Домой Блог Страница 188

Алматы облысы ЭКСПО-2017 қонақтарын қарсы алуға дайындық үстінде

Алматы облысы ЭКСПО-2017 қонақтарын қарсы алуға дайындық үстіндеАлматы облысы Туризм басқармасы қызметінің басты бағыттарының бірі ЭКСПО-2017 халықаралық туристік көрмесіне қатысуға дайындық жұмысы болып табылады.

Бұл туралы облыста өңірлік ОКҚ брифингін өткізу барысында белгілі болды.

Атап айтқанда, «Астана-ЭКСПО» ҰК» АҚ  екі облыстық туристік фирмамен, 5 мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтармен ынтымақтастығы туралы меморандумға қол қойылды. Туристер келуге арналған нысандар тізбесі айқындалды. Барынша тартымды туристік нысандар (Алтынемел, «Іле Алатауы», «Көлсай көлдері», «Шарын», «Жоңғар Алатауы» ұлттық табиғи саябақтары аумағы бар) бойынша маршрут, техникалық карталар әзірленді.

«Облыстың туристік мүмкіндіктері Милан қаласында өткен ЭКСПО-2015 көрмесінде таныстырылды. 2016 жылы басылымға арналған жарнамалық-ақпараттық өнім әзірлеу жұмыстары жүргізілді.

 «Сондай-ақ 2016 жылы көрмеге қатысушы елдердің ресми делегациясы үшін облыстың туристік аймақтарына экскурссия, Миландағы қазақстандық павильонға қатынаған миллиондаған келушілер үшін реалити-шоу түсірілімдерін өткізу жоспарлануда. Орналастыру және тамақтану нысандарының қызметкерлеріне тренинг-курстар сериясын өткізуді бастамақпыз. Қазір Талғар, Қарасай аудандарында 2 семинар өтті.    45-тен астам адам оқытылды», — деді туризм басқармасының басшысы.

ҚазАқпарат

Үйдің энергетикасы неден және қалай нашарлауы мүмкін?

1f0b3124876945edcf3f9f7252a74f70Үй – адамның қорғаны. Өз үйіне кірген адам бірден бойы босап, тынығып, демалып, күш жинайды. Үйдің іші адамда қорғаныш пен тыныштық сезімін тудыру керек. Алайда, сіз үйге кіргенде тыным таппасаңыз, түрлі аурулар мазаласа, көңіліңіз тыншымай, сан түрлі ойға берілсеңіз, демек, сіздің үйіңіздің энергетикасы нашар болуы мүмкін.

 Үйдің энергетикасы неден және қалай нашарлауы мүмкін?

Энергияны біз көзбен көрмесек те, оның барын жоққа шығара аламаймыз. Бөтен адамдардың арам ойлары, тіл-көздері, жаман ниеттері үйдің энергия тепе-теңдігін бұзуы мүмкін. Одан басқа жаңа қоныстанған үйдің бұрынғы иелері сол үйде қалай тұрып, не істегені де энергия ретіне сақталып қалады.

 Үйдің ішіндегі ұрыстар, дау-жанжалдар жиі болып тұрса, ол да энергетикаға әсер етпей қоймады. Аталмыш себептерден бұзылған энергетика адамның денсаулығына, көңіл-күйіне, жұмыс істеуіне жағымсыз әсер етеді. Бұндайдан аулақ болу үшін, энергетика тепе-теңдігін сақтап, жаман энергетикадан құтылу керек.

Үй жинау

 Үйдің энергетикасын тазалаудың ең оңай түрі – үй жинау. Үй жинаған сайын, сіз шаң-тозаңмен бірге жаман энергетикадан да құтыласыз.

Жиһаздардың орнын ауыстыру

Энергия үнемі қозғалыста болатындықтан, оның жолында бөгет болмағаны жөн. Дұрыс орынға орналастырылмаған жиһаз энергия ағымына кедергі келтіреді. Қай жиһаздың дұрыс тұрмағанын анықтау үшін, өзіңіз бала сияқты барлық бөлмелерді аралап, жүгіріп өтіңіз. Сіздің қозғалысыңызға ең көп кедергі келтірген жиһазды басқа жерге орналастырған абзал.

Ескі нәрселерден құтылу

Біздің адамдардың керек, керек емес нәрселерді жинай беретін әдеті бар. Жылдар бойы сөрелерде шаң жинап жататын ескі киімдер, техника, альбомдар, кілемдер, ыдыстар, т.б. орын алып тұрғаннан басқа, ескі энергетиканы да сақтап тұр. Басқа сөзбен айтқанда, олар қолданыста болған кезде үйде болған бар жақсы-жаман оқиғалардың куәсі ретінде, сол естеліктерді бойына жинап қалады. Кейді біз ескі нәрсені көріп, түсініксіз сезімде болып қалатынымыз да сол себептен. Ерінбей бір күніңізді арнап, шынымен пайдаланатын нәрселерді ғана алып қойып, артықтың бәрінен құтылыңыз. Босаған сөрелерді сүртіп, әдемі нәрселермен безендіріп қойсаңыз, нұр үстіне нұр болады.

Үйді хош иістендіру

Дүкендерде үйге арналған дайын иістендіргіштер, хош иісті тұтанатын таяқшалар немесе бөлек сатылатын эфир майлары бар. Солардың көмегімен де үйдің энергетикасын тазалауға болады. Кейбір иістер адамға жағымды әсер етсе, кейбіреулері бас ауруын туғызуы мүмкін. Кейбір иістер (мысалы, цитрус) адамға сергек сезімін сыйласа, енді бір иістер (лаванда, бергамот) ұйықтатып тастауы мүмкін. Сондықтан, иіс таңдағанда мұқият болыңыз.

Адыраспанмен аластау

Адыраспан шөбінің емдік қасиеттері ғылыми дәлелденген. Оның түтіні де ауадағы көзге көрінбейтін зиян нәрселерді жояды. Сондықтан, адыраспан шөбін тұтатып, үйдің бөлмелерін оң жақтан сол жаққа жүріп тазалар шығуға болады.

Үй іші нұрға толы болсын!

anabol.kz

«Астананың» Чемпиондар лигасындағы қарсыластары белгілі

«Астананың» Чемпиондар лигасындағы қарсыластары белгіліФутболдан УЕФА Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының іріктеу сынының бірінші жәнн екінші кезеңдерінің жеребесі 20 маусым күні тартылады. Екі дүркін Қазақстан чемпионы «Астана» жарысты екінші кезеңнен бастайды.

Стойлов шәкірттері былтырғы жылғы табыстарының арқасында екінші іріктеу кезеңінде әлсіз қарсыласпен жолығатын болды.

Олар:

«Ф91 Дюделанж» (Люксембург); «Жальгирис» (Вильнюс, Литва); «Хапоэль» (Беэр-Шева, Израиль); «Олимпия» (Любляна, Словения); «Вардар» (Скопье, Македония); «Норрчёпинг» (Швеция); «Ференцварош» (Венгрия); «Крусейдерс» (Солтүстік Ирландия); «Зриньски» (Мостар, Босния және Герцеговина); «Дандолк» (Ирландия); «Младост» (Подгорица, Черногория); СИК (Сейняйоки, Финляндия); ТНС (Уэльс); «Валлетта» (Мальта); «Флора» (Таллин, Эстония) «ФК Санта Колома» (Андорра); «Б36» (Торсхавн, Фарер аралдары); «Линкольн» (Гибралтар); «Алашкерт» (Армения); «Тре Пенне» (Сан-Марино); «Лиепая» (Латвия); «Фероникели» (Косово);

Екінщі іріктеу кезеңінің алғашқы ойындары 12/13 шілде күндері өтеді. Қарымта кездесулер 19/20 шілдеге жоспарланған.

Ал үшінші раундта «Олимпиакос» (Грекия); «Виктория» (Плзень, Чехия); «Зальцбург» (Австрия); «Селтик» (Шотландия); АПОЭЛ (Кипр); БАТЭ (Беларусь); «Легия» (Польша); «Динамо» (Загреб, Хорватия); «Лудогорец» (Болгария); «Копенгаген» (Дания) секілді командалардың бірімен жолығуы мүмкін.

Baq.kz

Бүгін –Халықаралық балаларды қорғау күні

Бүгін –Халықаралық балаларды қорғау күніЖаздың алғашқы күні барша әлем Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтеді. Бұл мейрам 1949 жылдың қараша айында Парижде халықаралық демократиялық әйелдер федерациясы конгресінің шешімімен бекітілді.

Халықаралық балаларды қорғау күні әр елде түрлі мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады, олардың барлығы қоғам назарын барша әлем бүлдіршіндерінің жағдайына аударуды мақсат тұтады.

1959 жылы БҰҰ Балалар құқығы туралы декларация қабылдады, құжатқа ата-аналарды, мемлекеттік органдарды, жергілікті билік пен үкіметті, үкіметтік емес ұйымдарды балалардың құқығы мен еркіндігін барынша сақтауға шақыратын баптар енген.

Қазақстан аталған құжатты 1994 жылы ратификациялады. Алайда декларацияның ешқандай міндетті күші болмағандықтан, балалардың құқығын қорғайтын басқа заң қабылдау қажеттілігі туындаған еді.

Айта кетейік, 1989 жылдың 20 қарашасында БҰҰ 61 ел қол қойған Балалар құқығы туралы конвенция қабылдады.

Талдықорғанда жазғы Олимпиада Ойындарына іріктеу жарысы өтеді

91cef3785aeab2c1b35b94f0ac68fbb82016 жылғы 3-8 маусым күндері Талдықорған қаласының «Жастар» Спорт сарайында өтетін ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты Рио-де-Жанейрода өтетін ХХХІ жазғы Олимпиада Ойындарына іріктеу жарысы болмақ.

Жарысқа Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының мүшелері, Олимпиада чемпиондары Илья Ильин, Светлана Подобедова, Майя Манеза, Зульфия Чиншанло, Әлем Чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері Карина Горичева, Владимир Седов, Жазира Жапаргүл, Кирилл Павлов, Ниджат Рахимов және Азия Ойындарының жеңімпазы Маргарита Елисеева сынды мақтан тұтатын спортшыларымыз қатысады.

Жарыстың салтанатты ашылуы: 3 маусым күні сағ.15.00-де.

Жарыстар күнделікті сағат 11.00-де басталады.

Астанада COBIS халықаралық ойындары өтті

Астанада COBIS халықаралық ойындары өттіЕлордада COBIS (Council of British International Schools) Британ Халықаралық мектебінің төменгі сынып оқушыларының арасындағы халықаралық ойындары өтті. Мамырдың 27-29 аралығында әлемнің түкпір-түкпірінен келген 336 оқушы жүзу, жеңіл атлетика және футболдан жарысты, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Ойындардың ашылуында қонақтар қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерімен танысты. Келесі күні қатысушылар «Қазақстан» спорт сарайында жүзуден сайысты. Содан кейін QSI халықаралық мектебінде жеңіл атлетикадан жарыстар ұйымдастырылды. Ойындар «Астана Арена» стадионында футбол матчтарымен аяқталды. Бұл турнирде нигериялық St. Saviour’s мектебі жеңіске жетті.

— Осындай ірі халықаралық іс-шараны өткізгенімізге қуаныштымыз, оған көп бала қатысты. Қонақтарымыз Астана туралы жақсы әсерде қалатындай көп күш-жігерімізді жұмсадық, — дейді Haileybury Astana мектебінің директоры Колин Каллаган.

Айта кетейік, COBIS ойындары оқушылар үшін ең ірі халықаралық шаралардың бірі болып табылады. Аталған ойындардың екі санаты болады: жоғары сыныптарға (7-8 сыныптар) және төменгі сыныптарға (5-6 сыныптарға) арналған. Ойындар жыл сайын түрлі мемлекеттерде өткізіледі. Осы ойындардың ұйымдастырушысы ретінде шақыру алу қабылдаушы мектеп үшін үлкен құрмет саналады.

Астанада саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу рәсімі өтті

Астанада саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу рәсімі өттіАқмол ауылында орналасқан Ақмола халық жаулары әйелдерінің лагерінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу рәсімі өтті. 1930-1940 жылдары және 1950 жылдардың басында Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарын Еске алу қабырғасының жанына жүздеген адам, соның ішінде ел басшылығының, дін, БАҚ өкілдері, қоғам қайраткерлері мен қала тұрғындары жиналды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Шара ел басшылығының, Астана қалалық мәслихаты депутаттарының, қуғын-сүргінге ұшырағандардың ұрпақтарының және Қазақстан қоғамының атынан ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды. Қаза тапқандар мен қуғын-сүргінге ұшырағандарды еске алудың құрметіне бір минут үнсіздік жарияланды. Қазақстанда сталиндік репрессия жылдары 11 арнайы лагерь құрылып, 2 млн. жуық адам қамалған. Түрлі халық өкілдері жер аударылды. ХХ ғасырдың басында Қазақстанға 5,6 млн адам қоныстандырылды. 1921-1954 жж. 3,7 млн адам сотталған, 640 мыңнан астам адам атылған, саяси мотивпен 103 мың адам қамалған, 25 мың адам ең жоғары жазаға кесілген, соның ішінде республика басшылығы да бар, сондай-ақ, қазақ зиялылары түгел жойылды.

Шараға Мәскеуден АЛЖИР тұтқыны Ксения Никольскаяның қызы Татьяна Никольская келді. Татьяна Ивановна АЛЖИРда туып, анасымен бірге 6 жыл тұрған. Оның егіз ағасы көз жұмған. Бүгін Татьяна Никольская әкесі мен анасының зиратына соңғы рет келіп отыр.

Шара соңында жиналған қауым АЛЖИР мұражайын аралады.

Алматы облысында заң өзгерістерін түсіндіру бойынша семинар өтті

Алматы облысында заң өзгерістерін түсіндіру бойынша семинар өтті26 мамыр күні Алматы облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінде және 27 мамырда Қапшағай қаласының тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасында Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы басшысының м.а. Б. Ікранбековтің қатысуымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын түсіндіруге арналған семинар өткізілді.

Семинарға департаменттің және аумақтық басқармалардың және мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, кәсіпкерлер палатасы өкілдері, қоғамдық бірлестіктер төрағалары белсене қатысып, БАҚ өкілдері шақырылды.

Семинар барысында «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістер бойынша сұрақтарға жауап беріліп, ұсыныстар талқыланды.

Астаналық суретші қала ортасынан ерекше музей салуды ұсынды

20160528031945Астаналық суретші  Боз Жеңісбекұлы қала орталығынан «Алтын бесік» кешен салуды ұсынды, деп хабарлайды kazmuseum.kz «Егемен Қазақстан» газетіне сілтеме жасап.

«Алтын бесік» кешені 3 қабаттан тұрады, 1-қабат қазақтың жартылай киіз үйі  пішіндес. Онда үйдің ішкі интерьері және бесікке салу рәсімі бейнеленеді. 2-қабатта шағын музей, салт-дәстүрден  мағлұмат беретін кітапхана, ұлттық дәс­түрді ұлықтаған суретшілер картиналары,  кабинеттер орналасады. Ал 3-қабатта  салт-дәстүрді өткізу  залдарында мерекелік шаралар ұйымдастырылып, отау құрған жастарға ақ жол тілеп, бата беретін орындар ұлттық стильде безендіріледі. Сондай-ақ, түбек іспеттес шынылы лифті арқылы отау құрған жас­тар жоғарғы қабатқа көтеріледі.

Кешеннің сыртқы ою-өрнектері автордың нобайымен өзгертіледі және «Бесікке салу», «Тұсау кесу», «Сүйінші» және  тағы басқа да ұлттық рәсімдерге байланысты рельефтік мүсіндермен, оюлармен өрнектеледі.

 «Алтын бесік»  ұлттық  кешен ретінде тәрбиенің іргелі орталығына айналып, онда «Бесікке салу», «Ат қою», «Тұсау кесу», «Сүндетке отырғызу» жә­не басқа да ұлттық тәрбиеге қатысты ар­найы кабинеттер болады. Орталықта халық дәстүрін терең білетін педагогтар, этнограф ғалымдар  еңбек етіп, болашақ ұрпақтың ұлтжанды болып өсуіне өз үлесін қосады.  Ұлттық кешен тек тәрбие орталығы ғана емес,  Астана қонақтарына, шетелден келген туристерге қазақ халқының салт-дәстүрін насихаттайтын, ұлттық қазынамызды шетелдіктерге таныстырып, ұлықтайтын  алтын қазыққа айналар еді»,  — дейді Боз Кенжеахметов.

Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтеді

Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтедіБүгін Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтеді, оған ЕАЭО қатысушы-мемлекеттерінің басшылары қатысады.

ЕАЭО елдерінің көшбасшылары газ, мұнай және мұнай өнімдері орталық нарығын қалыптастыруды қоса алғанда, ықпалдастықты тереңдетудің перспективаларын талқылайды, шет елдермен және өңірлік ықпалдастық бірлестіктерімен сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге қатысты пікір алмасады. Келіссөздер қорытындысымен ЕАЭО қызмет етуінің практикалық мәселелері бойынша бірқатар құжаттар қабылдау белгіленген.

Оның жұмысына Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Армения Президенті Серж Саргсян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаев және Ресей Федерациясы Президенті Владимир Путин қатысады деп жоспарланып отыр.

ҚазАқпарат