Домой Блог Страница 288

Жануарлар әлемі. Табиғат кереметтері (фото)

«Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған, Бәрі маған «Отан» деп сыбырлаған…» деген еді қазақтың асқақ ақыны Мұқағали Мақатаев.

Әрине, ақын ағамыз жырлағандай, табиғаттың қыбырлаған жәндіктеріне сүйіспеншілікпен қарау қажет, оларды қорғау керек. Себебі жан — жануарлар, аңдар – ғаламдағы ғажайып жаратылыс­тардың бірі, табиғат туындысы. Және тағы бір қызығы, аңдар да адамдар секілді  өз баласын көзінің қарашығындай қорғайды, өзгелерден қызғанады. Соның айқын көрінісі бола алатын суреттерді біз сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.

Жануарлар әлемі. Табиғат кереметтері (фото)Жануарлар әлемі. Табиғат кереметтері (фото)Жануарлар әлемі. Табиғат кереметтері (фото) Жануарлар әлемі. Табиғат кереметтері (фото) Жануарлар әлемі. Табиғат кереметтері (фото) Жануарлар әлемі. Табиғат кереметтері (фото)Жануарлар әлемі. Табиғат кереметтері (фото) Жануарлар әлемі. Табиғат кереметтері (фото) Жануарлар әлемі. Табиғат кереметтері (фото) Жануарлар әлемі. Табиғат кереметтері (фото) Жануарлар әлемі. Табиғат кереметтері (фото) Жануарлар әлемі. Табиғат кереметтері (фото) Жануарлар әлемі. Табиғат кереметтері (фото) Жануарлар әлемі. Табиғат кереметтері (фото) Жануарлар әлемі. Табиғат кереметтері (фото) Жануарлар әлемі. Табиғат кереметтері (фото) Жануарлар әлемі. Табиғат кереметтері (фото) Жануарлар әлемі. Табиғат кереметтері (фото) Жануарлар әлемі. Табиғат кереметтері (фото) Жануарлар әлемі. Табиғат кереметтері (фото) Жануарлар әлемі. Табиғат кереметтері (фото) Жануарлар әлемі. Табиғат кереметтері (фото) Жануарлар әлемі. Табиғат кереметтері (фото)

www.pure-t.ru

Астанада конькимен жүгіруден чемпионат өтіп жатыр

Астанада конькимен жүгіруден кім мықтыны анықтауда
конькимен

Елордамызда конькимен жүгіруден Қазақстан чемпионаты басталды. Бұл чемпионатқа еліміздің сегіз аймағынан 150-ге жуық спортшы келіп, белгілі бір қашықтықта жекелей жүгірістен кім мықтыны анықтауда.

Биылғы маусымдағы екінші жарысқа ұлттық құрама үздіктері Денис Кузин мен Екатерина Айдова да қатысады.  Осы аптаның соңына дейін жалғасатын біріншілікте көзге түскендер Қазақстан құрамасының сапына алынып, әлем кубогы кезеңдеріне дайындалады.

Бір гектардан 770 центнер қант қызылшасы алынды

Бір гектардан 770 центнер қант қызылшасы алындыАлматы облысында қант қызылшасын өсіруші шаруалардың еңбегі өз жемісін беріп жатыр. Қант қызылшасын өндіруді қайта жандандыру туралы Елбасының тапсырмасын толықтай орындауға бел буған жергілікті шаруалардың еңбегіне олардың Же­ті­су­дың жау­һа­ры­на баланған өнімі айқын дәлел бола алады, деп хабарлайды Алматы облысының баспасөз қызметі.
Бүгінгі таңда КТ «Хильниченко и К» үш бригадасы өз жұмыстарының қорытындысын жасады. Тәтті өнім алу бойынша Көгенбаев Досмухан жетекшілігіндегі №2 бригада көш басында. Бұл бригада диқандары 42 гектар алқаптың әр гектарынан 770 центнерден өнім алды.
«Жалпы қожалық бойынша әр гектардан орта есеппен 739 центнерден астық жиналып отыр. Дей тұра, бұл көрсеткіш әлі де өсетініне мен сенімдімін», — дейді В. П. Хильниченко.
Айта кетейік, барлығы 4 020 гектар егіс алқабының бүгінгі таңда 1 160 гектары, яғни 29% игерілді. Орташа есеппен алғанда әр гектардан 300 центнер өнім ала отырып, барлығы 34 600 тонна қант қызылшасы алынды.

Мындай ыдыстан шәй ішкіңіз келер ме еді?

0

Дизайнерлердің ыдыстарға жасаған қызық шешімдері. Сіз қайсысын алғыңыз келер еді?

1cd049ee63898edf4193f6adbe8aafa3_k

2e51cc11b2238f1e6c130c8213085499_k

2fbe0fbe1c365071be8701f398cedb9d_k

4f0fba7cc0ca34ca30083fa6c64cf89f_k

6b84c2b2c3eba661361bb65f9b5eeb96_k

7fd334536d8f0ed2a2bc8e9730e6ffc3_k

9b7004c44ada8d2e306d3d9db0c2a978_k

13ecf56962f361c17033f50570865169_k

14c164bcdb2b610c5e9290e81ae749a0_k

71b3668e9b78ac56d0774f33634d596a_k

445c0f3aa2ba1c8d2a37844b084273a2_k

521c5ab84ab85f4016374a7b70a7c284_k

4510b2395136e32312aae431e123132d_k

5714a3527ce28b67dbe7c2c9b8b99edd_k

45646a3fc4bfe2e13183aac8c9da9cbf_k

417974a7569844c769acca9d9a82bfa3_k

781209ff70c1d6f8de04aa03f6dbc7ac_k

22418259ea3b93c5af677d6e17c7ab91_k

b3f9fc608695e04e6d51db574ad3da74_k

b601f930af43c1ddc34964942a61c26b_k

c8d0649f7a6a7ca405f26232d3084b08_k

c9902d0c5c7130658b10e57d2b745e12_k

e42f53c5b6160217a77f98e4abd139b2_k

f6538e7e228c8c81326914fe4541ca56_k

fd0dfaa0507bdc78554296bb53e369ff_k

Талдықорған қаласында «Балапан» бағдарламасының аясында екі балабақша ашылды

Талдықорған қаласында «Балапан» бағдарламасының аясында екі балабақша ашылдыБүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов қаланың «Солтүстік-Батыс» тұрғын ауданына орналасқан «Айгөлек» балабақшасы мен «Шығыс» шағын ауданында салынып, пайдаланылуға берілген «Айбөбек» балабақшасын ресми түрде ашты.

Талдықорған қаласында «Балапан» бағдарламасының аясында екі балабақша ашылды

Балабақша ұрпақ үшін білімнің бастауы, ұлттық тәрбиенің қайнар бұлағы болуы тиіс екендігін айтқан өңір басшысы:

—        Дана халқымыз «Тәрбие – тал бесіктен» деп бекер айтпаған. Бұл тұрғыда мемлекетіміз байыпты бағдар, берік саясатты ұстануда. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Жолдауында «Бүлдіршіндер 2020 жылға қарай мектепке дейін білім берумен толық қамтылуы тиіс» деп нақты міндеттер жүктеді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде бүгінгі күні облыста барлығы 769 мектепке дейінгі мекеме жұмыс жасайды. «Балапан» бағдарламасы бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен және біліммен 53 982 бала қамтылып отыр, — деп, заман талабына сай жабдықталған жаңа балабақшаларда әр бала тәлімді тәрбие алып, саналы азамат болып өсетіндігіне сенімін білдірді.

12118612_165207583830862_8601020375940730528_n

Айта кетейік, облыс орталығындағы 320 орынға арналған «Айбөбек» балабақшасының құрылысы 2014 жылдың маусым айында басталған. Құрылыс жұмыстарына бюджеттен 695,6 млн теңге бөлінген. Жалпы ауданы 3984,4 шаршы метр болатын осы балабақша ғимараты 2 қабаттан және жер асты қабаты мен 5 арнайы блоктан тұрады. Ғимаратта бүлдіршіндердің ойнап-тынығатын бөлмелерінен бөлек, асхана, киім  ауыстыру, медициналық көмек көрсету, киім жуу, гимнастика және ән-күймен шұғылдану бөлмелері, балабақша меңгерушісі, әдіскерлер мен мұғалімдер кабинеттері және тәрбиеленушілерді тынықтыру мен сергіту мақсатында арнайы декоративті сәндендірілген субұрқақ орнатылған. Ал Солтүстік-Батыс тұрғын ауданындағы 280 орындық №15 «Айгөлек» балабақшасының құрылысы да өткен жылдың маусым айында басталған. Оның құрылысына бюджеттен 637,6 млн теңге бөлінген.

12140705_165208133830807_7736713906505718681_n

Жалпы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мектепке дейінгі тәрбиемен қамту туралы тапсырмасын орындау мақсатында облыста биылғы жылдың соңына дейін 92 балабақша және 17 шағын орталық ашу жоспарланған.

 А.МАРАТ, Ж.МҰСАБЕКОВ (ФОТО)

Жетім балаларға пәтер берілді

AH1Z0244 копия

Бүгін Талдықорған қаласында жетім балаларға арналып салынған 60 пәтерлі коммуналдық тұрғын үй кілттері салтанатты жағдайда тапсырылды, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жаңа қоныс иелеріне кілт ұсынған облыс әкімі Амандық Баталов:

— Бүгін ел болашағы жастарымыз үшін – қуанышты күн. Сіздердің жандарыңызды ата-аналарыңыз болмағанмен, тәуелсіз еліміз бар, әкелік қамқорлығын аямайтын Елбасымыз бар. Облысымызда «Нұрлы жол» бағдарламасының барлық бағыттары қамтылып, биыл да жалғасып келеді. Бүгінгі игілікті қуаныш соның бір жарқын көрінісі. Жаңа баспаналарыңыз құтты болып, шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын. Өмір жолдарыңыз ашық болсын, — деп тілектестігін білдірді.

AH1Z0244 копия

Қоныстанушылар атынан Денис Морозов сөз алып, «Мен өмірде екі байлық бар деп білемін, бірі – отбасы, екіншісі – баспана. Менің отбасым бар, ал екінші байлық — баспананы бүгін сіздер сыйладыңыз. Бұған дейін менде ешқандай қуаныш болмаған. Балалар үйінен басқа ештеңе көрмеген адамға үй алу деген үлкен бақыт. Осы толайым игілік үшін Президентімізге, облыс және қала басшыларына шын жүректен ризашылығымды білдіремін», — деді.

12178987_165208697164084_1897731616_n

Бас мердігер «Шымыр» ЖШС бұл коммуналдық үйдің құрылысын өткен жылдың тамызында бастап, биылғы жылдың қазанында толығымен аяқтады. Бес қабатты нысанның жалпы сметалық құны 348,5 млн. теңге. Мұнда бір бөлмелі 28 пәтер, екі бөлмелі 32 пәтер бар және пәтерлердің жалпы алаңы 3170 м2 құрайды. Бұл коммуналдық үй жетім балаларды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында арнайы салынды.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ғарыш саласының 2017 жылға дейінгі жұмыс жоспары жарияланды

 Ғарыш саласының 2017 жылға дейінгі жұмыс жоспары жарияландыОсы күндері Алматыда «Алдыңғы қатарлы ғарыш зерттеулері мен технологиялары» тақырыбында өтіп жатқан ғылыми-тәжірибелік семинар барысында ғарыш саласын дамыту жоспары жарияланды. Ғарыш зерттеу орталығының қызметкерлері ХҒС-да жүргізілген сынақ жұмыстарын зерттеуге кірісті.

 Айдын Айымбетов ғарышта болған кезінде жүргізген зерттеу материалдары Жерге келіп жетті.

«Айдын Айымбетов жүргізген сынақтардың бәрі сәтті өтті. Осыдан бірнеше күн бұрын ХҒС бортынан мәліметтері бар қатты диск келіп жетті. Оның ішіндегі мәліметтерді мамандар арасында үлестіріп жатырмыз. Әзірге нәтиже зерттелу үстінде», — деп «Ғарыштық зерттеулер мен технологиялар ұлттық орталығы» АҚ президенті Жұмабек Жантаев мәлім етті.

Оның айтуынша, 2015-2017 жылдарға келесі әрекеттер жоспарланған:

2015 жыл – ХҒС бортында сынақтар жүргізу үшін техникалық тапсырмалар мен арнайы құжаттамалар әзірлеу.

2016 жыл – ХҒС бортынан келген сынақ нәтижелерін зерттеу, оларды жер бетінде сынап, тексеру.

Bnews.kz

«Бiржан-Сара» спектакліне шамамен 200 өнерпаз қатысады

"Бiржан-Сара" спектакліне шамамен 200 өнерпаз қатысадыМұқан Төлебаевтің «Бiржан-Сара» операсына жақында 70 жыл толады. Ондаған жылдар өтсе де, ол бүгін де үлгілі шығарма, қазақ операсы өнерінің маржаны, жауһары болып табылады. 2015 жылдың 30 қазанында «Астана Опера» театры аталған спектакльді қоюшы дирижер Абзал Мұхитдиновтің музыкалық редакциясында ұсынады.

Басты рөлдерде ойнайтындар мен орындаушылар: Бiржан – Бейімбет Таңарықов, Сара – Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Жәмиля Жарқымбаева. Жанбота – Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Жанат Шыбықпаев. Алтынай – Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Бибігүл Жанұзақ. Аналық – Гүлжанат Сапақова, Қожағұл – Ескендір Әбжанов, Жиенқұл – Талғат Ғалеев, Естай – Нарұл Тойкенов, Серік – Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Жан Тәпин. Қоюшы режиссері – Ресейдің Халық әртісі Юрий Александров.

Операның басты кейіпкерлері – өмірде шынайы өмір сүріп, шешендік айтыстарымен атақтары шыққан қазақтың композиторы, ақын Біржан сал Қожағұлұлы пен ақын Сара Тастанбекқызы. Әнші Бiржанның даусы керемет зор еді, сонысымен қатар асқан шебер домбырашы болған. Ол жалпы халықтың сүйіктісіне айналған бірегей музыкалық-поэзиялық шығармалар жазып, барша талантты жастарды өзінің айналасына жинады.

Лирикалық-драмалық шығарманың (Қ. Жұмалиевтің либреттосы) негізінде, халық әншісі Біржан мен дарынды ақын Сараның арасында туындаған сүйіспеншілік пен рухтың күші жайлы оқиға жатыр. «Халық шығармашылығы – кез келген адам баласы үшін сарқылмас шабыт көзі. Одан біз күш-қуат аламыз, онсыз замандастарымыздың ойы мен арманын жеткізу мүмкін емес», — деген екен Мұқан Төлебаев.

Операда өткен өмір баяндалады, әлеуметтік теңсіздік пен байлар зомбылығы көрсетіледі. Сюжетте өнер адамының тәуелсіздігі, махаббат пен бақытқа қол жеткізу құқығы үшін күрес сарыны бірінші кезекте тұр. Операның соңы қайғылы аяқталады – Бiржан мерт болады. Алайда оның халқына деген ыстық сүйіспеншілігіне және жарқын болашақ жайлы армандарына толы шабыттандыратын әндері мәңгі жасайды. М. Төлебаевтің опералық жауһары өнердің асқақ жаратылыс екені туралы идеяны, суретшінің өшпес ғұмырын, оның жауыздықпен һәм әділетсіздікпен мәңгі күресін дәлелдейді.

baq.kz

Кеденнен өту уақыты 15 минутқа дейін қысқартылуы мүмкін

Кеденнен өту уақыты 15 минутқа дейін қысқартылуы мүмкінКеденнен өту уақыты 15 минутқа дейін қысқартылуы мүмкін.

Қытаймен шектесетін шекарадағы кедендік бақылау пункті жаңғыртылады. Ал Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен Қазақстанның кедендік шекарасындағы 11 автокөлік бақылау-өткізу пунктін жаңарту және жабдықтау келесі жылы басталады.

Қазақстанның кедендік өткізу пунктінің үлгісі Мәскеуде өткен «Кедендік қызмет-2015» халықаралық көрмесінде таныстырылды. Биылғы көрме «Еуразиялық экономикалық одақ: кеден және экономика» деген тақырыпта өтті. «Қазақстан ұсынған автоматтандырылған кешенді қолданылса, кедендік бақылау жұмыстары 4 есе жылдам жүргізіледі», – дейді мамандар. Есеп бойынша, бұл өз кезегінде кедендік төлемдердің түсімін 30 пайыздан 50 пайызға дейін көбейтеді. Жоба «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясат бағдарламасы мен «Жібек жолы экономикалық белдеуі» аясында жүзеге асырылады.

Мақсат Көшімбаев, ҚР Мемлекеттік кіріс комитеті бастығының орынбасары — Басты мақсат – бақылау-өткізу пукттерінің жұмысын жетілдіру. Қазір кеденнен өту уақыты 1 сағат болса, оны алдағы уақытта 15 минутқа жеткізуді көздеп отырмыз. Сондай-ақ тауар тасымалын арттыру, бюджетке түсетін төлемдерді молайту – комитеттің негізгі міндеті.

Сергей Коноваленко, РФ ФКҚ кедендік ынтымақтастық басқармасының бастығы — Бұл көрме Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің кедендік қызметін дамытуға септігін тигізеді. Біз тәжірибе алмасамыз. Бірлескен жобаларды ұйымдастырамыз. Материалдық техникалық базалармен техникаларды жетілдіру арқылы біраз мәселелер шешіледі. Жаңа инспекциялық кешендер қазақстандық және басқа да әріптестеріміздің алда қойған мақсат-мүдделеріне оң әсерін береді.

baq.kz

28 қазаннан бастап, YouTube ақылы жазылу жүйесін енгізеді

28 қазаннан бастап YouTube ақылы жазылу жүйесін енгізеді
YouTube ақылы

Ағымдағы жылдың 28 қазанынан бастап, YouTube ақылы жазылу жүйесін енгізеді. Ақылы жүйеге өткен пайдаланушыны жарнамалық роликтер мазаламайтын болады. Бұл туралы интернет-портал таратқан хабарламада айтылған, деп жазады ТАСС.

Жаңа жүйенің жызылым атауы — YouTube Red, оның құны айына $9,99 болмақ. Осындай қаражат төлей отырып, қолданушылар ешбір шектеусіз видеолар көре алады және интернетке қосылмай-ақ оларды жүктей алады. YouTube Red компьютерлерге де, мобильді құрылғыларға да қолжетімді.