«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов Алматы облысына жұмыс сапары барысында облыс басшысы Амандық Баталовпен Алматы облысының тауар өндірушілері арнайы ұйымдастырған көрмені аралап, өндірілетін өнімдердің сапасын көріп, бағалау мүмкіндігіне ие болды.
Алдында айтып өткеніміздей, бұл кездесу барысында Ұлттық компанияның бас мердігерлері Алматы облысының тауар өндірушілерімен 11 келісімшарт жасасты. Яғни, бас мердігер АО «Сембол Иншаат» бірден 4 келісімшартқа қол қойып, «Plast Invest Production» ЖШС, «Компания Sonik» ЖШС, «ПолимерМеталл-Т» ЖШС және «АЛЮГАЛ» ЖШС компанияларымен жұмыс істеуге келісті. Осындай келісімдер «Mabco constructions s.a.» мердігері үш шарт «КнауфГипсКапшагай» ЖШС, «Хенкель Баутехник Казахстан» ЖШС және «Галакси» ЖШС компанияларымен, «АБК Курылыс-1» компаниясы «КнауфГипсКапшагай» ЖШС мен «Жетісу Гранит» ЖШС жасалды. Ал «Turkuaz YDA Stroy» компаниясы «Табиғи ресурстарды пайдалану және табиғатты пайдалануды реттеу» мемлекеттік мекемесімен, «САЭС Средазэнергострой» компаниясы «АСПМК-519» акционерлік қоғамымен, «СК «Базис» компаниясы «Мекада» ЖШС, «Текели-гранит» ЖШС, «КнауфГипсКапшагай» ЖШС бірге жұмыс істеу ниетін меморандумда бекітті.
Сонымен қатар, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерімен де «Көлсай өзені», «Алтын Емел», «Іле Алатау» мекемелерімен, сондай ақ «Жібек жолы» және «Asia Discovery» туроператорларымен меморандумға қол қойды.
Бүгінгі күні компания Қарағанды, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының әкімдіктерімен және Астана қаласының әкімдігімен отандық тауар өндірушілерді қатыстыру туралы меморандумдар жасады.
А. МАРАТ, А. АБАЙҰЛЫ (ФОТО)