Домой Блог Страница 282

Қазақ күресінен облыс кубогы сарапқа салынды

Қазақ күресінен облыс кубогы сарапқа салындыПанфилов ауданы Алтыүй ауылында  Қазақ күресінен ересектер арасында «Алматы облысы кубогы» үшін өңірлік жарыс өтті. Бұл спорттық шара Қазақ хандығының 550 жылдығына арналды. Оған Жетісу өңірінің 100-ге жуық спортшысы келіп қатысып жатыр. Балуандар 8 түрлі салмақ дәрежесінде белдесті.

Қазақ күресінен облыс кубогы үшін Жетісу өңірінің  ең үздік балуандары Алты үй ауылында бас қосты. Алдымен аудандық Дәнеш Рақышев атындағы театр ұжымы қазақ хандығы тұсындағы заманды бейнелеп, шағын көрініс қойды. Дәстүр бойынша, қариялар балуандарға бата берді.

Жарыстың ұйытқысы Алматы облыстық «Бөрі» қазақ күресі федерациясы. Басты мақсат — ұлттық өнерімізді ұлықтап, спортшылардың деңгейін көтеру. Әрі, желтоқсанда Оралда өтетін Қазақстан чемпионатына облыс құрамасын іріктеп алу.  Бапкерлер балуандардың аяқ алысын байқап, бабын саралап жүр.

Айдын Смағұлов, қазақ күресінен ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы:

— Мына өтіп жатқан жарыстың деңгейі өте жақсы. бірінші рет өтіп жатса да. Бұл жерде Азияның екі дүркін чемпионы Жұмажан Нұржан бар. Алматы облысының бірінші әлем чемпионы Қарқатеров Тоқтар күресіп жатыр. Кешегі күнгі болған 23 жасқа дейінгі Қазақстан чемпионатының чемпионы Мауленин Әбілқайыр күресіп жатыр.

Жарыс тұңғыш рет командалық есепте өтіп отыр. Оған қатысушы аудан-қалалар  тек үздіктерін  әкелген. Мұнда бір спортшының жеңгені жеткіліксіз. Сондықтан  белгілі бір ұжым топ жару үшін командадағы 8 балуанның кем дегенде 5-еуі ұтысқа ие болуы шарт. Бұл жарыс ел біріншілігіне жолдама берер сын болғандықтан саңлақтар арасынан сапалы өнерімен сан мәрте байрақты бәсекелерде топ жарғандарды жиі кездестіруге болады.

zhetysutv.kz

Үздік бастауыш партия ұйымдары анықталды

Үздік бастауыш партия ұйымдары анықталды

«Үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық байқауының облыстық кезеңі аяқталды. Аймақтық бәйгенің жеңімпаздары анықталып, бүгін «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалында салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бұл байқауға облыс бойынша 330 бастауыш партия ұйымы қатысқан. Оның 45-і аймақтық кезеңге жолдама алған. Соның ішінде  9-ы топ жарып, жүлдегер атанды. Бастауыш партия ұйымдарын бағалау 7 талап бойынша жүргізілген. Әрбір үміткер атқарған жұмыстарына есеп беріп, партия жобаларын іске асырудағы көрсеткіштерімен бөлісті. Жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалануы жағынан ерекшеленгені жоғары бағаға ие болды. Жалпы қазіргі кезде Алматы облысы бойынша 330 бастауыш партия ұйымының 101 361 партия мүшесі бар.

Республикада «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы санымен де, сапасымен де алдыңғы қатарда. Облыста ең үздік деп танылған Ақсу ауданының «Көшкентау», Қарасай ауданының «Үшқоңыр» және «Елтай» бастауыш партия ұйымдары республикалық жарысқа жолдама алды. Олар қараша айында Астана қаласы Партия орталық аппараты деңгейінде өтетін байқауда Алматы облысының намасын қорғайтын болады. Айта кетейік, бұл байқау республика деңгейінде алғаш рет ұйымдастырғалы отыр.

zhetysutv.kz

Сый тарту шарасы аясында музей экспонаттармен толықты

Сый тарту шарасы аясында музей экспонаттармен толықтыМузей — тарих айнасы. Сондықтан ел шежіресіне қатысты құндылықтар осы мекеннен орын алуы тиіс.

Мұхамеджан Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану мұражайы өздерінде сақтаулы жәдігерлердің қатарын көбейту үшін түрлі шаралар ұйымдастырады. Соның бірі «сыйлық жасау күні». Бұл күні әркім музейге тарту жасай алады.

Сый тарту шарасына биыл Ұлы Отан соғысының ардагерлері көп қатысты. Олар музейге сұрапыл соғыс жайында жазылған кітаптар мен сол кезде пайдаланылған радиотехника сынды құнды  заттарды сыйлады.

Ал қала тұрғыны Андрей Березин деген кісі «мамонт тісін» алып келіпті. Оның айтуынша, бұл бағалы затты атасы майданнан алып келген. Ал халық қаһарманы, ғарышкер Айдын Айыбетовтың қайын атасы  күйеу баласының ғарышта түскен суреттерін табыстады. Жалпы, бұл мұражайда 16 мыңнан астам экспонат бар. Жыл сайын толығып келеді. Мұражай мамандары мұндай мерекені жыл сайын ұйымдастырып, тарихи заттарды көбейтуді жоспарлап отыр.

Серік Толғанбаев, қалалық ардагерлер ұйымы төрағасының орынбасары:

— Бүгінгі шара тамаша болды.  Көптен көп рахмет айтамын. Жастарға беретін тәлімдік-тәрбиелік маңызы бар. Колледждің балалары, студенттері қатысып отыр.  Енді олардың ақылында, ойында болашаққа жол ашады деп есептейміз.

zhetysutv.kz

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы

қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы
қалалық мәслихаттың

2016 жылы Талдықорған қаласының бюджеті биылғымен салыстырғанда 3 жарым млрд. теңгеге көбейеді.

Бұл туралы қалалық мәслихаттың кезектен тыс 54- сессиясында айтылды. Жиында 2015-2017 жылдарға арналған шаһар бюджетіне өзгерістер мен толықтырулар енгзіу мәселелері қаралды. Енді кейбір салаларға жұмсалатын қаражат  көбейетін болды. Мәселен,  білім беру саласын қаржыландыру көлемі артпақ. Оның ішінде «Балапан» бағдарламасы бойынша балабақшаларды ұстау,  жаңа мектептерге төлқұжат дайындау сынды жұмыстар бар.

Тұрғын үй мен шаһарда бастау алған кейбір құрылыс нысандарын салуға да қаржы көлемі  кемімейді, керісінше көбейтіліп отыр.  Қала қазынасынан бөлінетін ақша сонымен қатар жылыумен қамту, жол жөндеу, көшелерді жарықтандыру, пошта жәшіктерін орнату секілді коммуналдық шаруашылық бағытына да жұмсалмақ. Әлеуметтік, мәдениет салаларын  дамытуға да арнайы қаржы  қарастырылған. Мәслихат депутаттары ұсынылған шешімді бірауздан қабылдады.

zhetysutv.kz

Кербұлақ ауданында ауылшаруашылық жиын өтті

Кербұлақ ауданында ауылшаруашылық жиын өттіМалды қолдан ұрықтандыру — сапалы өнім келілі. Ет пен жүннің сапасы ғана көтеріліп қана қоймайды. Бастысы мал барлық жұқпалы аурудан арылады. Сондықтан, ауылдағы бар малды қолдан ұрықтандырған жөн. Бұл туралы Кербұлақ ауданында қой шаруашылығын дамыту жайында өткен семинарда айтылды. Басқосуған облыстың 8 ауданынан 60- қа тарта ауылшаруашылық мамандары, мал дәрігерлері және шаруа қожалығының басшылары қатысты. Кербұлақ ауданындағы «Мерей» шаруа қожалығы 2000-шы жылдары құрылған. Бас кезіндегі 500 ге тарта меринос тұқымды қойы болатын.2007-жылдан бастап қожалық қой шаруашылығы ғылыми — зерттеу институтымен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеді. Малды асылдандырды.  Қазір шаруашылық тек қана асыл тұқымды етті меринос қойын өсіреді. 6 айлық тоқтыларының өзі 40-45 келі тартады. Жүнінің салмағы 4-5 келіден айналады. Бүгінде тек аналық саулықтың өзі 900 бастан асқан. Осы жетістіктің  барлығы қолдан ұрықтандырудың нәтижесі, дейді шаруашылық басшысы.

Қайсар Рахатов, «Мерей» шаруа қожалығының басшысы:

— Қолдан ұрықтандыру мал ішінде жиі кездесетін  ауруды болдырмайды. Әсіресе, қойда болатын аурулардың 100 пайыз жолын кеседі деп айта аламын. Мал басы асылданады. Төлдету науқаны да өз кезеңімен өтеді. Осының барлығы қолдан ұрықтандырғанның пайдасы. Мен бәріне айтар еді мал ұстаған ағайынға біз осы әдіске көшуіміз керек. Сонда қоладғы бар малыңыздан сапалы өнім аласыз.

Ауылшаруашылық жиынының дәл «Мерей» қожалығында өтуі де тегін емес. Шаруашылық Кербұлақ ауданында қолдан ұрықтандыруды алғаш болып бастаған. Басқосуда ғалымдар, мал дәрігерлері, қой өсіретін шарушылық иелері болып, осы мәселе жөнінде ой бөлісіп, пікір алмасты. Егер қолдан ұрықтандырумен жүйелі түрде айналысқан жағдайда сапалы өнім алуға болатынына көз жеткізді.

zhetysutv.kz

Бала тәрбиесі — жауапты іс

Бала тәрбиесі - жауапты іс
Бала тәрбиесі

Талдықорғанда алғаш рет балалар үйі қызметкерлеріне арналған «Бала тәрбиесі — жауапты іс» облыстық семинар-тренингі өтті.  Оған 70-ке жуық педогог қатысты. Олар жетім балаларға тәлім-тәрбие беру ісінде білім-білігімен бөлісіп, пікір алмасты.

Әр мекемеден келген мамандар өз іс -тәжірибелерін ортаға салды. Мәселен, «Айналайын» балалар үйі «Абайдың педогогикалық мұрасы» деген тақырыпта таныстырылым жасады. Мұнда жас ұрпақ тәрбиесінде  ұлы ғұламаның қара сөздерін, өлеңдерін кеңінен пайдаланады. Өйткені, ақынның шығармалары тұнған пәлсапа мен тәрбие, өнеге. Сондықтан Абайды оқыған баланың өресі биік, өрісі кең келеді, дейді ұстаздар. Олар бұл бастаманы  барлық тәрбиешілерге қолдануды ұсынды.

Жадыра Сейсембаева, «Айналайын» балалар үйінің директоры:

Абайдың әрбір шығармасы үлкен тәрбие береді балаларға. Бес нәрсеге асық бол, бес нәрсеге ғашық бол деген. Оның бәріне кеңінен тоқталса, ол ерекше тәрбие балаға.

zhetysutv.kz

Кедейлікке алып келетін 9 әдет

Кедейлікке алып келетін 9 әдет
әдет

Әдет— адамның күнбе-күнгі тіршілік қажетіне байланысты қалыптасқан тұрақты мінез, іс-қимыл ерекшелігі. Әдеттің ұнамды, ұнамсыз түрлері болады. Әдеттеріңіз қандай, саралап көріңіз. Себебі, әдет кедейлікке де әбден алып келе алады.

1. Өз өзін аяушылық

Кедей болатын адамдар өздеріне үнемі аяушылықпен қарайды. «Менің пешенемде бай болу жазылмаған, тағдыр тым қатал» деумен өздерін өздері алдап жүреді. Әрине, жеке тұлға ретінде қалыптасып, өзіңіздің іс-әрекетіңізге рухани-адамгершілік тұрғысынан баға беріп, көп күш жұмсағанша, өзіңізді аяу — тамаша әдіс. Әсіресе, кедей болуға ұмтылсаңыз.

2. Сараңдық

«Жеңілдігі» бар ғана тауарды іздеу, «Жаппай сатылымдардан» қалт қалмау, өз баласының сапалы білім алуына ақша аяу, жеке фирмасының қызметкерлеріне неғұрлым кішкентай сомаға көбірек жұмыс жасату — кедейлік жолындағы екінші әдет.
Ал бай болатын адам әр заттың тиісілі құнын төлейді және өзінің көмекшілерінің еңбегін лайым жоғары бағалайды.

3. Ұнатпайтын іспен шұғылдану

Мамандықты дұрыс таңдай білген адам өз ісінің шебері бола алады. Әрине тапжылмай еңбектенсе. Ал егер Сіз өзіңізге ұнамайтын жұмыспен айналысып жүрсеңіз? Онда Сіздің еңбек жолыңызда кедергілер кездесе бермек, себебі Сіз үшін жұмыс жай күнелту, ақша табу. Сіз жұмысыңыздан рухани күш ала алмасаңыз, онда кедейліктің тағы бір әдеті бойыңызда бар деп біліңіз.

4. Жұмыс жемісін тек ақшамен өлшеу

Қолына ақша түссе ғана қабағы ашылып, бақыт құшағында жүретін адамдар — нағыз кедейлер. Табысты адам өз бақытын басқа құндылықтармен өлшейді. Кім қандай құндылықты таңдайды — әркімнің өз еркі.

5. Ақшаны босқа шашу

Банкке кредит алуға барсаңыз, күлімдеп тұрған банк қызметкерлері Сізді қарызға батыру үшін барлық мүмкіндікті оп-оңай жасап бере алады. Бірақ табысты адам кәсібін кеңейту мен мақсатсыз шығын арасын ажырата алады.

6. Әп-сәтте пайда көру

Әп-сәтте бірден молынан пайда көріп қалу — тек қана кедейлерге тән қасиет. Кедей болатын адам алпауыт компанияларға жұмысқа орналасқан кезде, бірнеше жылдан кейін қол жеткізетін мүмкіндіктерінен гөрі бір айдан кейін алатын айлығы туралы көбірек ойланады.

7. Шағымдану

Заман қиындап барады. Адамдар бұзылды. Қайда барсаң да жемқорлық, танысың болмаса, жұмыс таба алмайсың — бұның барлығы табысты болуды көздейтін адамның аузынан шығатын сөз емес. Ал, керісінше, сәтсіздікті серік еткен бейбақ бұл пікірмен бірден келіседі. Дей тұра, аталмыш әдетке дауа бар ма? Ия, ол — креативтілік.
Қоршаған ортаның келеңсіздіктерімен күресудің креативті, жаңа жолдарын іздестіруден жалықпаңыз. Кез келген жағдайдан барынша жеңімпаз болып шығуға тырысыңыз.

8. Өзін басқалармен салыстыру

Серік өзін басқалардан мықытымын деп ойлайды, себебі ол мектепті алтын белгіге бітіріп шыққан жалғыз түлек. Берік өзін басқалардан кем санайды, себебі ол жазғы демалыста жұмысқа орналса алмады. Ал Айжан өзінің құрбысына жыны келеді, себебі оның құрбысын ұнататын жігіттер көбейіп барады. Осылардың барлығы — кедей болатын адамдардың сегізінші әдеті.
Рухани жан әлеміңізге сыртқы ортаның билік құрғанынан абай болыңыз!

9. Байлықты ақшамен теңестіру

Шынайы бай адамдар бақыт пен ақшаның арасына теңдік қоймайды. Нағыз байлық — есебіндегі миллиондар мен миллиардтар емес. Бай адам үшін — нағыз байлық оның өмірлік позициясы, жаңа кәсіп көздерін ашу, жаңа жобалар арқылы өзінің мүмкіндігін тағы бір сынға салып, сол сыннан сүрінбей өту.

«Экстремизм және терроризмге қарсы тұрудағы дәстүрлі діндердің мүмкіндіктері » атты семинар өтті

"Экстремизм және терроризмге қарсы тұрудағы дәстүрлі діндердің мүмкіндіктері " атты семинар өтті
Экстремизм

Еліміздегі жастардың 30 пайызы басқа діни ағымға түскен.  Оның бірден бір себебі — діни сауатсыздық. Бұл дінтанушылар пікірі. Онымен күресудің тиімді жолы —  имамдардың білімін арттыру. Сол арқылы «экстремизм мен терроризмнің» алдын алуға болады. Осыған байланысты, Текеліде 3 күндік семинар басталды.  Жетісу өлкесінің имамдары мен  облыстық  «Деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығы» мамандары   жиында «ислам»  діні мен басқа діни ағымдардың айырмашылығын толық талдамақ.

Айта кетейік, басқосуға облыстың аудадары мен ауылдық мешіттерде қызмет етіп жүрген 25 имам қатысып жатыр.

Хасим Чилидзе, Дінтану ғылымдарының докторы:

— Текелі қаласында «Экстремизм және терроризмге қарсы тұрудағы дәстүрлі діндердің мүмкіндіктері» атты тақырыпта 3 күндік семинарымыз басталды. Бұл басқосуда  біріншіден, имамдардың білім деңгейін анықтау, екіншіден, имамдардың жамағаттың сұрақтарына сауатты жауап беру әдістерін үйретуді мақсат еттік. Енді алдағы уақытта мұндай шаралар жиі-жиі өткізіліп тұрмақ.

Нұрлан Ұсманов, Талдықорған қалалық «Иман» мешітінің наиб имамы:

— Білімдерін жетілдіру арқылы түрлі топтарға кетіп бара жатқан ағайындарымызға  сауаттарын одан әрі арттыруға және оларға ақиқи дініміздің  шынайы дініміздің негізгі құндылықтарын  ата бабамыздың жолымен, салт-дәстүрімен ұштастыра жеткізу біздің басты мақсатымыз.

zhetysutv.kz

Партияның жоспарлы жиыны өтті

Партияның жоспарлы жиыны өтті
жоспарлы

«Жұмыспен қамту жол картасы — 2020» бағдарламасы бойынша биыл Алматы облысына бюджеттен үш жарым миллиард теңге бөлінген. Осы қаржының орынды жұмсалуын «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы жанындағы депутаттық эксперттік топ тексерді.

Жұмыс нәтижесі бойынша партияның облыстық филиалы Саяси кеңес бюросы мен облыстық мәслихаттағы депутаттық фракция бірлескен жоспарлы отырыс өткізді.

Жиын барысында  Сайлауалды Тұғырнаманың «Ауылды қолдау» бағыты мен облыстық бақылау — тексеру комиссиясының атқарған есебі тыңдалды. Жыл басынан бері Жетісуда 9100 адам тұрақты кәсіп тапқан. 9 ай ішінде 1444 адам қайта даярлаудан өтіп, 1200 ден астам азамат мамандығымен жұмысқа орналасты. Мыңға жуық тұрғын әлеуметтік орындарға, 1300- астам маман жастар тәжіибесі бойынша жұмыспен қамтылған.

zhetysutv.kz

Ұлт саулығы — мемлекеттің басты байлығы

Ұлт саулығы - мемлекеттің басты байлығыТалдықорғанда медицина ғылымдарының кандидаты, отандық денсаулық саласының дамуына өзіндік үлес қосқан, бірнеше жыл Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасын басқарған  Маралбек Мейірбековты еске алуға арналған  ғылыми тәжірибелік конференция басталды. Жиынға қазақстандық дәрігерлермен бірге шет елдік мамандар да қатысып жатыр. Танымал ғалымдар, профессорлар шеберлік сыныптарын өткізеді.

Маралбек Мейірбеков өз ісінің білгір маманы болатын. Отандық медицинаның дамуына бір кісідей үлес қосты. Жаңалыққа, тың дүниелерге жаны құмар еді. Бүгінде оны әріптестері осылай деп еске алады. Ол көптеген ғылыми еңбектердің авторы атанды. Докторлығын қорғайын деп жүргенде тосыннан келген ажал өмірін қиып кетті. Мәслихатқа қатысушылар Маралбек Білісбекұлы мен оның атқарған істері жайында көрген білгендерін ортаға салды. Алматы облысының әкімі Амандық Баталов та конфернция жұмысының табысты өтуіне тілектестік білдірді. Бүгінде өңірде денсаулық саласы басты назарда. Бюджеті жылдан жылға артып келеді. Биыл салаға 69 млр теңгеге жуық қаражат бөлінді.

Амандық Баталов, Алматы облысының әкімі:

— Әрине, көп жұмыс істелді. Бірақ, алда медицинаны ілгерілетуге арналған ауқымды жобаларды жүзеге асыру керек. Әсіресе, инновацияға басымдық берілуі тиіс.С. Асфендияров атындағы Қазақ  Ұлттық медициналық университетінің ректоры Айқан Ақановтың айтуынша, қазіргі медицина өте жылдам дамып келе жатыр. Бағыты да бұрынғыдан бөлек. Қазіргі уақытта ауруды емдеуде нақты ғылымдарға сүйенеді.

«Ұлт саулығы — мемлекеттің басты байлығы» атты конференцияның алғашқы күні ресми бөлімге арналды. Алдағы екі күн тәжірибелік жұмыстарға бағытталады. Жетісулық дәрігерлер кәсіби білікттерін арттырып, медицинаның жетекші мамандарынан кеңес алады. Шеберлік сыныптарын өткізуге медициналық жоғары оқу орындарынан арнайы 20 ғалым келген.

zhetysutv.kz