Домой Блог Страница 202

Математика әлеміндегі қиындықтар енді жоқ

Математика әлеміндегі қиындықтар енді жоқБарлығымызға белгілі, математика – ғылымдардың патшасы. Әдеттегідей, мектептегі көп қиындықтар осы математикамен жиі байланыста болады. Қосымша, математика емтихан құрамындағы пәндердің бірі. Ол үшін біреулер ақылы сабақтарға барады, мұғалімдер қосымша уақыт қосып дайындайды, ал біреулер ғаламтордағы бар мүмкіндіктерді пайдаланып жатады. Қарап көрейік, «бүкіләлемдік ақыл»  бізге не ұсына алады екен?

Ескерту: қазақ тілінде ондай сайт жоқ. Орыс не ағылшын тілінде есебіңізді ұсына алуға дайын болыңыз!

1.http://www.webmath.ru

Дизайны әдемі, қолжетімді, түсінікті сайт. Мектеп оқушыларына, тіпті кейде студенттерге де онлайн есептер шығаруға ыңғайлы. Физика, математика т.б пәндерден есеп шығара аласыз. Сайтта математикалық калькулятор бар.

2. http://www.fxyz.ru

Математика, геометрия, физика пәндерінен көптеген формулалар жазылған, онлайн есепті де шығаруға болады.

3. http://www.reshalki.ru

Бұл сайт мектеп оқушылары мен студенттерге көмектесу мақсатында құрылған. Шешу жолдарымен көрсетілген есептер сізге үйренуге де жол ашады.

1) сайтың «онлайн решалки» бөліміне кіресіз;

2) одан әрі, мәселен, «решить квадратное уравнение» деген бөлімге басасыз;

3) берілген есептің формасын қоясыз да, «решить» батырмасын басасыз;

4) жауабын аласыз!

4.http://www.math.com

Ағылшын тілінде жасалған сайт. Ағылшын тілін білсеңіз, еш кедергісіз кез келген есепті шығара аласыз. Болмай бара жатқан жағдайда, онлайн аударманы баса саласыз. 1-ші сыныптан бастап, практикалық тапсырмалардың барлығын шешуді үйренгіңіз келсе, сізге осы бағытты ұсынамыз.

5.http://www.algebra.com

Мұнда  математика, физика пәндерінен тегін онлайн-сабақ ала аласыз. Ерекшелігі – ағылшын тілінде. Онлайн отырған оқытушылардан кез-келген есепті шығару жолын сұрай аласыз, тіпті, ақысыз.

6.http://www.algebrahelp.com

Алгебралық есептерді шешуге арналған портал. Сайт ағылшын тілінде. Өте көп көлемде онлайн калькуляторлар, интерактивті сабақтар, өз бетінше үйренуге мүмкіндік беретін тапсырмалар сізге таптырмас көмекші.

Сайттардың артықшылығы — сіз уақытыңызды үнемдейсіз, есепті өз бетіңізше шығару жолын үйренесіз, онлайн отырған ағылшын ұстаздарының көмегін аласыз.

Автор: Бағила Ағайдар

2016 жылдың көктем мен күз айларына арналған сән үлгілері

2016 жылдың көктем мен күз айларына арналған сән үлгілері2016 жылғы көктем мен күз мезгілдеріне сән сарапшылары кеңес еткен киім үлгілерін назарларыңызға ұсынамыз:

  1. Кең пальто. Осы жылы бұл киімнің барлық түрі сәнде: ашық, жабық, торлы және жолақты. Мұндай пальто үлгілерін бір түсті киіммен киген дұрыс.
  2. Плащ. Жаңбырлы немесе ашық күнде кие беруге болатын элемент. Тек оның астынан басқа киім көрінбегенін қадағалаңыз.
  3. Шілтері көйлек немесе костюм — 2016 жылдың көктемінің фавориті. Ең бастысы, әдемі аксессуар таңдағанда қателеспегініңіз абзал.
  4. Қарапайым пиджак. Әр түрлі матадан тігілген және әр түрлі фасондағы пиджактар. Сәнді пиджакты қай киіммен кисеңіз де өз еркіңіз.
  5. Жейде. Денеде бос тұратын қарапайым және ашық модельдегі жейделер мен блузкалар трендте.
  6. Ыңғайлы шалбар. Кең шалбар тырысып тұратын шалбарды тағы да алмастыруда. Ол классикалық бола дыма, спорттық болады ма, маңызды емес. Ең бастысы — ыңғайлылық. Бұларды жеңі шынтаққа дейін жететін жейделермен немесе блузкалармен киген дұрыс.
  7. Былғары белдемше. Мұның да кез келген түрі сәнде. Оны қысқа күртемен және ұзын етікпен киген дұрыс.
  8. Ашық етіктер. Тізеге дейін жабық және аяқ саусақтары мен өкшесі ашық етіктер. Ұзындығы тізеге дейін жететін кез келген киіммен киюге болады.
  9. Белдік. Сәнді бейнені толықтыру үшін ашық түстісін таңдаған дұрыс.
  10. Ауқымды алқа. Мұндай алқа белдікпен жарасымды болмақ. Ұзындығы белге дейін болса да жақсы. Ел назары бірден алқаға түсетін болғандықтан, киіміңіз қарапайым болғаны жөн.

Назерке Сүлен

Астанада бос орындар жәрмеңкесі өтеді

Астанада бос орындар жәрмеңкесі өтеді12 мамырда сағат 10:00-13:00 дейін Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығы «Astana Mall» сауда, ойын-сауық орталығында «Барлығы үшін еңбек» атты Бос орындар жәрмеңкесін өткізеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Шара барысында жұмыс іздеушілер әлеуетті жұмыс берушілермен әңгімелесуден өтіп, қайта оқыту мен жаңа мамандықты меңгеру мүмкіндігі туралы ақпарат алады.

Қызмет көрсету, білім беру мекемелері, денсаулық сақтау ұйымдары, құрылыс фирмалары, қонақ үйлер, автопарктер, ішкі істер органдары саласындағы 25-тен артық жұмыс беруші бос жұмыс орындарын ұсынатын болады.

Әлем бойынша тегін онлайн білім беретін 10 үздік университет

Бос уақытыңызды пайдаланып, әр түрлі бағытта білім ала аласыз.

  1. MassachusettsInstituteofTechnology

Бұл университет 1800-ден астам тегін интерактивті онлайн білім беретін курс ұсынады. Олардың көбі МIT сертификатын алуға мүмкіндік береді.
http://ocw.mit.edu/index.htm

  1. OpenUniversity

OpenLearn программасы бойынша тегін білім беретін британдық университет. Оның аясында әртүрлі пәндерге байланысты курстар бар. Басты назар гуманитарлық бағытқа арналған.
http://www.open.edu/openlearn/

3. Carnegie Mellon University

Open Learning Initiative программасы аясында бірнеше интернет-курстар ұсынады.
http://oli.cmu.edu/

  1. Tufts University

OpenCourseWare — шет елде интерактивті білім алғысы келетіндерге мүмкіндік беретін білім беру программасы
http://ocw.tufts.edu/

  1. Stanford

Әлем бойынша заманауи профильді техникалық және гуманитарлық білім беретін үздіктердің бірі. Интерактивті курстар, видео және аудио-лекциялар iTunes U сервисіне тегін жазылу арқылы жүреді.
http://online.stanford.edu/courses/

6. University of California, Berkeley

Әртүрлі тақырыптағы тегін курстар мен дәрістер

http://www.berkeley.edu/

7. Utah State University

Бұл жерде тегін онлайн-дәрістер жинақталған. Гуманитарлық мамандыққа, сонымен қатар, техникалық және инженерлік мамандыққа қатысты кең көлемді материалдар жиынтығы қол жетімді
http://ocw.usu.edu/education/index.html

  1. Kutztown University of Pennsylvania

Қызығушыларға арналған тегін курстар жиынтығы
http://www.kutztownsbdc.org/course_listing.asp

  1. University of Southern Queensland                                                                                                                                      Әр түрлі мамандыққа байланысты онлайн білім беретін программа.
    http://www.usq.edu.au/online
  2. University of California, Irvine

Кең ауқымды онлайн-кітапхана.
http://www.lib.uci.edu/collections/library-collection.

Назерке Сүлен

2020 жылы жұмыс жасау үшін қажет болатын 10 дағды

2020 жылы жұмыс жасау үшін қажет болатын 10 дағдыБірнеше жылдан соң не болатынын қарапайым адамдар болжап біле алмайды. Ғылыми-теxникалық үдеріске байланысты мақалаларда «футурология» термині жиі айтылады. Бұл -Жер мен адамзат өмірінің болашақта болатын әлеуметтік үдерістерін алдын ала болжайтын әлеуметтанудың бір саласы.

Сіздерге Алекс Пройастың «Я, робот» ғылыми-фантастикалық көркем фильмі таныс болар?! 2035-жылы болатын әлемдегі өзгерістерді, соның ішінде роботтармен бірге өмір сүретін адамдар, роботтың іс-әрекеті, сөйлеуі, ақылдылығы, сезімталдығы көрсетілетін бұл фильм фантастика болғанымен, түбінде осы ғылым саласымен астасып жатқандығы анық.

Ендігі туындаған сұрақ: дамыған заманда артта қалып қоймас үшін, біз қандай білім, қабілет, дағдыларды игеруіміз керек?

Бұл сұраққа жауап жақында Давос қаласында өткен экономикалық форумда берілген көрінеді. Бұл форумда адамның, қоғам мен мәдениеттің даму тенденцияларын көрсететін қызықты тізім ұсынылған. Ол тізімнің негізі адамдармен қарым-қатынас жасау, келісу, басқару қабілеті және ақыл-ой, критикалық ойлау, эмоционалды интеллект, креативтілік, жаңа жобалар мен идеялар ойлау, кез келген мәселені шешу қабілеттеріне байланысты. Шамамен 5 жылдан соң осы дағдылар кез келген мамандық иелерінің бойынан табылуы тиіс. Ендігі кезекте, адамдар мен олардың қажеттіліктерін үйрену керек және қиын танымдық тапсырмаларды орындау үшін миды жаттықтыру қажет.

Назерке Сүлен

Мәдениеттерді тоғыстырған шай фестивалі

Халықаралық шай фестивалінде кәріс, түрік, қытай елдерінің шай дәстүрінен өзге, мәденитімен, өнерімен де таныс болдық.

dxPwYmLw1SI

Фестивальдегі кәріс мәдени орталығының бұрышындағы маскаларға көз түседі. Бұл жай маскалар емес екен. Қалыңдықтың маскасы, Мәшһүр адамның маскасы, Біреудің шаруасына араласатын адамның маскасы болып шықты.

LT5yTSIp5vM

Маска —  кәріс халқының дәстүрлі мәдениетінің негізгі символы. Солардың ішінде кең таралған түрі – хахве деп аталады. Әртүрлі жастағы және әлеуметтік таптағы адамдардың түрін бейнелейді. Монах, Ғалым, Жас қыз, Жесір, Қасапшы, Ақымақтың маскасы бар. Бет- әлпеті, кескіні арқылы сол адамның мінез-құлқын көрсетеді. Сондай-ақ, арыстанның, малайдың және бойдақтың маскасы болған екен. Алайда, олар осы күнге дейін жетпей, құрып кеткен. 1910-1945 жылдар аралығында Кореядағы жапондық аннексия кезінде халықтық театр өнері, оның ішінде осы маскалы театр зардап шеккен. Салдарынан кейбір кейіпкерлер мен мәтіндер жоғалған. 1960-1980 жылдар аралығында маскалардың жаңа даму кезеңі басталған. Сол себепті маскалар — кәріс халқы үшін тарихи мәні зор құндылық, мәдени іргетас, ұлттық қазына ретінде бағалы.

Andong_Mask-Dance-01-720

IMG_2804

Қытай халқының «пипа» деп аталатын ұлттық музыкалық аспабының үні тұла бойды тыныштыққа бөлейді. 2000 жыл бұрын пайда болған бұл аспаптың пішіні домбыраға ұқсас келеді. Және жайдан-жай емес. Қытайға Орталық Азиядан әкелінген музыкалық аспаптың элементтерін алып жасалынған екен. Уақыт өте пішіні өзгеріп отырып, қазіргі қалыпта сақталған. Пипаның төрт шегі, 30 музыкалық мәнері бар.

Халықаралық шай фестивалі

Шай — бір ұлт өкілдерін ғана емес, ұлыстарды жақындастыратын ұлы сусын. Елорадамызда Кәріс және Түрік мәдени орталықтары мен Конфуций институты қатысқан халықаралық шай фестивалі өтті. Әртүрлі мәдениет тоғысқан бұл фестивальда қатысушы елдердің шай дәстүрі, мәдениті, өнері көрсетілді.

IMGP4857

IMGP4897

IMGP4929

IMG_2809

IMG_2816

Шай —  түрік халқы үшін сусын ғана емес мәні зор дәстүр, үлкен мәдениет. Түріктердің шай ішетін шыны стақаны армуду деп аталады. Оның пішіні қызғалдаққа ұқсайды. Ал шайдың түсі қызыл болады. Кәріс, қытай халықтарында шайды шамалы суытыңқырап ұсынса, түріктерде аз ғана мөлшерде құйып, ып-ыстық күйінде беру уәжіп. Ол біздің жүрегіміз ыстық, көңіліміздің нышаны деп түсіндіріледі екен. Шайға қасық салып әдейі сылдырлатып әкеліп, ұсынады. Ол мерекелік көңіл-күй мен ықыласты білдіреді.

«Бүгінгі фестивальге арнайы Түркияның Ризе деген қаласынан қара шай алып келдік. Ол қоспасыз ішілетін, дәмі ащылау шай. Жалпы түрік халқы үшін шайдың мәні зор. Себебі алғашқы танысудың өзі шайдан басталады. Адамдар қарым-қатынасын жақындастыру үшін бір-бірін шайға шақырады. Танысудың алғашқы қадамы деп те айтуға болады. Түріктерде «таңғы ас дайын болды» демейді, «шай дайын болды» дейді. Жалпы түріктер дүниежүзі бойынша шайды ең көп ішетін халықтардың бірі.» дейді Түрік мәдени орталығының директоры Алмагүл Исина.

IMGP4778

Сондай-ақ симит деп аталатын ұлттық күнжітті домалақ тоқаштар ұсынылды.

IMG_2818

Кәріс мәдени орталығы «Инсамчха» деп аталатын адамшөп шайы және «ючжачха» деп аталатын цитрон шайларын ұсынды. Бұл шайлар емдік қасиетке бай екен. Соның бірі «тэчхучка»  деп аталатын жужубадан дайындалатын шай. Кәріс дәстүрлі медецинасында жужубаның түйіні суық тию және жүйке аурулары кезінде пайдаланылады. Сонымен қатар, ағзаны жылытып, ас қорту жүйесін қалыпқа келтіретін қасиеті бар.

Алғаш рет бұл фестиваль 2014 жылдың күзінде өткен болатын. Араға 1 жылдан астам уақыт салып екінші мәрте ұйымдастырылып жатқан игі шара. Алдағы уақытта жыл сайын дәстүрлі түрде өткізуді жоспарлап отырмыз дейді ұйымдастырушылар.

Елордада ашық мәліметтер интернет-порталы іске қосылды

Елордада ашық мәліметтер интернет-порталы іске қосылдыАстана қаласының Қоғамдық кеңес отырысы барысында ашық мәліметтер интернет-порталында жарияланатын ақпараттар тізімі талқыланды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Астана қаласы әкімі аппаратының орынбасары Әлнұр Сейдумановтың хабарлауынша, жыл сайын мемлекеттік органдар қаланың тыныс-тіршілігінің түрлі салаларында ақпараттың көп көлемін жинайды, бұл ақпарат интернетте жариялануы тиіс және кез келген тұлғалар оны тегін, заңнамаға сәйкес мақсаттарда бірнеше рет қолдана алады.

– Барлық ақпарат бір жерге және ыңғайлы болатындай жиналады. Бұл БАҚ, бизнес өкілдеріне және азаматтарға мемлекеттік мәліметтер базасын кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді. Портал іске қосылды және қоғам үшін барынша пайдалы және тиімді болуы үшін жасалды. Көптеген орталық мемлекеттік органдар мен аймақтар өз мәліметтерін жариялап үлгерді. Мұнда ең маңызды және пайдалы мәліметтер жиналған. Ашық мәліметтердің ішінде – өзектендіру кезеңі, мерзімдері, дереккөздер, жауапты тұлғалар берілген. Алдағы уақытта тізім кеңейе түспек, – деді Ә. Сейдуманов.

Қоғамдық кеңес мүшелері ұсынылған жобаны бірауыздан мақұлдады.

Айта кетейік, бұдан басқа, отырыс барысында елордада сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламентіне енгізілетін өзгерістер бекітілді. Сонымен қатар, «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару бойынша ұйымдарды аккредитациялау» регламенті мақұлданды.

«Біздің есімізде… ерлік ұмытылмайды…!» атты поэзиялық шығармаларды жатқа айтудан байқау өтті

"Біздің есімізде... ерлік ұмытылмайды...!" атты поэзиялық шығармаларды жатқа айтудан байқау өттіЖыл сайын соғыс батырлары ұрпақтарының алғыс тілектерін біріктіретін жаңа көктем келеді. Жеңіс солдаттары — олар барынша құрметке лайық.

Астана қаласының жастар саясаты мәселері басқармасы және «Рухани қоғам әлемі» қоғамдық қорының бастамасы   «Біздің есімізде ….Ерлік ұмытылмайды..!» атты поэзиялық шығармаларды жатқа айтудан байқау өткізді.

Әрбір қатысушы әсерлі өлең оқылып, өз елінің нағыз патриоттары екенін және ата-бабаларының ерліктерін ешқашан ұмытпайтындарын дәлелдеді.

Өздерінің бағдарламасы мен  қатысуға ниет білдіргендер көп болды. 43 өтініш сәуір айында түскен болатын. Бірақ финалға тек 24 қатысушы жіберілді.

Бірінші орын иесіне «Музыкалық центр», екіншіге «Планшет» және үшіншіге «дыбыс күшейтуші құрал» табыс етілді. Ал қалған қатысушылар алғыс хаттар және басқа да жұбатушы сыйлықтармен марапатталды. Концертке ҰОС ардагерлері арнайы  шақырылды.

zhastar.astana.kz

Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған шеберхана жаңа маусымын бастады

Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған шеберхана жаңа маусымын бастадыМүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Шығармашылық үйі» шеберханасы жаңа маусымын бастады. Мұнда мүгедектігі бар елорда тұрғындары жанына жақын іспен шұғылданады. Ерлер ағаш ұстасы шеберлігін меңгеріп, қыш құмыра жасауды үйренсе, нәзік жандылар сәндік-қолданбалы өнермен танысады.  

Осы сияқты әлеуметтік-еңбек шеберханалары Астанада үш жылдан бері жұмыс істеп келеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Биыл жаңа шығармашылық бағыт – қыш құмыра жасау ісі енгізіліп отыр. Оның аясында мүмкіндігі шектеулі жандар түрлі кәдесыйлар жасамақ.

Мұнда тәжірибелі шеберлер дәріс береді. Әйелдерге қағаздан гүл шоқтарын, әшекейлер, картиналардың қалай жасалатынын көрсетіп, тоқу мен ұсақ моншақтардан кесте тігуді үйретеді.

Мүмкіндігі шектеулі жандар «Шығармашылық үйіне» түрлі бағыттар бойынша  жазыла алады. Ал курстарды тәмамдаған соң шеберлік дәрістеріне қатысқандарға сертификаттар табысталады.