Домой Блог Страница 301

Алматы айналма тасжолын салғысы келетін үміткерлердің өтініштері қаралады

Алматы айналма тасжолын салғысы келетін үміткерлердің өтініштері қаралады2015 жылдың 26 қарашасында Үлкен Алматы айналма тасжолының құрылысын жүргізуге ниет білдірген үміткерлердің өтініштері қаралады.

Бұл байқаудың екінші кезеңі. Ал желтоқсан айында олардың ішіндегі үздігі анықталып, келіссөздер басталады. Тиісті келісімге қол қою және нысанның құрылысын бастау 2016 жылға жоспарланып отыр. Аталған жоба концессиялық механизм арқылы жүргізілетіндіктен, жобаны қаржыландырудың үлесін инвесторлар өздері бөледі.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы 14 қаңтарда концессионерді анықтау бойынша екі кезеңнен тұратын ашық байқау жарияланды.

7 сәуірде байқаудың бірінші кезеңінде 27 халықаралық және отандық компаниядан құрылған 9 консорциум өтініш берді.

ҚР «Концессиялар туралы» Заңына сәйкес, өтініштерді республикалық меншікке жататын нысандарға қатысты концессия жөніндегі арнайы комиссия іріктейді. Комиссияға ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Б.Сағынтаев төрағалық етеді.

Байқаудың екінші кезеңіне 5 консорциум өтініш берді (Түркия/Оңтүстік Корея, Түркия/Италия/Нидерланды, Франция/Қазақстан, Испания/Түркия/Франция, Қытай/Қазақстан). Биыл маусым айында ҚР ИДМ әлеуетті кредиторлармен конференция өткізді. Кездесу қорытындысы бойынша Халықаралық қаржы институттары әлеуетті концессионер кредитор ретінде қатысуға қызығушылық білдірді: ЕҚДБ, АДБ, ИДБ, IFC, Қазына Капитал Менеджмент, Credit Suisse, Еуразиялық даму банкі, Goldman Sachs, Эксим банк.

Қазір байқауға қатысушылар өздерінің өтініштерін дайындауда (техникалық және қаржылай ұсыныстарын).

Үлкен Алматы айналма жолы ақылы болады. Пайдалануға берілген алғашқы жылы 78 мың, ал 2034 жылға қарай тәулігіне 104 мың автокөлік өтеді.

Алғашқы кезеңде осы жолды пайдаланғаны үшін жеңіл көліктер 210 теңге және жүк көліктері 340 теңге төлейді.

Үлкен Алматы айналма тасжолы Үкімет қаулысымен аса маңызды концессиялық жобалар қатарына кірді. Инвестициялық және пайдалану шығындары үшін өтемақы және автожолды басқарушы концессионерге сыйақы «қолжетімділік үшін ақы» механизмі арқылы мемлекет тағайындаған ақыдан төленеді. Ақылы жол үшін барлық алымдар республикалық бюджетке түседі. Осы жолдан 15,5 жылда 231 млрд теңге жиналады. Сондай-ақ, концессиялық келісім бойынша концессиялық қызметтен республикалық бюджетке (64 млрд. теңге) салық түседі.

mid.gov.kz

Қойылым екенін біліп тұрсақ та, қазақтарға жан-­тәнімізбен беріле болысып тұрдық (Блог)

"Орбұлақ шайқасы" қойылымының HD постерлері
«Орбұлақ шайқасы» қойылымының HD постерлері

«Тойдың болғанынан боладысы қызық» деуші еді қой. Бұл жолы боладысы да, болғаны да, болғаннан кейінгісі де қызық болды. Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында 2 ­қазан күні Талдықорған қаласында өткен «Орбұлақ шайқасының» реконструкциялық қойылымын айтамын. Сіз болып па едіңіз ол тойда? Болмасаңыз, бар қызықтан құр қалыпсыз. Дегенмен, өкінбеңіз!

Тарихи шайқастың куәсі болуға барған бір топ блогерлер мен журналистердің арасында мен де болдым. Ендеше, көрген қызықтарым мен сол сәттен алған әсерім жайлы біраз сыр шертейін.

AH1Z6379 копия
«Орбұлақ шайқасының» қойылымына байланысты өткен баспасөз жиыны

Алдымен қысқаша мәлімет. Кім ұйымдастырды? Идея авторы кім? Жоспардың іске асуына кімдер септігін тигізді? Бұл сұрақтардың жауабын осы шараның басы-­қасында жүрген Ерасыл Толымбекұлы берген болатын. Ол жігіттің айтуынша шараның өтуіне себепкер болған және идеяны жүзеге асырған – Алматы облысы жастар саясаты басқармасының басшысы Алпысбаев Рустам Алиұлы. Алайда, аталмыш мерекенің ойдағыдай өтуіне мекемедегі барша қызметкерлер ат салысқан. Бұл жоба жоғары деңгейде өтуі үшін жастардың ұйымдастыру жұмыстарына білек сыбана кіріскендері көрініп-­ақ тұр. 4 айдан астам уақытқа созылған дайындық жұмыстары оң нәтиже беріп, ұйымдастырушылардың еңбегі ақталды.

Талдықорған қаласында тарихи Орбұлақ шайқасының көрсетілімі өтті (ФОТО)
«Орбұлақ шайқасының» қойылымынан көрініс. ©Асқар Құранбек

Ал, енді қойылым жайлы сөз қозғайын. О баста «Орбұлақ шайқасы» жайлы әлеуметтік желілерде «50 мың қалмаққа 600 қазақтың тойтарыс беруі мүмкін емес, ол жәй аңыз.  Қазақтардың қосып айтатын әдеті ғой, барып тұрған фантастика» деген секілді әңгімелер айтылған болатын. Алайда, біз көрген шайқастан кейін қазақтардың қалмақтарға асқан ержүректікпен қарсы тұрғанына риясыз сенуге болады. Ипподромдағы жазық алаңға 50 мың адам шықпағаны анық. Бірақ, 100­-ге жуық жылқы және 600-­ге тарта адам қатысты деген дерек рас. Оның өзі алғаш рет көрерменге жол тартып отырған қойылым үшін аз емес деп ойлаймын.

Талдықорған қаласында тарихи Орбұлақ шайқасының көрсетілімі өтті (ФОТО)
«Орбұлақ шайқасының» қойылымынан көрініс. ©Асқар Құранбек

Жә, сан маңызды емес, ең бастысы сапа ғой. Ең қызық жерін жазайын. Қойылымның басында тып­-тыныш жатқан ауылға қалмақтар кеп, қырғын сап кеткен кезде, отқа оранған киіз үй, шұрқырап жылаған бала, жан ұшыра айқайлаған әйелді көріп, денемізден тоқ жүріп өткендей болды. Көзімізге еріксіз жас келді. Одан кейінгі эпизодта жоңғарларға қарсы ат үстінде атойлап келе жатқан батырларымызды көріп, жігерлене түстік. Жүрегіміз тулап, қойылым екенін біліп тұрсақ та, шын соғыс боп жатқандай, қазақтарға жан­өтәнімізбен беріле болысып тұрдық. Сол мезетте ел басына күн туа қалған жағдайда, ешкімнің қарап қалмасын түсіндім. Демек, қойылымның түп мақсаты да сол: жас ұрпаққа халқымыздың біртуар батырларының ерлігін насихаттау, шайқасты тамашалаған әр қазақтың патриоттық сезімін, ұлтқа деген сүйіспеншілігін ояту. Ендеше, мақсат орындалды деп айта берсек те болады.

Талдықорған қаласында тарихи Орбұлақ шайқасының көрсетілімі өтті (ФОТО)
©Асқар Құранбек

Басқасын қайдам, өз басым қойылымнан керемет әсер алып, рухтанып қайттым. «Әттеген-­ай» деген тұстары болмады емес, болды әрине. Дегенмен, даттау үшін барған жоқпыз. Мақтамаймыз да! Тек мақтанамыз!

Елімізді, жерімізді қасық қандары қалғанша қорғап, ұлан­ғайр атырапты бізге мирас етіп кеткен бабалар рухына мың тағзым! Байрағымыз әрдайым көкте желбіреп, бейбіт күннің астында тату-­тәтті ғұмыр кеше берейік! Енді ешқашан шайқас болмасын…
Алла Тағала маңдайымызға тек «қойылым» көруді ғана жазсын!

Арнайы Jas.kz үшін: Риза ШАЙҚАҚ

Елімізде «Үлкен ел – үлкен отбасы» жобасы басталды

Елімізде «Үлкен ел – үлкен отбасы» жобасы басталдыЕлімізде «Үлкен ел – үлкен отбасы» жобасы басталды.

Бағдарлама бірінші кезекте еліміздегі ұлттар бірлігін сақтауға негізделген.  Бұл туралы Орталық комуникациялар орталығында «Қоғамдық келісім» республикалық бірлестігінің директоры Наталья Калашникова мәлімдеді. Сондай-ақ ол осы жоба республикалық көлемде қызу талқыға түскенін жеткізді.

Наталья Калашникова, «Қоғамдық келісім» республикалық бірлестігінің директоры:

— Бүгінгі форумда «Үлкен ел – үлкен отбасы» жобасының жұмысы ресми түрде ашық деп жарияланды. Оның аясында бірқатар ірі бағдарлама іске асырылмақ. Бұл жобаның барлығы Қазақстандағы ұлттар бірлігін сақтауға және болашаққа нық сеніммен қарауға жасалған қадамдар.

24.kz

Нұриддин Ардана Қият: «Бұрын толеранттылық деген ұғым жоқ еді. Оның аты адамшылық болатын»

0

Күніне бір рет «Фейсбук» әлеуметтік желісіне кірмесек, бірдеңеден құр қалғандай күй кешетініміз рас. Интернет арқылы байланысу әлдеқашан дағдыға айналды және бұл уақыт жетістігі. Алда әлі қандай байланыстың түрі дамитынын көре жатармыз. Ал қазір, сөз еткелі отырған желіге тоқталсақ.

«Фейсбукта» қарапайым адамдардан бастап, танымал тұлғаларға дейін жиынтықталған. Онда барша әлем халқы өріп жүр. Виртуал байланыстың бір ұтымды жері ақпараттың қандай түрі болмасын жылдам аласың және өзіңнің де бөлісе алатындығыңда. Алғаш тіркелгеннен күннен бастап сілтеме тастайсың, толғандырып жүрген нәрселеріңді жазасың, сөйте келе виртуал достарыңның қатарын көбейте бересің. Өзгелердің парақшасында бөліскен қызықты ақпараттарға қанығып, белгілі бір орта қалыптастырасың. Керек емес достар саны мен қажетсіз ақпараттарды екшеп отырасың. Яғни пайдалы мен пайдасыз жақтарын өзің реттейсің.

Бірде желіден Нұриддин Ардана Қият аты қолданушының парақшасын көзім шалып қалды. Мені оның парақшасындағы ойлы суреттерге лайықтап терең мағыналы тақырыптар қоя білетіні қызықтырды. Оқып көріңіз: «Адамды бай ететін киген киімі емес, ақылы», «Кейде ақша емес, естеліктерді сақтайсың, уақыты келгенде ең үлкен байлығың болады», «Халықтың жағдайын түсіну үшін оңшыл, солшыл, коммунист, демократ, социалист т.б. болудың керектігі шамалы… Ең бастысы адам бол, жетеді», «Ақшаның жетіспеушілігі «сіз бақытсыз боласыз» дегенді білдірмейді», «Кедей және әлсіз болғаныңда, сені айыптайтындар көп болады», «Қанша көп оқысаңда оқығаныңа қарай іс-әрекет жасамасаң бәрібір надансың», «Әлемде жүзден аса ұлт, жүзден аса тіл, жүзден аса дін болғанымен, адамдардың тек екі түрі бар, ар-намысы бар және ар-намысы жоқ», «Мына өмір сүріп жатқан әлемімізде адам баласына ең қажет болатын зат білім екен», «Білім — ең берік тірек. Тіректеріңіз мықты болсын», «Ананың жақсысы, жаманы болмайды, Ең жаманы анасыз болу», «Құлаған сәтіңізде екі затты ұмытпаңыз: кім сізді құлатқанын, кім сіздің қолыңыздан ұстамағанын. Аяққа тұрғаныңызда қажет болады», «Адам баласына тимей кетпейтін бір үлесі бар, ол бақыт та емес, тек өлім». «Дүние шіркін қандай тәтті! Оның өлімнен күштілігінің өзі сонда ғой, қара жерге кіргеніңше сол үшін алысып өтесің!».

Қашанда сұхбат алар алдын ол адам туралы кішкене зерттеу ме, шолу ма жасаймыз. Орыста бір сөз бар ғой: «Досыңды көрсет, кім екеніңді айтайын» деген. Сол айтпақшы, Нұриддин Ардананың парақшасы оның қандай жан екенін аңғартып тұрғандай. Көбіміз желіге арзан әңгіме, қысыр сөз, өсек-аяң мен билік жақта тағы не боп қалды екен деп кіреміз. Өйткені, дін, саясат, өнер, эстрада, ақша, төсек т.б. төңіректе әңгімелер қашанда қызу жүріп жатады. Осындайда қызыл сөз бен дау-дамайға ермей, өз әлемінде ойға алған мақсаттары мен ізгі ниетін жалғастыра беретіндер әманда табылады. Сол себепті, Нұриддинмен танысып, сөйлесуге бел будым. Бұл бір. Екіншіден, тек қана танымал тұлғалардан «Осы мәселе туралы пікіріңіз қандай?» деген жаттанды үрдістен кішкене алыстау болайық дедік.

— Сәлем!
— Сәлеметсізбе!

— Нұриддин, сенің «Фейсбуктегі» парақшаңды көріп шықтым. Қызығушылық танытып отырмын, сұхбат алсам деп едім.
— Бір тудың астында өмір сүріп жүрген қарапайым отандасыңызбын. Парақшамда жария ететін суретім, сөздерім, өзге отандастарымызға жақсы жағына қарай ықпал ететін болса, сол мен үшін үлкен қошемет.

— Желіде қызықты да ойлы суреттер мен мысалдарды бөлісіп тұруға не түрткі болды? Себебі, қоғамдағы болып жатқан оқиғаларға бейжай қарамайтын сияқтысың.
— Оныңыз рас, әлемімізде болып жатқан оқиғаларға бей-жай қарағым келмейді. Жәрдемдессем деген ниет. Менің осы жазған пікірлерім өзгелерге ой салып, барға қанағат, жоққа сабыр етуді үйретіп жатса, мен үшін сол жеткілікті. Расында, біздің мына өмір сүріп жатқан әлеміміз бір мектеп қой. Түсіне білген адамға құмырсқа да ұстаз бола алады.

— Аты-жөнің, туған жылың, туған жерің ресми таныстырылым үшін қажет.
— Ресми ешқандай мекемеде жұмыс жасамаймын, ешқандай ұйымға да тіркелген емеспін. Жеке кәсіппен шұғылданам. Бірінші қаңтар 1993 жылы Иранда қазақ отбасында дүниеге келдім. 1993 жылдан бері Қазақ елінде өмір сүрудемін. Түп аталарым қызылордалық. 1932 жылы қызыл әскердің қыспағымен өзге жерге хижрет (көшкен) жасаған. Қият марқұм төртінші атам. Бүгінгі күні сізбен сау-саламат сөйлесіп тұруым бірінші Алланың, екінші Ардана Қият атамның арқасында.

— Сен үшін әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны? Одан қорғану дұрыс па?   
— Пайдасы – бір пікіріңді миллиондарға жеткізе аласың, зияны – уақыттың тым шапшаң өтіп кеткенін байқамай қаласың. «Фейсбуктан» қалай қорғану керектігін Цукерберг көкемнен сұрау қажет. «Фейсбук» — бұл үлкен бизнеске айналып кеттті ғой. Оның алдын алғысы келген адам желіге мүлдем кірмегені дұрыс деп ойлаймын.

— «Фейсбукте» кімдердің парақшасын оқып тұрасың?
— Бұрхан Абдулхаким, Өркен Кенжебек, Мұхаммеджан Тазабек, Тажи Абдилхаким, Режеп Ердоған.

— Болашақ қандай болса дейсің?
— Менің Алладан сұрарым, елімізде азанның үні ешқашан сөнбесе екен деймін және болашақта Қазақ Елі бірлігі жарасқан, тыныштықта өмір сүретін, өте қуатты мемлекет болсын деп тілеймін. Бұл үшін әрине барлығымыз бір мүддеде еңбек етуіміз қажет.

— Өзің сияқты жастардың өзге ағымға елтіп, еріп кету себебі неде деп ойлайсың?
— Көп отандастарымыздың діни сауаты аз. Бұған себеп бұрынғы коммунистік үкіметтің жүргізген саясаты. Халықтың көпшілігін атеизм мен басқа да «изм»  дейтін сенімдерге сендіріп келді. Әйткенмен Құдайға тәубе, бүгінгі уақытта дұрысталып келе жатырмыз. ҚМДБ жақсы жұмыс жасап жатыр.

— Адалдық, адал тамақтану, адал өмір сүру сен үшін аңыз ба?
— Адамның өзіне байланысты. Адам жүрегінде нені сақтаса көз алдында соны көреді. Әкемнің жақсы көріп айтатын бір сөзі бар: «Балам, жақсы жеп-іш, жақсы киін, әйткенмен бәрі адал болсын. Шүкір, барлық ісімде осы сөзді басшылыққа аламын. Мен үшін ол ешқандай аңыз емес.

— Өмір сүріп отырған қоғамыңа қолыңнан келсе қандай жақсылық жасағың келеді?
— Жақсылық деп аталатын барлық затты жасар едім.

— Адамның адамдығы неде?
— Ұлтына, тіліне, дініне қарамай жақсылық жасау.

— Біздің Қазақстан толеранттылық саясатын қатты ұстанады, Ата заңды ерекше құрметтейсің ғой сонда?
— Бұл толеранттылықтың емес, адамшылықтың заң-қағидасы. Депортацияға ұшыраған қаншама ұлтты аталарымыз бөлместен үйіне шақырып тұзымен, нанымен бөліскен заманда толеранттылық деген ұғым жоқ еді. Оның аты адамшылық болатын.

— Қандай тақырыптағы кітаптарды оқисың? Спортқа қалайсың?
— Тарихты оқығанды өте жақсы көрем. Мұхтар Әуезов көкемнің кітабын оқимын. Соңғы оқыған кітабым «Көшпенділер». Бұрын дзюдомен шұғылданғанмын, қазір «Street WorkOut»-пен айналысамын.

— Айтпақшы, «Көшпенділердің» соңғы бөлімін оқуға шыдамым жетпей тастап кеткен едім.
— Өкінішті, өте мықты кітапты оқи алмапсыз.

— Дос таңдап араласасың ба? Жалпы, досты қалай таңдау керек?
— Алдында ашылып сөйлей алатын досың болса, демек бақыттысың. Осындай дос барлық адамға қажет.

— Жалпы кім болуға ұмтыласың, мақсатың не?
— Адам баласы дүниеге жалғыз өзі келеді. Сол себепті өзге біреудің копиясы боп өткім келмейді. Біреуге ұқсауға ұмтылмаймын. Менің мақсатым — Алланың разылығы, еліміздің тыныштығы.
Кейбіреулер мансап қуып астанаға кетуді ойлайды, ал кейбіреулер өз қаласында қалып еңбек етеді.

— Түркістанды қаншалықты сүйесің?
— Түркістан, бұл қалада барлығы бар, тек бір зат жоқ, ертеңгі күнге деген үмітсіздік. Сол үшін бұл қала маған ерекше. Мен басқа қалалар жайлы өмірімде мүлдем нашар сөз айтқан емеспін. Ал басқа қалаға кету ойыңда болғанымен, тағдырыңа не жазылады, соны көреді екенсің.

— Өзіңді қаншалықты патриотпын деп есептейсің?
— Сіз менен манадан бері көкейіңізге келген сұрақтарға жауап алдыңыз. Берген жауабыма назар салып менің қаншалықты патриот екеніме үкім беріңізші. Үкіміңіз тек әділ болсын, қандай болса да.

— Айтпақшы жеке түскен суретің керек, фондағы фото анық емес.
— Фондағы суретімді пайдалануыңызға болады. Мәселе менің түрімде емес, ой-пікірімнің қандай болғандығында ғой. Қаласаңыз қоймай-ақ қойыңыз, мен оған түк те ренжімеймін.


Автордан: Нұриддинмен әңгіме барысында кейбір сөз мақамдарын, диалектикалық сөз қолданыстарын оқырманға шынайы жеткізу мақсатында әдейі өзгеріссіз қалдырдым. «Фейсбук» әлеуметтік желісінен Нұриддин Ардананың парақшасына кіріп шықсаңыз өкінбейсіз, салмақты маржанға толы дүниелермен қанығып шығасыз.

Әңгімелескен Жансая СЫДЫҚБАЙ

Орбұлақ шайқасының театрландырылған қойылымынан медиажинақ

Талдықорғанда Орбұлақ шайқасының театрландырылған қойылымы көрсетілді

Жүгері өсірушілерге жағдай жасалмақ (фото)

Жүгері өсірушілерге жағдай жасалмақ (фото) Алматы облысының әкімі Амандық Баталов жүгері өсірушілердің жағдайын жақсартып, жүгерінің сапасын арттыру бойынша жұмысты қолға алмақ. Бұл жөнінде өңір басшысы бүгін Панфилов ауданына жұмыс сапары барысында айтты — деп хабарлайды jas.kz.

 Сапар барысында Пенжім ауылындағы №1, 6 қырманның күрделі жөндеу жұмысымен, «Қожамбердиев А.» шаруа қожалығы жүгері алқабындағы жүгері жинау науқанымен және Жаркент қаласындағы  «Крахмал-сірне зауыты» ЖШС-ның жұмысымен танысқан өңір басшысы:

Жүгері өсірушілерге жағдай жасалмақ (фото)

—        Бүгінгі күні субсиядияны халық алып жатыр, жергілікті бюджеттен де тиісті қаражат бөлініп, көмектесіп жатырмыз. Біз өз тарапымыздан шаруаларға өнімдерін топырақ, тасқа емес дұрыс жерге жинауға жағдай жасап бердік. Қырмандары келесі айда аяқталады. Шаруалардың өнімдерін қабылдап алатын зауытқа өткен жылы 380 млн теңге қаржы бөліп, көмектескен болатынбыз. Нәтижесінде былтыр зауыт 38 мың тонна өнім қабылдаса, биыл реконструкцияның нәтижесінде 60 мың тоннаға дейін өнім қабылдай алатын жағдай жасалып отыр. Ендігі кезекте қымбат комбайндарды алуға мүмкінігі жоқ шаруашылықтардың қиналмауы үшін зауыт арқылы сол мәселені шешуді көздеп отырмыз. Яғни, орталық құрып оған комбайн, трактр сияқты арнайы техникалармен жабдықтап, шаруаларға жер жыртуға көмектесіп, кейіннен оны жинауға көмектесетін болсақ шаруалардың жағдайы бұдан да жақсара түсер еді. Жүгерінің де көлемі ұлғайып, сапасы да артады. Бүгін осы мәселелерді қолға алу туралы шешемге келдік, — деді.

Айнұр РАКИШЕВА
фото: Асқар Құранбек

Көне Түркістаннан табылған хан ордасы қайта жаңғыртылуда

904a40548726f0bf929e1e2e8dcffe4e_LКөне Түркістан қаласының орнынан табылған екі бірдей Хан ордасы мен мешіт қайта қалпына келтіріліп жатыр.

Археологтар қазба жұмыстары кезінде жерден аршып алынған қос қыстаудың бір бөлігі шашамен XVII ғасырда билік құрған Әбілмәмбет ханға тиесілі дейді. Ал екіншісі Тәуке ханның ордасы болған. Ендігі жерде ежелгі шаһарға саяхаттап барғандар тарихи орындарды тамашалап қана қоймай, хандар мен билер мінәжат еткен мешітке де бас сұға алады. Тарихи жәдігерлер сол заманның өзінде отырықшылдықтың болғанын аңғартады. Үй қабырғалары қалың, архитектуралық орналасуы да ерекше. Мәжіліс құруға арналған кең бөлмені айналдыра тандыр пеші бар шағын бөлмелер қоршаған. Ол жерде нан жабылып, тамақ пісірілген. Жерден биіктеу болып кірпішпен өрілетін сыпа арасымен түтін шығатын кен жүреді. Сол арқылы барлық бөлме жылиды.

Топырақ астынан аршылып алынған сегіз бөлмелі ғимарат хан ордасының үштен бір бөлігі ғана екен. Мұнда ел басқарған хандар негізінен қыс мезгілінде ғана тұрақтаған. Қалада бірінші кезекте тазалыққа мән берілген дейді мамандар. Кіреберіс табалдырыққа ішіне құм толы асты ойылған құмыра көмілген. Ол судың жерге тез сіңіп кетуіне мүмкіндік береді. Осы жерден табылған Ташнаудың қақпағы мәрмәр тастан жалатылған екен. Құнды жәдігерге қарап, мамандар бұл хан ордасы болған деген тұжырымдама жасапты. Археологтардың айтуына қарағанда, бұл жер Тәуке ханның қыстың күндері ұзақтан келген елшілер мен қонақтарды қабылдайтын үлкен бөлмелерінің бірі болған. Келген қонақтар алдымен сол жақ табалдырықтағы Ташнауға қол шайып, киімдерін оң жақтағы ілгішке іліп кірген. Жоғары көтерілген қонақтарды Тәуке хан тұғырында отырып қарсы алып, оларға құрмет көшемет көрсеткен. Археологтардың пікірінше, көне Түркістан қаласы жалпы 14 ханның қысқы тұрағы болған. Қазба жұмыстары барысында Тәуке ханның ордасы жер қыртысының 7-қабатынан аршып алыныпты. Тарихи орынды XVII ғасырдың соңында поляк суретшісі Мессершмидт салған картаға қарап тауып алған. Ол құжатқа Тәуке ханның өзі мөрін басып растаған екен. Қос қақпалы қаланың ішінде негізгі үлкен көше болған. Жер қойнауынан аршылып алынған тағы бір тарихи құнды жәдігер – ол хан мешіті. Оның артықшылығы күмбезі біреу болғанымен, мехрабы екеу.

Жалпы көне қаланың аумағы 63 орамға бөлінген екен. Ол жерлерде кескін-келбеті бірін-бірі қайталамайтын қарапайым ұсталардан бастап қолөнер шеберлерінің орталығы болған. Ұлы жібек жолы бойындағы ең көне қаланы қайта жаңғыртып жатқан шеберлер орданың кескін-келбеті мен сәулетін өз қалпынан айнытпай жасауға тырысып жатыр. Болашақта ол жерлерге адамдардың макеті мен қыш құмыралар қойылады. Тарихи орынға саяхаттап келушілер бұл жерлерді аралап, мәлімет алып қана қоймай, бір кездері бабалары мінәжат жасаған мешітте құлшылық жасауға мүмкіндік алады.

24.kz

«Мәңгілік ел» деген атаумен телеарна құруды ұсынды

"Мәңгілік ел" деген атаумен телеарна құруды ұсынды.Бүгін Астанада өткен республикалық патриоттар форумында Парламент Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов «Мәңгілік ел» деген атаумен телеарна құруды ұсынды. Оның айтуынша, отандық нарықта пайда болатын жаңа телеарна ұлттық мәдениетімізді өркендетуге жол ашады.

Айта кетейік, форумға еліміздің барлық өңірлерінен 2 мыңнан астам делегат қатысты. Солардың ішінде өз мамандықтарының үздік өкілдері: дәрігерлер, мұғалімдер, өнеркәсіп жұмысшылары, ауылшаруашылығы қызметкерлері, табысты кәсіпкерлер, ғалымдар, қоғам қайраткерлері, даңқты спортшылар мен мәдениет қайраткерлері бар.

Биылғы форум Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясына арналып отыр. Соның аясында «Жыл патриоты» атты байқаудың қорытындысы шығарылды. Байқауда ерлік көрсеткен, сондай-ақ Отанға деген сүйіспеншілігін күнделікті еңбегі және нақты істерімен дәлелдей білген қазақстандықтар 7 аталым бойынша марапатталады. Мәселен таяуда ғана ғарыш әлемін бағындырып, ел мерейін асқақтатқан Айдын Айымбетов «Менің елім» аталымына ие болды. Ал КСРО халық әртісі, бұлбұл үнді Бибігүл Төлегенова «Биік руханият» иесі атанды. Бұл тізімде кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Геннадий Головкиннің анасы Элизавета Головкина да бар. Ол «Ана жүрегі» аталымы бойынша марапатталды.

Сондай-ақ өндірісте өз істерімен көзге түскен Сергей Вишняк, Айбек Бектұрғанов және Ерлан Алин марапатталды. Суға батқан екі сыныптасын құтқарып қалған Никита Тюкин де лауреат атанды.

24.kz

Сәбидің қуыршақ егіздері

Сіздің балаңыздың қолында қандай қуыршақ жүр? Назар аудардыңыз ба?

0_1bef7b_82fc6389_orig

0_1bef7c_25183986_orig

0_1bef7d_37397b91_orig

0_1bef7e_ee89fa86_orig

0_1bef7f_5f62ca13_orig

0_1bef8a_f569167d_orig

0_1bef8b_99a81530_orig

0_1bef8c_c80e2153_orig

0_1bef80_603cab31_orig

0_1bef81_29123577_orig

0_1bef82_e7b7714b_orig

0_1bef83_b37916e2_orig

0_1bef84_2f7e73d5_orig

0_1bef85_90bd5c51_orig

0_1bef86_f6dbc1d8_orig

0_1bef87_2dc18fe6_orig

0_1bef88_36f0ba8f_orig

0_1bef89_a25333aa_orig

 

Табылды Досымов: «Қайда сол, КазГУ-городок…»

RXw3dh3wztcҮшінші қазан күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде тұңғыш бард ақын, әнші, композитор  Табылды Досымовтың 50 жасқа толуына арналған еске алу кеші өтті.

Тау тұлғалы түлегіне арнап  ұйымдастырылған кеш “Қайда сол, КазГУ-городок…” деп аталды. Ақынның әруағына деген құрметпен мерейтойлық кеш бір минуттық үнсіздікпен басталып, жылы лебізге толы естеліктермен жалғасты. Еске алу кеші өткен химия факультетінің үлкен залына жиналған көпшілік бард ақынның жүрек қылын тербейтін әуезді жырлары мен көз көрген замандастарының естеліктерін тыңдап бір марқайып қалды. Кеш жүргізушісі — Табылды ақынның сүйікті шәкірттерінің бірі, филология факультетінің магистранты Тәуірбек Бозекенов. Кешке ақынның артында қалған тұяғы, ұлы Абыл Досымов пен курстас досы, журналист Серік Жанболат, Т.Досымов атындағы қоғамдық қордың жетекшісі Бижан Қалмағамбетов қатысты. Қонақтар арасында бард әншінің ұстазы  Жұмат Тілепов те болды.

DSC_0199

“Егер Табылды досым тірі болғанда,осындай кештің куәгері болып сөз сөйлесе үлкен толқыныста болар еді. Себебі бүкіл жандүниесі ашылған жері, біраз өлеңдерінің тұсауы кесілген жері де осы ҚазҰУ, біздің кезіміздегі КазГУ-городок. Қазір Табылдың ізін жалғап жүрген жастар барда, оның әндері ұмытылмайтынына сенеміз”, — деді бардтың курстас досы, журналист Серік Жанболат.

Табылды Досымов атындағы қоғамдық қордың жетекшісі Бижан Қалмағанбетов:  ”Ақынның  жанартауы жарылған жер Алматы қаласында, қара шаңырақ Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ басшылығының қолдауымен Студенттер сарайында республикалық деңгейде еске алу кешін  қараша айында ұйымдастырмақ ниеттеміз”, — деп қордың алдағы жоспарымен бөлісті.

DSC_0072Кеште ақынның әндерін бүгінгі заманға сай орындап жүрген ҚазҰУ жастары көрермендерді сонау 90-жылдарға, Табылдының әндері дүрілдеп тұрған кезеңге қайта оралтқандай әсер қалдырды. Соңында айтулы іс-шараны ұйымдастырған университет жанынан құрылған “Көкжиек” әдеби-шығармашылық клубы және де бард ақынның жолын жалғап жүрген бір топ талантты жастар алғыс хаттармен марапатталды.

Еске сала кетейік,осы жылдың шілде айында бард жанрының патшасы көзі тірі болғанда  50 жасқа толар еді. Ақынның 45 жылдық қысқа ғұырында жазған өлеңдері үш буынға жіктелген-ді. Студенттік шағындағы махаббатқа толы лирикалық әуендері, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына куәгер болған патриоттық жырлары және өмірдің мәңгілік еместігін тағы бір еске салатын өміршең өлеңдері. Иә, Табылды Досымов есімі қимас әндері мен сырлы саздары, мағыналы жырлары мен көркем төгіліп түскен өлеңдері  арқылы жүректерге мәңгілік із қалдыра білді.

DSC_0042

Ақын Табылды өзінің өлең жолында:

«Тірлікті мынау жаным-ай, мәңгілік деме,

Ұйықтап кетсем бір күні, оянбай қалам!» -деп жырлаған еді. Ажалдың осылай келерін сезді ме, сездірді ме кім білсін, 2010 жылдың 16 қазанында мәңгілік ұйқыдан оянбады.

  …Біз түгілі құтылмаған алып Абай,

 Білмедім, о дүниенің қалі қалай?!

 Табылдың бір кездегі әні екен деп,

 Соңымнан зарлап жүрсін  қалың адай!..

Иә, өзі жырлағандай қалың қазақ жоқтап жүр. Жырларын өшірмей жаттап жүр. Себебі, Табылдың өлеңі басқалардан өзгерек! Ол қазақ жырының аспанында қалқып жүрген жарық жұлдыз. Ол жұлдыз артында қалған жалынды жырларымен мәңгі жарқырайды. Өшпейді. Сөнбейді.

АЙБАНУ ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ, 

Студенттік баспасөз орталығы