Домой Блог Страница 262

Қазақстандағы үздік отандық тауарлардың көрмесі ашылды

20151204110245Бүгін Астанадағы «Көрме» орталығында Қазақстандағы үздік отандық тауарлардың көрмесі ашылды.

 «120-дан астам өңірлердің үздік тауарлары бойынша номинант компаниялар бүгін өз өнімдерін ұсынып отыр. Сонымен қатар өздері өндірген өнімдерін көрсетуге ниет білдірген қосымша 80-нен астам компания келіп отыр. Атап айтқанда, бүгін көрмеде 200-ден астам экспозициялар көпшілік назарына ұсынылған»,-деді «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов.

Айта кетейік, көрмеде тауарларын ұсынған кәсіпорындар «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқауына қатысқан. Байқау комиссиясының шешімімен республикалық көрме-байқауына қатысушылар үш аталым бойынша іріктелінді.

Бірнеше жылдан бері ұйымдастырылып отырған «Қазақстанның үздік тауары» байқауына жалпы бес мыңнан астам компания қатысқан екен.

inform.kz

Цукерберг Facebook акцияларының 99 пайызын қайырымдылыққа беруге уәде етті

photo_22725Facebook желісінің негізін қалаушы Марк Цукерберг пен оның жұбайы Присцилла Чан әлеуметтік желі акцияларының 99 пайызын қайырымдылыққа беруді уәде етті.

«Біз Facebook акцияларының 99 пайызын береміз — қазіргі таңда ол шамамен 45 миллиард доллар — болашақ ұрпақ үшін әлемді жақсартуға ат салысып жатқан өзге адамдарға қосылу үшін өмір бойы береміз», — деп жазды бұл жұп қыздары Макстың дүниеге келуіне орай жазылған хатта. Олар қыздарына арналған өз үндеулерінде мұның осы жолда жұмыс істеп жатқан өзге адамдардың дарынымен және ресурстарымен салыстырғанда аз ғана үлес екенін мәлімдеді. «Біз өзгелермен бірге жұмыс істеп, қолымыздан келетін істі істегіміз келеді», — деді олар.

«Бұл әлемде біздің ұрпақ адами құдіретті арттырып, теңдікті мадақтай алады — ауруды емдеп, білімді дараландырып, экологиялық таза энергияны игеріп, адамдарды біріктіріп, мықты қоғамды құрып, кедейлік деңгейін төмендетіп, тең құқықты қамтамасыз етіп және елдер арасындағы түсіністікті кеңейтіп», — деп жазды Цукерберг пен Чан.

Бұл жұп 1 желтоқсанда қыздарының өмірге келгенін жариялады, оған Макс деген есім берілген. Олар қыздарының әлі де жақсара түсуі тиіс, бейбітшілік заманында өскенін тіледі.

tengrinews.kz

Жалғызбасты қарт туралы жарнама YouTube қолданушыларының жүрегін тебірентті

Жалғызбасты қарт туралы жарнама YouTube қолданушыларының жүрегін тебіренттіНемістің Edeka супермаркеттер желісінің жалғыз басты қарт туралы жарнама ролигі YouTube қолданушыларының жүрегін тебірентті. Видео бірнеше күннің ішінде 20 миллион көрілім жинады.

Видео егде жастағы ер адам жайлы баяндайды, ол жыл сайын Рождествоны жазғыздықта өткізіп, отбасымен отырғандай күй кешкісі келеді. Жарнаманы Jung von Matt агенттігі дайындады.


tengrinews.kz

2015 жылдың ең үздік кинотуындылары анықталды

60574dacd13d9b1a5241641d79c54cdb_cropped_630x350АҚШ Ұлттық киносыншылар кеңесі 2015 жылдың ең үздік кинотуындыларын анықтады.

«Ессіз Макс-4: Ыза жолы» («Безумный Макс — 4: Дорога ярости») жыл фильмі болып таңдалды, деп хабарлайды planet-today.ru.
Ал үздік режиссер марапатын «Марсианин» кинолентасының авторы Ридли Скотт алды.

Мэтт Дэймон «Марсианин» фильміндегі рөлі үшін «Үздік ер әртіс» номинациясын иеленсе, танымал әртіс Бри Ларсон «Комната» фильміндегі рөлі үшін «Үздік әйел әртіс» атағын жеңіп алды.

«Үздік мултьфильм» аталымы бойынша «Головоломка» анимациялық туынды үздік деп танылды.

Сыйлықтарды табыстаудың салтанатты шарасы 2016 жылдың 5 қаңтарында өтеді деп күтілуде.

Айтыс ЮНЕСКО-ның мәдени мұраларының тізіміне енді

photo_22764ЮНЕСКО айтысты адамзаттың мәдени мұрасы қатарына қосты.

Мұндай шешім Материалдық емес мәдени мұраны сақтау комитетінің 2 желтоқсанда Намибияда өткен оныншы сессиясында қабылданды.

Айтыс ерекше суырып салма өнері ретінде Қазақстан мен Қырғызстан атынан тізімге енгізілді.

«Айтыс — жалпы мәдениеттің құрамдасы және Қазақстан мен Қырғызстанның көпұлтты қоғамының теңдігінің белгісі. Жарыс жергілікті немесе жалпы ұлттық мереке кездерінде ұйымдастырылады, тақырыптарында көбінесе әлеуметтік маңызды мәселелер қозғалады. Алдыңғы буын бұл дәстүрді жастарға қалдырады», — делінген ЮНЕСКО ақпаратында.

Материалдық емес мәдени мұраны сақтау комитетінің шешімімен адамзаттың мәдени мұрасы қатарына 15 жаңа элемент қосылды.

Айтыстан өзге бұл тізімге мыналар кірді: КХДР-дің кимчи әзірлеу дәстүрі; Тинос аралында (Грекия) мәрмәр тас өңдеу; Балидегі «(Индонезия) ұлттық билердің үш жанры; Фичее-чамбалаалла, сидамо халқының (Ефиопия) Жаңа жылды тойлауы; «Ошитутхи шомагонго», марула тұқымының мерекесі (Намибия); Колка аңғарының (Перу) «витити» биі; Румыния жігіттерінің биі; Аларда альнайдия, Сауд Арабиясының дағырада ойнап, ән айтып, билеуі; Словакия волынкада ойнау мәдениеті.

Бұл тізімге кіру үшін берілетін өтініштерді қарау аяқталды және ұсынылған 35 кандидатурадан 23 жаңа элемент қосылды.

tengrinews.kz

Қазақ халқының қаһары мен әскери айбыны бір музейде көрініс тапты

5e81a22f3a6c6503eeef650244fff7a6_LСонау сақ дәуіріндегі тайпаларды аң-құстан қорғаған қару-жарақ, Түрік қағанаты батырларының сауыт-саймандары, Алтын орда жауынгерлерінің найза-садақтары, Отан соғысы майдангерлерінің пулеметтері және бейбіт күн сарбаздарының әскери жабдықтары.

Сан ғасырлар бойы ер-азаматтардың қорғаны болып келген құралдар бүгінде бір мұражайда сақталады.

Қазақ халқының тасқынды айбыны мен айбары, алпауыт күші мен қаһары енді бейбіт күн ұрпақтарының көз алдында болмақ. Әскери-тарихи музейде жауынгер халықтың талай ұрыстарына куә болған тастан қола, темірден жасалған найза, айбалта, сауыт, қалқандары, білекті жауынгерлерге мәртебелі сый ретінде берілетін семсерлері сақталған. 1643 жылғы Орбұлақ шайқасында қазақ жерінде алғаш қолданылған мылтықтардың сан үлгісінен бастап, Ұлы Отан соғысында жеңісті жақындатқан Бауыржан Момышұлы, Қасым Қайсенов, Әлия мен Мәншүктің қолдарының ізі қалған пулемет, миномет, гранаталарға дейін бар. Ал музейге әкелінбей қалған жәдігерлер голограммаларда бейнеленген.

Небары 3 ай ішінде ретке келтіріліп, жабдықталған музейде ұзын саны 5000-нан астам жәдігер қойылыпты. Оның ішінде 27 мемлекеттің туында бейнеленген Калашников автоматы мен соғыс кезінде әр дивизия алдына ұстап, жауға беттеген туларының түпнұсқалары әркімді елең еткізеді. Сол сындарлы кезеңнің көзіне айналған дүниелерді соғыс ардагерлерінің ұрпақтары әлі де әкеліп жатқан көрінеді.

Қазақ халқының жауынгерлік рухы мен қайсарлығын мұражайға кірген бетте байқауға болады. Залдың қақ ортасында Мәңгілік елдің нышаны орналасқан, ал оны жан-жағынан көне заманда елді қорғаған батыр бабалардың нар тұлғалары қоршап тұр.

Осылайша білекті бабалардың күшіне масаттанып шыққан меймандар үшін музейде күтпеген тағы бір сый дайындалған. Арнайы кең залда Қорғаныс министрлігінің Орталық оркестрі мен Орталық ансамблі сан алуан аспаптарда әскери әуендер орындап, рухты асқақтатып, көңілді жігерлендіріп жібереді.

24.kz

Көкшетауда журналистерге арналған жаңа оқсауыт тігілді

8bdf279f324b15dd534bb0ebbcac4d47_LЖартығасырлық тарихы бар кәсіпорында 800-дей адам жұмыс істейді.

Бронды киім мен авиасалаға қажетті бөлшектер шығаратын зауыт 300 түрлі өнім шығарады.

Жаңа киім жинағы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің адамдар шоғырынан ерекшеленбеуін қамтамасыз етеді. 10 келі тартатын бронды күртешенің полиция қызметкерінің сақтық сауытынан бірнеше айырмашылығы бар. Қалқан киімде микрофон салатын қалталарға дейін қарастырылған. Кез келген мата түрін бұйымға айналдыратын Көкшетау тігін цехы қажетті қондырғыларын бірер жыл бұрын әкелген. Соңғы тапсырыс осы – журналистерге арналған 100 оқсауыт. Мамандар оның сапасына 7 жыл кепілдік беріп отыр.

Өткен жылы зауыт қуаттылығы 100 тонналық балқыту-құю цехын ашты. Енді кәсіпорын өрт сөндіру құралдарын, авиациялық бөлшектер және медициналық-геосинтетикалық бұйымдар шығаруда. Жаңа жобаға шамамен 1 миллиардтан астам қаржы құйылған.

Соңғы 5 жылда кәсіпорынның таза табысы еселеп өскен. Ағымдағы жылы зауыт 5 миллиард теңгенің өнімін өндірді. Алдағы жылы өндіріс ауқымы арта түспек.

24.kz

Алматы облысында өндірістік алаңдар құрылуда

e22babc28f838709c2760e200db91e3bАлматы облысында аудандар дамуындағы теңсіздікті төмендету мақсатында 11 өндірістік алаңдар құрылуда. Экономикалық дамудың жаңа нүктелерін қалыптастыру үшін жалпы алаңы 477 га болатын жер учаскелері белгіленді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Алматы облысының әкімі Амандық Баталов айтты.

Аймақ басшысының айтуынша, үш индустриалды аймақта («Боралдай», «Арна», «Талдықорған») және Шамалған өндірістік аймағында 28 кәсіпорын орналастырылып, бес мыңға жуық жұмыс орны құрылған. Бүгінгі күні өнеркәсіпте өндірілген өнім көлемінің 23,3% (128,7 млрд. теңге) солардың үлесіне тиесілі.

Бұл орайда қаржылық сауықтыру мен кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға бөлінген қаржы үлкен көмек болғанын да атап өтті А. Баталов. Жалпы, несиелендіру көлемі 41 млдр. теңгені құрап, үш мыңнан астам жұмыс орнын құрып, сақтап қалуға мүмкіндік берген.

Талдықорған қаласы көгілдір отынмен қамтамасыз етіледі

ca647975f6d9afe75a193a0960c27ce4Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Алматыда Еуропалық Қайта құру және даму банкісінің Орта Азия және Түркия Республикасы бойынша атқарушы директоры Наталья Ханженковамен Талдықорған қаласына газ тарату жүйесінің құрылысын қаржыландыру жөнінде меморандумға қол қойды.

Келісім бойынша қалаішілік газ тарату жұмыстарына аталмыш банк 4,6 млрд. теңге бөлетін болды. Естеріңізге сала кетейін, қазіргі кезде «Алматы — Талдықорған» газ құбырының 210 шақырымы тартылды. Келесі жылы қалған 54 шақырымы аяқталмақ. Жалпы, жақын арада Талдықорған қаласы көгілдір отынмен қамтамасыз етілмек.

Теннисші Ярослава Шведова еліміздің әр аймағында шеберлік сабағын өткізді

Screenshot_5Өткен аптада Екібастұзда жеткіншектермен жүздескен спортшы бүгін астаналық балғындарға өз білгенін паш етті.

Биыл жұптық сында екі бірдей үлкен шлем жарысының финалында ойнаған жерлесіміз демалысты Қазақстанда өткізіп, ракетка ұстаған кейінгі буынмен жаттығу жасауды жөн көріпті. Елордадағы Теннис академиясының жасөспірімдерімен кортқа шыққан Шведова теннистің қыр-сырымен бөлісті. Соққы жасаудың түрлі әдіс-тәсілдерін көрсеткен теннисші дұрыс жаттығуда үлкен мән бар екенін тілге тиек етті. «Мұндай шеберлік сабағының берері мол», – дейді спортшы. «Үлкен жетістіктерге жету жолы – алдыңғы буынға еліктеуден басталады». Ярослава жексенбі күні жаңа маусымға дайындықты бастау үшін шетелге аттанады.

Хабар