Домой Блог Страница 46

Талдықорғанда жыл басынан бері 48 млн. теңгеден астам әкімшілік айыппұл өндірілді

20161012133555Талдықорғанда соңғы 9 ай ішінде  85 млн. теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.  Бүгінде оның 48 млн теңгеден астамы өндірілген. Бұл туралы халық алдында 9 айдың қорытындысы бойынша есеп берген Талдықорған қаласының Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция полковнигі Талғат Бәзиев мәлімдеді.

Оның сөзінше, жалпы 7882 әкімшілік құқық бұзушылық есепке алынған. Ал 2 мыңнан аса  факті қоғамдық орындарда ішімдік ішу бойынша тіркелген.

Қазіргі таңда Талдықорған қаласында  профилактикалық есепте 4486 азамат тұр. Оның ішінде 2016 жылы жаңадан есепке алынған 316 азаматпен тұрақты профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Аталған азаматтардың 41-і бұрын сотталғандар, 48-і әкімшілік бақылауда, 129-ы шартты түрде сотталғандар, 42-сі шартты түрде босатылғандар және 17-сі маскүнем.

Есепті кезеңде әйелдерге қатысты 822 қылмыс тіркелді, оның ішінде 481 ұрлық, 16 бұзақылық, 25 зорлау, 22 тонау, 4 денсаулыққа қасақана зиян келтіру, 175 алаяқтық, 9 қарақшылық фактілері орын алып отыр. Сонымен қатар, 9 ай ішінде 16 жеңгетайлық факті анықталды.

ҚазАқпарат

Кентауда әйгілі ақын атында сынып ашылды

20161108214803Казақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Кентау қаласындағы Б.Момышұлы атындағы N12 мектебінде «Алтын қыран», «Алтын қалам» номинацияларының иегері Орал Бекболатов атындағы бастауыш математика сыныбы ашылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сыныптың заман талабына сай жабдықталуына ел ағасы демеушілік жасаған. Балалардың киім ілетен және құжаттар тұратын шкаф, сондай-ақ, математикалық формулалар жазылған үлкен көрнекілік тақтайша жасатқан. Бүгінде барлық көрнекіліктер сыныпқа сән беріп тұр.

Салтанатты іс-шара барысында «Қаратау тәжі» әдеби бірлестігінің төрағасы, ақын Рахым Балабиев, зейнеткер-ұстаз Сейдолла Адыршаев, Кентау қаласының Құрметті азаматты Шертай Сәрсенбаев Орал Бекболатовтың қайырымылық істерін атап өтіп, жасап жатқан игі ісін жоғары бағалады. Мектеп директоры Гүлдариға Жұмагелдиева мен сынып жетекші Меруерт Қосжанова және ұжым мен ата-аналар ел ағасына алғысын білдірді.

Балалар әсем әндер орындап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Орал Бекболатовтың шығармашылығынан да өлеңдер оқылды.

Оралбек Бекболатов бұған дейін де көптеген қайырымдылық істермен айналысты. Әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға киім таратты, үйіндегі көптеген құнды кітаптарды кітапханаларға тегін берді.

Орал Бекболатов отызға жуық кітаптың, 31 монографиялық еңбектің авторы. Шығармалары өзбек, саха, орыс тілдеріне аударылған.

Астанада ASTRA Plat электронды жүйесі Express маршруттарда қолданыла бастады

cd1c6489-996b-41b1-9dd6-654977085a80ASTRA Plat электронды жүйесінің II кезеңі іске қосылды. Көліктік карталар арқылы қаланың Express маршруттарында жолақысын төлеу ыңғайлы бола түсті.

ASTRA Plat жүйесі Астананың зияткерлік көлік жүйесінің жаңа бөлімі. Бұл дегеніңіз қаладағы қоғамдық көліктердің қызмет көрсету сапасын арттырып, ішкі бизнес дамудың алғы шарты болып саналады. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, 2-3 жыл көлемінде аталмыш жоба толықтай іске асады.

Бүгінгі таңда Астанада 35 автобус тәжірибелі түрде заманауи техноогиямен жабдықталып, қазан айының ортасынан бастап, 4 Express-маршрутқа енгізілді. Олар: № 101, 102, 103 және 105. Әр автобуста электронды төлемдер қабылдайтын валидаторлар орнатылған.

ASTRA Plat электронды жүйесінің жұмысын бақылап көру үшін жолаушылар, ASTRA Plat карталарын сатып алулары қажет. Аталмыш картаның 3 түрі бар. Олар: қаражат толтырылатын, мектеп оқушарына арналған және жеңідіктері бар карталар. Байланс мөлшері жол жүру санымен тең келеді. Қаражат толтырылатын карта құны – 400 теңге. Мектеп оқушылары мен жеңілдіктері бар карталар тиесілі қала тұрғындарына тегін таратылады. Ал үйреншікті қолма-қол төлем мен қағаз билеттер әзірге әлі де айналымда. ASTRA

Plat жүйесінің ІІ кезеңі енгізілгеннен кейін де, Express-маршруттарда жолақы өзгермейді. Ересектерге 150 тг, балаларға 70 тг. Тарифтік жоспар бойынша, 10 рет жол жүруге арналған төлем құйылғаннан кейін, 11-ші мәрте тегін қатынау мүмкіндігі ұсынылады. Ал 60 минут ішінде  Express маршруттан Express маршрутқа отырсаңыз, сапарыңызды тегін жалғастыра аласыз. Жеңілдіктерге ие болған, Астанада тіркелген жолаушылар тегін жол жүру құқығына ие болды.

Көліктік карталарды арнайы кассаларда және сауда үйлері мен аялдамалар жанында орналасқан RTVM автоматтарынан сатып алуға болады. Өзге де сатылым нүктелерін alrt.kz сайтынан және ASTRA Bus қосымшасынан қарап білуге болады.

Электронды төлем жасау үшін автобусқа мінгеннен кейін көліктік картаны жүргізуші жанындағы валидаторға тигізу керек. Төлем 0,1 секундта қабылданады.

ASTRA Plat ұсынатын ең негізгі мүмкіндік маршруттардың қозғалыс кезіндегі уақыт аралығын бақылау және қоғамдық көліктердің жылдамдықты арттырмауын қадағалау, одан бөлек аялдамаларда тоқтау ұзақтығы да есепке алынады. Сондай-ақ, жаңа жүйенің іске асуы кезінде тәртіп және жол сақшылары жиі арнайы тексеріс-бақылау жұмыстарын жүргізіп отырады.  Аталмыш жүйе толығымен жүзеге асып болғаннан кейін, 4-кезеңі де қолданысқа енгеннен кейін әдеттегі қалыптасқан қолма-қол төлем жасаудан және зейнеткерлер мен жеңілдіктері бар тұлғалар қағаз құжаттарын көрсетуден, QR коды бар бір рет пайдалануға арналған қағаз билеттерден құтылуға болады.

Тағы бір айта кететін жәйіт, Астанада аталмыш жобаның ІІІ кезеңін жүзеге асыру көзделіп отыр. Ол кезде ASTRA Plat көліктік картасын қала ішіндегі қоғамдық көліктерде қолдануға болады. Қалалық автобустарды жаңа технологиямен жабдықтау бірте-бірте жүзеге асады. Қазірдің өзінде №10 маршрутта бұл жүйе іске қосылған.

Естеріңізге сала кетейік, ASTRA Plat төлемдерді электронды жүйемен орындаудың алғашқы кезеңі ағымдағы жылдың 30-шілдесінде басталған болатын. Астанаға іргелес аймақ 4 бөлімді құрайды. Тарифтер саны 84-тен 5-ке дейін қысқарды. Қалаға іргелес жатқан елді-мекендерге қатынау құны 50 теңгеге, кейбір аудандарда 120 тгңгеге төмендеді. Ал жеңілдіктер қарастырылған азаматтар қоғамдық көліктерде тегін жол жүру құқығына ие болды.

Алматы облысының 50 мемлекеттік қызметкері Әдеп кодексін бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды

%d1%84%d0%be%d1%82%d0%beӘдеп жөніндегі кеңес өз қызметі барысында  заңдылық, жан-жақтылық пен әділдік, әдептілік, қоғамдық пікір мен жариялылықты ескеру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын қолдану қағидаттарын басшылыққа алады. Алматы облысындағы Әдеп жөніндегі кеңес те осы міндеттер аясында жұмыс істеп келеді, деп хабарлайды Алматы облысының өңірлік коммуникциялар қызметі.

Ағымдағы жылдың 9 айында Әдеп жөніндегі кеңестің 9 отырысы өткізіліп, онда 121 мәселе қаралған. Оның ішіндегі басым көпшілігі, яғни 104-і тәртіптік іс.

Әдеп жөніндегі кеңестің ұсынысы бойынша тәртіптік жауапкершілікке 70 мемлекеттік қызметші тартылса, оның ішіндегі 50-і – Әдеп кодексін бұзғаны үшін, ал 20-сы мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс әрекеті үшін жазаланды. Бұл туралы Алматы облысының өңірлік коммуникциялар қызметінде өткен брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Ұлан Қалжанов айтып өтті.

Сонымен қатар, аталған департамент өкілдері биылғы 9 ай ішінде мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың сақталуы мен мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтауы бойынша 42 тексеріс жүргізген. Нәтижесінде 492 бұзушылық анықталып, мемлекеттік органдарға заң бұзушылықты жою туралы 19 ұсыныс енгізілген. Сол ұсыныстарды қарау барысында 20 мемлекеттік қызметші әр түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Астанада Тәуелсіздік күніне орайластырылған «Сиқырлы әуен» І Республикалық инструменталды байқауы өтті

Астанада «Сиқырлы әуен» I Республикалық инструменталды байқауы өтті, шара Астана, Алматы, Көкшетау және Қостанай қалаларынан дарынды балалардың басын қосты, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, шығармашылық байқау жас орындаушыларды музыка мәдениеті мен өнеріне баулуға, орындаушылық шеберліктерін шыңдауға, және шығармашылық қарым-қатынас ортасын құруға және рухани мұраны насихаттауға бағытталған.

Байқау екі номинация бойынша өтті: ұжымдар (оркестрлер, ансамбльдер), оған жеке орындаушылар да қатысты (домбыра, қобыз, фортепиано, скрипка, флейта, жетіген, прима-шертер және т.б.).

Байқау қатысушыларын бағалауға Қазақстан Республикасының белгілі өнер қайраткерлері шақырылды.

Байқау жеңімпаздары мен қатысушылары дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Астанада «жасыл» технологиялар оқыту орталығы ашылды

Елордада «Астана Эко Стандарт» жылыжай кешенінің базасында «жасыл» технологиялар оқыту орталығы ашылды, онда С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттерімен бірге фермерлер мен кәсіпкерлер де көкөніс өсіру бойынша озық білім алатын болады. Ал келесі жылдың қыркүйегінде бұл жерге ең озық еуропалық жабдықтармен жабдықталған жылыжай кешені орнатылады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

«Астана әкімдігі оның құрылысына арнап жер телімін бөлді. Оның жалпы ауданы 8 200 ш.м. Біз салат пен қиярдың ең жақсы және сұранысқа ие сұрыптарын өсіруді жоспарлап отырмыз»,- деп мәлім етті «Астана Эко Стандарт» ЖШС директоры Жеңіс Досмағанбетов таныстырылым барысында.

Құны 7,1 млн евроны құрайтын жобаға оқыту орталығы мен жаңа жылыжай кіреді, ол Еуропа Одағының қаржылық қолдауымен іске асырылуда және азық-түлік қауіпсіздігін, соның ішінде су қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған. Жобаның атқарушы әріптестері  БҰҰДБ және БҰҰ  ЕЭК.

БҰҰДБ Тұрақты өкілінің орынбасары Мунхтуя Алтангерел ханым бұл жоба бизнес секторда «жасыл» экономиканың қағидаттарын енгізудің көрнекі мысалы болатынына үміт білдірді. С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ проректорының м.а. Нұрлан Серікпаев еліміздің солтүстік және орталық аймақтарында жылыжай шаруашылықтарын дамыту бойынша бірлескен оқу орталығын құру алдағы уақытта жылыжай шаруашылығының дамуына ықпал етіп, республиканың азық-түлік тәуелсіздігін қамтамасыз ететін болады.

«Бүгінгі күні біз жан басына шаққандағы ұн өндірісі бойынша әлемде бірінші орын аламыз. Егер көкөніс өнімдері туралы айтатын болсақ, өкінішке орай, солтүстік және орталық облыстар және жалпы Қазақстан көкөністің 80 % сырттан әкеледі, сол себепті қорғалған топырақтағы көкөніс шаруашылығын  дамытудың маңызы зор, — деп атап көрсетті ол.

Түркістанда тəулігіне 100 тонна түйе сүтін өңдейтін зауыт салынуда

5de41403-3ef1-4de2-93ab-5e61ecd7ef78Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Golden Camel» компаниясының құрылтайшысы Янг Цие мырзаны қабылдады, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Жыл басында «Golden Camel» ЖШС-нің бастамасымен түйе сүті – шұбатты қайта өңдеуден өткізіп, одан құрғақ қоспалар өндіру жобасына кіріскен болатын.

Кездесуде Янг Цие мырза Түркістандағы индустриалды аймақтан бой көтеріп жатқан осынау жобаның іске асырылуын жеделдетуді облыс әкімінен өтініп, осы күнге дейінгі көрсетілген көмектер мен қолдаулар үшін алғысын білдірді.

Өз кезегінде, аймақ басшысы жобаның өңіріміз үшін маңызды екенін атап өтіп, тиісті сала басшыларына оның әкімшілік кедергілерсіз жүзеге асуына барынша атсалысуды тапсырды.

Бүгінде Түркістандағы индустриалды аймақта шұбатты өңдеп, одан құрғақ сүт өндіретін кәсіпорын құрылысының бірінші кезеңі жүруде. Жоба іске қосылғанда мұнда 180 адам жұмыспен қамтылатын болады. Тәулігіне 100 тонна, жылына 69 млн. тоннадан астам түйе сүтінен құрғақ қоспалар өндіруге қауқарлы зауыттың құрылыс жұмыстары 2017 жылы аяқталып, мұнда әзірленген дайын өнімдер республика нарығынан бөлек, Кеден Одағы елдері мен Қытайға экспортталмақ.

Еске салайық, жалпы құны 8 млрд. теңге болатын аталған жобаны іске қосу туралы меморандум осы жылдың сәуір айында өткен «Ontustik Invest-2016» халықаралық инвестициялық форумы аясында түзілген болатын. Онда осы сынды жалпы сомасы 2,5 млрд. АҚШ доллары болатын жобалар бойынша 40 меморандумға қол қойылған еді.

ОҚО-да «Менің елім – Мәңгілік Ел» республикалық жастар акциясы өтті

75jwgpmjw0-1Оңтүстік Қазақстан облысында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Менің елім – Мәңгілік Ел» республикалық жастар акциясы өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйытқы болған шараға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов, ҚХА және аймақтық ассамблея мүшелері, қоғам қайраткерлері, этномәдени бірлестіктер мен зиялы қауым өкілдері, жастар ұйымдарының жетекшілері мен студенттер сынды жалпы саны 5 мыңнан астам азамат қатысты.

Акцияда түрлі өнерлі жастар концерттік бағдарламалар ұсынса, этномәдени бірлестіктердің әншілері Шәмші әндерінен попури орындады. Салтанатты кездесуде сөз алған өңір басшысы, облыстық ҚХА төрағасы Ж.Түймебаев ырысты ынтымақ пен берекелі бірліктің бастауы болған Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктеріне шолу жасап, бірқатар салалардағы жұмыстарға тоқталды.

«Тәуелсіздік жылдарында облыстың экономикалық әлеуеті көтеріліп, халық саны 1 миллион тұрғынға көбейді. Өнім көлемі 90 жылдардағы 40 млрд. теңгеден, 2015 жылы 2,5 трлн. теңгеге артты. Өңір экономикасына тартылған инвестиция көлемі 3,3 трлн. теңгеге жетті. Білім беру саласында 491 жаңа мектеп, 1491 мектепке дейінгі ұйым, 347 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға берілді. 9 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 100 мыңнан астам отбасы баспаналы болды», — деді Ж.Түймебаев.

Акция барысында «Мәңгілік ел жастарының жетістіктері – Қазақстан Респуликасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына» — «Достижения молодежи «Мәңгілік Ел» к 25-летию Независимости Республики Казахстан» кітабы салтанатты түрде облыс жастарына тапсырылды. Кітапта Тәуелсіздік жылдары жастардың қол жеткізген жетістіктері, өңірлерде оларға жасалған қамқорлықтар, сонымен қатар, «Мәңгілік Ел» Патриоттық идеясының біріктіруші рөлін және өңірлердегі жастардың ел Президенті – Ұлт көшбасшысына қолдауын көрсететін үндеулері жазылған.

Үндеуде республика жастары Елбасы басшылығымен қол жеткізілген жетістіктер, оның шешуші факторы — бейбітшілік пен келісім болғанын жазып, Президенттің бастамаларын қашан да қолдауға дайын екендіктерін білдіреді.

Айта кету керек, осы жылдын 4 қарашасында Талдықорғаннан бастау алған «Менің елім – Мәңгілік Ел» республикалық жастар акциясы Алматыдан соң, үшінші болып, біздің облысымызда ұйымдастырылуда.Үш милионға жуық тұрғыны бар Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының 30 пайызын жастар құрайтын болғандықтан аталған шара жоғарғы денгейде өтті. «Менің елім – Мәңгілік Ел» республикалық жастар акциясы келесі кезекте Жамбыл облысында өтетіндіктен Қазақстан Респуликасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына» — «Достижения молодежи «Мәңгілік Ел» к 25-летию Независимости Республики Казахстан» кітабын еліміздің мақтанышы олимпиада жүлдегері Жазира Жаппарқұл мен Назарбаев зияткерлік мектебінің белсенді оқушысы Берікболсын Сүлейменов  салтанатты түрде табыс етті. Еліміздің барлық аймақтарында өтетін акция 28 қарашада Астанада қорытындыланып, мәресіне жетпек.

Еске салайық, Оңтүстік Қазақстан облысында 100-ден астам этнос өкілдері өмір сүреді. Облыс бойынша 20 этномәдени бірлестік, ал қалалар мен аудан орталықтарында олардың 51 филиалы қалыпты қызмет көрсетіп келеді. Этномәдени бірлестіктер жанында 11 жексенбілік мектептер, ақсақалдар кеңестері мен жастар қанаттары жұмыс істейді.

ОҚО-да табиғат қаскөйлерінің жолы кесілуде

600_158Осы жылдың 1 қарашасынан бастап ОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметінің өкілдері  Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасын жүргізуде, деп хабарлайды ОҚО ІІД ЖПҚ баспасөз қызметі. Шараның басты мақсаты – табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылардың жолын кесу болып табылады. Рейд жұмыстарына полиция қызметкерлері мен табиғатты қорғау өкілдерінен құралған 50-ден астам жедел топ жұмылдырылды.

Өткен үш тәулік ішінде тәртіп сақшылары табиғатты қорғау заңнамасын бұзған 54 құқықбұзушылықты және 9 экологиялық қылмысты анықтады. Атап айтқанда, ағаштарды кесу, жануарлар дүниесін пайдалану және аң аулау талаптарын бұзу, балық аулау, күтіп ұстау қағидаларын және жасыл желектерді бұзу ең көп тараған құқықбұзушылықтар болып табылуда.

Мәселен, 1 қараша күні полицейлер Сарыағаш ауданы аумағындағы Келес өзенінің бойында ағаштарды заңсыз кескен 1988 жылы туылған жергілікті тұрғынды ұстап, айғақ зат ретінде балта және 0,5 куб кесілген ағаш тәркіледі. Сонымен бірге, осы күнгі іс-шаралар кезінде Түркістан қаласында полицейлер сексеуіл артқан жүк көлігін анықтады. 1982 жылы туылған Түркістан қаласының тұрғынында ешбір құжат болмаған. Жүргізуші мен оның жанындағы 1991  жылы туылған Отырар ауданының тұрғыны автокөлікпен бірге оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында Түркістан ҚІІБ-ге жеткізілді.

Аталған жайттар бойынша ҚР ҚК-нің 340-бабымен «Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау» қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сонымен қатар, табиғатты қорғау заңнамасын бұзған 45 құқықбұзушыға әкімшілік тәртіппен 130 мың теңгеден астам айыппұл салынды.

Табиғатты қорғауға бағытталған аталған іс-шара 10 қарашаға дейін жалғасатын болады.

Кадрлардың біліктілігін арттыру көзделуде

armyandarОңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Ресей Федерациясы Президенті жанындағы халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет Ресей Академиясының корпоративтік басқару жоғарғы мектебінің (одан әрі -РФ Президенті жанындағы ХШ және МҚРА КБЖМ) академигі Абел Аганбегян мен Ресейдің еңбек сіңірген экономисті, экономикалық ғылымдарының докторы және аталған оқу орнының деканы С.О. Календжянмен кездесті, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Мәртебелі меймандар кездесуде РФ Президенті жанындағы ХШ және МҚРА КБЖМ-і Оңтүстік Қазақстан облысымен байланыс орнатуға ниетті екенін жеткізді. Сондай-ақ, өңірдегі кадрлардың біліктілігін арттыруда бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
Қазақстан дамыған 30 елдің қатарына ену  үшін түрлі салаларда білікті кадрлардың болуы керектігіне тоқталған облыс әкімі,   аталған оқу орнының жоғары білікті жетекшілерінің ұсынысын қолдайтынын жеткізді.
Ресей Федерациясы Президенті жанындағы халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет Ресей Академиясының корпоративтік басқару жоғарғы мектебі Ресей мен ТМД елдері арасында басқарушы кадрларды оқытудың корпоративті бағдарламаларын жүзеге асыруда 20 жылдан астам уақыттан бері бизнес-оқытуда көшбасшы болып табылады.
ХШ және МҚРА КБЖМ Қазақстан Республикасындағы әріптесі болып табылатын «Дипломат» консультатциялық тренинг орталығы» ЖШС-мен бірлесіп оқыту бағдарламаларының түрлі курстарын жүргізді. Атап айтқанда,  олар  — жетекшілер үшін басқарудың іскерлік шеберлігі (Executive MBA), іскерлік әкімшілендіру докторы (DBA), корпоративтік курстар мен тренингтер.
Белгілі ғалым, академик Абел Аганбегян Ресейдегі бірқатар өңірлердің экономикалық даму тұжырымдамасы авторларының бірі. Сондай-ақ, ол өнеркәсіп өндірісі саласын ұйымдастыру мен еңбек өнімділігі, жалақы, макроэкономика, эконометрика және менеджмент салаларының жетекші маманы болып табылады.