Домой Блог Страница 197

Бейбіт Шүменов 21 мамыр күні жекпе-жек өткізеді

Бейбіт Шүменов 21 мамыр күні жекпе-жек өткізедіАуыр салмақтағы WBA тұжырымының уақытша чемпионы қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменов (16-2, 10 КО) 21 мамыр күні америкалық Джуниор Райтқа (15-1-1, 12 КО) қарсы жекпе-жек өткізеді.

Кездесу Лас-Вегастағы (АҚШ) The Cosmopolitan аренада өтеді. Жекпе-жек АҚШ-тың Showtime телеарнасында көрсетіледі.

Айта кетейік, отандасымыз бүгінге дейін 18 жекпе-жек өткізіп, 16-сында жеңіске жетсе (10 КО), 2 қарсыласына жол берген. Ал Джуниор Райт 17 кездесу өткізіп, 15-інде жеңсе (12 КО), өткен жылы Мәскеуде Рахим Чахкиевтен 8-раундта нокаутпен ұтылған, тағы бір қарсыласымен тең түскен.

BNews.kz

ОҚО-да «Музей түні-2016» біркүндік акциясы өтті

index

Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі «18-мамыр Халықаралық музейлер күні» қарсаңында «МУЗЕЙ ТҮНІ – 2016» біркүндік акциясын өткізіп, келушілерге тегін қызмет көрсетті.

Мұнда келушілер үшін музейдің экспозиция залдарына тегін шолу экскурсиясы, жас өспірімдер орталығының коцерттік бағдарламасы, «Оңтүстік цирк» ұжымының қойылымы, танымдық-викториналық ойындар және «САҚ» киностудиясы түсірген анимациялы фильмдер көрсетілді.

Сонымен қатар, қолөнерші Бейісбековтар отбасының, балалар көркемсурет мектеп ұстаздарының шеберлік сабақтары өткізілді. Осы іс-шара аясында жеке коллекционер А.И.Яганиннің, «Отырар» кітапханасының, балалар көркемсурет мектебінің, жас өспірімдер орталығы балаларының шығармашылық көрмесі де ұйымдастырылды. Сондай-ақ, «Музей – халық айнасы», музей қорындағы құнды жәдігерлер коллекцияларының көрмелері көпшілік назарына ұсынылды.

Кешкі уақытта келушілерге ерекше әсер қалдыру мақсатында шамның жарығымен экскурсия жүргізіліп, оңтүстік өлкесі жайлы үздік аңыз-әңгімелер және түнгі музейдегі селфи байқауы ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталып сыйлықтар табысталды. Музейге келушілер «Зерде-Фито», «Визит», «Усадьба Ладушки», «Рахат» дүкендерінің жәрмеңкелеріне де қатысты.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Астанада Құран жарысы өтеді

Астанада Құран жарысы өтеді«Әзірет Сұлтан» мешітіндегі діни сауат ашу курстарының біржылдық оқу бағдарламасының аяқталуына орай бүгін шәкірттер арасында Құран жарысы өтеді.

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған Құран жарысына қатысуға «Әзірет Сұлтан» мешіті шәкірттері арасынан 73 үміткер тіркелген болатын. Солардың арасынан іріктеліп шыққан 6 шәкірт ертең ел алдында бақтарын сынайтын болады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар тапсырылып, сенртификатпен марапатталады.

Baq.kz

Google-ден дұрыс іздей біл

Google-ден дұрыс іздей білҒаламторда бəрі бар. Бірақ, барлық мүмкіндікті пайдаланып, барлық ақпаратты қарай алатындар аз. Іздеу салған кезде, басында шығарып берген 1-2 сайтты ашып қарап тоқтап қалмаңыз. Әр түрлі жолдармен іздеп көріңіз. Бүгін мен Google-де қалай дұрыс гуглдаудың əдістерін айтайық.

1. Нақты сөзді жазыңыз. Тырнақшаға алу арқылы сөзді іздеп көріңіз. Мысалы: «қорғаныс».

2. Бірнеше сөздерін білмейтін дәйексөзді тауып көрейік. Тырнақшаға аласыз, дәйексөзді жазасыз, белгісіз сөздің орнына * белгісін қоясыз. Мысалы: » жаңбырменен * көгерер».

3. Бірнеше сөзді бірден іздеп қарау. Ол үшін әр сөздің арасына / белгісін қойып іздейсіз. Мысалы: адам/табиғат/көлік

4. Сөйлемді іздеу, Мәселен, сіз сөйлемді толық жатқа білмейсіз. Бірақ, ондағы кездесетін бірнеше сөздерді жаттап қалдыңыз делік. & белгісін қою арқылы, білетін сөздеріңізді жазып, іздеп көріңіз.
Мысалы: «Флора мен фауна & маңызды».

5. Қажет емес сөздерді шығарып тастау. Өте пайдалы әдіс. Іздеу салған кезде, сізге керек емес ақпараттар да атып шағады. Соның алдын алу үшін іздейтін сөзіңізді жазасыз, керек емес деген сөзді «–» белгісі арқылы жанына жазасыз. Мысалы, опера -театр.

6. Ақпаратты анық сайттан іздейміз. Сайттың атын білетін болсаңыз, іздейтін сөзіңізді, сосын «:» арқылы сайтты жазасыз. Мысалы, Сұлулық зертханасы:www.jas.kz деген сияқты.

7. Құжатты типіне қарай іздеңіз. Ақпаратты табу оңайлайды. Pdf,doc т.б. құжат түрін жазып, тауып алсаңыз болады.

8. Қай тілде екенін таңдаңыз. Көп жағдайда біздер үшін орыс тілді сайттардың ақпараттары ғана шығады. тілдік типін таңдау үшін іздейтін сөзден кейін «:» қойып, ru, kz деп өзіңіз қалаған тілді жазасыз.

Сəттілік!

Бағила Ағайдар

Генадий Шиповских Елорда жастарымен кездесті

встреча (2)17 мамырда  Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің ең жас депутаты  Генадий Шиповских  жастармен кездесуінде Тәуелсіздік жылдарында Сексеуіл ауылының жетім баласы халық қалауымен  атағына қалайша қол жеткізгенін талқылады, деп хабарлайды қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасының баспасөз қызметі.

Шараның мақсаты – жастарда патриотизм сезімдері мен жауапты азаматтық ұстанымдарын қалыптастырып, оларға рухани- адамгершілік  тәрбие беру.

Кездесу Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай ұйымдастырылған «Тәуелсіздік тірегім» жобасы аясында өткізілді.

Шара аясында Генадий Шиповских өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, Қызылорда локоматив жөндеу депосында машинист көмекшісі ретінде жұмыс жолын бастағанын, Парламент Мәжілісінде жұмысшы табының мүдделерін қорғайтынын және де қазақ тілін деген ерекше ілтипаты жайлы баяндап берді.

«Мен өте бақыттымын!».

« Неге деп сұрайсыздар ғой? Мен өзімді орыс деп санамаймын. Бала бақша кезімнен  қазақ тілі ғана  болған. Сондықтан қазақ тілі маған жанымдай жақын.Алты жастан ғана мен орыс тілін үйрендім. Мен қазақпын деп сеніммен  айта аламын, 80 пайыз ағылшын тілін және екі тілді анық  атқарамын» —  деп айтты шара аяғында Генадий Шиповских.

Жастар аңызға айналған жас депутаттың  әңгімелерін  қызығып тыңдады.Шиповских Генадиймен кездесуі жастарға  ұмтылмас әсер қалдырды. Жастар сұрақтар қойып, пайдалы ақпарат алумен қатар болашақтағы игі істері  үшін жақсы уәждеме ынталанды.

Астана қаласы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен  «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатымен  ұйымдастырылды.

Елордамызда жастарға арналған тренинг өтеді

Елордамызда жастарға арналған тренинг өтеді2016 жылдың 20 мамырында Ресурстық орталық жастар саясаты саласындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру аясында 14 жастан үлкен жастарға арналған «Күйзеліс жағдайларынан шығу жолдары» атты семинар-тренингін өткізеді, деп хабарлайды қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасының баспасөз қызметі.

Семинар-тренингтің мақсаты: күйзелістік жағдайлардың теріс ықпалдарынан қорғау үшін күйзеліске тұрақтылықты жоғарлату және психика ресурстарын күшейту, қатысушылардың белсенді өмір сүру ұстанымдарын жоғарлату.

SOS Астана балалар ауылының «Мен маңыздымын» атты Жастар Ресурстық Орталығы интернат мекемелерінің түлектеріне және қиын өмірлік жағдайларда қалған жастарға тегін түрде жеке заңдық, әлеуметтік-психологиялық кеңестер береді, топтық тренингтер, құқықтық мәселелер бойынша семинарлар, ақпараттық қызметтер ұсынады.

Семинар-тренингтің бағдарламасы «Күйзеліс кезінде психологиялық өздігінен реттеу қағидалары» атты дәрісті, «Түсті көңіл-күй» жобалық әдістемесін, топтық жаттығуларды, күйзеліске тұрақтылық деңгейін анықтауды, бойын еркін ұстауға және өмірлік белсенділікті жоғарлатуға арналған тест-релаксацияны, сонымен қатар бейне-фильмді қарау мен талқылауды қамтиды.

«Алау» мұз сарайы көп функционалды спорт кешеніне айналды

«Алау» мұз сарайы көп функционалды спорт кешеніне айналдыКүн жылынғалы «Алау» мұз сарайы көп функционалды спорт кешеніне айналды. Енді онда бадминтон, үстел теннисін ойнап, уақытыңызды көңілді өткізе аласыз, сондай-ақ, роллерлер үшін 400 метрлік жол жасалған. Коньки тебуге келгендер үшін шағын мұз корт дайындалды. Ал жақын арада «Алау» мұз сарайындағы ойын-сауықтар шағын гольфпен толықпақ, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

– Біз Астанада бұқаралық спортты дамыту қолдаймыз. Сондықтан 1 мамырдан бастап барлық елорда тұрғындары мен қонақтарын біздің жазғы орталығына шақырамыз. Жазғы «Алау» спорт орталығы дүйсенбіден басқа күндері жұмыс істейді. «Алау» сағат 18.00-21.00 дейін жұмыс істейді. Келушілерге қолайлы болу үшін демалыс күндері үш сеанс ұйымдастырылады: біріншісі сағат 10.00-13.00, екіншісі – 14.00-17.00, үшіншісі – 18.00-21.00 аралығында, — дейді мұз сарайындағылар.

Ересектер үшін билеттің құны 1000 теңге, балалар үшін – 500 теңге. Келушілерге икемді жеңілдіктер жүйесі қарастырылған. 5 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға, зейнеткерлер мен III топтағы мүгедектерге 50% мөлшерінде жеңілдік жасалады. 5 жасқа дейінгі балаларға, І және ІІ топтағы мүгедектерге, көп балалы отбасылардан шыққан балалар мен балалар үйінің тәрбиеленушілеріне кіру мен жабдықтар тегін беріледі. Сонымен қатар, 1 маусымнан бастап мектеп жанындағы лагерьлер үшін 20% мөлшерінде жеңілдік қарастырылған. Осылайша балалар кіру мен жабдықтар үшін 800 теңге төлейтін болады.

«Алау» әрқашан өз қонақтарын қуантуға тырысады. Сондықтан орталық аумағында далада жағажай волейболын және шағын футбол ойнауға болады. Бұдан басқа, «Алау» МКҚК директорының орынбасары Ильдар Садықовтың айтуынша, биыл шағын гольф та енгізілмек.

Сондай-ақ, «Алау» МС әр түрлі турнирлер де өткізіледі. Жақын арада мұнда теннистен Елорда күніне орайластырылған Astana Сup – 2016 марафоны өтеді. 1 маусым -Халықаралық балаларды қорғау күні мұз сарайында ашық есік күні ұйымдастырылып, келушілердің барлығы орталыққа тегін кіріп, уақыттарын көңілді өткізе алады.

Елордада техникалық білім көрмесі өтеді

Елордада техникалық білім көрмесі өтеді23 мамырда сағат 10.00-16.00 аралығында Кәсіптік-техникалық колледжде «Астана – тең мүмкіндіктер қаласы» атты техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының көрме-фестивалі өтеді. Іс-шараға жалпы білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушылары қатысады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Мектеп оқушыларына еңбек нарығындағы жағдай, елордадағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары туралы қажетті ақпараттар ұсынылады. Олар техникалық мамандықтармен жақынырақ танысып, болашақ мамандықты таңдай алады.

Шара аясында кейбір мамандықтар бойынша шеберлік дәрістері өткізіледі. Көрмеге қатысушылар тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу жолдарымен, сондай-ақ, «Шаштараз өнері және сәндік косметика», «Дизайн», «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандықтары бойынша берілетін біліммен танысады, медбикелік іс мамандығы бойынша студенттер өз машықтарын көрсетеді. Фестиваль барысында аспаздық өнімдер демонстрациясы, студенттердің шығармашылық жұмыстарынан көрмесі ұйымдастырылады.

Өз-өзіңе деген сенімділіктің төмендегендігінің 5 белгісі

unichtozhajem-neuverennosty-v-sebe1. Перфекционизм

Өз-өзіне деген сенімсіздіктің басты белгісі. Идеалға жетемін деген немесе биік стандартқа ұмтылатын Перфекционист өз жұмысына қанағаттана бермейді, сондықтан критикаға жақын келеді. Ол идеал образға барынша ұмтылып, бұл қолынан келмеген сәтте өзінен көңілі қалады. Сол себепті өзін жақтыртпайтын жағдайға жетеді.

2. Депрессия

Атақты психолог Ларс Мадсленнің зерттеуіне қарағанда, депрессияға жиі түсу мен үнемі жағымсыз көңіл-күйде жүрудің тағы бір себебі — өзіне деген сенімсіздік. Сенің өз-өзіңді жақсы деп бағалауың — жеке даму мен қауіпті психологиялық ауру, яғни депрессиядан арылудың бірден бір жолы.

3.  Ақталу

Өз-өзін төмен бағалайтын адам басқалардың кері іс-әрекетін біле тұра, оны ақтауға тырысады. Олар бұны әр түрлі ситуациялардың болуымен және бәрін түсінуге болады деген аргументтермен ақтайды. Психологтардың пайымдауынша, өз-өзіне сенімсіз адам осы позицияны басқаларды талқылау барысында кездесетін өзіне бағытталған критикадан қашу мүмкіндігі деп біледі.

4. Бастама көтеруден аулақ болу

Профессионалды сферада адамға кедергі келтіретін өзіне деген сенімсіздігінің себебі- бастама жасаудан аулақ болу. Белгілі бір билікті қолына алған мұндай адам, міндетті түрде оны басқа біреуге тапсырады. Себебі ол өз ісінің нағыз маманы болса да, өзіне деген сенімсіздік солай жасатады. Жанындағы адаммен сөз таластырған кезде де, өз позициясында тұра алмай, қарсыласымен келісіп кетуі ғажап емес.

5. Шешім қабылдай алмау

Өз шешіміне деген жауаркершілікті мұндай адамдар өз мойнына ала алмайды. Олардың ешқандай шешім қабылдағысы да келмейді. Себебі олар қате жіберіп, шешімі дұрыс болмай қалудан қорқады. Ондай адамдар үшін ең жаманы — жақындарының тарапынан келетін сын.

Назерке Сүлен

Қаллеки театрында «Сарра» драмасының премьерасы өтті

Қ.Қуанышбаев  атындағы  Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында кезекті премьера өтті.

Туындының авторы  – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жазушы-драматург Роза Мұқанова. Ал режиссері аталмыш қойылымды сахналау үшін арнайы Қаллеки театрына шақыртылған – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық қазақ музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі және бас режиссері — Гүлсина Мерғалиева. «Сарраны» – Ләйла Бекназар -Ханинга,  Майра Омар және Сая Тоқманғалиева сомдады. Ажар бейнесін — Айнұр Бермұхамбетова, Гауһар Жүсіпова, Алтынгүл Серкебаева сахналады.

Сарра – ұрпақ үшін тәуекелге барып, өз махаббатын құрбан етеді. Спектакльде Сараның және Ажардың үш түрлі образы, мінезі көрсетіледі.

https://www.youtube.com/watch?v=ts0BGgnRQnI