Домой Блог Страница 308

Алматы облысында күніне 250 адам қабылдауға арналған емхана ашылды

01Алматы облысы Көксу ауданы Балпық би кентінде күніне 250-ден астам адам қабылдауға арналған жаңа емхана ашылды.

Халық игілігі үшін жаңа үлгіде салынған емханаға республикалық бюджеттен 1 152,5 млн теңге бөлінген. Ғимараттың жалпы көлемі 3 675 шаршы метр. Емхана әлемдік стандарттарға сай 347,1 млн теңгеге медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Күніне бір мезетте 250 адам қабылдай алатын емханада терапиялық, хирургиялық, неврология, жұқпалы ауруларды оқшаулау кабинеттері, балаларды қабылдайтын және әйелдерге кеңес беретін, зертхана және рентгендік, ультрадыбысық зерттеулер бөлмелері бар.

04Емхананы толық аралап, құрылыс сапасымен танысқан Алматы облысы әкімі Амандық Баталов:

—        Бүгін Алматы облысы Көксу ауданында жаңа емхананы пайдалануға бердік. Емхана толықтай заманға сай заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Емхананың ашылу салтанатына қатысқан барлық халық, медицина саласының қызметкерлері дән риза. Бұл емхана Елбасының «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасының аясында құрылысы аяқталған соңғы емхана болып табылады. Осымен біз ол бағдарламаны толығымен орындадық деп толық айта аламыз, — деп, бұл емхана аудан тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсететіндігіне сенім білдірді.

Айта кетейік, емхана 180 адамды жұмыспен қамтыды. Оның ішінде 65-і дәрігер, 115-і орта буын және кіші медициналық қызметкерлер. Дәрігерлердің орташа айлық жалақысы 92 412  теңгені, ал орта буын медициналық қызметкерлердің жалақысы 74 516 теңгені құрайды.

ФОТО: Асқар ҚҰРАНБЕК

Спорттағы дарынды балаларға арналған тұңғыш мектеп-интернаты ашылды

Алматы облысы, Алакөл ауданы, Лепсі ауылында жаңа мектеп өз есігін ашты. Бұл жалпы Қазақстан Республикасы бойынша ауылдық жерде орналасқан спорттағы дарынды балаларға арналған тұңғыш мектеп-интернаты.
Осы спорт интернатының құрылысы мен жабдықталуын, оған қоса жанындағы орта мектептің күрделі жөндеуден өткізілуін толықтай қаржыландырған меценат Оспанов Бауыржан Кеңесбекұлы.

Талғар ауданында «Той қазан-2015» фестивалі өтті

1426249836_lЖыл сайын өткізілуі үрдіске айналған «Той қазан» фестивалі биылғы жылы да өз жалғасын тапты. 2015 жылғы 19 қыркүйек күні Алматы облысы Талғар ауданының «Алатау» шаңғы-биатлон кешенінде өткізілген осы бір ұлттық тағамдар фестивалі Қазақ хандығының 550 жылдығы, ҚР Конституциясының 20 жылдығы, Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20 жылдығы құрметіне орай ұйымдастырылды.

Биылғы жылдың фестиваль бағдарламасы асында: Қазақстанда тұратын барлық ұлт пен ұлыс өкілдерінің ұлттық тағамдарынан алып дастархан жайылып, аспаздық флешмоб көрсетіліп, «Қыз қуу», «Аударыспақ», «Күме алу» секілді ұлттық спорт ойындары ойнатылып, этностық билер мен әндерден шырқалып, кітап оқуды сүйікті ісіне айналдырғандар арасында кітап алмасуға арналған «Кітапфест» фестивалі, ұлттық қолөнер шеберлерінің бұйымдарынан көрме ұйымдастырылып, түрлі байқаулар өткізілді. Шараның ерекше қонағы Тува қаласынан келген тамақпен ән айту бағытында өнерлерін шыңдап жүрген «Хуун-Хуур-Ту» тобы болды.

Фестиваль ұйымдастырушысы Бекнұр Қисықов 2015 жылы өткен фестивальдің күткен нәтижеден асып түскендігін атап өтті. Ауа райының түнеріп тұрғандығына қарамастан, бүгінгі меркеге 1300 адам қатысты. Келесі жылы бұл мерекенің ауқымын кеңейтіп Ресей Федерациясының аумағында осы форматтағы фестивальді өткізу туралы ресейліктерден ұсыныс түсуде.

Бұл мереке Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен және «Беккер и К» компаниясының демеушілігімен өткендігін атап өткен жөн.

zhetysu.gov.kz

Робот техникаларының жас шеберлері

unnamedТалдықорған қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің жоғары сынып оқушылары Ратмир Сартбаев, Бек Талғат және Анатолий Алексеев Астана қаласында өткен II республикалық «WRO-2015» роботты техника олимпиадасында жеңімпаздар қатарынан көрінді. Нақтылап айтар болсақ, Талдықорғандық оқушылар «Ашық шығармашылық санаты, орта жастағы топ» санаты бойынша жүлделі II орынға ие болды.

Олимпиаданың өтуі барысында жас ғалымдар әділ қазылар алқасының назарына мұнай өндіру саласында қолдануға болатын роботты ұсынды. Бұл жоба білімгерлердің II орын иегері атануларына мүмкіндік берді.

Осы жеңістің арқасында, Талдықорған мектебінің оқушылары Катар мемлекетінде өтетін «WRO-2015» халықаралық роботты техника олимпиадасына қатысу мүкіндігіне ие болды.

Сонымен қатар Ратмир Сартбаев пен Бек Талғат Халықаралық IT-университетінің оқу грантына ие болды.

Екі күнге созылған олимпиада байқауында Қазақстанның барлық өңірлерінен 150-ден астам оқушы қатысты. Олимпиаданың басты мақсаты оқушылардың техникалық модельдеу және бағдарламалауға икемділіктерін дамыту, оларға қолдау көрсету және мектептерде білім беру барысында роботты техника бағдарламасын жүзеге асыру болып табылады.

zhetysu.gov.kz

Көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық байқауы өтеді

eba7802e798e3844d97daf460ad83190Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Қазақстан халқы тілдерінің республикалық фестивалі аясында Көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы ХVІІ республикалық байқауын өткізеді.

Байқау Қазақ ұлттық өнер университетінің «Шабыт» корпусы Жамбыл залында 2015 жылғы 25 қыркүйекте өтеді.

Байқауға еліміздің 14 облысынан және Астана, Алматы қалаларынан облыстық, қалалық деңгейде өткізілген байқаулардың жеңімпаздары, яғни барлығы 16 үмітке қатысады.

 

Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында «Ұлы дала ойындары» өтеді

0_9_IMG_1072Қазан айының 8-9 күндері Жамбыл облысында Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында «Ұлы дала ойындары» өтеді. 

– Мерейтой аясында Ұлттық спорт түрлері қауымтастығымен бірлесіп, аламан бәйге, топ бәйге және ұшқыр бәйге жарыстарын ұйымдастырғалы отырмыз. Жеңімпаздарға берілетін сыйақы демеушілер тарапынан үлестіріледі. Аламан бәйгеден бірінші келген сәйгүлікке 10 миллион теңге беріледі. Негізі аламан бәйге бойынша 7 атқа жүлде белгіленген. Ал топ бәйгенің бас жүлдесі 5 миллион теңге болады. Сондай-ақ ұшқыр бәйгеден оза шапқан тұлпардың иесі 3 миллион теңгені қалтасына басады. Жалпы «Ұлы дала ойындарының» жүлде қоры – 33 миллион теңгені құрап отыр, – дейді Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Абдалы Нұрәлиев.

Сондай-ақ ұлттық спорттың өзге түрлерінен көрсетілімдер болады екен.

– Ұлы дала ойындары аясында жақын бəйге, аламан бəйге, ұшқыр бəйге өтеді. Сонымен қатар ел арасында аты айтылғанмен, заты жойылып бара жатқан жамбы ату жарысын арнайы осы ұлы дала ойындарының қатарына қосып отырмыз. Сондықтан, Көрермен ат үстінде шауып келе жатып, садақ ату өнерін тамашалай алады, — дейді Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Б.Тілеухан.

Айта кетейік, аламан бәйгенің ұзақтығы 31 шақырымды құрап отыр.

baq.kz

2018 жылдан бастап жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек енгізіледі

82f685928a4a04dce5fd0aed4caaafa52018 жылдың 1-қаңтарынан бастап елімізде жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмектер енгізіледі. Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова осылай мәлімдеді. Еске сала кетейік, жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданған болатын.

«Бүгінгі күні көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға республикалық бюджеттен табысына қарамастан арнаулы жәрдемақы беріледі. Ал жергілікті бюджеттен жан басына шаққанда күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан төмен болса тек отбасындағы балаларға, ал 40 пайыздан төмен болса жан басына берілетін атаулы әлеуметтік көмектер қамтылған. Яғни, атаулы әлеуметтік көмек түрлерінің көптігі, оларды тағайындауға қарастырылған шарттар, әрқайсысын алуға қажетті құжаттар топтамасы, оларды орталық атқарушы органдарға тапсыру секілді жұмыстар мемелкет ұсынатын атаулы әлеуметтік көмекті күрделендіріп, икемсіз жүйеге айналдырды», — дейді министр Тамара Дүйсенова.

Оның айтуынша, Экономикалық ынтымақтастық ұйымына кіретін мемлекеттер тәжірибесін ескере отырып, заң жобасында жоғарыда көрсетілген үш әлеуметтік төлемнің орнына отбасының табысына сәйкес берілетін жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау көзделеді.

Министрдің сөзіне қарағанда, заң жобасында атаулы әлеуметтік көмектер бұған дейін беріліп келген мөлшерден кем болмауы үшін кедейшілік шегінің 40 пайызынан 50 пайызға қарай көтерілмек. «Бұл ретте атаулы әлеуметтік көмек әрбір отбасы мүшесіне тағайындалатын болады. Алушылар бір ғана пакет құжаттарды тек жергілікті органға ғана тапсырады», — дейді Т. Дүйсенова.

Оның сөзіне қарағанда, жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмектің тағы бір ерекшелігі егер отбасындағы азаматтар еңбек етуге қабілетті болса, онда көмек әлеуметтік жұмыс ұсыну аясындағы келісімшарт негізінде жасалады. Бұл ретте отбасының еңбек етуге қабілетті мүшелері жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуға міндетті болады. Егер еңбек етуге қабілетті азаматтар мұндай шаралардан бас тартатын болса, онда атаулы әлеуметтік көмек тек отбасындағы балаларға ғана тағайындалатын болады. «Заң жобасына сәйкес, отбасы құрамында еңбекке қабілетті мүшелері болмаған немесе олар белгілі себептерге байланысты жұмыс істей алмайтын болса, онда ондай отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек келісімшартсыз табыстың мөлшеріне қарай тағайындалады», — деді министр.

Министрдің айтуынша, бұл өзгерістерді 2018 жылдың 1-қаңтарынан бастап қолданысқа енгізу көзделеді. Бұл ретте жаңа форматтағы әлеуметтік көмектер үшін 2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында 11,8 млрд теңге қарастырылған.

baq.kz

Алматыда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында 50 спорт алаңы ашылады

sport-fonАлматыда қала әкімдігі бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында екі компаниямен салауатты өмір салтын, спортты, қаланың экологиялық қауіпсіздігін насихаттауға бағытталған ынтымақтастық жөнінде екі жақты меморандумдарға қол қойды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қала басшысы кәсіпкерлердің жұмыс орындарын ашып, салық төлеумен қатар жоғары әлеуметтік жауапкершілік танытып отырғандығын атап өтті.
«Алматы еліміздің ЖІӨ-нің 20%-ын құрайды және Қазақстан кірісінің 30%-ын береді, сондықтан қалада бизнес-қоғамдастықтың жұмысын жандандыра түскен жөн. Қаланың басты міндеті — іскер экономикалық ахуалды қалыптастыру, бизнестің нәтижелі әрі белсенді жұмыс істеуі үшін барлық қажетті мүмкіндікті жасау. Біз барлығына ашықпыз, артықшылық принципі жоқ, қалалықтардың жақсы жағдайы үшін жұмыс жасайтындардың барлығын қолдаймыз», — деді Бауыржан Байбек.
Өз кезегінде «Астана Банкі» директорлар кеңесінің төрағасы Олжас Тохтаров айтып өткендей, Меморандумға қол қою арқасында қала тұрғындары мен қонақтарына таяу арада кроссфит форматындағы 50 жаңа спорт залдары, сонымен қатар «Стрит Воркаут» спорт алаңы іске қосылады. Бұлардан өзге жас кәсіпкерлер үшін коворкинг орталығы ашылып, фин технологиясы бойынша үйқұрылысы комбинаты пайдалануға беріледі.
Меморандумға сәйкес «АвтоГаз Трэйд» ЖШС Түрксіб ауданында көпфункционалды спорт кешенін және қаланың ішкі аулаларында 15 балалардың ойын алаңын салады.
Қаланың экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында газбен қамту станцияларының желісін дамытады. Биылғы жылдың аяғына дейін газбен жабдықтайтын 20-дан астам станцияға газ қондырғылары орнатылады және станциялар саны 20-дан 35 пайызға, ал келер жылы 50 пайызға жетеді. Әкім бұл жобаның маңызы үлкен екенін, көлікті бензиннен сұйық газға көшіру қаланың экологиялық ахуалын жақсартумен қатар автокөлік иесінің қаржысын да үнемдейтінін атап өтті.

strategy2050.kz

128 Vauxhall Astra көлігінен құралған Ұлыбритания туы

128 Vauxhall Astra көлігінен құралған Ұлыбритания туы

Vauxhall Astra Эллесмер Порт қаласындағы зауыттарында жаңа модельдерінің шығу құрметіне 128 көліктен құралған Ұлыбритания туын жасады.

Сурет: Digital South

Instagram пайдаланушыларының саны 400 миллионнан асты

331Instagram әлеуметтік желісін пайдаланатындар қатары соңғы 9 айда 100 миллион адамға артып, жалпы саны 400 миллионнан асты деп хабарланған желінің өз блогында. 

Әлеуметтік желі өкілдерінің айтуынша, тұтынушылардың 25 пайызы АҚШ азаматтары болса, қалған 75 пайызы әлемнің өзге елдерінде. Соңғы 9 айда Инстаграм пайдаланушыларының күрт артуына Еуропа мен Азия тұрғындарының қосқан үлесі мол. Әсіресе, Жапония мен Индонезиядан тіркелушілер көп болған.

Қазіргі таңда тұтынушылар саны жағынан Instagram өз бәсекелестерінің бірі Twitter әлеуметтік желісін басып озды. Твиттерді пайдаланатындардың саны әлемде 316 миллион адамға жетіп отыр.

Пайда болғанына 4 жылдай уақыт болған Instagram желісіне бүгінгі күнге дейін барлығы 30 миллиардтай сурет жүктеліпті. Күн сайын желіні пайдаланушылар 70 миллион фото мен видео материалдарын жүктейді.

baq.kz