Домой Блог Страница 226

Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры Халықаралық кіші форм театр фестиваліне қатысады

Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры Халықаралық кіші форм театр фестиваліне қатысады

Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры Челябинск қаласында (Ресей)  МАУ «Спартак балалар мен жасөспірімдердің кино-театр орталығы» өткізетін «CHELoBEK ТЕАТРА»  IV Халықаралық кіші форм театр фестиваліне қатысады.

Астана қалалық Қ. Қуанышбаев  атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры ақпан айының 26 мен наурыз айының 3 аралығында Челябинск қаласында МАУ «Спартак балалар мен жасөспірімдердің кино-театр орталығы» өткізетін  «CHELoBEK ТЕАТРА»  IV Халықаралық кіші форм театр фестиваліне А. Вальехоның «Күн сәулесі түспеген» психологиялық драмасымен қатысады, деп хабарлайды театрдың ақпарат орталығы.

Аталмыш фестивальге Қазақстан атынан Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры тұңғыш рет қатыспақ.

Спектакльдің қоюшы режиссері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері – Н.Жұманиязов. Қазақшаға аударған – Е.Жуасбек.

Қойылымның  бас  кейіпкерлерін – ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Ақыш Омар, Нүркен Өтеуілов, ҚР Жастар Одағы сыйлығының иегері – Майра  Омар,  ҚР «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының иегері – Сырым Қашқабаев және актриса Айман Карпсейітовалар сомдамақ.

Биылғы жылы «CHELoBEK ТЕАТРА»  IV Халықаралық театр фестиваліне 100-ге тарта театр ұжымы өтініш білдіріп, фестивальдің  ұйымдастыру тобы 13 спектакльді таңдады. Театр фестиваліне – Қазақстаннан өзге Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан мемлекетінен 13 театр ұжымы  қатысады. Спектакльдер Челябинск қаласындағы – Жаңа көркем театр, «Омнибус», «Наш дом» театрлары сахнасында өтеді. Сондай-ақ, фестивальдің ұйымдастырушылары күнделікті қойылымдардың онлайн көрсетілімдері де болатынын хабарлап отыр. Қазылар алқасының құрамында танымал театр мамандары – Капитолина Кокшенева, Татьяна Котович, Нина Мазур, Нина Шалимова, Александр Вислов бар.

Елордада ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өтеді

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ауылдың өркендеуі – Қазақстанның өркендеуі» акциясы аясында 29 ақпан — 6 наурыз аралығында күн сайын «Думан» ойын-сауық орталығы алдында ауыл шаруашылық жәрмеңкелері өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

qDyvb5nK2nQ

Жәрмеңкеде Астана қаласының және Ақмола облысының жақын аудан тауар өндірушілері мен жеткізушілері өз өнімдерін ұсынады. Негізгі азық-түлік өнімдерінің түр-түрі, атап айтқанда картоп, пияз және көкөністердің басқа түрлері, сонымен қатар қышқыл сүт өнімдері, кондитерлік және макарон өнімдері сатылады.

Жәрмеңкеде ұсынылған тауарлардың бағасы қалалық базарлардағы бөлшек сауда бағаларынан төмен болады. Өткізілу уақыты таңғы 9:00-ден кешкі 18:00-ге дейін.

baq.kz

Қымыздың 10 түрлі емдік қасиеті

Ертеден ата-бабаларымыздан келе жатқан құрт, айран, шұбат, қымыз, жент т.б. тағамдарымыздың орны ерекше. Бұл тағамдар тойымды, шөл қандыратын қасиетімен қатар, денсаулыққа тигізетін әсері де мол. Сондай ұлттық тағамдардың ең құрметтісі, сапалысы – қымыз.
Қымыздың 10 түрлі емдік қасиеті

Қымыздың емдік қасиеттері:

1. Ашығудан кейін қымыз ішу буын ауруларына (атрофтикалық артритке) өте пайдалы, оны желдеткіш (стимулятор) және байланыстырып біріктіретін зат ретінде қолдануға болады.
2. Адам денесінің күш-қуатын арттырады, бүйрек пен бауырды қанықтырады, қан тамырларын тазалайды.
3. Буын ауруларымен сүйектің қақсауын (атрофикалық артрит, ревматикалық артрит), еркектік күшті (эректикалық дисфункция), жүйкенің жұқаруын, бас айналуын, созылмалы сары ауру (гепатит), ұйқысыздық, ішектегі жара (гастрит) сияқты аурулардың алдын алады немесе жеңілдетеді.

4. Қымыз іштегі ыстықты азайтады.
5. Қымыз адамның физикалық жағдайын жақсартады, тәбетін ашады, ас қортуды жақсартады.
6. Қымыздың құрамында жыныс гармондарына жақсы әсер ететін ферменттер бар. Бұл әйелдерді бедеуліктен, ерлерді белсіздіктен қорғайды.

7. Құрт ауруларының алдын алады, ауырған адамның қайта қалпына келуіне жақсы ықпал етеді.
8. Салданудың алдын алады.
9. Жаңа босанған келіншектің сүтін молайтып, нәрлі етеді.
10. Ашыған қымыз шөлді басып, қантамырды қордаланған зиянды қалдықтардан тазартады. Іш қатудың алдын алады.

Сондай-ақ, қазіргі медицинада қымызды антибиотиктермен және басқа да дәрі-дәрмектермен байланыстыра отырып, өкпе туберкулезінен, бүйрек, сүйек ауруларына және де ішек-қарын, жүрек, қантамырлары ауруларын емдегенде, сондай-ақ дәрумендер жетіспегенде қолданып жүр.

baq.kz

Алматы жастары Универсиаданы қолдауға арналған флешмоб өткізді

Алматы жастары Универсиаданы қолдауға арналған флешмоб өткіздіАлматы жастары 2017 жылы өтетін қысқы Универсиаданы қолдап, флешмоб өткізді. Оған қаладағы 10 жоғары оқу орнының студенттері қатысты.

Бір қызығы, бұл мәдени шара байқау ретінде ұйымдастырылды. Сайыс нәтижесінде, әртүрлі музыкаға билеген үздік топтар анықталды. Мұндағы мақсат — жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.

«Байқау шарты бойынша әр топ 10-15 адамнан тұруы тиіс. Сондай-ақ командаларға бір киім үлгісін кию ұсынылды. Қазылар алқасы осы талаптардың орындалуын және таңдалған әнге де мән берді. Сайысқа барлық топ жақсы дайындалғаны көрініп тұр»,- деді Алматы қаласы салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының дәрігерлік-дене шынықтыру бөлімінің меңгерушісі Рыскүл Мирманова.

Байқау қорытындысы бойынша, Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының студенттері бірінші орынды иеленді. Алдағы уақытта мұндай би сайысы колледж түлектері арасында өткізілмек.

baq.kz

Павлодарда үшем дүниеге келді

Павлодарда үшем дүниеге келдіПавлодарда қаңтар айынан бастап осымен екінші үшем дүниеге келді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы агенттікке Павлодар облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігері Айман Оспанова мәлім етті.

Әрқайсының салмағы бір келі 600 келіден тұратын үш бала дүниеге келді. Балалаh мен анасының денсаулығы жақсы. Нәрестелер әзірге жансақтау бөлімінде. Себебі балалар мерзімнен бұрын туған. Дегенмен, бұл — қалыпты жағдай, — дейді А. Оспанова.

Илья Ильин әлемнің ең үздік ауыр атлеті атанды

Илья Ильин әлемнің ең үздік ауыр атлеті атандыҚазақстандық зілтемірші 2015 жылдың қорытындысы бойынша әлемдегі ең үздік ауыр атлетші деп танылды. Бұл туралы Ауыр атлетиканың халықаралық федерациясы хабарлады.

Дауыс беру кезінде әлем бойынша жанкүйерлердің басым көпшілігі Қызылорда қаласының тумасы үздік деп шешкен. Ал әйелдер арасында Қытай спортшысы Сюй Шу-Чин көш бастады.

Илья Ильин төртінші жыл қатарынан әлемнің ең үздік ауыратлетшісі атануда.

Айта кетейік, Илья Ильин дәл қазір Рио-де-Жанейро Олимпиадасына тыңғылықты дайындалуда.

baq.kz

Астана — әлеуметтік-экономикалық даму бойынша өңірлер арасында көш бастады

0

e20fe2b6d530268cf9220dde96b

2016 жылғы 24 ақпанда Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков халыққа есеп беру кездесуінде қаланың 2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларымен таныстырып, алдағы жоспарлармен бөлісті.

Әлемде орын алған күрделі экономикалық жағдайлар елімізде де сезілді. Мемлекет басшысы ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, дағдарысқа қарсы бағдарламалық құжаттар түбегейлі өзгерістердің болуына, соның ішінде қала экономикасында да өзгерістердің болуына жол бермейді. Астана дамудың кезекті кезеңінде барлық бағыттар бойынша айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді.

«Елбасының жетекшілігімен  жаһандық сынақтан сүрінбей өтетінімізге сенімдімін. Тек күш-жігерімізді біріктіру керек», — деді Ә. Жақсыбеков. Қала басшысы өткен жылғы даму қорытындысы Астананың одан әрі өсуге әлеуеті бар екендігін көрсететінін атап өтті.

Жыл сайын барлық бағыттар бойынша көрсеткіштерін жақсарта отырып, 2015 жылы Астана әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі бойынша өңірлер арасында көш бастады. 2015 жылы жалпы өңірлік өнім өткен жылмен салыстырғанда 5%-ға артты. Оның республикалық көлемдегі  үлесі – 10% немесе 4,5 трлн. теңгені құрады. Жан басына шаққандағы ЖӨӨ республика бойынша орташа көрсеткіштен 2 есеге артық – 5,2 млн. теңге.

Бүгінде Астананың өзіндік кірістері 200 млрд.теңгені құрайды. Өткен жылдан бері Астана төрт республикалық бюджет донорының біріне айналды. Мемлекеттік бюджетке түскен түсімдер көлемі 850 млрд. теңгені құрады, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 11% артық. Бұл ретте республикалық бюджетке келіп түскен жоспардан тыс түсімдердің үштен бір бөлігіне жуығы біздің қаламызға тиесілі.

Көп жағдайда сәтті индустриалды-инновациялық даму оң көрсеткіштерге септігін тигізді. Өткен жылы инвестициялар көлемі 773 млрд. теңгені құрады. Бұл алдыңғы жылдың көрсеткіштеріне қарағанда 15% артық. 2015 жылы Индустриалды паркте 28 жаңа жоғары технологиялық өндіріс іске қосылды, 800 жұмыс орны ашылды. Жалпы, №1 Индустриалды парк аумағында инвестициялар көлемі 187,5 млрд. теңгені құрайтын 62 инвестициялық жоба іске асырылуда. Осы кәсіпорындар бюджетке төлеген салықтардың есебінен парк инфрақұрылымының құрылысына жұмсалған қаржы толығымен ақталды.

Қала әкімдігі қызметінің басты бағыттарының бірі кәсіпкерлікті дамыту болып табылады. Бүгінде шағын және орта бизнестің Астананың жалпы өңірлік өніміндегі үлесі  61% құрады. Бұл еліміздің өңірлерінің ішіндегі ең үздік көрсеткіш. Осы бағыттағы елорда кәсіпкерлер мүдделерінің бастаушысы Астана қаласы кәсіпкерлер Палатасының жұмысы зор. Қазіргі кезде өңірлік кәсіпкерлер Палатасы мен елорда әкімдігінің арасындағы бірлескен жұмыстың барлық салалардағы ықпалдастықтың тиімді форматы қалыптасқан болатын.

2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қызмет ететін ШОБ субъектілерінің саны 99,2 мыңға дейін артқан. 2010 жылдан осы күнге дейін «БЖК-2020» Бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында жалпы құны 84,7 млрд. теңгені құрайтын 480 жобаға қолдау көрсетілді, соның ішінде 2015 жылы құны 12,1 млрд. теңгенің 67 жобасы мақұлданды. Қазіргі кезде көше саудасын ұйымдастыру үшін 1000 орынды анықтау бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде, бұл елордада шағын бизнесті дамытуға қосымша серпін бермек.

Астана жалпыға ортақ еңбек қаласына айналды. 2015 жылы 18 мыңнан астам жұмыс орны құрылды, жоғары кәсіби кадрлар жұмыс істейді, елордада жұмыссыздық деңгейі 4,6% дейін төмендеді, бұл орташа республикалық көрсеткіштен төмен. Жұмыссыз жүргендер ретінде 1895 адам тіркелген. Бұл ретте тіркелген бос орындар саны — 2315 .

Елорданың тыныс-тіршілігінің барлық салаларына инновациялар белсенді түрде енгізілуде. Астанада білім, денсаулық сақтау, мәдениет, көлік жүйесі салаларында «ақылды қала» пилоттық жобалары, сондай-ақ, қаланың тіршілігін кешенді қамтамасыз ету жүйесі — ТКҚЖ жүзеге асырылуда. ТКҚЖ мақсаты елорда тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздік деңгейін арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қаладағы жағдайға нақты уақыт режимінде мониторинг жүргізу болып табылады.

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі елорданың тұтастай экономикалық дамуына серпін бермек, көрмеге дайындық толық қарқынмен жүргізілі жатыр. «ЭКСПО қала үшін ең маңызды емтихан болып табылады, сондай-ақ, елорданың тыныс-тіршілігінің барлық салаларына қосымша серпін бермек» — деп атап өтті қала әкімі.

Есеп беру кездесуінің негізгі бөлігінен кейін Ә. Жақсыбеков азаматтарды жеке өзі қабылдай бастады. Бұл күні Конгресс-Холлда қала тұрғындары елорда әкіміне және оның орынбасарларына өз сауалдарын жолдай алады.

astana.gov.kz

Сұлулық зертханасы: Картоптың біз білмейтін қасиеттері

Картоп – арзан әрі қолжетімді көкөністердің бірі. Арзан болғанымен оның қабығының астында пайдалы заттар көп екенін де біліп жүрейік. Қарапайым картопты үй жағдайында косметикалық құрал ретінде пайдаланудың жолдарын ұсынамыз.

Сұлулық зертханасы: Картоптың біз білмейтін қасиеттері

Көз

Қияр кесектерін қою арқылы көз ісінуін кетіруге болатынын білеміз. Картопты да сол мақсатта пайдалануға болады. Картопты жіңішке етіп тураңыз немесе үккіштен өткізіп, дәкеге салып, көзде 10-15 минут шамасында ұстаңыз. Уақыт өткен соң бетіңізді жылы сумен жуып тастаңыз.

Тері

Теріге безеу шығып кетсе, оны үш күн қатарынан картоп сығындысымен сүртіңіз. Картоп суы күнге қатты күйген терінің ашығанын басуға да көмектеседі. Картопты қайнатқан суды суытып, оны бет жууға арналған тоник ретінде қолдануға болады. Мұндай тоникті тоңазытқышқа қою қажет және 2-3 күннен артық сақтауға болмайды.

Шаш

Егер шаш түсін қарайтқыңыз келсе, картоп қабығынан сұйықтық дайындап, шашыңызды сонымен шайыңыз. Жуылған ірі картоптың қабығын және бір анар қабығын ыдысқа салыңыз. Қабықты бататындай етіп су құйыңыз. Қайнатыңыз, одан соң суытыңыз. Суын сүзіп алып, шашыңызды сусабынмен жуып болғаннан кейін, жаңағы сұйықтықпен шайыңыз. Нәтижесінде шашыңыз табиғи түсіне қарағанда аздап қарайғанын байқайсыз.

Шағу және күйік

Картоп жәндік шаққанда немесе кішігірім күйіктен пайда болатын ауруды басуға көмектеседі. Шикі картоп кесіндісін ауырып тұрған жерге 5 минутқа басыңыз.

Есіңізде болсын, егер теріні күйдіріп алсаңыз, зақымданған жерді алдымен салқындату керек. Күйген жерді краннан аққан өте суық суға ұстаңыз немесе 10 минут шамасында мұз басыңыз. Суықтың тарау жылдамдығы жылудың тарау жылдамдығынан аз.  Сондықтан 1 секундта күйдіріп алған жеріңізді 10 минут салқындату қажет. Күйген жерге түрлі май мен крем қолданудың қажеті жоқ.

Шаршаған жағдайда

Картоп қайнатқан суды бөлме температурасында суытып алыңыз. Содан соң суыған суды легенге құйып алып, шаршап тұрған аяғыңызды 20 минут шамасында малып жатыңыз. Сонымен қатар картоп қайнаған суда болатын крахмал аяқ жараларының тез жазылуына да көмектеседі.

massaget.kz

Назарбаев пен Обаманың мүсінін жасаған сәулетші Астанада музей ашуды армандайды (фото, видео)

Назарбаев пен Обаманың мүсінін жасаған сәулетші Астанада музей ашуды армандайды Силиконнан мүсін жасауды кәсіп еткен Айдос Есмағамбетов, өнердің бұл түрін өз бетінше үйренген. Ол интернеттен түрлі бейнероликтер қарап, ақпараттар жинап мейлінше меңгеріп алған. Шығармашылықпен бес жылдан астам уақыттан бері айналысып келеді.

“Мүсін өнерімен 2010 жылдан бастап айналыса бастадым. Дәл сол кезде Барак Обама АҚШ президенті атанып, оның балауыз мүсіні мадам Тюссо музейіне қойылып жатқан кез еді. Сосын біздің Қазақстанда да бұл өнердің бар екенін дәлелдегім келді. Іле-шала неге Елбасымыздың мүсінін жасап көрмеске деген ой келді де, іске кірісіп кеттім. Тиісінше, ол кісінің 70 жылдығына тарту жасағым келді. Мұнан соң бірнеше көрмелерге қатыстым. Сол сәтте адамдар неге Путиннің, Обаманың мүсіндерін жасамайсың деп айтатын”, – дейді Айдос. Көп ұзамай оның шеберханасында Барак Обаманың да бейнесі пайда болды. Қазір мүсінші орта салмақта әлем чемпионы атанып, кәсіпқой бокста Қазақстанның даңқын асқақтатып жүрген Генадий Головкиннің мүсінін қашауды ойластырып отыр.

20160222013518

Силиконнан мүсін жасау – Арқалық қаласынан 30 шақырым алыстағы Ашутасты ауылында тұратын Айдостың негізгі жұмысы емес. Ол Арқалықтағы Ыбырай Алтынсарин атындағы педагогикалық институтты тәмамдаған. Негізінен табыс портреттер мен картиналарға берілген тапсырыстардан түседі.

“Мен қиялдап, тәжірибеден өткізіп көріп жүретін адаммын. Әрине, негізгі технологияларын мадам Тюссо музейінің бейнероликтерінен көргенмін. Сосын мүсін өнері туралы мақалаларды ақтарамын. Кейіннен барып, материалдың физикалық құрамы туралы ойланып, оны қай жақтан алуға болатынын қарастырамын”, – дейді мүсінші.

Материалдарға Айдос, интернет-дүкен арқылы Америкаға тапсырыс береді. Өзінің фигураларының шашын жасау үшін, синтетикалық жасанды шашты пайдаланады. Болашақта шынайы шашты қоюды ойластыруда. Оның айтуынша, бір мүсінді жасап шығуға 200 мың теңгедей ақша кетеді. Екі құрамды силиконның (көлеміне байланысты) бағасы – 80-90 мың шамасында болады. Ал Европада ондай мүсіндер 150 мың мен 500 мың доллар аралығында саудаланады екен.

20160222013534

“Көпшілік менің өнімдерім мен мадам Тюссо музейіндегі мүсіндерді салыстырады. Бірақ, бұлайша салыстыруға болмайды. Себебі, онда бір мүсін үшін бір команда жұмыс істейді, ал мен өзім жалғыз бәрін атқарамын. Мәселен, олар Леди Гаганы жасайтын болса, оны студияға шақырып, әр қырынан суретке түсіріп алады. Бойын өлшеп, математикалық өлшемдерге салады. Көзінің түсін, терісін, шашын есепке алады. Сондықтан да, олардың мүсіндері дәлме-дәл шығып жатады. Ал мен Нұрсұлтан Назарбаевты да, Барак Обаманы да өз көзіммен көрген емеспін. Егер, көзбе-көз көретін болсам, онда бұл маған ерекше көмек болар еді”, – дейді Айдос.

Мүсін өнерінде балауыз бен силиконның бірнеше айырмашылықтары бар. Балауыз – бұл парафинді материал. Бірақ, ол өте нәзік. Оған күннің көзі түсуге болмайды әрі белгіленген температурада сақталу керек. Ал екі құрамды силикондар, бұлар заманауи материалдар. Айдостың сөзінше, силиконнан мүсін жасау қиынға түседі. Себебі, кішкентай қателіктің әсерінен бәрін басынан бастауға тура келеді. Ал балауыз бұл пласталин секілді. Егер, бір жері қисайып немесе басқаша қателік кетсе, оны арнайы құралдардың көмегімен түзеуге болады. Ол -250 және +350 градусқа дейін төзімді болады.

“Бұл өнер мені қанаттандырады. Болашақта, бұл өнердің Қазақстанда ерекше қарқынмен дамығанын қалаймын. Әрине, Астанада өзімнің музейімді ашып, команда жинап, осы өнерді оқытқым келеді. Әзірге жұмыстарымды үйде жасап жатырмын”, – деп атап өтті Айдос.

Айдосты қазақстандық жаңа “Өлілермен селфи” фильміне гример ретінде шақырған екен. Ол сондай-ақ, көкшетаулық Әлихан есімді әншінің клипін түсіруге де атсалысқан.

“Грим жасап, өз бетімше ролик түсіру, мен үшін тың бағыт болды. Түсірілім барысында бірнеше адамды әрледім. Фильмнің сапасы, мазмұны туралы ештеңе айта алмаймын. Менің міндетім тек бетті әрлеумен айналысу”, – дейді жас мүсінші.

stan.kz

Қытайдың бірінші ханымы қазақ әнін орындап, клип түсірді (ВИДЕО)

Қытайдың бірінші ханымы қазақ әнін орындап, клип түсірді (ВИДЕО)Желіде Қытай төрағасының жұбайы Пэн Лиюаньның қазақ әнін орындаған видеосы пайда болды.

Бейнебаяндағы әуен бойынша желі қолданушылары Пэн Лиюаньның орындауында Ахмет Жұбановтың «Қарлығаш» әнін таныған. Пэнь Лиюань әнді қытай тілінде орындаған. Алайда бейнебаянның қай жылы түсірілгені белгісіз.

Айта кетейік, Қытай төрағасы Си Цзиньпиньнің жұбайы Пэн Лиюань Қытайдың танымал дәстүрлі әншісі. Көптеген ән байқаулардның жүлдегері. «Дәстүрлі музыка» мамандығы бойынша білім алған. Танымалдылығы шарықтап тұрған шағында халық арасында Сәлдегүл перизаты деп аталып кеткен. Сәлдегүл Қытайда құрмет тұтылатын гүл. Ол императорлардың белгісімен байланыстырылады және сұлулық пен нәзіктікті бейнелейді. Көпшіліктің айтуынша Пэнь Лиюань — дәл осындай қасиетке ие.

Baistars.kz