Домой Блог Страница 117

Жұмыспен қамту орталығының мобильдік тобы түсіндіру жұмыстарын жүргізеді

7ab27a8bb73539ae202d45a523bӨткен демалыс күндері Астана қаласы Жұмыспен қамту орталығының мобильдік тобы «Встреча» дүкенінің жанында және көліктердің қосалқы бөлшектері сатылатын «Сәлем»  базарында көшпелі ақпараттық жұмыстар жүргізді. Орталық өкілдері сауалнама өткізіп, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз азаматтарға мемлекеттік бағдарламалар арқылы жұмысқа орналасуға көмектесу тетіктері туралы айтып берді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Аталған аудан тұрғындары «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасына қатысу мәселелері, қайта даярлау және сұранысқа ие мамандық бойынша оқу, жастар практикасына қатысу, әлеуметтік жұмыс орындарына және қоғамдық жұмыстарға орналасу бойынша кеңес алды.

Айта кетейік, жақында Тілендиев даңғылындағы «Рахмет» және Ақжол көшесіндегі «Астықжан» сауда үйлерінде, сондай-ақ, «Аружан» сауда, ойын-сауық орталығында Жұмыспен қамту орталығының өкілдіктері өз жұмысын бастады.

Еске салайық, бұған дейін осындай орталықтар «Астаналық» базарының ғимаратында және «Гүлжан» СҮ ашылған болатын.

Алматы облысында жаңа мектеп пайдалануға берілді

7018957c3228c0233abe068603412863Жамбыл ауданы Жаңақұрылыс ауылында 600 орынды А. Қарсақбаев атындағы жаңа мектеп пайдалануға берілді. Оқушылар мен мұғалімдерді қуаныштарымен Алматы облысының әкімі Амандық Баталов құттықтады, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. Бұған дейінгі ескі мектеп 150 орынды болатын, оған қоса ішкі көші-қонның белсенділігінен бала санының артуына байланысты мектеп үш ауысыммен оқытатын еді. Жаңа ғимараттың салынуы арқылы осы мәселе шешімін тапты.

А. Баталов өз сөзінде мемлекет қолдауының нәтижесінде облыста білім беру саласына ерекше назар аударылып отырғанын, бұл орайда Президенттің «Нұрлы жол» бағдарламасымен жаңа мектептер салынып жатқанын, сондай-ақ білім ғимараттарын жаңғыртып, күрделі жөндеу жүргізуге, материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік базасын жаңартуға, кадрларды қайта даярлаудан өткізуге көп мүмкіндіктер беріліп отырғанын айтты.

 — «Мектеп – білім мен тәрбие беретін алтын ұя» десек, бұл білім шаңырағы — тәуелсіз еліміздің дарынды жастарының алтын бесігі  болар сөзсіз. Мемлекет басшысы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында білім беру жүйесін жаңғыртуға ерекше көңіл бөлді. Бұл орайда ұрпаққа сапалы білім беріп, заманға сай, әлемдік бәсекеге қабілетті, талантты жастарды дайындау – ортақ міндетіміз. Бүгін, Тәуелсіздіктің 25 жылдығында жаңа мектептер қатары тағы бір білім мекемесімен толығып отырғаны — баршамыз үшін қуаныш — деді облыс басшысы.

Сонымен қатар А. Баталов биылғы жылы облыста 9 жаңа мектеп ашылатынын, бұл жаңа мектептердің табалдырығын Еңбекшіқазақ, Іле, Көксу ауданының оқушылары қуанышпен аттайтынын атап өтті. Осы жаңа мектеп балалар үшін білімнің кені, ізденістің ордасы болуына тілектестігін білдірді.

Шара барысында мектептің символикалық кілтін мектеп директоры Серік Тілепбергеновке мердігер компания «Игілік и К» ЖШС директоры К. Игіліков тапсырды.

Мектептің лентасы қиылған соң облыс әкімі бастаған қонақтар мектеп ғимаратын аралап көріп, физика, химия, биология, информатика, лингафонды және мультимедиялық кабинеттердің мүмкіндіктерімен танысты. Спорт және мәжіліс залдарында, асханада да болды.

Жаңа мектеп ғимаратының жалпы алаңы 8486,85 шаршы метр. Мұнда заманауи оқу кабинеттері, шеберханалар, кітапхана, 200 орынға арналған мәжіліс залы, 130 орынды асхана және басқа да оқу процесіне қажетті кабинеттер бар. 2015 жылдың сәуірінде басталған мектептің құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды.

Жалпы, «Нұрлы жол» бағдарламасымен облыста 36 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Жыл соңына дейін тағы 5 мектептің құрылысы басталмақ. Бұлардың бәрі де апатты және үш ауысымды мектептердің мәселесін шешуге ықпал ететін болады.

Тәуелсіздікке 25 жыл: Конституция күніне арналды

Тәуелсіздікке 25 жыл: Конституция күніне арналдыБүгін Алматы облысындағы І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында Конституция күніне арналған салтанатты жиын өтті. Жиынды құттықтау сөзбен облыс әкімі Амандық Баталов ашты.

Өз сөзінде А. Баталов Конституцияның қалыптасу тарихына, Ата Заңымыздың өңірді өркендетудегі рөліне тоқталып өтті.

— Қадірлі жетісулықтар! Сіздерді Қазақстан Республикасы Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын. Биыл – мемлекетіміз үшiн ерекше жыл, Тәуелсіз Қазақстанымыздың 25 жылдық мерейтойы.

Халықаралық қауымдастықта лайықты орын алған Қазақстан бүгінгі күні биік белеске көтерілді. Бұл орайда Ата Заңымыз мемлекетіміздің берік қалыптасуының басты кепілі ретінде қызмет етіп келеді, — деді облыс басшысы өз сөзінде.

Ұлт Көшбасшысының «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын, 5 институционалдық реформасын іске асыруда – Жетісу жерінде межелі міндеттерді кезең-кезеңімен шешу үшін нақты жұмыстар атқарылып жатқанын, бұл тарапта әрбір жетісулықтың еңбегі, лайықты үлесі бар екенін де атап өтіп, облыстың соңғы жеті айдағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы баяндады.

Сонымен қатар әлем елдерімен мәдени байланыстың нығая түскенін тілге тиек етті.

—     Биыл Түркия мен Сербия елдерінде қазақ руханияты күндері салтанат құрып, жыр алыптары Сүйінбай мен Жамбыл ескерткіштері орнатылды. Осы жылы Семей сынақ аймағының біржола жабылғанына – 25 жыл толады. 1991 жылы 29 тамызда «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлыққа қол қойылды. Осы орайда, Елбасының бастамасымен 29 тамыз – Ядролық сынақтарға қарсы әрекеттердің халықаралық күні болып белгіленді. Бұл біздің еліміз үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін маңызды қадам болды, — деді А.Баталов. Сөзінің қорытындысында жетісулықтарға зор денсаулық, мызғымас бірлік, еңбекте табыс тіледі.

Бұдан кейін бірқатар азаматтарға облыс әкімінің құрмет грамоталары мен алғыс хаттары табысталды. Сонымен қатар дәстүр бойынша мемлекеттік қызметке қабылданғандардың ант беру рәсімі орындалды.

Мерекелік шара соңында концерттік бағдарлама ұсынылды.

Оңтүстікте аймақтық «Қазақстанның үздік тауары» байқауы өтті

Оңтүстікте аймақтық «Қазақстанның үздік тауары» байқауы өттіОңтүстікте үздік тауар өндірушілер анықталды. Шымкенттің көрме орталығында өткен жәрмеңкеге биыл 150-ге жуық кәсіпорын қатысты. Мұнда жеңіл тамақ өнеркәсібінен бастап, машина жасау, құрылыс, фармацевтика, тоқыма мен қолөнер шеберлерінің туындыларына дейін ұсынылған. Сондай-ақ, жаңадан ісін бастаған кәсіпорындар да жетерлік.

Іс-шара барысында «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауы ұйымдастырылды. Конкурста тауар таңбалары қолданыстағы ерекшеліктеріне қарай үш номинация бойынша іріктелді. Атап айтқанда «Халыққа арналған үздік тауарлар» номинациясын «Азала Текстиль» ЖШС жеңіп алса, «Карлс Крона» компаниясы «Өндірістік бағыттағы үздік тауар» номинациясы бойынша марапатталды.

Жалпы, конкурс барысында 18 кәсіпорын «Өндірістік мақсаттағы тауарлар» арасында үздік атануға тырысса, 15 серіктестік «Халық тұтынатын үздік тауар» өндіруші номинациясы бойынша көрмеге қатысқан. Ал 20-дан астам қатысушы «Үздік азық-түлік тауары» деп танылуға тырысты.

«Жылдан-жылға конкурстың ауқымы кеңейіп келе жатыр. Өздеріңіз де куә болып отырсыздар. Осындағы әр кәсіпорын соңғы бес жылда индустрияландыру бағыты аясында ашылған кәсіпорындар. Бұл тек біргей жобалар. Міне, екі жыл бойы көп мемлекеттерде, тіпті, біздің де өңірімізде өндірістің көлемі азайып, құлдырып жатқан жайы бар. Дегенмен, біз осындай құбылысқа қарсы тұрып, өндіріс көлемін екі есеге ұлғайтуға тырысамыз», — дейді облыс әкімнің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев.

ҚазАқпарат

«Көкбастау» атшабарында бәйге өтуде

«Көкбастау» атшабарында бәйге өтудеАлматы облысы Жамбыл ауданындағы «Көкбастау» ипподромында Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы үшін Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған ұлттық ат спорты түрлерінен республикалық жарыстар басталды. Жарысқа Қазақстан мен Қырғызстаннан 180-нен астам сәйгүлік қатысуда.

Бәйгенің ашылуында құттықтау сөз сөйлеген облыс әкімі Амандық Баталов жарыстың Конституция күніне арналып отырғанын, мұндай шаралар саламатты өмір салтын насихаттауға, қазақ халқының салт-дәстүрін жаңғыртуға септігін тигізетінін атап өтті.

— Ардақты ағайын! Біз ежелден ат құлағында ойнап, желмен жарысып, сәйгүлік баптаған елдің ұрпағы екенімізді мақтан тұтамыз. Бүгінгі «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шығар сәйгүліктерге үміт артып келген барлық атбегілер мен шабандоздарға жеңіс тілеймін, — деді А. Баталов.

Жарыс бағдарламасында 5 шақырымға тай жарысы, 11 шақырымға  құнан бәйге, 16 шақырымға топ бәйге, 9 шақырымға жорға аттар жарысы, 25 шақырымға Аламан бәйге және көкпар тартудан жарыстар өтуде. Сонымен қатар бағдарламада теңге ілу, қыз қуу, көкпар және аударыспақ ұлттық спорт түрлерінен көрсетілімдер бар.

Аламан бәйгенің бас жүлдесіне Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы мен жол талғамайтын автокөлік, бәйгенің басқа түрлеріне жүлдеге жеңіл автокөліктер мен ақшалай сыйлықтар тігіледі.

Тәуелсіздікке 25 жыл: Сәйгүліктер сайысы

Тәуелсіздікке 25 жыл: Сәйгүліктер сайысыАлматы облысы Жамбыл ауданындағы «Көкбастау» ипподромында Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы үшін Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған ұлттық ат спорты түрлерінен республикалық жарыстар басталды. Жарысқа Қазақстан мен Қырғызстаннан 180-нен астам сәйгүлік қатысуда, деп жазады Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бәйгенің ашылуында құттықтау сөз сөйлеген облыс әкімі Амандық Баталов жарыстың Конституция күніне арналып отырғанын, мұндай шаралар саламатты өмір салтын насихаттауға, қазақ халқының салт-дәстүрін жаңғыртуға септігін тигізетінін атап өтті.

— Ардақты ағайын! Біз ежелден ат құлағында ойнап, желмен жарысып, сәйгүлік баптаған елдің ұрпағы екенімізді мақтан тұтамыз. Бүгінгі «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шығар сәйгүліктерге үміт артып келген барлық атбегілер мен шабандоздарға жеңіс тілеймін, — деді А. Баталов.

Жарыс бағдарламасында 5 шақырымға тай жарысы, 11 шақырымға  құнан бәйге, 16 шақырымға топ бәйге, 9 шақырымға жорға аттар жарысы, 25 шақырымға Аламан бәйге және көкпар тартудан жарыстар өтуде. Сонымен қатар бағдарламада теңге ілу, қыз қуу, көкпар және аударыспақ ұлттық спорт түрлерінен көрсетілімдер бар.

Аламан бәйгенің бас жүлдесіне Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы мен жол талғамайтын автокөлік, бәйгенің басқа түрлеріне жүлдеге жеңіл автокөліктер мен ақшалай сыйлықтар тігіледі.

«Арай» саябағында Astana food and fashion festival өтіп жатыр

«Арай» саябағында Astana food and fashion festival өтіп жатырБүгін ондаған қала тұрғыны fashion-индустрия әлемімен танысып, тәттілер жеу үшін «Арай» саябағына келді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Тамақ пен сән әлемінің ауқымды фестивалі елорда тұрғындары мен қонақтарын екінші жыл қатарынан қуантып отыр.

Фестиваль бірнеше аймаққа бөлінген.

— Тамақ фестивалі бірнеше аймақтан тұрады, «Астаналық» аймақта ас үйге арналғанның бәрі бар, «Көк-базар» секторында 20 отандық өндіруші табиғи өнімдерін ұсынады, «Жерұйық» секторында стрит-фуд саласындағы қызықты стартап-жобаларды көруге болады. Осы жоба арқылы адамдарға фастфуд пен стритфудтың айырмашылығын жеткізбекпіз. Дұрыс тамақтанып, тек сапалы өнімдерді ғана жеу керек. Бұл жерден пайдалы, дәмді және табиғи астан дәм татуға болады. Сондай-ақ, бұл отандық шағын және орта бизнесті қолдаудың бір түрі, — дейді Astana food and fashion festival басты ұйымдастырушысы Әлия Сапарова.

Pop Up Shop Astana аймағында қонақтар дизайнерлік киім-кешектер, әшекейлер, интерьер заттары жәрмеңкесін және көркемдік галереяны аралай алады.

Саябақ аумағында түрлі қызық бар. Спорт сүйер қауым үшін кроссфит-алаңы жасалды. Жас астаналықтар да уақытты көңілді өткізеді. Сондай-ақ, «Кинотеатр» секторында қазіргі заманғы фильмдер көрсетіледі, «Чиллаут» аймағында жайлы ортада кофе ішіп, тынығуға болады.

Фестиваль ертең де сағат 12-ден 20-ға дейін өтеді.

Айта кетейік, шараға Recommended by EXPO-2017 Астана қаласының серіктестері де қатысуда. Бүгін фестиваль аясында «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС директорының орынбасары Амантай Әбілов пен «Астана «ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ маркетинг және дамыту департаментінің менеджері Сәуле Бөлебаева бағдарламаның 38 қатысушысына сертификаттар мен Recommended by EXPO-2017 Астана қаласының серіктестері белгілерін табыстады.

Еске салайық, Астана қаласының серіктесі статусын алу үшін кәсіпорындар ұсынатын қызметтерінің сапасын бағалаудан өткізеді.

Бағдарлама көрме өткеннен кейін де жұмыс істейді, оның барысында серіктестердің қызметтерінің сапасын мониторингтеу, жаңа серіктестерді тарту жүзеге асырылады.

Астана әкімдігінде қалалық құқық қорғау органдарымен үйлестіру кеңесі өтті

Астана әкімдігінде қалалық құқық қорғау органдарымен үйлестіру кеңесі өттіБүгін Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңес өткізді. Отырыс барысында жергілікті полиция қызметіне Есіл өзенінің жағасында сағат 23.00-ден кейін ата-аналарының қарауынсыз жүрген балалардың ұсталуына қатысты ескерту жасалды. Елорда әкімі бұл жағдайдың мән-жайын анықтауды тапсырды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

«Бұл жағдайда кәсіпқойлық – орындашылық қана емес, бұл сыпайылық та, байланыс орната білу қабілеті де. Әсіресе, балаларға қатысты болғанда» — деді әкім. Қала басшысы кәмелетке толмағандардың қатысуымен орын алатын қылмыстар санының артуын ескере келе, құқық қорғау органдары тарапынан жүргізілетін жұмыстардың маңыздылығын атап өтті. Жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері балалар 104 қылмыс жасаған. Кәмелетке толмаған 129 бала қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Балалардың өздеріне қатысты 97 қылмыс жасалған. Негізінен, тонау, бопсалау, ұрлық, бұзақылық, қарақшылық, есірткі заттарын тарату және қолдану жағдайлары кездеседі.

Аталған кезеңде Астана қаласының білім басқармасы Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 467 адам жіберілген. Соның ішінде, 429-ы қараусыз және қорғансыз қалған бала; 36-сы ата-анасының немесе оларды алмастыратын тұлғалардың қамқорлығынсыз қалған бала. Қазіргі кезде кәмелеттік жасқа толмаған балалардың ата-аналарын іздеу жұмыстары қолға алынды.

«Иә, балалармен де профилактикалық жұмыстар жүргізу керек. Оны акциялар өткізу, учаскелік полицейлердің үйлердің тұрғындарымен кездесулері, мектептердегі кездесулер, БАҚ және арнайы роликтер арқылы түсіндіру керек. Бұл сіздердің жұмыстарыңыздың бір бөлігі ғана екенін білемін, басқа бағыттар бойынша да көп іс атқарылып жатыр. Осының барлығын қоғамға түсіндіріп, жеткізу керек» — деді Ә. Исекешев.

Астана әкімі құқық қорғау органдарының назарын қала тұрғындарын алаңдатып отырған кейбір мәселелерге аударды. Атап айтқанда, ұсақ бұзақылыққа «нөлдік төзімділік», тұрғын үйлердің аумақтарында көлік қою ережелерін бұзу, сондай-ақ, ЖКО алдын алу мәселелері қаралды.

Жыл басынан бері Астана жолдарында 385 ЖКО, соның ішінде, 58-і балалардың қатысуымен орын алған. Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 147 455 адам, соның ішінде 14 171 жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Кеңес соңында Әсет Исекешев құқық қорғау органдарының қауіпсіз және таза қаланы қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Елорда басшысы полицейлерге тәртіп сақшыларына барлық бағыттар, соның ішінде құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыстарды күшейтуді және қала тұрғындарына жағдай жасау үшін қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.

ОҚО Ішкі істер департаментіне жаңа басшы тағайындалды

ОҚО Ішкі істер департаментіне жаңа басшы тағайындалдыОңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің жаңа басшысы тағайындалды. ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен бұл қызметке полиция полковнигі Жанат Сүлейменов келді, деп хабарлады otyrar.kz.

Сүлейменов Жанат Қуанышұлы Қарағанды облысының Нұра ауданына қарасты Кеңжарық ауылында дүниеге келген. КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін, ҚР ІІМ академиясын бітірген. Ішкі істер органдарындағы қызметін 1980 жылы бастаған. Әр жылдары жедел қызметтерді басқарды, есірткі бизнесіне қарсы күрес және криминалдық полиция департаменттерінің төрағасы, көліктегі ішкі істер департаментінің бастығы болып қызмет еткен.

1998 жылдан ҚР Ішкі істер министрлігінде түрлі лауазымды қызметтер атқарған. ҚР ІІМ Есірткі бизнесімен күрес департаменті бастығының орынбасары, Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары болған. Павлодар облыстық ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарған.

2009 жылдан ҚР ІІМ Есірткі бизнесмен күрес және есірткі айналымын бақылау комитетінің төрағасы, Көліктегі ішкі істер департаментінің бастығы, Криминалдық  полиция комитетінің төрағасы болған. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Қызылорда облыстық ішкі істер департаментін басқарған.

«ІІМ-дегі үздік қызметі үшін», «ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері», «Қазақстан полициясына 15 жыл» төс белгілерімен, «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ардагері», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін» медальдарымен марапатталған.

Астанада Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтау салтанаты өтті

Бүгін Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтау үшін жүздеген адам «Бәйтерек» монументінің жанындағы алаңға жиналды. Жиналған қауым спортшыларды «Алға, Қазақстан!» ұранымен және қошеметпен қарсы алды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Астанада Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтау салтанаты өтті

Елорда тұрғындары мен қонақтары қазақстандық эстрада жұлдыздарының өнерін тамашалады. Алтын, күміс және қола жүлде иегерлері «Бәйтерек» монументінің жанына екі қабатты автобустармен келді.

– Қайырлы күн, құрметті жиналған қауым. Сіздердің қолдауларыңыз үшін рахмет. Мұхиттың ар жағында болсақ та, қолдауларыңызды сезіндік. Ұйқыларыңды төрт бөліп, қолдау көрсетіп, жанкүйер болдыңыздар. Біз оны өте бағалаймыз, құрметтейміз. Біріншіден, осындай жетістікке жетуде бізге қолдау көрсеткен Елбасымызға рахмет. Басқа да басшыларымызға, көмек көрсеткен Тимур Асқарұлына рахмет, еліме, халқыма рахмет. Команданың атынан алғыс айтамын, – деді бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов.

5fcc1dd41916a311d9bafc4780a.jpeg

Төрт жылдықтың басты бәйгесінде жүзуден алтын еншілеген тағы да бір спортшы Дмитрий Баландин да өз ризашылығын жеткізді.

«Бүгін бізге қолдау көрсету үшін келіп отырғандарыңызға рахмет. Риода сіздердің қолдауларыңыз сезілді, соның арқасында осындай жетістікке қол жеткіздік. Үлкен рахмет!».

Ауыр атлетшілер Олимпиада чемпионы Нижат Рахимов пен күміс жүлде иегері Жазира Жаппаркүл де халыққа алғысын білдірді.

Қала тұрғындары мен қонақтары олимпиадашыларды құттықтап, қолтаңбаларын алды, естелікке суретке түсті. Шара соңында спортшылар кабриолетпен Астананың басты көшелерімен жүріп өтті.