Домой Блог Страница 216

Мейрамханаларға тағам құнарлылығын көрсету міндеттелетін болады

Мейрамханаларға тағам құнарлылығын көрсету міндеттелетін боладыАлдағы уақыттарда еліміздің мейрамханаларында тағам құнарлылығын көрсету міндетті болады. Бұл туралы бүгін Сенаттың жалпы отырысы барысында мәлім болды. Еске салайық, палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылар құқығын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңын қабылдаған болатын.

Құжатты талқылау барысында сенатор Мұрат Бақтиярұлы дамыған мемлекеттердің көпшілігіндегі ерекшеліктерге назар аударды. «Олардың тамақтану орындарында, мейрамханалар мен кафелерде тамақтың ас мәзірі тұсында әр тағамның қанша калориядан тұратыны жазылады: қанша ақуыз, қанша крахмал бар екені, тіпті қанша тұз қосылғаны да жазылады. 2016 жылдан бастап Еуропалық Одақ мемлекеттерінің бәрі осы стандарттарға көшіп жатыр. Шындығында бұл біздің азаматтарымыздың дұрыс тамақтануына жағдай туғызатын фактілердің бірі. Қазақстанда тамақтандыру орындары да көп. Ендеше, тұтынушылардың тамақтану саласындағы таңдау құқығы қалай қамтылады?» — деді сенатор М. Бақтиярұлы.

Өз кезегінде Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев бұл норма Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдердің стандартына сай келетінін атап өтті. «Қазақстан ЭЫДҰ-ға енуді жоспарлайды. Бірақ, біз ондай норманы осы заңға енгізген жоқпыз. Дегенмен, бұл нормаларды қарастырып жатырмыз. Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, ас мәзірінде қандай ингредиенттер болуы керектігін талқылап жатырмыз. Биылғы жылдың соңына дейін осы бағыттағы өзгерістерді әзірлейміз. Сондықтан, ондай нормамен келесі жылы Парламентке келетін боламыз», — деді министр Е. Досаев.

Baq.kz

Қандасымыз «Моңғолияға еңбегі сіңген спортшы» болып марапатталды

Қандасымыз "Моңғолияға еңбегі сіңген спортшы" болып марапатталдыНаурыз мейрамы қарсаңында Моңғолия Президенті бірқатар азаматтарға мемлекеттік атақ, орден, медальдар табыстаған.

Олардың қатарында бодибилдингтен әлем чемпионы Нұрлан Жүнісұлы да «Еңбек сіңірген спортшы» құрметті атағымен марапатталған, деп хабарлайды KAZNEWS сайты.

– Бодибилдинг спорты бойынша алғашқы еңбек сіңірген спортшы атандыңыз. Құттықтаймыз!

– Рахмет. Моңғолия бодибилдинг спорты тарихында алғашқы еңбек сіңірген спортшы атағымен марапатталғаныма өте қуаныштымын. Моңғолияның төрт дүркін чемпионы атандым. Бұл спорттан алғаш рет әлем чемпионы деген атақпен елге оралдым. Көптеген еңбек сіңірген спортшылар бұл спорттан туып шығуына тілектеспін. Барлық спортшыларға тек ғана жеңіс тілеймін.

Сөз соңында барша қазақ халқын Наурыз мейрамымен құттықтаймын. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Ислам нақыштары ғалымдарды таң қалдырды

Ислам нақыштары ғалымдарды таң қалдырдыИранның солтүстік жазирасында 1067-1093 жылдары тұрғызылған Харракан мавзолейі қабырғасындағы ою-өрнектер ғалымдардың заманауи материал жасап шығаруына үлгі болды.

Ислам қөлөнерінің ықлапымен әзірленген жаңа инновациялық материал бір-бірімен шаршы тектес бөлшектермен байланысқан геометриялық субқұрылымды бейнелейді. Ал оны тарқатқан кезде материал тығыздығы төмендеп, көлемі ұлғая түседі.

Иран мавзолейіндегі бұл ислами нақыштар ғалымдарға үлкен ой салды: бір-бірінен параллель немесе доғатәріздес арақашықтықта бөлінген әртүрлі геометриялық формалардан құралған қайталанбалы суреттерді созуға болады әрі фигуралар аралығы теңдей сақталады. Айта кетейік, ғалымдар қолданысқа енгізгелі отырған бұл тәсіл медициналық құрылғылар мен спутниктерге пайдаланылмақ.

e-islam.kz

Алматыда «Уақытпен сұхбат» көрмесінің тұсаукесері өтеді

Алматыда «Уақытпен сұхбат» көрмесінің тұсаукесері өтедіБүгін Алматыда Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Раушан Базарбаеваның «Уақытпен сұхбат» көрмесінің тұсаукесері өтеді.

Базарбаева Раушан – сәндік-қолданбалы өнер суретшісі. Ол жеке өзі сегіз көрме өткізіп, көптеген халықаралық және аймақтық көрмелерге қатысты. Көрмеде суретшінің 60-тан астам жұмысы қойылды. Олардың арасында гобелен де, киіз паннолар да, жібекке түсірілген өрнек те, ши де, графикалық жұмыстар да бар. Раушан үшін шығармашылық – өз дүниетанымын көрсетіп, өз шығармалары арқылы маңызды әрі қадірлі бір нәрсе жайлы айтқысы келетін жерде өз ойын жеткізсем деген табиғи қажеттіліктен туған дүние.

Раушанның шығармашылығында туындыларын ерекше философиялық ойлар мен поэтикалық көңіл-күйге толтыратын лирикалық тақырып басым. Олар форманың, түстің, идеялық және композициялық мән-мағынаның жарасымдылығымен ерекше. Сұлулық – суретшінің шығармашылығындағы басты өлшем. Оның жұмыстарының желісі бейнелі әрі ауыспалы. Олар көрерменнің бойында ойлануға және өзінің ішкі жан дүниесіне үңілуге итермелеп, түрлі ұқсатулар мен естеліктерді оятатын сұхбат құрғандай.
Базарбаева Раушан діни символдарға, тарих пе мифологияға мойын бұрады. Суретшінің көрсетуі бойынша уақыт та еріп бара жатқандай, біз де күнделікті тұрмыстан өтіп кетіп, аңыздар мен мифтердің ерекше әлемінде жүргендейміз. Көптеген сюжеттердің басты кейіпкерлері – маңғаз да сымбатты, әсем де алып, бірақ әрдайым жоғарыға ұмтылған ағаштар болып келеді.

«Уақыт өзені» гобеленін (2003) суретшінің белгі туындысы деуге болады. Философиялық ой тастайтын жұмыс. Суретші уақытша және мәңгілік, өтпелілік және тұрақтылық категорияларын нақты көрсеткен. «Әрбір адамның өмірдің ағыны мен қарбаласында жасырын жатқан мәңгілік әрі қадірлі нәрсесін сақтап өтуге тиіс өз уақыт өзені болады» дейді Раушан.

Раушан Еркінқызы Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында 25 жылдан астам уақыт бойы сабақ беріп келеді. Қазір профессор, кескіндеме, мүсін және дизайн факультеті «Сәндік-қолданбалы өнер» кафедрасының меңгерушісі. Еңбегі еленіп, «Мәдениет қайраткері», «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері», «2013 жылдың үздік оқытушысы» атақтары берілді.

Р.Е. Базарбаева республикамыздың қазіргі өнерінің дамуына зор үлес қосып, мағыналы маңыз берген суретші. Оның шығармалары Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайының, ҚР Орталық Мемлекуеттік мұражайының қорында, Қазақстан, АҚШ, Англия, Германия, Франция, Ресей, Мысыр, Жапон елдерінің жеке коллекцияларында сақтаулы. Қазақстан Республикасы Президенті Резиденциясы – «Ақ Орда» көркем фотоальбомына кірді.

Көрме 24 наурыздан 11 сәуірге дейін жалғасады.

Baq.kz

Аз ұйықтау семіздікке алып келеді

45e5335cd041c42b83b8236b93790f38Аз уақыт қана ұйықтау адамды көп тамақтануға мәжбүрлейді, деп есептейді ғалымдар. Ал мөлшерден тыс тамақтану семіздікке алып келетіні белгілі.

Мамандар көп тамақтану мен ұйқының арасындағы айырмашылықты білу үшін зерттеу жүргізіп көрді.

Тәжірибеге қатысқан 14 ерікті екі топқа бөлінеді. Бірінші топтың қатысушылары тәулігіне 7,5 сағат ұйықтауыс тиіс, ал екінші топ небәрі 4 сағат қана.

Бірнеше уақыт өткен соң зерттеушілер олардың  көңіл күйі мен тәбеті қандай болатындығын білмек болды.

Белгілі болғандай, екі топқа да бірдей тағамдар берілсе де, 4 сағат ұйықтаған адамдар ылғи да тоймай қалып, қосымша тамақ сұрап жүрді.

Шетелдік БАҚ-тан хабарлағандай, АҚШ тұрғындарының 40 пайызы тәулігіне 7 сағаттан аз ұйықтайды, ал бұл тұрғындардың 35 пайызын семіздікке алып келген.

ҚазАқпарат

Наурыз мейрамына арналған Орталық алаңдағы мерекелік іс-шара

22 наурыз — Ұлыстың ұлы күнi. Бұл күнi күн мен түн теңеледi. Табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да түлейдi, жаңарады. Адамзаттың бойында қан жүгiрiп, тал-теректер бүршiк жарады. Қазақтың сайын даласын Қызыр баба кезiп, адам баласына құт-береке, бақ-дәулет сыйлайды. Самарқанның көк тасы ерiп, қасиеттi қара жер, қара топырақ бусанады. Ұлы даланың төсiнде қызғалдақтар құлпыра өсiп, бел-белестерге қызылды-жасылды кiлем төселедi. Ұлан-байтақ Қазақстанның халқы жетi түрлi дәмнен наурыз көже жасап, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды сақтап, ай бойы Ұлыстың Ұлы күнiн тойлайды. Бүкiл Шығыс халқына ортақ бұл мейрамда араздасқандар татуласып, дүйiм халық, мұқым ел ауызбiршiлiкте болады.

Соңғы рет 1926 жылы тойланған Наурыз мейрамы елімізде 1990 жылдардың басында қайтадан ресми түрде атала бастады. 2001 жылы Наурыз мейрамы мемлекеттік мереке ретінде жарияланды.

Наурыз мейрамы елімізде мемлекеттік мереке ретінде 21 — 23 наурыз аралығында үш күн тойланады.

Біз сіздердің назарларыңызға Астана қаласындағы Наурыз мейрамына арналған Орталық алаңдағы мерекелік шарадан эксклюзивті фоторепортаж ұсынамыз.

IMG_8599 IMG_8600 IMG_8603 IMG_8608 IMG_8614 IMG_8615 IMG_8616 IMG_8626 IMG_8632 IMG_8595 IMG_8597 IMG_8598 IMG_8591 IMG_8567 IMG_8547 IMG_8548 IMG_8550 IMG_8540 IMG_8541 IMG_8543 IMG_8537 IMG_8535 IMG_8533 IMG_8530 IMG_8531 IMG_8532

Лондонда ханшайым Диананың құрметіне бақ ашылады

Лондонда ханшайым Диананың құрметіне бақ ашыладыЛондонда ханшайым Диананың құрметіне бақ ашылады. Бұл туралы ханзада Уильямнің ресми резиденциясы — Кенсингтон сарайында мәлімдеме жасалды.

Келер жылы тек қана британдықтардың емес, өзге де жұрттың сүйіктісіне айналған ханшайым Диананың өмірден озғанына 20 жыл толады. Ханшайымның есімін халық жүрегінде мәңгі сақтап қалу мақсатында ашылатын баққа Диананың аты беріледі, деп хабарлайды The Telegraph сайтына сілтемемен 24.кз.

Қазір осы мақсатпен құрылған жоспарды іске асыру жөнінен жұмыстар қолға алынды. Егер барлығы ойдағыдай болса, бақ 2017 жылғы тамызда ашылады.

Естеріңізге сала кетейік, Ханшайым Диана 1997 жылғы 31 тамызда Парижде көлік апатынан қаза тапқан болатын.

Наурыз көже қалай жасалады?

Наурыз көже қалай жасалады?Наурыз көже — Ұлыстың ұлы күні жасалатын қасиетті ас. Оған тары, арпа, бидай, бұршақ, күріш сияқты жеті түрлі дән мен ақ қосылады. Түркі халықтарының ұғымында жеті саны қасиетті саналғандықтан, наурыз көжеге жеті түрлі дәм қосылады. Оған қоса, ол — тоқшылық пен ырыс құттың жоралғысы.

Төменде наурыз көженің даярлану үлгісін ұсынып отырмыз.

Құрамы: 1 келі ет
Қазы, қарта
100 грамм бидай
100 грамм күріш
100 грамм жарма (перловка)
100 грамм тары
Тұз
3 литр су
1 литр айран

Қазанға су құйып, ет, қазы-қартаны салып, қайнатыңыз. Алғаш қайнағанда сорпаның көбігін алуды ұмытпаңыз. 1,5-2 сағаттай қайнатып, етті сүзіп алыңыз. Енді дәндерді жақсылап жуып, бірінші бидайды салып, 5 минут қайнатыңыз. Екінші жарманы және күрішті салып, 5 минут қайнаған соң, тарыны салыңыз. Талғамыңызға қарай тұздаңыз. Дәндер пісіп болды-ау дегенде оттан түсіріп, салқын жерге қойыңыз. Қазаннан түсірілген еттерді ұсақтап турап, барлығын сорпаға айранмен қосып араластырыңыз.

Наурыз көже ішілерде ақсақалдар:

Қарық қып құтты Наурыз,
Қазанға толсын сары уыз.
Қайнасын Наурызкөже де,
Толтырып ішкей кесеңе.
Ұлыстың ұлы күнінде,
Көппенен бірге күлімде.
Көбейсін жаңа достарың,
Молайсын елге қосқаның.
Жарасып көңіл хоштығы,
Бекісін халық достығы.
Ішінде жүрсе азғана,
Шайылсын өкпе, наз-нала.
Алдыға сыймай сәбилер,
Құшағын жайсын жаңа үйлер.
Жастардың самсап отауы,
Мейірім төксін Отаны.
Әспеттеп ата дәстүрін,
Әсем боп өссін жас буын.
Кірбің тартпасын кәрілер,
Барыңның дәмді нәрін бер! — деп бата берген.

Ақпарат ғаламтордан алынды

Әлемдегі ең кішкентай көлік 176 мың долларға сатылды

Әлемдегі ең кішкентай көлік 176 мың долларға сатылдыSotheby’s Amelia Island Auction  бәссаудасында 1964 жылы шыққан Peel P50 үлгісіндегі кішкентай көлік  176 мың долларға  сатылып кетті.  Бұл — Мэн аралында шыққан жалғыз сериялы автомобиль. Бұл ретте кезінде көлік  небары 199 фунт  стерлинг, яғни қазіргі айырбас бағамымен 5 440 доллар  немесе 3,76 мың фунт тұрған.

Ең кішкентай көлікті кімнің сатып алғаны әзірге белгісіз, деп жазады шетелдік БАҚ.

ҚазАқпарат

Көкшетаудағы 100 келі бауырсақ тегін үлестірілді

Көкшетаудағы 100 келі бауырсақ тегін үлестірілдіБүгін Көкшетауда өткен Ұлыстың ұлы күні ақмолалықтар үшін мерекелік шараға толы болды.

Қаладағы орталық саябақтың кіре беріс тұсында Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының жанындағы облыстық жастар ресурстық орталығымен қатарынан 3 жыл ұйымдастырылып отырған «Бауырсақ пати» атты бауырсақ шоу бағдарламасы мерекенің көрігін қыздыра түсті.

Сайыс бағдарламасы бойынша қатысушылар «Сізге тілеймін», «Дәмді бауырсақ» тәрізді кезеңдерден мүдірмей өтуі тиіс.

Сайыс соңында қатысушыларға түрлі сыйлықтар беріліп, 100 келі бауырсақ тегін үлестірілді.

ҚазАқпарат