Домой Блог Страница 15

«Оңтүстік» АЭА-да аяқ киім кәсіпорыны ашылды

d537d234c8762d6d77bd1383bc7«Оңтүстiк» индустриалды аймағында «Кирал Достық» аяқ киiм кәсiпорнының ашылу салтанаты өттi. Оған облыстық кәсiпкерлiк, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы Марат Қарабаев қатысып, ұжымды құттықтады.

«Ел Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығы мерекесi қарсаңында ашылып отырған кәсiпорынның iсi алға баса берсiн. Баршаңызды отандық өнiмге қолдау көрсетуге шақырамын»,- дедi ол.

«Кирал Достық» ЖШС-нiң директоры Болатбек Дариябаевтың айтуынша, жобаның құны 185 млн. Теңге тұрады. Бүгiнде мұнда 70-ке жуық адам жұмыс iстеуде. Бәрi жергiлiктi тұрғындар. Индустрияландыру картасы арқылы iске қосылған жаңа кәсiпорында бастапқыда жазғы аяқ киiмдер тiгiлсе, қазiр кебiстер мен әйелдерге арналған сүйретпе аяқ киiмдер шығарылуда. Өндiрiстiк қуаты жылына 1 млн. жұп аяқ киiм.

«Жұмысты өткен жылдың аяғында бастадық. Бұл жобаны жүзеге асыруға қолдау көрсеткен облыс әкiмдiгiне, «Оңтүстiк» индустриалды аймағына айтар алғысымыз мол. Өндiрiске қажеттi инфрақұрылым үшін 1 гектардан аса жер бөлiп бердi. Аяқ киiм шығаруға арналған құрал-жабдықтар Түркия мен Қытайдан әкелiндi. Жұмыс өнiмдiлiгi жоғары. Қазiр бiздiң тауарларымыз елiмiзбен қатар көршiлес Ресей нарығына да жол тартуда. Алдағы уақытта өндiрiс көлемiн ұлғайтып, осы саланы одан әрi дамытуды көздеп отырмыз»,- дейдi жас кәсiпкер Болатбек Дариябаев.

ҚазАқпарат

4 жекеменшік балабақша ашылды

ea2edb42bae5321baa516aa84669c2f7Кеше Талдықорған қаласында 4 жекеменшік балабақша ашылды.

40 орындық «Нұр ай» және 50 орындық «Аниса» балабақшаларының ашылуына қала әкімі Бағдат Қарасаев арнайы қатысты.

«Бұл — мемлекет пен жекеменшік әріптестіктің нақты нәтижесі. Мемлекет болашағының жарқын болуын ойлап, қолдан келген ізгі көмегін көрсетіп жүрген кәсіпкерлеріміздің  арқасында қаламызда бүлдіршіндерді мектепке дейінгі біліммен қамту көрсеткіші 87 пайызға жетіп қалды», —  деп атап өтті қала әкімі Б. Қарасаев.

Бүгін есігін ашқан жаңа балабақшаларда балдырғандар үшін барлық жағдай жасалған.

Айта кетелік, бүгінде қалада 57 мектепке дейінгі мекеме жұмыс істеп келеді. Алдағы уақытта мемлекеттік – жекеменшік әріптестік шеңберінде тағы да көптеген білім беру нысандарын салып, бүлдіршіндерді толықтай мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету жоспары бар.

Тәуелсіздік тойына тарту!

c14bff712d952c65a02f903cf57e714bЕл Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Талдықорғанның Тәуелсіздік және Шевченко көшелерінің қиылысындағы үй ауласында орналасқан жаңа спорттық алаңқай аула тұрғындарының пайдалануына берілді.

Қала тұрғындарына мерейтой қарсаңында осынау қажетті нысанды «Стройсервис-97» ЖШС тарту етті. Мұнда азаматтардың спортпен айналысуы үшін 10 шақты спорттық құрылғылар орнатылған. Енді  талдықорғандықтар  жыл он екі ай осы алаңқайларда дене жаттығуларымен айналыса алады.

Бүгінгі күні бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Талдықорғанның 5 ауласында дәл осындай алаңқайлар орнатылған.

Әсет Исекешев желтоқсан оқиғаларының қатысушыларына естелік медальдар табыс етті

c-2Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында елорда әкімі Әсет Исекешев желтоқсан оқиғаларының 18 қатысушысына «Желтоқсанның 30 жылдығы» құрмет медальдарын табыс етті, деп жазады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Астана әкімі қонақтарды құттықтап, мемлекеттік мерекенің маңыздылығын атап өтті.

«Биыл ел тәуелсіздігіне 25 жыл, тарихи тұрғыдан бұл қысқа кезең, бірақ Қазақстан үшін бұл тарихи кезең. Елбасымыз айтқандай, бұл жылдың маңызды оқиғасы. Еліміздің барлық жетістіктерін ұғынып, болашаққа жоспар жасауымыз керек», – деді әкім.

«Мемлекет басшысы «Мәңгілік елге» айналу жолында мықты мемлекет құрып, әлемнің өркениеті озған 30 елінің қатарына қосылу мақсатын қойды. Мереке қарсаңында желтоқсан оқиғаларының қатиысушыларына естелік медальдар табыс ету мен және менің әріптестерім үшін үлкен құрмет, тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы есте қалар оқиға болады деп ойлаймын», — деді әкім өз сөзінде.

Өз кезегінде марапатқа ие болғандар әкімге көңіл көбілп, құрмет көрсеткені үшін алғыстарын айтты.

«Астана – Президенттің төл перзенті. Бұл біздің жоба, мемлекетіміздің келбеті. Сізге қызметіңізде толағай табыстар тілейміз, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орайластыырылған шаралар, желтоқсан оқиғасының 30 жылдығын лайықты атап өтейік. Еліміздің жетісстіктерін барша әлемге тағы да паш етейік. Біз барлық жоспарларды жүзеге асыруға көмектесуге дайынбыз» — деп мәлім етті ҚР Парламенті Мәжілісі аппараты басшысының орынбасары Сабыр Касимов.

Қызылордалық Гүлбану Әзімхан «Қазақстан аруы – 2016» атанды

Бейбітшілік және келісім сарайында сұлулық сүйер қауым ең ауқымды әрі ең әсерлі сұлулық байқауы «Қазақстан аруы — 2016» байқауын тамашалады. Жиырмасыншы мерейтойлық «Қазақстан аруы-2016» байқауы айрықша атмосферада өтті, деп жазады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Қазақстандықтардың онлайн және смс-дауыс беруі арқылы еліміздің ең сұлу аруы атағын Гүлбану Әзімхан иеленді. Бас жүлде мен бес миллион теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықтың иегері атанған бойжеткен «Әлем аруы — 2017» халықаралық байқауында ел намысын қорғайтын болады.

Астаналық Елназ Нұрсейітова бірінші вице-ару атанды. Екінші вице-ару — көкшетаулық Жанар Тұрлыбаева. Үшінші вице-ару — өскемендік Анастасия Усольцева.

Алғаш рет жобаға «Дарындар шоу-думаны» жаңа форматы енгізілді, онда әрбір 25 қатысушы өз қабілеттерін көрсете алды. Ұлттық және кешкі көйлектер киіп-шығудан басқа, көрермендер назарына қазақ даласының ұлы қыздары: Дина Нұрпейісованы, Әлия Молдағұлованың, Күләш Байсейітованың тағдырлары туралы жоба ұсынылды. Байқаудың финалына шыққандар өз кейіпкерлерінің тағдырлары туралы баяндап, ұлы даланың қаһарман қыздарының өмірлік ұстанымдары, мінсіздікке ұмтылыстары бүгінгі күні адамдарды шабыттандырып, үлгі алар тұлғаларға айналып отырғанын жеткізді.

Конкурстың соңғы турында арулар қазылар алқасының сұрақтарына жауап берді.

Салтанатты кештің жүргізушілері танымал тележүргізуші Динара Сәтжан және опера әншісі, «Астана Опера» театрының солисі Сүндет Байғожин. Қонақтар алдында «Славянский базар — 2015» байқауының жеңімпазы Димаш Құдайбергенов, әншілер Мақпал Исабекова, Айкын, рәсімнің хэдлайнері Формат тобы мен Қайрат Баекенов өнер көрсетті.

«Ақшаның бір бөлігін балалар үйіне, қалғанын – ата-анама беремін», — деді Гүлбану Әзімбаева журналистерге берген сұхбатында.

Талдықорғанда тағы бір нысан ел игілігіне берілді

cbb2ab9fba90f7876daa4204305c5583Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай Талдықорған қаласының Солтүстік-Батыс аймағында қала тұрғындарына түрлі қызмет көрсететін нысандар топтастырылған жаңа ғимарат қолданысқа берілді.

Атап айтар болсақ ғимаратта фельдшерлік амбулаториялық пункт, полиция пункті, кітапхана, ардагерлер бөлмесі орналасқан.  Ғимарат 10 жыл бұрын салынған болатын.  Тәуелсіздік күніне орай, ғимарат күрделі жөндеуден өткізіліп,  бүгінде халыққа толық режимде қызмет көрсетуге кірісті.

Игі шараға қала басшысы Бағдат Қарасаев қатысып, жаңа нысан қызметкерлерінің жұмыстарына сәттілік тіледі.

Астана: кеше, бүгін, ертең

c-1Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның болашағына ықпал еткен басты шешімдерінің бірі елорданы Алматыдан Астанаға көшіру екендігі сөзсіз.

1997 жылы Астана (ол кезде Ақмола) жас мемлекетіміздің жаңа астанасы атанды. Сарыарқаның жүрегінде орналасқан қала ХХ ғасырдағы Қазақстанның үшінші астанасы. Осындай маңызды шешім біреудің тапсырмасымен емес, республиканың билік өкілдерінің бастамасымен алғаш рет қабылданды. 1998 жылдың 10 желтоқсанында Астананың халықаралық тұсаукесері өтті.

Мемлекет басшысының елорданы көшіру туралы шешімі әуелде бәріне авантюра болып көрінгені жасырын емес, 90-шы жылдары барлық посткеңестік кеңістікте тоқырау, жұмыссыздық, экономикалық құлдырау орын алды. Скептиктердің көбі, бұл жобаның сәтті жүзеге асырылатынына сенімсіздік танытты.

Бірақ уақыт бәрін өз орнына қойды, Елбасының қиядан шалатын көрегендігі елінің бақытына орай шындыққа айналды. «Назарбаевтың төл перзенті» — Астана Қазақстан мемлекетінің басты символдарының біріне, барша әлемге танымал брендке айналды.

Бірнеше жылдың ішінде Астана Қазақстанның басты әкімшілік қаласы ретінде қалыптасты. Жаңа елорда  – кешегі Ақмола – мемлекетті модернизациялауға және экономикамыздың барлық салаларында қарқынды өсімге жаа серпін берді. Шаһар барша қазақстандықтарды еліктірді. Бүгінде Астана бұрынғы Кеңес Одағы мемлекеттерінің аумағындағы ірі мәдени, әкімшілік-іскерлік, қаржы-экономикалық орталық болып табылады.

Бүгінде Қазақстанның асанасы қалай өзгерді, оның қысқа ғана тарихында қандай оқиғаларды атап өтуге болады?

Бірінші кезекте, қала халқының қарқынды өсімі, табиғи демографиялық өсім мен көші-қон өсімінің арқасында халық саны 275,3 мың адамнан 1 миллионға жетті, бүгінде Астана Қазақстандағы «миллион» тұрғыны бар екінші қала. Қазіргі кезде бала туу көрсеткіші жалпыреспубликалық көрсеткіштен 1,3 есеге артты. Бұл ретте 2016 жылы нәрестелер өлімі Астанада 2016 жылы бала өлімі 1 мың жаңа туған нәрестелерге шаққанда 7,5%-дан (2015 жылы) 2016 жылы 6,2%-ға дейін төмендеді, бұл республикалық көрсеткіштен 1,5 есе төмен. Сондай-ақ, ана өлімі 2015 жылмен салыстырғанда 1,6 есе төмендеп, 100 мың адамға шаққанда 4,8 құрады, бұл республика бойынша көрсеткіштен 2,6 есе төмен.

Халық өсімі жаңа баспаналар, әлеуметтік, мәдени нысандар салуды, жаңа көлік инфрақұрылымын құруды және т.б. қажет етеді. Ресми статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2016 жылдың қорытындысы бойынша Астанада 280-нен аса пәтер (2020 жылға дейінгі Өңірлерді дамыту бағдарламасы шеңберінде). Көлік инфрақұрылымы табысты жаңғыртылуда.Елорда тұрғындары мен қонақтарына жайлы болуы үшін 2016 жылы 45 аялдама павильоны орнатылды, электронды жолақы төлеу жүйесі мен жүктемесі көп бірқатар көшеде бір бағытты қозғалыс енгізілді, қоғамдық көлік үшін жолақтар бөлінді.

Инвестиция тарту–экономиканың маңызды индикаторы. Ойланып көріңізші: Мемлекет басшысы ел астанасын ауыстыру туралы шешім қабылдаған сәттен бастап (1998 жыл) елордаға құйылған инвестициялардың көлемі 40 есе өсіп, 40 млрд АҚШ долларынан асып түсті! Қазіргі уақытта Қазақстанның негізгі капиталға инвестициялардың жалпыреспубликалық көлеміндегі елорданың үлесі 11% құрайды.

2016 жылдың қаңтар-қазан айларында Астана қаласының негізгі капиталына тартылған инвестициялардың көлемі 631 млрд теңгені құрады, бұл 2015 жылдың сәйкес кезеңіндегіден 6,7%-ға көп.

Жыл басынан бері «Астана — жаңа қала» АЭА-ында жалпы құны 204,8 млн теңге болатын 7 жоба іске қосылды, 2016 жылдың соңына дейін жалпы құны 1 млрд теңгеге жуықтайтын, 63 жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін тағы 2 жобаны тапсыру жоспарланып отыр.

Елордада жаңа денсаулық сақтау және білім мекемелері де бой көтеруде. 2016 жылдың соңына дейін үш денсаулық сақтау нысанының құрылысын аяқтау жоспарланған: 500 төсек-орынға арналған туберкулезге қарсы диспансер (Железнодорожный тұрғын алабының солтүстік-шығысында), сот-психиатриялық сараптама бөлімі, жедел медициналық жәрдем станциясы; жыл сайын жаңа мектептер мен балабақшалар ашылады. Озық оқыту технологиялары белсенді енгізіліп жатыр.

Бұл да оң әсерін беруде, мұны 2016 жылы елордалық оқушылар халықаралық олимпиадалар мен конкурстарда еншілеген жүлделерден көруге болады: «Астана құрамасының» қоржынында осындай интеллектуалдық жарыстарда жеңіп алған 267 марапат бар. Сонымен қатар, астаналық оқушылар республикалық олимпиадада және ғылыми жобалар конкурсында  он жыл қатарынан жалпыкомандалық есепте бірін орын алып, «Үздік команда» атанып келеді.

Астана Қазақстанның басты туристік орталықтарының бірі. 1998-2016 жылдар аралығындағы кезеңде Астанаға жыл сайын келетін шетелдіктердің саны шамамен 50 есеге, Қазақстан азаматтарының саны 43 есеге артты. ЕХРО-2017 халықаралық көрмесі қарсаңында туристік инфрақұрылымды дамыту үшін қалада ауқымды инфрақұрылымдық өзгерістер орын алуда, бұл ару астанамыздың тартымдылығын арттырады. Қызмет көрсету саласының сапасын жақсарту мақсатымен Астананың Recommended by EXPO-2017 әріптестік бағдарламасы жүзеге асырылуда, оған қонақ үйлер, хостелдер, қоғамдық тамақтану нысандары, қызмет көрсету кәсіпорындары және көлікті компаниялар қатысуда.

…Айрандай ұйып отырған барша қазақстандықтардың еңбегінің арқасында тәуелсіздік жылдары Астана үлкен жетістікке қол жеткізді. Астана өткен мен бүгінгі заман емес,болашаққа көз тастайды. Демек, Қазақстанның бас қаласының маңызды кезеңдері әлі алды.

stana.gov.kz

Тұрақтандыру қорының жұмысы талқыланды

a87876897541401829f7d8b2c242dfa8Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашовтың төрағалығымен облыстық әкімдікте бүгін тұрақтандыру қорын басқару жөніндегі комиссия мүшелерінің отырысы өтті. Жиында бағаларды бақылау мен тұрақтандыру мәселесі талқыланды.

Облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Маржан Мұраттың айтуынша, облыстың тұрақтандыру қорының айналымында 333,6 млн. теңге ақша қаражаты бар. Әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының барлығы 12 түрі сатып алынды. Атап айтқанда, қант, күріш, бидай ұны, шай, жарманың түрлері, макарон өнімдері алынды.

Сатып алынған тауарлардың бөлшек саудадағы бағасы белгіленген және нарық бағасынан 5-10% төмен. Бұл тауарлар әлеуметтік бағыттағы сауда нүктелерінде сатылады. Талдықорған қаласында олардың саны – 10.

Сонымен қатар қазіргі кезде тұрақтандыру қорының қоймасында 762 224,73 кг азық-түлік тауарлары бар, оған қоса жеткізушілерде — 58 500 кг.

Л. Тұрлашов белгілі бір азық-түліктің нақты бір мерзімдердегі қажеттілігін ескере отырып, әлеуметтік маңызды тауарлардың базарға келіп түскені туралы мәліметті күнделікті жазып отыру жұмысын қолға алуды ескертті. Сондай-ақ облыс әкімінің бірінші орынбасары бағаға тұрақты мониторинг жасауды тапсырды.

Л. Тұрлашов жиыннан кейін әлеуметтік маңызды тауарлардың бағасына бақылау жасау мақсатында қаладағы әлеуметтік бағыттағы сауда орындарында болды. «Санжар» дүкеніндегі, «Дәулет» сауда үйіндегі, коммуналдық базардағы азық-түлік түрлері мен бағаларымен танысты.

Экономиканың барлық салаларына назар аударылады

6a399168b44316a522c2f4f94cd9f865Алматы облысы әкімдігінде аудан, қалалардың өткен 10 айдағы даму көрсеткіштері мен 2017 жылға арналған жоспарлары туралы есептерін тыңдау жалғасуда.

Панфилов ауданының әкімі Б. Абдулдаевтың мәліметіне сүйенсек, бюджет түсімі 107,9 % орындалған. Соңғы екі жыл көлемінде қарқынды жұмыс істеп, 1110 гектар жерге әртүрлі сотты бақ отырғызған «Жаркент Фрукт» ЖШС 2017 жылы 3,0 млрд. теңге инвестиция тартып, сұрыптау және сақтау цехтарын ашуды жоспарлап отыр. Келесі жылы 350 млн. теңге инвестиция тарту негізінде «МаксДорСтрой» ЖШС 70 жұмыс орнымен асфальт шығаратын зауыт, «Әулет» кәсіпорны құны 100 млн. теңге болатын қоқыс өңдейтін зауыт, «ЖарТасПродукт» ЖШС құны 643 млн. теңге болатын темірбетон шығаратын зауыт ашамыз деп жоспарлап отыр. «Қорғас Шығыс қақпасы» АЭА Құрғақ порт аумағында да кәсіпорындар салу көзделген.

Алакөл ауданында экономикалық өсім тұрақты. Аудан әкімі Ә. Жақанбаев ауданда жыл соңына дейін ашылатын жаңа жұмыс орындарының саны 4494-ке жететінін айтты. Аграрлық секторда өндірілген өнім көлемі жыл аяғына дейін  28520 млн. теңгені құрап, 111,6 пайызға шықпақ. Өңірдегі су жүйелерінің 360,2 шақырымына күрделі жөндеу жүргізу арқылы 5,3 мың гектар суармалы егістік айналымға енгізіліп, оның көлемі 35,4 мың гектарға жетеді. 2016 жылы Алакөл демалыс аймағының жолы, Үшарал қаласының әуежайы құрылыстарының жұмыстары жүргізілді. Мәселен, биылғы жылы көл жағалауында 452,5 мың адам демалып, 1562 млн. теңгеге ақылы туристік-сауықтыру қызметі көрсетілген. Кәсіпкерлермен өткізілген кездесу нәтижесінде 500 орынды «Аквамарин Резорд» қонақ үй кешені іске қосылып, 80 жұмыс орны ашылған. Тағы 700 орынды екі жоба қолға алынып, 2017 жылы қолданысқа берілетін болады.

Текелі қаласының әкімі Б. Өнербаевтың айтуынша, шағын және орта бизнес саласында шығарылған өнім мен көрсетілген қызмет негізінде бюджетке түсім – 1,1 млрд. теңгені құрап отыр, бұл бюджет түсімінің 67 % құрайды. «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде қаланың 29 көшесінің 23,5 шақырымында су құбыры жүйесін жаңғырту жұмыстары басталды. «Достық» өнеркәсіп алаңына бірнеше кәсіпорынды орналастару жоспарланып, туризмді дамыту жоспары да бірнеше бағытта қарастырылып отыр.

Қапшағай қаласының да өндірістік әлеуеті мол. Қала әкімі Т.Қайнарбеков «Арна» индустриалды аймағын дамыту жоспары туралы кеңінен тоқталды. Бұл аймаққа алдағы уақытта макарон өнімдерін шығаратын, 500 жұмыс орнын ашатын, қуаттылығы жылына 97,7 мың тонна болатын «МаревенФут Тянь-Шань» ЖШС, күйдірілген кірпіш шығаратын «Алматы Бризг» ЖШС орналастыру жоспарланған. Сонымен қатар қуаттылығы 18,0 МВт 20 жел генераторларынан тұратын жел электр станциясын кеңейту межеленіп отыр. Ол үшін 5760 млн. теңге инвестиция тартылып, 20 жұмыс орны құрылады.  Сондай-ақ шетелдік инвесторлардың қатысуымен аяқ киім шығаратын фабриканың «Гамма» ЖШС зауыты, инвестиция көлемі 119 млн. теңгені құрайтын «Самұрық Сити» ЖШС құс фабрикасы ашылады.

Қаланың туристік мүмкіндігін тиімді пайдалану мақсатында 2017 жылға аумағы 1,7 га және 7,5 га болатын екі жағажайды абаттандыру үшін 265, млн. теңгеге бюджеттік тапсырыс берілген.  «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы аясында алдағы жылға шағын және орта бизнестің инфрақұрылым жүргізу бойынша 3 жобасы ұсынылған. Сондай-ақ су, жылу жүйелерін жөндеу, тұрғын үй құрылысы, газбен қамту, денсаулық сақтау және білім беру мәселелерінде ауқымды жоспарлар белгіленген.

2017 жылға арналған жоспардың негізінде қала әкімдігі келесі жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемін 7,3 %, ауыл шаруашылығы өнімін өндірудің жалпы көлемін 11,5 млрд. теңгеге, негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемін 21,5 млрд. теңгеге дейін арттыруды, 2590 жаңа жұмыс орындарын құруды көздеп отыр.

Талдықорған қаласы әкімінің міндетін атқарушы А. Тұтұбаевтың айтуынша, келесі жылы 7 жаңа кәсіпорын іске қосылады. Оның 4-еуі қазірден жүзеге асырылуда. Осының нәтижесінде 2017 жылы өңдеу кәсіпорындарына 6 млрд. теңге инвестиция тартылып, 481 жаңа жұмыс орны ашылатын болады. 2016 жылдың қорытындысы бойынша 136 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, 2017 жылы бұл көрсеткіш 139 мың шаршы метр деп межеленіп отыр.

Қазір облыс әкімдігінде Ақсу, Сарқан, Ұйғыр, Райымбек, Қаратал аудандарының әкімдері есеп беруді жалғастыруда.

Астанада «Инва СТО» жобасы іске қосылды

«ДОС тәуелсіз өмір» орталығы мүмкіндіктері шектеуле жандарға қызмет көрсетуге бағытталған екі жобасын таныстырды. «Инва СТО» мүгедектер арбасын жөндеумен айналысса, «ДОС Арт» музыкалық-хореографиялық тобы музыкалық және вокалдық қабілеттерін ашуға көмектеседі, деп жазады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

«Мемлекет серуендеуге арналған арбаны 7 жылға, үй ішінде жүруге арналған арбаны 4 жылға бөледі. Белгілі бір уақыт өткен соң ол істен шығады. Арбаны ұзақ уақыт пайдалану үшін осы жобаны іске қостық. Ол да машина сияқты жөндеуді қажет етеді», — дейді «ДОС тәуелсіз өмір» орталығы ҚБ төрайымы Дина Ерділдинова.

Ұсақ, орташа және күрделі жөндеуден басқа, «Инва СТО» кәсіпорнында мүгедектер техникасын жалға алуға болады.

«Біз жылына екі рет арба жөндеуді жоспарлап отырмыз. Мүгедектер арбасын пайдаланатын адамдардың тізімін Жұмыспен қамту басқармасынан алып, телефон соғып, техникалық қызмет көрсетпекпіз», — дейді «Инва СТО» бас шебері Ардақ Оторбаев.

«ДОС Арт» тобының миссиясы мүмкіндіктері шектеулі жандарды мәдени және қоғамдық өмірге тарту. Бағдарламаға вокал, арбамен би және музыкалық аспаптарда ойнау дәрістері енгізілмек.

Биылғы жылы «ДОС» орталығына 10 жыл толады. Мүмкіндіктері  шектеулі адамдарды азаматтық қоғамға интеграциялау жұмысын жүргізе отырып, орталық қыштан бұйымдар жасау, ағаш ою және сәндік-қолданбалы өнер шеберханаларын ашты. Осы үш шеберханада 200 адам оқытылды.