Домой Блог Страница 30

«Астана су арнасы» «Келісім-шарт жаса» акциясын өткізуде

cБүгіннен бастап 31 желтоқсанға дейін «Астана су арнасы» кәсіпорны жеке тұлғалар үшін «Келісім-шарт жаса» акциясын өткізуде, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Ол орталықтандырылған сумен жабдықтау және кәріз қызметтерін келісім-шартсыз пайдаланып отырған тұтынушыларға бағытталған.

Қала тұрғындары суды тұтыну немесе ағызу үшін құжаттар рәсімдеу керектігін көп жағдайда білмей жатады. Сондықтан аталған кезеңде сумен жабдықтау және кәріз қызметтерін келісім-шартсыз заңсыз тұтынып отырған барлық тұтынушылар келісім-шарт жасай алады. Бұл үшін қосымша шығын шығарудың қажеті жоқ немесе қолданыстағы заңнамада қарастырылғандай, қандай да айыппұл төлемей, қызмет көрсетуді тоқтатусыз жасауға болады. 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап ауқымды тексеру жүргізіледі. Түгендеу шарасы барысында анықталған барлық мекен-жайлар бойынша қосымша есептеу сомалары қойылып, сумен жабдықтау және су ағызу қызметтері тоқтатылады.

Қосымша ақпарат алу үшін тұрғындар 27-03-70, 37-50-07 телефондарына хабарласа алады немесе call-орталықтың 1302 номеріне қоңыру шала алады.

Бауырлас қазақ-қырғыз қатынасы нығая түспек

61Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Қырғызстан Республикасының Алматы қаласындағы бас консулы Алиясбек Алымкуловпен кездесті.

Тараптар басқосуда туысқан қазақ-қырғыз елінің бірлескен жобалар жайын талқылап, қос мемлекеттің алдағы жоспарларымен бөлісті.

Өңір басшысы Оңтүстік Қазақстан облысы мен Қырғызстан арасында сауда-саттық, экономикалық, мәдени сынды түрлі салалардағы байланысты нығайтуға мүдделі екенін жеткізді. Сондай-ақ, Жансейіт Қансейітұлы мәртебелі меймандарға екіжақты «бауырлас қала», «бауырлас облыс» құруды ұсынды. Облыс орталығы – Шымкентті жасыл қалаға айналдыру жоспарымен бөліскен облыс әкімі көршілес Қырғызстаннан сатып алынатын ағаш көшеттерінің санын болашақта көбейтуді көздеп отырғанын жеткізді.

Аймақ басшысы тарапынан болған ұсыныстарды оң бағалап, қолдаған бас консул Оңтүстікте жүрген қырғыз азаматтарының жағдайына назар аударып, олардың шекарадан өту тәртібін жеңілдетуде септігін тигізуді сұрады. Бұл өтінішке бей-жай қарамаған Ж.Түймебаев қырғыз азаматтарының құқықтарын қорғау үшін тиісті шаралардың жасалатынын жеткізді. Сондай-ақ, қос тарап екі елдің ара қатынасын дамытуда жеңіл өнеркәсіп бағытын жандандыруға қызығушылық білдірді.

Айта кету қажет, бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан облысында қырғыз кәсіпкерлерінің қатысумен құрылған «FreeMark» ЖШС макарон өнімдерін өндіретін кәсіпорын жұмыс істейді. 2015 жылдан бастап макарон өнімдерін қазақстандық нарыққа шығарып келе жатқан серіктестік сағатына 500 келі өнім өндіруге қауқарлы.

Алматы облысында 100-ден астам адам қар құрсауынан құтқарылды

20161128161457Алматы облысында 100-ден аса адам қар құрсауынан құтқарылды.

30-ға тарта жеңіл автокөлікпен 100-ге жуық адам Сарыөзек-Көктал жолының бойында қар құрсауында қалған. Қазір аталған аймақта жолды тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметтерінше, жолда қалғандардың ішінде үсік шалған адам жоқ. Барлығына дер кезінде көмек көрсетілген. Оларды жақын маңдағы елді-мекендерге жеткізген. Әзірге автокөліктерді қардан шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Аталған аймақта әлі жол жабық. Сол себепті, жолаушыларға жолға шықпау жөнінде ескерту жасалады. Сондай-ақ, төтенше жағдай саласының өкілдері алдын ала ауа райының қолайсызығына байланысты ұялы телефондарға смс хабарламаларын жолдап жатыр. Өз кезегінде тұрғындар осы ақпаратқа құлақ асса дейді.

ҚазАқпарат

Алматы облысының полицейлері Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай арнайы акция бастады

????????????????????????????????????

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Алматы облысының Ішкі істер департаменті арнайы акция бастады. Оның аясында 25 қайырымды іс жасамақ ниетте.

Бүгін арнайы шара «Айналайын» балалар үйінен басталды. Тәрбиеленушілерге патриоттық тәрбие беру, қоғамдық қауіпсіздікті сақтаудағы полиция қызметінің орнын, аталған қызметке деген қызығушылығын арттыру мақсатында ІІД мұражайында, Кинологиялық қызмет орталығында экскурсия ұйымдастырылды.   Мұражайда балалар полиция қызметінің тарихымен, сонау тәуелсіздік алған жылдардан бергі бергі ішкі істер саласындағы жаңғырту жұмыстарымен және ондағы тарихи құнды заттармен танысуға болады. Сонымен қатар, Алматы облысындағы қоғамдық тәртіпті күшейтуге зор үлес қосқан тарихи тұлғалар, қызмет бабында қайтыс болған ерлер мен қаһармандар туралы мағлұматтардан кеңінен мағлұмат алуға болады.     Іс-шарада ІІД Кадр жұмысы басқармасы бастығының орынбасары Жандос Нугиланов ІІД басшыларының атынан тәрбиеленушілерді Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен құттықтай отырып, «Сіздердің де араларыңыздан болашақта еліміздің тыныштығын, қауіпсіздігін қорғайтын азаматтардың шығатынына сенімім мол!»,- деп ақ жол тіледі.

Оған қоса, кинология қызметкерлері балаларды полиция қызметіндегі иттердің атқарар рөлі туралы кеңінен баяндап, балаларға сол иттердің қатысуымен дайындалған көріністер көрсетті. Балаларға олармен жақынырақ танысып, суретке түсулеріне да мүмкіншілік туғызды. Шара соңында полиция қызметкерлері балаларға өздерінің сыйлықтарын табыстады.   Одан әрі, «25 қайырымды іс» акциясы «Аналар үйінде» жалғасын тапты. «16 күн зорлық-зомбылықсыз» тақырыбы аясында жалғасқан бұл акцияда ІІД қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Нұр Отан» партиясы, әйелдер құқығын қорғау орталығы қызметкерлерінің қолдауымен, «Аналар үйіндегі» жандарға психологиялық және заңды кеңестер берілді. Оның ішінде мекенжай бойынша тіркеу, жеке бастың құжаттарына қатысты және өзге де сұрақтар бойынша мәселелер қаралды. Айта кететіні, мұнда жас сәбиі бар, алайда барар жері жоқ, өзгелерден қолдау іздеген аналар көптеп келеді.

inform.kz

Еуропалық Даму банкі Оңтүстіктің инфрақұрылымын дамытуға ынталы

6_2Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiнің (ЕҚҚДБ) Қазақстандағы директоры Джанет Хэкманмен кездесті.  Басқосуда тараптар екі жақты бірлескен жобалар жайын талқылап, алдағы жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Алғы сөзді бастаған аймақ басшысы, ең алдымен, мәртебелі мейманды өңірдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерімен таныстырып, аталған банк өкілдігімен ауыл шаруашылығы, коммуналды шаруашылық, инфрақұрылым, автожолдар салу мен әуежай құрылысын жүргізу салаларында бірлесе жұмыс істеуге ниетті екенін жеткізді. Үш миллионға жуық халқы бар өңірдегі туу көрсеткішінің жоғары екенін, сәйкесінше, бұл ретте инфрақұрылымдық, әлеуметтік, коммуникациялық мәселелер жайы туындайтыны заңды екеніне тоқталған әкім, атап айтқанда, сумен жабдықтау, жылумен қамтамасыз ету, электрмен жабдықтау мәселесінде қаржы бөлу қажеттігін айтты.
«Жалпы, ҚР Үкіметінен түрлі салалар бойынша көптеген қаржы бөлінуде. Десе де, мұндай халықаралық ұйымдардың қаржысы біз үшін артықтық етпейді. Аталған банкпен бірге біздің тарап Шымкент, Түркістан, Кентау қалаларының инфрақұрылымдарын дамыту бойынша жұмыстар жүргізуге әзір. Бұл қаржы институтымен бірлесе жұмыс істеудің бірінші тиімді тұсы, теңге айналымын жүргізуге мүмкіндігіміз бар. Екіншіден, пайыздық ставкасы басқа банктермен салыстырғанда өте төмен», — деді Ж.Түймебаев.
Өз кезегінде, ЕҚҚДБ-нің Қазақстандағы директоры Джанет Хэкман айтылған ұсыныстар бойынша ынтымақтастық орнатуға дайын екенін жеткізді. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар алдағы уақытта нақты ұсыныстар негізінде жұмыс істеуге уағдаласты.
Айта кетейік, Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚҚДБ) — халықаралық үкіметаралық қаржы-несиелік ұйым болып табылады. Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің ұзақ мерзімді несиелендіру жөніндегі аймақтық мемлекетаралық банкі. 1990 жылы 29 мамырда болған келісім бойынша халықаралық қаржы мекемесі ретінде құрылған. Штаб-пәтері Лондонда орналасқан. Еуропа қайта құру және даму банкіге 50-ге жуық ел, соның ішінде ТМД елдері, сондай-ақ, Еуропа инвестициялық банкісі мен Еуропа қоғамдастығы мүше болып табылады. Банкке еуропалық емес елдер де мүше бола алады.
Банкінің мақсаты — Орталық және Шығыс Еуропа елдеріндегі, сондай-ақ, бұрынғы Одақ мемлекеттеріндегі экономикалық реформаларды қаржыландыру. Олардың ашық нарықтық негізде экономиканың дамуына септігін тигізу; кредит алған елдерде құрылымдық реформа жүргізуге, жекешелендіруге және монополияны жоюға, орталықсыздандыруға көмектесу арқылы олардың экономикасын әлемдік интеграцияға тарту. Банк мемлекеттік қана емес, сондай-ақ, жеке секторда да әрекет етеді, коммерциялық мүмкіндігі жоғары жобаларға қатысады.
1992 жылдан бері Қазақстанмен байланыс орнатып, түрлі салалар негізінде жұүмыс істеп келе жатқан банк өкілдігі биылдың өзінде еліміздегі әртүрлі 28 жобаға 703 млн. еуро көлемінде қаржы салған.

ОҚО-да салалық индикаторлық көрсеткіштер жайы талқыланды

600000077777777Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен аппараттық мәжілістің кезекті жиыны өтті. Селекторлық отырысқа облыстық басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдері қатысты. Күн тәртібінде 2 мәселе — облыстың 10 айлық нәтижесімен әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және Үкіметтік селекторда тындалатын мәселелер қаралды, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Жиындағы бірінші мәселе бойынша сөз алған облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Рахымберді Мулкемановтың мәліметінше, 2016 жылдың 10 айының қорытындысымен облыстың әлеуметтік – экономикалық дамуында оң серпін байқалуда. Атап айтқанда, өнеркәсіп өнімінің көлемі 643,1 млрд. теңгені құрап, республикада 3-орынға тұрақтаса, кен өндіру өнеркәсібінде 191,3 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 2015 жылдың сәйкес кезеңінен 4 % артты. Өңдеу өнеркәсібінде 396 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп (8,5% артты), индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жыл басынан 3,9 млрд. теңгеге 4 жоба іске асыру арқылы 159 жұмыс орны ашылған.

Дегенмен, басқарма басшысының мәліметінше, алдын ала болжам бойынша жылдың қорытындысымен 10 индикатордың орындалмау қауіпі бар. Тарқатып айтсақ, аталған индикаторлардың 3-і кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасына, 2-і ауыл шаруашылығы басқармасына, 3-і жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына, 2-і денсаулық сақтау басқармасына тиесілі көрсеткіштер.

Мысал ретінде айтсақ, инвестиция тарту туралы тапсырма бірқатар аудан, қалаларда төмен күйде қалып отыр. Дегенмен, аудан әкімдері соңғы екі айлық көрсеткішті қосып, кемшіліктерді түзетуге мүмкіндік бар екенін жеткізді. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлем индексінің жылдық  жоспары 105% болса, 10 айда 101,2% құрап отыр. Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына тартылған инвестицияның нақты көлемінің индексі бойынша жылдық жоспар 100,2% болса, нақты 29,8% құрап отыр. Жұмыссыздық деңгейі бойынша жоспар — 5% болса, салалық басқарма жылдың қорытындысымен 5,3% болады деп болжануда.

Жоғарыда көрсетілген салалардағы кемшіліктер бойынша басқарма басшылары мен тиісті аудан, қала әкімдерінің жауаптарынан соң, Ж.Түймебаев жыл соңына дейін индикаторлар көрсеткішін жоспарлы межеге жеткізіп, басқарма басшыларының бірігіп жұмыс істеу керектігін тапсырды.

Күн тәртібінде екінші мәселе ретінде «Үкіметтік селекторда тындалатын мәселелер» қарастырылды. «Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жобасын әзірлеу мәселелері» бойынша облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы С.Тұрбеков мәлімет келтірсе, «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысының бірыңғай бағдарламасының тұжырымдамасы туралы облыстық Құрылыс басқармасының басшысы С.Полатов баяндама жасады. Ал «Жұмыспен нәтижелі қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың жаңа тәсілдері» бойынша облыстық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ә.Құралова айтты. Баяндамаларды тыңдаған облыс басшысы айтылған ұсыныс, пікірлерді жұмыс барысында басымдыққа алу қажеттігін ескертті.

Астанада Тәуелсіздік күніне орай этномәдени көрме өтті

ce2d6792bef344f081187e23a969bc28_lЕл Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған мәдени шара Астана қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінде ұйымдастырылды, деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.

Жалпы елордада 23 этонобірлестік жұмыс істейді. «Ұлы дала елі — Тәуелсіздіктің 25 тұғыры» жоспарын іске асыру шеңберінде бұған дейін түрлі жиындар мен конференциялар өткен. Ал бұл жолы қала тұрғындары соңғы 25 жыл ішіндегі этностардың жетістігін көруге мүмкіндік алды.

«Бұл көрменің басты мақсаты — Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алғалы бері осы этномәдени бірлестіктердің ұлтаралық этносаралық бірегейлікті тұтастықты нығайтуда, дамытуда өздерінің қосқан үлестерін жетістіктерін Астана қаласының тұрғындарына көрсету» , — дейді  , «Қоғамдық келісім» мекемісінің баспасөз хатшысы Дана Рысбай.

16 желтоқсанда Астанада тегін жол жүруге болады

cҚР Тәуелсіздігі күні — 16 желтоқсанда қоғамдық көлікте жол жүру тегін болады.Тиісті шара «25 жұлдызды күн» акциясы аясында ұйымдастырылады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Жалпы, желтоқсан айында 70-тен аса мәдени-бұқаралық шара өткізілмек. Соның ішінде, түрлі акциялар, көрмелер мен конкурстар бар. Бүгінде I love Astana, I love KZ флешмобтары, әнұранды білу бойынша конкурс, жалпы республикалық достық сабағы және т.б. өткізілді. Ал 18 желтоқсанда елдің басты шыршасы жағылады. 15 желтоқсанда садақ атудан Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған Астана қаласының чемпионаты өтеді. Сондай-ақ, жаңа жыл қарсаңында астаналықтар шаңғы жарысында бақ сынасады.

Мұнымен қоса, бір айдың ішінде үздік құрылысшылар, кәсіпкерлер, педагогтар, ООО және ЖОО студенттері айрықша грамоталармен, алғыс хаттармен марапатталады.

Сейілда Байшақов Қазақстан футбол федерациясының президенті болып сайланды

140533_1480310871_837_552_028 қарашада Астанада Қазақстан футбол федерациясының XIV кезектен тыс сайлау конференциясы өтті. Күн тәртібінде ҚФФ президентін сайлау мәселесі көтерілді. Конференцияның жұмысына федерация мүшелері және Атқарушы комитеттің мүшелері, ҚФФ аппараты, аймақтық футбол федерацияларының делегаттары, БАҚ өкілдері қатысты.

Шара шеңберінде делегаттар Сейілда Байшақовтың кандидатурасы үшін дауыс берді. Дауыс берудің қорытындысы бойынша Сейілда Байшақов 2020 жылдың 28 қарашасына дейінгі мерзімге Қазақстан футбол федерациясының президенті болып сайланды.

Федерацияның жаңадан сайланған президенті Сейілдә Байшақов ҚФФ конференциясына қатысушыларға өзіне көрсетілген зор сенім мен қолдау үшін алғыс айтты.

«Сіздердің сенімдеріңіз бен жоғары бағаларыңызды шын жүректен бағалаймын. Өз тарапымнен, елімізде футболдың жан-жақты дамуына бар күш-жігерімді саламын. Алға қойылған міндеттерді лайықты орындап, биік мақсаттарға жетіп, жаңа шыңдарды бағындыру үшін футболды сапалық жаңа деңгейге көтеретінімізге сенімдімін», – деп атап көрсетті Сейілда Байшақов.

kff.kz

Африкалық түйеқұстар Алматы облысында жерсінді

Африкалық түйеқұстар Алматы облысында жерсінді. Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны Бекетбай Дәуренқұлов түйеқұс өсірумен алты жылдан бері айналысуда. Кәсіпкердің мақсаты — осынау таңсық кәсіптің пайдасын көріп қана қоймай, туризм саласына да өз үлесін қосу.

Оның қожалығында бүгінде қырыққа жуық түйеқұс бар. Африкалық құстар жергілікті климатқа бейімделген. 40 градус аязда да өздерін жақсы сезінеді, дейді қожалық иесі. Тіпті осындай суықтың өзінде қарға аунап, шомылады екен.

Түйеқұстардың бойы 3 метр, ал салмағы жүз келіден астам болады. Тәулігіне екі жарым ғана келі жем жейді. Құстар кыс мезгілінде жұмыртқаламайды.  Ал жазда еселеп жұмыртқа береді, олардың жалпы салмағы 80 келіге жетеді.

«Біреуінің өзіне он төрт адам тойып қалады. Ал оның етін жеп көру үшін Қытай, Германиядан арнайы келетін туристер көп»,- дейді кәсіпкер Бекетбай Дәуренқұлов.

Аз тамақтанып, тез салмақ жинайтын түйеқұстар жұмыртқаны кезекпен —  аналығы күндіз, аталығы түнде басады. Құстар жетпіс жылға дейін өмір сүреді. Қазақстан нарығында түйеқұс етінің 1 келісі 10 мың теңгеге дейін барады. Ал  жұмыртқасы сатылымға бес мың теңгеден шығарылады.

ҚазАқпарат