Домой Блог Страница 233

Газды сусындардың зияны

54229cb4355bd_54229cb4355fbАҚШ-тағы BWH ауруханасы және Brown университетінің ғалымдары тарапынан 2 149 адам қатысқан зерттеулерден мынадай қорытынды шығарылды:

> Газды сусындарға қосылатын бензоат натрия өнімнің жарамдылық мерзімін ұзартатын химиялық тұз болып табылады. Бұл элемент екзема, астма және өзге де тері ауруларына себеп болуы мүмкін.

> Газды сусындардағы қышқылдар мен шекерлер тіс эмалін кетіреді, тіс және тіс абсцесіне жол ашады.

> Газды сусындарға жоғары мөлшерде жүгерінің фруктозалы шырыны қосылады. Бұл зат жүрек және қант диабеті ауруларына себеп болатын зат алмасу процесінің нашарлау қауіпін арттырады.

> Ұзақ (тұрақты) тұтынылған жағдайда бүйректегі тасқа және басқа да бүйрек ауруларына жол ашатын жоғары мөлшерде фосфор қышқылы қосылады.

> Газды сусындардың ыдыстарында, пластикалық бөтелкелерде едәуір мөлшерде ВРА элементтерінен құралған қатерлі ісік тудыратын қабат түзіледі.

> Газды сусындарды ішкеннен 20 минуттан кейін қанның құрамындағы шекер мөлшері артады. Соған байланысты шекер мөлшерін төмендету мақсатында ағзамыз өзінен инсулин шығара бастайды. Бауыр бұл шекерді жылдам түрде майға айналдырады.

> Әрбір газды сусын семіру қауіпін 1,6 есе арттырады.

> Жүрек-қан тамырлары ауруларының 70 пайызы семіздікке байланысты.

> Қант диабетіне шалдығу қауіпі 80 пайызға көп.

> Газды сусындардың құрамында фосфор қышқылы мен жоғары мөлшерде фосфат бар. Зәр жолымен сыртқа шығатын фосфор, өзімен бірге ағзаға қажетті кальций элементтерін алып кетеді.

> Газды сусындар ұзақ (тұрақты) тұтынылған жағдайда остеопороз қауіпін арттырып, сүйектің сынуына жол ашады.

> Жыныстық тұрғыда уақытынан ерте жетілуге және жыныс мүшелері ауруларына жол ашады.

 

bilim-all.kz

Алматыда 28-ші қысқы Универсиадаға арналған концерт болады

28-ші қысқы Универсиадаға арналған концертАлматыда 11-ші ақпан күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Студенттер сарайында 28-ші қысқы Универсиада ойындарын ілгерілету мақсатында кең көлемді мәдени іс-шара ұйымдастырылады. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихаты барысында — ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Бас директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Меркіжан Қошаев мәлім етті.

«Енді Ұлттық Универсиада барысында спортшы студент жастарымыз әр түрлі спорт нысандарында өнер көрсетеді ғой. Бір-бірін тіпті көрмейді десе де болады. Сондықтан, Алматыда 2017 жылы болатын 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада ойындарын жастар арасында кеңінен насихаттау, ілгерілету мақсатында осы ұлттық Универсиадаға қатысып жатқан жастардың басын қосып, үлкен мәдени шара өткіземіз. Оның үстіне, осы жарыстарда жеңімпаз атанған спортшылар 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиадада өнер көрсететін ұлттық құрама сапына енуге жолдама алады.

Ал мәдени іс-шара барысында жастар бір-бірімен қауышып, танысып, білісіп, өзара байланыс орнатады. Сондай-ақ, осы шара аясында үлкен концерттік бағдарлама ұйымдастырылады. Оған Қазақстанның эстрада жұлдыздары қатысып, патриоттық рухта әндер шырқайды», — деді М. Қошаев.

ҚазАқпарат

ҚТЖ электр қуатын үнемдеу бағдарламасын жүзеге асыруда

Screenshot_1Қазақстанның жүзге жуық теміржол станциясы электр қуатын үнемдейтін заманауи құрылғылармен жабдықталған.

Қазіргі кезде 11 588 диодты шамдар орнатылып, соның нәтижесінде 2015 жылы айына миллион кВт.сағат электр қуатын үнемдеуге қол жеткізді.

Жаңа шамдар станцияларды жарықтандыру сапасын көтереді. Ол арқылы мыңдаған вагондардың техникалық және коммерциялық жағдайын тексеру, жолаушылар және жүк пойыздарын дайындау мен жөнелту қызметтері атқарылады. Қайта жаңарту жұмыстарының нәтижесінде еліміздің ірі станциялары, мәселен, батыс өңірдегі Ақтөбе, Мақат, Маңғыстау станцияларында, солтүстік өңірдегі –Көкшетау, Құсмұрын, шығыстағы – Семей, Үштөбеде қуат көзін үнемдеуші жаңа қондырғыларды орнату жұмыстары аяқталған.

«Аталмыш жарық шамдары магистральдық желідегі станцияларды жарықтандырады. Олар электр қуатын үнемдеп қана қоймай, ауа райының қолайсыз кезеңдерінде де үзіліссіз жұмыс істейді. Әрі пайдалану мерзімі де ондаған жылдарға жетеді»,- дейді Ақтөбе электрмен жабдықтау дистанциясының директоры Сәкен Орынбаев.

Станциялар мен темір жол өтпелеріндегі, инфрақұрылым нысандарындағы сыртқы жарықтандыру қондырғыларын қайта жарақтандыру «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның технологиялық үдерістегі қуат үнемдеуін жақсарту бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.

Ұлттық компания 2017 жылдың аяғына дейін жиырма мыңнан астам диодты шамдарды орнатуды жоспарлап отыр.

baq.kz

Бүркітші қазақ қызы мультфильм кейіпкеріне айналмақ

Бүркітші қазақ қызы мультфильм кейіпкеріне айналмақАҚШ-та әйгілі құсбегі қыз туралы түсірілген «Бүркітші» («The Eagle Huntress») деп аталатын деректі фильмнің тұсаукесері өткен болатын. Бұл жайында фильмнің продюсері – «Жұлдыздар соғысы: Күштің оянуы» деп аталатын әлемге әйгілі фильм арқылы танымал болған актер Дэйзи Ридли өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қаңтар айының 24-і күні жазған болатын.

Енді Айшолпанды мультфильм кейіпкеріне айналдыру үшін, әлемнің бірнеше кинокомпаниясы қызығушылық танытып отыр. Мультфильмде бүркітші қыздың дауысын «Жұлдыздар соғысы» фильмі арқылы танымал болған актриса Дэйзи Ридли дубляждамақ. Өз кейіпкерінің дауысын салу үшін актриса көп кешікпей, келісімге қол қоймақшы.

Еске сала кетейік, 13 жастағы бүркітші қыз Айшолпан Моңғолияда тұратын қазақ қызы. Ол осыдан бірнеше жыл бұрын өткен аса ірі бүркітшілер сайысына қатысып, ең жас бүркітші ретінде алыс-жақынға танымал болды.

 

30 мың студенттің қатысуымен таңертеңгілік жаттығу өтті

30 мың студенттің қатысуымен таңертеңгілік жаттығу өтті ОҚО-да Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай 30 мың студенттің қатысуымен таңертеңгілік жаттығу өтті.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығының құрметіне орай, Оңтүстік Қазақстан облысындағы 11 жоғары оқу орнында 30 мыңға жуық студенттің қатысуымен бір мезетте таңертеңгілік жаттығу өтті. Іс-шараның негізгі бөлігі Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық институты мен М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да өтіп, оған 1 мыңға жуық студент қатысты.

Ұйымдастырушылар бір мезетте бірдей жаттығу жасау арқылы өңір жастарын отансүйгіштікке тәрбиелеп, салауатты өмір салтын ұстануға, елін, жерін қорғаған өрендерімізге құрмет көрсетуге баулуды мақсат тұтты.

Айта кетейік, облыстағы 11 жоғары оқу орнының 9-ы Шымкентте, 2-уі Түркістан мен Мақтаарал ауданында орналасқан. Бұл оқу орындарында бүгінгі таңда 66,5 мың ізденуші білім алады. Оның 45 мыңнан астамы күндізгі бөлімде оқыса, 8 мыңнан астамы сыртқы, 13 мыңнан астамы кешкі бөлімдерде оқиды. Еске салсақ, жалпы облыста бүгінде 800 мыңға жуық жас тұрады.

baq.kz

Миллиардер атанған 5 бейбақ

24d497faafd2150ffaf8688f3ab0ae86Өз-өзіңді дамытуға арналған көптеген кітап бізді сәтсіздікке тап болған уақытты тығырыққа тірелу кезі деп емес, тағдырдың сыйы деп қабылдауға шақырады. Өйткені зор табысқа қол жеткізген миллиардер тұлғалардың өмірлік тәжірибесіндегі сондай сәт осы кеңестің айқын дәлелі болмақ.

bb953fc8487f61b2acdbe06964495dcdNick Woodman (Ник Вудман)

Бейнекамералар мен экстремалды спорт түрлеріне қажетті керек-жарақтарды шығаратын GoPro компаниясының негізін қалаушы. Қазіргі таңда оның байлығы $1,750,000,000-ге тең.

Бастапқыда ол EmpowerAll.com – электронды сауда-саттық сайтын құрастырады. Сайт арзан электроника сатумен айналысатын болады. Компания ешқандай табыс таппайды, сондықтан тез жабылып қалады. Бірақ болашақ миллиардер бұнымен тоқтамайды. 1999 жылы ол FunBug – интернет-маркетинг компаниясын құрады.

Компанияның сайтында қолданушылар тотализаторға қатысқандары үшін ақшалай сыйлық ұтып алу мүмкіндігіне ие болады. Ол тіпті түрлі инвесторларды тартып, $3,9 миллион қаржы табады. Компания жақсы дамып келе жатқанына қарамастан, 2001 жылы Ник тағы да сәтсіздікке ұрынғанын түсінеді. Ол бұл компанияның дұрыс жұмыс істеуін реттей алмайды, сол себепті құйған ақшасы мен инвесторлардың ақшасын да жоғалтып алады.

Екінші жобаны жоғалтып алғаннан кейін, Ник бәрін тастап серфингпен айналысады. Дәл сол кезде оған экстремалды спорт түрлеріне пайдаланылатын камера жасау идеясы келеді. Осылайша GoPro компаниясы құрылады.

7aaa8727e2001f223feb9baf2a0e5c53Bill Gates (Билл Гейтс)

Microsoft компаниясының негізін қалаушы және қазіргі таңдағы ең елеулі қайырымдылық қорының иесі. Қазіргі байлығы $72,700,000,000-қа тең.

Билл Гейтстің Traf-O-Data деп аталатын алғашқы компаниясының басты мақсаты қарқынды қозғалысты танитын жол жиегіндегі есептегіштің мағлұматтарын оқып, жол қызметкерлеріне есеп беру арқылы көлік кептелісін болдырмауды қамтамасыз ету еді. Бірақ құрылғы дұрыс жұмыс жасамайды.

Билл Гейтстің серіктесі Полл Аллен алғашқы жобаны былай деп еске алады: Traf-O-Data сәтті жоба бола алмады. Алайда бұл екі жылдан кейін Microsoft-ты құруға себепкер болды.

cc24eae1b3e92e56d1f5583eabd7b39cJames Dyson (Джеймс Дайсон)

Танымал ағылшын өнертапқышы, индустриялық дизайнер және Dyson компаниясының негізін қалаушы. Ол «теңіз жүк көлігі» деп аталатын арнайы кеменің, G-Force циклондық шаңсорғышының, сандық басқару электр қозғалтқышының, қол кептіргіш және т.б. құрылғылардың авторы. Қазіргі таңда оның байлығы$3,000,000,000-ге тең.

Көптеген адам ерекше құрал ойлап табу үшін өзгеге ұқсамайтын талант иесі болу керек деп ойлайды. Бірақ шын мәнінде ол тек қана тапжылмас еңбектің нәтижесі.

Мысалы, сэр Джеймс Дайсон 1993 жылы шаңсорғыштың ең озық моделін жасап шығар алдында 15 жыл бойы зертханада еңбектеніп, соған ұқсас 5 127 сәтсіз нұсқаларды дайындапты.

Сол кезеңді ол былай еске алады: Өнертапқыш өз идеясынан бас тартуына көптеген себеп табылады. Мен 15-ші үлгімді жасап жатқан уақытта үшінші балам дүниеге келді. 2627-шісіне келгенімде әйелім екеуміз әр тиынды санауға мәжбүр болдық. 3727-ші үлгіні жасап жатқанымда, қосымша ақша табу үшін әйелім суреттен сабақ бере бастады. Бұл өте қиын кезеңдер болды. Бірақ әр сәтсіздік мені мәселенің шешіміне жақындата түсті.

aeb77f3d400cb92e99acecf0004587bfSteve Jobs (Стив Джобс)

Біз Стив Джобсты кәсіпкерліктің шебері, қазіргі таңда ең көп сатылатын және сұранысқа ие iPod, iPad, iPhone және MacBook сияқты өнімдерді құрастырған данышпан деп білеміз. Ол қазіргі заман бизнесіндегі ірі тұлға және кейбір адамдар оны техно-дәуірдің Леонардо да Винчиі деп те атайды. Оның барлық табысы $10,200,000,000-ды құрайды.

Көп адам Apple компаниясының сәтті өнімдерін ғана біледі. Бірақ бұл фирманың ортаң қол, оғаш немесе шын мәнінде сәтсіз жобалары да болған. Lisa, Macintosh Portable, MessagePad, PowerBook Duo, Pippin – бұл атауларды естігенсіз бе? Бұлар компанияның аса сәтсіз жобалары, бір кездері бұл өнімдер компанияны тұңғиыққа батырып жіберуге шақ қалған. Соның нәтижесінде Джобс өзі басқарған компаниядан жұмыстан босатылады.

Дәл осы сәтсіздіктен кейін Джобс оған және оның компаниясына табыс әкелетін құрылғы жасауға бел буады. Стив Джобстың арманы көп ұзамай орныдалады.

8daa319e62f6b5cbd17d2333afd5ea46Richard Branson (Ричард Брэнсон)

Ричард Брэнсон сәтсіздікке көп ұрынған адам. Бірақ бұл оған әлемге танымал брендті жасауға кедергі келтірген жоқ.

Virgin атауы бизнестегі табысы арқылы ғана емес, Ричардың ерекше ойлау қабілеті мен шытырмандары арқылы танымал болды. Ричардтың жалпы табысы $4,600,000,000-ды құрайды.

Егер Сіз Брэнсонды оның жас кезінде көрсеңіз, бұл жігіттің табысқа жететініне мүлде сенбес едіңіз. Ол сабақты өте нашар оқыған,  ал 16 жасында мектепті мүлдем тастап кетеді.

Оның бизнес бастаудағы алғашқы қадамы – 16 жасында студенттік журнал шығару болатын. Бірақ құқық қорғау органдарымен мәселе туындайды. Ол журналға венерологиялық ауруларды емдейтін дәрілерді жарнамалағаны үшін түрмеге қамала жаздайды.

Бірақ Ричард мұнымен тоқтап қалмайды. 1971 жылы Брэнсонға Virgin дүкендерінде экспорттық тауалар ретінде мағлұмдалған жазбаларды сатты деген айып тағылып, түрмеге қамалады. Ол баж салығы мен өтемақыларды төлеймін деген келісіммен сот ісін реттейді. Брэнсонның анасы өндірілетін соманы төлеуге көмектесу үшін отбасылық үйін кепілдікке қояды.

Қайтпас қайсар жанкештіге өмір өзі қатал сабақ берді. «Мен бұдан былай түрмеге жапқызатын немесе күмәнді көрінетін бизнеспен айналыспаймын деп өзіме серт бердім» — дейді Брэнсон.

Қорытынды

Шындығы сол, әлемнің ең бай адамдарының тізімінде көріну үшін ара-тұра тәуекелге бару керек. Ал тәуекел — сәтсіздікпен көршілес. Әрине, бұл миллиардерлерге қарап: “Бұл жай ғана жолы болғыштық. Оларға көмектесті. Ата-анасы немесе сиқырлы күш қолдады” — дей салу оңай. Бірақ шындығында, әлемдегі 100 миллиардердің 73-і өз күшімен байығандар. Жалғыз ерекшелік: олар өзгелерден көп жұмыс істеді. Олар өзгелердің арманы болып жүргенді іске асырды. Және олар қиындыққа кездескен сәтте тоқтап қалған жоқ, керісінше алға ұмтылды. Олар сәтсіздіктен сабақ алып, оны табысқа айналдырды.

bilim-all.kz

Ғалымдар: Ақшаның аздығынан адамдар дұрыс тамақтанбайды

20160201020648Көпшілік адамдардың дұрыс тамақтанбауына оларды қызықтыратын зиянды азық-түліктердің көп болуы себеп деп ойлайды. Бірақ, ғалымдардың зерттеуінше, бұл барлық жағдайда олай емес, кейде оған ақша жетіспеушілігі де себеп болып жатады екен.

Соңғы зерттеулер көрсеткендей, адам тамаққа неғұрлым көп ақша жұмсаса, тамақтануының сапасы соғұрлым жақсы болады. Адамдар көкөністер мен жемістерді көбірек сатып алса, бұл олардың салмағының азаюына септігін тигізіп, сондай-ақ сусақ және жүрек-қантамыр ауруларына шалдығу қаупін төмендетеді.

«Біз тамақтануға жұмсалатын шығындар орташа алғанда 1,4 еуроға өскен жағдайда, адамдар бұрынғыдан күніне 74 грамм көкөніс және 52 грамм жемісті көбірек жеуге мүмкіндік алғанын көрдік», — дейді Барселонадағы Медициналық зерттеулер институтының маманы Гельмут Шредер (Helmut Schroder).

Ал егер адамдар орташа есеппен алғанда 6 центке аз шығындалса, бұл әдетте көкөністерді шамамен 120 грамға, жемістердің — 94 грамға аз жеуіне әкеп соғады. Бұл ретте еріктілер фаст-фуд пен нан-тоқаш өнімдерін жиі жей бастаған.

Осындай қорытындыны зерттеушілер 25-74 жас аралығындағы 2 181 еріктіден тұратын топқа бақылау жасау негізінде шығарған.

ҚазАқпарат

Алматыда ересектер педагогикасы қолға алынатын болды

Алматыда ересектер педагогикасы қолға алынатын болдыАлматыда ересектер педагогикасын дамытатын Халықаралық Жеңімпаздар Академиясының интеллектуалдық спорт клубы желісі ашылды. Оның ашылу рәсіміне әр түрлі салада қызмет атқаратын 1,5 мыңға жуық адам қатысты.

Жеңімпаздар Академиясы адамды, адами құндылықтарды интеллектуалды тұрғыда дамытуға арналған халықаралық педагогикалық білім беру жобасы. Осыдан 2 жыл бұрын Мәскеуде ашылған болатын.

«Академияның басты мақсаты — ересектер педагогикасын дамыту. Қазіргі таңда балалар, жасөспірімдер педагогикасы жеткілікті дамығаны рас. Ал 30-35-40 және одан да үлкен жастағы адамдарға арналған педагогика әлемде тіпті жоқтың қасы. Бұл кенже қалған сала. Өйткені жаhандану заманында ересектер педагогикасы да өте қажет. Қазір, біз осы саланы дамытуға күш салып жатырмыз. Біздің көздегеніміз — ересектерге арналаған позитивті педагогика мен психологияны дамыту. Қазіргі кезеңде әлемде, тұрмыста әр түрлі күйзелістік сәттер болып тұрады. Бұл әсіресе ересектердің психикасына қатты әсер етеді. Адамдар өздерін жалғыз сезініп, торығу сәттерін бастан кешеді. Бұл әрине ондай сын-сәттерге дайын еместіктің салдарынан туындайды. Ал ересектерге арналған педагогика кез-келген қиындық немесе сәтсіздік — жаңа мүмкіндіктің, жаңа жетістіктің бастамасы екендігін түсіндіреді. Соларды басқа қырынан түсінуге, сөйтіп өз саласында барынша табысты болуға ықпал етеді. Жалпы, педагогика атаулының адамның өмір сүру сапасын жақсартуға көмегі өте зор», — деді Жеңімпаздар Академиясының менеджері Екатерина Беспятых.

Сонымен қатар ол бұл білім беру жобасының онлайн режімінде жүргізілетіндігін жеткізді.

«Ересектер педагогикасы адамның тұлғалық қасиетін дамытуға бағытталған. Өйткені, өз ісіне, сөзіне жауап беретін тұлға ғана  жауапкершіліктен қашпайды, өзіне жауапкершілікті жүктей біледі және соны орындай біледі. Өмірде өзін жеңімпаз сезініп жүреді. Қоғамның игілігіне көп еңбек сіңіре алады. Сонда оларды жеңімпаз демей, кімді жеңімпаз деуге болады? Ал халық игілігі үшін еңбек ете алатын жеңімпаз болу үшін миды да бұлшық ет секілді белгілі бір интеллектуалдық жаттығулармен ұдайы жаттықтырып тұру қажет. Мұны біздің педагог мамандар онлайн режімінде жүзеге асырады. Оқу бағдарламалары бір айдан бір жылға дейінгі уақытты алады. Яғни, түптеп келгенде ересектер де өмір бойы өзін-өзі дамытуға, білімдерін толықтыруға ұмтылулары тиіс. Бұл тұрғыда педагогика мен психологиының атқарар қызметі өте зор», — деді Е. Беспятых.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, ақпан айының ішінде Алматы мен Астана қалаларында жоба аясында шеберлік сыныптары өткізіледі.

ҚазАқпарат

Бала тәрбиесіне қатысты кеңестер

20160201082400Бала — басты байлығымыз. Сондықтан оның тәрбиесіне зор көңіл бөлген жөн. Осыған байланысты психологтардың бала тәрбиесіне қатысты бірнеше кеңестерімен танысып көрелік.

  1. Баланың міндетті түрде өздігінен орындайтын жұмыстары болуы қажет. Сіз тек осы жұмыстардың орындалуын қадағалауыңыз керек.
  2. Мейлі қаншалықты тиянақты әрі жылдам орындаса да, балаға жүктелген жұмыстарды өзіңіз орындамауға тырысыңыз.
  3. Балаңызды тыңдауды үйреніңіз. Шыдамды болыңыз, балаңыздың сөзін бөліп, оның ойын өзіңіз аяқтауға тырыспаңыз және баланы асықтырмаңыз.
  4. Балаңызға өз көзқарасыңызды танбаңыз. Өз нұсқаңыз дұрыс екенін дәлелдермен түсіндіріңіз.
  5. Баланың кез келген қалауын орындауға асықпаңыз.
  6. Балаға өзінің іс әрекетін түсіндіруді үйретіңіз. Яғни бала ең алдымен ойланып содан соң ғана шешім қабылдауды үйрету керек. Ең жақсысы өзі сенімсіздік танытқан мәселелерде ата-анасымен кеңесуге болатынын білуі қажет.
  7. Баланы қоршаған әлемді танып білуге дағдылаңыз.
  8. Баланың жан-жақты дамуына қолайлы қауіпсіз жағдай жасаңыз.
  9. Баланы тым еркелетпеңіз. Онымен өзіңізбен тең дәрежедегі адам ретінде сөйлесіңіз. Есіңізде болсын, сіздің сөйлеген сөзіңізді, іс әрекетіңізді балаңыз қайталайды.
  10. Балаға өз бетінше жеке басының тазалығын қадағалауды және де әр түрлі жағдайларда өзін қалай ұстау керектігін түсіндіріңіз.
  11. Жақсы іс әрекеті үшін сөзбен немесе сыйлықпен мадақтап көтермелеңіз.
  12. Бала кішкентайынан бастап ата-анасын, үлкендерді, жақындарды сыйлау керектігін білу тиіс.
  13. Ешқашанда баланың икемсіздігін күлкіге айналдырып және де қорқынышына күлмеңіз. Қайта, керсінше, баланың қорқынышын бірге шешіп, сенімді қарым-қатынас орнатыңыз.
  14. Қаншалықты уақытыңыз аз болса да, балаңыздың жан-жақты дамуына көңіл бөліңіз.

ҚазАқпарат

Елордада Мұқағалиға арналған әдеби-музыкалық концерт өтеді

Елордада Мұқағалиға арналған әдеби-музыкалық концерт өтеді5 ақпан күні Астана қаласындағы Конгресс-Холл сарайында қазақтың біртуар ақыны Мұқағали Мақатаевқа арналған әдеби-музыкалық концерт өтеді. Бұл шараны Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы ақынның туғанына 85 жыл толуына орай алғаш рет ұйымдастырып отыр.

Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының бас директоры және көркемдік жетекшісі Сәкен Әбдірахманов ақынның туған күні қарсаңында осындай кеш өткізіп, елордалық көрермендерге ән мен күйден шашу шашу туралы бастама көтерген болса, оны қала әкімдігі де, өнер ұжымы да бірден қолдаған.

Осы кештің басында ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын, драматург Серік Тұрғынбекұлы халқымыздың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаев туралы кіріспе сөз сөйлейді деп күтілуде.

«Мұқағалидың кешін оркестрмен алғаш рет өткізгелі тұрмыз. Ақын сөзіне жазылған әндердің ноталары оркестрге түсірілді. Осы мәдени шараға үлкен дайындық жасалып жатыр. Жаңа шығармалар да орындалады. Рухани байлықты қадір тұтатын көремендеріміз үшін сазды да мәнді кеш болғалы тұр»,- дейді дирижер, күйші, композитор, профессор, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Астана қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясының қазақ халық аспаптары оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері Айтқали Жайымов.

Тұрсынжан Шапайдың «Қайран Қарасазым-ай» деген әнін Арман Жайым оркестрге лайықтады. Ермұрат Үсеновтің «Ұран» деген күйі орындалады.

Танымал өнер қайраткерлері Майра Ілиясова, Азамат Жылтыркөзов, Бибігүл Жанұзақ және филармонияның басқа әншілері Мұқағалидың сөзіне жазылған әндерді орындайды. Сондай-ақ ақынның өлеңдері оқылады.

Күйші Уәли Бекеновтің «Күй аңсау» атты күйі алғаш рет орындалғалы тұр. Орындайтын Астана қаласы мемлекеттік академиялық филармониясының Қазақ халық аспаптары оркестрінің дирижері, Мәдениет қайраткері — Нұрлан Бекенов. Бізге жеткен деректерге сүйенсек, Мұқағали күйді аңсаған кезде Уәли Бекеновке барып, күй тыңдайды екен. Кейін ақын қайтыс болған соң, күйші оған арнап осы «Күй аңсау» атты күйін шығарған. Уәли Бекенов шертпе күй туралы алғашқы кітап жазған музыка зерттеушісі екені белгілі. Оның «Күй көтерер көңілдің көк жиегін», «Күй табиғаты», «Шертпе күй шеберлері» және басқа зерттеу еңбектері жарық көрген. Өзі шертпе күйдің шебері атанған адам.

Аталған кеш жұма күні 19.00-де басталады.

ҚазАқпарат