Домой Блог Страница 275

Жайдарман сөздігі

5ZJa3j3NG5s

Жайдарман – үлкен бір отбасы, ұйым, қозғалыс десе де болады. Ал, кез-келген салада өздеріне тән кәсіби термин сөздер болатынын бәріміз білеміз. Ал, жайдарманда Ресейлік КВН ойындары арқылы сіңіскен бірең-сараң сөздерден басқа, төл терминдеріміз әзірге жоқ. Сондықтан, өз нұсқамды ұсынып көрейін. Қаншалықты өміршеңдігін уақыт көрсетер. Өзгерістер мен толықтырулар әлі де енгізіледі.

Балабақша – облыстық ашық (қалалық) лига. Жайдарман мектебін жаңадан бастаған командаларға арналған лига болғандықтан солай атауды жөн көрдім.

Мектеп – орталық лига. Үлкен өмірге дайындығын бастаған топтар өнер көрсететін лига.

Лицей – Бірінші лига. Үлкен өмірге командаларды тереңдетіп дайындайды.

Колледж – премьер лига. Бітірсең жоғарыға түсесің, колледжден қайтсаң да ешкім ештеңе демейді.

Универ – жоғары лига. Бұл лиганы нағыз мамандар тәмәмдайды.

Сыныптас командалар – бір орталық лигадан бір жылда телевизиялық лигаға шыққан командалар. Мысалы, бір мектептен бірге колледжге түскен сыныптастар, «Сыр елі» орталық лигасынан шыққан «Фемида» мен «Қармақшы құрамасын» айтуға болады.

Параллель сыныптас – бір жылда телелигаға екі түрлі орталық лигадан келген топтар. Мысалға Боранқұл («Батыс» орталық лигасы) мен Ақмешіт құрамасы («Шығыс» орталық лигасы), т. с. с…

Группалас – премьер немесе жоғары лигаға бір жылда түскен командалар. Мысалға, «Экспресс» пен «Ұлттық құрама» (2012 ж., жоғары лига).

Куратор – облыстық ашық, орталық, бірінші лига редакторлары

Доцент – премьер лига және жоғары лига редакторлары

Бас – жоғары лига Бас редакторы

Шопыр – лига ойындарының жүргізушісі

Клиент – қазылар алқасы. Бағасын беретін сол кісілер, кей жағдайда «тұтынушынікі әрдайым дұрыс» деген қағидаға да келеді.

Тапёр – әуенмен әрлеуші, оны бәріміз білеміз…

Шопан – командада ойнамайтын, бірақ әрқашан бірге алып жүретін жетекші.

Мұражай – ардагер жайдарманшы. Бұрын телевизиялық лигада ойнап кеткен ойыншы.

Академик – жоғары лига чемпионы атанған ойыншы.

Пластмасс ойыншы – жыл сайын бір лигада, бір деңгейде ойнай беретін, өспейтін ойыншы.

Пластмасс команда – жыл сайын бір лига ойынына келіп ұшып кете беретін өсімі жоқ команда.

Жырау – өздері жазып, өздері ойнайтын команда.

Жыршы – автор жалдайтын команда.

Домбыра – редакторлық жұмыстарға, дайындыққа кешіге беретін команда. Кешіге беретіндер – нағыз қазақтар. Ал, нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра екенін бәріміз білеміз.

«Музарт» команда – халық сүйетін топ. Мысалы, «Назар аудар», «Сағыз», «Демеушіміз болашақ», «Техас», т. с. с

Ертөстік команда – тез өсіп кеткен команда. Құрылғанына 2 — 3 жыл болмай жетістікке жеткен топтарды айтуға болады.

Бекежан команда – плагиат ойнаған команда. Плагиат ойнау редактордың арқасына садақ атумен тең.

Кәмпитқағаз команда – әзіл жазудан бұрын, жылтыраған форма киіп, шаштарын әдемілеуді ойлайтын командалар. Былайша айтқанда, сырты әдемі де, ішінде түк жоқ командалар.

Шыбын – бір күндік команда. Бір ойынға қатысып, әрі қарай тарап кететін топтар.

Шегіртке – маусымды соңына дейін аяқтамай, белгілі бір ойынға келмей қалып, секіріп кеткен командалар. Мысалы, жартылай финалға өтіп тұрып, бармай қалса. Мүмкіндіктері болмай қалуы мүмкін. Бірақ, қыстың қамын жазда ойлау керек.

Шана – резервпен көп өтетін команда.

Жылытпа – багаж, өткен ойындарында ойналған әзілдер.

Роллтон – ойынға бір түн қалғанда жазылған конкурс.

Қасиет Кәрім

«Қазақстан» РТРК Қанат Исламның жекпе-жегінің көрсетілмеуінің себебін түсіндірді

«Қазақстан» РТРК Қанат Исламның жекпе-жегінің көрсетілмеуінің себебін түсіндірдіСоңғы күндері бокссүйерқауым арасында 7 қараша күні өткен қазақстандық боксшы Қанат Ислам мен доминиканалық боксшы Хонатан Батистаның жекпе-жегіне қатысты дау басылар емес. «Қазақстан» РТРК» АҚ Қанат Исламның кәсіпқой бокстағы қадамын үнемі қадағалап, оның қатысуымен өткен барлық сындарға ақпараттық қолдау көрсету мүмкіндігін жіберіп алмауға тырысады.

«Қазақстан» РТРК» АҚ Қанат Исламның кәсіпқой бокстағы қадамын үнемі қадағалап, оның қатысуымен өткен барлық сындарға ақпараттық қолдау көрсету мүмкіндігін жіберіп алмауға тырысады.

Көпшілікке аян, Қанат жекпе-жектерінің барлығын шетелде өткізіп жүр. Кәсіпқой бокста рейтингтің маңызы зор екені аян. Ал Ислам бұл салаға жаңа келген адам. Оның үздік боксшылар тізімінде бар болғаны 90-шы орында тұрғаны және белгілі. Сол себепті қазірше ол өткізген кездесулер халықаралық трансляциялар тізіміне ілінбеуде.

Қанаттың жиырмасыншы жекпе-жегі де аталған себеппен көпшілік назарынан тыс қалды. 7 қараша күні Майамиде өткізілген бокс кешінің басты кездесуі — ганалық Фредерик Лоусон мен Кевин Бизье арасындағы жекпе-жек тек жартылай ортақ салмақтағы IBF title eliminator атағына талас болатын. Ал мұндай жекпе-жектер кәсіпқой бокс әлемінде жоғары бағаланбайды. Сондықтан бокс кеші толығымен көпшілік үшін қолжетімді телеарна емес, трансляцияны әлемге таратуға лицензиясы жоқ интернет-арна арқылы ғана көрсетілді.

Дегенмен, «Қазақстан» РТРК» АҚ шығармашылық ұжымы бұл жекпе-жекті көрермен назарынан тыс қалдырмай, «Қазақстан» ұлттық арнасындағы «Бүгін жексенбі» таңғы бағдарламасында кездесудің қорытындысы жайлы отандастарымызға бірінші болып хабар жеткізді.

Эфир барысында Қанатпен тікелей Skype арқылы бейнебайланыс ұйымдастырылып, сол арқылы боксшымыз өзіне көрсеткен қолдауы үшін отандастарына алғыс білдіруге мүмкіндік алды.
Отандық спортшылардың, соның ішінде кәсіпқой боксшыларымыздың тыныс-тіршілігі «Қазақстан» мен «Kazsport» ұжымының үнемі назарында.

Осы күнге дейін көрермендеріміз тек Геннадий Головкиннің ғана емес, сонымен қатар Роман Жайлауов, Иса Ақбербаев және Жанат Жақиянов секілді жігіттеріміздің жарқын жеңістеріне куә болды.

Жақын күндері отандық кәсіпқой боксшылар қатарын тағы бір азаматымыз толықтырмақ. Оның шаршы алаңдағы алғашқықадамдарын да көрермен біз ұйымдастырған трансляция арқылы бағалай алады.

Қанаттың кезекті жеңісіне біз өте қуаныштымыз және отандасымызға кәсібінде де, жеке өмірінде де жетістіктерге жете беруге тілектеспіз, — дейді ұлттық арна басшылығы.

baq.kz

Ақын О.Тұржан халықаралық байқауда жартылай финалға өтті

Ақын О.Тұржан халықаралық байқауда жартылай финалға өтті
Ақын

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ұстазы, ақын, публицист, ғалым Оңайгүл Тұржан әлемнің 28 елінен 800 ақын-жазушы, суретші, киногерлер сайысқа түсіп жатқан «IV Open Eurasia and Central Asia» халықаралық байқауында әдебиет категориясы бойынша жартылай финалға жеткен 30 үміткердің қатарына кірді.  

Айта кетейік, «IV Open Eurasia and Central Asia» конкурсы мемлекеттер арасында әдеби байланыстарды кеңейтіп, авторлар, оқырмандар, суретшілер мен режиссерлер, өз мемлекеті мен шет елдерде әдебиет пен мәдениетті дамытуға қызығушылық танытқан мамандардың жаңа мүмкіндігін ашып, әлемге жаңа есімдерді паш етуде қатысушылардың кәсіби тұрғыда шыңдалуына әрі мәдениет пен ұлт бірлігін сақтауға зор мүмкіндік бермек. Конкурс «Әдеби туынды», «Көркем аударма», «Суреттеме (иллюстрация)» және «Бейнефильм» сияқты төрт санат бойынша өтті.

baq.kz

«Астана аруы-2015» байқауына 20 ару бақ сынайды

«Астана аруы-2015» байқауына 20 ару бақ сынайды
бақ сынайды

Ағымдағы жылдың 12 қараша күні Конгресс-Холда «Астана аруы» байқауы өтедi. Бұл туралы бүгін «Астана аруы – 2015» байқауына арналған баспасөз мәслихатында белгiлi болды.

«Бүгiнгi байқауға қатысқалы отырған қыздардың барлығы сұлу, барлығы да жеңiске лайық. Бiрақ, байқауда жеңiмпаз біреу ғана болуы тиiс. Бiз жеңiмпазды таңдау кезiнде сырт келбетке емес, оның iшкi сұлулығына, өзiн-өзi ұстауына да көңiл бөлген болатынбыз. Байқау кастингiне 200-ге жуық адам қатысты, олардан іріктеліп алынған 20 ару бақ сынайды. Байқауға қатысушылардың ең кiшiсi 16 жаста, ал үлкені 23 жаста. Олардың барлығы бiр алыптан шыққандай. Бой ұзындықтары, дене пiшiндерi ұқсас. Биылғы байқау алдыңғы байқаулардан өзгешелігімен таң қалдырмақ. Конкурс 4 бөлiмнен тұрады. Бiрiншi бөлiм – таныстыру, ол Голливуд стилiнде өтпек, екiншi бөлiм этникалық стиль бөлiмi, бұл бөлімде арулар ұлттық нақыштағы сән бұйымдарымен шығатын болады. Үшiншi бөлiм кешкi көйлекпен шығу болса, тағы бiр бөлiм көрермендер үшiн құпия болып қалсын», деді байқаудың бас директоры Ольга Радеш.

Айта кетейік, «Астана аруы – 2015» байқауы ағымдағы жылдың 12 қарашада Конгресс-Холл сарайында өтпек. Байқауда жеңімпаз болған ару Астанада 10 желтоқсанда өтетін «Қазақстан аруы-2015» байқауына қатысуға жолдама алады.

baq.kz

«Ақтөбенің» құны — бір теңге

"Ақтөбенің" құны - бір теңге
бір теңге

Республика сарайы мен «Ақтөбе» футбол клубы ұстағанның қолында кеткелі тұр. Олар жекешелендіруге жататын нысандар қатарына енді. Ең қызығы олардың 100 пайыздық үлесі бір теңге тұрады екен. Тиісті ақпараттты мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті ресми сайтында таратып отыр деп хабарлайды Астана арнасы.

«Қайрат» футбол клубы акциясының 30 пайызы да жекешелендіруге шығарылды. Құны 1,3 млрд теңге. Жекешелендіру тізімінде Алматы циркі де бар. Бірақ бағалау құны 0 теңге деп көрсетілген. Келер жылы жекешелендіру науқанының аясында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры 10 нысанды сатылымға шығармақ. Олардың арасында ең қымбаттары – “Қазатомөнеркәсіп». 10 пайыздық үлесінің бағалау құны – 20,87 млрд теңге. «Қазақстан темір жолы» – 122,3 млрд теңге. Қазақ-Британ техникалық университетінің бағалау құны – 14,7 млрд теңге. «ҚазАгро» холдингі де активтерін сатылымға шығармақ. Олардың құны бір теңгеден бастап 3,8 млн теңгеге дейін жетеді.

Осы уақытқа дейін жекешелендіру аясында құны 70,75 млрд теңгеден асатын 216 нысан жекенің қолына өткен.

baq.kz

Биыл 237 қазақстандыққа «Еңбек ардагері» төсбелгісі табысталды

Биыл 237 қазақстандыққа «Еңбек ардагері» төсбелгісі табысталды
төсбелгісі

Ұзақ жылдар бойы қызметін абыроймен атқарған 237 қазақстандыққа биыл «Еңбек ардагері» деп аталатын мемлекеттік төсбелгі табысталды.

Мәртебелі марапат иелерінің өнегелі өмірі облыстық және аудандық деңгейде өткізілген форумдарда дәріптелді. «Мұндағы мақсат – аға буынның нәтижелі қызметін өскелең ұрпаққа үлгі етіп, оларды жалпыға ортақ еңбек қоғамына жұмылдыру», — дейді Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің орынбасары Біржан Нұрымбетов.

Біржан Нұрымбетов, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің орынбасары:

— «Еңбек ардагері» мен «Еңбек даңқы» мемлекеттік наградаларға жатады. «Еңбек даңқы» ордені осы жылы тағайындалды. Оның үш дәрежесі бар. Ол өз кезегінде үшіншісінен бастап берілетін болады. Және де «Еңбек даңқының» үш дәрежесіне ие болған азамат «Еңбек еріне» теңестірілетін болады. Әлі де ондай марапаттаулар алдағы келе жатқан мерекелер шеңберінде берілетін болады. Ал енді «Еңбек даңқы» Тәуелсіздік күнінде марапаттау көзделіп отыр.

24.kz

Жамбыл облысында алғаш рет ауқымды тарихи эпопея түсірілуде

Жамбыл облысында алғаш рет ауқымды тарихи эпопея түсірілуде
тарихи эпопея

Жамбыл облысында «Хабар» агенттігінің тапсырысы бойынша алғаш рет ауқымды тарихи эпопея түсіріліп жатыр.

Жаңа жоба 12 бөлімнен тұрады. Туындыда ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың орта тұсына дейінгі кезеңдер көрініс табады. Мұнда бір отбасында өткен жағдай арқылы қазақ халқының нәубет жылдардағы тұрмыс-тіршілігі баяндалады. Сонымен қатар көп бөлімді фильм Абайдың қара сөздерімен байланыстырыла отырып түсірілуімен ерекшеленеді.

Авторлар бұл туындыда «Адам өзгере ме? Заман өзгере ме?» деген сұраққа жауап іздейді. Оқиға желісін Сержан Закірұлы мен Арман Ысқапұлы жазған. Мұнда ХІХ-ХХ ғасырлардағы шолақ белсенділердің әрекеті, тектілік пен сатқындық, тіпті махаббат сияқты сезімдер де көрініс табады. Ал басты рөлдердің бірін белгілі актер Дулыға Ақмолда сомдайды.

Эпопеяда екі кезең салыстырмалы түрде қатар жүреді. Әр бөлім басында Абайдың қара сөздері оқылып, көпшілікке терең ой тастайды. 12 бөлімнің әрқайсысы 40 минут жалғасады. Жаңа жоба желтоқсан айында көрермендер назарына ұсынылмақ.

24.kz

Барак Обама Facebook-ке тіркелді

Барак Обама Facebook-ке тіркелді
Барак Обама

АҚШ Президенті Барак Обама ресми түрде Facebook парақшасын ашты.

Президент алғашқы постын климаттың өзгеруіне қатысты бейне материалдан бастады. Ақ үй ауласында жаяу серуендей жүріп, Барак Обама қоршаған ортаны қорғау қажеттігі жайында аз-кем пікірімен бөліскен. «Америка басшысының арқасында біз әлемдік экономиканың 90%-ын құрайтын және айналаға көмірқышқыл газымен зиян келтіріп отырған отырған 150 елді анықтадық. Сондықтан бәріміз бірігіп, алдағы желтоқсанда өтетін Париждегі кездесуде келісімге қол қоятын боламыз», — деп атап өтті ол бейне үндеуінде.

Facebook парақшасында Барак Обама өзі туралы «әке, жар әрі АҚШ-тың 44-Президенті» деп көрсетіпті.

24.kz

Куала-Лумпурде «Қазақстан аруы – 2015» сұлулық байқауы өтті

Куала-Лумпурде «Қазақстан аруы – 2015» сұлулық байқауы өтті
Куала-Лумпурде

Куала-Лумпурде білім алып жатқан көркіне ақылы сай қазақ қыздары «Қазақстан аруы – 2015» сұлулық байқауына қатысты.

Бұл шараны Малайзиядағы Қазақстан студенттері қауымдастығы ұйымдастырыпты. Байқауда бас жүлдеден бөлек бақ сынап, өнер көрсеткендерге әртүрлі аталым бойынша кәдесыйлар да тарту етілді.

Подиумда қыздармен бірге жүріп,сұлулар арасынан суырылып алға шығу үшін аруларға ең бірінші шыдам керек. Бұрымды қыздар 10 см биік өкшемен бірнеше сағат сахнада өнер көрсетеді. Олар қатал қазыларды тән сұлулығымен ғана емес, жан сұлулығымен әрі білімімен тәнті етуге тырысып бақпақ.

Бұл байқауға дайындығын бір ай бұрын бастаған Бекзада қобалжып тұр. Бірақ бойындағы өнері мен білімін ұштастыра білетін ару өз күшіне сенеді. Ол сайыста әуезді әнмен әндетіп көпшілік қауымның ықыласына бөленуді көздейді. Керек десеңіз, қазақтың ақын-жазушыларының шығармаларын ғана емес, әлемдік классиктердің туындыларынан үзінді оқып беруге де әзір.

Бірнеше сағатқа созылған байқауда қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені Малайзиядағы «Лимкоквинг» университетінің студенті Эльмира Битуреева жеңіп алды. Ол өзінің рухани жан дүниесінің сұлулығын да көрсете білді. Кейінгі орындарды місе тұтқандарға арнайы сыйлықтар сыйланса, қалған аруларымыз ең әдемі киім үлгісі, көрермен көзайымы, дарынды сайыскер секілді бірқатар аталымға ие болды.

24.kz

10 қараша — Дүниежүзілік жастар күні

10 қараша - Дүниежүзілік жастар күні
жастар күні

1945 жылдың 29 қазаны мен 10 қарашасы аралығында Лондонда өткен Бүкіләлемдік жастар конференциясында Бүкіләлемдік демократиялық жастар федерациясы (БДЖФ) құрылған болатын.

Сол кезден бастап 10 қараша Бүкіләлемдік жастар күні ретінде белгіленді. Тұңғыш рет мереке 1957 жылы өткізілді.

Жастар ұйымының халықаралық бірлестігі — бұл саяси, діни көзқарастары, нәсілдік және ұлттық тиістілігі әртүрлі жастарды біріктіретін халықаралық демократиялық жастар қозғалысының орталығы.

БДЖФ бейбітшілік, жастар құқығы, халық тәуелсіздігі, прогрессивті жастардың ұлттық бірігуі, құлдыққа, фашизмге және нәсілдікке қарсы күрес жүргізеді.