Домой Блог Страница 100

Кентауда кен өндіру саласы қайта қолға алынбақ

kentauӨңір басшысы Б.Атамқұлов жұмыс сапарымен Кентау қаласына қарасты кеншілер ауылы Ащысайда болып, денсаулық сақтау, білім жəне мəдениет сынды бірқатар әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Сапар қорытындысы бойынша, облыс әкімі тұралап қалған кен өндіру өндірісін қайта жандандыру мүмкіндігін қарастырып, кеншілерді жұмыспен қамтамасыз етуді және шағын және орта бизнесті дамытуды Кентау қаласының басшылығы мен əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорациясына тапсырды.

Созақта 280 орындық жаңа балабақша ашылды

14265097_1749311702002926_105129269576051647_nЕл Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Созақ ауданы Шолаққорған ауылында 280 орындық «Айшуақ» бөбекжай-балабақшасы ашылып, ел игілігіне пайдалануға берілді.

Ашылу салтанатына ОҚО әкімінің орынбасары Ж. Бөкенбаев пен ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының бас директоры Д. Досанов қатысып, тұрғындардың қуанышымен бөлісті, деп жазады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

«ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының демеушілік қаржысы есебінен салынған бөбекжайда балаларға барлық жағдай қарастырылған. Мұнда бүгінде жалпы саны 83 қызметкер жұмыспен қамтылып отыр.

Құрылыс алаңының жалпы аумағы 3281 шаршы метрді құраса, оның ішінде 1822 шаршы метрі балабақша ғимараты, ал 1459 шаршы метрі көркейту-көгалдандыру алаңы болып отыр.

Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы мен салихалы саясатын жүзеге асыру үшін облыс пен аудан,қала әкімдерінің қолдауымен білім беру жүйесіндегі оң өзгерістерге ерекше мән беріліп келеді.

Жалпы Созақ ауданында 36 мектепке дейінгі білім беру ұйымы бар, оның он бір шағын  орталық, сегіз жеке меншік нысанда қызмет көрсетеді. Осы жылдың өзінде төрт балабақша ашылса, жыл соңына дейін үш балабақша ашылады деп күтілуде. Осылайша, балабақшамен қамтылғандар саны биыл 3530-ге жетіп, 88,8 пайызды құрады.

Отбасы күніне арналған шараларға 155 мыңнан астам елордалық қатысты

Отбасы күніне арналған шараларға 155 мыңнан астам елордалық қатыстыОтбасы күніне арналған шараларға 155 мыңнан астам елордалық қатысты. Аталған мереке Қазақстанда үш жылдан бері қыркүйектің әрбір екінші жексенбісінде тойланып келеді. Елорда әкімдігінің мерекелік жоспарына сәйкес, 30 астам шара өткізілді, оның басым бөлігі «25 ізгі іс» акциясы аясында халықтың әлеуметтік осал топтарына қайырымдылық көмек көрсету мақсатында өткізілді. Соның ішінде тұрмысы төмен және көп балалы отбасылардан шыққан балалар саябақтарға, спектакльдер мен концерттерге барды, мұқтаж отбасыларға материалдық көмек көрсетілді, деп жазады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, «Астана» балалар деревнясында Олимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерінің қатысуымен «Тату және бақытты отбасы!» спорттық-зияткерлік мерекесі ұйымдастырылды; «Мамандандырылған бала үйі» МКК 45 әлеуетті бала асыраушыға Ашық есік күні өткізілді. Елордалық үш перинаталды орталықта жаңа туған сәбилерге естелік сыйлықтар табысталды. Бұл күні 71 нәресте дүниеге келді, соның ішінде 30 ұл және 41 қыз.

«Балалар арбаларының шоуына» қатысушылар да көп болды, сондай-ақ, Астана қаласының Мемлекеттік академиялық филармониясы әртістерінің отбасылық жұптарының қатысуымен мерекелік концерт, оқушылар арасында «Әке, ана және мен» сурет байқауы және т.б. ұйымдастырылды.

Елорда әкімдігі «Астана – дені сау және спортпен шұғылданатын адамдар қаласы» акциясын қорытындылады

Елорда әкімдігі «Астана – дені сау және спортпен шұғылданатын адамдар қаласы» акциясын қорытындыладыЕлорда әкімдігі «Астана – дені сау және спортпен шұғылданатын адамдар қаласы» акциясын қорытындылады. Оның мақсаты – елордалықтарды спортқа баулу. Мемлекет басшысы атап өткендей: Дені сау ұлт – Қазақстанның жетістікке жетуінің кепілі». Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары аясында маңызды міндет қойылды – 2020 жылға қарай халықтың 30%-ын дене шынықтыру мен спортқа тарту. Осыған байланысты бір ай бойы елордалық спорт алаңдары мен саябақтарда түрлі бұқаралық спорттық жарыстар ұйымдастырылды, оған 50 мыңнан астам қала тұрғыны қатысты, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Әр демалыс сайын Астананың 9 паркінде сағат 18.00-20.00 аралығында зілтемір, гір көтеруден жарыстар, стритбол, шахматтан сайыстар, арқан тарту, сондай-ақ, отбасыларға арналған «Көңілді старттар» өткізілді.

Футбол мен хоккейден жарыстар қатысушылардың ерекше қызығушылығын оятты, ату, шахмат, тоғызқұмалақ, кроссфит, жүрдек мәнерлеп көлік жүргізуден де сайыстар ұйымдастырылды. Спорт ардагерлері мен әуесқойлары велоспорттан Қазақстан кубогының ІІ кезеңі аясында бұқаралық жарысқа қатысты. Акцияға «Дәует» және «Барыс» спорт кешендері де атсалысты. «Астана Марафон 2016» халықаралық қайырымдылық жүгіруіне 4500 артық адам қатысты. Соның ішінде мемлекеттік қайраткерлер, елшіліктер мен халықаралық компаниялардың қызметкерлері – әлемнің 23 мемлекетінің өкілдері бар.

Сонымен қатар, «Қазанат» атшабарында ұлттық спорт түрлерінен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған бірінші «Астана жұлдызы» республикалық турнирі өтті. Турнирге еліміздің өңірлерінен жүзден астам спортшы қатысты.

«Ұлттық спорт түрлері біздің терең тарихымыз бен мәдениетіміздің ажырамас бөлігі. Астана қаласының әкімдігі ұлттық спорт ойындарының жандануына, бұқаралық спортты дамытуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға үнемі қолдау көрсетіп келеді. Осы мақсатта жыл сайын елордада 200 астам шара мен ұлттық ойындардан жарыстар өткізіледі. Енді осы жобаны да жүзеге асырдық. Елорда әкімдігі алдағы уақытта да осындай жобаларды қолдап, ұлттық спорт түрлері мен салт-дәстүрлерімізді насихаттауға көңіл бөлетін болады», — деп атап өтті Әсет Исекешев.

Астана әкімінің айтуынша, «Қазанат» атшабарында жалпы көпшілікті ұлттық спорт түрлеріне баулитын арнайы Орталық ашу жоспарланып отыр. Жалпы алдағы екі жылда Астана әкімдігі бұқаралық спортты дамыту үшін 22 спорт алаңын салады.

Қазығұрттың 150 тонна жүзімі экспортталды

Қазығұрттың 150 тонна жүзімі экспортталдыБүгін Оңтүстік Қазақстан облысы баспасөз қызметінің ұйытқы болуымен республикалық және облыстық журналистерге Қазығұрт ауданындағы «Аманкелді» ЖШС-на пресс-тур  ұйымдастырылды.

Тілшілер онда шаруа қожалығындағы  жүзім алқабы мен бау шаруашылығымен танысып, ондағы жұмысшылармен сұхбаттасты.

Бүгінде 150 гектар алқапқа егілген жүзімнің күздік түрлері жиналып, рекордтық көрсеткішке қол жеткізуде. Осы күнге дейін жиналған өнімнің 150 тоннасы Ресейге жөнелтсе, басқа жемістердің 100 тоннасын шетелге экспорттаған. Күздік жиын-терім қызу жүріп жатқан шаруа қожалықта бүгінде 150 тонна жүзім, 100 тонна алма, 80 тонна қара өрік пен 80 тонна алмұрт асханалық-сортты жемістер жиналған. Жиналған өнімдер балғын түрінде күндегісі нарыққа саудалануда.

Жалпы ауданда 2266 гектар алқапқа бау-бақша өнімдері егілген болса, оның 500 гектары осы серіктестікке тиесілі.

Мұнан бөлек, шаруашылықта 2 мың тонналық жеміс-жидек пен көкөніс сақтайтын мұздатқыш қоймасы бар. Бүгінде Нұрлан Құралов басшылық етіп отырған «Аманкелді» ЖШС-не 3800 азамат маусымдық және тұрақты жұмысқа орналасқан, деп жазады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Алматыда жүрек ауруларына операция жасайтын жаңа орталық ашылды

Алматыда жүрек ауруларына операция жасайтын жаңа орталық ашылдыАлматыда жүрек қан-тамырларына жедел-күрделі операция жасайтын екінші қалалық орталық ашылды. Оған жергілікті бюджет есебінен құны 250 миллион теңге болатын ангеограф аппараты сатып алынған. Жаңа орталықта бүгін дәрігерлер науқасқа жедел операция жасады. Нәтижесі жақсы. Жаңа құрылғы май шоғырымен бітеліп қалған қан-тамырларын анықтауға мүмкіндік береді. Одан кейін жүрек тұсына торлы түтік жіберіледі.

Сәкен Анартаев, Интервенциондық кардиология бөлімінің меңгерушісі:

— Бұл әдіс қан-тамыр арқылы, жүрекке кеудені ашпай, тек сон артериасы, болмаса білек артериясы арқылы кіріп жасалатын операция. Ол кезде науқас өз есінде болады. Ешқандай жалпы наркоз берілмейді. Бұл малоинвазивті операция болып табылады.

Шамамен екі миллион тұрғыны бар алып шаһарда жыл сайын 15 мыңға жуық науқас жүрек ауруымен емдеу мекемелеріне жедел жеткізіледі екен. Оның 4 мыңнан астамына коронографиялық ем қолданылса, 400 азаматтың жүрегіне ашық операция жасалады. Мұндай аурулар қала аумағының ұлғаюына байланысты көбейіп келеді. Жаңа орталықта алдымен Наурызбай ауданының тұрғындары емделеді, — деді дәрігерлер. Кейінірек еліміздің өзге аймақтарынан келген науқастарға да қажетті көмек көрсетілмек.

Жүрек қан-тамырларын қалпына келтіру, стент орнату үшін ақылы қызмет көрсету бағасы 250 мыңнан 1 миллион теңге аралығында. Ал қалалық 7-ші ауруханаға жедел жеткізілген науқастарға операция тегін жасалады.

24.kz

Астанадағы Жастар театры жаңа маусымын ашады

Астанадағы Жастар театры жаңа маусымын ашадыАстанада 2 қазан күні Жастар театрының мерейтойлық Х маусымы ашылады.

Сахнаға алғашқы болып Ш.Айтматов пен Ә.Кекілбаевтың «Шыңғысхан» әфсанасы жол тартады.

2007 жылы еңселі елордамызда бой көтерген Жастар театрының  алғашқы маусымы да дәл осы қойылыммен ашылған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, 2010 жылы аталмыш қойылым ІІІ Халықаралық Орталық Азия елдерінің театрлар фестиваліне қатысып, «Үздік режиссер», «Үздік Шыңғысхан рөлі» аталымдарындағы жүлдеге лайық деп танылған. Қойылымның режиссері — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театрдың көркемдік жетекшісі әрі бас режиссері Нұрқанат Жақыпбай.

ҚазАқпарат

ОҚО әкімі облыстық депутаттарды қабылдады

ОҚО әкімі облыстық депутаттарды қабылдадыӨңір басшысы Б. Атамқұлов Оңтүстіктен Солтүстікке  қоныс аударған азаматтардың жағдайымен танысу мақсатында еліміздің солтүстігіне баратын облыстық мәслихат депутаттарының делегациясын қабылдады, деп жазады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Айта кету керек,  құрамында облыстық мәслихаттың хатшысы Қ. Айтөреев, облыстық мәслихаттың депутаттары Ж. Ағабеков, Д. Әбіш, А. Салимов, М. Төлтебаев пен М. Тұрысбековтер бар жұмысшы топ мүшелері іссапар кезінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Е. Сұлтановпен және xалық қалаулылары, сондай қоғам қайраткерлерімен жүздеспек. Елбасының  еңбек күші мол аймақтан солтүстік өңірлерге қоныстандыру арқылы жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау жөніндегі тапсырмасы аясында  биыл Оңтүстіктен Солтүстікке қоныстанған 74 отбасыға мемлекеттен бөлінетін  субсидия толығымен берілді. Бүгінде тағы 32 отбасының құжаты рəсімделуде.

Кездесу барысында депутаттар облыс әкіміне осы бағдарламаның іске асыру барысы туралы айтты. Сонымен қатар, халық қалаулылары қос облыстың екі жақты ынтымақтастығын дамыту мәселелерін талқылады.

ОҚО-да 14 машина-тракторлар станциясы құрылды

ОҚО-да 14 машина-тракторлар станциясы құрылдыАуылшаруашылық  өнімдерінің көлемін ұлғайтуды,  экспортқа шығаруды  қамтамасыз етуде  ұсақ тауар өндірушілердің мәселелерін кешенді шешу үшін,   ҚР «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы»   Заңына сәйкес, облыста кооперативтерді құру белсенді жүргізілуде.

Бүгінгі күнге облыста 8 мыңнан аса ұсақ фермерлік шаруашылықтар 81 ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтерге бірігіп, жұмыс атқаруда. Олар даму бағыттары бойынша 19 бірлік мақта шаруашылығы,  30 бірлік астық, 4 бірлік сүт өндірісі, 13 бірлік ірі және ұсақ мал шаруашылығы, 3 түйе шаруашылығы, 3 жүгері өсіру, 4 жылыжай, 5 тағы басқа шаруашылықтардан құралып отыр.

Сонымен қатар, биылғы жылы облыста 14  машина-тракторлық  станциясы  құрылған. (МТС)

МТС-тер құрамында 108 доңғалақты тракторлар, 7 шынжыр табанды тракторлар, 28 астық оратын,9 жем-шөп оратын, 4 жүгері оратын комбайндар мен 186 басқа техникалар бар.

Елордалық дәрігерлер профилактикалық тексерулер жүргізуде

57936ebc74bc7ba7de6efcbbf65Астанада «25 ізгі іс» кең ауқымды іс-шарасы жалғасып жатыр. «Меркурий и К» ЖШС құрылыс нысанында (Жағалау) тұрғындар профилактикалық тексеруден өткізілді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Шара барысында 100-ге жуық адам тегін тексеруден өтіп, терапевт, онколог, окулист, ЛОР-дәрігері, гинеколог, УДЗ-маманы және фтизиатр мамандарынан консультациялар алды.

Құрылыс нысанының қызметкерлері мен жергілікті тұрғындарға қан құрамындағы қант пен холестерин мөлшерін анықтайтын экспресс-диагностиканы пайдалана отырып, консультативтік-диагностикалық қызметтер ұсынылды, флюорографиялық тексеру жүргізілді.

Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы «25 ізгі іс» акциясын халықты сауықтыру және аурулардың алдын алу үшін ұйымдастырып отыр.

Сонымен қатар, қалалық емханаларда зейнеткерлер мен мүгедектерге арналған ашық есік күндері өткізіледі.