Домой Блог Страница 287

Қарақат қандай кеңес берді?

Қарақат Әбілдина болашақ жарды қалай таңдау керектігін айтты. 

Қарақат қандай кеңес берді?

Қарақат Әбілдина үйлену оңай, үй болу қиын екенін меңзей отырып, жастарды мұндай қадамға бармас бұрын саналы шешім екеніне көз жеткізіп алуға шақырады. «Кез келген қыз баласы жар таңдағанда әкесіне ұқсағанын қалап тұрады. Ол жақсы. Ал екеуі де бір мамандық иесі болса, тіптен керемет», — дейді әнші өз отбасын үлгі етіп.

Қарақат Әбілдина бір саладан жар таңдағанның жақсы тұстары жайлы айта келіп, Қыдырәлі екеуінің кез келген уақытта бір-біріне жанашыр, тілекші бола алатынын баса айтты.

Сондай-ақ, әншінің ойынша, жігіттің шыққан тегі, денсаулығы да өте маңызды. Себебі, болашақ ұрпағыңның ақылды, дені сау болғаны абзал.

aikyn.kz

Имамдарға Құран Кәрім таратылды

Имамдарға Құран Кәрім таратылды
Құран Кәрім

Атырау облысына іс-сапармен барған ҚМДБ-ның наиб мүфтиі Өтпенов Наурызбай қажы Тағанұлы аудан мен қала мешіттерінің имамдарына 1000 дана Құран Кәрімді таратты. 

Құран Кәрім – мұсылман баласының тура жолдан таймай, өмір бағытын дұрыс тауып жүруіне арналған басшы кітап. Құран Кәрім – сіз бен бізді жаратқан, бүкіл ғаламдардың иесі, ақырғы есеп-қисап күнінің жалғыз Иесі Алла Тағаланың сөзі.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы барша мұсылмандардың діни сауатын арттырып, жан дүниесін байытар дүниелердің ел игілігіне жұмсалуына көп еңбек сіңіріп келеді. Соның бірі өздеріңіз білетіндей, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тікелей бастамасымен республикамызға Бахрейн елінің «Құран Кәрімді қолдау» қорынан қасиетті Құран Кәрім кітабы алынған болатын. Соның 1460 данасы Атырау облысына жөнелтілген. Аталған облысқа іс-сапармен барған ҚМДБ-ның наиб мүфтиі Өтпенов Наурызбай қажы Тағанұлы аудан мен қала мешіттерінің имамдарына 1000 дана Құран Кәрімді таратты. Қалған Құран кітаптары жамағаттарға таратылатын болады.

baq.kz

Айдын Айымбетов әуе-қорғаныс күштерінің туын жас ұшқыштарға табыстады

Айдын Айымбетов әуе-қорғаныс күштерінің туын жас ұшқыштарға табыстадыЕліміздің үшінші ғарышкері, Халық қаһарманы Айдын Айымбетов Айымбетов ҚР Қарулы күштері Әуе-қорғаныс күштерінің әскери-әуе ұшқыштарымен кездесіп, Әуе-қорғаныс күштерінің ғарышқа барып келген туын жас ұшқыштарға табыстады.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысым шексіз. Мен ғарышқа ұшуға 1998 жылда бері дайындық жүргіздім. Осылай халықтың алғысына бөленіп жатқаныма ұстаздарымның қосқан үлесі зор. Училищеде оқып жүрген кезімде Тоқтар Әубәкіров ағамыздың ұшқанын көріп қызыққан едім. Кейіннен ол кісінің ақылдарын көп тыңдадым. Ұстазым болды. Ұшқыш болып қалыптасуыма көп ықпал етті, – дейді Айдын Айымбетов.

Ғарышкер ҚР Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы Нұрлан Орманбетовке әуе-қорғаныс күштерінің ғарышқа барып келген туын салтанатты түрде табыстады.

Оның айтуынша бұл ту кеңістікте болып, жерді 156 рет айналып ұшып өткен екен.

Өз кезегінде Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы Айдын Айымбетовты әуе қорғанысының төлбелгісімен марапаттады. Сондай-ақ ғарышкер Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдинов атындағы медальды тапсырды.

baq.kz

Қазақстан жастары үшін еріктілік жаңа тренд

Қазақстан жастары үшін еріктілік жаңа тренд«Еріктілік-жаңа тренд ретінде» дәл осындай атаумен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Болашақ» Қауымдастығының пікірталас алаңының кезекті отырысы өтті.

Отырысқа мемлекеттік органдардан, бизнес-құрылымдардан, қоғамдық ұйымдардан, «Болашақ» бағдарламасының түліктерінен және түрлі деңгейдегі жастар өкілдерінен құралған 60 –тан астам адам қатысты.

Пікірталас алаңының модераторы ретінде сөз алған Қазақстанның еріктілер альянсының атқарушы директоры Нұрлан Досумов «ЭКСПО – 2017» ұлттық жобасына дарынды жастардың қатысу маңыздылығы және өткізіліп жатқан іс шаралар, жалпы ұйымдастыру жұмыстары туралы айтты.

«Ерікті болудың артықшылықтары» тақырыбында сөз алған «Астана Жастары» жастар ресурстық орталығының жетекшісі Әнуар Нұрпейісов: «Біз «ЭКСПО – 2017» ұлттық жобасының арқасында жастар арасындағы еріктілер қозғалысын ілгерлету бойынша ауқымды кампания жүргізе аламыз»,- деді.

Сондай-ақ Әнуар қатысушыларға «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының кеңсесінде «ЭКСПО – 2017» еріктілер қозғалысының супервайзерлеріне іріктеулер жүргізіліп жатқандығын жеткізді.

«Көрмедегі супервайзерлердің міндеттеріне еріктілер отрядын ұйымдастыру және үйлестіру кіреді. Іріктеліп алынған супервайзерлер әлемнің түпкір-түпкірінен көрмеге арнайы келетін қонақтарды қабылдау және оларды қарсы алудың тәртіптерінің бірнеше бағыттары бойынша оқытылады. Еріктілерді оқытуды тек қазақстандық тәжірибелі мамандар жүргізеді. Біз бірінші кезекте, ісіне жауапты, көп тіл білетін, адамдармен тез тіл табысқыш және белсенді жастарға басымдылық берудеміз»,- деді Әнуар.

Аталған іс-шараның соңында қатысушылар өзінің жаңа идеяларымен және ұсыныстарымен бөлісті, сонымен қатар өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алды.

baq.kz

Отандық өнертапқыштар құрылғылардың төзімділігін арттыратын тәсіл ойлап тапты

Отандық өнертапқыштар құрылғылардың төзімділігін арттыратын тәсіл ойлап тапты
құрылғылардың төзімділігін арттыру

Қарағандылық физиктер қымбат тұратын құрылғылардың төзімділігін арттыратын тәсіл ойлап тапты.

Жаңа технология тау-кен, мұнай және энергетикалық компанияларды жабдықтауға кететін шығындарды екі есеге азайтады. Қазір ғалымдар қарағандылық жылу электр орталығындағы көмір ұнтақтайтын диірменнің төзімділігін арттырумен айналысып жатыр. Алдымен құрылғының бөлшектері тазартылып, одан кейін электрондық-сәуле балқымасынан өткізіледі. Соңында құрылғының үйкелісін азайту үшін оның сыртын арнайы жабындымен жабады. Мұндай тәсіл ғалымдардың айтуынша, құрылғының төзімділігін бес есеге арттырады.

Виктор Юров, ҚарМУ ғылыми-зерттеу орталығының директоры:

— Біз материалдарды қаптау тәсілін тауып алдық. Бұл тәсіл Қазақстанда патенттелген. Жаңа технология балқыма қаптау ұнтақтары арқылы кез келген құрылғының төзімділігін арттыра алады. Жаңа технологияны қолданысқа енгізбес бұрын қарағандылық физиктер жарты жыл бойы тер төкті. Технологиялық даму ұлттық агенттігі бұл бағытқа 3,5 млн теңге грант бөлген болатын. Электрондық-сәулелі балқыма қаптамасы қымбат құрылғылардың қызу төзімділігін де ұзартады.

Сергей Гученко, Ғылыми-зерттеу орталығының кіші ғылыми қызметкері:

— Алдыменен біз қатты емес бөлшекті алып, оған балқыту ұнтағын жағамыз. Бұл ұнтақ бөлшектің құрамына балқу арқылы енеді. Бұл тәсіл қымбат құрылғы бөлшектерінің қызмет көрсету мерзімін ұлғайтып, қалпына келтіруге мүмкіндігін береді. Қазір ғалымдар жаппай өнім шығару үшін өндірістік қондырғы жасауды қолға алды. Ірі компаниялар бұл өнімді сатып алып, өз құрылығыларын өздері жөндеу мүмкіндігіне ие болады.

24 kz

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығында Әлия Молдағұлованы еске алу күні өтті

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығында Әлия Молдағұлованы еске алу күні өтті«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы Семей қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментімен, ҰОС ардагерлер кеңесі және ҚАЗГЗИУ әскери кафедрасымен бірлесіп Әлия Молдағұлованы еске алу күнін өткізді. 25 қазанда қазақ халқының жаужүрек қызы, Кеңес Одағының батыры 90 жасқа толар еді. 

28738 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Игорь Тихоненко жас әскери қызметшілерге, әскери кафедраның студенттеріне құралайды көзге атқан мерген қыз Әлия Молдағұлованың ерлігі туралы айтып берді. «Ұлы Отан соғысы жылдарында Әлия 2-ші Балтық жанындағы маңдейшебі 22-ші армияның 54-ші жекелеген атқыш бригадасында қызмет атқарды. Кеңес Одағының батыры қайтыс болғаннан кейін берілді. Ол қарсыластың 78 сарбазы мен сардарын қырып-жойған. Оның есімі өз халқына деген адалдық пен қызмет етудің нышаны болып табылады», — деді ол.

Естелік іс-шара барысында «Шығыс» ӨңҚ бөлімдерінің әскери қызметшілері, соғыс және еңбек ардагерлерінің хоры, әскери кафедра хоры, сондай-ақ «Жас ұлан» сарбаздар әні байқауы және «Виват Победа» мәскеу фестивалінің лауреаты 36803 ә/б келісімшарт қызметінің сержанты Жанна Омарбекова «Қазақстан жері», «Снег на погонах», «Жеңіс», «Әлия», «Сарбаз туралы баллада», «Сарбаздың анасы», «45 жылдардың хаты» және тағы басқа әндерді шырқады.

Еске алу күнінің соңында 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысының шайқас алаңында көз жұмғандарды еске алу бойынша бір минут үнсіздік жарияланды.

«Өскелең ұрпақ, жастар қазақ халқының ұлы қызының қайсарлығын мәңгі жадыңда сақтауы тиіс. Өз ғұмырын ойламай, ол жүздеген отандастырымыз сияқты аяусыз және қантөгіс алаңында өмір, бейбітшілік, болашақ үшін күресті», — деді соңында Ұлы Отан соғысына қатысқан Ғабдулғазиз Ахмеров.

baq.kz

Алматы облысының кәсіпорындары ЭКСПО-2017 құрылысына қатысатын болады

Алматы облысының кәсіпорындары ЭКСПО-2017 құрылысына қатысатын болады

«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» А­Қ Басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов­ Алматы облысына жұмыс сапары барысында облыс басшысы Амандық Баталов­пен Алматы облысының тауар өндірушілері ­арнайы ұйымдастырған көрмені аралап, өндірілетін өнімдердің сап­асын көріп, бағалау мүмкіндігіне ие бол­ды.

Алматы облысының кәсіпорындары ЭКСПО-2017 құрылысына қатысатын болады

Алдында айтып өткеніміздей, бұл кездесу барысында ­Ұлттық компанияның бас мердігерлері ­Алматы облысының тауар өндірушілерімен ­11 келісімшарт жасасты. Яғни, бас мердіг­ер АО «Сембол Иншаат» бірден 4 келісімша­ртқа қол қойып, «Plast Invest Production­» ЖШС, «Компания Sonik» ЖШС, «ПолимерМет­алл-Т» ЖШС және «АЛЮГАЛ» ЖШС компаниялар­ымен жұмыс істеуге келісті. Осындай келі­сімдер «Mabco constructions s.a.» мердіг­ері үш шарт «КнауфГипсКапшагай» ЖШС, «Х­енкель Баутехник Казахстан» ЖШС және «Га­лакси» ЖШС компанияларымен, «АБК Курылыс­-1» компаниясы «КнауфГипсКапшагай» ЖШС м­ен «Жетісу Гранит» ЖШС жасалды. Ал «Tur­kuaz YDA Stroy» компаниясы «Табиғи ресур­старды пайдалану және табиғатты пайдалан­уды реттеу» мемлекеттік мекемесімен, «СА­ЭС Средазэнергострой» компаниясы «АСПМК-­519» акционерлік қоғамымен, «СК «Базис» ­компаниясы «Мекада» ЖШС, «Текели-гранит»­ ЖШС, «КнауфГипсКапшагай» ЖШС бірге жұмы­с істеу ниетін меморандумда бекітті.

DSM_0059

Сонымен қатар, «Астана ЭКСПО-2017» ұлтты­қ компаниясы» АҚ Мемлекеттік ұлттық таби­ғи парктерімен де «Көлсай өзені», «Алтын­ Емел», «Іле Алатау» мекемелерімен, сонд­ай ақ «Жібек жолы» және «Asia Discovery»­ туроператорларымен меморандумға қол қой­ды.

DSM_9932

DSM_9943

DSM_9950

Алматы облысының кәсіпорындары ЭКСПО-2017 құрылысына қатысатын болады

Бүгінгі күні компания Қарағанды, Қызылор­да, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс­ Қазақстан, Жамбыл облыстарының әкімдікт­ерімен және Астана қаласының әкімдігімен­ отандық тауар өндірушілерді қатыстыру т­уралы меморандумдар жасады.

А. МАРАТ, А. АБАЙҰЛЫ (ФОТО)­

«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқармасының төрағасы А. Есімов Алматы облысына жұмыс сапарымен келді

«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов Алматы облысына жұмыс сапарымен келді.
DSM_0253

­Ұлттық компания басшысы облыс әкімі Аман­дық Баталовпен кездесіп, өзара отандық т­ауар өндірушілерді «Астана ЭКСПО-2017» Х­алықаралық мамандандырылған көрмесінің­нысандарын салуға қатыстыруға бағытталған­ меморандумға қол қойды.

«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқармасының төрағасы А.Есімов Алматы облысына жұмыс сапарымен келді

Сонымен қатар, ­ұлттық компанияның бас мердігерлері ­Алматы облысының тауар өндірушілерімен жалпы құн­ы 5 млрд теңгені құрайтын 11 келісімшарт жасасты.­

Қазіргі уақытта жаңа жұмыс орындарын ашы­п қана қоймай, бұрыңғыларын сақтап қалу ­өте маңызды екендігін ерекше атап өткен Ахметжан Есімов:­

-­ ­Жақында ғана Елбасы атап өткендей, қазір­гі дағдарыс 2007 жылдардағыдан әлдеқайда­ күрделірек. Сондықтан жаңа жұмыс орында­рын ғана емес, қазіргі жұмыс орындарын с­ақтап қалу ерекше маңызды. Сондықтан да ­біз осы келісімшарттарға қол қойып жатыр­мыз, — деп атап өтті.

DSM_9980 (1)

Өз кезегінде бұл игі бастамаға негіз бол­ған Ахметжан Смағұлұлына өз алғысын білд­ірген өңір басшысы: «Осындай үлкен жобаға біздің тауар өндіру­шілеріміздің қатысатындығына қуаныштымыз­» деді.

DSM_0167 (1)

Айта кетейік, ­ЭКСПО халықаралық мамандандырылған көрме­сі Астанада 2017 жылдың 10 маусымынан 10­ қыркүйегіне дейінгі уақыт аралығында өт­етін болады. Оған 100 ел, кем дегенде 10­ халықаралық ұйым, инновациялық технолог­иялар саласындағы 10 көшбасшы компания қ­атысады деп жоспарлануда. Жалпы алғанда,­ көрмеге 2 миллионнан артық келуші 5 мил­лиондай рет келеді деп күтілуде.

А. МАРАТ, А. АБАЙҰЛЫ (ФОТО)­

«Менің Қазақстаным» халықаралық ән фестивалі өтеді

халықаралық ән фестивалі
халықаралық ән фестивалі

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен 25-27 қазан күндері Астана қаласында Шәмші Қалдаяқовтың 85 жылдық мерейтойына орай «Менің Қазақстаным» халықаралық ән фестивалі өтеді. 

Фестиваль ән салу өнерін дамыту, қазақ вальсінің патшасы Шәмші Қалдаяқов әндерін халық арасында орындайтын дарынды жастарға қолдау көрсету және қазақстандық эстрада өнері шеберлерінің өнерін халыққа ұсыну мақсатымен өткізіледі.
Аталмыш фестиваль 2 кезеңнен тұрады. Барлық кезеңдер халық алдында өткізіліп, фестиваль қатысушылары Шәмші Қалдаяқовтың репертуарынан 4 ән орындайды. Фестивальдің Бас жүлдесіне 1 000 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық қарастырылған.
Бұл фестивальге Қазақстан сахнасының шеберлері ҚР халық артисі Нұрғали Нүсіпжанов, ҚР еңбек сіңірген артистері Майра Ілиясова, Майра Мұхамедқызы, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Хадиша Шалабаева, Азамат Жылтыркөзов, халықаралық конкурстардың лауреаттары Маржан Арапбаева, Оралхан Алтынбеков, Бауыржан Исаев, Салтанат Байжұманова, Алмас Кішкенбаев және Шәмші Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным-2014» атты халықаралық ән фестивалінің Бас жүлдегері Қанатбек Айбек қатысады.

baq.kz

«Қазақстанда жүзеге асырылатын ең үздік әлеуметтік жобалар» республикалық байқауының жеңімпаздары анықталды

«Қазақстанда жүзеге асырылатын ең үздік әлеуметтік жобалар» республикалық байқауының жеңімпаздары анықталды«Қазақстанда жүзеге асырылатын ең үздік әлеуметік жобалар» республикалық көрмесі елімізде  2013 жылдан бері өткізіліп келеді. Бүгін Астанада өткен дәстүрлі шара барысында байқаудың жеңімпаздары анықталды.

«Біз бұл көрмені жыл сайын «Әлеуметтік қызметкерлер күні» қарсаңында өткізіп келеміз. Осымен үшінші рет өткізіліп отыр. Үш жылдың ішінде «Үздік әлеуметтік жоба» атағын алу үшін байқауға 317 өтініш қабылданып, оның 64-і жеңімпаз атанған болатын. Жеңімпаздардың жалпы санынан 10 жоба өз қаражатының есбінен орындалып жатса, 25 жоба демеушілердің көмегімен, 28-і мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде жүзеге асырылып келеді», — деді ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова.

Ал, биылғы жылы байқауға 124 өтініш келіп түскен. Оның ішінен 26 әлеуметтік жобаны байқаудың іріктеу кезеңінің жеңімпаздары атанды. Іріктеуге министрліктің, БАҚ өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, қоғам қайраткерелері қатысқан. Олар өздері ғана таңдау жасамай, ҚР ДСӘДМ сайтында берілген дауыстардың нәтижесін ескеріп, 3 ең үздік инновациялық жобаны анықтады.

1-ші орынды «Жарайсың!» науқастарды оңалту техникалық құралдарын өндіру» жобасын жасап шыққан Бану Искакова иеленді. Оған 2 млн теңге қаржылай сыйлық берілді. Автордың айтуынша, елімізде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жаттықтыру құралдары жоқтың қасы. Сондықтан, осы жобаны қолға алдым дейді ол.

«Біз ағымдағы жылдың қыркүйегінен бастап жұмысымызды бастадық. Бірінші жаттықтыру құралдарын Астана қаласындағы №1 Балалар ауруханасына жіберілді. Жалпы, біздің елде бәрі бар. Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік көмек те, медициналық көмек те беріледі. Алайда олармен атан-аналары көп жұмыс істеуге тура келеді. Негізі ондай отбасында көбінесе үлкендері көп қиындық көреді. Сондықтан мен балаларды отыруға, тұруға, жүруге қолдау көрсететеін жаттықтыру құралдарын жасап шығару жобасын қолға алдым. Біздің қызметкерлеріміз Екатеринбург қаласында курстан өтті. Церебральды сал ауруымен ауыратын 100 балаға арналған жаттықтыру құралдарын жасау жоспарда тұр», — дейді өнертапқыш.

Сондай-ақ, 2 орын «Training-Kaфе» әлеуметтік жобасының авторы, алматылық Анна Кудияроваға беріліп, оған 1,5 млн теңге көлемінде сыйлық тапсырылды. 3 орынды павлодарлық «Аналар қолдарының туындысы» жобасының авторы Гаухар Омарова еншілеп, 1 млн теңге алды.

Сонымен бірге, байқау жеңімпаздары «Самұрық – Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның ақшалай сыйлығына ие болды.

baq.kz