Домой Блог Страница 218

Наурыз мерекесіне арналған конференция жыл сайын өткізілмек

12026603_1893037577589206_2057166170_nҚР Ұлттық музейінде  Наурыз мерекесіне орай еліміздің маңдайалды ғалымдарының басын қосқан «Наурызжыл басы» атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге  ф.ғ.д профессор  Ғарифолла Есім, ҚР Ұлыттық музейінің директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, т.ғ.д профессор Жәкен Таймағамбетов,  т.ғ.д доцент Зубайда Сұрағанова, Қазмедиа орталығының қызметкері, мәдениеттанушы, ғалым – зерттеуші Серік Ерғали секілді ғалымдар қатысып, өз пікірлерін ортаға салды.

Дөңгелек үстел барысында  Наурыз мерекесінің маңызы, құндылығы және тарихы жөнінде әңгіме өрбіді. Сан ғасырлық тарихы бар ұлттық мерекемізді  жастарға насихаттаудың жолдары ұсынылды. Одан өзге ұлттық ойының қасиеті мен тағамдардың адамға берер пайдасы жөнінде баяндамалар жасалды.

Наурыз мерекесіне орай өткізілген бұл шара жыл сайын дәстүрге айналып, келесі жылы конференция түрінде өтпек.

Астанада «Қайырымдылық жәрмеңкесі» өтеді

Астанада «Қайырымдылық жәрмеңкесі» өтедіАстана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешіті халқымыздың төл мерекесі Наурыз мейрамына орай «Қайырымдылық жәрмеңкесін» ұйымдастырады.

Наурыз айының 18-жұлдызына жоспарланып отырған жәрмеңке барысында «Әзірет Сұлтан» мешітінің әйел ұстаздары мен жамағаты әзірлеген тағамдар төмен бағада сатылатын болады.

Қасиетті жұма күні кешкі сағат 17.00-ге дейін жалғасатын жәрмеңкеден түскен қаражат түгелдей қайырымдылық шараларына жұмсалатын болады.

Айта кетейік, бұндай қайырымдылық жәрмеңкесі «Әзірет Сұлтан» мешітінде былтырғы жылы да ұйымдастырылған болатын. Қыркүйек айында өткен қасиетті Құрбан айт мейрамына орай ұйымдастырылған ол жәрмеңкеден түскен қаржы Астана қаласындағы «Ана мен бала» орталығындағы науқас сәбилерге жұмсалған еді.

Baq.kz

Astana Bike велосипедтері жаңа маусымға дайындалып жатыр

Astana Bike велосипедтері жаңа маусымға дайындалып жатырКөктемде Astana Bike автоматтандырылған велопрокат жүйесін іске қосуға дайындық жұмыстары басталады. Қазіргі кезде қала бойынша станцияларды тазалау, веложабдықтарды дайындау – жұмыс жағдайын тексеру, жалпы диагностикалау, велосипедтерді жөндеу және құрастыру, жүйенің бағдарламалық қамсыздандырылуын тексеру – координаттарды салыстыру және велостанцияларда сигналдардың өтуін диагностикалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Биылғы маусымда қала тұрғындары мен қонақтарына жалпы ұзындығы 85 км құрайтын 45 көшеде велосипед паркі 1000 бірліктен тұратын 150 велостанция қызмет көрсетеді.

Пайдаланушылар қажетті ақпаратты, соның ішінде қазіргі кезде белсенді және белсенді емес станциялар туралы прокат сайтынан біле алады. Сонымен қатар, онлайн-төлем жүйесі де жұмыс істейді, қосымша Android және IOS негізінде әзірленген және велопрокат жүйесін уақытша пайдалану қызметі қолжетімді.

Еске салайық, ауа райына байланысты 2015 жылы велосипед тебу маусымы 15 сәуірде басталған болатын. Биыл да оның ашылуы ауа райының қолайлылығына байланысты болады.

Astana Bike автоматтандырылған велопрокат жүйесі 2014 жылғы 7 шілдеде іске қосылған. Аталған жоба әлеуметтік маңызды болып табылады және ұзақ мерзімді перспективаға бағытталған. Astana Bike жүйесін енгізудің арқасында елорда тұрғындары мен қонақтары экологиялық көлікпен жүре алады, осылайша қоршаған орта жағдайы жақсара түседі.

Baq.kz

Майлы тағам есте сақтау қабілетіне кері әсер етеді

2743185_74596-700x700Майлы тағам адамның есте сақтау қабілетіне теріс әсер етіп, қант диабеті ауруына шалдықтырады. Зерттеу жүргізген Американың Техас университетінің ғалымдары осындай тоқтамға келді.

Зерттеушілер майлы тағамның салдарын анықтау үшін тышқандарға үш ай тәжірибе жүргізген. Осылайша майлы тағамдар берілген кемірушілердің есте сақтау қабілеті нашарлай түскен.

Оларда жадының негізгі орталығы саналатын — гиппокамп нейрондарының белсенділігі төмендегені байқалды, деп жазады ресейлік «Наука и жизнь» журналы.

Тышқандар ойыншықтар орналастырылған қорапқа жіберілген. Кеміргіштер айналасына бойы үйренгесін ойыншықтардың орналасу реті ауыстырылған.

Майлы тағам берілген кемірушілер ойыншықтың жаңа орнын өзгелерге қарағанда нашар есте сақтағаны белгілі болды.

Сонымен қатар, тәжірибе жасалған жануарларда 2-ші типті диабет белгілері пайда болған. Яғни, тіндерде инсулинге сезімталдық азайып, олар қаннан глюкозаны ажырата алмай қалады.

inform.kz

Астанада «Мажар өнер шеберлері сыр шертеді» көрмесі ашылады

Астанада «Мажар өнер шеберлері сыр шертеді» көрмесі ашыладыБүгін ҚР Ұлттық музейінде «Мажар өнер шеберлері сыр шертеді» көрмесі ашылады, деп хабарлайды Ұлттық музейдің ақпараттық-имидждік қызметі.

Көрме Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің, Қазақстан Республикасындағы Венгрия Елшілігінің және Габор Ковачтың KOGART Көркем сурет қорының қолдауымен өтеді. Көрмеге графика, көркем сурет, медаль өнері саласын қамтыған 140 туынды қойылады. Олардың барлығы дерлік мажар елінің тарихынан, мәдениетінен хабар береді.

Миклош Боршош, Лайош Салаи, Тибор Чернуш, Бела Кондор секілді ескі көркем сурет мектебінің өкілдері, XX ғасырдағы біртуар мажар суретшілерінің туындылары еркіндік, адам құқығын құрметтеу, құқық пен заңның үстемдігі, қауіпсіздік және әділеттілік сынды әр жақты еуропалық мәдениеттің маңызды құндылықтарын суреттеуге бағытталған.

Имре Семерети, Кристина Кокаи, Жужа Перели, Иштван Орос, Имре Кэри, Петер Пруткаи – шығармашылық ізденістерімен Пиранези, Караваджо, Ван Гог сынды еуропалық шеберлердің әсеріне түскен саңлақ суретшілердің есімдері. Олардың шығармашылық жұмыстары ержүрек жауынгер Яношқа, Сигетвар қамалын қорғаушылардың батырлық ісіне немесе Джованни Баттиста Пиранези және Караваджоның парафразаларына арналған.

Ал, Мартон Такач, Жофия Варга, Рита Kешеяк, Рита Коралевич секілді заманауи шеберлердің туындылары бұрынғы және қазіргі бейнелеу техникаларын байланыстыратын тәжірибелік ізденістерімен құнды болып табылады.

Әйелдер жаттығу алдында, ал ерлер жаттығудан соң тамақтанған дұрыс

Әйелдер жаттығу алдында, ал ерлер жаттығудан соң тамақтанған дұрысТамақтану саласын зерделеп жүрген ғалымдардың сөзіне қарағанда, ерлер мен әйелдердің денедегі майдан арылу жолдары әр түрлі болып шыққан. Суррея университетінің ғалымдары осы бағытта бірқатар зерттеулер жүргізіп көрген екен.

Тәжірибеге 13 әйел мен 17 ер адам қатысқан. Бір ай бойы бақылауға алынған олар осы уақыт аралығында түрлі жаттығуларға барып, көп қимылдап, барынша белсенділік танытқан. Жаттығудан кейін ғалымдар оларға арнайы сусын беріп отырған. Оның біреуін калория атымен жоқ бірінші топқа берген, ал көміртегі молын екінші топқа ішкізген.

Жаттығудың алдында және соңында тәжірибеге қатысқандардың май деңгейін, салмағын, дене бітімін, қан құрамындағы қант деңгейін өлшеген.

Бір қызығы, ерлерге қарағанда әйелдер денесіндегі майдан тез арылған. Ал ерлер көміртегі мол сусынды қолданғанда тез арықтаған. Осы факторларды ескерген ғалымдар әйелдерге жаттығудың алдында, ал ерлерге жаттығудан кейін тамақтануға кеңес беріп отыр.

islam.kz

Сұлулық зертханасы: Сұлу болудың жеңіл жолдары

Сұлулық зертханасы: Сұлу болудың жеңіл жолдарыЖылдар емес, ғасырлар бойы әйел заты сұлулық үшін үлкен ақшаны құрбан етіп келеді. Осы уақыт аралығында сұлу болудың арзан әрі жеңіл жолдары да белгілі болды. Нақтылай түссек:

1. Бетіңізге әжім түссе, бал жағыңыз.

2. Ұйықтар алдында көзіңіздің айналасына майсана майын жағып жатыңыз.

3. Кірпік пен қасқа майсана майын жағуды да ұмытпаңыз.

4. Бетті тазарту үшін жұмыртқаның сарысы мен лимон шырынын пайдаланыңыз. Екеуін араластырып, бетке жағыңыз.

5. Бетті жуу кезінде ұнтақталған сұлы қауызын пайдаланыңыз.

6. Бетіңізді безеу басып кетсе, үгітілген алма мен бал маскасын жасаңыз.

7. Бетіңіз тым құрғақ болса, майонезден маска жасаңыз.

8. Бетіңізге дақтар шығып, ісініп кетсе, қиярды үккіш арқылы үгіп, бетке жағып, 15 минуттан кейін тазартыңыз.

9. Шашты жылтырату үшін сірке суымен шайыңыз.

10. Таңертеңгі жуыну барысында контрастты душ қабылдаңыз: алдымен салқын су, сосын бірдең жылы су. Бұл денеңізді сергітіп, қан айналымын қалыпқа келтіреді.

Ұлттық Банк 100 теңгелік «Таға» ескерткіш күміс монетасын айналымға шығарды

Ұлттық Банк 100 теңгелік «Таға» ескерткіш күміс монетасын айналымға шығардыҚазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2016 жылдың 4 наурызынан бастап «Сиқырлы нышандар» монеталар сериясынан «proof» сапалы күмістен номиналы 100 теңгелік «Таға» ескерткіш күміс монетасын айналымға шығарады. Монета таға тәріздес күрделі нысанда жасалған.

Тағаның үйге сәттілік, табыс, байлық әкелетін, ең ежелгі және ең танымал тұмар екендігі баршаға белгілі. Мұндай наным әлемнің түрлі елдерінде кеңінен тараған. Бақыт әкелетін тұмар ретінде келетін бақыт ағып кетпесін деп тағаның ұшын жоғары қарату қажет деп саналады.

Монетаның бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «100 ТЕҢГЕ» деген жазу және монета дайындалған металды, оның сынамасы мен массасын білдіретін «Ag 925 31.1 g» деген жазу бар. Жазуларды айналдыра ұлттық өрнек салынған, мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ», ағылшын тілінде «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деп жазылған және моншақ тәріздес тізбек жүргізілген. Монетаның жоғарғы бөлігінде стильдендірілген тағаның ұшында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі орналасқан.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) алтын жалатылған таға бейнесі орнатылған, ортасында спираль орналасқан, оны айналдыра ағылшын тілінде «FOR LUCK», мемлекеттік тілде «ІСКЕ СӘТ» және орыс тілінде «НА СЧАСТЬЕ» деген жазулар бар. Жоғарғы бөлігінде соғылған жылын білдіретін «2016» деген сан берілген.

Монеталардың бет және сырт жақтарындағы бейнелер мен жазбалар бедерленген. Айналдыра шығыңқы жиек.

Қыры (гурт) тегіс, бедерсіз және жазбаларсыз.

Монета 925 сынамалы күмістен дайындалған, массасы – 31,1 гр, сипатталған дөңгелек диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – «proof», ең көп таралымы – 6 мың дана.

Номиналдық құны 100 теңгелік ескерткіш монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

«Сиқырлы нышандар» монеталар сериясынан номиналы 100 теңгелік «Таға» ескерткіш күміс монеталары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, «SKARBIEC KORONNY SA» акционерлік қоғамы және «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны арасындағы Монеталар шығару және сату туралы келісімге сәйкес дайындалды.

«Proof» сапасымен жасалған ескерткіш күміс монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған. Олар кәдесыйлық ораумен шығарылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған.

Монеталарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің барлық филиалдарында, сондай-ақ ҚР ҰБ-ның www.nationalbank.kz сайтының «Ұлттық валюта» парақшасындағы Интернет – дүкен арқылы сатып алуға болады.

bnews.kz

Баланы зиянды әдеттен қалай арылтуға болады?

Баланы зиянды әдеттен қалай арылтуға болады?Балаңыздың бойынан жаман әдеттің ұшқынын байқасаңыз-ақ, дереу сол әдетін қойдыртудың амалын қарастырыңыз. Мысалы, саусағын сору, тырнағын тістелей беру, қаламсабын мүжу, ернін жымқыра беру, саусақтарын сықырлату, тырнағымен үстелді тықылдату, екі аяғын тынымсыз қайшылату т.б. сияқты әдеттерге жастайынан үйренген бала оны есейгенде де қоя алмайды.

Ешқандай бала жаман әдетті іштен үйреніп тумайды, ол оның зиянды екендігін өз уақытында білмегендіктен соған әуес болады. Егер соны асқындырып алмай тұрғанда алдын алсаңыз, көп келеңсіздіктен өзіңізді де, балаңызды да құтқарғаныңыз деп есептеңіз.

Жас бала көп зиянды әдетті әуестіктің кесірінен жұқтырады екен. Мысалы, шаңқай түсте күннің көзіне шаншылып қарай беретін бала болған. Әке-шешесі оның бұл әдетін: “осы ұлдың көзі өткір-ау шамасы” деп, елең қылмай жүреді. Нәтижесінде әлгі баланы кейін дәрігерлерге апарғанда көзінің қитарлана бастағаны анықталған. Көрдіңіз бе, елеусіз әдеттің өзі бала денсаулығына осындай зардап келтіреді екен.

Ал, енді мұның жолы қандай? Мамандардың кеңесі өте қарапайым. Ең алдымен баланың қандай жағымсыз әрекетті әдет қылғанын анықтап алу қажет. Оны білген сәтте бас салып ұрсып, зекіп қойдырмаққа ұмтылу қате шешім. Оныңыз керісінше баланың іштей ерегісін тудыруы мүмкін. Мәселен, бала өз тырнағын тістелеуді әдет қылды дейік. Сіз “әй, тырнағыңды тістеме, қой оныңды” деп зірк ете қалдыңыз. Екінші байқағаныңызда одан қатты дауыс көтердіңіз. Иә, сөйте берсе де бала әлгі әдетін қояды. Бірақ, сіз жоқ жерде ғана. Ал, оңаша қалған сәтте өз әдетімен алдана беру оның бойына өмір бойы сіңіп кетуі мүмкін. Сондықтан, балаңызға ол әдеттің жаман қылық екенін, тырнақ арқылы ішке зиянды микроптардың түсіп, ауру тудыратынын түсіндіруден бастау керек. Тіпті, кейбір әдеттер оның еркінен тыс болуы мүмкін, яғни, өзі байқамай қайталай беретін әдеттер. Мұндайда баланы өз-өзін қадағалауға дағдыландырған жөн. Бала өзінің іс-әрекеттеріне баға беруге үйренсін. Ата-ананың оны ылғи жайлап түсіндіріп, жиі есіне салып отыруы бала өсе келе өте жақсы нәтиже береді екен.

Мамандардың айтуынша, баланың зиянды әдеттерге үйір болуының басты себебі, көбінесе, ұзақ уақыт оңаша қалдыра беруден туындайды екен. Жалғыздықтан жалыққан бала түрлі әдеттерге бой алдыра бастайтын көрінеді. Ендеше, ең алдымен баланы қараусыз қалдырмасқа тырысыңыз. Сонда жоғарыдағыдай әурешілікке түсіп, жүйке жұқартудың да қажеті болмайды. Зиянды әдетті қойдыртқаннан гөрі, оны туындатпаған жөн ғой…

Дайындаған Төлеген Жәкітайұлы,

namys.kz

Адам денсаулығына пайдалы 7 жаңғақ

Адам денсаулығына пайдалы 7 жаңғақБәріміз де жаңғақ жегенді жақсы көреміз. Өйткені оның есте сақтау қабілетін арттыратын пайдалы элементтері көп. Сонымен қатар миға да мол әсерін тигізеді. Біз бүгін сіздердің назарларыңызға жаңғақ түрлерін ұсынып, олардың адам денсаулығына қаншалықты маңызды екенін айтамыз.

1. Орман жаңғағында теріңізді, шашыңыз бен тырнағыңызды сұлу қалпында сақтайтын А және Е дәрумендері бар. Және ол ми қызметін де жақсартады. Диетолог мамандар орман жаңғағын шикілей жеуге де кеңес береді.

2. Жер бетіндегі ең үлкен жаңғақ – кокос жаңғағы. Оның құрамында В тобындағы дәрумендер, макро және микроэлементтер көптеп кездеседі. Бұл жаңғақты тұтыну арқылы сіз иммунды жүйеңізді, көзіңізді, ас қорыту жолдарыңызды жақсартасыз. Ал оның сүтін ішсеңіз, кәрілікті жеңесіз.

3. Пісте (фисташка) – калориясы аз жаңғақ. Пістеде де дәрумендер мен минералдар өте көп. Бірақ күніне он бес түйірін жесеңіз жеткілікті. Оны тек сырамен ғана ішпейді. Тыныс жолдары мен ас қорыту жүйесін жақсарту үшін де тұтынады. Сонымен қатар жүктіліктің бастапқы кезеңінде де жейді.

4. «Ең тәтті жаңғақ» деп Бразилия жаңғағын айтады. Ол ағзаға өте пайдалы. Оны «өмірлік күш-қуат беретін жаңғақ» деп те жатады. Дәрігер мамандар бұл жаңғақ жүрек және онкологиялық аурулардың алдын алатынын жасырмайды.

5. Егер сіз жүрек-тамыр жүйесінің ауруларына шалдықсаңыз, онда күніне кем дегенде 50 грамм миндаль жаңғағын жеңіз. Себебі оның құрамында калий, темір, фосфор элементтері бар.

6. Самырсын жаңғақтарының пайдасы туралы әлемге Авиценна деген атпен белгілі әйгілі Ибн Сина да жазған. Ол өскелең ағзаға өте пайдалы. Сондықтан оны көбіне кішкентай балалар жейді. Артық салмақтан арылғысы келетін адамдарға бұл жаңғақты жемеген жөн.

7. Грек жаңғағы Кавказда «қасиетті ағаш» деп саналады. Оның тұқымдары илік заттарға, аминқышқылы мен минералдарға бай. Оны көбіне жүйке жүйесі мен жүрегі, асқазаны ауыратын адамдардың тұтынғаны абзал.

Мәтін әлеуметтік желіден алынды