Домой Блог Страница 91

ОҚО-да республикалық маңызы бар автомобиль жолдары жөнделуде

img_3049Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 846 шақырымды құрайды. Оның 420 шақырымы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» транзиттік дәлізі. Бүгінде бұл халықаралық жолдың 236 шақырымы пайдалануға берілген. Бұл туралы бүгін Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Қазавтожол» ұлттық компаниясы АҚ ОҚО бойынша филиалының басшысы М. Дүйсембеков мәлім етті, деп жазады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Оның айтуынша, транзиттік дәліздің 184 шақырымында қайта құру жұмыстары атқарылып жатыр. Оның әр шақырымына мемлекеттік бюджеттен 500 млн. теңге қаржы жұмсалуда. Ағымдағы жөндеулер ақауларды бөлшектеп жою бойынша жүргізілсе,  орташа жөндеу  жол жамылғысының тозу қабаты мен түзулігін қалпына келтіру арқылы іске асып отыр.  Мердігер мекемелер ол үшін мемлекеттік сатып алу Заңына сәйкес, ашық конкурсқа қатысып, жеңімпаз ретінде танылған. Республикалық маңызы бар «Жызақ-Қызыләскер-Абай-Сарыағаш-Жібек жолының» 175-ші 190-шы шақырымдарын жөндеу жұмыстары қазан айында аяқталуы тиіс.

Брифингте күрделі жөндеу жұмыстарына тоқталған спикер жолдың жөнделуі аралығын есепке алу және  диагностика өткізу арқылы белгіленетінін атап өтті.

Сонымен қатар, ол соңғы жылдары иновациялық технологияларды еңдіру мақсатында орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде дәстүрлі (кедір – бұдырлы жамылғысын төсеу) және қабатты тегістеу құрылғысының орнына қолданыстағы жабындыны тұрақтандырғыш қосу арқылы рексайлинг әдісі қолданылып жатқанында атап өтті.

ОҚО әкімінің орынбасары қоғамдық қабылдау өткізді

38837eb8-b4ff-4328-9af0-6abfee76276aОҚО әкімінің орынбасары Ербол Садыр бірқатар азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қоғамдық қабылдауға келген адамдардың басым көпшілігі екінші деңгейлі банктерге кепілдікке қойылған баспаналарын қайта қаржыландыру мәселесін көтерді, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Аймақ тұрғындарының мәселесін мұқият тыңдаған облыс әкімінің орынбасары қайта қаржыландыру жұмыстарын түсіндіре отырып, алдағы уақытта комиссия отырысында қаралатындығын жеткізді.

Қайта қаржыландыру жайынан бөлек, мұнда әлеуметтік және тұрғын үй алу жайы да айтылды. Өз кезінде Е.Садыр көтерілген өтініш-тілектердің орындалуы бойынша тиісті басқарма мен бөлім басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Жалпы бұл күні қоғамдық қабылдауға 15 азамат келіп, өздерінің өтініш-тілектерін жеткізе алды.

ОҚО-да «Мәңгілік елдің мәңгілік тілі» атты мерекелік шара өтті

14444934_1086554604774317_3094546221029005640_oШымкент қаласындағы облыстық орыс драма театрында Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен Қазақстан халқы тілдері мерекесі аясында «Мәңгілік елдің мәңгілік тілі» атты мерекелік іс-шарасы өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Салтанатты жиынға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Ұ. Сәдібеков барша облыс тұрғындарын тіл мерекесімен  құттықтады.

Сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасары тілдерді қолдану мен дамытуға үлес қосқан 20 азаматты облыс әкімінің алғыс хатымен марапаттаса, 11 тіл жанашыры Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің,  «Нұр Отан» партиясы мен облыстық мәслихаттың арнайы алғыс хаттарымен марапатталды.

Мерекелік шара аудан, қала өнерпаздарының және этнос өкілдерінің концерттік бағдарламаларымен жалғасын тапты.

Еліміз бүгінде түрлі этностың тілі мен салт-дәстүрінің сақталуымен ерекшеленетін достық пен бірліктің мекеніне айналып отыр.  Облысымызда барлық этностардың тілі мен мәдениетін дамытуға лайықты жағдай жасалған. Этностардың тілі мен салт-дәстүрі және мәдениеті күндерін өткізу игі дәстүрге айналды. Бүгінде 20 этномәдени бірлестіктің 11-інің жанында жексенбілік мектептер бар.

Айта кетейік, жалпы облысымызда мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындар үлесі 91 пайызға, ал орыс тілін меңгергендер – 62,5 пайызға,   ағылшын тілін меңгергендер – 8 пайызға жетіп отыр.  Сондай-ақ, облыс аумағында тілдерді ақысыз үйрететін 14 оқу орталығы жемісті жұмыс жүргізіп келеді. Бүгінде оларда  4 мыңға жуық тіл үйренуші тілдерді оқып, үйренуде.

Астанада «Еңбек жолы» конкурсының жеңімпаздары марапатталды

1b6bfd606f5335965b1bf2b31c6Бүгін «Жастар» театрында Еңбек күніне орай қалалық еңбек форумы өтті. Шара барысында «Еңбек жолы» конкурсының жеңімпаздары — үздік еңбек әулеттері, жас мамандар мен тәлімгерлер марапатталды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Астана қаласы әкімінің орынбасары Андрей Лукин баршаны елорда басшысының атынан құттықтап, қалалық форумды ашық деп жариялады.

— Мемлекеттің басты құндылығы болып табылатын еңбек адамының беделін көтеру үшін Мемлекет басшысының жарлығымен Еңбек күні бекітілді. Бұл мереке үш жылдан бері тойланып келеді. Баршаңызды осы күнмен құттықтап, денсаулық пен бар жақсылықты тілеймін, әрқашан да елордамыздың дамуы мен гүлденуі үшін еңбек етейік, — деді Андрей Лукин.

Елорда әкімінің орынбасары «Еңбек жолы» конкурсының «Үздік еңбек әулеті» номинациясындағы жеңімпаздарына алғыс хаттар мен сыйлықтар табыстады.

— Өмірде бір мамандықты кәсіп еткен отбасылар болады, олардың бәрі де адал еңбек етеді. Мұндай әулеттер Астанада өте көп. Бұл конкурсты өткізу дәстүрге айналып, сахнаға шығатын адамдар саны арта түседі деп ойлаймын, — деді Андрей Лукин.

Аталған номинацияда Мұқашевтар әулеті үшінші, Ивановтар екінші, Буяковтар бірінші орын алды. Бұл санат бойынша жеңімпаздар бір салада 81 жылдан бері еңбек етіп келеді.

— Әкімдікке және басшылығымызға алғыс айтамыз. Біз де, балаларымыз да «Астана су арнасының» сорғы станциясында жұмыс істейміз. Осындай мереке елімізге қажет деп ойлаймын. Осылайша, адамдар еңбек әулеттері туралы көп білетін болады, жастар да жұмысшы мамандықтарды таңдайды, — дейді Наталья Буякова.

Сонымен қатар, форум барысында жас мамандардың да еңбегі еленді. Атап айтқанда, «STONE HOUSE» ЖШС маманы Ержан Сейтқожанов, «Астана су арнасы» МКК кәріз тазарту құрылыстары учаскесінің слесарі Медет Қабыкенов және «Тұлпар-Тальго» ЖШС шебері Қуаныш Мухышев марапатталды.

Жастардың тәлімгерлері де назардын тыс қалған жоқ. №5 қалалық емхананың әлеуметтік қызметкері Әлфия Есмұханова, ҚазГЗУ әлеуметтік-психологиялық дисциплиналар кафедрасының аға оқытушысы Назгүл Болатбекова және 1-орын алған «Астана-РЭК» АҚ жедел шақыру қызметінің 1-санаттағы технигі Қайрат Бекмағанбетов та марапаттарға ие болды. Ол бірінші дәрежелі мамандарды дайындайды. Электроэнергетика – қауіпті өндіріс, үлкен жауапкершілік жүктеледі, сондықтан жаңадан келгендерді оқытуда қауіпсіздікке баса назар аударамын, дейді маман.

Сондай-ақ, жеңімпаздар туралы бейнероликтер көрсетіліп, музыкалық композициялар орындалды. Форумда Кәсіподақ ұйымдары мен Астана қаласының кәсіпкерлер палатасы да мараптталды.

Ордабасыда Жеміс-жидек фестивалі өтті

600_100Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігінің 25 жылдығы жəне Қазақстан халықтарының тілдері күні мерекесіне орай, аудан орталығы — Темірланда ауылшаруашылық дақылдарының көрмесі өтті. «Жеміс жидектер» фестиваліне барша аумақ əкімдіктері мен мектептер жəне мекемелер қатысты, деп жазады Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
Ордабасы ауданында 5203 шаруа қожалығы, 404 жауапкершілігі шектеулі серіктестік және 187 өндірістік кооператив 54 384 гектарға ауыл шаруашылық дақылдарын егіп, бүгінде еңбегінің жемісін көруде. Оның ішінде 2117 гектардан бақша өнімдері, 6469 гектардан майлы дақылдар, 3315 гектардан көкөніс, 635 гектардан картоп жиналуда.
Жеміс-жидек фестивалін аудан әкімінің орынбасары Ә.Сәдірмек ашып, қатысушыларға алғысын жеткізді. Ордабасының өнімдері бүгінде талай өңірді тамсандырып жүргенін тілге тиек етіп, бұл жетістікте әр шаруаның еңбегі барын атап өтті.

ОҚО әкімі «Ақ керуен-2016» мерекелік шараға қатысты

ОҚО әкімі «Ақ керуен-2016» мерекелік шараға қатыстыӨңір басшысы Б.Атамқұлов Мақтарал ауданына жұмыс сапарымен барып, ондағы мақта терімінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, облыс әкімі «Ақ керуен-2016» мерекелік шарасына қатысып, шаруалармен жүздесті. Кездесу барысында олар өнімнің түсімдігі мен сапасын және мақта шаруашылығындағы өзекті мәселелерді талқылады.

Жерді өңдеудің жаңа әрі тиімді тәсілін қолданудың арқасында Мақтаралдағы 83 мың гектардан астам жерге себілген шитті мақтадан гектарына 19,6 центнерден өнім алынуда. Бүгінде аудандағы мақта қабылдау бекеттеріне 34 мың тоннадан астам ақ алтын келіп түскен. Мақтаралдық диқандар биыл 200 мың тонна ақ ұлпа теріп алуды жоспарлап отыр. Биыл шаруалар мақтаның келісін 159 теңгеден өткізуде.

Мақталы аймақта болған облыс әкімі сонымен қатар, сүт өңдеу цехы мен май шығару цехын және мақта шикізатын өңдеу процесімен танысты.

Жетісулықтар спортшыларды салтанатпен қарсы алды

28f8dba5876fe710e2c28509fc090df9Рио-де-Жанейрода өткен Паралимпиада ойындардарының күміс жүлдегері Раушан Қойшыбаева мен 7-орын иегері Гүлбану Әбдіхалықованы Талдықорған қаласының әуежайында жетісулықтар салтанатты жағдайда қарсы алды, деп жазады Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Спортшыларды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Тұратбек Шарапиев құттықтап, сый-құрмет көрсетті.

Павлодарлық жасөспірімдердің жаңа легі

624693ea5bd14389064f97b279e34564_crop_l_99_t_155_w_819_h_461_resize_w_878_h_Қатарынан алты жыл Павлодар облысының барлық мектептерден ең талантты, дарынды оқушыларды жасөспірімдер олимпиадасына жинайды.  Білім беру басқармасының жоспарына сәйкес 2016 жылғы 15 қыркүйекте дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінде математика пәнінен VІ облыстық жасөспірімдер олимпиадасы өткізілді. Жылдан жылға олимпиадаға қатысушылардың саны өсуде.  Егер  2015 жылы олимпиадаға 78 оқушы қатысса, биыл 7-8 сыныптарының 89 оқушы қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша ең жоғары нәтиже берген оқушылар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды және Қ. И. Сәтбаев атындағы Халықаралық олимпиадаға жолдама алды.

І орынды «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 8 сынып оқушысы Авид Арайлым және дарынды балаларға арналған  № 8 мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы Горбатюк Святогор мен 8 сынып оқушысы Черданцев Владислав иеленді.

ІІ орын иегерлері – «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 8 сынып оқушысы Абдыгалиев Жандос, дарынды балаларға арналған  № 8 мектеп-лицейінің 7 сынып оқушылары Горьков  Анатолий,  Лаптева Анна, 8 сынып оқушысы Зелева Кристина және дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатының 8 сынып оқушысы Әубакір Бекзат.

ІІІ орынға дарынды балаларға арналған  № 8 мектеп-лицейінің 7 сынып оқушылары Искакова Аружан, Науменко Юрий, Тимошенко Данил, «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 8 сынып оқушысы Садыкова Назерке, Екібастұз қаласы дарынды балаларға арналған № 1 лицей-мектебінің 6 сынып оқушысы Крючков Владислав, дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернатының 8 сынып оқушысы Маулетханов Ерасыл ие болды.

Құрмет грамотасымен  №3 гимназияның 7 сынып оқушысы Аубакиров Руслан, Екібастұз қаласы «Зерде» мектебінің 7 сынып оқушысы Биксултанов Диаз,  дарынды балаларға арналған  № 8 мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы Есенко Яков, дарынды балаларға арналған Абай атындағы № 10 лицей-мектебінің 6 сынып оқушысы  Кенжебаева Айжан және 8 сынып оқушысы Кайдар Бексултан, дарынды балаларға арналған  № 8 мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысыы Токкожин Санжар,  8 сынып оқушысы Щегляев Андрей, Павлодар қаласы  № 39 ЖОББМ 8 сынып оқушысы Дударь Кирилл марапатталды.

Олимпиада қатысушылары облыстық «Жас ғалым» қосымша білім беру мектебінің тізіміне енеді және жыл бойы өткізілетін сабақтарға кесте бойынша шақырылады.

edu.gov.kz

Павлодар облысында 84 мектепте автоматтандырылған «Күнделік» енгізілуде

dsc_0014-a1762bf7cb196e15ffcd4a1b4e9173c426467-305x175Павлодар облысының 84 білім беру мекемесінде автоматтандырылған «Күнделік» жүйесі енгізілуде, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Ернұр Дәуеновтың айтуынша, аталмыш жоба аясында бірінші кезекте Павлодар қаласында — 9, Екібастұз қаласында — 33, Ақсуда — 17, Ақтоғай ауданында – 5, Баянауыл ауданында – 3, Железин ауданында – 3, Ертіс ауданында – 3, Качир ауданында – 2, Лебяжі ауданында – 1, Павлодар ауданында – 3, Успен ауданында – 1, Шарбақты ауданында – 2 мектеп және облыстық мамандандырылған екі білім ордасы қамтылады.

— 20-21 қыркүйек аралығында Павлодар көлік және коммуникациялар колледжінде  ҚР Білім және ғылым министрлігінің мектепалды және орта білім беру департаменті, сондай-ақ «Күнделік» жобасын  жасаушылардың қолдауымен Павлодар облысының ақпараттық технологиялар орталығы жаңашылдықты енгізу бойынша оқыту өткізді. Екі күн бойы 168 ұстазбен «Күнделік» ЖШС-нің бас директоры Александр Григорян және жобаның басшысы Александр Деев жұмыс істеді. Бұл әдіс оқушылар үлгерімі жөнінде статистикалық-сараптамалық мәліметтерді өңдеп, білім алу процесіне қатысушылардың арасындағы коммуникацияны жаңа сапалық деңгейде қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, қала мен ауыл мектептерінің арасындағы «сандық тепе-теңсіздікті» жоюға мүмкіндік береді, — дейді Ернұр Дәуенов.

Айта кетерлігі, ақпараттық жүйенің көмегімен ата-аналар еліміздің қай түкпірінде болса да өз балаларының мектептегі үлгерімі мен сабаққа қатысуын қадағалай алады. Бұған қоса, сабақ кестесі мен берілген тапсырмалардан хабардар болып, электрондық білім беру ресурстарына тегін қол жеткізеді.

НЗМ оқушыларына Елбасының «Өркен» білім беру гранты тағайындалды

20160720200912-305x175Елбасы  «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау туралы» Жарлыққа өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

***

«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 724 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы №724 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасының «Өркен» білім беру гранты тағайындалсын.»

2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерін бекітсін.»

  1. Осы Жарлық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті                                                                                Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2016 жылғы  21 қыркүйек  № 340