Домой Блог Страница 271

Текеліде домна пештері салынуда

Текеліде домна пештері салынуда
домна

Алматы облысының Текелі қаласында шойын өндіретін домна пештерінің құрылысы жүргізілуде. Бұл жаңа нысан – қала түзуші кәсіпорындардың қатарына қосылмақ, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жобаны «ТГПК» ЖШС жүзеге асыру үстінде, құрылыс жұмыстары жеке инвестиция есебінен жүргізіліп жатыр. «ТГПК» ЖШС директорының бірінші орынбасары Александр Печоркиннің айтуынша, құрылысқа бүгінгі күні 600 адам тартылған. Олардың арасында жергілікті мамандармен қатар Теміртау қаласынан келген мамандар да бар.

— Әрқайсысы 206 текшеден 2 домна пеші салынуда, олар жылына 400 тоннадан шойын балқытады. Бұл орайда домна пештеріне қажетті шикізаттың бір бөлігі осы аумақтағы байыту фабрикасында өндіріледі. Қазіргі кезде ол жерде де жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр, — деді жобалау-конструктивті бөлімнің бастығы Сергей Клиновицкий.

Құрылыстың жалпы алаңы 10 га шамасында.  Нысанды 2016 жылдың 2-тоқсанында іске қосу жоспарланған.

«Мұстафа Шоқай – мәңгілік ғұмыр» тақырыбында еске алу кеші өтеді

"Мұстафа Шоқай – мәңгілік ғұмыр" тақырыбында еске алу кеші өтеді
мәңгілік ғұмыр

Биыл Алаштың арда азаматы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Мұстафа Шоқайдың туғанына – 125 жыл. Осыған орай, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы Саяси қуғын-сүргін құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды мұражай кешенімен біріге отырып,  20 қараша күні сағ. 15-00-де «Мұстафа Шоқай – мәңгілік ғұмыр» тақырыбында еске алу кешін өткізеді.

Іс-шараға ҚР Сенат депутаттары Мұрат Мұхамедов, Жабал Ерғалиев, ҚР Мәжіліс депутаты Алдан Смайыл, ф.ғ.д, профессор Тұрсын Жұртбай, ақын, «Алаш» сыйлығының иегері Серік Тұрғынбекұлы, жазушы Қойшығара Салғараұлы, жазушы Табыл Құлияс, журналист, ҚР Мәдениет қайраткері Ақайдар Ысымұлы, Мұстафа Шоқайдың ұрпақтары Пенсекүл Бәйшіқызы, техника ғылымдарының докторы, профессор Мейірбек Молдабекұлы және т.б. тарихшы ғалымдар мен ақын-жазушылар қатысады.

Іс-шараға Мұстафа Шоқайдың өмірі мен шығармашылығына арналған «Алаштың алып тұлғасы» тақырыбында кітап көрмесі жасалады, «Мұстафа мен Әлихан» деректі фильмінен үзінді көрсетіледі.

Қазақ күресі: Федерация кубогының жүлде қоры белгілі болды

Қазақ күресі: Федерация кубогының жүлде қоры белгілі болдыЖелтоқсан айының 3-5 күндері аралығында Тараз қаласында Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай, Қазақстан Республикасы қазақ күресі федерациясының кубогы өтеді. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәжілісінде ҚР Күрес федерациясының президенті Арман Шораев айтты.

– Биылғы жылы алғаш рет Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай қазақ күресінен федерация кубогын өткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл жарысты өткізуге ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, «Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы» және Жамбыл облысы әкімдігі ат салысады. Тараз қаласындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында өтетін федерация кубогына жалпы саны 14 команда қатысады. Олардың қатарында қазақ күресінен мамандандырылған мемлекетттік және жеке спорт клубтары, құрамында қазақ күресі бөлімі жұмыс жасайтын балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебі, олимпиадалық резерв орталығы, жоғарғы спорттық шеберлік мектебі, қазақ күресі бөліміне жағдай жасалған мамандандырылған арнайы орта оқу орындары мен ЖОО-ның командалары бар, – дейді А. Шораев.

Сайыс барысында палуандар 55, 60, 66, 74, 82, 90, 100 және +100 келі салмақ дәрежелері бойынша командалық сында бақ сынайды. Іріктеуден финалдық кезеңге жеңіске жеткен 8 команда жолдама алады.

Айта кетейік, Федерация кубогының жүлдегерлеріне қомақты ақшалай жүлде қоры тағайындалған. Бұл республика бойынша жүлде қоры жағынан алғашқы үштікке кіретін жарысқа баланып отыр.

1-орын – 10 млн. теңге;
2-орын – 5 млн. теңге;
3-орын – 2 млн. теңге;
4-орын – 800 мың теңге;
5-орын – 700 мың теңге;
6-орын – 600 мың теңге;
7-орын – 500 мың теңге;
8-орын – 400 мың теңге.

baq.kz

Huawei телефон қуатын 5 минутта 48%-ға жеткізуге болатын жаңа технология ұсынды

Смартфондар дәуірінің басты мәселелерінің бірі — батарея қуаты. Ірі компаниялар да осы мәселені шешу үшін жан жақты ізденісте. Qualcomm-ның Quick Charge 2.0 және Samsung-тың Adaptive Charging атты технологиялары 2000-3000 mAh батареяларды 2 сағаттан аз уақытта толтыра алады. Мысалы Galaxy Note5 100% толтырылу рекорды — 1 сағат 20 минут.

Ал жақында қытайлардың технология дәуі Huawei қарсыластары қызығарлық жаңа технология ұсынды. Бұл құралдың көмегімен 3000 mAh батареяны 5 минутта 48% толтыруға болады, ал толығымен толуы үшін 30 минут керек екен. Сонымен қатар бұл қуат толтырғыш литий-ион батареялардың тозуына жол бермейді екен. Яғни, батареялар бұрынғыларға қарағанда ұзақмерзімді қызмет етеді.

Елордада өкпе ауруы бойынша тегін кеңес алуға болады

Елордада өкпе ауруы бойынша тегін кеңес алуға болады
тегін кеңес

18 қарашада сағат 12.00-де №1 қалалық аурухана базасында Дүниежүзілік созылмалы обструктивті өкпе ауруларына (СОӨА) қарсы күрес күні өтеді.

Шара барысында елордалық белгілі пульмонолог дәрігерлер науқастарға тегін кеңес беріп, дәрігерлер үшін дәріс оқиды.

Астана қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, кеңес алуға және дәріс тыңдауға қызығушылық танытқандарға №1 қалалық емханаға тегін жол жүру ұйымдастырылған.

Автобустар келесі медициналық мекенжайлардан қатынайды:

1) №5 қалалық емхана (Ақан сері көшесі, 20) 11.00ден 11.30-ға дейін;

2) №4 қалалық емхана (Шевченко көшесі, 1) 11.00ден 11.30-ға дейін;

3) «Шапағат» АМСК Орталығы (Абылай хан даңғылы, 30) 11.00-ден 11.30-ға дейін

Аталмыш акцияның мақсаты – ауру туралы мәліметтерді кеңінен арттыру, науқастарға көрсетілетін көмекті жақсарту. Сонымен бірге темекіге тәуелділіктің таралуын төмендетуге әсер ету, темекіге қарсы күреске халықтың барлық топтарын тарту, темекі шегудің алдын алу және темекінің ағзаға зиянды әсері туралы қоғамды ақпараттандыру болып табылады.

khabar.kz

Қазақстандықтар желтоқсан айында неше күн демалады?

Қазақстандықтар желтоқсан айында неше күн демалады
желтоқсан айында

Желтоқсан айында қазақстандықтарға қосымша үш күн демалыс беріледі.

Қазақстанда 1 желтоқсан мемлекеттік мереке — Тұңғыш Президент күні, ал 16 және 17 желтоқсанда қазақстандықтар Тәуелсіздік күнін атап өтеді.

«ҚР мерекелері туралы» заңына және еңбек заңнамасына сәйкес, мемлекеттік және ұлттық мерекелер демалыс күні болып есептеледі. Сонымен қатар, егер мереке атап өтілетін күн демалысқа сәйкес келсе, ол күндер бір күнге ұзартылады. Алайда, биыл үш мереке де жұмыс күндеріне сәйкес келіп тұр, сондықтан олар басқа күндерге жылжытылмайды.

tengrinews.kz

Бельгияда НАТО ұйымдастырған 47-ші қайырымдылық базары өтуде

Бельгияда НАТО ұйымдастырған 47-ші қайырымдылық базары өтудеҚазақстан НАТО ұйымдастырған 47-ші қайырымдылық базарына қатысты.

Осы арқылы еліміз Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесін насихаттауға тағы бір мүмкіндік алды. Биыл оған 42 мемлекет қатысып отыр. Олардың қатарында Солтүстік Атлант Альянсі мен «Бейбітшілік үшін әріптестік» бағдарламасының мүшелері бар.

Көрмеден жиналған қаржының бір бөлігі Париждегі лаңкестіктен зардап шеккендерге беріледі.

НАТО ұйымдастырған халықаралық көрмеге әлемнің 40-тан астам елі өз өнімдерін сатуға шығармақ. Дені – қолдан жасалған кәдесыйлар мен дәмді тағамдар.  Мәселен, грузин шарабы мен голланд ірімшігін де көрме сөресінен көруге болады. Италиядан әкелінген зәйтүн майы мен Түркияның тәттілері де қолдан-қолға тимей сатылып жатыр.  Өтімді тауарлар қатарында біздің ел мақтан тұтатын қазақстандық шоколад та бар.

Біздің ел үш сала бойынша тіркелген. Мәдени бағдаралама ұсынып, 2017 жылы өтетін «ЭКСПО» көремесінің жай-жапсарымен таныстырады.  Көпшілік назар аударған шараның бірі де біздің жерлестеріміз үлесінде. Ұлттық нақышта киінген қыздарымыз мерекенің ажарын аша түскендей.

khabar.kz

 

Арман Дәулетияровтың орнына Сати Казанова қазақша ән айтып берді

Арман Дәулетияровтың орнына Сати Казанова қазақша ән айтып берді
Сати Казанова

Ресейдің танымал әншісі Сати Казанова өзінің биылғы жылы хит болған көпшілікке танымал әні «До Рассветаны» қазақша айтты.

Өткен демалыста «Comedy Club» бағдарламасының шоумендері танымал өнер жұлдыздарынан қазақша ән шырқауды сұрайды.

Бірінші кезекте сол жерде отырған жалғыз қазақ азаматы «МузТВ» арнасының бас директоры Арман Дәулетияровтен өтінеді. Алайда Дәулетияров мырза өзінің ана тілінде ән айта алмайтынын айтады. Сол кезде Сати Казанова  «До Рассвета» әнінің қазақша нұсқасын шырқай жөнеледі.

baq.kz

Қытайдағы қазақ режиссері халықаралық фестивальдің жеңімпазы атанды

Қытайдағы қазақ режиссері халықаралық фестивальдің жеңімпазы атандыҚытайдағы қазақ режиссері халықаралық фестивальдің жеңімпазы атанды.

«Сахара мұрағаттары» атты бұл деректі фильмге Алтай өңіріндегі Шеміршек мәдениеті арқау болған. Байырғы көшпенділер мәдениеті қалған асқар Алтай тауының баурайы тарихи жәдігерлерге толы. Ондағы неше жүздеген балбал тастар, мыңдаған жартас суреттері, «Мықтың үйі» (қорымдар) мен көне жұрттар ата-бабамыздың тарихынан сыр шертіп, төл шежіремізден тіл қатып тұр.

Бұл далада Ғұндар мен Сақтар от жағып, өмір сүрген, түркілердің ат тұяғының ізі қалған, ол қазақты құраған ру-тайпалардың ескі жұрты. Режиссер осы тақырып төңірегінде ізденіс жасап, 2013 жылдан бастап Алтай қалалық әкімдіктің қолдауымен тарихи орынның төрт маусымдағы табиғатын камера көзіне түсіре бастайды. Сондай-ақ, Қытайдағы Жақып Мырзаханов, Шадыман Ахметұлы, Уаң Бо, Уи Жанжүн қатарлы танымал тарихшылар мен археологтарар тақырып төңірегінде әңгіме өрбітіп, бұл жердің байырғы қазақты құраған ру-тайпалардың мекені екендігін, сондай-ақ, олардың өзіне тән мәдениет жаратқандығын дәлелдейді.

Қуандық Көбенұлы Қытайдағы ең үлкен қазақ телеарнасы – XJTV арнасының журналисі, «Гүлдер-ай» бағдарламасының продюсері. Оның «Қатипаның бір жылы», «Арыс жүлдегері», «Бір ғасыр», «Тарих таңбалары», «Байырғы Жібек жолындағы Текес», «Асыл мекен Алақақ» сияқты туындылары сондағы көрерменнің ыстық ықыласына бөленген. Әсіресе «Тарих таңбалары» атты 8 бөлімді деректі фильмі мамандардың жоғары бағасын алған болатын. Сондай-ақ, ол өткен жылы Қытайдағы деректі фильм саласының ең жоғары «Жилу Жұңго» сыйлығын иеленді.

Айта кетейік, «Алтын панда» халықаралық деректі фильм фестивалі 1991 жылдан бастап өткізіліп келеді. Биылғы байқауға Англия, Жапония, Оңтүстік Корея, Австралия сияқты 41 мемлекеттен 917 деректі фильм қатысыпты. Телетуындылар әлеуметтік, гуманитарлық, табиғат тақырыптары бойынша сараланып, 6 қараша күні Сычуань өлкесінің Чыңду қаласында өткен марапаттау рәсімінде 10 деректі фильмге жүлде берілді.

baq.kz

А.Байтұрсынов пен М.Жұмабаевтың еңбектері алғаш рет армян тіліне аударылды

А.Байтұрсынов пен М.Жұмабаевтың еңбектері алғаш рет армян тіліне аударылды
армян тіліне аударылды

А.Байтұрсынов пен М.Жұмабаевтың еңбектері алғаш рет армян тіліне аударылды. Енді бұл еңбек алдағы 2 жыл ішінде жинақ болып шықпақ.

Бұл игі істі Ереван мемлекеттік университетінің түркітанушылары қазақстандық әріптестерімен біріге отырып әзірлеуде.  Әдеби жинақтың бір ерекшелігі армян тіліне тікелей түпнұсқадан аударылады. Сол үшін мұндағы жастар қазақ тілін жетік меңгеруге жаппай кіріскен.

Алексанр Сафарянның айтуынша, мұндай ғылыми еңбектер армян тіліне соңғы рет Кеңес Одағы кезінде аударылыпты. Абай Құнанбаев пен Мұхтар Әуезовтің шығармалары мыңдаған данамен басылып шыққан.

khabar.kz