Домой Блог Страница 307

Қажылық 2015. Сурет пен статистика

  • Биылғы қажылыққа елімізден 4005 қажы барды. Саудия тарапынан бөлінген квота 5000 болатын.
  • Жалпы әлем бойынша қажылыққа 1 500 000 мұсылман келетіні мәлім болды
  • 2014 жылы 2 000 000 адам келген болатын
  • Ресми санақ бойынша биылғы рамазан айында қасиетті мекенді зиярат етемін деген шетелдік азаматтарға берілген виза саны — 5 949 212,  умра жасаушы азаматтарға берілген виза — 5 676 588. Бұл бұрын-соңды болмаған рекордтық көрсеткіш болып отыр.
  • Соңғы 8 жыл ішінде яғни, 2008-2015 жылдар аралығында шетелдік азаматтарға берілген виза саны 39 миллионнан асса, умра жасаушыларға берілген виза 38 миллионға жуықтайды.
  • 2008 жылдан 2015 жылдың ақпан айына дейін 7 жыл ішінде ұмра қажылығын өтеуге Сауд Арабиясына әлемнің түкпір-түкпірінен 33,81 млн. аса адам келген.
  • 2008 жылы қажылық қылған мұсылмандардың 1,55 %-ы өз елдеріне қайтпай, қасиетті шаһар Меккеде қалуды қалаған. 2014 жылы 0,2 %-ы осы елде тұрақтаған.
  • Соңғы жеті жылдың ішінде ең көп қажылық 2014 жылы жасалған – 6, 023 адам. Бұл көрсеткіш 2013 жылмен салыстырғанда 1 млн-ға көп.

CPfmA9JWEAA13CT

CPlrcjOVEAAklm5

d31163b715234671712e51e0ef9a8877

hajj

Muslim pilgrims walk on roads as they head to cast stones at pillars symbolizing Satan during the annual haj pilgrimage in Mina on the first day of Eid al-Adha, near the holy city of Mecca September 24, 2015. REUTERS/Ahmad Masood

Sara-Tower-Aziziyah-Hajj-2015-Photo-6

In this Saturday, Sept. 19, 2015, thousands of tents are prepared to host millions of Muslim pilgrims during the annual pilgrimage, known as the Hajj, in Mina, on the outskirts of the holy city of Mecca, Saudi Arabia, Saturday, Sept. 19, 2015. Saudi Arabia has deployed 100,000 security personnel to oversee the annual Islamic hajj pilgrimage that begins on Tuesday, the Interior Ministry spokesman said Saturday, underscoring both the massive arrangements needed to secure one of the largest pilgrimages in the world and the multitude of threats the hajj faces. (AP Photo/Mosa'ab Elshamy)

walk-reuters

Деректер e-islam.kz сайтынан алынды

Геннадий Головкин әлемнің үздік боксшысы атанды

photo_20929The Ring-де дауыс беру кезінде WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин дене салмағына тәуелсіз түрде әлемнің ең үздік боксшысы (Pound-for-Pound, P4P) атағын жеңіп алды.

Қазақстандыққа дауыс берушілердің 72 пайызы өз дауыстарын берді (69 071 адам). Екінші орында — никарагуалық Роман Гонсалес (24 пайыз дауыс), ал үшінші орында филиппин боксшысы Мэнни Пакьяо (1 пайыз дауыс) тұр.

Айта кетейік, The Ring дене салмағына тәуелсіз түрде ең үздік боксшы деп танылған кіші Флойд Мейвезер мәнсабын аяқтағаннан кейін бұл дауыс беруді ұйымдастыруға бел шешті. Еске сала кетейік, Головкин келесі жекпе-жегін Давид Лемьемен 17 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткізеді. Бәске WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF чемпиондық белбеулері тігіледі. Сонымен бірге, бұл екі боксшының да PPV-дағы (ақылы трансляция жүйесі) бірінші кездесуі болмақ. Кездесуді «Қазақстан» телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.

tengrinews.kz

Қазақстанда түйе етінен жасалған шұжық сатыла бастайды

e7b11298184abe4e225a26f8471ff141Қазақстандық ғалымдар түйенің етінен жасалған шұшық шығарды.

Бұл туралы Tech garden fest 2015 стартапы аясында ұйымдастырылған көрме кезінде сарапшы Жасын Ұзақов айтып берді. Түйе етінен жасалған тағам өнімдерінің төрт түрі бар, олардың құрамындағы ет мөлшері әртүрлі.

Ұзақов барлық өнімнің «халал» стандартына сәйкес екенін айтты. Оны қосымша өңдеусіз тұтына беруге болады. «Сергек» шұжығына біз жылқы еті мен құйрық май қостық. «Қуат» шұжығында түйе еті мен қойдың құйрық майы бар. Ал «Сарбаз» тек түйе етінен жасалған. «Номад тағамы» да түйе етінен жасалған, тек қысылып байланған», — деді сарапшы.

tengrinews.kz

Адамның ішкі мүшелерін 3D моделі арқылы көруге болатын жасақтама пайда болды

54Америкалық ғалымдар адамның ішкі мүшелерінің 3 өлшемді моделін жіті көруге мүмкіндік беретін бағдарламалық жасақтама ойлап тапты.

Соның арқасында дәрігерлер сәбилердің туа бітті жүрек ақаулары секілді күрделі ауруларды емдей алады. Ғалымдардың айтуынша, бұл бағдарлама науқастардың уақыты мен қаржысын үнемдеп қана қоймай, операцияның сапасын анағұрлым жақсартады.

Серджио Агирре, Echopixel компаниясының өкілі:

Нәрестенің қантамырларының қалыңдығы миллиметрден де жіңішке. Мұндай операциялардың күрделі болуының себебі де осы. Арнайы көзілдірік пен монитордың көмегімен дәрігерлер оларды анық көре алады.

baq.kz

А. Сәрінжіпов «Болашақ» халықаралық стипендиясы түлектерімен бейресми кездесу өткізеді

0430a1b55d8a076ae61cee8435096b75ҚР Білім және ғылым министрі А. Сәрінжіпов 28 қыркүйекте Павлодар қаласында Қазақстанның солтүстік өңірлеріндегі «Болашақ» халықаралық стипендиясы түлектерімен бейресми кездесу (Informal Networking Conference) өткізеді деп хабарлайды ҚР БҒМ баспасөз қызметі. 

Кездесу С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің базасында өтеді. Диалог қатысушылары «Болашақ» бағдарламасының 70 түлегі, ҚР БҒМ, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ өкілдері, оқытушылар мен ғылыми қызметкерлер. Informal Networking Conference білім және ғылым өзекті мәселелерін талқылау, еркін ой бөлісу және сараптамалық бағалау нысанындағы ашық диалогты көздейді.
Кездесу шеңберінде кадрлар даярлаудың, оның ішінде «Болашақ» стипендиясы арқылы даярлаудың отандық жүйесін дамыту перспективаларын қарау, 2020 жылға дейінгі стипендияны дамыту жоспарында белгіленген түлектердің «Болашақ» бағдарламасының жаңа бастамаларын «100 нақты қадам» ұлт жоспары басымдылықтарын іске асырудағы және «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жылжытудағы рөлін талқылау көзделеді.

baq.kz

Бүгін iPhone 6S ұялы телефоны сатылымға шығады

1389164492_iphone-6-concept-34Бүгін iPhone 6S ұялы телефонының сатылымы басталады.

Берлиндегі Apple компаниясының бас мекемесінің алдында ұзын-сонар кезек қалыптасты. Жаңа смартфон үшін тұрғындар бірнеше күн қатарынан далада түнеп жүр. Қазір кезекте 150 адам тұр. Олардың кейбірі Германияға Болгария, Ресей, Украинадан арнайы келген. Хельге Брун, Берлин тұрғыны: — Мен мұнда арнайы шатыр орнатып, түнеп жүрмін. Күндіз жаңбыр жауған жағдайда қолшатырымды да алып келдім. Бұл күндері фастфуд жеп, дайын өніммен тамақтанудамын. Мұндай кезекте алғаш рет тұрған жоқпын, бәрі де iPhone 4-тен басталған. Бірақ бұл жолы мен iPhone 6S-ті алғашқы болып қолыма аламын. Валентин Николаенков, Мәскеу тұрғыны: — Қанша күн өткені есімде жоқ. Өйткені осында тамақ ішіп, түнеп жүрміз. Әрине, бұл телефон жақын арада Ресейде де сатылады, бірақ Берлинде алғашқылардың қатарында болып иемденемін.

24.kz

Аляскада динозаврдың жаңа бір түрінің сүйектері табылды

4219c42d01f7fb305182df84cff2e989_LТарихқа дейінгі тіршілік иесінің тасқа айналған сүйектері Алясканың солтүстігіндегі Колвилл өзенінің маңынан табылды.

Жалпы гадрозаврлар Жер бетінде шамамен 85 млн жыл бұрын мекен еткен. Олардың орташа ұзындығы — 10 метр, ал салмағы 7 тоннадан асады. Олар артқы аяқтарымен қозғалып, сағатына 50 шақырым жылдамдықпен жүгіре алатын көрінеді.  Бұл туралы ТАСС мәлімдеді.

24.kz

Ғылым негізінде: жұмыс жасататын 5 әдіс

Егер жұмыс жасауға өз ерік-жігерің жетпей жатса, онда ғылым негізінде дәлелденген әдістер көмекке әзір.
Онсызда жұмыс жасағын келмей отырғанда, сен, әрине, кез-келген кішігірім сылтауды үлкен себепке айналдыра аласың. Электронды поштаңа келген тіпті қажет емес хаттар, әріптестеріңнің гу-гу әңгімесі, біреудің жеп отырған тамағының иісі, қосылу тұрған кондиционер дыбысы — бұның бәрі сенің жүйке жүйеңе әсер етіп, алаңдататыны мәлім. Егер осы бір «сылтауларды» алып тастауға мүмкіндік болмаса, онда өзіңді жұмысқа ғылыммен дәлелденген өзге әдістер арқылы қайтарғанын абзал.

Ауқаттанып ал
screenshot19730309Тамақтанған соң қандағы глюкоза деңгейі өсіп, мидың жұмыс жасау қабілеті қарқындай түседі. Бастысы –қуаты бірер минутқа ғана жететін «жылдам көмірсулар» емес, ағзаға пайдалы тағам, яғни жеміс, көкеніс, жаңғақ жеген дұрыс. Шоколад пен тоқаштарға қарағанда, олардан көмірсуды «алып шығу» үшін уақыт көбірек қажет болғандықтан, оның деңгейі де ағзада бірден «шарықтап» кетпейді. Яғни, энергия да ұзаққа жетеді деген сөз.

Үзіліс жаса
85b93053fd83bc1f7a6ff3644b9063f63561912Және де уақытты белгіле. Прокрастинацияға, яғни жұмысты шегіндіре беруге құштар жандарға арнап, 80-ші жылдары итальяндық студент Франческо Чирилло ойлап тапқан тайм-менеджмент техникасының бір түрі- «Қызанақ» әдісін қолдаң. Өзіңе бір тапсырма нақтыла да, 25 минутке таймер қой. Уақыт аяқталған соң, тіпті іс бітпей қалса да, міндетті түрде 5 минут демалып ал немесе ойыңды басқа жаққа аудар. Содан кейін тағы да 25 минутқа жұмысқа кіріс. Әрбір төртінші «қызанақтан» соң демалыс уақытын ұзартып отыр, шамамен 15-30 минут. Осы әдісті қолдана отырып, көп іс тыңдыруға және шаршамауға әбден болады.

Музыка тыңда
music-at-work7326342Бірақ тек өзің ұнатқан музыканы. Сен жақсы көретін музыка ойналғанда, ми жұмысының пассивті тәртіптегі торабы мидың түрлі бөліктерінің арасында бір бірімен жақсы байланыс орнатады. Яғни, сенің ойлау қабілетіңді жақсарта түседі. Бірақ егер музыканы сен емес басқа біреу таңдаса, өкінішке орай, одан саған еш пайда жоқ. Сондықтан тәжірибе жасай отырып, осындай байланысты тапқан Солтүстік Каролина университетінің ғалымдарына рақмет айта отырып, құлаққабын ұмытып кете беретін әріптесіне аталған әдісті оқып бергенін абзал.

Медитация жаса
screenshot29249885Күніне екі сағат медитация жасаған адамдар кез-келген жұмысты шапшаң орындайтынын Гарвард университетінің ғалымдары дәлелдеген болатын. Медитация барысында мида альфа-ритмдер пайда болып, олардың ықпалымен үрей сезімі бәсеңдейді. Есте сақтау қабілеті жақсарып, сыртқы «қоздырғыштарға» алаңдау әдеті азаяды. Ал егер медитацияны күнделікті үрдіске айналдырсаң, онда альфа-ритмдерді басқаруды үйреніп, бұл қабілетіңді күрделі және маңызды бір жобаны аз уақыт ішінде тапсыру керек болған жағдайда оңай қолдаңа беретін боласың.

Үстеліңді таза ұста
screenshot39156371Бұны тіпті Принстон университетінің ғалымдары басты ереже ретінде ұстануды ұсынады. Олардың мәлімдеуінше, егер сенің үстелінде көзге түсе беретін түрлі заттар көп болса, онда жұмыс істеу қабілеті нашарлай түседі. Жұмыс компьютеріңнің бетіндегі хаос та дәл осындай жағдайға душар етеді. Күн сайын тазалық пен тәртіпке 10-15 минут арнап, заттарыңды жинастыр, құжаттарды ретте. Сонда жұмысың да өрге домалай жөнеледі.

«Орбұлақ шайқасы» туралы комикстер

Блогерлер чемпионаты «Блогиада» жарысы өтіп жатқанын белгілі. Жарыстың бір турында «Қазақ хандығының 550 жылдығына» арнағалған тақырып берген еді. Осыған байланысты Medium атты никтің иесі «Орбұлақ шайқасы» туралы комикстер дайындапты. Қарапайым, жеңіл, әрі әзілмен жеткізілген жазбаны өз оқырмандарымызбен бөліскіміз келді.

Блог - Medium: Орбұлақ шайқасы
Блог - Medium: Орбұлақ шайқасы
Блог - Medium: Орбұлақ шайқасы

Блог - Medium: Орбұлақ шайқасы
Блог - Medium: Орбұлақ шайқасы
Блог - Medium: Орбұлақ шайқасы
Блог - Medium: Орбұлақ шайқасы

Блог - Medium: Орбұлақ шайқасы

Блог - Medium: Орбұлақ шайқасы
Блог - Medium: Орбұлақ шайқасы
Блог - Medium: Орбұлақ шайқасы
Блог - Medium: Орбұлақ шайқасы
Блог - Medium: Орбұлақ шайқасы

Блог - Medium: Орбұлақ шайқасы
Блог - Medium: Орбұлақ шайқасы
Блог - Medium: Орбұлақ шайқасы
Блог - Medium: Орбұлақ шайқасы
Блог - Medium: Орбұлақ шайқасы
Блог - Medium: Орбұлақ шайқасы
Блог - Medium: Орбұлақ шайқасы
Блог - Medium: Орбұлақ шайқасы
Блог - Medium: Орбұлақ шайқасы

Блог - Medium: Орбұлақ шайқасы
Блог - Medium: Орбұлақ шайқасы
Блог - Medium: Орбұлақ шайқасы
Блог - Medium: Орбұлақ шайқасы
Блог - Medium: Орбұлақ шайқасы

Блог - Medium: Орбұлақ шайқасы
Блог - Medium: Орбұлақ шайқасы

Комиксті салу барысында қазақ суретшілері, фотографтары, киногерлері мен мультипликаторларының еңбектері пайдаланылды.
Сондай-ақ, будда монахы Какую, Ричард Аутколт, Билл Гейтс, Рик Брюстер және Бексұлтан Нұржекеевке алғыс айтамын.

Медиум

www.kerekinfo.kz