Домой Блог Страница 310

Аян Өтепберген: Қазіргі уақытта меннен бақытты адам жоқ

AH1Z6379 копияАян Өтепберген бүгін Талдықорған қаласында Орбұлақ шайқасының тарихи қойылымы шарасына арналған баспасөз мәслихаты барысында биыл аталып өтіп жатқан Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған шараларға қатысып, өскелең ұрпақтың патриоттық рухын көтеруге үлесін қосып жатқандығы үшін өзін ең бақытты жандардың қатарына қосатындығын айтты.

— Қазақ хандығының 550 жылдығы биылғы жылдың ең маңызды күндерінің бірі ретінде барша Қазақстанда аталып өтіп жатыр. Оның ішінде Талдықорған қаласында ауқымды түрде аталып өтіп, қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығына қарсы ұзаққа созылған азаттық соғысының бір үзігін қайта қалпына келтіріп, қалай өткендігін халықтың назарына ұсынатын бұл қойылымға біз қатысып жатқандығымызға өте қуаныштымыз. Бұл мереке жастарға не береді? Қазіргі уақытта мен Қазақ хандығы туралы түсіріліп жатқан кинокартинада Бұрындық ханның рөлін сомдап жатырмын, жақында театрға жұмысқа орналасқанымызды білесіздер, онда мен Райымбек батырдың рөлін сомдаудамын. Менің ойымша, қазіргі уақытта меннен асқан бақытты адам жоқ. Өйткені мен халықтың, жастардың патриоттық тәрбиесіне өзімнің үлесімді осы жылы аянбай қосып жатырмын, — деді.

Айта кетейік, Қазақ хандығына 550 жыл толуына арналған Орбұлақ шайқасының тарихи қойылымы Талдықорған қаласында 2 қазан күні өтеді. Бұқаралық мереке ретінден ашық аспан астында өтетін шараға қатысушылар қазақстандық танымал актер, каскадерлердің қатысуымен төрт оқиғалы шайқасты көріп, Қазақ хандығының атмосферасына кіріп, толқынысты сәттерін тамашалай алады.

 ФОТО: Жұмабай МҰСАБЕК

Талдықорғанда тарихи Орбұлақ шайқасының көрсетілімі өтеді

AH1Z6364 копияБүгін Алматы облысының Жастар саясаты мәселелері басқармасы Талдықорған қаласында Қазақ хандығына 550 жыл толуын мерекелеу аясында өтетін Орбұлақ шайқасының тарихи қойылымы шарасына арналған баспасөз мәслихатын өткізді.

Қазан айының 2 жұлдызында Талдықорған қаласында Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаевтың «Мәдени мұра», «Халық тарих ағымында», Қазақстан – 2050 «Мәңгілік ел» стратегиясын іске асыру мақсатында Қазақстан тарихында маңызы орасан шайқастардың бірі Орбұлақ шайқасының тарихи қойылымы көрсетілмек.

AH1Z6371 копияҚазақ хандығының  550 жылдығына арналған бұқаралық мереке ретінде ашық аспан аясында өтетін іс-шара туралы ұйымдастырушылар «Орбұлақ шайқасының тарихи қойылымы – бұл бірегей жоба. Қойылым қонақтары өзара байланысқан бірнеше іс-шараның бірге көрініс тапқан сәттерін тамашалауға, ата-бабаларымыздың тұрмысымен, салт-дәстүрімен танысуға, қазақы мәдениеттің, өркениеттің дәмін татуға мүмкіндік алады. Қазақ тарихының қайта құрылуын, салт-дәстүрін тамашалау, жастардың, өскелең ұрпақтың патриоттық рухын көтеру негізінде өтіп жатқан шарада әр адам этно-мәдениеттің жан-жақтылығын сезіне жүріп халқымыздың тарихымен таныса алады. Осының барлығы қонақтарға Қазақ хандығының атмосферасына кіруге мүмкіндік береді» деді.

Қойылымның бағдарламасы көпшілікке бағытталған және үлкен көлемдегі көрмелер, интерактивті аулалар, қолданбалы өнерден шеберлік сабақтары, қолөнер шеберлегімен, ат-спорт түрлері, ұлттық ойындар, концерттік бағдарламалар ретін қамтиды. Сонымен қатар, шара аясында садақ ату мен жамбы атудан «Алтын жебе» турнирі, Ұлттық спорттық ойындардың турнирі, кәуап, бауырсақ пати және қымызбар фестивалі, аң аулау өнерінің көрмесі өтеді.

ФОТО: Жұмабай МҰСАБЕК

Нью-Йоркта дарынды суретші Кәріпбек Күйіковтің көрмесі ашылды

57a918bc0f275e9b7358001ddd5c3c80_XLНью-Йоркта еліміздің дарынды суретшісі, ядролық қаруға қарсы «Атом» жобасының елшісі, Кәріпбек Күйіковтің көрмесі ашылды.

Өнер майталманының туындыларын тамашалауға танымал саясаткерлер, қоғам қайраткерлері, дипломаттар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері келген. Ядролық қарусыз әлемді бейнелеп жүрген жерлесіміздің бірегей суреттері Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Пан Ги Мунның да назарынан тыс қалмады.   Ол тағдырдың қатал жазуына әуел бастан-ақ мойынсұнбаған. Өмірге деген құштарлығының арқасында сурет салуға ден қойған. Қылқаламды аузымен немесе аяғымен ұстап, өмірдің кез келген сынынан сүрінбей өтуге шақырады. Ал сүйікті өнеріне өзі тәрізді атомдық сынақтардың қасіретін тартқан жандарды арқау етеді. Нью-Йорк төрінде дарынды суретшінің бірегей туындыларын БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун тамашалап, тәнті болды.

Кәріпбек Күйіков тағдырына ешқашан өкпе айтып, мұң шағып көрген емес. Керісінше, ағысқа қарсы жүзе білетін жандардың қатарынан. Көрмеде көрсетілген туындылар да суретшінің өмірге деген өзгеше көзқарасын таныта білді.

khabar.kz

ТомиАсар шимайлары (Тамара Асардың тұшымды ойлары)

8ea139abce18fb0f396a63e3bb44ce21
ТомиАсар шимайлары (Тамара Асардың тұшымды ойлары)

Қараңғыда отырып жазған сөзің үшін жарыққа шығып жауап беретін кез келеді.

***
Бізді халық «жұлдыз» деп атайды. Аспан болмаса, жұлдыз қайда барып жарқырайды екен? Ал менің аспаным—Халық.

***
Егер жеңілсем, өзіммен бірге маған жанашыр ең жақын адамдарымды тұңғиыққа алып кететіндей болдым. Өзімді кәдімгі бір команданың капитаны сезіндім. Капитан жеңілсе не болады? Күллі команда құламай ма?! Сондықтан мен ерлікті қолдан жасадым!

***
«Байтал шауып бәйге алмайды» деген қағидаға көбірек жүгінемін. Мен үшін әйел—ең алдымен, отбасының қазығы. Біз істейтін, біз тындыратын шаруа онсыз да шаш-етектен. Сондықтан біз ер-азаматтармен жағаласпай, керісінше, оларға жағдай жасап, баптап, күтіп, «жақсысын асырып, жаманын жасырып» отырсақ, соның өзі бізді біраз биікке шығарады.
***
Әкеміз ас қайыратын кезде «Абырой бер, аман сақта» деп бет сипайтын. Абыройсыз аман жүрудің қажеті жоқ деп ойлаймын.
***
Менің бас иетін стилисттерім көп. Әйтседе, бір арманым, бір тілегім—сол стилисттер жердегі, аяқтың астында жатқан оюды бетке жабыстырмаса екен. Себебі, текеметтегі ою кеудеге шыққан заман болды. Сол екі араны ажырата алса екен деймін, біздің қазақ тариxына үңілсе, қыз не киді, келіншек не киді, кемпір не киді-соны айыра алса деп ойлаймын. Әрбір келіншек, біріншіден, қай жерде тұрғанын білу керек, екіншіден, кімнің әйелі екенін білу керек, үшіншіден, неше баланың анасы екенін білуі тиіс. Отырған орның мен сөйлейтін сөзіңді білсең, міне әдемі келіншек образы осы!
***
Түсірілім кезінде «шөлдеу», «ашығу», «шаршау» басым болады. Бірақ әрбір кәсіби маман экранда «тойған қозыдай томпиып, көңілді тұруы»—негізгі міндеті.
***
Сілтінің мықтылығы өзінің шишасына сыйғандығында, сондықтан шишаға сыйып тұрсаң ешнәрсені бүлдірмейсің. Ал одан шықсаң, жан-жағыңды құртасың. Сол үшін де шишада қалғанды дұрыс көрген шығармын.
***
Әрбір ән өмірге келерде өз себепшілері мен жасаушыларының қолынан өтеді, ал бірақ сәттілігі мен тәттілігі—Құдайдан.
***
Ең сұлу әйел—талғамы жоғары әйел! Ол жоқтан бар жасайды, ұшып бара жатқан тозаңды сүзіп алып, одан гүл өсіреді, әйелдің қолынан барлық нәрсе келеді.
***
«Алла сүйген құлын сынайды». Мен үшін өмір сүрудің өзі— бақыт. Өмірді «несиеге» алған адаммын. Сондықтан оның қадірін жақсы білемін…

National Geographic журналы қазақша шығарылады

Журнал-National-GeographicАлдағы жылдың қаңтар айынан бастап елімізде америкалық National Geographic журналының қазақша нұсқасы жарық көрмек. Жаһанның бірнеше тілінде таралатын басылым үшін Қазақстанның жағрафия әлемі тыңнан түрен салынбаған салаға айналып отыр.

Қазақ тілді редакция ұжымы қазір Вашингтонда алдағы тапсырмалардың соңғы тетіктерін пысықтап жатыр. Жігер Сәрсен, тілші -АҚШ Ұлттық географиялық қоғамының ресми басылымы ретінде 1888 жылдан бері «National Geographic» журналы шығып келеді. Бас кеңсесі Вашингтонда орналасқан ағылшын тілді басылым Америка аумағымен шектеліп қалмай, 30-дан астам елдің тілінде таралады. Енді бұдан былай «National Geographic» журналының қазақша сөйлейтін күні алыс емес. Осылайша Қазақстан тылсым табиғаты, тұңғиық тариxы мен мол мәдениетін әлемдік деңгейде танытуға мүмкіндік алып отыр. «National Geographic» есімі қазақстандықтарға, әсіресе кабелді телеарна арқылы жақсы таныс. Бір қоғамдастыққа қарайтын National Geographic журналының салмағы да дәл солай. Ғасырдан астам тарихы бар басылым қазақ оқырмандарымен қуана қауышуға әзір. Отандық «ҚазМедиа Холдинг» ЖШС-гі игілікті іске жол ашып отыр. Арадағы келіссөздер табысты аяқталып, лицензияға қол жетті. Сүйінші дана жаңа жылдан бастап жарыққа шығарылмақ.

Еркін Жақып, «ҚазМедиа Холдинг» ЖШС басшысы -Биыл Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлап жатырмыз. Соған орай біздің де айтатын тарихымыз, айтатын жерлеріміз бар. Біздің зерттелмеген тарихымыз, археологиямыз бен мәдениетімізді әлемге де паш ете білуіміз керек. Осыған байланысты National Geographic қауымдастығы мен оның журналының тигізер септігі үлкен болады деп ойлаймыз. Вашингтондағы бас редакцияда қазақша журналдың соңғы тетіктері талқыланып жатыр. Отандық нұсқаға жауапты 5 адамнан тұратын топ-менеджмент әлемдік басылымның талаптары мен сапасына қатысты семинар сабақтардан өтті. Шығармашылық ұжым жасақталу үстінде. Журнал бастапқыда 5 мың таралыммен жарық көрсе, тираж санын біртіндеп 20 мыңға дейін жеткізу көзделіп отыр.

Ариель Дейако-Лор, National Geographic журналының баспа және бизнесті дамыту жөніндегі директоры -Тек соңғы 20 жыл көлемінде біздің журнал әлемнің бірқатар тілдеріне аударылып, мемлекеттермен тығыз байланыс орнатып келеді. Енді қазақ тілді редакцияны қарсы алуға дайынбыз. Бұл әріптестік бізге тамаша ғылыми мәліметтер жинауға мол мүмкіндік ұсынбақ. «Қазақстанның жабайы табиғаты, әлемдік фототілшілердің байқауы және тағы басқа жобалар жаңа журнал аясында қолға алынатын істердің басы ғана», – дейді ұйымдастырушылар. Сол сияқты басылымның тарих, саяхат, балалар тақырыбындағы салалық түрлерін де қолға алу кезең-кезеңімен межеленген. Ең үлкен мақсат – National Geographic телеарнасын қазақша сөйлету.

baq.kz

 

EMA-2015 сыйлығының лауреаттары анықталды

60bdd340985d1d31feb011d8521b6aa6MUZZONE телеарнасының IV Еуразиялық музыкалық EMA-2015 сыйлығының лауреаттары белгілі болды.
«Үздік орындаушы» аталымы бойынша Айқын Төлепберген Қайрат Нұртас пен Әли Оқаповты артта қалдырып, жеңіске жетті. Ал әйелдер арасында Жанар Доғалова ең үздік әнші деп танылды. Онымен бірге Калия мен Азалия бақ таластырды. Ерлер арасында «Ең үздік ұжым» деген атақ All Давай тобына бұйырды. Ал әйелдер арасында мұндай титул «КешYou» тобында. Ұйымдастырушылар «Үздік ұжым» аталымын Project Zenit тобына беруді шешті. Сонымен қатар, «Еуразияның үздік әртісі» деген атақты «А-Студио» тобы еншіледі.
Жылдың үздік бейнебаяны: Диана Шарапова/Ақылбек Жеменей — Өтеді алдан бір бейне
Үздік ән: Серік Ибрагимов — Жаяу
Жыл жаңалығы: NURI
Үздік дуэт: Дильназ Ахмадиева/Мақпал Исабекова
Үздік хип-хоп жоба: Yunus Pers
9c7cec51fd2e180a186ba3bb01afafe7

982d5bfd04f1689e4b39cb3b34dd800d

Шараның арнайы қонақтары — ресейлік Инь-Ян, Serebro топтары, өзбек орындаушысы Шахзод пен «Евровидение» байқауына Израильдің атынан қатысқан Эдди Батлер. Шоуды Дильназ Ахмадиева, Мақпал Исабекова мен «Орыстар» жобасының қатысушылары жүргізді.

95e52c4b25ed02e70864bc202b16182a
b853a4711f2a6994dfcb0eb3a55d0244

Шараның басында Батырхан Шүкеновті еске алу үшін бір минут үнсіздік жарияланды.8458d9bb04b4009dc6fe4894afb88dbf
Биыл ұйымдастырушылар 10 негізгі және 10 арнайы сыйлықты табыстады. Олардың арасында Батырхан Шүкеновтің атындағы сыйлық бар. 2013 жылы бұл сыйлық осы музыкантқа берілген еді. Биыл бұл сыйлыққа әйгілі өнер иесінің есімі берілді.

de4e30f57ba3e5da8e0f5be10c6bb8e4

f362b2f0246be48211a5e90fb892e1a8

e0756b9ba1131391cfd27a916a7228dftengrinews.kz

«Жібек жолы» автошеруінің қатысушылары Астанаға келеді

81591361669024f7fae6ac40f0a9ac7a«Жібек жолы» автошеруінің қатысушылары Қазақстан астанасына келеді. Іс-шараның ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасының Мәдениет және Спорт Министрлігі және «Бәйтерек продакшн Өндірістік Орталығы».
2015 жылдың 8 тамызында Шанхай ЭКСПО (Қытай Халық Республикасы, Шанхай қаласы) орнынан басталған «Жібек жолы» автошеруі бес ел арқылы өтіп, сапарын Милан қаласында (Италия) аяқтайды.
Автошеру қатысушыларын ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы, «Жібек жолы жаңа экономикалық белдеуінің» хатшысы Xing Jun, Қазақстандағы ҚХР елшісі, «Синьхуа» информациялық агенттігінің корреспонденттері, «Beijing UNIQUE Exhibition Co., Ltd.», «Zhong Guang De Feng Culture Investment (Beijing) Co., Ltd.». «Foshan Baozhuan Jewelry Co., Ltd.» компанияларының бас директорлары қарсы алады.
Осыған байланысты 22-23 қыркүйекте Автошеру қатысушыларын қалаға кіреберісте қарсы алу, «Арай» саябағында ҚХР ең үздік скрипкашыларының бірі Шен Чжунго және жапон пианисі Сета Хироконың қатысуымен концерт жоспарланған. Сонымен қатар, Ramada Plaza Astana қонақүйінің «Абай» залында «Инвестициялар, Индустриалды Саябақтар және Астана- ЭКСПО 2017» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өткізіледі.

БЖК-2020: Алматы облысында мемқолдау арқасында кәсібін дөңгелеткен кәсіпкерлер саны артуда

e2b85f682e6d6970d8c272965b04be3aАлматы облысында кәсіпкерлердің дені мемлекеттік қолдау арқасында өндірісін кеңейтуге мүмкіндік алды.

Өңірдегі Қаратал ауданы ауыл шаруашылығы саласына бағытталған аймақтың қатарына жатады. Дегенмен бұл жерлерде өңдеуші сала қарқынды даму үстінде. Оған кәсіпкер Агафья Лидің қолға алған кәсібі жарқын мысал бола алады. Сонау 1998 жылы кәсібін автокөлікке арналған қосалқы бөлшектер сатудан бастаған кәсіпкер ханым кейін кәсібін өрге домалатып, жартылай фабрикаттар, тәттілер мен нан-тоқаш дайындайтын цех ашты.

Ал таяуда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау бағдарламасының арқасында жеңілдікпен несие алып, «ЛАД» сауда маркалы бизнесін кеңейтті.

«Мемқолдау арқасында Халық банктен 6% мөлшерлемемен жеңілдікті несие ала алдық. Ол қаражатқа өндірісті кеңейтіп, жаңа ғимарат пен қосымша жабдық сатып алдық», — деп атап өтті Ли Агафья.

Қазір Үштөбе қаласындағы «Лад» дүкендер желісі аудан халқын сапалы әрі отандық өніммен қамтамасыз етіп отыр.

bnews.kz

Тимур Бекмамбетовтың «Хардкоры» Торонтодағы кинофестивалде марапатталды

539de401fd8bc86a3295d1ddd8cddb38Тимур Бекмамбетов продюсер, ал Илья Найшуллер режиссер болған «Хардкор» фильмі Торонтодағы халықаралық кинофестивалде марапатталды. 

Фильм экшен, фантастикалық, қорқынышты фильмдер арасында үздік деп танылды. Фестивальдің өзге де марапаттары секілді жеңімпазды көрермендер дауыс беру арқылы анықтады.

Айта кетейік, «Хардкор» фантастикалық экшені – атыс-шабыс жанрында толығымен бірінші тұлға атынан түсірілген алғашқы туынды. Кинофестиваль барысында көрермендер сондай-ақ Ридли Скоттың «Марсианин», Дени Вильневтің «Жалданушы», Питер Соллеттің «Мұрагерлікке құқық», Том Мак Картидің «Басты назарда», Джослин Мурхаустің «Тігінші әйел» туындыларын тамашалады.

bnews.kz

 

Ыстамбұлдағы Bala Turkvizyon байқауында Қазақстан намысын Еркін Тұрсынхан қорғайды

DSC_628012 жастағы Қарағанды облысының тумасы Еркін Тұрсынхан Bala Turkvizyon ұлттық іріктеу кезеңінің ақтық сынында жеңімпаз деп танылды. Енді ол Түркияның Ыстамбұл қаласында өтетін халықаралық байқаудың гранд-финалында ел намысын қорғайтын болады. 

«Bala Turkvizyon» ұлттық іріктеу кезеңінің ақтық сыны өз мәресіне жетті. Жеңімпаз көрермендердің дауыс беруі және әділ қазылар алқасының таңдауы арқылы анықталды. Қазақстанға еңбегі сіңген артист Майра Мұхамедқызы бастаған әділ қазылар алқасының құрамында ақын Қалқаман Сарин, «Хабар» телеарнасының бас продюсері Ринат Думанұлы, композитор Ренат Гайсин мен Арман Дүйсенов, әнші Жанар Дұғалова мен Нұрлан Қаражігітовтер болған еді.

Айта кетейік, 19 қыркүйек күні ұлттық байқаудың жартылай финалдық кезеңі өткен болатын. Көрермендер мен әділ қазылар 20 дарынды әншінің ішінен сегізін іріктеп алған. Сол 8 баланы қолдау үшін Астанадағы концерт залына олардың ата-аналары мен туыстары, жанкүйерлері және «Bala Turkvizyon-Қазақстан» байқауының негізін қалаған Әлия Назарбаева да келді. Әлия Нұрсұлтанқызының «Жандану әлемі» қоры осынау өнер байқауының ұйымдастырушысы екенін де айта кеткен жөн.

Еркін Тұрсынхан Жезқазған қаласының тумасы. Қарағанды облысы бойынша өткен іріктеу кезеңде оның алдына түсер әнші болған жоқ. Бір қызығы, жас таланттың арнайы музыкалық білімі жоқ. Тек, бойындағы өзіндік дарынының арқасында ол дүйім жұртты өз аузына қарата білді.

Бүгінгі өткен ақтық сында Еркін «Самға» әнін шырқады және дәл осы әнді Стамбұлда өтетін халықаралық байқауда да миллиондаған тыңдарманның алдында айтатын болады деп күтілуде.

baq.kz