Домой Блог Страница 124

Астанада жыл соңына дейін 30 жеке меншікті мектепке дейінгі мекеме ашылады

Астанада жыл соңына дейін 30 жеке меншікті мектепке дейінгі мекеме ашыладыАстанада жыл соңына дейін 30 жеке меншікті мектепке дейінгі мекеме ашылады. Бұл туралы «Білімді ел – мәңгі ел» тақырыбында өтіп жатқан білім қызметкерлерінің тамыз кеңесі барысында Астана әкімі Әсет Исекешев мәлім етті, деп жазады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Болжамдарға сәйкес, 2019 жылға қарай Астанада 3-тен 6 жасқа дейінгі балалар саны шамамен 65 мыңға жетеді. Кішкентай елордалықтарды мектепке дейінгі біліммен 100% қамту үшін қосымша 26 мыңға жуық орын ашу керек. Осы мақсатта мемлекеттік және жеке меншікті 200 астам нысан ашу жоспарланған.

«2016 жылдың 1 шілдесінен бастап жеке меншікті мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысының құны бір бала үшін 15 900 теңгеден 23 000 теңгеге дейін ұлғайтылды. Бұл ретте ата-аналар 23 000 теңгенің орнына 20 800 теңге төлейтін болды. Осылайша, ата-аналарға түсетін жүктеме азайтылды, мемлекеттік және жеке меншікті балабақшаны таңдау кезінде балама пайда болды және қызметтер құны теңесті, — деді Ә. Исекешев.

Жеке меншікті балабақшалар санын мемлекеттік-жеке меншік серіктестік және қалада балабақшалар ашуға ниетті кәсіпкерлерге жағдай жасау арқылы арттыруға болады.

Қалалық алаңда мектеп жәрмеңкесі өтіп жатыр

Қалалық алаңда мектеп жәрмеңкесі өтіп жатырЖаңа оқу жылы қарсаңында мектепке керек жабдықтарды арнайы ұйымдастырылған жәрмеңкеден төмендетілген бағамен сатып алуға болады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Жәрмеңке қала әкімдігінің алдындағы алаңда өтіп жатыр.

Мектеп жәрмеңкесінде Астана, Алматы, Қарағанды және Шымкент қалаларының өндірушілері өз тауарларын ұсынуда.

Сағат 10-нан бастап астаналықтар балаларына мектеп формасын, спорттық костюмдер мен аяқ киімдер таңдап, кеңсе заттары мен кітаптарды 10­-50% жеңілдікпен сатып алуда.

Астана қаласының білім басқармасы кәмелет жасқа толмағандардың құқықтарын қорғау бөлімінің басшысы Ләззат Орынбасарованың айтуынша, бірінші кезекте жәрмеңке тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларға көмектесуге бағытталған, оның басты мақсаты елордалық балаларды мектепке қажетті заттармен қамтамасыз ету.

Сонымен қатар, шара барысында халыққа кеңес беретін қоғамдық қабылдау бөлімі жұмыс істейді. Көпшілік назарына Оқушылар сарайыларының, музыка және өнер мектептері ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылады.

Айта кетейік, шара жыл сайынғы «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында өткізіліп жатыр.

ОҚО-да «Ырыс» микроқаржы ұйымы өз кәсібін бастаймын деген азаматтарға дем беруде

BenQ Corporation
BenQ Corporation

Қазақстанда мал шаруашылығы саласын дамытудың негізгі мақсаты — еліміздің ішкі сұранысын мал шаруашылығы өнімдерімен толық қамтамасыз ету және оның экспорттық әлеуетін іске асыру болып табылады. Аталмыш шаруашылықты дамыту жолында «Ырыс» микроқаржы ұйымы да елеулі еңбек етуде. Мал шаруашылығымен айналысамын деушілерге барынша қолдау көрсетіп келеді. Осы орайда, Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы бойынша қаржы орталығынан қолдау тапқан бірнеше жобалар бар.Үлгі ретінде, жеке кәсіпкер Артықжан Джаббарқұлов шаруа қожалығын айтсақ болады. Мемлекеттің шарапатын көрген кәсіпкер былтыр «Ырыс» қаржы ұйымынан ірі мүйізді мал басын бордақылау мақсатында 3 млн. теңге несие алып, 18 бас ірі қара мал сатып алған. Бүгінде шаруа малдың санын көбейтіп, жылына 5,4 тонна ет өндіруде. Малдың басын өсіріп, пайдасына жарата білетін қожалық иесі Шымкенттіктер мен Алматылықтардың етке деген сұранысы көп болғандықтан, өз шаруашылығын кеңейтуді жоспарлап отыр.

Айта кетейік, «Ырыс» микроқаржы ұйымы мал бордақылау алаңдарын құру мақсатында Сайрам ауданы бойынша соңғы 4 жылда 998 мың 600 теңгеге 343 жоба қаржыландырылған. Соның  нәтижесінде аталмыш ауданда  400-ге жуық адам жұмыспен қамтылды, деп хабарлайды ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.

ОҚО-да Тәуелсіздік жылдары 400 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылған

onk_9975ОҚО-да Тәуелсіздік жылдары 400 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылған. Бұл туралы ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде «Тәуелсіздік жетістіктері» туралы брифинг берген облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік  бағдарламалар басқармасының басшысы Ә. Темірбаева мәлімдеді.

Оның айтуынша, Тәуелсіздік алғаннан кейін облыс халқының саны артып, әлеуметтік жағдайы жыл сайын жақсарып келген. Сонымен қатар, осы уақыт аралығында облыста 402 мың жаңа жұмыс орындары құрылған. Нәтижесінде, жұмыспен қамтылған халықтың саны 60%-ға өсіп, жұмыссыздық деңгейі 14,3 пайыздан 5,2 пайызға дейін төмендеген.

«2011 жылдан бастап жаңа жұмыс орындарын құру, кәсіпкерлікті дамыту, кәсіптік даярлау және жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге бағытталған «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы облыста өз деңгейінде жүзеге асырылып келеді. Мәселен, 2011-2015 жылдары бағдарламаға бөлінген 51 млрд.теңгеден астам қаржы мақсатты игеріліп, 190 мыңнан астам азаматқа әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілді.  Ал, осы жылы бағдарлама аясында 14,4 млрд.теңгеге 57 мыңнан астам азаматқа әлеуметтік көмек көрсету жоспарлануда»,-деді басқарма басшысы.

Баспасөз мәслихатында белгілі болғандай, өңірде 2011-2015 жылдар аралығында 36 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылып, оларға 14 619 адам немесе 40,5 пайызы жұмыспен қамту органдарының жолдамасы арқылы орналасқан.

Кәсіптік-техникалық білім беру мәселесі аса маңызды

Кәсіптік-техникалық білім беру мәселесі аса маңыздыКонгресс-Холлда өтіп жатқан білім қызметкерлерінің тамыз кеңесі барысында елорда әкімі Әсет Исекешев Астанада кәсіптік-техникалық білім беруді дамытудың маңызды екендігін атап өтті, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

—  Мен өзім ПТУ-ды бітірдім, сондықтан осы кезеңде бұл сегменттің маңыздылығын түсінемін. Мемлекет басшысы адамдар қажетті кәсіпті меңгеруі керек деген соң болашақта сұранысқа ие болатын кәсіптерге бағдарлап, мамандарды қайта даярлау мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін елордада әр адамға қажетті мамандық бойынша білім алуға мүмкіндік беруіміз керек, негізінен, бұл бағдарламалау, — деді қала басшысы.

Елорда әкімінің атап өтуінше, ағылшын тілін дамытуды қолдауды күшейту керек. Мұғалімдерді оқыту мәселесі ҚР Білім және ғылым министрлігімен талқыланады.

«Бағдарламалау мен ағылшын тілі – болашақта ақылды қалада жұмыс істеу үшін қажетті элементтер», — деді Әсет Исекешев.

Оның айтуынша, мұғалімнің беделін арттыру қажет. Білім министрі Ерлан Сағадиевке қаратып айтқан сөзінде әкім халықаралық практикалар негізінде жеке педагогикалық оқу орнын ашу мүмкіндігін қарауды ұсынды.

Педагогтардың кәсіби шеберлігі білім беруде жетістікке жетудің кепілі болып табылады, сондықтан бұл кәсіптің беделін арттыру керек.

«Бұл білім жүйесіндегі аса маңызды элемент. Қазіргідей мұғалімдер танымал және құрметті болуы үшін біз қалалық деңгейде мұғалімдерді көтермелеп, қолдаймыз, — деді әкім.

«Әзірет Сұлтан» музейінде «Ядролық қарусыз әлем» тақырыбында көрме өтті

«Әзірет Сұлтан» музейінде «Ядролық қарусыз әлем» тақырыбында көрме өтті«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі кітапхана бөлмесінің оқырмандар залында кеше, 18 тамызда  «Ядролық қарусыз әлем» тақырыбында фото, кітап көрмесі ашылды.

Аталмыш көрме  29 тамыз — халықаралық ядролық қаруға қарсы күрес күні мерекесіне орай ұйымдастырылды. ХХ ғасырдың соңында КСРО Үкіметі еліміздің Семей өңірін ядролық қарудың сынақ алаңына айналдырды. Статистикалық мәліметке жүгінсек, бір айда 19-ға дейін сынақ жүргізіп отырған. Жалпы елімізде 500-ге жуық  ядролық қаруды сынақтан өткізген екен. Осыған орай елімізде «Невада-Семей» қоғамдық қозғалысы құрылып, нәтижесінде бір айда 19 мәрте сынақтан өтетін ядролық қару он есеге дейін азайды. 1991 жылы 29 тамызда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Семей полигонын жабу туралы Жарлығы шықты. Сөйтіп тиянақтылық пен табандылық танытқан қазақ халқы өз мақ­сатына жетіп, халқымыздың басына төнген зұлмат күндер артта қалып, егеменді, тәуелсіз еліміз ядролық қарудан бас тартып, бүкіл әлемге бейбітшілік есігін айқара ашты.

Көрме экспозициясына ядролық сынақ алаңынан түскен бірегей фотолар, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың БҰҰ-да ядролық қарудан бас тарту жөніндегі жасаған баяндамасынан көріністер, «Невада-Семей» қозғалысының митингілері мен басқосуларынан сын шерткен фотосуреттер қойылды. Сонымен қатар, Қр Президентінің қаламынан туындаған «Бейбітшілік кіндігі», «Сындарлы он жыл» сынды кітаптары мен БАҚ-да жарияланған мақалалары көпшілікке таныстырылды.

Көрме бір ай келушілерге қызмет көрсетеді.

ҚазАқпарат

Мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы бақыланды

Мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы бақыландыБүгін «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед жұмыс сапарымен Алматы облысына келді. Өңір әкімі Амандық Баталовпен бірге шаруалармен кездесіп, қант зауытының жаңғыртылуы барысымен танысып, сондай-ақ, басымдыққа ие мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуының сапасын бағалады.

Іссапар Жетісуда жетекші орын алатын «Хильниченко және К» командиттік серіктестігінің жұмысымен танысудан басталды. Бұл серіктестік 500 фермердің басын біріктіреді. Шаруашылықтың 39 мың гектар жері, 123 ауыл техникасы бірлігі және 2300 мал басы бар.

Ауыл шаруашылығы – Алматы облысының негізгі табыс көзі. Сонымен бірге бүгінгі күні өңірде ауыл шаруашылығы өнімдерін тереңдетіп өңдеуге баса назар аударылуда. Миллиардтаған теңге салынған Көксу қант зауытын жаңғыртудың қарқыны — осының жарқын мысалы.

Тартылған инвестициялардың арқасында кәсіпорын өндіріс көлемін ұлғайтып, жылына 25 мың тоннаға дейін қант шығаруға қол жеткізе алады. Осылайша қант өндірісін толыққанды жаңартуға қарымды қадамдар жасалып отыр. Бұл — Мемлекет басшысының өңір экономикасын дамытуға байланысты қойған басты талаптарының бірі.

Алматы облысы Елбасының «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыруда маңызды роль атқарады. Аталған инфрақұрылымдық жоба шеңберінде 2016 жылы Жетісуға 36 миллиард теңге бөлінді. Қаржының негізгі бөлігі көлік дәліздерін дамытуға бағытталды.

Мұхтар Құл-Мұхаммед «Алматы — Өскемен» автомагистралін жаңғыртудың барысымен танысты. Алматы облысынан өтетін жол аумағының ұзындығы 141 шақырымды құрайды. Табиғаттың қолайсыз жағдайынан биылғы жылы жұмыс барысы созылып кетті. «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары «Нұрлы Жол» бағдарламасының Президенттің ерекше бақылауында екенін құрылысшылардың есіне салып, орындалу мерзімін кешіктіруге болмайтынын айтты. Мұхтар Құл-Мұхаммед партияның облыстық филиалына мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына бақылауды күшейтуді тапсырды.

Сонымен қатар партия Төрағасының Бірінші орынбасары облыс орталығында жаңадан салынған «Жастар» саябағы мен Қаратал өзенінің жағалауындағы демалыс аллеясын көрді.

Қаладағы «Талдықорған» индустриялдық аймағында болған М. Құл-Мұхаммедке облыстағы «Gate City», «Қазбек бек», «Қайрат», «Арна», «Боралдай» сияқты индустриалды аймақтар мен бірқатар аудандардағы өнеркәсіп алаңдарын дамыту барысы баяндалды. Соның ішінде «Талдықорған» индустриалды аймағы туралы кеңінен хабарланды. Оның аумағы 590 гектардан асады. Кәсіпорын иелері үшін ерекше жағдай жасалған арнайы инфрақұрылымның алаңына төрт миллиардтан астам теңге салынды. 11 кәсіпорын жұмыс істеуде. Таяу уақыттары тағы алтауы іске қосылады – қазір олардың құрылысы жүріп жатыр.

 Мұхтар Құл-Мұхаммед Алматы облысының Президент тапсырмасын орындап, аграрлық қана емес, сондай-ақ еліміздің өндіріс орталығына айнала алатынына сенім білдірді.

— Бүгінгі Талдықорған аймағынан көрген істерге көңілім толды. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасы бойынша облыста бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылған, соның ішінде «Нұрлы жол», Индустриалды-инновациялық даму бағдарламаларын орындау, қант қызылшасы мен жүгері өсіріп, өңдеу ісі жақсы жолға қойылып келеді, — деді М. Құл-Мұхаммед. Сонымен қатар ол биылғы жылы Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының екінші кезеңі басталатынын, бұл орайда индустриалды аймақ құрып, жаңа кәсіпорындар салудың аса маңызды екенін айтты. Президенттің әрбір тапсырмасы қашанда «Нұр Отан» партиясының бақылауында болатынын атап өтті.

Партия Төрағасының Бірінші орынбасары өз іссапарының қорытындысында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы ғимаратында партия белсенділерімен жиналыс өткізбек.

Әнші Ademi: «Мен Жанель Сәдуақастың өнерін аса жоғары бағалаймын»

71e08ab290c862abc85cb13cf6eАстаналық Жанель Сәдуақас жақында «Балалар жаңа толқыны» байқауы өткен Артек лагерінен оралды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Жас әнші «қола» жүлдеге қол жеткізіп, байқау тарихында бұрын-соңды болмаған ең көп қолдаушылар жинағаны үшін сыйлық алды. Жанельдің тәлімгері әнші Ademi де былтыр «Жаңа толқын» байқауында екінші орын алған болатын. Ол байқаудың қалай өткені туралы әңгімелеп, жас орындаушының алдағы жоспарларымен бөлісті.

Байқауда 11 елден 15 жас дарын бағын сынады. Бірінші күні Жанель «Қазақ елi осындай» әнін, ал екінші күні Кристина Агилераның «Something’s got a hold on me» әнін орындады.

– Алғашқы дайындықтан бастап Жанельдің жанында болдым, оған кәсіптік қолдау көрсеттім. Репетициялар Артектің жанындағы Алуште қаласында өтті. Бәрі бір залда дайындалды. Әрине, бәсекелестік болды. Бірақ ұйымдастырушылардың дұрыс тәртібі, дұрыс ережелері ұйымшылдықта маңызды рөл атқарды. Балалар бір отбасыдай тату болды, жарыс күндері бір-бірі үшін шын қуанып жатты. Ересектер орындаушыларға олардан үлгі алу керек, – дейді әнші Ademi.

Оның айтуынша, Жанель репертуар таңдағанда қиналған. Алдымен комиссия екі әнді таңдады, бірақ олар байқаудың форматына сай болмай шықты. Сондықтан аз уақыттың ішінде репертуарды толық өзгертіп, әндерді жаңадан әрлеуге, байқауға қайта дайындалуға тура келді. Жас орындаушының жанында анасы, тәтесі, хореограф пен моральдық және эмоционалды қолдау көрсеткен бауыры да болған.

– Байқауға қатысуымыздың мақсаты – Жанельді орындаушы ретінде одан әрі дамыту, жаңа деңгейге шығу, жетекші продюсерлердің қол астында жұмыс істеу. Мен Жанельдің өнерін аса жоғары бағалаймын, өйткені «Балалар Жаңа толқынына» қатысудың өзі жеңіс, ал жүлделі орынға ие болу – үлкен жетістік. Бұл шығармашылық жолда бағындырған тағы да бір белес, бұл одан әрі еңбектеніп, вокалдық шеберлікті шыңдауға сеп болады, — дейді Ademi.

Жанель бес жасынан бастап түрлі республикалық байқауларға қатысып, топ жаруда. Жанельдің ерекше дауысын байқап, оның шығармашылығын дамытуға жан-жақты қолдау көрсетіп келе жатқан ата-анасының арқасында 11 жасар әнші Қазақстанда ғана емес, халықаралық алаңдарда да сәтті өнер көрсетіп жүр.

Талдықорғанда 300 орынды аурухана ашылды

99627c91372f3eea6effd34bc3bcec47Талдықорған қаласында Талдықорған қалалық көп салалы аурухана ашылды. Салтанатты жиында қалалықтарды осы маңызды жаңалықпен облыс әкімі Амандық Баталов құттықтады. Дәл осы күні аталмыш ауруханаға жұмысқа шақырылған қызметкерлердің 7-еуіне жаңа пәтер кілттері берілді.

Өз сөзінде облыс басшысы өңірде мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде халықтың денсаулығын нығайтуға ерекше көңіл бөлініп отырғанын атап өтті.

Осындай құттықтау сөзді әріптестеріне медицина қызметкерлері де арнады. Олардың арасында денсаулық сақтау саласының ардагері Шаймерден Садықов және аурухана дәрігері, уролог Асқар Садықов та бар. Олар осындай ауқымды, толық жабдықталған, медицина мамандарының нәтижелі жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасалған жаңа аурухана үшін ризашылықтарын жеткізіп, өз істерін мінсіз атқаратындарына сендірді.

Салттанатты жиында «Астана Құрылыс» компаниясының бірінші вице-президенті Қайрат Сандықбаев аурухананың бас дәрігері Сәуле Құсмолдановаға ғимараттың символикалық кілтін тапсырды.

Облыс әкімі А. Баталов өңір ардагерлерімен бірге жаңа аурухананы аралап, қонақтарды ондағы құрал-жабдықтармен таныстырды, емделушілермен тілдесті.

Талдықорған көп салалы ауруханасының құрылысына 9 371,0 млн. теңге, оның ішінде жергілікті бюджеттен 1 887,0 млн. теңге бөлінген. Аурухана жалпы құны 4 094 млн. теңге болатын заманауи медициналық құралдармен, техникалармен жабдықталған. Кадрлық құрамы — 676 бірлік, оның 143-і — дәрігерлер.

Ғимараттың жалпы алаңы 33 885,6 шаршы метрді құрайды. Ауруханада стационарды алмастыру, станционарлық, жоғары кәсіби медициналық көмек көрсетіледі. Аурухана құрылымында терапия, хирургия, политравма және қалпына келтіру ортохирургиясы, нейрохирургия, миниинвазивті хирургия, оториноларингология және жақ-бет сүйек хирургиясы, урология және офтальмология бөлімдері жұмыс істейді. Құрал-жабдықтардың ішінде – магнитно-резонанстық томография, эксимерлік лазер, барокамера, эндобейнехирургиялық құрылғы және басқа да жабдықтар бар.

Оңтүстік пен Австрия жаңартылмалы энергия көздері саласында ынтымақтастық орнатпақ

Оңтүстік пен Австрия жаңартылмалы энергия көздері саласында ынтымақтастық орнатпақОңтүстік Қазақстан облысы делегациясының Австрияға іскерлік сапары шеңберінде Оңтүстік Қазақстан облысының жаңартылмалы энергия көздері (бұдан әрі ЖЭК) саласындағы даму әлеуеті таныстырылды. Австриялық инвесторлармен энергетикалық компаниялар өкілдерін біздің өңірдің климаттық ерекшеліктері мен баламалы энергетиканың барлық түрлерін дамыту мүмкіндігі қызықтырды, деп хабарлайды ОҚО әкімінің бспасөз қызметі.

Сондай-ақ, австриялық инвесторлар Қазақстанның «жасыл экономика» тақырыбында ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу маңыздылығын атап өтті.

ЖЭК саласы Австрияда жоғары дамыған, мұны Каринтия Федералды жерінің Үкіметінің алдағы 19-20 жылда дәстүрлі электроэнергия көздерінен «жасыл» энергетика көздерінің пайдасына толығымен бас тарту  жоспарлары көрсетіп отыр.

Сонымен қатар ОҚО делегациясы жылдық айналымы 11 млрд. АҚШ долларын құрайтын, HELIOVIS заманауи күн электростанциясына барды.

Кәсіпорынның бірегейлігі, электростанцияда күн концентраторының жаңа типі HelioTube орнатылғандығы болып табылады. Аталған концентратор типі ресурстар шығынын 55%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді, яғни көмірқышқыл газының шығарылуы қарапайым күн панельдерінен анағұрлым төмен.

Бұл ретте, Оңтүстік Қазақстан облысында электроэнергияның айтарлықтай жетіспеушілігі туындап отырғандығын атап өтуге болады. Ішкі жүйелер өңірдің электроэнергия қажеттілігінің тек жартысын ғана қамтамасыз етіп отыр. Электроэнергиясының жетіспеушілігі негізінен жақын өңірлерден жеткізілу арқылы орны толтырылып отыр.

Электроэнергиясының жетіспеушілігін жою үшін өңірдің табиғи әлеуетін, яғни жылына 300 күн шығып тұратын күн шуағын пайдалану жоспарлануда.

Тұтастай алғанда, Оңтүстік Қазақстан облысында жаңартылмалы энергия көздерін пайдалану кең айналым алып келеді. Қазіргі таңда, облыста жаңартылмалы энергия көздері саласында 27 жоба іске асырылуда, оның ішінде 11 жоба күн электростанцияларының құрылысына бағытталған.