықтан бұйым тоқу шеберханасы ашылды

Елордада шыбықтан бұйым тоқу шеберханасы ашылды Бүгін елімізде шыбықтан бұйым тоқитын аалғашқы әлеуметтік шеберхана ресми түрде ашылды. Мұнда бұл өнерге қызығушылық танытатын кез-келген адамға жұмыс істеуге мүмкіндік бар.

Шыбықтан бұйым тоқитын «Green Tal» шеберханасы осыдан үш ай бұрын жұмысын бастады. Негізінен аталған шеберханада мүмкіндігі шектеулі жандар, балалар үйінің түлектері және жалғызбасты аналарға бір ай бойына курс оқытылады. Егер икемі болып, одан әрі үйреніп кете алса, осында жұмысын жалғастырады дейді жоба жетекшісі Эмин Әскеров.

«Алғашқыда бізге біраз қиын болды. Өйткені бағыт беретін елімізде маман жоқ бүгінгі күні. Қазір бәрі жолға қойылды, ақырындап дамып келеміз. Бұл бұйымдардың басты артықшылығы — Қодан жасалған және экологиялық тұрғыдан алғанда таза өнім, шикізат та ешқандай қоспа жоқ. Бізге келушілердің көпшілігі мүмкіндігі шектеулі жандар. Мұнда жұмыс уақыты — 4 сағат, яғни, таңертеңгі 10-да басталып, 14:00-де аяқталады. Келушілер бірінші меңгеріп алғанша кәрзеңке тоқиды. Ал әрі қарай өздерінің фантазияларына байланысты тоқиды. Әзірге құрамымызда 10 адам бар. Сіздер көріп тұрғандай, үш айда біраз өнім дүниеге келді. Сондықтан келесі жылдан бастап нарыққа саудаға шықсақ деген ойымыз бар», — деді ол.

Сондай-ақ, жоба жетекшісі Эмин Әскеровтің айтуынша, қазір Ресей және тағы басқа көршілес мемлекеттермен келіссөз жүргізіліп жатыр. Мәселен, бұл өнер Ресей елінде әлдеқашан дамып кеткен. Олар бізге маман жіберіп, біздегі қызғушыларды үйретуге уәде беріп отыр деді ол.

baq.kz

Ақша жинаудың 8 тәсілі

Ақша жинаудың 8 тәсіліАқша жинаудың 8 тәсілі

1. Қай жерде ақша туралы әңгіме қозғалса да Сіз ақшаны жамандамаңыз. Бұл Сіздің өмірлік салт-дәстүр, дағдыңызға айналсын. «Ақшам жоқ, ақша жетпейді» деп ешқашанда айтпаңыз. Олай десеңіз, Сізден ақша қашады. Керісінше, Сіз «Мені ақша жақсы көреді», «Күннен – күнге менің қаражатым көбейіп, табысым артып келеді» деген сөзді жиі-жиі айтыңыз, олай деуге қымсынбаңыз, қорықпаңыз.

2. Ақша жинаңыз. Тек ақшаны тойға, жақсылыққа, оқуға, жаңа дүние сатып алуға, саяхатқа шығуға, жақсы демалуға жинайтын болыңыз. Ақшаны «қара күнге» деп жинамаңыз.

3. Ақша жинауда, оны ұсатып жұмсауда бай адамдардың психологиясын зерттеңіз, соларға еліктеңіз. Өзіңізді бай адамның орнындамын деп есептеңіз. Қоғамдық көлікпен жүрсеңіз «Мен мұны қарапайым адамдардың тыныс-тіршілігін білу үшін уақытша мініп жүрмін» деген ойда болыңыз. Өзіңіздің бұл ісіңізді баюға психологиялық тұрғыда дайындалу деп түсініп, күнделікті өмірде ұсақ-түйектерге көп көңіл бөлмеңіз.

4. Ақшаны адал жолмен қалай тапсаңыз, оған да солай адал болыңыз. Ұлық Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерінде айтылғанындай, біреуге артық ақша бермеуді, біреуден артық ақша алмауды қадағалаңыз. Сатушы жаңылысып, Сізге артық ақша қайтарса, немесе бір затыңызды сатып алушы құнынан артық ақша ұсынса, оны қайтарып беріңіз. Қиянат жасағанды ақша ұнатпайды.

5. Ешқашан тың ойлардан, жаңа қадамдардан, жаңалықтардан, жақсы істерден бас тартпаңыз. Олар Сізді жаңа табыстарға жетелейді.

6. Ақша – үлкен қуат көзі болғандықтан, әрі ұқыптылықты жақсы көретіндіктен ең бірінші жақсы әмиян таңдап алыңыз. Сосын оған әр тиынды дұрыстап тұрып салыңыз, әмияныңызды сыртынан сипап, оған жылы сөздер айтыңыз, ақшаның еркелеткенді жақсы көретінін естен шығармаңыз.

7. Маңдайға біткен дәулет үшін өтем төлеу жақсы. Байлықты сақтап қалу үшін қайырымдылық шараларына мол шығын шығарып, жаманшылықтың алдын алады, мешіт, медіресе, аурухананы өз қаржысымен салдырып, халыққа сыйға тарту – бұрыннан жалғасып келе жатқан сауапты іс. Тек оны атын шығару үшін жасамау қажет.

8. Ақша өзіңді жақсы көруі үшін алдымен Сіз ақшаны жақсы көріңіз. Алайда ақшаны ар-ұяттан, ұлттық мақсат-мүддеден жоғары қоймаңыз. Жетпей, таусылып, қарызға батып қалған кезде ғана ақшаны ойламай, оны әрдайым байлық ретінде жақсы көріп, оның молаятынына кәміл сеніңіз. Ақша жолы болмайтын, өзіне-өзінің сенімі жоқ адамдардан қашады. «Маған сондай жалақы, сондай ақша жетеді», — деп, ақшаға шектеу қойып, өзіңіздің табыс көзіңізді жауып тастамаңыз. Табысыңыз өз қажеттілігіңізден артылып жатса, қайырымдылық жасаңыз. Ақша қайырымдылықты жақсы көреді.

jastar.kz

Спорт — денсаулық кепілі

Спорт - денсаулық кепілі
Спорт — денсаулық кепілі

Спорт — денсаулық кепілі. Алматы облысында халықтың 30 пайызы бұқаралық спортпен шұғылданады екен. Бұл көрсеткішті арттыру үшін аудан орталықтары ары мен ауылдарда спорт нысандарын арттырудың маңызы зор. Сондай бір спорт кешені Есік қаласында ашылды. Енді есіктегі ересектер де, жастар да жаңа ғимаратта спорттың 11 түрімен белсенді айналысуына мол мүмкіндіктері бар.

Спорт сарайын салу үшін үкімет бюджетінен 470 млн. теңге қаржы бөлінген. Стадион мен жүгіру алаңын қоса есептегенде кешеннің жалпы аумағы 2,3 гектар. «Спорт сарайында денешынықтырып, спорттың сан түрімен шұғылдануға бар жағдай жасалған». Ашылу рәсімінде сөз сөйлеген аудан әкімі Бинәлі Ысқақ осы жайттарға тоқталды. Спортты серік еткен жандарға түрлі жарыстарда жеңіс тіледі. Ел спортына елеулі үлес қосқан  спорт ардагерлерін марапаттады. Сонымен бірге ата-ана қамқорынсыз қалған 25 жасөспірімге «Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасы  арқылы Қарасай ауданында салынған «Асыл Арман тұрғын үй кешенінен 25 пәтердің кілттерін табыстады.

zhetysutv.kz

Жетісулық жас футболшылар жеңімпаздарын анықтады

Жетісулық жас футболшылар жеңімпаздарын анықтады
жас футболшылар

Жетісулық жас футболшылар жеңімпаздарын анықтады.

Талдықорғанда футболдан жасөспірімдер арасында  облыстық жарыс аяқталды. Оған 8 команда қатысқан еді.

Оқушылардың күзгі демалыс күні өткен жарыс спорт саласында көп жылдар бойы еңбек еткен білікті маман Николай Мамоновты еске алуға арналды. Ол, бірқатар спорт ұжымдарын басқарып, ұйымдастырушылық қабілетімен таныла білген.

Футболшылардың жасына қарай ойын фарматында да өзгеріс бар. Мәселен, әр кездесудің уақыты мен спорт алаңы стандарттағыдан  әлде қайда аз әрі кіші. Бұл балғын футболшылардың барлық мүмкіндігін көрсетіп, тартысты ойын өткізуіне қолайлы.

Бұл сайыста Алматы облыстық футболдан мамандандырылған спорт мектебінің ұжымы чемпион атанды. Олар финалда Жетісу футбол орталағының командасын 3те 2 есебімен ұтты. Үшінші орынды осы орталықтың екінші ұжымы иеленді.

Жеңімпаздармен жүлдегерлер  мақтау қағаздары және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

zhetysutv.kz

«Qazaq Air» әуе компаниясы жаңа әуе қатынасын іске қосты

"Qazaq Air" әуе компаниясы жаңа әуе қатынасын іске қосты
әуе компаниясы

«Qazaq Air» әуе компаниясы Алматы — Талдықорған — Астана және Астана — Талдықорған — Алматы бағыттары бойынша жаңа әуе қатынасын іске қосты.

Естеріңізге салар болсақ, Талдықорған әуежайының ұшу және қону жолдары, перроны толығымен жаңартылған. Әуежайда барлық арнайы теxникалар ауыстырылған. Жаңадан әуенавигациялық жабдықтар орнатылған. Осылайша Талдықорған әуежайы қазіргі заманғы әуе кемелерін қабылдауға, жолаушыларға сапалы қызмет көрсетуге толығымен дайын.

«Qazaq Air» әуе компаниясының жаңа бағыттар бойынша ұшу кестесі:

Ұшақ Алматы-Талдықорған-Астана, Астана-Талдықорған-Алматы бағыттары бойынша аптаның 1,3,5 күндері (дүйсенбі, сәрсенбі, жұмада) қатынайды.

Алматы қаласынан сағат 9:10-да ұшқан ұшақ Талдықорғанға сағат 10:05-те қонады, сондай-ақ Талдықорғаннан сағат 10:55-те ұшып, Астанаға сағат 13:00-де қонады.

Кері бағытта Астанадан ұшу уақыты сағат 14:10-да, Талдықорғанға қону уақыты сағат 16:15-те, сондай-ақ Талдықорғаннан сағат 17:05-те ұшқан ұшақ Алматы қаласына сағат 18:00-де қонады.