Домой Блог Страница 210

Адам тани аласың ба?

загруженоАдам тану үшін оның ісіне, жүзіне қарасаң жеткілікті.

Бұл өмірде адамдардың жан-дүниесін танып-білудің, әрқайсының сана-сезімімен санаса келіп, олардың жеке-дара өзгешеліктерін түсіне білудің маңызы айрықша. Ол әрине, өзара қарым-қатынас жасау, сыйласу барысында анықталатын қасиеттер. Тек есте болатын бір жағдай, жеке адамның әртүрлі ерекшеліктерінің дамып, қалыптасуы оның өзі өмір сүріп отырған ортасына, ондағы қоғамдық қатынастарға (экономикалық, саяси) тәуелді. Өмірдің бір орында тұрмайтыны белгілі. Адамның айналасындағы жағдайлар үнемі өзгеріп отыратындықтан, оның әртүрлі психикалық өзгешеліктері де біртіндеп өзгеріске түседі. Соған қарамастан, адамның сыртқы кескін-келбеті, жүріс-тұрысы, сөйлесу, сәлемдесу әдебі, ұйықтау, отыру мәнері арқылы-ақ оның қандай мінезді, ақыл-парасатының, ерік күшінің, белсенділігінің қаншалықты екенін аңғаруға болады, деп есептейді адам тану бойынша зерттеу жүргізушілер.

Кімнің кім екенін кескін-келбетіне қарамай-ақ, ісінен де білуге болады ғой. Бұл орайда біздің данагөй қазақ былай дейді:

Туыстың кім екенін, басыңа іс түсіп, жалалы болғанда білерсің.
Бауырдың кім екенін, жаның күйзеліп, жаралы болғанда білерсің.
Достың кім екенін, өмір өткелдерінен өтіп, саналы болғанда білерсің.
Жолдасың кім екенін, басыңнан бақ тайғанда білерсің.
Баланың кім екенін күш-қуатың кетіп, қартайғанда білерсің.
Келіннің кім екенін, жағдайың кетіп, жантайғанда білерсің.
Әйелдің кім екенін, шаңырағың шайқалғанда білерсің.

Адам тану – даналықтың қайнар көзі. Ағат айтқан бір сөзі, жаңсақ басқан бір қадамы, өтініш, тілегіңді кешеуілдетуі – асығыс шешім қабылдауға, ол кісі туралы теріс пікірде болуға негіз емес. Өйткені, оның әртүрлі себебі бар болуы мүмкін. Ал адамдардың кейбірі сылтау, себеп айтуға ұялады, тіпті арланады да. Осы есіңізде болсын. Кінәсіз бола тұра ақталғысы келмейтіндер де, «менің ақтығыма сенеме, сенеді, сенбейді ме, өзі білсін», — дейтіндер де бар. Оның бәрі адам жанының күрделілігінен.

Жүсіп Баласағұни айтқан екен: «Кісі танымақ болсаң, ісіне қара», — деп. Адамның уәдесінде тұра білуі, өзгеге жақсылық жасауы, малға да, жанға да мейірімді болуы, жомарттығы, кеңпейілділігі, қарапайым, мәдениеттілігі, еңбекқорлығы оның қандай адам екенін айтқызбай-ақ танытады, өскен ортасы мен алған тәлім-тәрбиесінен де мол мағлұмат береді. Ал мұның сыртында адамның киген киімі мен үйінің тазалығы, ұстаған құрал-жабдықтарының, көлігінің жағдайы, қатысатын ойын-сауығы, әуес әдет-ғұрыптары да оның жан-дүниесінің айнасы. Бұл орайда біздің қазақ тағы да былай дейді:

Жігіттің астындағы атын көріп, жетер жерін біл.
Атының ер-тұрманын көріп, жігіттің шыққан тегін біл.
Үстіндегі киген киімін көріп, кісілігін, жігіттігін біл.
Сөйлеген сөзін тыңдап, алған білімін, тәлім-тәрбиесін біл.
Алайда біздің қазақ осылай деп отырып, ойын былайша да қорытады:
Алтын табақтан ас іш-кеніңнің керегі не, ішкен асыңның дәмі болмаса.
Ұзақ ғұмыр кешкеніңнің керегі не, ғұмырыңның мәні болмаса.
Еңсесі биік шаңырағыңның керегі не, астында сәні мен әні болмаса…

Мамандардың айтуынша, қоғамдық орында сөз сөйлейтін болсаң, кәсіп таңдап, жұмыс іздесең, біреумен танысып, әңгімелесуге ниеттенсең, бастықтарыңнан еңбекақыңды өсіруді өтінгің келсе, ең бірінші, бойыңды түзе, кескін-келбетіңе, киім-кешегіңе көңіл бөл, айтатын сөзіңді алдын-ала дайындап ал, өзіңе-өзің сенімді бол. «Біздің қимыл-қозғалысымыз өзіміздің жеңісімізді белгілеп келеді. Біз өзіміздің қимыл-қозғалысымызды меңгеріп алуымыз керек», — деп жазушы Георги Еллиот айтып кетпекші, адамның дене бітімі мен іс-әрекеті оның психологиялық бейнесін өзгертуге, тіршіліктегі жапа-машақатты кедергілерді жеңуіне көмектеседі.

info-tses.kz

Ұлыбританияда Титаниктен жазылған бірінші хат аукционға қойылды

Ұлыбританияда Титаниктен жазылған бірінші хат аукционға қойылдыҰлыбританияда «Титаникте» жазылған және кеменің бірінші және соңғы саяхатқа аттануға бірнеше сағат қалғанда жіберілген алғашқы хат аукционға  қойылмақ.

Хатты  1912 жылы 10 сәуірде  Пол Дэнби сол кезде Манчестерде тұрып жатқан әйелі Роузге жазған. Бұл күні «Титаник» Саутгемптоннан Нью-Йоркке аттанды, ал хат авторы әйелінің ағасын,  ұлыбританиялық парфюмер Адольф Заальфельдті шығарып салған,  деп жазды informing.ru.

«Қымбаттым Голль (Голль -Пол Дэнби әйелін осылай атаған, ред.)», — деп жазды Дэнби. — «Біз бұл кемеден хат жазып жатқан алғашқылардың біріміз».

Сондай-ақ Пол өз хатында ағасының каютасын сипаттап, оның кең, қонақ үйдегі номер сияқты екенін, ыңғайлы диван мен электр желдеткіші бар екенін жазды.

Атап өтейік, хат «Титаниктің» фирмалық бланкінде неміс тілінде жазылған. Ол әзірге 21 мың долларға бағаланып отыр.

ҚазАқпарат

«Жастар Жалыны – 2016» фестивалінің ашылу салтанаты өтті

Бүгін Астана қаласы жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен «Жастар Жалыны – 2016» атты шығармашыл жастар фестивалінің ресми ашылу салтанаты өтті. Дәстүрлі іс-шара Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.

Шараның мақсаты — жастардың азаматтық және шығармашылық белсенділігін арттыру, дарынды жастарды анықтау және тәуелсіздік тағылымын таныта отырып, патриоттық рухта тәрбиелеу.

Фестивальға елорданың 12 жоғары және 14 кәсіптік-техникалық оқу орындарынан 1000-нан аса жас қатысады деп жоспарлануда.

Еске сала кетейік, «Жастар жалыны фестивалі» 2013 жылы бастау алған болатын. Содан бері Астаналық оқу орындарының жас таланттарын бір сахна төрінде біріктірген  фестивалді өткізу дәстүрге айналды. Алайда,  жыл сайын фестиваль жаңа мүмкіндіктерімен, қызықты номинацияларымен ерекшеленеді.

Биыл «Жастар жалыны – 2016» фестивалінің үздіктері «Эстрадалық ән байқауы», «Ең үздік волонтерлік жоба», «Ең үздік видеоролик», «Ең үздік студенттік клуб», «Квест», «Не? Қайда? Қашан?», «Халық биі және қазіргі заманғы би», «Ең үздік жанкүйерлер байқауы», «Авторлық оқу»  және «Музыка аспаптарында ойнау» тәріздес 10 номинация бойынша анықталатын болады.

Фестивальдің қорытынды гала-концерті 13 сәуір күні астаналық Конгресс-Холл концерт-залында өтеді.

«Біз ғашық жандармыз» атты байқауға қатысыңыздар!

«Біз ғашық жандармыз» атты байқауға қатысыңыздар!Jas.kz ақпараттық-танымдық порталы 15 сәуір – Ғашықтар күніне орай «Біз ғашық жандармыз» атты байқау ұйымдастырады.

Байқаудың басты мақсаты:

  • Ұлттық мәдениетімізді ұлықтап, тарихымызды бүгінгі көзқарас тұрғыснан насихаттау;
  • Жастардың әлеуметтік желіде сауатты жазуына көңіл бөлу;
  • Жастардың арасындағы бір –біріне деген адал, пәк, кіршіксіз таза сезімдерді дәріптеу;
  • Әлеуметтік желідегі позитив ақпараттардың санын көбейту.

Байқау бойынша талап:

  • Екі жас өздерінің махаббат хикаясын қысқаша жазып (love story), суретімен бірге Facebook, Instagram немесе ВКонтакте желісі арқылы #15сәуір және #omirartstudio хештегтерін қолданып, жариялау керек.

Байқау сәуір айының 15-сі, сағат 18:00-ге дейін жалғасады. Жеңімпаздардың есімі 15 сәуір күні кешке анықталады.

Жеңімпаз екі жасқа ұлттық нақыштағы бұйым жасаудың шеберлері Өмір арт студиясынан құнды сыйлық табысталады.

Елордада үздік әлеуметтік жобалар конкурсы басталды

Елордада үздік әлеуметтік жобалар конкурсы басталдыАстанада Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобалар конкурсы басталды. Елордалық Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылдауда, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Конкурсқа халықты әлеуметтік қорғау жүйесі шеңберінде қызметін жүзеге асыратын қоғамдық бірлестіктер, мүгедектер ұйымы, басқа да мекемелер мен ведомстволар, жеке тұлғалар мен басқа да үкіметтік емес ұйымдар қатыса алады.

Конкурсқа халықтың әлеуметтік осал топтарының өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында өмірлік қиын жағдайға тап болған тұлғаларға көмек көрсетуге бағытталған кемінде 1 жылдан астам уақыттан бері іске асырылып жатқан әлеуметтік жобалар жіберіледі.

Қалалық іріктеуден өткен әлеуметтік жобалар республикалық көрмеге қатысады.

Конкурсқа қатысу шарттарымен Астана қаласы Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының сайтында немесе 21-22-61, 21-62-17 телефондары арқылы танысуға болады.

ҚазАқпарат

Елордада 2017 жылы бес балабақша ашылады

Елордада 2017 жылы бес балабақша ашылады2017 жылы елордада жаңадан бес балабақша ашылады. Бұл туралы Астана қалалық əкімдігінде мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобаларының таныстырылымына арналған дөңгелек үстел барысында «Astana Innovations» АҚ Мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту басқармасының басшысы Əлия Бикеева мəлім етті.

«№29 жəне  №36 көшелерінің қиылысында ашылатын балабақшаның инвестициялық құны — 1 млн 536 мың теңге; Хусейн бен Талал көшесі мен  №36 көшенің қиылысындағы балабақшаның құны — 1 млн 419 мың теңге;  №200 жəне  №321 көшелердің қиылысындағы балабақшаның құны — 1 млн 093 мың теңге, Е51, Е54, Е77, Е79 көшелерінің қиылысындағы балабақшаның инвестициялық бағасы — 1 млн 279 мың теңге, Алматы көшесіндегі — 1 млн 092 мың теңге», — деп мəлім етті Ə.Бикеева.

Бұл балабақшалар 1 440 бүлдіршінді мектепалды біліммен қамтиды.

ҚазАқпарат

Қазақстанда заң жобаларын ашық талқылауға арналған портал жұмысын бастады

Қазақстанда заң жобаларын ашық талқылауға арналған портал жұмысын бастады«100 нақты қадам» — Ұлт жоспарының 94-ші қадамы мен Қазақстанның ашық үкіметін дамыту бағдарламаларының аясында «Ашық нормативті құқықтық актілер (НҚА)»legalacts.egov.kz порталында ашық талқылауға арналған заң жобалары жарияланған.

Қазіргі таңда азаматтар «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Жарнама туралы» ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Стандарттау туралы» заң жобалары бойынша өз ой-пікірлерін білдіре алады», деп хабарлайды «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның баспасөз-қызметі.

Бұған қоса, 10 сәуірге дейін порталда «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жөнінде, сондай-ақ кедендік реттеу туралы» кодекс жобасы тұжырымдамасы қоғамдық талқылауға ұсынылады.

«Ашық НҚА» порталы — азаматтарға қоғамдық бастамаларды, нормативті құқықтық актілерді және мемлекеттік органдар шешімдерін қарастыру үрдісіне қатысуын қамтамасыз етеді. Дәлірек айтқанда, мүдделі орган бекітпес бұрын әзірлеуші органдар жобаларды қоғамдық талқылауға  порталға орналастырады. Талқылау нәтижелері де  сол порталда жарияланады.

Бұған дейін, мемлекеттік қызметтер талқылауы электрондық үкімет аясында eGov порталында өткен болса, қазіргі таңда, «Ақпаратқа қолжетімділік» заңының қабылдануы арқасында барлық заң жобаларының тұжырымдамалары, НҚА жобалары мен мемлекеттік қызметтің стандарттары міндетті түрде «Ашық НҚА» интернет-порталында қоғамдық талқылаудан өтеді.

ҚазАқпарат

Гарри Поттер туралы романдар авторының орындығы Нью-Йоркте 394 мың долларға сатылды

Гарри Поттер туралы романдар авторының орындығы Нью-Йоркте 394 мың долларға сатылды2009 жылы Джоан Роулинг 1930 жылы еменнен жасалған орындығын қайырымдылық бәссаудасына шығарған болатын.

Бүкіл әлемге танымал жазушы әйелдің Эдинбургтағы пәтерінде мұндай орындықтардың төртеуі бар, бірақ бұл жиһаз заттары ерекше құнды болған жоқ. Ал саудаға шығарылған орындық Гарри Поттерді сүюшілер үшін құнды болды, себебі Роулинг бұл орындықта отырып, атақты сиқыршы бала туралы екі роман жазған.

Бәссауданың алдында жазушы орындықта: «Мүмкін, сіздерге әдемі болып көрінбеспін, бірақ сыртыма қарап бағаламаңыздар. Мен «Гарри Поттерді» осы орындықта отырып жаздым», — деген жазба қалдырды.

Кейіннен бұл орындықты белгісіз сатып алушы 29 мың долларға сатып алды. Бұған дейін ол Нью-Йорктегі бәссаудаға қайта шығарылған екен. Жиһаз заты алдын ала онлайн-саудада 65 мың долларға жеткен, ақыры лот рекордтық сома — 394 мың долларға сатылды.

ҚазАқпарат

Астанада 100 теңгелік үш паркинг салынады

Астанада 100 теңгелік үш паркинг салынадыАстана қаласының әкімдігі үш жабық паркинг салуды жоспарлап отыр. Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік, яғни шағын және орта бизнеспен бірлесіп тұрғызылатын жабық автотұрақтардың бағасы күндіз 100 теңге болса, түнде 600 теңгені құрайтын болады, деп хабарлайды Baq.kz.

Айта кеткен жөн, паркинтердің үшеуі де Есілдің сол жағалауында салынады. Оның біріншісі Қабанбай батыр, 32/1 мекен жайы (көлік және коммуникациялар министрлігі алдында) бойында тұрғызылса, екіншісі Орынбор, 8 (жоғарғы соттың жанында), ал үшінші паркинг Достық көшесі бойымен орналасқан Мәскеу бизнес орталығы маңайында салынады.

Аталған жобалар концессия негізінде салынатын болады. Ондайда жергілікті билік қажетті инженерлік желілерді тартып, жерді, сондай-ақ болашақ нысанды ұзақ мерзімге коммерциялық мақсатта пайдалануға рұқсат береді. Бизнес болса, қаржыны құйып, құрылыс нысанын тұрғызады. «Ол ақшаның 10 пайызы концессионердің өз қаржысы болуы шарт. Қалған 90 пайызын заем ретінде тартуға болады», — дейді «Астана Innovations» АҚ мемлекеттік-жеке мешік серіктестікті дамыту басқармасының бастығым Әлия Бикеева. Бүгінде аталған үш нысанға конкурс жарияланып отыр. Құрылыс мерзімі – 2017-2018 жылдар.

Жоспарға сәйкес, Қабанбай батыр бойындағы паркингтің жалпы құны — 2,2 млрд. теңге. Ол жерде 568 орын болады. Орынбордағы автотұрақ – 1,9 млрд. теңге, 472 орын. Ал Достықтағы паркинг 1,3 млрд. теңгеге бағаланып отыр. Ол 300 орынға есептелген.