Домой Блог Страница 285

Invest 2015 VI Халықаралық инвестициялық форумы басталды

Бүгін Тәуелсіздік сарайында Astana Invest 2015 VI Халықаралық инвестициялық форумы басталды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

инвестициялық форумы басталды
форумы

Astana Invest 2015 – қазақстандық истеблишмент пен шетелдік және қазақстандық бизнес-қоғамдарының өңірдегі инвестициялық дамуды талқылауға арналған бірегей алаң болып табылады. 20-дан астам басқа елдің 1000-нан артық делегаты Форумға қатысу ниетін білдірді. Шетелдік қонақтар үшін «Астана — жаңа қала» АЭА индустриалды парктің кәсіпорындары бойынша қызықты тур өткізіледі: «Еврокоптер Қазақстан Инжиниринг» ЖШС, «Тұлпар-Тальго» ЖШС, «Astana Solar» ЖШС. Нысаналардың көрсетудің барысында делегаттарға өндірістегі алдыңғы қатарлы технологияларды көрсете отырып, зауыттардың барынша қуаты жөнінде айтылады, сондай-ақ, соңғы жетістіктер мен еркін экономикалық аумақтың әлеуеті туралы сөз қозғалады.

Форум барысында Астананың Еуразиялық кеңістіктегі Ұлы Жібек жолы бағдары бойынша Көліктік және Инфрақұрылымдық Хабы ретіндегі әлеуеті ашылады. Бұдан басқа, Астанада Азия мен Еуропа мемлекеттері арасындағы тәжірибелік білімді және ғылыми жұмыстарды алмастыруға арналған Халықаралық медициналық Хабты қалыптастыру бастамасы сөз болады. «fDi» журналының бас редакторының қала басшылығына Астананың еркін экономикалық аумағы бар қалалардың рейтінгінде 20 орын алғаны жөнінде сертификат беру рәсімі айрықша іс-шарасы өтеді.

«Мен және менің полициям» атты дәстүрлі акция өтті

"Мен және менің полициям" атты дәстүрлі акция өтті
дәстүрлі акция

«Мен және менің полициям». Осындай атаумен Алматы облыстық ішкі істер департаменті дәстүрлі  акциясын өткізді.

Шара  мақсаты кәмелеттік жасқа толмағандар арасында заң бұзушылықтың алдын-алу, полицейлердің жұмысымен таныстыру.

Акция барысында оқушылар  тәртіп сақшыларының қызметтік көліктерін тамашалап, қандай мақсатта пайдаланатыны жайында мол мағлұмат алды. Жеткіншектер назарына жылжымалы криминалистік лабаратория қызметі де ұсынылды. Дәл осы сала оқушылардың ерекше қызығушылығын  тудырды. Мамандар қылмыстың  қалай ашылатынын, саусақ іздерін анықтау жұмыстарын көрсетті.

zhetysutv.kz

«Төтенше жағдайлар комитетіне 20 жыл» мерейтойлық төсбелгісімен БАҚ өкілдері марапатталды

1445946638_nagrada2 (1)Облыстық департамент басшысының орынбасары Мират Қабылов Ішкі істер министрі Құлмұханбет Қасымовтың атынан журналистерді құттықтады. Огни Алатау газетінің тілшісі Александр Склабовский мен Жетісу телеарнасының журналисті Антон Хатеновский кеуделеріне төсбелгі тақты. Облыстық телеарна эфиріндегі «Служба спасения» бағдарламасының бейнеинженері Александр Беловқа алғыс хат табысталды.

Департамент мамандары  журналисттермен кездесу барысында Алматы облысы бойынша соңғы бес жылда төтенше жағдайлардың азайғандығын айтты. Жиналғандар мұндай көрсеткіш комитет пен БАҚ өкілдерінің бірлесе атқарған жұмысының нәтижесі екеніне сенімді. Облыстық газеттерде жарияланған мақалалар  мен телеарна эфиріндегі бағдарламада төтенше жағдайлардың алдын алу жайлы кеңестер бар.

Антон Хатеновский, «Жетісу» телеарнасының тілшісі:

Біздің ең бірінші мақсатымыз төтенше жағдайлардың алдын алу болып табылады.  Біз жұмыс кезінде жол апатына түскен кездеріміз болды. Тіпті өрт болып жатқан кезде жұмыс істедік.  Бұндай қайғылы жағдайларды Алматы облысының, Республиканың тұрғындарына телебағдарлама арқылы көрсетуге тырыстық.  Біздің телекөрермендер  бағдарлама арқылы төтенше жағдайлар кезіндегі қарапайым кеңестерді естеріне сақтап алды деп ойлаймын.

zhetysutv.kz

«Алтын Жүрек» сыйлығы тапсырылады

"Алтын Жүрек" сыйлығы тапсырылады27 қазан күні Абай атындағы опера және балет театрында өтетін еліміздегі алғашқы IX жыл сайынғы қайырымдылық сыйлығының салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтеді. Бұл туралы «Бауыржан» қайырымдылық қорының баспасөз қызметі хабарлады.

Онда Қазақстанның қайырымдылық саласындағы алғашқы беделді «Алтын Жүрек 2015» сыйлығының лауреаттары белгілі болады.

Қайырымдылық сыйлығының марапаттау рәсімі Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің қатысуымен өтеді. Шараны «Бауыржан» қайырымдылық қоры «Нұр Отан» партиясының қолдаумен ұйымдастырады. Бұл кешке «Алтын Қыран» компаниялар тобы мен «ForteBank» АҚ әріптес болып отыр.

Биылғы жылы «ДОМ» қайырымдылық қорының ұсынуымен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сыйлықтың «Жылдың қайырымды адамы» аталымы бойынша қатысуда.

Turkvision-2014 байқауының жеңімпазы Жанар Доғалованың әсем дауысымен шырқалған әнімен кеш салтанатты түрде ашылып, қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтеді. Кеш қонақтары қатарында домбырашы Асылбек Еңсепов, ҚР халық әртісі Нұржамал Үсенбаева, скрипкашы Жәмилә Серкебаева, MEZZO тобы және басқалар өнер көрсетеді.

Сонымен қатар келушілерге арнайы соңғы жылдағы мейірімді және қайырымды істермен таныстыратын «100 қайырымды іс» атты фотокөрмесі ұйымдастырылады.

aikyn.kz

Халықаралық әдеби фестивалі өтеді

Халықаралық әдеби фестивалі өтеді29 қазан мен 1 қараша аралығында Алматыда «Полифония» халықаралық әдеби фестивалі өтеді, деп хабарлайды қалалық мәдениет басқармасынан.

Төрт күндік әдеби құрылтайдың басты ұраны — «Тыңдау. Оқу. Түсіну». Фестиваль оқырман қауымына, авторлар, аудармашылар мен баспагерлерге арналған.

Екінші халықаралық «Полифония» әдеби фестивалі былтырғы құрылтайдың түрлі бағыттағы және көптілді әдебиетінің дәстүрлерін жалғастырады: өткен жылы Алматыға бірдей емес тілде ойлайтын, сөйлейтін, жазатын, бірақ әдебиет пен мәдени диалог арқылы ортақ тіл таба алатын Жапония, Үндістан, Ресей, Өзбекстан, Латвия, Италия мен Беларусь елдерінен қонақтар келді.

2015 жылғы «Полифония» шеңберінде өтетін дәрістер, шеберлік сыныптары, дөңгелек үстелдер, музыкалық-поэтикалық кештер мен конкурстар кез келген жастағытоптарды қамтуға бағытталған. Фестиваль шаралары үш негізгі бағытта жүргізілетін болады:
— мәдени-көпшілік — әдеби кештерде алматылықтар мен оңтүстік астананың қонақтары қазақстандық авторларды ғана емес, шетелдік қонақтарды да тыңдай алады, жазушылармен тілдесу мүмкіндігіне ие болады;
— ғылыми-көпшілік — қазақстандық, шетелдік филологтардың, жазушылардың дәрістері, дөңгелек үстелдері мен шеберлік сыныптары тек кәсіби қалам қайраткерлері үшін емес, сонымен қатар бүкіл әдебиетсүйер қауым үшін қызықты болады;
— отбасылық — балалар мен олардың әке-шешелеріне арналған балалар әдеби конкурсы, балалар қаламгерлерімен кездесулер, жазушылық шеберлікке, кітаптарды безендіруге үйрететін семинарлар өтеді.

Фестивальдің мақсаты — кітап оқуды насихаттау, қазақстандық әдебиет пен баспагерлік істі дамыту, сапалы әдеби ортаны құру. Бұл міндеттерді орындау үшін Қазақстанда тұратын халықтар мен ТМД шеңберіндегі әдебиеттер арасындағы мәдени-әдеби дәстүрлер алмасуын нығайту, әлемдік әдеби кеңістікке шығу қажет. «Полифония» фестивалі осыған мүмкіндік туғызады.

Биыл фестиваль қонақтары ретінде Польшадан Януш Леон Вишневский; Ресейден Денис Осокин, Леонид Бахнов, Валерий Воскобойников, Андрей Усачев; АҚШ-тан Бақыт Кенжеев, Мишель Чан Браун; Өзбекстаннан Евгений Абдуллаев; Финляндиядан Юкка Маллинен; Қырғызстаннан Вячеслав Шаповалов, Алексей Торк; Италиядан Эрика Леони шақырылды.

inform.kz

«Астана» — «Атлетико» ойынына 17 мың билет сатылды

«Астана» - «Атлетико» ойынына 17 мың билет сатылды
билет

3 қараша күні «Астана» футбол клубы Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясында өз алаңында Испанияның «Атлетико» командасын қабылдайды. Қазіргі кезде 17 мыңнан астам билет сатылған, деп хабарлайды «Астана» ФК-ның баспасөз қызметінен.

Әзірге билеттер тек онлайн-режимде сатылып жүргенін атап өту керек. Билетті сатып алу үшін ұялы телефон, планшет немесе компьютерді пайдалану жеткілікті. «Билеттерді сатып алу» түймешесін www.ticketon.kz, www.sports.kz, www.vesti.kz сайттарынан тауып алуға болады.

Билеттерді онлайн-режим арқылы сатып алып, жанкүйер бірегей QR-коды бар электрондық билет алады. Кейіннен бұл код бойынша үш сату орнының (Мега-орталық, «Қазақстан» СК, Конгресс-Холл) бірінен Чемпиондар лигасының ойынына билетті бастырып шығаруға болады.

Ойынның басталуы — сағат 21:00-де. Қала әкімдігі жанкүйерлердің автобустармен жеткізілуін қамтамасыз етеді. Ойын аяқталған соң, осы автобустар адамдарды қалаға апарады.

Астана уақытымен сағат 18:00-де автобустар жанкүйерлерді келесі мекенжайларда күтетін болады:

1. «Қазақстан» СК.

2. Мұнайтпасов атындағы стадион.

3. «Нұр-Астана» мешіті.

4. Салтанат сарайы.

baq.kz

«KazFarm-2015» көрмесінде асыл тұқымды бұқалар аукционы өтеді

«KazFarm-2015» көрмесінде асыл тұқымды бұқалар аукционы өтеді
асыл тұқымды бұқалар

«Қайсар» және «Найза» — ең таңдаулы ангус асыл-тұқымды аталық бұқалар Астанада 27-29 қазан аралығында өтетін «KazFarm-2015» Мал шаруашылығы және ет пен сүт өнеркәсібінің халықаралық көрмесінің шеңберінде таныстырылатын болады, деп хабарлайды «ҚазАгро» АҚ-ның баспасөз қызметі.

Асыл тұқымды жануарлар елордаға Қостанай облысы Арқалық қаласының «Нұр-Жайлау НС» ЖШС әкелінді.

«ҚазАгро» ұлттық холдингінің құрылымындағы компания – «Қазагромаркетинг» АҚ Қазақстанда асыл тұқымды малды сатудың қазіргі заманғы құралын насихаттау жөніндегі пионер болып табылатынын атап өту қажет.

2011 жылдан бастап «ҚазАгроның» еншілес ұйымымен Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстарында, сондай-ақ Астана қаласында 10 аукцион ұйымдастырылды. Барлығы жалпы құны 427 250 000 теңгеге 696 бас асыл тұқымды ірі қара мал сатылды.

Қазіргі уақытта аукциондар Солтүстік Қазақстанда да кеңінен таралды. «Қазагромаркетинг» АҚ сарапшыларының айтуынша, аукциондар асыл тұқымды төлдерді сатып алудың демократияшыл тәсілі болып табылады, ол сатып әлеуетті алушыларға малдарды көзбе-көз бағалауға және олардың нақты нарық бағасын анықтауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, 2013 жылдан бастап өтетін қазақы ақ бас және әулиекөл тұқымды ІҚМ сату бойынша «KARASU Farm-2015» аукционы сияқты дәстүрлі жыл сайынғы іс-шаралар да болып тұрады.

baq.kz

Елде жас әкімдер саны артты

Елде жас әкімдер саны артты«2013 жылдан бері жас әкімдер саны 19 пайызға артты». Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Білім және ғылыми вице-министрі Такир Балықбаев мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта Қазақстан xалқының 4,5 мил­лионы 14 пен 29 жас аралы­ғын­дағы жастар болып табылады. Олар­дың 2,2 миллионы жұмыс істесе, 1,8 миллионы оқиды. Вице-министрдің айтуынша, жастар саясаты өзінің жемісін беруде, елде жастар арасын­дағы жұмыссыздық саны 5,5 пайыз­дан 4,5 пайызға дейін төмендеді. 2014 жылдың бірінші жартыжыл­ды­ғын­да­ғы жағдаймен салыстырғанда жас­тар арасындағы қылмыс саны 10,7 пайызға азайды.
– Жастардың сайланатын билік ор­­гандарындағы үлесі де артуда. Ел­дегі 29 жасқа дейінгі жас әкім­дер­дің саны 143-ке жетті. Бұл 2013 жыл­мен са­лыстырғанда 19 пайызға жо­ғары, – деп атап өтті вице-ми­нистр.
Такир Балықбаев атап көрсет­кенін­дей, Қазақстанда келесі жы­лы жас­тардың республикалық және ай­мақтық форумдары ұйым­дас­ты­ры­лады. Олар жастар саясаты талқы­ла­на­тын арнайы алаң  бол­мақ.

aikyn.kz

Д. Лепшаков бильярдтан әлем чемпионы атанды

Қырғызстандық Дастан Лепшаков бильярдтан әлем чемпионы атанды
әлем чемпионы

Қырғызстандық Дастан Лепшаков Имарта қаласында (Финляндия)  бильярдтан «Серпінді пирамида» түрі бойынша өткен әлем чемпионатында жеңіске жетті.

Қырғызстандық әлем чемпионы барлық 6 матчта қарсыластарынан басым түсті. Ширек финалдағы аса шиеленісті өткен ойында ол украиндық Павел Родионовты 9:6 есебімен ұтты.

Одан әрі жартылай финалда Никита Ливаданы (Ресей) және шешуші ойында  беларустік Евгений Салтовскиді жеңді. Екі ойын да бірдей 7:1 есебімен Д. Лепшаковтың пайдасына шешілді.

kazinform.kz

Қазақстан мен Катардың екіжақты қарым-қатынастары тарихынан алты маңызды оқиға

Қазақстан мен Катардың екіжақты қарым-қатынастары тарихынан алты маңызды оқиғаЕлбасы Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Катар Мемлекетіне барды, бүгін сол жақта Катар басшылығымен, сондай-ақ осы елдің іскерлік орта өкілдерімен кездеседі.

Ақорданың баспасөз қызметі Facebook парақшасына Мемлекет басшысының сапарына байланысты Қазақстан мен Катардың екіжақты қарым-қатынастары тарихынан алты маңызды оқиғаны жариялады:

1. 1993 жылғы 1 шілдеде Қазақстан мен Катар арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас орнады.

2. Нұрсұлтан Назарбаевтың Катарға алғашқы сапары 1998 жылғы мамырда орын алды.

3. Катар әмірі шейх Хамада бен Халиф әл Тани бір жылдан соң Қазақстанға сапар жасады.

4. Қазақстан елордасының сол жағалауына көрік берген «Нұр Астана» ислам мәдени орталығы Катар мемлекеті бөлген грант қаражатына да салынды.

5. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Катардың ең жоғары наградасы — Тәуелсіздік орденінің иегері.

6. Катардың «Әл жазира» телеарнасы Орталық Азиядағы өзінің алғашқы бюросын Қазақстанның оңтүстік астанасы — Алматыда ашты.