Домой Блог Страница 298

Талдықорғанда қоғамдық көліктерге электронды билет жүйесін енгізу мәселелері талқыланды

Талдықорғанда қоғамдық көліктерге электронды билет жүйесін енгізу мәселелері талқыландыҚоғамдық көліктерге электронды билет жүйесін енгізу туралы Талдықорған қаласының әкімі жолаушылар тасымалы кәсіпорындарының басшыларымен жиналыста талқылады.

Талдықорған қаласының әкімі Ермек Алпысов жолаушылар тасымалы кәсіпорындарының басшыларымен жиналыс өткізді.

Кездесу барысында сала бойынша бірқатар мәселелер, оның ішінде қоғамдық көлік қызметінің сапасы, көліктердің жағдайы мен саланы ары қарай дамыту талқыланды.

Қала басшысы жиналыстың басында маршруттық автобустардың жұмысындағы бірқатар  кемшіліктерді атап өтті. Мысалы,  170 автобустың 90 кондукторы ғана бар. Сондай-ақ жолаушыларға билеттер берілмеген, бұндай бұзушылық 50 автобуста орын алған. Сонымен бірге қоғамдық көліктердің санитарлық жағдайы да  сөз болды.

Қала әкімі бұл жолаушылар тасымалы кәсіпорындарының басты мәселелері болып табылатынын атап өтіп, тез арада автопаркті тәртіпке келтіруді тапсырды. Ермек Алпысов автобустарда орнатылған ақпараттық тақтайшаларды да айтып өтті. Инспекцияның хабарлауынша, олардың бірқатарында ақпарат мемлекеттік тілде жазылмаған, бұл заңнамаға қайшы болып келеді. Әкім жоғарыда аталған олқылықтар 25 қазанға дейін жойылып, автобустардың қыс мезгіліне дайын болу қажеттігін ескертті.

Көптеген кемшіліктермен бірге қала басшысы жетістіктерді де айтып өтті. Көптеген кәсіпорындарда автобус паркі жаңартылып, қызмет көрсету сапасы жақсарған. Сонымен бірге әкім электронды билет жүйесін енгізуді ұсынды.  Әкімнің бұл ұсынысын жолаушылар тасымалы кәсіпорындарының басшылары қолдады. Сөз соңында қала әкімі Жолаушылар тасымалдау басқармасы орталығының директорына бұл мәселені жан-жақты зерделеп, ұсыныс енгізуді тапсырды.

Байкерлердің мотошеруі Тараз қаласына келіп жетті

Байкерлердің мотошеруі Тараз қаласына келіп жеттіҚазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы аясында Тараз қаласында байкерлердің мотошеруі өтті. 

Негізі байкерлердің мотошеруі тамыз айының соңында Алматы қаласында бастау алған еді. Аталмыш бастаманы жүзеге асырып жүрген «Қазақстан географиялық қоғамының» президенті, әлемге танымал саяхатшы Д.И. Петрухин.

Байкерлердің мотошеруі бір айдан астам уақыт ішінде Астана, Қарағанды, Өскемен, Семей, Павлодар, Көкшетау, Қостанай, Ақтөбе, Арал, Байқоңыр, Қызылорда, Түркістан, Шымкент секілді қалаларда Қазақ хандығының 550 жылдығын насихаттап шықты.

Мотошерушілер облыс, қала, аудан әкімдеріне Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған логотип бейнеленген туды табыстап, кездесулер өткізді. Байкерлер 7 қазан күні Тараз қаласына келіп жетті. Ұлы тойды насихаттап жүрген шерушілерді қала қонақтары жылы қарсы алып, құрмет көрсетті.

baq.kz

Бәйге жарыстарында Ә. Назарбаевтың «Қозыкүрең» аты жеңіске жетті

Бәйге жарыстарында Ә.Назарбаевтың аты жеңіске жеттіКеше Қазақ хандығының 550 жылдығына орай, Тараз қаласындағы «Атшабар» ипподромында «Ұлы дала ойындары» атты аламан бәйге, топ бәйге және ұшқыр бәйге жарыстары  өтті. 

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған айтулы шарада Жамбыл облысының әкімдігі ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымтастығымен бірлесіп, аламан бәйге, топ бәйге және ұшқыр бәйге жарыстарын ұйымдастырды.
21 шақырымдық топ бәйгеде Әлинұр Болатұлы Назарбаевтың «Қозыкүрең» есімді сәйгүлігі бірінші келді. Ат иесі ұйымдастырушылар тіккен жүлделі 5 миллион теңгені жеңіп алды. Алдыға тек «Қозыкүреңді» жіберген шығыстың сәйгүлігі «Бонг» екінші орында келді. Ат иесі Мәлік Мусин. Екінші орынға үш миллион теңге көлемінде қаржылай сыйлық берілді. Ал үздік үштікті жергілікті «Көгершін» есімді сәйгүлік қорытындылады. Ат иесі Бекежан Ғалымжанұлы. Әлинұр Назарбаевтың жарысқа қосқан тағы бір сайгүлігі «Торы ат» алғашқы бестікке ілінді. «Ұлы дала ойындарының» көркін қыздырған аламан бәйгеде Болат Назарбаевтың сәйгүлігіне жетер ат болмады. Нәтижесінде аты бас жүлдеге тігілген 10 миллион теңгені қанжығасына басты.
Аламан бәйгенің ұзақтығы 31 шақырымды құрады. Соңғы үшінші сайыс яғни ұшқыр бәйгеде Мақат Бақытбектің «Бәйтерек» есімді сәйгүлігі оза шапты. Ат иесі жүлдеге тігілген 3 миллион теңгені қалтасына басты. Ұшқыр бәйгенің ұзақтығы 2.4 шақырым болды. Айта кетейік, «Ұлы дала ойындарына» 150-ден астам сәйгүлік қатысты.

baq.kz

Қасиетті Құран жарысы Мәскеуде өтеді

Қасиетті Құран жарысы өтедіАсыл дініміздің қайталанбас құндылығы, тірегі болған, екі дүние бақытына жеткізер Алланың хақ үкімі және сөзі Құран оқудан жарыс өтпек.

11 қазан күні Мәскеу қаласында Ресей Сыртқы істер министрлігі, Мәдениет министрлігі және Мәскеу үкіметінің қолдауымен әлемдік деңгейде қасиетті Құран жарысы өтпек.

Аталмыш жарысқа әлемнің 44 елінің білікті хафиздері қатысады. Ал жарыстың ерекше қонағы ретінде әл-Харам мешітінің имамы Маһир әл-Муайкили шақырылған.

Айта кетейік, бұл Құран жарысы бұған дейін беделді ғалымдар тарапынан ислам әлеміндегі ең жоғарғы дәрежедегі жарыс деп мойындалған.

baq.kz

Инновация тақырыбында 1 млн теңгелік байқау жарияланды

Инновация тақырыбында 1 млн теңгелік байқау жарияланды

Сіздер инновация тақырыбында қалам тербейсіздер ме?

Сіздердің еліміздің технологиялық дамуының келешегіне қатысты өз көзқарасыңыз бар ма?

Олай болса, бас жүлде 1 млн.теңге қаржылай сыйлық алып, Ұлыбританиядағы BBC, The Times және т.б. әлемдік БАҚ өкілдерінің кеңселерін аралап, әріптестермен танысу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

Біздің байқауға қатысып, төменде көрсетілген номинациялардың бірі бойынша материалыңызды жолдаңыз:

«Қазақ тіліндегі үздік телевизиялық сюжет/бағдарлама»;
«Орыс тіліндегі үздік телевизиялық сюжет/бағдарлама»;
«Мерзімдік басылымдағы қазақ тіліндегі үздік жарияланым»;
«Мерзімдік басылымдағы орыс тіліндегі үздік жарияланым»;
«Үздік интернет-материал/Қазақ тіліндегі үздік блогер»;
«Үздік интернет-материал/Орыс тіліндегі үздік блогер»;
«Қазақ тіліндегі үздік радиобағдарлама»;
«Орыс тіліндегі үздік радиобағдарлама»;

Біз Сіздерден қызықты жұмыстар күтеміз!
Байқауға қатысуға БАҚ-тың барлық түрлері, соның ішінде баспа, электронды БАҚ телевидение және радио өкілдері қатыса алады.

Барлық материалдар инновациялық тақырыпқа қатаң түрде сәйкес болуы тиіс – Қазақстандағы ұлттық инновациялық жүйенің жағдайы мен перспективалары туралы, инновацияларды ендіру, инновацияларды дамытуды жөніндегі мемлекеттік саясат туралы, мысалы, инновациялық инфрақұрылымды құру, технологияларды коммерциялау, инновацияларды қолдаудың сервистік құралдары және басқалары туралы ақпаратты қамтуы тиіс.

Аталмыш номинация бойынша байқауға 2014 жылдың 15 қыркүйегінен бастап 2015 жылдың 25 қазан аралығында республикалық және аймақтық БАҚ-та жарияланған немесе орналастырылған сюжеттер, теле және радиобағдарламалар, жарияланымдар және өзге де материалдар қабылданады.

Материалдар тілі: Қазақ тілі, орыс тілі.

Өтінімдер онлайн natd.gov.kz сайтында 25 қазанға дейін қабылданады!

«Еуразия Барысы» турнирі тікелей эфирде көрсетіледі

"Еуразия Барысы" турнирі тікелей эфирде көрсетіледіБүгін Тараз қаласындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында ІІІ халықаралық «Еуразия Барысы» турнирі өтеді.

Биылғы жарысты «Қазақстан» Ұлттық телеарнасымен қатар ресейлік «Боец» және түркиялық «TRT AVAZ» арналары да тікелей эфирде көрсетеді.

Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орайластырылған турнир бүгін сағат 11:50-де басталады.

Айта кетейік, «Еуразия Барысы -2015» додасына 8 мемлекеттен 56 спортшы қатысады деп күтілуде. Белдесулер 55, 66, 74, 82, 90, — 100, +100 келі салмақ дәрежелері бойынша өтеді.

Сайыста Грузия, Қырғыз Республикасы, Польша, Ресей, Өзбекстан, Түркия, Моңғолия және Қазақстан құрамаларының палуандары командалық құрамда белдеседі. Турнирдің жалпы жүлде қоры 18 800 000 теңгені құрайды.

kaztrk.kz

Алматы метросында «Жаңа ғасыр толқындары» атты көрме өтеді

Алматы метросында «Жаңа ғасыр толқындары» атты көрме өтедіАлматы метросында, яғни «Мәскеу» бекетінде  12 қазан күні сағат 16.00-де «Жаңа ғасыр толқындары» атты көрме өтеді. 

Іс-шара барысында жас таланттар өмірге, халқының тарихына және Отанына деген сүйіспеншіліктерін өз шығармашылықтары арқылы жаңаша көзқарастарымен бөліседі.

Көрмеде О. Қабөке, А. Нұрғожаев, Б. Сейсенханұлы, З. Чукетай, Д. Үсенбаев сынды суретшілердің туындылары қойылады.

Көрмеде қазіргі заманғы Қазақстан өнерінің экспозициялары жас суретшілер дамуының жаңа кезеңін және ғасырлар тоғысындағы «заманауи өнердің» айқын көріністерін көрсетеді.

Алматы метросында өтетін бұл шараны «Метрополитен» МКМ-сі, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағы, Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Қазақстан Республикасының жас суретшілер одағы ұйымдастыруда.

almaty.tv

Қазақстан туымен жүзетін кемелерге міндетті аудит жүргізіледі

Қазақстан туымен жүзетін кемелерге міндетті аудит жүргізіледіХалықаралық Теңіз Ұйымының (IMO) Қарарларына сәйкес, мойындалған шетелдік сыныптау қоғамдарының қызметі Әкімшіліктің бақылауында болуы тиіс. Осыған орай, аталған Қарарлардың талаптарын орындау 2016 жылы Қазақстанда өтетін Халықаралық Теңіз Ұйымының (IMO) міндетті аудитінің бір мәселесі болып табылады.

«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Заңына сәйкес Қазақстанның Мемлекеттік туымен жүзетін кемелерге техникалық куәландыруды және сыныптауды халықаралық шарттарға сәйкес белгiленген тәртiппен таныған шетелдік сыныптау қоғамы жүзеге асырады.

Солардың бірі француздық «BUREAU VERITAS MARIN KAZAKHSTAN LLP» (BV), ол Қазақстанда 2009 жылдан бастап жұмыс істеп келеді.

2015 жылы «BV» инспекторлары 41 кемені куәландырды, қазақстандық 5 мекемеге радиожабдықтар, суасты инспекциясын және кеме корпусының қалыңдығын өлшеу туралы тану куәліктері берілді, сонымен қатар 1 компания қауіпсіздікті басқару бойынша Халықаралық кодексінің талаптарына (ҚБХК) сәйкестігі куәландырылды.

«BV» сыныптау қоғамының қызметіне тексеріс нәтижесі оның әкімшілік атынан жұмыс істейтін танылған ұйымдардың Қарарларында көрсетілген минималды стандарттарына сәйкес екендігін көрсетті және Қазақстан кемелердің техникалық қауіпсіздігін тиісті деңгейде қамтамасыз етуде.

mid.gov.kz

Алматы облысының сәулетшілері Тараз қаласына сый жасады

Алматы облысының сәулетшілері Тараз қаласына сый жасадыЕрекше сый Тараз қаласына Алматы облысының сәулетшілерімен тарту етілді.

Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойының қарсаңында Алматы облысының сәулетшілері Тараз қаласына ерекше сый жасады. Атап айтқанда 50 метрлік алып барельеф пен қазақтың атақты жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың ескерткішіне жасалған күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін реңі жарасқан туындылар қаланың көркін келтіруде.

Жамбыл облысының тұрғындарына тарту етілген ерекше сыйдың алғашқысы жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың ескерткішіне жасалған күрделі жөндеу жұмыстары болды. Мүсіннің құрылысын Қазақстан Республикасының құрметті сәулетшісі Қазыбек Жарылғаповтың басшылығымен Қазақстан Республикасы сәулетшілер және қалақұрылыс одағының мүшелерінен құрылған топ жүргізді. Нысанның құрылыс жұмыстарына 23,6 млн. теңге қаражат жұмсалды.

Сондай-ақ Жетісулықтар Тараз қаласындағы Шахристан базары аркасының екі жағына биіктігі 2 метр, ұзындығы 50 метрлік барельеф қабырғасын орнатып берді.

Барельеф қабырғасы төрт негізгі тақырыптан құралған. Атап айтқанда:

Бірінші бөлігінде қазақ тарихының бастауы ретінде «Алтын адам» бейнесі;

Екінші бөлігінде қазақ халқының мемлекеттілігінің бастауын әспеттейтін, қазақ хандығының негізін қалаған Жәнібек пен Керей хандардың бейнесі;

Үшінші бөлігінде еліміздің бас қаласы – Астана мен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнесі;

Төртінші бөлігінде Жамбыл Жабаев пен оның «Ленинградтық өренім» атты өлеңі бейнеленген.

Нысанның құрылысын С. Абдировтың басшылығымен «Вибро-Тас» ЖШС жүргізді. Жұмсалған қаражат құны 50 млн. теңге.

Барлық жұмыстар демеушілердің қаражатына орындалды. Бұл игі істің барлығын қалаға жасалған сый құрметтің нышаны деп қабылдауға болады.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойының аталып өтілуіне байланысты Алматы облысының Сүйінбай атындағы филармониясының ең үздік жезтаңдай әншілері мен шығармашылық ұжымдары, Бикен Римова атындағы облыстық драма театрының актерлері, бейнелеу өнері мен қолданбалы өнер шеберлері, түрлі аспата ойнайтын музыкантшылар, Алматы облысының қоғам қайраткерлері мен тілшілері Тараза қаласындағы шараларға үлкен ынтызарлықпен ат салысуда. Басты мақсат облыс тұрғындары мен қонақтарына өшкенді жандырып, ұмыт қалғанды тірілтіп, тарихымыз бентүптамырымызды жаңғыртып-ұлықтар мерекелік көңіл-күй мен есте қалар әсер сыйлау.

Алматы облысының әкімі «Черкаск қорғанысы» мұражайының естелік кітапшасына қолтаңбасын қалдырды

Алматы облысының әкімі «Черкаск қорғанысы» мұражайының естелік кітапшасына қолтаңбасын қалдырды

Алматы облысының әкімі «Черкаск қорғанысы» мұражайының естелік кітапшасына қолтаңбасын қалдырды.

Күні кеше Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Сарқан ауданына жасаған жұмыс сапары барысында ауданның бірнеше нысандарының тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.

Нақтылап айтар болсақ ауданның қант қызылшасын өсіруші шаруа қожалықтарының алқаптарын, 100 гектарға егілген алма бағын, «Лепсі-2» су электр станциясының құрылысы мен жаңадан іске қосылған жылыту қазандығын  және «Черкаск қорғанысы» мұражайын аралады.

Соңғысына толығырақ тоқталар болсақ, «Черкаск қорғанысы» мұражайы 1968 жылы салынған.

Черкаск қорғанысы атауымен тарихта қалған азаматтық соғыс 1918 жылдың маусым айында басталып, 1919 жылдың 14 қазанына дейін жалғасқан қанды оқиға. Черкаск қорғанысын ұстап тұрған Жетісу фронтына 5-ші Сібір атқыштар дивизиясы мен атаман Б.Анненковтың партизан дивизиясы шабуыл жасаған. Черкаск қорғанысының ұзындығы 70 шақырымға созылған. Жаудың жолына қорғанушы тарап бір жылдан астам уақытқа тосқауыл болып, өз жерінен өткізбей, негізгі күштердің жасақталуына мүмкіндік берген.

Мұражайда сол кезеңдегі сұрапыл соғыстың кей сәттерінің мүсін түріндегі көрінісі, сол кездегі ерлігімен көзге түскен батыр тұлғалар, олар туралы жазба деректер, қолданған қару-жарақтары және ең бағалы жәдігері саналатын 1904 жылы Обухов болат құю зауытында жасалған зеңбірек қойылған.

Мұражайдың осы күнде қордаланып қалған мәселелері де аз емес көрінеді. Соңғы рет мұражайға ағымдық жөндеу жұмыстарын жүргізгелі де біраз жылдардың жүзі болыпты. Жоғарыда аталғандарды назарға алған Алматы облысының әкімі Амандық Баталов өз сөзінде:

—  Тарихты  ешбір ұмытуға болмайды. Мұражай деген естелік. Бұл мұражайға шет елдерден арнайы қызығушылық танытып келушілердің барын ескере отырып, осы мұражайды қалпына келтіру, мұражайға жеткізетін жолға асфальт төсемін салу және жол бойында көше шамдарын орнату туралы тиісті мекеме басшыларына тапсырма беремін, — деп сөзін қорытындылады.