Домой Блог Страница 317

Қазақстанда 5588 адам біліктілік емтиханынан өтті

avatar_654_136Осы жылдың 1 қыркүйегіндегі мәліметтерге сәйкес, республиканың барлық аймағының 5588 адамы біліктілік емтиханынан өтті. 4434 үміткер жақсы көрсеткішке ие болып, республика бойынша емтиханды сәтті тапсырудың орташа көрсеткіші 79%-ды құрады.

Білім мен тәжірибеліік машықтарды бағалауды тапсыра алмаған дәрігерлер мәлімденген мамандық бойынша 108 сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курсын қосымша өткендігі туралы құжаттарды ұсынғаннан кейін біліктілік емтиханын қайтадан тапсыруға жіберіледі.

«Біліктілік емтиханын сәтті тапсырған мамандардың ең жоғарғы көрсеткіші Қостанай (98%), Батыс Қазақстан (96%), Солтүстік Қазақстан (91%) және Алматы (91%) облыстарының еншісінде», — делінген хабарламада.

Дәрігерлердің білімі мен тәжірибелік машықтарын бағалау олардың жедел жәрдем көрсету машығын меңгеру деңгейін анықтау негізінде тоқсан сайын өткізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі денсаулық сақтау саласы дәрігер-ұйымдастырушылары мен менеджерлерін есептемегенде, дәрігерлердің білімі мен тәжірибелік машықтарын бағалау шараларын енгізу бойынша жұмысты жалғастырған болатын.

Жоғарғы, бірінші және екінші санат үміткерлерін бағалау арнайы оқудан өткен тәуелсіз сарапшылар және емтихан алушыларының қатысуымен өткізілді.

Сонымен, 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында 3882 дәрігер бағалаудан өтіп, олардың 3017-сі (78%) емтиханды сәтті тапсырды.

strategy2050.kz

Қазақстанда «Бәйтерек» холдингінің қолдауымен 72 мыңнан астам жұмыс орны ашылды

«Бәйтерек» холдингінің компаVakansii-samodelkinyih-na-www.mozgochiny.ru-1-1024x547ниялары тобы соңғы 12 жыл ішінде Қазақстан бойынша 72 мыңнан астам жұмыс орнының ашылуын қолдады. Бұл мәлімет холдинг Директорлар кеңесі мүшелерінің есеп беру отырысында мәлім болды.

Холдингтің баспасөз қызметі хабарлағандай,  компаниялар тобы есептік кезең ішінде қарыздың жалпы сомасы 491,7 млрд. теңгеге өндірістік секторда жоғары деңгейде қайта құрастырылған 12 жоба бойынша қаржыландыру бастады және жалғастырды.

Бұдан басқа, шикізат емес секторға 466 млрд. теңге инвестицияланды. Есептік кезең ішінде шикізат емес секторды ұзақ мерзімді қаржыландыруда Холдингтің үлесі – 68%.

Шағын және орта бизнесті қолдауға Ұлттық қордан бөлінген 200 млрд. теңге ішінен 172,8 млрд. теңге сомасына (119,1 млрд. теңге – жаңа жобаларды қаржыландыруға, 32,5 млрд. теңге — қарыздарды қайта қаржыландыруға, 21,2 млрд. теңге – айналым қаражатын толықтыруға) 925 жоба қаржыландырылды.

Несиелердің  181,5 млрд. теңге сомасына 1 694 жоба субсидияланды, 14,4 млрд. теңге сомасына кредиттер бойынша 390 кепілдік беру шартына қол қойылды.

Холдингтің еншілес ұйымдары қаржыландырған кәсіпорындарда есептік кезең ішінде 45 437 тұрақты жұмыс орны сақталып қалды және  27 827 (барлығы 72 179) құрылды.

«Тұрғын үй құрылысын дамыту проблемаларын шешуге жәрдемдесу шеңберінде тұрғын үй қолжетімділігін арттыру үшін есептік кезең ішінде Холдингтің еншілес ұйымы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» бағыты бойынша жалпы ауданы 449 мың шаршы метр, 7171 пәтерлік  81 тұрғын үйді салу мен өткізуге ынтымақтастық туралы 57 келісім жасалды. Сатып алынған 6191 пәтер үшін жергілікті атқарушы органдарға 43,7 млрд. теңге аударылды», — делінген хабарламада.

Қазақстандық ипотекалық компания бағыты бойынша 95,5 млрд. теңге сомасына ауданы 610,2 мың шаршы метрлік (10 684 пәтер) 58 нысан бойынша шарттарға қол қойылды. 2015 жылы Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Тараз, Қарағанды, Қостанай, Көкшетау, Семей, Қызылорда, Талдықорган, Павлодар, Өскемен, Ақтау қалаларында 61,6 млрд. теңге сомасына 392,8 мың шаршы метрлік (6 686 пәтер) 46 нысан пайдалануға беріледі.

strategy2050.kz

125,4 млрд. доллар тікелей инвестиция тартылды

23116b9b3a4d6c6f6b01d56c8e1285f82005 жылдан 2015 жылдың бірінші тоқсаны аралығында Қазақстан экономикасына 212 млрд. долл. тікелей инвестиция тартылды. Оның 70% немесе 125,4 млрд. долл. Индустриаландыру бағдарламасы жүзеге асқан жылдары келді.

 

Осы уақыт аралығында тартылған тікелей инвестицияның 74% немесе 17,6 млрд. долл. өңдеу саласының еншісінде. БҰҰ сауда және дамыту Конференциясының (ЮНКТАД) мәліметтеріне жүгінсек, Қазақстан шетелден ең көп тікелей инвестиция тартқан 30 елдің қатарына кірді. 2014 жылдың қорытындысы бойынша 9,6 млрд. долл. тартып 28-орынға тұрақтады.

 

Анықтама: Қазақстан 2014 жылы өңдеу өнеркәсібіне 3,7 млрд. долл.инвестиция тартты. Бұл 2013 жылмен салыстырғанда (2,5 млрд. долл.) 48% көп.

 

mid.gov.kz

Астана мен Алматыда мобильдік ЭЦҚ сату басталды

mob_ecpБүгінгі күні электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) SIM-карталарға жазу мүмкіндігі бар, оларды Астана және Алматы қалаларында «Алтел» АҚ-ның сату бөлімдерінде сатып алуға болады. Жылдың соңына дейін осындай мобильдік ЭЦҚ-сы бар SIM-карталарға Қазақстанның кез келген өңірінде барлық ұялы байланыс операторларынан кезең-кезеңмен қол жеткізуге болады. Жуық арада мобильдік ЭЦҚ ХҚКО-лар арқылы да сатылатын болады.

«Мобильдік қолтаңбаның басымдығы кейбір мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді тіпті интернеті жоқ және қосымшалар орнатылмайтын қарапайым мобильдік телефоннан да алуға болатындығында»,- деп атап өтті ҚР ИДМ БААК Электрондық қызметтерді қадағалау басқармасының басшысы Дәулет Бекманов.

Мобильдік қолтаңбаны қазірдің өзінде еgov.kz мобильдік қосымшасында пайдалануға болады. Бұдан кейін мобильдік ЭЦҚ-ның көмегімен құжаттарға «Электрондық үкімет» порталында, сондай-ақ смс-хабарламалар жіберу арқылы да қол қоюға болады. Мысалы, қарапайым батырмалары бар телефондарда қызметтер алу үшін пайдаланушыға қызметтің қысқаша мәтінімен бірге SMS жіберу және SIM-картаға жазылған ЭЦҚ-мен қол қою жеткілікті. Жауап ретінде оған қызметтің нәтижесі және анықтаманың бірегей нөмірі бар хабарлама келеді. Анықтаманың өзі электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетке келіп түседі.

ЭЦҚ-сы бар SIM-картаның көмегімен мекенжай анықтамасы, жылжымайтын мүлікінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама, зейнетақы аударымдарының жай-күйі туралы анықтама, туу туралы, неке қию туралы анықтамалар және т.б. сияқты бірқатар қызметтерді алуға болады.

Криптоаплеті бар SIM-картаның құны 200 теңгені құрайды, бұл ретте аталған сома абоненттің балансына түсетін болады.

Телефонын немесе SIM-картасын жоғалтқан кезде абонент 888 телефоны бойынша ALTEL call-орталығына жүгіне алады, оператор SIM-картаны бұғаттайды, онымен бірге SIM-картадағы ЭЦҚ-ны пайдалану қолжетімсіз болады. SIM-карта әдеттегідей, яғни Сату орталығына жеке өзі келіп, ALTEL ұялы байланыс операторы қызмет көрсеткенде және кейін оған ЭЦҚ жазу үшін ХҚКО-ға жүгінген кезде оңай қайта қалпына келтіріледі.

Мобильдік қолтаңба мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мобильдік нысанда ұсынуды көздейтін «Мобильдік үкімет» жобасының аясында іске асырылғандығын еске сала кетейік. Бүгінгі күні ҚР азаматтарына мобилдік нысанда 50-ден астам қызмет пен сервис қолжетімді, жүйеге 1300 мыңдай адам қосылды.

mid.gov.kz

Алматылықтар инновациялық технологияларды пайдалана бастады

Алматы облысының климаттық жағдайы көкөністерді өсіруге қолайлы. Әсіресе көңіл пиязға бөлінеді. Пиязға көп мөлшерде су қажет болғандықтан, оны өсіру үшін тамшылап суару жүйесі қолданылады.

Алматы облысы Шеңгелді ауылында орналасқан «ПСХТ Қанат» ЖШС шаруашылығы 420 гектар аумақта пияздың голландиялық тұқымының 8 түрін өсіреді. Мұнда тамшылап суарудың израильдік технологиясы пайдаланылады.  Бұл суарумен бірге тыңайтқыштарды сумен бірге дарытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар су 30% дейін үнемделеді.

420 гектар жердегі тамшылап суару жүйесі толық компьютерлендірілген. Бұл суару үрдісін басқаруға мүмкіндік береді.

 «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша мемлекеттік қолдаудың арқасында біздің компания тамшылап суарудың израильдік  технологиясын орнатты.  «Даму» қоры  33 млн. теңге көлеміндегі несиеге кепіл болды.  Көктемде пияздың 8 түрін, мәселен: Melody, Goldens, Manas +1, Albina, Ranger отырғыздық. Орнатылған технология қазірдің өзінде тиімділігін көрсетіп отыр. Су мен тыңайтқыштар үнемделді», — деді «ПСХТ Қанат» ЖШС директоры Орынбек Қуандықов.

Тамыздың соңынан бері өнім жиналып жатыр. Өткен жылы шаруашылық 420  гектардан  24 000 тонна пияз алса, биыл кәсіпкер бұл көрсеткішті кем дегенде гектарынан 80 тоннаға дейін көтеруді көздеп отыр.

Өнім Алматы базарларында сатылады, сонымен қатар Ресейге шығарылады.

Алматы облысының өсімдік және мал шаруашылығына  «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында  4 млрд. теңгеден астам инвестиция құйылып, 39 шаруа қожалығына қолдау көрсетілді.

ҚазАқпарат

«Алтын адам» Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтудегі облыстың басты символы

6d7c06850eaf78c1818cd11b5153499e

Алматы облысының Астана қаласындағы Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтуге қатысты дайындаған бағдарламасы өзінің әртүрлілігімен және ерекшелігімен көпшіліктің көзайымына айналды. Алматы облысы орналасқан аумақтың кіре берісіне қойылған Ауданнан арнайы әкелінген «Алтын адам» мүсіні қала тұрғындары мен қонақтарын бей-жай қалдырмағаны анық.

Мерекелік іс-шараларды өткізу барысында Б.Римова атындағы облыстық драма театрының актерлары «Хан көтеру рәсімі»  ұлттық салт-дәстүрінің театрландырылған көрінісін қоюға өз үлестерін қосты.

Облыс тіккен 3 киіз үйдің тұсында Еңбекші ауданынан келген құсбегілер бүркіттерін, ал Қарасай, Іле аудандары мен Талдықорған қаласынан келген қолданбалы қолөнердің 30 шебері өз қолдарымен жасаған 600-дей түрлі бұйымдарымен жиналғандарды тәнті етті. Көрменің бір ерекшелігі қызыққан жандар бұйымдарды тек қана сатып алып қана қоймай, шеберлердің қолымен өз аттарын әшекей бұйымдарға арнайы жазғызу мүмкіндігіне ие болды.

Сондай-ақ М.Тынышбаев атындағы тарихи-өлкетану мұражайының экспонаттары мен өңірдің қылқалам шеберлерінің туындылары талдықорған қаласының көтерген киіз үйінің ішінде және оның маңында орнатылған шатырдың астында қойылды. Мұнда әрбір жан Жетісу өңірінің тарихы мен табиғи ерекшеліктерімен жіті таныса алды.

Осы мерекелік шараның соңы декаративті-қолданбалы өнердің көрме-жәрмеңкесімен және Алматы облысының ең үздік әртістерінің дайындаған керемет концерттік бағдарламасымен ұласады.

“Әкім кубогы-2015” жеңімпазы анықталды

unnamed-1Астанада “Конгресс холл” сарайында Жайдарман ойындарының “Астана қаласының әкімінің кубогы” сайысы өтетінін бұдан бұрын хабарлаған болатынбыз. Кеше кеште көрермендердің көңілінен шыққан тартысқа толы сайыста кубок жеңімпазының есімі анықталды.

Арнайы жобаға жайдарманшылардың өте тыңғылықты дайындалып келгені көрініп тұр. Әсіресе Оралдық екі команда – “ҚазИИТУ құрамасы” мен “Грант”, “Шымкент жастар құрамасы” жоғары деңгейде өнер көрсетті. Сонымен қатар  қыздардан құралған алматылық “Таң қалмаңыз” және павлодарлық “Чехов аялдамасы” топтарының ерке ойындары, сыпайы әзілдері көптің көңілінен шыққаны көрініп тұр.

Нәтижесінде жүлделі үшінші орынды және 200 мың теңге ақшалай сыйлықты  “Таң қалмаңыз” командасы, II орын мен 300 мың теңгеге “Чехов аялдамасы” ие болса, бас жүлдені оралдық “ҚазИИТУ құрамасы” олжалап, онымен қоса әкім кубогы мен 500 теңге ақшалай сыйлықты қанжығасына байлады.

Айта кетейік Астана қаласы әкімінің орынбасары Е. Аманшаевтың ойынды бастан-аяқ тамашалап, жеңімпаздарды өз қолымен марапаттады.

Алматы облысында жаңа балабақша ашылды

0

Райымбек ауданындағы Жалаңаш ауылында жаңа балабақша өз бүлдіршіндеріне есігін ашты.

Мектепке дейінгі бұл білім беру мекемесі қазіргі заманғы барлық стандарттарға сәйкес салынып, жабдықталған. Шағын орталықта бүгінде 40-тан астам бүлдіршін тәрбиеленуде.

Жаңадан салынған мектепке дейінгі білім беру мекемесі аудандағы алғашқы жекеменшік балабақша болып табылады. Оның құрылтайшысы Айнұр Тоқтасынқызы есімді кәсіпкер, әрі сол ауылдың тұрғыны.

Райымбек ауданында осы күні 6 мемлекеттік балабақша бар. Онда мыңнан астам бала тәрбиеленуде. Сондай-ақ мектеп жанынан ашылған шағын орталықтарда 1265 бала білім алуда. Балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі жалғасатын болады.

Талдықорған қаласында жаңа Мәдениет үйі есігін ашты

uX2OiZ9DfKk-e1441761090206-610x350
Талдықорған қаласының Өтенай селолық округіне қарасты Еңбек ауылында күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін жаңартылған Мәдениет үйінің салтанатты ашылуы өтті. Бұл нысанға құрылыс жұмыстары «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы аясында жүргізілді.

Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңа Мәдениет үйінде 80 орындық кең көрермен залы бар. Кітапхана қызмет етуде. Ақсақалдар алқасының, учаскелік полиция, фелдшерлік-акушерлік пункт пен ветеринария пункттері, сондай-ақ дене шынықтыру және фитнеспен айналысушыларға да арнайы жабдықталған кабинеттер қарастырылған.

Бұдан бөлек, шахмат үстел ойынына, кілем тоқушылар мен ат әбзелдерін жасаушылардың сәндік-қолданбалы өнер үйірмелері тағы бар.

Ашылу салтанатынан кейін көпшілік назарына «Талдықорған әуендері» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің дайындаған мерекелік концерттік бағдарламасы ұсынылды.

ҚазАқпарат

Беларусь ғалымдары адамның генетикалық паспортын ұсынды

Өздігінен басқарылатын ұшақтар, адамның генетикалық паспорты және келешектің тағамы. Мұның бәрі Беларусь ғылымының жемісі ретінде Минскіде ашылған көрме аясында ұсынылды, деп хабарлады www.24.kz.

58 институт пен Ұлттық ғылым академиясының ғалымдары ойлап тапқан 500-ге жуық инновациялық жоба Беларусь еліне ғана емес, жаһандық ғылымға қосылған үлес деуге лайық. Атап айтқанда, ғарыштық зерттеу, өздігінен басқарылатын авиация және наноматериалдар, картоп, бидай, сүт өнімдерінің жаңа түрлері көрмеге келгендердің қызығушылығын оятты. Ал елдің Ұлттық ғылыми академиясы адамның генетикалық паспортын ұсынды. Оған қазірдің өзінде кез келген беларусь азаматы тапсырыс бере алады. Ал көрмеге жол тартқан өзге ғылыми жаңалықтарды ғалымдар өздерінде ғана емес, көрші елдерде де қолданысқа енгізуді көздеп отыр.

«Бұл көрмеге біз өнеркәсіп, өндірістегі әріптестерімізді қызықтыруы мүмкін деген жобаларды ғана әкелдік. Бүгінгі қоғамда жаңалықтарды ашып, көрсетіп қана қоймай, коммерциямен ұштастыра білу керек», — деді  Беларусь Республикасы ҰҒА Президиум төрағасының орынбасары, академик Сергей Килин.

ҚазАқпарат