Домой Блог Страница 193

Астанада бос орындар жәрмеңкесі өтті

Астанада бос орындар жәрмеңкесі өтті«Жастар» сарайында Астана қаласының әкімдігі Жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен бос орындар жәрмеңкесі өтіп жатыр. Оған жұмыс іздеген жүздеген елорда тұрғыны мен қонақтары келуде. Бұл биыл өткізіліп отырған бесінші жәрмеңке, және бұл жолы шара әйелдер мен жастарға арналған, себебі Жұмыспен қамту орталығына жүгінетіндердің 60% әйелдер.

Жалпы, осы жылы 12 бос орындар жәрмеңкесі өткізіледі. Қазіргі кезде төрт жәрмекенің қорытындысы бойынша 116 адам тұрақты жұмыспен қамтылды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Биыл Жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналасқандардың тең жартысы әйелдер. Жыл басынан бері 2246 адам жұмысқа орналасқан, олардың 1086 әйел.

919 адам қоғамдық жұмыстарға тартылды, оның ішінде 620 әйелдер. Кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарына 397 адам жіберілді, оның ішінде 235-і әйелдер. Жастар практикасына 145  адам кіріскен болса, соның 221-і қыздар құрайды.

Қазіргі кезде қалалық Жұмыспен қамту орталығы 661 мамандық бойынша курстар ұйымдастыруда. Бүгінде Жұмыспен қамту орталығының мәліметтер базасындағы жұмыс іздеуші әйелдерге арналған 1 322 бос орны бар.

Елорда жастары қоғам қайраткері Бақытбек Смағұлмен кездесті

Елорда жастары қоғам қайраткері Бақытбек Смағұлмен кездестіЕлордамыз Астанада Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаты, «Қазақстан ардагерлері» Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Ассоциациясының Төрағасы, қоғамдық қайраткер Бақытбек Смағұлдың жастармен кездесуі өтті. Шара «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты – жастарды  рухани-адамгершілік, патриоттық тұрғыда тәрбиелеу, аға ұрпақтан жастарға мәдени-рухани құндылықтарды дәріптеу.

Ауған соғысындағы ерліктері үшін 2-ші дәрежелі «Айбын» Орденінің Кавалері, «Құрмет», «За заслуги», «Долг и честь» ордендерiмен, «Ауғанның от-жалыны”, «Мен көрген соғыс”, «Война, которую видел я”, «Қан кешкен күндер”, Халық Қаһарманы Бақытжан Ертаев туралы «Намыстың құлы – Алаштың ұлы”, «Қаһарман” атты жастарымызды отан сүйгiштiкке тәрбиелеп, ерлiкке баулитын патриоттық кiтаптарының авторы Бақытбек Смағұл жастарға өлеңдерін оқып, өміріндегі түрлі оқиғаларды баяндап берді.

Кездесу барысында депутат ең басты құндылықтарымыз —  еліміздің келісімі мен ауызбіршілігі деп, және де бұл асылдарымызды сақтауға баршамыз ат салысуға міндетті екенімізді ерекше атап өтті.

Астана қаласы жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Нұр Отан» партиясы  «Жас ұлан» жастар қанатымен  ұйымдастырылды.

zhastar.astana.kz

Маусым басталғалы Astana Bike жобасына 3 мыңға жуық адам қосылды

Маусым басталғалы Astana Bike жобасына 3 мыңға жуық адам қосылдыЕлордада сәуір айының ортасында Astana Bike велопрокат маусымы басталды. Велосипедпен жол жүруге қызығушылық танытатын елордалықтар саны күн сайын артып келеді. Биыл жүйені пайдаланушылар саны 2998 құрады. Ал экологиялық көлік түрін ұнататындарға қолайлы болуы үшін жақында «7 Континент» бизнес орталығында Astana Bike карталарын сататын қосымша пункт ашылды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Күн сайын «Мега Астана» сауда, ойын-сауық орталығында сағат 10:00 — 21:30 және «7 Континент» БО сағат 10.00-20.00 бір маусымға абонемент сатып алуға немесе балансты толықтыруға болады. Қазіргі кезде прокатты пайдаланған адамдар саны 114 мыңнан асып, 262 мың км жуық жол жүрілген.

Айта кетейік, пайдаланушыларға ыңғайлы болуы үшін онлайн-төлем жүйесі, мобильді банкинг (Halyk Bank) және Android және IOS негізінде әзірленген мобильді қосымша жұмыс істейді. Осылайша, пайдаланушылар, станциялар жүктемесін және орналасқан орнын қарай алады. Маусым басталғалы SMS арқылы прокатқа алудың 93 жағдайы тіркелген.

Қазіргі кезде Астанада 144 велостанция бар. Күйші Дина және Тәуелсіздік даңғылы қиылысында орналасқан станция көппәтерлі тұрғын үй кешеніне электр энергиясын тарту жұмыстарына байланысты алынып тасталды. Тұрғындардың шағымдануына байланысты «Нұрсая-2» тұрғын үй кешенінің жанындағы прокат та жұмыс істемейді. «Арай» паркінде велосипедтер көп пайдаланылмайды, сондықтан бекет жабылды. «Думан» қонақ үйі мен «Триумф Астаны» ТК жанындағы прокат техникалық себептерге абйланысты жойылды, «Astana Mall» СОО жанында да велосипедтер қойылмаған.

Еске салайық, прокат қызметін үнемді пайдалану үшін станциялар бір-біріне жақын орналасқан, олардың арасындағы қашықтық 300–500 метрді құрайды.

Елордада Оқушылар сарайында жеңімпаздар балы өтті

Елордада Оқушылар сарайында жеңімпаздар балы өттіАстанада Оқушылар сарайында дарынды балаларға арналған дәстүрлі «Триумф» балы өтті. Шара барысында республикалық, халықаралық ғылыми жобалар конкурстарының және жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне құрмет көрсетілді. Биылғы бал «Астана дарыны» ғылыми-практикалық орталығының 10 жылдығына арналды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Елордалық 150 дарынды оқушы холлда шыр айналып вальс биін биледі. Әдемі көйлектер киген қыздар, смокинг киіп, көбелек-галстук таққан жігіттер керемет атмофера орнатты. Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев түлектерді құттықтап, ересек өмірге аяқ басқан оқушыларға сәттілік тіледі.

— Бүгін ересек өмірге аяқ басқалы тұрсыңдар, ақ жол тілеймін. Сендер бақыттысыңдар, қаланың ең үздік мектептерінде оқып, білім алдыңдар, қалғаны өздеріңе байланысты. Елордада білім беруге жақсы қолдау көрсетіледі. Ендігі міндеттерің еліміздің нағыз азаматы болу. Барлық армандар мен жоспарларың орындалсын. Іске сәт,- деді Ермек Аманшаев.

Республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурсының жеңімпаздарын, сондай-ақ, халықаралық олимпиадалар жүлдегерлерін, ҚР олимпиадалық құрамасының мүшелерін дайындауға елеулі үлес қосқан қалалық жалпы орта білім беретін мекемелердің басшыларын, ғалымдарды салтанатты түрде марапаттау кештің маңызды сәттерінің бірі болды.

Шара барысында биылғы республикалық олимпиадада және ғылыми жобалар конкурстарында алтын алған 15 елордалық оқушы марапатталды. Ресми бөлімнен кейін мерекелік концерт өтті, отандық эстрада жұлдыздары мен жаңа бастаған орындаушылар түлектерді мектеп бітірулерімен құттықтады.

2015-2016 оқу жылында елордалық оқушылар АҚШ, Бразилия, Грузия, Ресей, Оңтүстік Корея мемлекеттерінде өткен халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда 268 медаль еншіледі. Республикалық олимпиада мен ғылыми жобалар конкурсында елордалық команда 10 жылдан бері жалпыкомандалық есепте І орын алып келеді, сондай-ақ, «Үздік команда» атануда. Биылғы оқу жылында астаналық оқушылар 97 жүлделі орын иеленген.

Сарыағаштық 40 азамат Солтүстік өңірлерімен танысып қайтуға аттанды

0

ffecc687-edde-4b35-b951-f19ccc373938

Сарыағаш ауданында «Серпін» бағдарламасын насихаттап, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

ОҚО мәслихатының хатшысы Қ.Айтөреев және мәслихат депутаттары қатысқан жиында ішкі көші-қонды реттеу арқылы өңір тұрғындарын Солтүстікке қоныстандыру туралы бастама айтылды.

Шара барысында Сарыағаш ауданы әкімі Б.Парманов ауыл жастарын солтүстік өңірлерге барып, ауыл шаруашылығындағы озық технологиялармен жұмыс жасап, тың жерлерді игеруге шақырды.

Аталған жиынға қатысқан аудан тұрғындары бағдарламаға үлкен қызығушылық танытып, сауалдарына тиісті жауаптарын алды.

Ұсынысты жүзеге асыру мақсатында Солтүстік өңірлерінің тыныс-тіршілігімен танысып қайту үшін жұмысшы топ құрылып, жергілікті 40 азамат Сарыарқа төсіне аттанды.

Теріскейге қоныстануға ниет білдірген бұл тұрғындар Солтүстік Қазақстанның табиғатымен танысып, жұмыс таңдауына мүмкіндігі бар.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Соңғы қоңырау салтанаты

Соңғы қоңырау салтанатыТалдықорған қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебі республикада 5 жыл қатарынан «Үздік олимпиадалық мектеп» деп танылды. Бұл туралы бүгін Соңғы қоңырау салтанатында мектеп директоры Дәуірхан Пірмағамбетов айтты. Сонымен қатар ол биылғы жылы 38 оқушы ғылыми конкурстар мен түрлі олимпиадалардың жеңімпаздары болғанын да атап өтті.

— Білімді, білікті мамандары көп ел ғана мықты мемлекет бола алады. Болашақта Қазақстанның озық 30 елдің қатарына кіруіне бүгінгі білімді ұрпақ үлес қосуы тиіс. Міне, осы бағытта Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жасап жатқан жұмыстарына сәттілік тілеймін. Құрметті түлектер! Бүгінгі күн Сіздер үшін ерекше күн, үлкен өмір жолының бастауы болғалы тұр. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында сіздерге ақ жол, сәт сапар тілеймін. Өмірде қанаттарың талмасын, озық ойлы, білімді, парасатты азамат болыңдар, — деп облыс әкімі Амандық Баталов ізгі тілегін жеткізіп, түлектерді тәрбиелеп, білім берген ата-аналары мен ұстаздарының атына да алғысын жеткізді.

Салтанатты жиын мектептің үздік оқушыларын номинация бойынша марапаттаумен жалғасты. Олимпиада жеңімпаздары, белсенділер, спортшылар, жас ғалымдар облыс әкімі мен мектеп директорының қолынан марапат алды.

Шет елдердің түрлі жоғары оқу орындарында студент атанған түлектердің де есімдері аталды. Олар – Мағжан Мұратов, Елена Ли, Алина Пак – Венгрия, Валентин Шумаков, Айым Бақытбайқызы – Сингапур, Жәңгір Қоржымбаев – Гонконг, Павел Мацко, Эвелина Кан Ресейге оқуға түскен.

Жалпы, Алматы облысында бүгін 737 мектепті 13 408 оқушы бітірді.

Қазақтың ұлттық ойындары туралы не білесіз?

Қазақтың ұлттық ойындары туралы не білесіз?Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам.

 Бұл ойындардың көбісінің ежелден қалыптасқан арнайы өлеңдері бар. Өлеңдер ойынның эстетикалық әсерін арттырып, балалардың өлең-жырға деген ыстық ықыласын оятып, көңілін көтереді, дүниетанымын арттырып, еңбекке баулиды, ширықтырып, шынықтырады.

 Этнограф – ғалымдардың пайымдауынша, ата-бабаларымыздан бізге жеткен ұлттық ойындарымыздың тарихы Қазақстан жерінде б.з.б. бірінші мыңжылдықта-ақ қалыптасқан. Олардың ішінде тоғызқұмалақ, қуыршақ, асық ойындары Азия елдерінде тайпалық одақтар мен алғашқы мемлекеттерде кеңінен тарады. Біздің қоғамыздағы ұлттық ойындардың негізі, шығу тегі халқымыздың көшпелі дәстүрлі шаруашылық қарекеттерінен бастау алады.

Бұлардың көбісі мал шаруашылығына, аңшылыққа, жаугершілікке негізділген.

Ахмет Жүнісовтың айтуынша (Фәниден бақиға дейін, — Алматы: «Қайнар», 1994), «Өзге халықтар сияқ-ты қазақтың да ертеден қалыптасқан, атадан балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын-сауық түрлері бар. Зер салып байқап отырсақ, ол ойын-сауықтар қазақтың ұлттық ерекшелігіне, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тығыз байланысты туған екен және адамға жастайынан дене тәрбиесін беруге, оны батылдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, күштілікке, төзімділікке т.б. әдемі адамгершілік қасиеттерге баулуға бағытталған екен». Ал енді, «Қазақстан. Ұлттық энциклопедия» кітабында қазақтың ұлттық ойындарының мән-маңызы туралы былай деп жазылған: «Қазақ ұлты негізінен ұрпақ қамын басты мақсат етіп қойып, балалардың нағыз азамат болып қалыптасуына аса зор мән берген. Нәтижесінде дәстүрлі бала тәрбиесінің басты құралы ретінде ұлттық ойынды орайластырып, дамытып отырған».

1. Аңға байланысты ойындар: ақсерек-көксерек, аңшылар, аңшылар мен қояндар, кірпіше қарғу, қас-құлақ, ордағы қасқыр.

2. Малға байланысты ойындар: аларман (қойға қасқыр шапты), асау көк, бура-қотан, көксиыр, соқыр-теке, түйе мен бота.

3. Түрлі заттармен ойналатын ойындар: ағаш аяқ, аққала, ақпа, ақсүйек, ақшамшық, алакүшік, алтыбақан, арқан аттау, арқан тартпақ, арқан тартыс, арынды арқан, асау мәстек, асық, аттамақ, ауыртаяқ, әйкел, әуетаяқ, батпырауық, белбеу соқ, белбеу тартыс, дауыстап атыңды айтам, епті жігіт, жаяу көкпар, жемекіл, жігіт қуу, жігіт ойыны, күзетшілер, күміс ілу, қамалды қорғау, қараше, қимақ, қыз қуу, лек (шөлдік), монданақ, орамал тастау, сақина жасыру, сиқырлы таяқ, тапшы, кімнің дауысы, таяқ жүгірту, тепе-теңдік, тобық, тұтқын алу, түйілген орамал, шалма, шертпек, шілдік, хал қалай?

4. Зеректілікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін ойындар: айгөлек, айдапсал, атқума, аударыспақ, бағана өрмелеу, балтам шап, бөріктастамақ, бұғнай, бұғыбай, бұқатартыс, бұрыш, біз де, егер…, жасырынбақ, жаяу жарыс, көкпар, көрші, күрес, қарамырза, қассың ба, доссың ба?, қындық-сандық, орын тап, отырмақ, санамақ, сұрақ-жауап, тасымақ, тасымалдау, тең көтеру, тымпи-тымпи, ұшты-ұшты, үй үстіндегі кім?, шымбике.

5. Соңғы кезде қалыптасқан ойындар: әріп таңдау, бригада, мейрамхана, нөмір, пароль, пошта, сымсыз телефон, сыңарын табу. Бұлардың ішінде бірқатар ойындар спорттық, той ойындары болып саналады. Ал енді, қазақтың ұлттық ойындарының ішінде «қуырмаш» тәрізді жас сәбилерге арналған да ойындар бар. Біз енді қазақтың ұлттық ойындарының негізгілерін талдап, тарқатсақ. Ақсүйек. Қыз-бозбалалар оны жазғы айлы түнде ойнаған. Ойын бастаушы жылқының бақай сүйегін, ол болмаса қойдың жілігін, немесе жауырынын, жамбасын қолына алып, ойынға қатысушыларға көрсетіп, белгілеп алады да, ойыншыларды екі топқа бөліп, алысырақ барады да ақсүйекті лақтырып жібереді. Қай топтың ойыншылары ақсүйекті бірінші болып тапса, сол топ жеңген болып саналады. Сүйек еті мүжіліп, далада жатып күнге күйіп, әбден ағарған болуға тиісті.

www.info-tses.kz

Саусақтарыңыз сізге қандай сыр айтады?

Саусақтарыңыз сізге қандай сыр айтады?Хиромант мамандар саусақты пішіміне қарай үшкір, төртбұрышты, доғал, салалы, қысқа деп беске бөледі.

 Үшкір саусақ Хирономия ілімі бойынша мұндай саусақ іскер,қызуқанды,әсершіл,шешемтал адамға бітеді. Сондай-ақ хироном мамандар үшкір саусақ иелері не нәрсеге де шыдамсыз, тұрақсыз, құбылмалы, жұрттың айтқанына ергіш, сенгіш келеді деп есептейді. Кейбірінің тіпті жеңілтек, қатыгез болуы да ықтимал екенін ескертеді.

 Төртбұрыш саусақ- Хирономия мұндай саусақты адамның тәртіпті, жинақы, табанды, ынталы һәм досқа адал болатынын айтады. Салт-дәстүрді ұстануға, адам сыйлауға бейім келеді. Нақтылы ғылымдарды игеруге қабілетті, ерік-жігері мықты. Алайда төртбұрышты саусақ иелерінен өзгеге ұқсамайтын ерек қасиет иелері шыға бермейді, өзі түсініп, ұғуға шамасы жетпейтін нәрсені мойындауы қиын. Ойламы да, іс-әрекеті де тек нақтылыққа, материалдық негізге табан тірейді. Мұнысы оның адымын аштырмай, күнделікті ұсақ-түйек тірліктің қызығына байлап тастайтын жағдайларда аз ұшырыспайды.

 Доғал саусақ- Саусақ бітімі мұндай жандар қайратты, жігерлі, дербес іс-әрекетке құштар һәм мақтан сүйгіштеу келеді. Басқаның ой-пікірімен санаса қоймайды, үнемі дерлік өзім білемін, өзімдікі дұрыс деген сенім жетегінде жүреді. Хирономия доғал саусақтылардан жұртты соңынан ерте білетін шешен-көсемдердің, мықты актерлардың жиі шығатынын алдыға тартады.

 Салалы саусақ- Мұндай адам қандай қиын шаруаны да қиналмай һәм мінсіз атқаруға қабілетті. Бауырмал, жақын-жуықтарына, дос-жарандарына қамқорлық жасауға әзір тұрады. Бірақ басына іс түскен, тығырыққа тірелген кездері тым ұсақтап, өзіне лайықсыз әрекеттерге бару, жоқтан өзгені қазбалап, жөн-жосықсыз қазымырлыққа салыну да салалы саусақтыларға жат қылық емес дейді хирономия.

 Сұқ саусақ- Оның ұзындығы ортаңғы саусақпен бірдей болса,онда ондай адамның әміршіл болу, даңқа жету мүмкіндігі өзгелерден әлдеқайда жоғары. Наполеон т.б. көптеген даңқты қолбасшылардың, елбасылардың саусақ бітімі осының дәлелі,- дейді мамандар.

 Шынашақтың салалы болуын да хирономия билікке, байлыққа қол жеткізетіндіктің нышаны деп біледі.

anabol.kz

Twitter өзгереді

TWEET_OPTIMISM_28_08_2013_v1Twitter қазір қаржылық қиындыққа тап болды. 24 мамырда MoffetNathanson брокерлік фирмасы компания акцияларына қатысты ұстанымын “бейтарап” мәртебесінен “сату керек” дегенге өзгерткен соң, оның бағалы қағаздары 4,8 пайызға – ең төменгі көрсеткіш 13,72 долларға құлдырады. Бірақ соған қарамастан, twitter микроблогтар сайты қолданушыларға жаңа мүмкіндіктер беретін өзгерістер туралы хабарлады.

Өзгерістер бірнеше айдан кейін ғана пайда болады деген мәлімет бар, әзірге компания олардың нақты уақытын айтпады. Сайтты қолданушылар үнемі хабарлама ұзындығы сілтемені қосқанда 140 белгіден аспайтынына наразылық білдіреді. Өзгерістерден соң бұл ереже сілтемелерге жүрмейді деген болжам бар. Одан бөлек, мәліметтермен жедел әрі оңай бөлісуге, басқа қолданушыға жіберуге мүмкіндік беретін “Ретвит” батырмасы пайда болады.

«Жастар — ауыл ресурсы» І шекаралық ауыл жастары слеті болып өтті

"Жастар - ауыл ресурсы" І шекаралық ауыл жастары слеті болып өттіОған Қазақстанның алты облысы, Ресей Федерациясының Башқұрт Республикасы мен Орынбор облысынан ауыл жастар қозғалыстарының көшбасшылары қатысты. Шара қонақтарының қатарында Нидерландыдан келген саяхатшылар да бар, деп хабарлайды Baq.kz.

Слет жұмысына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты. Өзінің сәлемдемесінде өңір басшысы кез келген мемлекеттің тірегі жастар екенін мәлімдеді.

— Мемлекет басшысы жастардың өздерін дамыту үшін қажетті жағдайлар жасап жатыр. Бүгінде жастарды қолдауға бағытталған көптеген мемлекеттік бағдарлама қабылданды. Мәселен, «Болашақ» бағдарламасы. 20 жылдан бері осы бағдарлама бойынша еліміздегі ЖОО түлектері әлемнің жетекші оқу орындарында тегін білім алып келеді. Бүгінде аталған бағдарламаның 10 мың қатысушысы экономиканың түрлі салаларында еңбек етіп келеді. Біз қолдау танытып келе жатқан екінші бағдарлама — «Жасыл ел», — деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.

Оның айтуынша, 2016 жылы Ақтөбе облысында осы бағдарламаны жүзеге асыру үшін 300 млн теңге бөлінді. Облыс әкімі аймақта жас ғалымдар кеңесі құрылғанын, оған көптеген талантты жастардың кіргенін, жастар ресурстық орталығы мен «Ақтөбе жастары» ұйымының жұмыс жасап келе жатқанын жеткізді.

— Біз жастар мәселесімен айналысатын жастар ұйымдарының бір бағытта бірлесе отырып жұмыс жасағандарын қалаймыз, — деді Бердібек Сапарбаев.
Өткізіліп жатқан шараның маңызы туралы «Жасыл ел» жастар еңбек тобы республикалық штабының жетекшісі Рахат Хамидуллин айтып өтті. Өздеріңіз білесіздер, 2005 жылы ел Президенті «Жасыл ел» қозғалысының тұсауын кескен болатын. 10 жылда оның қатарында 250 мың жас азамат ебек етті, ел аумағында 45 млн-нан астам тал екті.

Орынбор облысы жастар қозғалысының өкілдері Ақтөбе облысында үлкен тәжірибе барын алға тартып, тіпті үлгі алуға болатынын жеткізді.

Слет барысында ауыл жастары арасынан шаруалар мен бизнесмендердің, жастар ұйымдары көшбасшыларының жобалары таныстырылды. Шара барысында, сонымен бірге, республикалық «Гүлдене бер, туған ел!» марафон-эстафетасы акциясы және формальды емес пікірталас алаңдары ұйымдастырылды.