Домой Блог Страница 189

Алматы облысында мектеп формасын тігу бойынша жеңіл өнеркәсіп кластерін құру ұсынылуда

20160531100122Бұл ұсыныс жергілікті үлеске мониторинг жүргізу және отандық тауар өндірушілерді қолдау бойынша комиссияның міндетті мектеп киімін енгізу мәселелеріне арналған кезекті отырысында айтылды.

Кәсіпкерлер палатасы жүргізген мониторинг қорытындылары бойынша, соңғы екі жылда 734 мектептің ішінде 684-і бірыңғай мектеп формасын енгізді. Биылғы оқу жылында оларға тағы 30 мектеп қосылған. Міндетті мектеп формасымен барлығы 306 мыңнан астам оқушы қамтылды.

«2014-2015 жылдары мектеп киімінің бағасы 5000-нан 12000 теңгеге  дейін құраған. 2015-2016 жылдары — 9000-11500 теңге арасында болды. Ата-аналардың пікірінше, негізгі проблема матаның сапасы мен түсіне қатысты болып отыр, себебі бірінші жуғаннан кейін мектеп формасы бастапқы түрін жоғалтып отырады», — деп атап өтті АКП кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді төмендету бөлімінің сарапшысы Айдар Қажымұқан.

Осы себеппен көптеген оқу мекемелері мектеп киіміне тапсырысты «Ажар», «GLASMAN», «Сымбат» сияқты ірі тігін фабрикаларына береді, себебі шағын бизнестің бүкіл мектеп үшін киім тігуге технологиялық мүмкіндіктері жеткіліксіз. Осыған байланысты, Алматы облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Ләззат Шыңғысбаеваның пікірінше, облыс өндірістік кластерді құруға мұқтаж болып отыр.

ҚазАқпарат

2016 жылы Астанада жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін 5 пайызға дейін төмендету көзделуде

2016 жылы Астанада жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін 5 пайызға дейін төмендету көзделуде2016 жылы Астанада жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін 5 пайызға дейін төмендету көзделуде. Бұл туралы бүгін Астана қаласы Жастар саясаты басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ербол Рысбаев мәлім етті.

«Біздің мақсатымыз — жастарға жұмысқа орналасуға мейлінше көп мүмкіндіктер ашу. Ресми деректер бойынша, Астанада 200 мыңнан астам жастар бар. Олардың ішінде 13 мыңнан астамы студенттер. Жұмыссыздық әлеуметтік құбылыс ретінде болатыны анық, алайда Астана қаласының әкімдігі, «Астана жастары» мекемесі жасап келе жатқан жұмыстарының арқасында жұмыссыздықты төмендетуге қатысты қыруар істер атқарылды. 2014 жылы жұмыссыздық саны 6,3 пайыз болса, былтыр ол көрсеткіш — 5,8 пайыз деңгейінде тіркелді. 2016 жылы оның деңгейін 5 пайызға дейін түсіру көзделуде», — деп атап өтті ол «Астана жастары» КММ мен жұмыс беруші компаниялардың ақпараттық кездесуінде.

Кездесуге әкімдік пен жастардың ресурстық орталығымен қатар, оншақты елордалық компаниялардың өкілдері қатысты. Жиын соңында «Астана жастары» КММ мен жұмыс беруші компаниялар арасында әріптестік жөнінде меморандумға қол қойылды.

ҚазАқпарат

Спортшылар әуеде жарысады

Спортшылар әуеде жарысадыАлматы облысы Ескелді ауданында парапланерлық спорт түрінен халықаралық Азия чемпионаты басталды. Оған Қазақстанмен қатар Жапония, Үндістан, Ресей, Тайланд, Қытай және Оңтүстік Корея елдерінің спортшылары келді. Аталмыш сайыс Азия елдері арасында үшінші, ал біздің өңірімізде халықаралық деңгейде алғаш рет өткізіліп отыр. Шараның салтанатты ашылуында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Тұратбек Шарапиев құттықтау сөз сөйледі.

Сонымен қатар халықаралық Авиаспорт федерациясының төрағасы Р. Белчуна сөз алып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Ереже бойынша, әуеде ұшатын спортшылар белгіленген бағытты жылдам аралықта ұшып өтіп, көрсетілген нүктеге барынша дәл қону арқылы бақ сынайды. Талап бойынша, ең кемі 30 – 100 шақырым аралығында ұшуы тиіс.

Жарыстың мақсаты – парапланерлық спорт түрінің деңгейін көтеріп, ең үздік Азия чемпиондарын дайындау.

Спортшылар сайысына төрешілер Англия, Нидерланд, Индонезия, Сауд Арабиясы, жалпы әлемнің сегіз елінен келген. Чемпионат аптаның соңына дейін жалғасады.

Ұйқысыздықтан арылудың 10 тәсілі

Ұйқысыздықтан арылудың 10 тәсіліҰйқысыздық немесе инсомния, немесе агрипния — ұйқының ұзақтығы немесе сапасы, я болмаса, екеуінің де қанағаттандырмайтын қалыпты ұйқының бұзылуы. Ұйқысыздық – бұл адамның ұйқыдан болатын проблемалық жағдайы. Ұйқысыз көп адамдар тез көз іліп, артынша оянып кетеді. Ал тағы біреулер керісінше ұйықтауы қиын болады. Нәтижесінде ешқандай ұйықтай алмай, ертесі көңіл-күйінен байқалып тұрады. Жақсы ұйықтап тынығу үшін төмендегі 10 кеңестің пайдасы мол.

  1. Ұйқыңыз келмесе төсекке жатпаңыз.
  2. Егер, жиырма минут ішінде ұйықтай алмасаңыз, ұйқысыздықпен күресуге тырыспаңыз. Орныңыздан тұрып жалықтыратын кітап оқыңыз, әуезді музыка тыңдаңыз. Ұйқыңыз келгенше осыларды орындаңыз. Егер сіз түн ортасында ұйықтай алмасаңыз, сіз жай ғана жатып, радио тыңдауыңызға болады.
  3. Күнде бір уақытта тұрып, бір уақытта ұйықтаңыз. Демалыс күндеріде бұл ережені бұзбаған дұрыс.
  4. Ұйқы үшін қолайлы жағдай жасаңыз. Біріншіден, әрқашан бөлмені желдетіп, қалыпты температураны қамтамасыз етіңіз. Ұйықтар алдында төсек орыныңыздың өзіңізге жайлы екеніне көз жеткзіңіз.
  5. Кешке қарай серуендеңіз. Миыңызды тынықтырып, стресстен арылуға серуендеудің көмегі мол.
  6. Ұйықтардан 2 сағат алдын ой жұмысын тоқтатыңыз. Теледидар көріп, муызка тыңдап ойыңызды басқа жаққа бөліңіз.
  7. Ұйықтар алдында 1 стақан сүт немесе бал қосылған су ішіңіз.
  8. Өзіңді жайлы жерде жатқандай сезініп, денеңізді босансытыңыз.
  9. Жатар алдында әр-түрлі шөптердің қоспасы бар ванна қабылдап алғанда дұрыс.
  10. Тыныштандыратын шай ішіп, тынығыңыз.

anabol.kz

Шығыс сұлуларының күтіну әдістері

Шығыс сұлуларының күтіну әдістеріШығыс әйелдерінің бейнесі дегенде алдымен ауызға оралатыны – «байсалдық», «ұстамдылық», «құпия», «жұмбақ» сияқты сөздер екені баршаға аян. Ендеше, шығыстық сұлулықтың сырлары не, құпиясы қандай? Осыны танып көрелік.

 Шығыстық сұлулықтың негізі – ежелден келе жатқан түрлі рецептілер. Шығыстың дана халқы сан мыңдаған жыл бұрын сұлулықтың құпиясын ашып, олардың нақты «формулаларын» жазып кеткен және олар бүгінге дейін еш қасиетін жоймай, кеңінен қолданылуда. Жан сұлулығы – тән сұлулығы екенін түсінген халық тек табиғи өнімдер ғана шынайы сұлулықтың негізі екенін ежелден білген. Сондықтан да өсімдік майлары мен тұнбаларының қасиеттерін жіті зерттеп, оларды жөнімен қолдана алған.

Арган ағашының майы – араб әйелдерінің сұлулығы үшін таптырмас құрал. Арман майын олар ежелден қолданып келеді екен. Бұл өнімді олар шаш пен тері күтімі үшін пайдаланады. Бір қызығы, араб сұлулары арган майын терінің біркелкі тегістігі үшін ғана емес, оның хош иісі үшін де қолданады екен.

Амла тұнбасы немесе үнді тұшаласын шығыс әйелдері шаш күтімі үшін қолданады. Бұл өнім ұнтақ күйінде де, тұнба күйінде де сатылымда бар. Оны маска ретінде шашқа жағады. Нәтижесінде шаш қалыңдап өседі. Амла ұнтағын қолданып жүрген сусабынға қосып қоюға да болады.

Раушан суы – бет терісі үшін таптырмас құрал. Хош иісінің өзі қандай керемет?! Соңғы кезде көптеген қыз-келіншектер оны мицеллярлы су ретінде де жиі пайдаланып жүр. Раушан суы теріні тыныштандырып, беттегі қызылды, қабынуды жояды. Шығыс әйелдерінің тағы бір құпиясы – раушан суын олар тоңазытқышта сақтайды. Суықта тұрса, оның пайдасы артатын көрінеді.

Куркума – жастық пен сұлулықты сақтаушы күш. Әсіресе, бет терісі үшін таптырмас құрал. Шығыс әйелдері сондықтан да оны көп қолданады. Ал пәкістандық, үндістандық сұлулардың күйеуге шығар алдында беттерін куркумамен бояйтын дәстүрлері барын баршамыз білеміз.

Қына ұнтағының бояушы қасиеті барын баршамыз білеміз. Жасанды, түрлі химикаттар қосылған бояушы құралдардан қарағанда бұл табиғи өнімнің пайдасы мол және еш зияны жоқ. Сондықтан онымен шаш, қас бояйды. Сонымен қатар түссіз қынаны шашқа маска ретінде қолдануға болады.

Лимон қышқылы – теріні ағартушы табиғи құрал. Шығыс әйелдері беттерін ағарту үшін лимон шырынымен сүрткен. Сонымен қатар лимонның ішкі жұмсақ жағын бет терісіне скраб ретінде қолданған.

Қыша дәнегінің майын шығыс сұлулары шаш күтіміне кеңінен қолданған. Қыша майымен шашты сүртіп, оның өсуін жылдамдатқан. Бұл өнім шашты қалыңдатып, жылтырата түскен. Сондықтан шашыңыз жұқа немесе қысқа болса, қыша дәнегінің майын қолданыңыз.

 Halawa табиғи балауызы шығыс елдерінде кеңінен танылған, әрі қолданысқа енген. Halawa балауызы табиғи майлардың қоспасынан, парафин мен ара балауызынан тұрады. Оны сұлулар көп қолданады. Мысалы, балауызбен тырнақты сүртіп, оның беріктігін арттырады, сондай-ақ балауызды дезодорант ретінде де қолданады.

Хаммам немесе монша. Оларсыз шығыс мәдениетін көзге елестету қиын. Моншаның денсаулық пен сұлулық үшін тигізер пайдасы мол. Моншадағы бу мен ылғал теріні тереңнен тазалайды. Сондай-ақ артық салмақтан арылу үшін де моншаға жиі бару пайдалы.

Табиғи парфюмерия. Шығыс парфюмериясы спиртсіз, май негізінде дайындалады. Сондықтан да хош иісін ұзақ сақтайды. Осы орайда шығыстық сұлулар табиғаттың сан түрлі хош иістерін кеңінен пайдаланғанды жөн көреді. Түрлі өсімдіктермен табиғи өнімдер қолданады.

anabol.kz

ОҚО ескекшісі Әлем кубогі үшін таласта тұңғыш рет алтыннан алқа тақты

IMG-20160530-WA0003Байдаркамен каноэда ескек есу бойынша облыс тарихында алғаш рет Әлем кубогі үшін таласта жерлесіміз алтыннан алқа тақты. Тимур Хайдаров каноэда есуден 200 метрге жарыста жекелей қайықта сынға түсіп, үздік атанды. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Бұл — олимпиадалық қашықтық болып есептеледі. Оның үстіне Тимур Риоға жолдама жеңіп алған ең жас ескекші болып есептеледі. Жерлесіміздің бұл жеңісі байрақты сынаққа дайын екенінің айғағы.

Әлем Кубогі үшін талас биыл Чехияда жалауын көтерген болатын. Рачицада облыс қоржынына тағы бір жүлде салынған. Күмістен алқаны да Тимур жеңіп алды. Екінші орынды ол командаласы Мерей Медетовпен бірге иеленген еді.

Сонымен қатар, Оңтүстіктің ескекшілері Ұлттық құраманың сапында Германияда өткен Әлем Кубогінің алғашқы кезеңінде де жүлделі болды.Дуйсбургте Сергей Емельянов каноэда ескек есуден 500 метрге жарысып, қола жүлдеге ие болды.

Әлем Кубогі үшін бұл сынақтар отандық ескекшілердің Рио Олимпиадасының алдында дайындығын пысықтауға жақсы мүмкіндік болып табылады.

Естеріңізге салайық, ел тарихында алғаш рет Оңтүстіктің 6 ескекшісі Олимпиадаға лицензия жеңіп алған болатын. Әлем, Азия ойындарында алтыннан алқа таққан жерлестеріміздің ендігі белесі олимпиадалық медаль болып отыр.

Шардарада шегірткеге қарсы жұмыстар белсенді түрде жүргізілуде

malaya-aviatsiya-840x420Шардара ауданында зиянкестерге қарсы іс-шаралар қызу жүруде.Аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің мәліметіне сәйкес, дәл қазіргі сәтте Жаушықұм ауылы аумағындағы жайылымдық массивте 4600 гектар алқапта шегіртке анықталып, оның 3700 гектарына шегірткеге қарсы өңдеу жұмыстары жүргізілді деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Шегірткеге қарсы «Ахиллес» маркалы дәрі шашылып, аумақ 80 пайызға зарарсыздандырылды.

Бұл жұмыстарға 1 дельтоплан, 2 дәрі бүріккіш трактор, 1 газогенератор микроавтомашинасы, 3 су таситын автокөлік, 51 иыққа асылатын дәрі бүріккіш техникалары жұмылдырылған.

Шегіртке ошағын анықтау, жою жұмыстарына 4 маман қызметкер, шаруалардан 17 адам қатысуда.

Шегіртке пайда болған егістік алқаптың басында облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшылығы мен аудандық әкімдіктің жетекшілігі, салалық бөлім мамандары жүр.

Оңтүстікте Ұлттық жастар Дельфийлік ойындары өтті

13346447_984141698368836_1885383325368726620_nӨңірімізде өнерлі жастарды қолдау және ел арасында таныту, оларды толерантты рухта тәрбиелеу, кәсіби өсуіне ықпал жасау мақсатында Ұлттық жастар Дельфийлік ойындарының облыстық байқауы өткізілді. Биыл ХІІ рет шымылдығын түрген бұл байқауды Оңтүстік Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» ұйымдастырды.

Шығармашылық саланың 15 түрінен: фортепиано, баян-аккордеон, скрипка, домбыра, қылқобыз, академиялық ән салу, дәстүрлі ән, эстрадалық ән , халық биі, классикалық би, қазіргі заман биі, бейнелеу өнері, журналистика, поэзия және ұлттық қолөнер шығармашылығы сияқты номинациялар бойынша тартысты өткен шығармашылық додаға аудан-қалалардан 200-ден аса жастар қатысты.

Ұлттық рух пен шынайы кәсібилік турасында жарысқа түскен жастардың 39-ы түрлі өнер аталымдары бойынша дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Байқау жеңімпаздары биылғы екінші жарты жылдықта Ақмола облысы, Степногорск қаласында өтетін ХІІ Ұлттық жастар Дельфийлік ойындарының Республикалық байқауына жолдама алды.

«Парыз-2016» конкурсына қатысуға өтінімдер қабылданып жатыр

«Парыз-2016» конкурсына қатысуға өтінімдер қабылданып жатырАстанада 1 шілдеге дейін бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсына өтінімдер қабылданады,  деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Конкурс Қазақстан Республикасының барлық аумақтарында өткізіледі және оған шағын кәсіпкерліктің субъектілері қатыса алады. Конкурс лауреттары атақтары екі санатта беріледі:

1)  шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері

2)  ірі кәсіпкерлік субъектісі

Конкурс халықты корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік мәселелері бойынша кеңінен ақпараттандыруға бағытталған. Жалпы, 4 номинация қарастырылған: «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын», «Үздік ұжымдық шарт» және «Экологияға үлес қосқаны үшін».

«Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясында өз персоналын қолдауға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды (еңбекақыны және әлеуметтік төлемдерді төлеу, еңбекті қорғау, кадрларды кәсіптік даярлау мен қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру және т.б.) іске асыратын үміткерлердің кызметі қаралады;

«Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» номинацияда еңбек кызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады;

«Үздік ұжымдық шарт» номинацияда ҚР заңнамасында көзделген, қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады.

Қоршаған ортаны жақсарту бойынша табиғат қорғау (экологиялық) бағдарламаларды іске асыру кезінде ерекше көзге түскен кәсіпорындар «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясында сайысқа түседі.

Конкурс жөнінде толық ақпаратты Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының: 20-22-41, 21-98-01, 21-63-13 телефондары бойынша алуға болады.

Елордалық құтқарушылар «Қауіпсіз демалыс» акциясын өткізді

Елордалық құтқарушылар «Қауіпсіз демалыс» акциясын өткіздіЕлордалық құтқарушылар «Қауіпсіз демалыс» қалалық профилактикалық акциясын өткізді. Акция жазғы демалыстың басталуына орайластырылып, демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Өрт сөндірушілер, құтқарушылар мен сүңгуірлер балаларға өрт сөндіру техникасын, жабдықтарды көрсетіп, ашық суда өзін қалай ұстау керектігі туралы ережелермен және алғашқы көмек көрсету жолдарымен таныстырды. Оқыту конкурстары мен викториналарға жүздеген астаналық бала қатысты.

Жазғы демалыс кезінде балалардың отпен ойнауы салдарынан өрт шығу қаупі, су қоймаларында қайғылы жағдайлардың болуы артады. Өткен жылы өрт салдарынан алты бала көз жұмса, екеуі суға кеткен. Акцияның мақсаты осы сияқты төтенше жағдайлардың, балалардың өлімі мен жарақаттануының алдын алу, оларды өрт қауіпсіздігі ережелерімен, су қоймаларында өзін ұстану тәртібімен таныстыру болып табылады.