Домой Блог Страница 266

Астанада «Той көйлектері» атты авторлық фестиваль өтеді

БезымянныйАстанада жас талантты дизайнерлердің арасында «Той көйлектері» атты авторлық «Сән мен сахна» халықаралық сахна киімдері фестивалі өтеді.

 Фестивальді «Ханум агенттігі», «Астана қаласының әкімдігі», «Юнус Эмре» атындағы түрік мәдени орталығы, «EXPO & Women» халықаралық ұйымы ұйымдастырып отыр.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестивальдің негізгі мақсаты – дарынды суретші-сәнгерлердің еңбектерін бағалау. Ұлттық киім үлгілерін заманауи сән әлемінде дәріптеу, отандық сәнгерлердің қызметін, сондай-ақ олардың шығармашылығын тұтынушылар арасында насихаттау. Аталмыш шараларды өткізу арқылы халықтар мәдениетін интеграциялауға, этномәдени диалогтың дамуына ықпал ету. Сонымен қатар, сәнгерлер арасында тәжірибе алмасу, мемлекеттің оң имиджін көтеру болып табылады.

Фестиваль қонақтарының қатарында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері, қазақ эстрада жұлдыздары, Түркия және Ресей дизайнерлері, «Аида Кауменова» , «Наиль Байкучуков», «Тарбия», «Өрнек» Сән үйлері, «Шеберлі» зергерлік бренді бар.
Сондай-ақ, «EXPO & Women» Халықаралық төралқасының төрайымы Салтанат Рақымбекова, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, этнолог, дизайнер Айдаш Ханум, Түркия елінің беделді дизайнері — Дурду Арыджы, Айнур Супероглу, Гүлфидан Түйсүз, якутиялық Анжелика Кириллина мен отандық «Әдемі-ай» компаниясының директоры — Бахаргуль Төлегенқызы қатысады.
Фестиваль 2 желтоқсан күні «Astana Music Hall» кешенінде сағат 18:00 де өтеді.

baq.kz

Жаңа жылдан бастап, 2000, 5000, 10 000 теңгелік ескі банкноттар қолданыстан шығады

Screenshot_2Жаңа жылдан бастап айналымдағы кейбір 2000, 5000, 10 000 теңгелік банкноттар қолданыстан шығады, деп хабарлайды khabar.kz.

 Алматы филиалы хабарлағандай, 2015 жылдың 31 желтоқсанынан бастап 2000, 5000 және 10 000 теңгенің 2006 жылғы үлгілері айналымдағы қолданыстан шығады. Сондықтан аталған теңгелерді дер кезінде банкке тапсыру қажет.

Қазақ руханиятының жанашырлары Қазақ хандығының 550 жылдығы мерейтойлық медалімен марапатталды

Screenshot_1Бүгін Астанадағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында өтіп жатқан «Оқырман қауым – Ұлы дала елінің болашағы» атты халықаралық оқу конгресінде ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қазақ руханиятының үлкен жанашыры болған ақындар мен жазушыларға Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мерейтойлық медальді және алғыс хаттарды табыстады.

Қазақ хандығының 550 жылдығына байланысты еліміздің кітапханаларында кешенді мәдени шаралар ұйымдастырып, оқырмандардың Ұлы дала елінің түп тарихын терең игеріп, ежелгі жазба ескерткіштері мен сирек басылымдарды жан-жақты зерделеуге тартып, қоғамның оқу мәдениетін қалыптастыруға қосқан үлесі үшін, сондай-ақ, өркениетке көш түзеген Қазақ елінің мемлекеттік идеологиясын жастар арасында кеңінен насихаттауға атсалысқаны үшін Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы Әкбар Мәжитұлы, Қазақстан Халық жазушысы, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов, жазушы Толымбек Әбдірайымұлы, ақын, аудармашы, Қырғыз жастар жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Қалыбеков, «Нұр Отан» партиясы Әлеуметтік болжам және талдау орталығының директоры, академик, профессорҚазбек Қазкенов, С.Сейфулин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының директорыМақпал Нұрғалиева, ақын Дәулеткерей Кәпұлы, А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасасының директоры Қабиба Ақжігітова, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының Қызылорда облыстық филиалының директоры Қаршыға Есімсейітова, Қазақстан Жазушылар одағы және Жазушылар одағының мүшесі, Арал аудандық «Толқын» газетінің бөлім меңгерушісі Толыбай Абылаев Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мерейтойлық медальмен марапатталды.

Ақын Ертай Ақышбаева (Ақтөбе облысы), ақын, Г.Сланов атындағы Атырау облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының хатшысы Әлия Дәулетбаева, жазушы Момбек Әбдіәкімұлы (ОҚО), ақын Әмзе Қалмырзаұлы (ОҚО), Степногор Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Роза Мұхамедиоваға Алғыс хаттар табысталды.

baq.kz

Адамның 9 түрі. Тани біл

kNC_xBDGX48Әр адамның мінезі, темпераменты әртүрлі. Бірақ өмірлік қағидалары мен әдеттері сол адамдарды қандай да бір топқа жіктеуге мүмкіндік береді. Сіздің жаныңызда жүрген адам қандай, Сіз қандайсыз?

1. Жел тәріздес адам бар.
Бүгін – мына жерде, ертең – басқа жақта, оған қатысты тұрақтылық жоқ. Айналасатын ісі де бірі бірімен алмасып кете береді. Ол ешбір жұмысқа өзін толық арнай алмайды.

2. Гүл тәріздес адам бар.
Ондай адамдарды аялау керек, мәпелеу керек, тұрмыстың кез келген қолайсыздығынан қорғай білу керек. Бірақ осы нәзіктіліктің де өзіндік кереметі бар. «Гүл» адамдардың жанында Сіз өзіңізді батыр, нағыз қорған ретінде сезінесіз.

3. Кітапхана тәріздес адам бар.
Ол адамдардан қашанда тәлім алуға болады. Әсіресе шыдамдылық танытып, сәл сабырлы болсаңыз, өмірде қажетіңізге жарар жақсы кеңестер аласыз.

4. Лабиринт тәріздес адам бар.
Олардың қай кезде қандай шешім қабылдары белгісіз. Бірақ жұмбақ қиын болған сайын сол жұмбақтың шешімін табу үдерісі қызықтыра түсері сөзсіз.

5. Жайлау тәріздес адам бар.
Бұндай адамдардың жанында тірліктің көңілге кірбің түсіретін барлық мәселелерін ұмытып, жай табасыз. Сәл болса да, жүйке жүйеңіз демалып қалатыны жасырын емес.

6. Фейерверк тәріздес адам бар.
Олар күн демей, түн демей ұйқыңыздан оятып алып, айналаңызды мерекеге айналдырып жіберуі әбден ықтимал. Уақыт тым тез зымырайды, оралыңның барында – ойна да күл, міне, «фейеверк» адамдардың басты ұстанымы осы.

7. Бәйтерек тәріздес адам бар.
Олардың жанында өзіңді қорғаны бар адамдай сезінесің. «Менің өмірім де, ойларым да қауіпсіздікте, егер жығылып бара жатсам, қолтығымнан демеп жіберетін адам бар» деген ой серігіңізге айналып, өзіңізге деген сенімді арттырады.

8. Құдық тәріздес адам бар.
Бұл қатынастың соңы нашар болатынын білсең де, аяқ тарта алмай, жандарынан ұзай алмай жүресің. Ол мекен еткен тұңғиыққа бір мәрте сүңгу – қаншалықты қауіпті болса, соншалықты қызық болып тұратыны тағы бар.  

 9. Гауһар тәріздес адам бар.
Уақыт өткен сайын оның тағы жаңа бір қыры ашылады. Жағымды ма, жағымсыз ба – маңызды емес. Сенің таңдану мен тамсанудан жалықпайтынын ғана белгілі.

Кәсібі бардың нәсібі бар

a0e73696294739f2707b03897c66bc0aБүгін Алматы облысының басшысы Амандық Баталовтың төрағалық етуімен әкімдіктің мәжілісі өтті. Жиында облыс әкімінің бірінші орынбасары Махаббат Бигелдиев «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» Бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы баяндады.

Аталмыш бағдарламаның бірінші бағыты «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» шеңберінде Алматы облысында 261 жобаны жүзеге асыруға 17 млрд. 500 млн. теңгеден астам қаржы бөлініп, 5 мың 165 жұмыс орны құрылған, оның ішінде 2 мың 632 (51%) жұмыссыз азамат, жұмыспен қамту орталықтары арқылы орналастырылған.

Екінші бағыт бойынша 2011-2015 жылдары Алматы облысына 5 млрд. 262 млн.теңге бөлінді, оның ішінде 5 млрд. 214 млн. теңге шағын несиелеуге, 47 млн. 800 мың теңге кәсіпкерлік негіздерін оқытуға бағытталды. Осы жылдары шағын несиемен 2 мың 498 адам қамтылып, өз ісін ашып кеңейтті, оның ішінде 687 адам 18 несиелік серіктестіктер арқылы несие алды. Шағын несиенің негізгі бөлігі (83,5%) ауыл шаруашылығына бағытталса, қалған бөлігі қызмет көрсету (9,6%) және өнеркәсіп саласына, яғни құрылыс материалдарын өндіру, жиһаз жасау, киім, көрпе тігу цехтарын ашуға (6,9%) берілді. Ал, ағымдағы жылы шағын несие беруге 1 млрд. 313 млн.теңге қарастырылды, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 13 есеге артық (100 млн.теңге) болды. Ағымдағы жылдың 1 қарашасына 609 адамға 1 млрд. 342 млн.теңге несие берілді, оның 188 млн. 700 мың теңгесі қайтарылған сома есебінен болды, — деді М.Бигелдиев.

Әкімдік мәжілісін қорытындылаған облыс әкімі А.Баталов аудан, қала әкімдері мен сала басшыларына «Жұмыспен қамту жол картасы — 2020» бойынша жоспарланған жұмыстардың толық көлемде орындалуын қамтамасыз етуді және жұмыстан босатылған жұмысшыларды жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналастыруды және күн тәртібінде қаралған өзге де сұрақтарға қатысты жұмыстарды үнемі назарда ұстап, аталған бағыттағы жұмыстарды қарқынды жүргізуді тапсырды.

Сондай-ақ мәжілістің күн тәртібінде тағы екі сұрақ қаралды. Жер қатынастары, сәулет және қалақұрылысы салаларындағы заңнамалық талаптар мен нормалардың сақталуы мен мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамалық актілердің негізгі бағыттарын түсіндіру туралы да сөз болды.

Көшбасшылық көптеген іргелі істерге бастайды

202c6bfd27347a01d876d0f9a04f7e4eБүгін Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт сарайында 2015 жылдың түрлі саладағы жас көшбасшылары (үздіктері) анықталды.

Атап айтқанда:

1. «Жас батыр» номинациясы бойынша — Найзабеков Берік;

2. «Ауыл шаруашылығының жас маманы» номинациясы бойынша — Досымбеков Елнұр;

3. «Үздік жас мұғалім» номинациясы бойынша — Молбаев Бақытжан;

4. «Үздік жас мемлекеттік қызметкер» номинациясы бойынша — Алимов Нұрлан;

5. «Үздік жас әскери қызметкер» номинациясы бойынша — Мақсұтов Ғабиден;

6. «Үздік жас өнерпаз» номинациясы бойынша — Жебегенов Ерұлан;

7. «Үздік жас маман» номинациясы бойынша — Алимбаев Арнай;

8. «Үздік жас спортшы» номинациясы бойынша — Сон Игорь;

9. «Үздік жас ғалым» номинациясы бойынша — Бекежанов Дәурен;

10. «Үздік жас журналист» номинациясы бойынша — Серікқожанова Мөлдір;

11. «Үздік жас кәсіпкер» номинациясы бойынша — Нугурбекова Раушан;

12. «Үздік жас дәрігер» номинациясы бойынша — Өмірзақова Гүлмира;

13. «Үздік жас саясаткер» номинациясы бойынша — Тумабаева Мадина;

14. «Үздік студент» номинациясы бойынша — Спандиярова Салтанат;

15. «Үздік «Жасыл ел» сарбазы» номинациясы бойынша — Күнесбекова Ләззат;

16. «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының үздік көшбасшысы» номинациясы бойынша — Тұралыұлы Әділ;

17. «Үздік ерікті» номинациясы бойынша — Самиев Мирас.

Жоғарыда аталған жас та болса өз саласының білікті де білімді, батыл да алғыр азаматтары Алматы облысы әкімінің қолынан арнайы дипломмен, «Көшбасшы — 2015» мүсіншесімен және 200 000 теңгенің ақшалай сыйлығын алды.

Шара барысында сөз алған облыс әкімі өңір жастарына бүгінде көптеген жағдайлардың жасалып жатқандығын, соның ішінде сәулет құрылысы қайталанбас Салтанат сарайы, Оқушылар сарайы, Жастарға қызмет көрсету орталығы, Қаратал өзенінің бойында «Жастар аллеясы», «Жастар» саябағының бой көтеріп келе жатқандығын атап өтті. Мұның барлығы Елбасының тікелей қолдауының арқасында іске асуда. Мемлекет басшысының әрдайым жастардың еңбеккер, мақсаты айқын, білімді де алғыр ұрпақ болғанын қалайтындығын және болашақтың тұтқасы осындай лайықты өскелең ұрпақтың қолына табысталатындығына сенім білдіретіндігін үнемі айтуда, — деп сөзін қорытты.

Аталмыш шараға жас эстрада әншілері мен еліміздің абыройын Ресей біріншілігінде қорғап жүрген «Спарта» көңілді тапқырлар клубы және «Funky town» би студиясының бишілері өз өнерлерімен шараның шырайын кіргізді.

Астаналық жедел медициналық жәрдем қызметі заманауи талаптарға сай болмақ

Астана қаласындағы жедел медициналық жәрдем қызметінің заманауи талаптарға сай еместігі туралы қалалық әкімдікте өткен аппарат кеңесінде Әділбек Жақсыбеков мәлімдеді. Жақын арада астаналық дәрежеге сай жедел медициналық жәрдем қызметін құру туралы кешенді жоспар жасалынатын болады.   «Біздің барлығымыз медициналық жедел жәрдем қызметі жұмысының дұрыс ұйымдастырылмағаны себепті зардап шегіп келеміз немесе зардап шегуіміз мүмкін. Дәл қазір бұған басқаша қырынан қарау керек», – деді өз сөзінде Астана әкімі.  Кешенді жоспар Қазақстанның бас қаласының жоғары стандарттарына сай болады және елордалық жедел медициналық көмектің жаңа қызметін ұйымдастыруға бағытталады. Оған қоса, инфрақұрылым, техникалық жабдықтау, көлікпен қамтамасыз ету, кадрлық құрылым және осы қызметтегі мамандардың тұрғын үймен қамтылуы сияқты маңызды мәселелер де қз шешімін осы кешенді жоспар аясында табатын болады. Шұғыл түрде оқиға орнына жөнелтілген көлік қозғалысы мен оның аулаішілік алаңдарға кіретін жолдардағы қозғалыс жүйесін қалыпқа келтіру және жеңілдету жұмыстары ұйымдастырылады. Сонымен қатар, жедел жәрдем қызметінде түнгі уақытта жұмыс істейтін қызметкерлердің балаларын балабақшаға алу мәселесі де шешімін таппақ. Аппарат кеңесінде теміржол вокзалының жұмысы туралы сөз көтерілген болатын. Жаңа теміржол вокзалының құрылысына байланысты ескі вокзалға көңіл аударуды ұмытпаған дұрыс. Ә. Жақсыбеков өз сөзінде вокзалдың жағдайы елорадалық деңгейге сәйкес болуы шарт, сонымен бірге, қызмет сапасы мен вокзал маңындағы ақылы көлік тұрағына да назар аудару керек екендігін атап өтті. Апта сайын әкімдікте өтетін аппарат кеңесінде азаматтардың өтініштері бойынша мәселелер қаралады. Соның бірі - қаладағы интернет сапасы. Соңғы кезде сигнал мен жылдамдықтың нашарлауы, үзілуі тұрғындардың наразылығын тудыруда. Бір аптаның ішінде «Астанателеком» ұсынып отырған қызметке талдау жасалып, келесі аппарат кеңесінде қаралатын болды.Астана қаласындағы жедел медициналық жәрдем қызметінің заманауи талаптарға сай еместігі туралы қалалық әкімдікте өткен аппарат кеңесінде Әділбек Жақсыбеков мәлімдеді. Жақын арада астаналық дәрежеге сай жедел медициналық жәрдем қызметін құру туралы кешенді жоспар жасалынатын болады.

 «Біздің барлығымыз медициналық жедел жәрдем қызметі жұмысының дұрыс ұйымдастырылмағаны себепті зардап шегіп келеміз немесе зардап шегуіміз мүмкін. Дәл қазір бұған басқаша қырынан қарау керек», – деді өз сөзінде Астана әкімі.

Кешенді жоспар Қазақстанның бас қаласының жоғары стандарттарына сай болады және елордалық жедел медициналық көмектің жаңа қызметін ұйымдастыруға бағытталады. Оған қоса, инфрақұрылым, техникалық жабдықтау, көлікпен қамтамасыз ету, кадрлық құрылым және осы қызметтегі мамандардың тұрғын үймен қамтылуы сияқты маңызды мәселелер де қз шешімін осы кешенді жоспар аясында табатын болады. Шұғыл түрде оқиға орнына жөнелтілген көлік қозғалысы мен оның аулаішілік алаңдарға кіретін жолдардағы қозғалыс жүйесін қалыпқа келтіру және жеңілдету жұмыстары ұйымдастырылады. Сонымен қатар, жедел жәрдем қызметінде түнгі уақытта жұмыс істейтін қызметкерлердің балаларын балабақшаға алу мәселесі де шешімін таппақ.

Аппарат кеңесінде теміржол вокзалының жұмысы туралы сөз көтерілген болатын. Жаңа теміржол вокзалының құрылысына байланысты ескі вокзалға көңіл аударуды ұмытпаған дұрыс.

Ә. Жақсыбеков өз сөзінде вокзалдың жағдайы елорадалық деңгейге сәйкес болуы шарт, сонымен бірге, қызмет сапасы мен вокзал маңындағы ақылы көлік тұрағына да назар аудару керек екендігін атап өтті.

Апта сайын әкімдікте өтетін аппарат кеңесінде азаматтардың өтініштері бойынша мәселелер қаралады. Соның бірі — қаладағы интернет сапасы. Соңғы кезде сигнал мен жылдамдықтың нашарлауы, үзілуі тұрғындардың наразылығын тудыруда. Бір аптаның ішінде «Астанателеком» ұсынып отырған қызмет сапасына талдау жасалынып, келесі аппарат кеңесінде қаралатын болды.

Алматы агломерациясына Азия Даму банкі үлес қоспақ

4ce0955f211105fb6562d80d9e0fd642Кеше Алматы облысы әкімінің орынбасары Серік Тұрдалиев Азия Даму банкінің өкілдерімен кездесті. Кездесуде Алматы – Бішкек экономикалық дәлізіндегі Алматы агломерациясына облыстың қатысуы туралы сөз болды.

Азия Даму банкінің бас экономисі Прадип Сриваставаның айтуынша, Банк Орта Азияның аймақтық экономикалық дамуы бағдарламасының шеңберінде Алматы – Бішкек экономикалық дәлізін жүзеге асырғалы отыр. Аталмыш жоба шеңберінде ауыл шаруашылығы, туризм, логистика, жол және көлік, білім, денсаулық салаларын дамытуға инвестиция салу көзделген. Банктің әзірге Қазақстандағы жұмыс бағыты инфрақұрылымды дамыту тұрғысында белгіленуде.

Аталмыш экономикалық дәлізінде тек екі қала арасындағы жол ғана емес, сонымен қатар Алматы және Бішкек қалаларының агломерацияларын дамыту да басты бағыт болмақ. Бұл орайда Алматы облысының да экономикалық мүмкіндіктері сараланбақшы. Облыс өз тарапынан ауыл шаруашылығында, туризмде, логистика және инфрақұрылым салаларында инвестиция құюды қажет ететін жобаларын орталық органдармен бірлесіп ұсынатын болады.

Облыс әкімінің орынбасары Серік Тұрдалиев Алматы агломерациясы аумағындағы бес ауданның экономикалық әлеуетін арттыруға және Алматы қаласының маңында азық-түлік белдеуін дамытуға септігін тигізетін бұл жоба өңір үшін аса қажет екенін және оған атсалысатындарын жеткізді.

Астанада Несіпбек Айтұлының 7 томдық жинағы жарық көрді

Астанада Несіпбек Айтұлының 7 томдық жинағы жарық көрдіКеше елордамызда қазақтың танымал ақыны Несіпбек Айтұлының 7 томдық жинағының тұсауы кесілді.

Туындыға шайырдың 15 жасынан бастап жазған поэмалары, дастандары мен мақалалары кірді. Жыр сүйер қауым аталған жинақтың V томын ерекше атап кетті. Мұнда Несіпбек Айтұлы қазақ тіліне аударған Әлішер Науаидың «Ескендір қорғаны» дастаны шығарылған. VI томда ақынның журналист болып істеген кезеңінде жазған көрнекті мақалалары жарық көрді. Ал VII томда балаларға базарлық ұсынылған. Бұл кітаптан кішкентай оқырмандарға арналған өлеңдерді табуға болады. Барлық келушілер кеш иесіне құттықтауларын жолдап, жылы лебіздерін білдірді.

24.kz

Алматы облысындағы көл жағалаулары көріктендіріледі

Алматы облысындағы көл жағалаулары көріктендіріледіАлматы облысында Балқаш және Алакөл көлдерінің жағалауында демалыс және сауықтыру туризімін дамытуға үлкен көңіл бөлінуде. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің Алматы облыстық филиалында өткен брифингте Алматы облыстық туризм басқармасының басшысы Жанар Алчимбаева хабарлады.

Ж. Алчимбаеваның мәлімдеуінше, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 2014-2015 жылдары Ақши ауылының маңындағы демалыс аймақтарына дейін 98,2 шақырым электр желілері тартылған. Жобаға республикалық бюджеттен 552 млн. теңге бөлінген. Осы жылы Ақши ауылынан Алакөл маңындағы демалыс аймақтарына дейінгі жол құрылысының жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге жергілікті бюджеттен 21,0 млн. теңге қарастырылды. Сонымен қатар Алакөлдің жағалауында демалушылар мен туристерді жаз мезгілінде осы орындарға жеткізу мақсатында «Алматы-Достық-Жетіген» теміржол бағытында поезд қатынауда.

Туристік өнімдерді кеңінен насихаттау мақсатында облыстық басшылық Қазақстандық және Халықаралық туристік көрмелер мен жәрмеңкелерге қатысып жүр. Сонымен қатар«Аlmatyregion-tour.kz» геоақпараттық интернет-порталы да іске қосылған. Онда туристік бизнес және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне ақпараттық – таныстыру турлары  өткізіліп тұрады.