Домой Блог Страница 292

Алматы облысында бозбалалар арасында республикалық турнир басталды

Алматы облысында бозбалалар арасында республикалық турнир басталды
республикалық турнир

Алматы облысында ҚР Қорғаныс министрлігі АОСК-ның оқу-жаттығу орталығында жастар арасында спорттың әскери-қолданбалы түрлері бойынша республикалық турнир бастау алды.

ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен мәлімдегендей, жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеуді жетілдіру Қазақстан Қарулы Күштері қызметінің маңызды құрамдасы, әскери-патриоттық клубтардың жұмысын үйлестіру, жастарды Қарулы Күштерде әскери қызметке дайындау, әскери қызмет өткеру кезінде қажет олардың дағдысы мен шеберліктерін қалыптастыру, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау, дене тұрғысында жетілдіру, жастарды әскери-қолданбалы және техникалық даярлау болып табылады.

Осының аясында Алматы облысында әскерге дейінгі жастағы бозбалалар арасында спорттың әскери-қолданбалы түрлері бойынша республикалық турнир өтті. Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Алматы облысы мен Алматы қаласынан жиналған командалар Панфиловодағы спорттық базада бас қосты.

Екі жас ерекшелігі топтарының бозбалалары 14-15 жастан кіші және 16-17 жастан үлкендер өздерінің спорттық шеберліктерін көрсетті. Турнир үш күн бойы, яғни, 16, 17 және 18 қазанда өтеді. Әр күні спорттың жекелеген әскери-қолданбалы түрі, кешенді жекпе-жекпе турнирі, әскерилендірілген кросс және пневматикалық винтовкадан оқ ату ұсынылатын болады.

Турнирдің ашылу рәсімі 16 қазанда өтті. Оған жеңіл атлетикадан олимпиадалық чемпион Ольга Шишигина, спорттың әскери-қолданбалы түрлері бойынша ҚР мемлекеттік бапкері Мәдениет Жақыпов, ҚР ҚМ СК-АОСК-ның тәрбие-идеологиялық жұмыстары бөлімінің бастығы Мейіржан Жұмабаев пен ҚР ҚМ АОСК оқу-жаттығу орталығының бастығы Микаил Климатов қатысты.

Бүгінгі таңда Қазақстанда өскелең ұрпаққа үлкен көңіл бөлінуде. Барлық өңірлерде, қалаларда жастарымыздың оқуына, спортпен шұғылдануына және өз Отанының лайықты азаматының барлық қасиеттерін сіңіруі үшін қолайлы жағдайлар жасалуда.

Алматыдағы жәрмеңкеге Жетісу өлкесінен 110 млн теңгенің өнімі жеткізілді

Алматыдағы жәрмеңкеге Жетісу өлкесінен 110 млн теңгенің өнімі жеткізілдіКеше Алматы қаласында Алматы облысының ауылшаруашылық өнім өндірушілерінің күзгі жәрмеңкесі өтті.

«Жәрмеңкеге облыстың 16 ауданы мен 3 қаласынан ең сапалы 113 тонна жеміс-жидек және көкөніс, 95 тонна ет және шұжық өнімдері, 22 тонна сүт пен сүт өнімдері, бал және өзге де Жетісу өлкесінің экологиялық таза өнімдері жеткізілді. Жәрмеңкеде жалпы құны 110 млн теңгенің өнімі сатылды», — деп мәлімдеді Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінен.

Алматы облысы әкімінің орынбасары С. Бескемпіров:

— Жәрмеңкеге қойылған өнімдер нарық бағасынан әлдеқайда төмен бағада саудаланды. Алматы жұртшылығы сондай-ақ май, жарма, макарон өнімдері мен өзге де азық-түлікті тиімді бағада сатып алу мүмкіндігіне ие болды. Алматы шаһарына жалпы көлемі 290 тонна экологиялық таза әрі сапалы ауылшаруашылық өнімдері әкелінді.

 

«Жас ұлан» әскери әндер фестивалі шымылдығын түрді

«Жас ұлан» әскери әндер фестивалі шымылдығын түрдіЖыл сайын фестиваль 4 айналымда өткізіледі: 1 айналым – рота-батальон буынында, ІІ айналым – батальон-бригада буынында, ІІІ айналым – ҚР ҚК өңірлік қолбасшылықтарында, әскер тектері мен түрлерінде өтеді.

Байқау шарттары мыналар болып табылады: әскери тақырыптағы, қазақстандық сазгерлердің немесе орындаушылардың шығармасын, жеке (авторлық) музыкалық шығармаларды, фольклорлық жанрдағы туындыны орындау.

6fe14b9b7e8a7fa228d58eb877832f16«Жас ұлан» әскери әндер фестивалі 1997 жылдан бастап әскерге дейінгі жастағы, әскер жасындағы және армиялық жастарды, ҚР ҚК келісімшарт бойынша әскери қызметшілерін, қызметкерлерін және әскери қызметшілердің отбасы мүшелерін әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша жұмысты жандандыру, көркемөнерпаз армиялық орындаушылар мен ұжымдардың шығармашылық өсуіне қолдау көрсету мақсатында өткізіліп тұрады.

bnews.kz

Швеция Астанада өтетін EXPO көрмесіне қатысуға дайын

Швеция Астанада өтетін EXPO көрмесіне қатысуға дайынШвеция Астанада өтетін EXPO көрмесіне қатысуға дайын. Бұл туралы Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары, EXPO-2017 көрмесінің комиссары Рәпіл Жошыбаевтың аталған елге жұмыс сапары барысында мәлім болды.

Швед елі EXPO көрмесі үшін 1,5 миллион еуро бөлген. EXPO-2017 көрмесінің комиссары Рапиль Жошыбаевтың Швецияға жұмыс сапарымен баруы бекер емес. Өйткені бұл мемлекет — жасыл технология саласында көш бастаушы елдердің бірі. Келер жылы олар жаңартылған энергия көзіне толықтай көшіп, қалған 3 атом электр стансасын жауып тастамақ. Бұл мақсатқа шведтер 546 миллион доллар инвестиция жұмсайды.

Біздің делегациямен кездескен Швеция Үкіметінің өкілдері 2017 жылы Астанада өтетін EXPO көрмесіне қатысатындарын растады.

«Қазір бізде жаһандық жылыну мәселесі пікірталас тудырып отыр. Қалдықтарды тастауды жіті бақылап, мұнай мен газды игеру көлемін азайтуға тиіспіз. Біз болашақты ойлауымыз керек. Осы тұрғыда ЭКСПО-2017 көрмесінің тақырыбы өте өзекті және дер кезінде қолға алынған деп ойлаймын. EXPO қарсаңында парламенттегі әріптестеріммен бірге Қазақстанға барып қайтқым келеді», — дейді Швеция парламентінің спикері Урбан Алин.

Швеция Үкіметі EXPO-2017 көрмесіне қатысу үшін 1 жарым миллион еуро бөледі. Сол мемлекеттің заңы бойынша ол қаржы елдегі кәсіпкерлерден жиналуы керек. Бұл ретте де елдің ірі-ірі кәсіпкерлері EXPO комиссарымен кездесіп, қазақстандық жобаларға қызығушылық танытты.

«Біз EXPO-2017 көрмесін қолдаймыз және қазақ елімен бірге бүкіл әлеммен қауышуға әзірміз. Мен Education First компаниясының өкілімін. Біз ЭКСПО-2017 көрмесінде пайдаланылатын тілдік бағдарламалар жасап оны оқытумен айналысамыз. Тілді еріктілер ғана емес, қонақ үй қызметкерлері, такси жүргізушілері тіпті тәртіп сақшылары да үйрене алады», — Education First компаниясының вице-президенті Карл-Йохан Вестринг.

Айта кетейік, бүгінгі күні 49 ел мен 11 халықаралық ұйым көрмеге қатысатыны туралы ресми түрде мәлімдеме жасап үлгерді.

baq.kz

Головкин үшінші чемпиондық титулдың иегері атанды

Головкин үшінші чемпиондық титулдың иегері атандыБүгін Нью-Йоркте 34-ші жеңісіне қол жеткізген қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин үшінші чемпиондық титулына қол жеткізді.

Давид Лемьемен кездесер алдында Головкин WBA (Бүкіләлемдік бокс ассоциациясы) және IBO (Халықаралық бокс ассоциациясы) чемпиондық титулдардың иегері болатын. Бүгінгі жеңісінен кейін ол Лемьенің IBF (Халықаралық бокс федерациясы) титулын өз қанжығасына байлады.

Сонымен қатар, Головкин WBC Interim (Бүкіләлемдік бокс кеңесі) уақытша чемпиондық титулының да иегері.

baq.kz

Талдықорғандықтар 3000-на астам көшет отырғызды

Кеше Алматы облысында жалпыоблыстық сенбілік өтті. Шараға өңір басшысы Амандық Баталов бастап барлық мекемелері мен ұжымдарының қызметкерлері, студенттер, оқушылар және қаланың тазалығы мен көркін келтіруге бей-жай қарамайтын барша жетісулықтар қатысты.

Қаратал өзенінің жағалауында абаттандыру жұмыстары қолға алынып, санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді. Қала бойынша сенбілік аясында қайың, қарағай, емен көшеттері отырғызылды. Бұл күні талдықорғандықтар жалпы 3000-на астам көшет отырғызды.

 Осындай тазалық сенбілігі облысқа қарасты барлық аудан, қалаларда да өтті.

Талдықорғандықтар 3000-на астам көшет отырғызды
көшет

Талдықорғандықтар 3000-на астам көшет отырғызды

IMG_3271

IMG_3286

IMG_3292

IMG_3296

IMG_3297

IMG_3302

Айнұр МАРАТ, Асқар АБАЙҰЛЫ (ФОТО)

Алматы облысы Алматы қаласында ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесін өткізді

Алматы облысы Алматы қаласында ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесін өткіздіБүгін Алматы қаласында Алматы облысының ауылшаруашылық өнімін өндірушілердің күзгі жәрмеңкесі өтті, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жәрмеңкеге облыстың 16 ауданы мен 3 қаласынан ең сапалы 113 тонна жеміс-жидек және көкөніс, 95 тонна ет және шұжық өнімдері, 22 тонна сүт және сүт өнімдері, бал және өзге де Жетісу өлкесінің экологиялық таза өнімдері жеткізілді. Жәрмеңкеде жалпы құны 110 млн. теңгенің өнімі сатылды.

Алматы облысы Алматы қаласында ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесін өткізді

Алматы облысы Алматы қаласында ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесін өткізді

Жәрмеңкеге қойылған өнімдердің бағасы нарық бағасынан әлдеқайда төмен бағада саудаланды. Алматы жұртшылығы сондай-ақ май, жарма, макарон өнімдері мен өзге де азық-түлікті тиімді бағада сатып алу мүмкіндігіне ие болды. Алматы шаһарына жалпы көлемі 290 тонна экологиялық таза әрі сапалы ауылшаруашылық өнімдері әкелінді, — деді Алматы облысы әкімінің орынбасары С. Бескемпіров.

Алматы облысында ұйымшылдықпен өткен сенбілік

Алматы облысында ұйымшылдықпен өткен сенбілікБүгін Алматы облысында жалпыоблыстық тазалық сенбілігі өтті. Осы бір ауқымды шараға облыстың барлық мекемелері мен ұжымдарының қызметкерлері, студент және оқушы жастардың бірі қалмай жұмыла ат салысты.

Таңғы сағат 9.00-де басталған игі іске өңір басшысы Амандық Баталов бастаған барлық мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен шырайлы өңіріміздің тазалығы мен көркін келтіруге бей-жай қарамайтын жетісулықтар бір адамдай қатысты.

Өңір басшысы Талдықорған қаласының тұрғындарымен Қаратал өзенінің жаға-жайын абаттандыру жұмыстарына қол ұшын беріп, осы жерге қайың, қарағай, емен көшеттерін отырғызып, санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізді.

Алматы облысында ұйымшылдықпен өткен сенбілік

Сенбілік аясында тек осы күннің өзінде Талдықорған қаласында 3000-нан астам көшет отырғызылды.

Тазалық шарасына мемлекеттік мекемелер білек сыбана жұмылды. Мәселен, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұжымы қаланың Жансүгіров көшесінің айналма жолға шығатын тұсын, ал энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы Белов көшесінің бойын түрлі қоқыс пен түскен жапырақтардан тазартты.

Алматы облысында ұйымшылдықпен өткен сенбілік

«Сенбілікке шыққанда жұмыс ауқымы көп сияқты көрінген. Алайда, қолымызға күрек пен тырмамызды алып іске кірісіп кеткеннен кейін, дем арада бөлініп берген аумақтың тазалағын келтіріп қойдық. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген де осы шығар. Көптен бері көрмеген таныстарымыз бен көршілерімізді көріп, жақсы жаңалықтарымызбен бөлісіп,  көтеріңкі көңіл-күйде болдық», — деді сенбілікке қатысқан Арман Оралбеков.

Алматы облысында ұйымшылдықпен өткен сенбілік

Дәл осындай тазалық сенбілігі облысқа қарасты барлық аудан, қалаларда да өтті.

Күзгі сенбіліктің арқасында облыс аумағы тазарып, көшелері көріктеніп, жасыл желекке көмкеріле түсті.

Талдықорғанда ҚР Азаматтық қорғаныс қызметінің 20 жылдық мерейтойы аталып өтті

Талдықорғанда ҚР Азаматтық қорғаныс қызметінің 20 жылдық мерейтойы аталып өттіБүгін Талдықорған қаласында Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғаныс қызметінің 20 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шара өтті.

Талдықорғанда ҚР Азаматтық қорғаныс қызметінің 20 жылдық мерейтойы аталып өтті

Жиынға Алматы облысының Төтенше жағдайлар құрылуы басында тұрған Төтенше жағдай ардагерлері, құтқарушылар, өрт сөндіру горнизондарының жауынгерлері және аумақтық бөлімшенің жеке құрамы, облыстың ҚР ІММ ТЖК-нің облыс аумағында орналасқан құтқару бөлімшелерінің қызметкерлері мен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою шараларына тікелей атсалысқан басқа да ұйымдардың өкілдері қатысты.

DSM_0211Іс-шара Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаумен және Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметі жағдайына арналған деректі фильмнің көрсетілуімен басталды.

DSM_019419 қазан — Құтқарушылар күні қарсаңында өткізіліп жатқан шараға қатысушыларды Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдірайымов өңір басшысы Амандық Баталовтың атынан құттықтап, төтенше жағдайлар мемлекеттік жүйесін құруға және нығайтуға үлес қосқан азаматтарға медальдар мен алғыс хаттар табыс етті.DSM_0233

 Сонымен қатар, бұл күні кәсіби мереке қарсаңында өткізілген спорттық жарыстарға қатысқан қызметкерлер де диплом, кубок және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

DSM_0221

 Айнұр МАРАТ, Асқар АБАЙҰЛЫ (ФОТО)

Ерлан Шинтуринов «Жетісу» ӘКК Басқарма төрағасы болып тағайындалды

Ерлан Шинтуринов «Жетісу» ӘКК Басқарма төрағасы болып тағайындалдыБүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалған Шинтуринов Ерлан Ермекұлын ұжымға таныстырды. Ерлан Шинтуринов «Жетісу» ӘКК Басқарма төрағасы болып тағайындалды

Қарағанды облысы Жезқазған қаласының тумасы Ерлан Ермекұлы 1970 жылдың 6 тамызында дүниеге келген. 1992 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтын құрылыс инженері мамандығы бойынша, 1997 жылы, Мемлекеттік статистика комитетінің біліктілікті жетілдіру институтын бухгалтер-экономист мамандығы бойынша тәмамдаған. Бұған дейін Алматы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы, «RaimbekBottlers» ЖШС президенті, «Raimbek Bottlers» ЖШС директордың орынбасары және стратегия жөніндегі бас директоры қызметтерін атқарған.

Ерлан Шинтуринов «Жетісу» ӘКК Басқарма төрағасы болып тағайындалды

ФОТО: Асқар АБАЙҰЛЫ