Домой Блог Страница 251

Ғалымдар: түнде тамақ жеу ми үшін қауіпті

Ғалымдар: түнде тамақ жеу ми үшін қауіптіТүнде тамақ жеу тек ғана артық салмақ қосып алу деген сөз емес. Ғалымдардың айтуынша, түн мезгілінде желінген тамақ миға кері әсерін тигізеді екен. Себебі ағза үшін тәуліктің қалыптасқан белгілі бір ырғағы бұзылуынан адамның есте сақтау қабілеті нашарлайды.

Осы зерттеу аясында өткізілген тәжірибеге түнде жорытып жүретін тышқандар қатыстырылды. Ғалымдар оларды екіге бөлді. Сосын 14 күн бойына бірінші топтағы тышқандарға кешкі сағат 9-дан түнгі 3-ке дейін тамақ берілді. Ал екінші топтағы кеміргіштерге тек күндіз ғана тамақ тастап отырды.

Екі топтың ұйықтаған уақыт мөлшері бірдей болған. Бірақ, көп ұзамай, түнде тамақ жеген тышқандардың қалыптасқан тәуліктік өмір сүру ырғағы бұзылып, ақуыз бөлуіне кері әсер еткен.

Сондай-ақ ғалымдар түнде жұмыс істеп, тамақтанған адамдардың интеллект деңгейі төмендегенін байқаған.

24.kz

Голливуд актері Джексон Рэтбоун қазақстандық «Тоқал» фильміне түсті

Танымал Голливуд актері қазақстандық «Тоқал» фильміне түстіБелгілі «Ымырт» («Сумерки») фильмінде қансорғыш Джаспердің рөлін сомдаған танымал актер Джексон Рэтбоун «Тоқал» фильмінде Кайл есімді американдық бизнесменге айналды.

Қазақстан мен АҚШ бірігіп түсірген картинаны жасаушылардың айтуынша, фильм үлкен экранға 2016 жылдың көктемінде шығады.

Бұрынырақ түсірілімге есімі құпия Голливуд актері қатысатыны хабарланған. Режиссер Евгений Чельцовтың фильмінде Джексон Рэтбоун Қазақстанда іс жүргізіп жүрген американдық бизнесменді сомдайды.

Қазақстандық тараптан продюсерлеу мен сценарийді жазуға Арманжан Байтасов қатысса, басты рөлдерде Жәнел Мақажан, Ерік Жолжақсынов пен сонымен бір уақытта фильмнің продюсері болған Гауһар Нұртас ойнады.

kazinform.kz

2017 жылы Қазақстанда алғашқы «жасыл мұнара» бой көтереді

2017 жылы Қазақстанда алғашқы «жасыл мұнара» бой көтереді2017 жылы елорада «жасыл мұнара» бой көтереді. Talan Towers деп аталатын жоба халықаралық экологиялық стандарттарға сай алғашқы нысан болмақ. Жоба авторлары Нью-Йорктегі «Бостандық мұнарасы», Шанхайдағы «Цзинь Мао», Чикагодағы «Трамп Тауэрдың» нобайын жасаған әлемдік деңгейдегі құрылыс компаниясының сәулетшілері.

Ғимаратта электр жарығын үнемдеу үшін күн сәулесінен қуат алатын батареялар орнатылады. Сондай-ақ суды тиімді пайланау жүйесі де қарастырылмақ. Естеріңізге сала кетейік, нысанның құрылысы 2013 жылы басталған болатын. Оған 300 млн доллар көлемінде инвестиция тартылды.

24.kz

Бүгін Бауыржан Момышұлының туғанына 105 жыл толды

Бүгін Бауыржан Момышұлының туғанына 105 жыл толдыБүгін даңқты қолбасшы, әскери қайраткер, жазушы, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Бауыржан Момышұлының туғанына 105 жыл толды.

 Ол 1910 жылы 24 желтоқсанда Жамбыл облысы Жуалы ауданында туған. Ленинград қаржы академиясы жанындағы курсты, Кеңес Армиясы Бас Штабының жанындағы Жоғары әскери академияны бітірген.

1936 жылы Қызыл Армия қатарына алынып, взвод, рота командирі, полк штабы бастығының көмекшісі, Қазақ әскери комиссариатының нұсқаушысы болған. Отан соғысы басталысымен 316-шы атқыштар (кейіннен 8-ші гвардия) дивизиясының жасақталуына белсене қатысып, сол дивизия құрамында майданға аттанған. Мәскеу түбіндегі ұрыстарға қатысып, Панфилов атындағы 8-ші гвардиялық дивизия батальонының, полкінің командирі болған. 1944-1945 жылдары осы дивизияны басқарған. Оның соғыс кезіндегі ұрыс жүргізудегі әскери шеберлігі, тапқырлығы мен жеке басының ерен ерлігі ерекше көзге түсіп, батырлық даңқы аңызға айналған. Даңқты батыр 1982 жылы көз жұмды.

Батырдың қаламынан туған көркем шығармалар бірнеше шетел тілдеріне аударылған. Ол туындыларын орыс-қазақ тілінде бірдей жазған. Оның «Біздің семья», «Ұшқан ұя», «Генерал Панфилов», «Куба әсерлері», «Москва үшін шайқас», «Майдан», «Төлеген Тоқтаров» атты кітаптары бар.
Сонымен қатар батырдың қаһармандық ерлігі туралы орыс жазушысы Александр Бектің «Волоколам тас жолы» атты повесі, Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» атты роман-дилогиясы, Мекемтас Мырзахметұлының «Бауыржан Батыр» атты кітабы, Мағира Қожахметованың «Тосын сыр-сұхбат»атты пьесалары жарық көріп, жазушы-драматург Елен Әлімжанның «Полковниктің жарияланбаған жазбалары» пьесасы қойылды. «Қазақфильм» киностудиясы «Ел басына күн туса» атты көркем фильм түсірді. Москва академиялық драма театры Бауыржан Момышұлы туралы «Волоколамск тас жолы» спектаклін қойды. 2001 жылы Бауыржантану ғылыми зерттеу орталығы ашылған. Батырға туған жерінде, Астана қаласында ескерткіштер қойылып, Мәскеу облысы Волоколамск қаласында батырдың тас мүсіні орнатылды.

Батыр есімі ауылдарға, көшелерге, республикалық әскери балалар мектебіне берілген. Қазақстанда Бауыржан Момышұлының 100 жылдығына арналған мерейтой республика көлемінде кеңінен аталып өтілді. 2010 жылдың ақпан айында Мәскеу қаласында «Аңызға айналған батыр» кітабының тұсаукесері өткізілді. Бауыржан Момышұлының 100 жылдығы, оның туған жерінде үстіміздегі жылдың 24-25 қыркүйек күндері аталып өтті. 24 қыркүйекте Тараз қаласында Бауыржан Момышұлының сан қырын сипаттайтын конференция ашылып, Тараз қаласындағы саябақта батыр атына мемориалдық тақта орнатылды. Жамбыл облысы Жуалы ауданында Бауыржан Момышұлының үлкен мұражайы ашылды. Даңқты батырдың 100 жылдық мерейтойы қарсаңында Бауыржан Момышұлының 30 томдық академиялық шығармалары 2010 жылдың 22 қыркүйегінде «Өнер» баспасынан толығымен жарық көрді.

2010 жылдың 29 қазанында Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапхананың «Көгілдір» залында тұңғыш рет Астанада қазақ халқының ұлы перзенті Бауыржан Момышұлына арналған «Қазақтың Бауыржаны» деректі фильмінің көрсетілімі болып өтті. Фильмді «Қазақфильм» студиясы түсірген, режиссері Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы киномотографистер Одағының мүшесі, кинодокументалист Қалила Омаров, сценариін жазған — Елшат Ескендір.

Қызыл Ту, Еңбек Қызыл Ту, Халықтар Достығы, 1-дәрежелі Отан соғысы, 2 рет Қызыл Жұлдыз, «Құрмет белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.

inform.kz

Елімізде Қазақстан-Германия аграрлық академиясы ашылады

Елімізде Қазақстан-Германия аграрлық академиясы ашыладыЕлімізде Қазақстан-Германия аграрлық академиясы ашылады. Бұл оқу орны ауыл шаруашылығы саласының мамандарын немістің дуальді білім беру жүйесі бойынша дайындайтын болады.

Ал білім беру жұмыстарына Германияның «DEULA» академиясының сарапшылары қатысады. Бұл академия білім беру ісінің үздігі. Осыған орай Германияның Нинбург қаласында ынтымақтастық жөнінде екіжақты меморандумға қол қойылды.

Германияда ауыл шаруашылығы да жақсы дамыған. 150 жылдан бері мамандар даярлауда дуальді білім беру жүйесін қолданып келеді. Ол методиканың арқасында жас маман теория мен тәжірибені қатар алады. Міне, дәл осындай жаттығу алаңдарында болашақ аграрлар білімдерін шыңдайды. Бұл жерде күн райы мың құбылады. Осының арқасында студенттер егістікте қолайсыз ауа райы бола қалса қандай технология қолдану керектегін үйренеді. Енді біздің студенттер де дәл осындай тәсілмен білім алатын болады.

24.kz

Бойжеткендерге саналы тәрбие беретін «Ақ сезім» қыздар бірлестігі құрылды

Бойжеткендерге саналы тәрбие беретін «Ақ сезім» қыздар бірлестігі құрылдыТараз мемлекеттік педагогикалық институтының жанынан «Ақ сезім» қыздар бірлестігі құрылды. Бойжеткендерге саналы тәрбие беріп, халқымыздың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін дәріптеуді мақсат тұтатын бірлестіктің тұсаукесер рәсіміне Жамбыл облыстық Іскер әйелдер қауымдыстығының мүшелері, институт оқытушылары мен студенттері қатысты.

 Жиынның ашылу салтанатында институт ректоры Дария Қожамжарова қыз баласының тәрбиесі турасында тоқталып, оның қай кезде де үлкен жауапкершілік жүктейтіні жайында баяндады.

«Іргетасының қаланғанына 50 жылға жуық уақыт өткен Тараз мемлекеттік педагогикалық институты осы жылдар белесінде мыңдаған маман тәрбиелеп, білікті ұстаздардың санын арттыруға сүбелі үлес қосты. Оқу орнында білім алатын студенттердің 88 пайызы қыздар болса, мұнда еңбек ететін ұстаздардың 90 пайызы әйелдер. Институт кәсіби сапалы маман ұстаз дайындаумен қатар, бойжеткендерге саналы тәрбие беріп, халқымыздың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін дәріптеуді қолға алып отыр. Бүгінгі ару қыздар, білімді бойжеткендер асыл әжелеріміздің тағылымды тәрбиелерін бойларына сіңіріп өсу қажет. Елдің мұраты, ұлттың ұяты саналар қазақ қыздарына ата-бабаларымыз қырық үйден тыйым салып, көзінен таса қалдырмай, тәрбиесіне үлкен мән берген. Әйел – шаңырақтың құты, бағы мен берекесі, отбасының ұйытқысы, тұрмыстың сәні мен салтанаты. Дүниедегі мейірім мен махаббат ана сүтінен дарып, әйел жүрегіне ұялаған дейді. Сондықтан да олардың бойына қазақы тәрбиені мықтап сіңіруді басты парызымыз санаймыз», – деді Д. Пернешқызы.

baq.kz

Қанат Ислам 21-ші жекпе-жегіне дайындалуда

Қанат Ислам 21-ші жекпе-жегіне дайындалудаҚазақстандық боксшы Қанат Ислам кәсіби рингтегі 21-ші жекпе-жегіне дайындалуда. Қарашада доминикандық Батистаны айқын ұтқан қазақ жігіті келесі кездесуін қаңтар айының 15-20-ы аралығында өткізуді жоспарлап отыр.

Қанат Ислам, WBA FedeCaribe чемпионы — Уақытты бос өткізбей мүмкін келер айда жоспарлар бар. Оны менің Америкадағы командам, промоутерларым, жаттықтырушыларым қазір сол жұмыстармен сөйлесіп жатыр. Орта салмақта WBA FedeCaribe тұжырымы бойынша «алтын белдікті» иеленген Ислам бұған дейінгі 20 кездесудің барлығын да айқын ұтты. «Ендігі қарсыласты Колумбиядан WBA мамандары ұсынып жатыр», – дейді Қанат Ислам. Себебі Ислам қазір осы тұжырым бойынша үздік бестіктің қатарында тұр. Биыл атақты промоутер Эл Хэймонмен келісімшартқа отырған жерлесіміз: «Жекпе-жекті Қазақстанда өткізсек», – дейді.

Қанат Ислам, WBA FedeCaribe чемпионы — Мүмкін болса осы Алматы, Астанада 21-ші кездесуімді өткізуге ұсыныстар бар. Және Қытайда, Ресейде болды. Қазір сол жиналыстар болады.

хабар

«Оңайлықтар» «Оңай бала» атты акция жасады

«Оңайлықтар» «Оңай бала» атты акция жасады«Оңайлықтар» «Оңай бала» атты акция жасады. Жаңа жылдық көңіл-күйді көтеруге тырысқан бақылаушылар мен оңай аялдамаға тоқтаған әрбір қоғамдық көлікке кіріп, жолаушылар мен балаларды жаңа жылмен құттықтап, кәмпит таратты.

Бұл акция ескі жаңа жылға дейін, яғни 13 қаңтарға дейін жалғаспақ.

Жайна Түребекова, бақылаушы:

— Келе жатқан жаңа жыл қарсаңында жолаушы балалардың көңілін көтеріп, кәмпит таратып жүрміз.

Еске сала кетейік, 2016 жылдың 11 қаңтарынан бастап қоғамдық көліктермен қатынау тек «Оңай» картасымен жүргізіледі, кондукторға немесе жүргізушіге қолма-қол ақша төлемі тоқтатылады, ал жолақысын төлеуден жалтарған жолаушыларды әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Қоғамдық көлікте есеп айырыспағандарға 4000 теңге көлемінде айыппұл салынады.

almaty.tv

ҚИК арқылы пәтер алу: шарттары, құжаттар және қатысушыларға қойылатын талаптар

2

Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы операторларының бірі болып саналатын «Қазақстандық ипотекалық компаниясы» акционерлік қоғамына «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатының аясында әлеуметтік тұрғын үйлерді бөлу жөніндегі тапсырма жүктелді. Ағымдағы жылдың басынан бастап «Қазақстандық ипотекалық компаниясы» Ипотекалық ұйымы» АҚ халықтың әлеуметтік әлсіз топтары үшін бастапқы жарнасыз жылдық 1-2%-бен тұрғын үйлерді жалға беруді іске асыра бастады.

Кезекте тұрғандарға басымдық беріледі

Компанияда бізге, жеңілдік жағдайында жалға берілетін әлеуметтік тұрғын үйлерді бөлу кезінде көп балалы және толық емес отбасыларға, мүгедек бала асырап отырған отбасыларға, жетім балаларға және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға, мемлекеттік қызметшілерге, әскери қызметшілерге, арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне басымдық берілетіндігін түсіндірді.

Бұл ретте тұрғын үйдің 50%-ы үш жылдан кем болмайтын уақыттан бері некеде тұрған және балалары (сәбилері) бар, жергілікті атқару органдарында кезекте тұрған, жас отбасылардың арасында (жастары 35 жасқа толмаған жұбайлардың) бөлінеді.

«Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» бағдарламасын жүзеге асыру аясында» жергілікті атқару органдарында кезекке тұрғандардың арасында некеде тұрған, әрі қос жұбайдың жастары 35 жастан аспаған (Бағдарламаға қатысуға арыз берген уақытта) тұлғалар басымдыққа ие болады. Сондай-ақ, баланы (сәбиді) жасы 35-ке жетпеген ата-ананың бірі, соның ішінде жесір, ажырасқан адам тәрбиелеп отырған, толық емес отбасы да басымдыққа ие» — деп түсіндіреді ҚР ұлттық экономика Министрлігінде.

Қалған кезекте тұрған үміткерлердің арасында тұрғын жайды бөлудің пайыздық арақатысы әлі де анықталатын болады.

ТҚЖБ-нен қолжетімді тұрғын үй: сұрақтар мен жауаптар  >>>

Қатысушыларға қойылатын талаптар

Қазақстандық ипотекалық компанияның ақпараты бойынша «ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үй» бағыты бойынша Бағдарламаға жергілікті атқару органдарында кезекте тұрған, келесі санаттарға жататын, тұлғалар қатыса алады:

  • көп балалы отбасылар;
  • толық емес отбасылар;
  • мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелейтін жанұялар;
  • оралмандар;
  • мемлекеттік қызметкерлер, әскери қызметшілер, арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері.
  • ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар;

Осы бағытта қатысушыларды қалыптастыру топтар және келесі критерийлер бойынша жүргізіледі:

I топ:

1 топтама — қос жұбайдың жастары 35-ке толмаған (Бағдарламаға қатысуға арыз берген уақытта), балалары (сәбилері) бар, 3 жылдан кем емес уақыттан бері некеде тұрған аталған санаттағы ЖАО-на кезекке тұрғандар, сонымен қатар баланы (сәбиді) жасы 35-ке жетпеген ата-ананың бірі, соның ішінде жесір, ажырасқан адам тәрбиелеп отырған, толық емес отбасы;

Бұл ретте тұрғын үйдің 50%-ы үш жылдан кем болмайтын уақыттан бері некеде тұрған және балалары (сәбилері) бар, жергілікті атқару органдарында кезекте тұрған, жас отбасылардың арасында (жастары 35 жасқа толмаған жұбайлардың) бөлінеді. 

2 топтама — 1 топтамаға кірмейтін, аталған санаттағы ЖАО-на кезекке тұрғандар.

«Бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері» санатына мемлекеттік мекемелерді және қазыналық кәсіпорындарды шаруашылық жүргізу құқындағы мемлекеттік мекемеге қайта ұйымдастыру кезінде аталған санат бойынша тұрғын үйге мұқтаждардың есебінде тұрған, тұлғалар теңестіріледі.

IV топ:

  • «КИК» ИҰ» АҚ-мен келісім/меморандум жасасқан, мемлекеттік заңды тұлғалардың қызметкерлері;
  • өзінің қызметкерлері үшін соның ішінде кадрлардың кетуін барынша азайту және «КИК» ИҰ» АҚ-мен келісім/меморандум жасасқан ауылдық елді мекендерге және моноқалаларға көшуін ынталандыру мақсатында құрылыс салуды және/немесе тұрғын үйге ие болуды ұйымдастыратын, мемлекеттік емес заңды тұлғалардың қызметкерлері. Бұл ретте аталған заңды тұлғалар мемлекеттік-жеке серіктестік қағидасында құрылыс салуға және/немесе тұрғын үйді иеленуге құқылы.

«Самұрық-Қазынадан» пәтерді қалай сатып алуға болады? >>>

I топқа ұсынылатын, негізгі талаптар:

  1. тұрғын үйге мұқтаждарды есепке қоюды және Заңға сәйкес тұрғын үйге мұқтаждардың мәртебесін растау;
  2. тұрғын үйді бөлу шарттары бойынша тиісті табыстарымен міндеттемелерді орындау мүмкіндіктерін растау.

Адам басына шаққанда 15-тен кем және 18-ден артық болмайтын шаршы метр мөлшердегі пайдалы алаңы бар тұрғын үйі, кем дегенде бір бөлмелі пәтері немесе жатақханада бөлмесі бар, бірақ тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатымен тұрғын үйге мұқтаждардың есебінде тұрған, I топтағы тұлғаларға Бағдарламаға қатысуға рұқсат берілмейді.

IV топтағы Бағдарламаға қатысушыларға ұсынылатын шарттар, тәртіптер және талаптар «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамымен жан-жақты келісілген «ҚИК» ИҰ» АҚ-ның ішкі құжаттарымен және келісім/меморандумдармен анықталады.

Жылжымайтын мүлік қалай бөлінеді?

Тұрғын үй пайдалануға берілгеннен кейін «ҚИК» АҚ берілген тұрғын үйлердің саны туралы қала әкімдіктерін хабардар етеді. «Қазақстандық ипотекалық компаниясы» акционерлік қоғамынан алынған, Бағдарламаның бағыттары, азаматтардың санаттары, тұрғын жайдың сипаттамасы, құжаттарды қабылдау орындары, құжаттарды қабылдаудың басталу және аяқталу күні көрсетілген, тұрғын үйді бөлу шарттары туралы ақпаратты жергілікті атқару органдары өздерінің интернет-ресурстарында немесе БАҚ-да жариялайды.

Бұл ретте әкімдіктер тұрғын үйді бөлу шарттары туралы ақпаратты алған күннен бастап алты айдан кешіктірмей пулдардың қалыптастырылуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ берілген көлемге сәйкес кезекте тұрған тұрғын үй алуға үміткерлердің тізімін олардың төлем қабілеттілігін растау үшін «ҚИК» АҚ-на жолдайды. Оң шешім қабылданған жағдайда әлеуетті жалдаушылар соңынан бағдарлама қатысушыларының түпкілікті тізімін бекітумен айналысатын, әкімдіктер үшін хабарлама алады. Осыдан кейін ҚИК жалдау және қоныстандыру шартын жасайды.

ҚИК желісі бойынша тұрғын үй бөлудің қадамдық үдерісі мынадай түрде болады:

  1. Құжаттарды қабылдау бағдарлама қатысушыларына іріктеу өткізетін және есеп жүргізетін, жергілікті атқару органдары арқылы іске асырылады.
  2. Әкімдіктер іріктеуден өткен бағдарлама қатысушыларының тізімін олардың төлем қабілеттілігін бағалау үшін ҚИК-на ұсынады және бағдарлама қатысушысына жалданатын тұрғын үйдің ауданын көрсете отырып жолдама береді.
  3. ҚИК бағдарлама қатысушылары ЖАО-ның жолдамасын және төлем қабілеттілігін растау үшін құжаттардың толық пакетін ұсынған сәттен бастап 7 жұмыс күнінің ішінде бағдарлама қатысушыларының төлем қабілеттілігіне бағалау жүргізеді.
  4. Бағдарлама қатысушылары жолдама алғаннан бастап 20 күнтізбелік күннен артық болмайтын мерзімде ҚИК-нан алынған төлем қабілеттілігіне жүргізілген бағалау туралы хабарламаны ЖАО-на ұсынады.
  5. ЖАО-ры кезектілікке сәйкес таңдалған пәтер типі бойынша бағдарлама қатысушысымен расталған, төлем қабілеттілігінің межесін ескере отырып, тұрғын үйді жалдаушылардың тізімін құрады және жалдау шарттарын жасау үшін ҚИК әлеуетті жалдаушыларының – бағдарлама қатысушыларының бекітілген тізімдерін жолдайды.
  6. ҚИК жалдаушылармен жалға беру (алу) шартын жасасады.

«Қолжетімді тұрғын үй — 2020»: кім мемлекеттен пәтер алады? >>>

Бағдарламаға қатысу үшін өтінішті қалай беруге болады?

Жалданатын тұрғын үй алу үшін өтінішті екі түрлі тәсілмен беруге болады: электронды үкіметтің веб-порталы және қағаз тасымалдаушылар арқылы

Өтінішті электронды үкіметтің веб-порталы арқылы берген кезде мекен-жай анықтамасы, балалардың туу туралы куәліктері, неке қию куәлігі, қайтыс болғандығы туралы анықтама және тағы басқалары сияқты құжаттар мемлекеттік органдардың ақпараттық базаларында бұрыннан бері болады және бағдарлама қатысушысының өтінішіне автоматты түрде жүктеледі. Бұл өтінішті және құжаттарды қабылдау кезінде кезектің түзілмеуіне мүмкіндік береді және сондай-ақ құжаттар жинау қажеттілігі де туындамайды.

Құжаттар тізбесі

Өтінішті қағаз тасымалдаушы арқылы берген кезде келесі құжаттарды қоса ала бару қажет:

  1. өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын, құжат;
  2. неке қию (некенің бұзылуы) туралы, ерінің/әйелінің қайтыс болғандығы туралы, балаларының туу туралы куәлігі, өтініш берушінің некеде тұрмайтындығы жайлы мәлімдеме;
  3. өтініш берушіде және онымен бірге тұрақты тұратын отбасы мүшелерінде Қазақстан Республикасының аумағында оларға меншік құқығында тиесілі немесе кейіннен сатып алу құқығымен жалдамалы тұрғын үйінің бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама;
  4. өтініш берушінің және онымен бірге тұрақты тұратын отбасы мүшелерінің тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігі туралы мекенжай анықтамасы;
  5. өтініш берушінің («Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының 67 бабы, 1 тармағының 3) тармақшасында көрсетілген, адамдардың І санатындағы топтар үшін) жұмыс орнынан анықтама;
  6. отбасы мүшелерінде мүгедектіктің немесе кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерінің бар екендігін растайтын, анықтама;
  7. бағдарламаға қатысуға өтініш берген кезде кезек нөмірі көрсетілген тұрғын үйге мұқтаждардың есебінде тұрғаны жөніндегі мәлімет;
  8. өтініш берушінің табыс алатындығын растайтын, анықтама.

Толыққанды түсінік алу үшін Астана қ., Тұран к-сі., 18, 1004/1 кеңсесі мекенжайында орналасқан «ҚИК» АҚ-на хабарласуға болады.

Kn.kz ақпарат қызметі

2015 жылы шаңырақ көтерген отандық жұлдыздар

Қой жылы отандық жұлдыздар үшін оңай болған жоқ. Алайда, түрлі дағдарыстарды бастан кешірген өнер иелері, жағымды жаңалықтарымен де бөлісіп үлгерді. Солардың бірі — олардың үйлену тойлары.

Арман Қоңыр және Аша Матай

2015 жылдың басты тойларының бірі, әрине Арман мен Ашаның тойы болды. Бұл жұп ұзақ уақыт бойы араларындағы қарым-қатынасты жасырып жүріп, той жақындағанда ғана жария етті. Қалыңдықтың ұзату тойы да, басты той да қыркүйек айында Алматыда өтті. Батыстан жұққан әдет бойынша бал айында, яғни тойдан кейін жас жұбайлар саяхатқа аттанды.

20150926010405 (1)

Асхат Садырбай және Айғаным

Махаббатын өзгелерден жасырып жүріп, отау құрған  жұлдыздардың арасында танымал тележургізуші Асхат Садырбай да бар. Қалыңдықтың аты — Айғаным. Той Алматыда өтті. Тойға жиналған қонақтардың арасында өнер жұлдыздары да көп болды.

00(2)

Ален Самыкенов және Ғалия Мұратова

«Асыл» тобының әншісі Ғалия Мұратова да жақында келін атанады. Cұлу арудың таңдаған өмірлі серігі актер, әнші Ален Самыкенов есімді жігіт. Бұйыртса, жақын арада Ғалия ана атанбақшы.

??????????

Олжас және Динара Қырықбаева

2015 жылы мамырдың 24-і күні жас әнші Динара Қырықбаеваның ұзату тойы болып өтті. Ерке қыздың жары туралы мәлімет жоқтың қасы. Тек есімі Олжас екені, және оның өнерге қатысы жоқ екені белгілі.

1443359794h81jo

Алишер Нұржанов және Айдана Меденова

«КешYou» тобының экс-орындаушысы Айдана Меденова «Индиго» және FM топтарының продюсері Алишер Нұржановқа тұрмысқа шықты. Тойға киген көйлекті Айдана өзі тіккені көрінеді. Айтпақшы, тұрмыс құрғаннан кейін Айдана кәсібін өзгертіп, өзін дизайнер ретінде сынағысы келеді.

1443359975kltrc

Еркін Нұржанов және Динара

Қазақстан эстрадасының өнерпазы Еркін Нұржанов та биыл екінші рет шаңырақ көтергендердің тізімін толтырды. Бұл туралы ол өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады. Еркіннің  бұл жолғы таңдауы — Динара есімді тараздық ару. Той Шымкент қаласында өтті.

photo

Дастен Шәкіров және Ботагөз Исағұлова

«Рэкитер-2» фильмінің актері, белгілі тележүргізуші Дастен Шәкіров те осы жылы отбасын құрды. Дастеннің таңдауы Ботагөз есімді қызға түсті. Қалыңдықтың айтуынша, ол Дастенді алғаш рет кинодан көріп, «қандай сүйкімді жігіт» деп ойлап қалған. Алайда, дәл сол жігіттің жарына айналады деп ойлаған емес.

1434230592aacyh

Бауыржан Сатов және Мөлдір Жұмакеева

2015 жылдың шілде айында Алматыда актер және тележүргізуші Бауыржан Сатов пен Мөлдір есімді арудың үйлену тойы өтті. Күйеу жолдас болған Бауыржанның жан досы — Тәуекел Мүслім. Тойға шақырылған қонақтардың арасында өнер иелері көп болды.

KgJg0LiN1DI

Дидар Каден және Айым Алтынбекова

Қараша айында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Лидия Каденованың ұлы, жас әнші әрі актер Дидар Каденның тойы да біраз инстаграм әлеуметтік желісін шулатты. Дидардың сүйген сұлуы бюти блогер Айым Алтынбекова.

12105235_804156259692868_1194175771_n-640x600

Нұрболат Абдуллин және Гүлфарида

Жас әнші Нұрболат Абдуллин биыл шаңырақ көтергендердің қатарында. Жарының есімі Гүлфарида. Той Ақтөбе қаласында өтті.

a-FWyuVPwSU-1009x1024

comode.kz