Домой Блог Страница 255

«Жұлдызды соғыстар: күштің оянуы» фильмі қазақ тіліне аударылды

«Жұлдызды соғыстар: күштің оянуы» фильмі қазақ тіліне аударылды«Жұлдызды соғыстар: күштің оянуы» фильмі қазақша сөйледі. Астанада тың туындының тұсауы кесіліп, қалың көрерменге көрсетілді. Соңғы жылдары елімізде әйгілі голливудтық фильмдерді қазақ тіліне дубляждау қарқын алды.

Соңғы 4 жылда 13 кино мемлекеттік тілге аударылған. Ал бүгінгі жобаны жүзеге асыруға 25-тен аса актер атсалысып, басты кейіпкерлерді Шахмұрат Ордабаев, Сәуле Тұрдахунова, Жасұлан Байсалбеков пен Гүлназ Әуесбаевалар дыбыстады. Аталмыш жоба Алматы әкімдігі, «Нұр Отан» партиясы мен «Болашақ» қауымдастығының қолдауымен жарық көріп отыр. «Картинаны қазақша сөйлетудегі басты мақсат – қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру», — дейді мамандар.

24.kz

Алматылық кардиологтар қала тұрғындарын тегін тексеруден өткізді

Алматылық кардиологтар қала тұрғындарын тегін тексеруден өткіздАлматылық кардиологтар мерекеге орай емделушілерге тарту ретінде, кардиология орталығында ашық есік күнін ұйымдастырды. Орталыққа келушілер келушілер тексерістен өтіп, қаланың үздік дәрігерлерінен кеңес алды.

«Халықты біз құлағдар еттік. Бір күнде 100-ден аса азамат келіп, тексерістен өтті. Бұл жерде денсаулығына байланысты кеңес алып қана қоймай, тексерістен де өте алады»,- деді Кардиология кафедрасының доценті Роза Әлмұхамбетова.

almaty.tv

Қазақтың жас жеткіншектері әлемдік байқауда бас жүлдеге ие болды

Қазақтың жас жеткіншектері әлемдік байқауда бас жүлдеге ие болдыҚазақтың жас жеткіншектері әлемді таңдай қақтырды. Жақында Юрмала мен Прага қалаларында өткен халықаралық ән байқауларында жүлделі орындарға ие болған жас өнерпаздар өз жеңістерін Тәуелсіздік мерекесіне арнады.

12 жастағы алматылық Әсет Балғазин «Волна идей» еуропалық фестивалінің Бас жүлдесін екінші рет иеленді. Биыл ол ән айтумен қатар саксафонда ойнап, 80 баланың ішінен қазылар алқасының жоғары бағасына ие болған.

3 жыл бойы кәсіби мамандардан сабақ алатын Әсеттің жетістігі аз емес. Ал қарындасы 5 жастағы София да осы байқауда вокалдан 1 орын алса, биден 2 дәрежелі жүлдеге ие болды.

Кішкентай Аружанның ағылшын тіліндегі әні Ресейдің «Балалардың жыл әні» жинағына енді.  Ал Әсет енді Италияда өтетін байқауға дайындалуда. Онда ол оркестрдің сүйемелдеуімен ән шырқайды.

khabar.kz

Әлем бойынша 3,2 млрд адам интернет пайдаланады

Әлем бойынша 3,2 млрд адам интернет пайдаланадыҚытайда 2-ші бүкіләлемдік интернет конференциясы өтуде. Оған ресми сапармен сонда жүрген Қазақстанның Премьер-министрі де қатысты.  Кәрім Мәсімовтың өзі де ғаламтордан алыс емес. Кезінде қазақстандық шенеуніктердің ішінде әлеуметтік желілердің біріне алғашқы болып қосылған еді.

Бүгінде әлемде ғаламторды қолданушылар саны 3 миллиард 200 миллионнан асқан. Оның аз да болса бір бөлігі – Қазақстан азаматтары. Әлемді байланыстырып отырған желі 1969 жылы пайда болды. Оны Чарли Клайн Лос-Анджелес пен Калифорнияда тұрған екі компьютерді қосу арқылы ойлап тапты. Жаңалық әлемге тарағанымен оны әркім қолдана білмейтін.

Тәуелсіз желіге тәуелді болғанымыз соншалық күніміздің 126 минутын жансыз байланыс құралына арнайды екенбіз. Күндіз-түні экранына телміргендердің дені түрлі ауруға да шалдығып жатыр. Интернет арқылы айласын асырып отырғандар да баршылық. Алтын уақытты білдірмей жұмсап жіберетіні тағы бар.

Жаһан бойынша 7,2 миллиард адам бар болса, оның 3,2 миллиарды ғаламтор шырмауына енген. Оның ішінде 50 пайызы Азия елдерінде тұратындар. Интернетке 46 жыл болғанымен қазақстандықтар онымен шамамен 94 жылдардан бастап таныса бастады. Қолданушылар саны 12 миллионға жеткен.

Тағы бір статистика, 2000 жылы ғаламторға 6,5% адам қызығушылық танытса, қазір адамзаттың 43 пайызы онсыз тырп ете алмайтындай жағдайға жетті.

khabar.kz

«ҚазТрансГаз» ауыл тұрғындарына күрес кешенін сыйға тартты

«ҚазТрансГаз» ауыл тұрғындарына күрес кешенін сыйға тартты«ҚазТрансГаз» АҚ Алматы облысы Жамбыл ауданы «Сұраншы батыр» ауылының тұрғындарына күрес түрлеріне арналған заманауи спорт кешенін сыйға тартты. Спорт кешені қазақтың әйгілі Сұраншы батыр есімімен аталып отыр.

Су жаңа спорт ғимаратының құрылысы толықтай газ саласындағы Ұлттық оператордың қаржысына салынды. Бұл — «ҚазТрансГаз» АҚ-нің бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүзеге асырған жобаларының бірі.

Нысанды Алматы облысының өзге елді-мекендерінде кездеспейтін бірегей спорт кешені деп атауға болады. Ғимаратта спортшылар толыққанды жаттығу өткізіп қана қоймай, мұнда республикалық, тіпті халықаралық деңгейдегі жарыстарды ұйымдастыруға мүмкіндік бар.

Заманауи спорттық және жаттығу құралдарымен жабдықталған ғимараттың жалпы аумағы 1000 ш.м. тең. Ғимаратта соңғы жетістіктерге сай келетін желдеткіш жүйесі, автономиялық шағын жылыту қазандығы орнатылған. Бұған қоса, кешен ауласында жасанды көгалды мини-футболға арналған алаң бар.

baq.kz

Алматы облысында жаңа спорт кешені ашылды

Алматы облысында жаңа спорт кешені ашылдыЖуырда Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылында балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне арналған стадионы бар жаңа спорт кешені салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Ашылу салтанатына 700 адам қатысты. Олардың арасында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Тұратбек Шарапиев, Кербұлақ ауданының әкімі Бағдат Әлиев, спорт ардагері Сайып Нұрмұхамбетов және үш дүркін Азия чемпионы Ділдәш Құрышбаева бар.

Шара барысында аудан әкімі Б. Әлиев жиналғандарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады, сонымен қатар жаңа спорт кешенінің денсаулықты нығайтуға, спортты дамытуға және болашақ чемпиондарды баулуға берер мол мүмкіндіктері туралы да айтып өтті.

Спорт кешені спорттық оқу-жаттығу жарыстарын өткізуге, спортшыларды спорттың ойын, күрес және зияткерлік түрлеріне дайындауға, сауықтыруға және жалпы дене шынықтыруға арналған.

Ғимараттың құрылысы 2014 жылдың қыркүйек айында басталған. Жобасын «Күмбез» компаниясы» ЖШС дайындап, мердігер ұйым «Нұр Шапағат Құрылыс» ЖШС болғанын да атап өту керек.

Қазақстандық жас футболшыға ресейлік клубтар қызығушылық танытуда

Қазақстандық жас футболшыға ресейлік клубтар қызығушылық танытудаҚазақстан жастар құрамасы «Тараз» командасының жартылай қорғаушысы Әлішер Сүлейге ресейлік клубтар қызығушылық танытуда.

Басылымның жазуынша, Сүлейге Ресейдің Премьер-лигасында өнер көрсететін екі команда және жоғары топқа шығуға үмітті бірінші лигадағы екі команда қызығушылық танытып отыр екен.

Айта кетейік, 20 жастағы футболшы Жамбыл футбол мектебінің түлегі. Бір кездері Киевтің «Динамо» клубының академиясында жаттыққан. Фуболдағы кәсіби карьерасын Қостанайдың «Тобыл» командасында бастаған. Ал биыл маусымды «Ертісте» бастап, «Таразда» аяқтады. Ел біріншілігінде 57 матч өткізіп, 3 гол соққан. Жастар құрамасының мүшесі.

baq.kz

MC САЙЛАУБЕК feat. Шыңғыс & Бәке — Азат елдің ұлдары

0

MC Сайлаубек және басқа қазақ рэперлері Тәуелсіздік күніне орай жаңа ән шығарды. Әннің клипін MC Сайлаубектің фанаттары жасаған.

Тәуелсіздік күніне орай Астанада өтетін іс-шаралар

Тәуелсіздік күніне орай Астанада өтетін іс-шаралар

16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні.

1991 жылғы 16 желтоқсанда ҚР Тұңғыш Президенті  Нұрсұлтан Назарбаев қолын қойған Конституциялық Заңнан бастау алған тәуелсіздігімізге биыл 24 жыл толды.

 

Астана қаласында жыл сайын бұл мереке ерекше аталып өтеді. Биыл да бірқатар іс-шаралар өтетін болады.

10 желтоқсаннан 16 жетоқсанға дейін сағат 16.00-де Тәуелсіздік мерекесімен Астаналық цирктің 10 жылдығына орай Цирктік қойылым өтеді.

15 желтоқсанында «Тәуелсіздік сарайы» МКҚК көрме залында ҚР Тұңғыш Президент күні мен ҚР Тәуелсіздік күніне арналған, белгілі суретші-дизайнер, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Ахметжанова Райгуль Абдырахымовнаның «Ұлы дала өнері» атты көрмесі өтеді. Бұл шара «Global Art» арт-корының ұйымдастыруымен «Қазақстан Еуразия жүрегінде» атты көрмемен жалғасады.

3YiAPk37QKbdSYDRTGncoj3RA4682r

«Алау» мұз сарайында Тәуелсіздік күні мерекесі аясында 16 және 17 желтоқсан күндері сағат 9:00-ден 23:00-ге дейін жаппай сырғанау күндері өтеді.

16 желтоқсан күні 17.00 –де Конгресс Холда танымал эстрада жұлдыздарының қатысуымен «Ән мен әнші» концерті өтеді.

«Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрында 16 желтоқсан күні кешкі сағат 18.00-де «Өнерім саған-Тәуелсіз Қазақстаным» атты мерекелік концерт өтеді.

Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында 17 желтоқсан сағат 18.30-да  М.Әуезовтің «Қараш-қараш» повесінің оқиғасы сарыны бойынша жазылған екі актілі әлеуметтік драмасының қойылымы болады.

«Хан Шатыры» ойын-сауық және сауда-саттық орталығында 16 желтоқсан күні жастарға арналған би кеші өтеді.

Дәл осы күні «Қазақстан» орталық концерт залында әнші Төреғали Төреәлінің «Үлы дала баласы» атты концерті өтеді.

17 желтоқсан күні Конгресс Холда «Шаншар» әзіл-сықақ театрының шығармашылық кеші өтеді.

Елбасының туған жері — Үшқоңырда Тәуелсіздік күні аталып өтті

Елбасының туған жері - Үшқоңырда Тәуелсіздік күні аталып өтті

Бүгін Елбасының туған жері — Алматы облысындағы Үшқоңыр ауылында Тәуелсіздік күніне арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!» атты салтанатты жиын болып өтті деп хабарлайды jas.kz порталы.

Оған Қарасай аудандық әкімдігі, Үшқоңыр ауылдық округының өкілдері, Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагерлері қатысты.

Алматы облысы, Қарасай ауданы әкімінің орынбасары Жұмаділ Нұрсұлтан жиналған қауымды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, бұл күннің ел тарихындағы маңызын атап көрсетті.

«Тәуелсіздік — ұлт тарихындағы жеңістеріміз бен табыстарымыздың бастауы. Мемлекетіміздің іргесі нығайды, ынтымағы жарасқан тату  елімізде достығымыз бен   экономикамыз өркендеп, халықтың әл-ауқаты жоғары деңгейге көтерілді. Қазақстанның көпұлтты халқы өзінің 2050 жылға дейінгі даму жолын белгілеп, нағыз қуатты да табысты ел болуға ұмтылуда. Тәуелсіздіктің 24 жылында еліміз қиян асулар мен қилы белестерді артта қалдырды. Мәңгілік ел болуды мұрат етіп, экономикалық өсім мен халықты жұмыспен қамтуды мақсат тұтқан «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауы, дағдарыс салдарына қарсы ұтымды шаралар мен көпсалалы бағыт-бағдарлар ұсынып отыр.  Жолдау тапсырмаларын мерзімінде және сапалы орындауда жұдырықтай жұмылып, ұйымдасып ұмтылыс жасасақ, біз дағдарысты еңсеретінімізге сенімдімін», — деді Ж. Нұрсұлтан.

Мерекелік шара барысында ауданның әлеуметтік экономикалық дамуына қомақты үлес қосқан азаматтар марапатталды. Сонымен қатар, Тәуелсіздік мерекесіне орай  ауданның жас мемлекеттік қызметкерлері адал қызмет етуге ант берді.

Салтанатты жиынның соңы мерекелік концертке ұласты.