Домой Блог Страница 278

Астанада әдеби-музыкалық фестиваль өтті

Астанада әдеби-музыкалық фестиваль өтті
әдеби-музыкалық фестиваль

Астанада «Әлем балалар тілінде сөйлейді» атты ІІ балалар әдеби-музыкалық фестиваль өтті. Аталмыш шара Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясында өткен іс-шараның ұйымдастырушылары Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Лад» республикалық славян қозғалысының астаналық бөлімшесі болып табылады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестивальдің басты мақсаты – дарынды жастарды тауып, олардың шығармашылық өсуіне, түрлі халықтардың мәдени дәстүрлерін сақтауға ықпал етеді. Фестивальге әр түрлі жастағы балалар мен жасөспірімдер, шығармашылық топтар, сонымен қатар сәндік-қолданбалы өнер студиялары, халықаралық достық клубтары қатысты.

Жас өнерпаздарды театртанушылар, хореографтар, өнертанушылар сынды білікті қазылар алқасы бағалады. Байқау «Вокалды және хор», «Би», «Аспаптық жанр», «Бейнелеу өнері» және өзге де аталым бойынша өткізілді.

Байқауға елордалық этномәдени бірлестіктердің: «Лад»РСҚ, «Вайнах» шешен-ингуштық этно-мәдени орталығы, «Таң» татар-башқұрт этно-мәдени орталығы, «Возрождение» немістер одағы және «Ватра» украиндық мәдени орталықтың шығармашылық ұжымдары қатысты.

Фестивальдің барлық қатысушылары диплом мен бағалы сыйлықтар берілді.

baq.kz

Т. Бекмамбетовтың «Шыршалар» фильмі алты елде түсіріледі

Т. Бекмамбетовтың «Шыршалар» фильмі алты елде түсіріледі
Т. Бекмамбетовтың

Қазақстандық танымал режиссер әрі продюсер Т. Бекмамбетовтың жаңа жылдық дәстүрге айналған «Елки» («Шыршалар») фильмінің келесі бөлімі алты елде түсіріледі деп жоспарлануда.

«Жыл сайын көрсетілетін бұл фильм көрермендердің көзайымына айналған. Бұл жобаның басты ерекшелігі – әртүрлі ұлттың талғамына сай келуінде. Сондықтан келесі бөлімді алты түрлі елде түсіруді жөн көріп отырмыз», — дейді Т.Бекмамбетов.

Әзірге түсірілім алаңы Германия, Оңтүстік Корея және Мексикада болатыны анықталды. Аталған туынды 6 оқиғаның басын құрайтын болады. Әр елдің оқиғасы өз тілінде түсіріліп, кейін дыбысталады.

Айта кетейік, жаңа фильм әдеттегі Жаңа жыл мерекесі қарсаңындағы қызықты оқиғаларды баяндап, халыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйламақ.

baq.kz

Жаңа жылдан бастап ЖОО-да «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» пәні оқытылады

Жаңа жылдан бастап ЖОО-да «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» пәні оқытыладыБүгін Астанада «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» оқу құралын талқылау мақсатында дөңгелек үстел өтті. Жиынға қатысқан ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының оқу жұмысы жөніндегі вице ректоры Әлия Мұхамеджанова жаңа жылдан бастап елдегі барлық ЖОО-да «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» пәні оқытылатынын айтты.

-«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» оқу құралын жазып шықтық. Ол жаңа жылдан бастап, яғни,осы оқу жылының екінші семестрінен бастап еліміздегі барлық жоғары оқу орындарында оқтылатын болады. Қазір оқу құралы дайын. Республикада 125 оқу орны болса, біз кем дегенде 125 данамен жарыққа шығарамыз оны. Алғашқы бөлімі еліміздегі сыбайлас жемқорлықтың тарихынан бастау алады. Бірінші бөлім соған арналған. Бұл пәнді енгізудегі басты мақсатымыз — жастардың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Біздің ойымызша, жемқорлыққа ешқандай заң тоқтау салып, түпкілікті жойып жібере алмайды. Сондықтан жастарды университет қабырғасынан бастап тәрбиелеуіміз қажет, — деді Ә.Мұхамеджанова.

Оның айтуынша, бұл пәнді тек заңгерлер ғана емес, барлық мамандықтың студенттері оқитын болады. Ал, қай курстан бастап оқытылатынын университет басшылығы шешеді деді ол.

Айта кетейік, аталмыш шараға ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi, ҚР Президентi жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясы, Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң өкiлдерi мен Қазақстанның жетекшi 25 Жоғары оқу орнының оқытушылары қатысуда. Олар дөңгелек үстел барысында жоғары және ЖОО-дан кейiнгi бiлiм беру жүйесiндегi сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында бiлiм беру мәселелерiн талқылап, жемқорлыққа қарсы көзқарастың маңызды аспектiлерiн қарастырады.

baq.kz

Шымкентте рентген аппараты шығарылатын болады

Шымкентте рентген аппараты шығарылатын болады
рентген аппараты

Шымкентте рентген аппараты шығарылатын болады.

Жазылуы қиын ауруларды алғашқы даму сатысында анықтап беретiн, тiптi ананың құрсағындағы күрделi патологиялық өзгерiстердi дәл табатын заманауи жоғары технологиялы аппарат пен құралдар шығаратын жаңа завод алдағы уақытта салынады.

«KAZMEDPRIBOR Holding» компаниясының президентi Рахат Байзақовтың бұл жобасы жуырда Астанада ҚР Президентi Н.Назарбаев пен Жапония Премьер-министрi Синдзо Абэнiң төрағалығымен өткен қос елдiң iскер топ өкiлдерi қатысқан бизнес-форумда көпшіліктің қызығушылығын тудырған болатын.

Алдағы уақытта бой көтеретiн өндiрiс кешенi де жапондық «SHIMADZU» фирмасымен серіктестік орнату нәтижесінде бой көтеруде. Жылына 60 мың дана өнім шығаруға қауқарлы кәсіпорында 150 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Соның арқасында отандық компания ауруханалар мен диагностикалық орталықтардың заманауи рентген аппаратына деген сұранысын өңiрде ғана емес, республика бойынша да қанағаттандырмақ.

baq.kz

Талдықорғанның жаңа әкімі тағайындалды

Талдықорғанның жаңа әкімі тағайындалды
жаңа әкімі тағайындалды

Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың өкімімен Талдықорған қаласының жаңа әкімі тағайындалды.

Бұл қызметке Бағдат Әбілмәжінұлы Қарасаев тағайындалды. Ол 1964 жылы туған. Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын, кейін Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін тәмамдады.

2004 жылдан Алакөл ауданының әкімі болды.

Талдықорғанның бұрынғы әкімі Ермек Амантайұлы Алпысов Астанаға жұмысқа ауысады.

Ол 1971 жылы 20 желтоқсанда СҚО Сергеев ауданы Неждановка ауылында туған. Екі жоғары білімі бар, 1993 ж. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, 2005 ж — І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін экономист мамандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек жолын 1993 жылы Алматы қ. № 156 орта мектебінде география мұғалімі болып бастаған. 1999 жылдың наурызынан 2001 жж. қазанына дейін — «Бектауата» ЖШС бухгалтері. 2001 жылдың желтоқсанынан 2004 ж. шілдесіне дейін — жетекші, бас маман, инспектор, кейін Алматы облыстық қоршаған орта басқармасы бөлімінің бастығы. 2004 ж. шілдесінде Алматы облысы Ақсу ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалған. 2008 жылдың ақпанынан 2012 ж. қаңтарына дейін Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары.

2012 жылы Талдықорған қаласының әкімі болып сайланды.

«Қыс-2015» командалық-штабтық оқуларын өткізуге қатысты жиын

 командалық-штабтықБүгін облыс әкімдігінің ғимаратында Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Махаббат Бигелдиев «Басқару органдары мен мемлекеттік азаматтық қорғаныс жүйесі күштерінің қыс мезгілінде болуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша іс-қимылы» тақырыбында жиын өткізді.

Басты мақсаты — «Қыс-2015» деп аталатын төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі командалық-штабтық оқуларды тиісті деңгейде өткізуге барлық құзырлы органдардың дайындығын пысықтау.

Негізгі баяндаманы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы полковник М.Боранбаев оқыды. Өз баяндамасында «Қыс-2015» командалық-штабтық оқуларын өткізудің мақсаттарымен таныстыра келе, қазіргі уақытта өзге өңірлердегі ауа райының қолайсыздығынан орын алған апатты жағдайларға да тоқталып өтті. Алматы облысында ауа райын болжаушылардың пайымдауынша қаңтар айында күн райының күрт суытуы мен қатты желдің тұруы болжанғандықтан, штаб дайындығын арттыру, арнайы күштердің өмір сүруді қамтамасыз ететін нысандардың, көліктік қатынас магистральдары мен өзге де стратегиялық маңызды нысандардың қалыпты жұмыс істеу жағдайын сақтап тұруын қамтамасыз ету, түрлі дағдарысты жағдайларларда оның салдарын жою мақсатында құрылған арнайы қызметтер мен құрылымдардың дайындығын, негізгі мақсаттарына сәйкестін, құрамы мен санын тексеру қажеттігін мәлімдеді.

Жиынды қорыта келе облыс әкімінің бірінші орынбасары М.Бигелдиев:

—  Халқымызда «Сақтансаң сақтайды» деген сөз бар. ҚазГидрометтің айтуынша, 2016 жылдың қаңтар айының орта тұсында Қазақстан аумағында күннің қатты суытуына қатысты ауыр метереологиялық жағдай күтілуде. Соның салдарынан орын алуы ықтимал электр сымдарының, байланыстың үзілуі, сумен, газбен және жылу қуатымен қамтамасыз ететін нысандардың техногендік апаттан бұзылуы, жолдардың тайғақтануы мен басты көлік магистральдарын қар басып қалу жағдайларына дайын болуымыз керек. Осында жиналған барлықтарыңыз төтенше жағдайларды алдын алу бойынша құрылған комиссияның мүшесі болғандықтан, аталмыш оқу-жаттығуларға үлкен мән беруді тапсырамын, — деп сөзін қорытты.

Облыстың қызылша шаруашылығымен айналысушы қожалықтары Елбасына алғыс білдірді

Облыстың қызылша шаруашылығымен айналысушы қожалықтары Елбасына алғыс білдірді
Елбасына

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Алматы облысының қызылша шаруашылықтары басшыларынан хат келді. Облыстың қызылша шаруашылығымен айналысушы қожалықтары Елбасына алғыс білдірді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Авторлар өз хатында Мемлекет басшысының Алматы облысына былтырғы сапары барысында берген тапсырмасы өңірдегі қант қызылшасы өндірісін қайта өрістетуге септігін тигізгенін атап өткен. Мәселен, осы ауыл шаруашылығы дақылын өсіруге биыл 1 миллиард теңге бөлініп, өндірушілерге тиісті қолдау көрсетілді.

Шаруашылық басшылары облыста қызылша егістігінің ауқымы ұлғайып, биыл 4 мың гектардан асқанын мәлімдеді.

«Бүгінде қызылша егістігінде 5 мыңға тарта адам жұмыспен қамтылған. Өңірдің кейбір шаруашылықтары гектарынан 750 центнерге дейін өнім алып, рекордтық көрсеткішке қол жеткізді, бұл ретте бір қызылша түбірінің салмағы 6,5-7 келіге дейін тартты. Мұндай нәтиже соңғы 10 жылда болмаған. Көксу қант зауытын күрделі жөндеуден өткізіп, қайта іске қосу шарасы да бізге қосымша серпін берді. Ауыл шаруашылығын дамыту мәселелеріне назар аударып отырғаныңыз үшін Сізге алғыс айтамыз», – деп жазады қызылша өндірушілер.

Авторлар Қазақстан Президентінің тікелей қолдауының арқасында елдің аграрлық саласы дами бастағанына, ал фермерлерге мемлекет тарапынан субсидия, тұқым, тыңайтқыш және жанар-жағар май түрінде елеулі жәрдем жасалып отырғанына да назар аударған.

«Сіз ұсынған «Нұрлы жол» бағдарламасы, сондай-ақ Бес институционалдық реформа шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына айрықша серпін беріп отыр. Облыстағы шаруашылықтар бұл жұмыстарға белсене қатысатынына сендіреміз», – делінген хатта.

akorda.kz

Қарлығаш Мұхамеджанова Дариға Назарбаеваның рөлін сомдайды

Қарлығаш Мұхамеджанова Дариға Назарбаеваның рөлін сомдайды
Қарлығаш Мұхамеджанова

Осы жылы еліміздің Тұңғыш президенті туралы “Елбасы жолы” киноэпопеясының бесінші бөлімі жарыққа шығады. Кинокартина “Балалық шағымның аспаны”, “Отты өзен”, “Теміртау”, “Тығырықтан жол тапқан” фильмдерінің желісін толықтырады.

Бұл бөлімде актриса Бибігүл Ақтан Динара Назарбаеваның рөлін ойнайды. Ал Дариға Назарбаеваның болмысын белгілі актриса Қарлығаш Мұхамеджанова сомдайды.

“Елбасы жолы” киноэпопеясының барлық бөлімдерінің сценарийін танымал отандық драматургтер Шахимерден Құсайынов пен Рүстем Әбдірашев Нұрсұлтан Назарбаевтың кітаптары желісімен жазған. Сондай-ақ, фильмде елбасының әріптестері, достары айтқан естеліктер де қолданылады.

Елбасы рөлін бұл фильмде есімі елге таныс, талантты актер Берік Айтжанов сомдайды. Ол “Махамбет”, “Мұстафа Шоқай” фильмдері арқылы киносүйер қауымға жақсы таныс. Елбасының өмір жолын баяндайтын кинотуындының жалғасы Қазақстан, Ресей, Еуропа, АҚШ және шығыс елдерінің аумағында көрсетілетін болады. Кинокартинаның креативті продюсері — Фархат Әбдірайымов.

Астанада «Өз кәсібінің үздіктері» марапатталады

Астанада "Өз кәсібінің үздіктері" марапатталады
«Өз кәсібінің үздіктері»

Байқау Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев белгілеген «100 нақты қадам» бағдарламасының 88 тармағы мен индустрияландыру және экономикалық өсу бойынша институционалдық реформаны жүзеге асыру аясында жыл сайын өткізіледі. Байқауды ҚР білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақстан 2050» жалпыұлттық қозғалысы ұйымдастырып отыр.

«Өз кәсібінің үздіктері» байқауы жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға бағытталған. 2015 жылы Қазақстанның барлық аймақтарынан 150-ден астам өтініш қабылданды. Нәтижесінде, байқау комиссиясы «Үздік темір ұстасы», «Үздік кран жүргізушісі», «Үздік электрші», «Үздік сантехник», «Үздік дәнекерлеуші», «Үздік технолог», «Үздік металл жонушы», «Үздік тігінші», «Үздік қоғамдық көлік жүргізушісі», «Үздік әрлеуші» (сырлау бойынша техник) сынды 10 номинация бойынша 20 жеңімпазды анықтады.

baq.kz

Қызылжар ауданындағы алты бірдей кәсіп орын неге ашылмайды?

СҚО, Қызылжар ауданындағы алты бірдей кәсіпорынның жабылған күйі есігінен құлып алынар емес. Олардың болашағы не болмақ? Кәсіпорындардың жағдайы туралы жергілікті билік не дейді?СҚО, Қызылжар ауданындағы алты бірдей кәсіпорынның жабылған күйі есігінен құлып алынар емес. Олардың болашағы не болмақ? Кәсіпорындардың жағдайы туралы жергілікті билік не дейді?  Jas.kz порталы аудандағы ахуалға үңіліп көрді.

Атап айтатын болсақ, Сивково селосындағы «Омаров» ЖК-нің диірмені, Прибрежный селосындағы 1,4 га жері бар мал ұстайтын нысан, Белое селосындағы техникалық қызмет көрсету станциясы, Соколовка ауылындағы бұрынғы нан зауытының ғимараты, Петерфельд ауылындағы бұрынғы шұжық кәсіпорыны мен Боголюбово ауылындағы «Леваш» дүкенінің есігі құлыптаулы.

Жұмыссыз тұрған кәсіпорындардың ендігі тағдыры не болатыны мүлде белгісіз. Себебі олардың барлығы да «Halyk Bank» АҚ, «БТА Банк» АҚ немес «БанкЦентрКредит» АҚ сияқты басқа да банктерде кепілде тұр. Олар өз кезегінде иеліктеріндегі нысандарының сату құнын белгілеп те тастаған. Мысалға 1611 кв.м ғимараты мен 1,4 га жері бар Прибрежныйдағы мал қорасын «БТА Банк» 10 миллионға бағалап отыр. Алайда болашағы бар іске ақша құюға ниетті инвесторлар банктердің бұл әрекеті ақылға қонымсыз, бағаны тым шарықтатып жіберген деп есептейді.

Б.Омаров, Қызылжар ауданы кәсіпкерлік бөлімінің басшысы:

— Жұмыс істемей тұрған барлық кәсіпорындар назарда тұр. Оларды қайта іске қосу мақсатында инвесторлар тартып көреміз. Болмаса ол жерлерде басқа өнім өндіру жолын да қарастырамыз. Ал иелеріне келетін болсақ, олар кәсіптерін әрі қарай алып жүруге мүлдем құлықсыз.