Домой Блог Страница 244

Қазақстандық сымбатты тележүргізушілер

Бұл жігіттерді еліміздің барлық тұрғындары таниды. Мыңдаған қазақстандықтар осы сымбатты тележүргізушілер арқасында экран алдында оларды ұйып тыңдайды. Қыздардың жүрек қағысын жиілітетін, отандық телевизияда қызмет жасайтын ең әдемі ер адамдардың топтамасын назарларыңызға ұсынамыз.

image(57)Талғат Алманов

Талғат Т. Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университетін «Есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген. Телевизия саласымен студенттік күндерінен бері таныс. Осы саламен айналысуды бастап, оған қызығып, кейін өмірі соған тығыз байланысты болып кетті.

2010 жылы тележобаға шақырту алды. Мұнда Талғат өзі сюжет құрды, мәтін жазды, материалдарды редакциялап, өңдеуден өткізді. Қазақ телевизиясында көптеген талантты жастар қызмет атқарғандықтан, оның болашағы зор деп сенеді. Жастардың барлығы алдарына мақсат қоюды ғана білмейді, сонымен қатар оларды жүзеге асырудан да хабардар. Дәлел ретінде өзінің «Хабар» телеарнасының жаңалықтар қызметінде жұмыс жасау туралы арманын орындағандығы жөнінде мәлімдеді.

нурсултанНұрсұлтан Құрман

Нұрсұлтан Құрман Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданынан. 6-сыныпта оқып жүрген кезде, телевизиядағы алғашқы дебюті болды. Шымкенттің «Отырар» телеарнасында «Ата-анасыз бір сағат» бағдарламасында бір ай журналист болған. Қазіргі таңда «Хабар» телеарнасының жаңалықтар қызметінде диктор.

Нұрсұлтанның пікірінше, өмірдегі ең жарқын сәт – өмір сүре алу мүмкіндігі. Ол әділ, сабырлы, батыл және қарапайым адамдарды құрметтейді. Сатқындық пен екіжүзділікті жаны жек көреді. Латтерман, Ларри Кинг, Познер, Ургант, Ринат Кертаев, Криштиано Роналдо және Майкл Джексон ол үшін үлгі болып табылады.

жамбылЖамбыл Зейнолла

Жамбыл Павлодар облысындағы «Казақстан» ұлттық телеарнасында корреспондент қызметін бастаған. Алғашында ол журналист болуды жоспарламаған еді. Әскери қызметкер болуды аңсап, погон тағатын жандарға барын салып еліктейтін. Бірақ бұл уақытта оның шығармашылық қабілеті де таныла бастаған.

Анасы журналистика факультетін таңдауға кеңес береді. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне оқуға түсуге құжаттарын тапсыруға да көндіреді. Жамбыл анасының үмітін ақтап, қазір республикалық «24 KZ» телеарнасында қызмет жасайды. Жүргізуші ұлының да журналист болғанын армандайды.

галым2Ғалым Калменов

Ғалым – «Еуразия» бірінші арнасындағы «112» бағдарламасын жүргізеді. Ғалымның айтуы бойынша, камера – оның ең жақын досы. Камера арқылы Ғалым тек жаңалықтарды ғана өзгелерге таратпай, сонымен қатар өзінің ішкі жан дүниесін де көрсете алады. Атап айтқанда, оған жүргізуші болуға телекөрермендер көмегін тигізген.

«Мен көрермендерімді, олардың қол соққанын және сынға алғанын жақсы көремін. Телевизия аудиториясының арқасында, біз, журналистер, шығармашылық жағынан дамимыз, қателерімізді түзейміз және өзімізді күтеміз», — дейді Ғалым. Болашақта Ғалым өзін тек журналистика саласында ғана көрмейді. Ол кино түсіруді армандайды.

арыстанАрыстан Балтин

Арыстанның камера алдындағы алғашқы сөздері келесідегідей болды: «Қайырлы кеш! Тікелей эфирде кешкі жаңалықтар. Басты тақырыптар келесідегідей!». Арыстанның экраннан көрінетіндігін отбасында ешкім күтпеген еді. Ата-анасының журналист кәсібіне деген оң көзқарасы оны таңдауда басты орын алды.

Егер Арыстан телевизияда қызмет жасамаса, дипломат болар еді. Сүйікті ұрандарының бірі: «Өмірімде өзгерістер орын алуға мүмкіндікке ие болуым үшін босаңсып кетпеуге Құдай маған күш берсін». Бүгін, «Жетінше арнада» ақпараттық-аналитикалық бағдарламалар жүргізілу тоқтатылғанына қарамастан, Арыстан киноға түседі, театрда ойнайды және белсенді түрде қайырымдылықпен айналысады.

тау2Тәуекел Мүсілім

Тәуекелдің телевизияда қызмет жасап жүргеніне көп болған жоқ. Алайда ол көрермен қыздардың жүрегін жаулап алуды үлгерді.

Тәуекел «Махаббатым жүрегімде» сериалында басты рольді сомдағаннан кейін атақты болды. Көрермендер Тәуекелді алғаш жүргізуші ретінде «Хабар» арнасынан «Жаңа күн» бағдарламасында көрді. Одан кейін жас жігіт НТК арнасындағы «Ревю» бағдарламасының жүргізушісі болды. Бос уақытында ән айтады, футбол ойнайды.

comode.kz

Қос кітаптың тұсауы кесілді

Қос кітаптың тұсауы кесілдіБүгін қос кітаптың тұсаукесер рәсімі Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде қазақ этнопедагогикасының әдіснамалық негізін салушы көрнекті ғалым Клара Жантөреқызы Қожахметованың 65 жылдығына арналған «Әлемдік және қазақстандық білім-ғылым кеңістігіндегі этнопедагогика мен этнопсихология» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында болып өтті.

Ғалымға арналған бірінші «Бекзат болмыс» атты кітапқа Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының, Халықаралық педагогикалық білім беру ғылымдары академиясының, Халықаралық педагогикалық академиясының академигі Клара Жантөреқызы Қожахметованың тағылымды ғұмыры, педагогикалық қызметі мен ғылымдағы жетістіктері туралы әріптестері мен шәкірттерінің және жақындарының естелік-жазбалары енген. 300 данамен жарық көрген естеліктер жинағында сонымен қатар, ғалымның БАҚ-та әр жылдары жарық көрген сұхбаттары берілген.

Екінші «Профессор Клара Жантөреқызы Қожахметованың ғылыми мектебі» атты кітапта ғалым К.Ж.Қожахметованың ғылыми мектебінің мәні мен мазмұны, құрылымы мен даму бағыттары баяндалады. Сонымен қатар, ғалым шәкірттері туралы мәліметтер мен ғылыми тақырыптары туралы мақалалары берілген. «Арна ltd» баспасынан жарық көрген кітаптар ЖОО оқытушыларына, ғылыми қызметкерлерге, докторанттар мен магистранттарға және қызығушы барша оқырмандарға арналған. Айта кетейік, ұлттық тәрбие жанашырларының басын қосқан конференцияның мақсаты — «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы аясында еліміздегі білім беру жүйесіндегі этнопедагогика, этнопсихология мәселелерінің әлемдік білім-ғылым кеңістігіндегі маңызы және дамытудың заманауи мүмкіндіктерін, саралау, жүйелеу және пайымдау. Конференция жұмысына педагогика, психология, мектепке дейінгі тәрбиенің негізін салушы ғалымдар қатысуда. Халықаралық конференция 9 қаңтарға дейін жалғасады.

baq.kz

Мұхаммед есімді сәбилердің саны артып келеді

Мұхаммед есімді сәбилердің саны артып келедіСоңғы 50 жыл ішінде АҚШ-да дүниеге келген сәбиіне ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) есімін беру оқиғасы 10 есеге артқан. Сонау 1964-жылы бұл есім бар болғаны 29 балақайға қойылған көрінеді.

Арада 10 жыл өткенде бұл көрсеткіш 142 жетсе, тағы бір 10 жылдан соң Мұхаммед есімді жандардың саны 571-ге жеткен.
Ал, 2001-жылы бұл көрсеткіш 2222-ге көтерілген. Алайда, 11-қыркүйек күні орын алған қанды оқиғадан соң перзентіне бұл есімді қоятындардың қатары күрт кеміген.

Дегенмен, уақыт өте келе АҚШ тұрғындары арасында  Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) есімі қайтадан танымалдыққа ие болып, 2014-жылғы зерттеу нәтижесінде 2931 жанның екі дүние сұлтаны болған пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) есімін иеленіп жүргені анықталған.

muslim.kz

Әйелдер үшін: Қартаюдың басты белгілері

Кәрілік — табиғаттың бұлтартпас заңы.  Бірақ көркі тая бастаса да, «көңілі жас» әйелдер кәрілікпен қауышуға асықпайды, керісінше, бет-әлпеттегі әжімдерді азайтудың амалын қарастыра бастайды.

Біреулер табиғи маскаларды, екіншіліері пластикалық ота жасату арқылы салбыраған теріні тартқызып отырады.

Дей тұра, Голливуд жұлдыздарын үлгіге ала отырып, әйелдің сол бір кәрілік кезеңге сәл жақындап қалғанын қандай белгілер арқылы аңғаруға болатынын қарастырайық.

БезымянныйАуыз бен мұрын бұрышындағы әжімдер

Бұл әжімдердің пайда болу уақыты шашамен 25 жас. Бірақ одан сәл ертерек мазаңызды алып жатса, Сіздің теріңіз тым құрғақ болғаны. Крем мен маскалар жаға отырып, теріңізді қажетінше ылғалдандыру керек екендігін ескергеніңіз жөн.

Ауыз бен мұрын бұрышындағы әжімдерді алғашқы кезде жақсы косметикалық процедуралар жасау арқылы азайтуға болады. Ал әжім тереңдей түссе, тек қана салонда жасалатын биоармиролалау тәрізді процедуралардан басқа шара жоқ.

1449346477-9bd177042b9f8b00b4a8e3530e3e55dcКөз айналасындағы  ісік

Көздің айналасындағы тері өте сезімтал және нәзік келеді. Адам күні бойы көзін кем дегенде 10 мың рет ашып-жұмады. Жарықтан көзімізді сығырайтқанда, жылағанда немесе күлгенде біз көз терісіне әсер етеміз. Одан қалды кейде ұмытып кетіп көзімізді уқалайтынымыз, дер кезінде дұрыс ұйықтай қоймайтынымыз, компьютер мен ұялы телефон экранынан көз алмайтынымыз тағы бар.

Яғни түрлі жағдайлардан теріге әжім түсе бастайды. Көз айналасында дөңестелген ісіктер пайда бола бастайды, Тері түсі өзгеріп, көкшілдеу түске боялады. Сондықтан көз бен оның айналасындағы тері күтіміне ерекше көңіл бөлу қажет.

1449346479-a236e2ccdf543e6862e600d5ecf4368dАлқымның пайда болуы

Бірақ, айта кету керек, екінші иек немесе алқым тек жасы есейген әйелдерде ғана емес, жас қыздарда да пайда болып жатады. Ол семіздіктен, мойын етінің босауынан, аз қозғалудан, кейбір созылмалы ауру салдарынан пайда болады.

40-қа жақындап қалған әйелдердің 80 %-да бет пішінінің формасы өзгеріп, терісі сәл босап, беті салбыраңқы көріне бастайды дейді ғалымдар. Ал арақ-шарап пен темекі әжім тудыруда алдына жан салмайды. Ерте қартаймайын десеңіз, оларға жоламағаныңыз абзал.

1449346481-560b51b3934e8f75cbd2ede2e3dab076Мойын 

Бет әлпетіне үлкен көңіл бөлетін қыздар, кейде мойын терісі туралы мүлдем ұмытып кетіп жатады. Бірақ мойын терісіне әжім түскеннен кейін одан құтылу әлдеқайда қиын.

Мойын терісіне әжім түспегенін қаласаңыз, басты кеңес – бүкіреюді доғарыңыз!

Шағын және қатты жастықта ұйықтауды да әдетке айналдырыңыз.

1449346483-3f88bd62ba7fd6f9c4e188938d92ce35Қол

Қол терісі — нағыз жасымыздың көрсеткіші. Қол терісі арнайы күтім жасалмаса, өзін-өзі қорғауға қабілетсіз болып келеді.

Май бездері қолдың үстіңгі терісінде аз мөлшерде, ал алақанда мүлде дерлік болмайды. Бет терісіне қарағанда, қол терісінде судың да мөлшері төрт-бес есе аз.

Түрлі тұрмыстық тазартқышдарды қолданғанда, далада жұмыс жасағанда қолыңызды қорғау үшін қолғап киіп жүруді ұмытпаңыз.

1449346484-33e69c7afc549d6e796503002552afebАртық салмақ

 Артық салмақ өз бетінше қазіргі таңда әлемді алаңдатқан проблема болып отырғанымен қоса, адамды жасынан сәл үлкенірек етіп көрсететіні де жасырын емес. Ойшыл дәрігерлердің айтуынша, артық салмақты адамдар – аурулар.

Адам өзінің дене салмағы қалыпты жағдайдан 3-4 келі өсісімен-ақ, толысудың алдын алуға тиісті. Ол кейін емделгеннен әлдеқайда тиімді. Сол себепті, салмақ өсіп бара жатқанында жеңіл тамақтануға көшкен немесе белсенді әрекет жасау арқылы денеден шығатын қуаттың мөлшерін арттырған жөн.

Соңғы 35 жылдағы автокөлік эволюциясы

«Қазіргінің жорғасы — баяғының волгасы» демекші, 90-ыншы жылдарға дейін қазақстандықтар үшін Волгадан артық автокөлік болмаған еді. Ал қазір жағдай басқа. Күні кеше машина таныстырылымы өтсе, ертесіңе сол машина елімізде жүреді. Қандай көлік болса да, бізге таңсық емес десек те, олардың кейбір маркаларының 35 жыл ішінде қалай өзгергенін қарап шығу қызық болар деген оймен суреттер топтамасын ұсынамыз.

Соңғы 35 жылдағы автокөлік эволюциясы Соңғы 35 жылдағы автокөлік эволюциясы Соңғы 35 жылдағы автокөлік эволюциясы 1452120563-d0096ec6c83575373e3a21d129ff8fef Соңғы 35 жылдағы автокөлік эволюциясы Соңғы 35 жылдағы автокөлік эволюциясы Соңғы 35 жылдағы автокөлік эволюциясы Соңғы 35 жылдағы автокөлік эволюциясы Соңғы 35 жылдағы автокөлік эволюциясы

Ақтауға аққулар келді

00d5af19f13b0d18e25ed41fc844ecbb_LАқтауға аққулар келіп, Каспийдің еркелері теңіз жағалауын ерекше сәнге бөледі.

Қала тұрғындары да аққуларды көріп мәре-сәре. Алайда биыл құс төрелерінің саны жылдағыдан аз. Әдетте желтоқсаннан бастап Ақтауға аялдайтын олар биыл өз уақытынан кешігіп келген.

Әттеген-айы аққуларға нан бермеуді ескерткен экологтардың сөзіне халық құлақ асар емес.

24.kz

Алматылық үй шаруасындағы әйелдер табысқа кенелудің жолын тапты

Алматылық үй шаруасындағы әйелдер табысқа кенелудің жолын таптыҚолыңнан іс келсе, табысқа кенелуге болады деп отыр ісмерлер.

Өйткені кейінгі кезде қолдан жасалған заттарға деген қызығушылық басым. Алматылық үй шаруасындағы әйелдер Handmade яғни, көлөнер туындыларын өз қолдарымен жасап, талайға үлгі болуда.

Алматылық жас аналар мен үй шаруасындағы келіншектер табыс көзін таптық деп отыр. Олар өз клубтарын құрып, шеберлік сағаттарын ұйымдастырып, қолдан шыққан дүниелерін саудалаумен айналысып келеді.

Валерия Кураж, суретші: — Олар алғашында шағын бұйымдарды бірінен соң бірін жасай бастады. Кейін кәдесыйлармен айналысып, тапсырыс та қабылдайтын жағдайға жетті. Яғни, үйде бала бағып қана қоймай, табыс табуда.

Жоғарғы оқу орнында білім алып, беделді мекемелерде еңбек еткен жандар бұған дейін ине ұстауды да дұрыс білмейтін едік деп отыр. Ал қазір тігін машинасын толыққанды игеріп алған.

24.kz

Жетісу өңірінің мақтанышына айналған ардагер спортшы

Жетісу өңірінің мақтанышына айналған ардагер спортшыЖетісу өңірінің мақтанышына айналған ардагер спортшы Алматы облысының Көксу ауданында тұрады. Әбдуәлі Тастанов – салауатты өмір салтын насихаттаушы. Жастық шағында самбомен айналысса, егде тартқанда кір көтеру мен қол күресіне ден қойған. Нәтижелері көңіл сүйсінтеді.

Жақында спорт ардагерлерінің Мәскеуде өткен халықаралық жарысында чемпиондық атаққа ие болды. Ардагер спортшының апталық жаттығу кестесінде бос күн жоқ. Ауласындағы шағын алаңда кір тастарын көтереді, денесін шынықтырады, жүгіреді. Спорт ардагері – кір көтеру мен қол күресінен Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. Азия құрлығында 5 мәрте жеңімпаз атанды. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері бірнеше мемлекетте болып, ел намысын абыроймен қорғады. 40-қа жуық медалі бар, дипломдары да көп.

Әбдуәлі Тастанов, ардагер спортшы:

— Қаншама тер төгілді, қаншама темір көтерілді. Жаттығуларды айтып тұрмын. Мемлекеттің Туы желбіреп, Әнұраны шырқалғанда, еңбегіңіздің зая кетпегенін түсінесіз. Спорт – денсаулық кепілі. Ол жас талғамайды. Адамды салауатты өмір салтымен жүруге қалыптастырады деп отыр жуырда Мәскеуде өткен халықаралық жарыста «Алтын кубок» иегері атанған Әбдуәлі Тастанов. 57 жастағы чемпионның ең басты ұстанымы – елдің абыройын арттырып, артындағы жастарға үлгі көрсету.

Әбдуәлі Тастанов, ардагер спортшы:

— Бұл кісі 60-қа келсе де, 32 келі кірді бір саусақпен көтеріп жүр. «Неге бізге осындай болмасқа?» деген жастар нашақорлықтан, жаман әдеттерден арылып, маған ұқсаса, мемлекетке қосқан кішкене үлесім болар еді. Үлкен ұлы Асқар дзюдомен айналысқан. Қазір жаттықтырушы болып, шәкірт тәрбиелеп жүр. Ортаншы ұлы Асхат та дзюдоға құмар.

Асхат Әбдуәли, Ә. Тастановтың ұлы:

— Менің арманым — Елдос Сметов сияқты чемпион болу. Мен қазірден бастап дайындалып жүрмін. Спорт десе ішкен асын жерге қоятын Әбдуәлі Тастанов халықаралық жарыстарға демеушілердің көмегімен барады. Дей тұрғанмен кейде қаражат табылмағандықтан, жолға шыға алмай қалатынын да жасырмайды. «Биыл Болгарияда әлем чемпионаты өтеді. Сәті түсіп соған қатыссам, жанкүйерлерімді алтын медальмен қуантуға мүмкіндігім бар», — дейді ардагер спортшы.

24.kz

Қазақстандық сиқыршы Гиннестің рекордтар кітабына енді

Қазақстандық сиқыршы Гиннестің рекордтар кітабына енді

Қазақстандық сиқыршының есімі Гиннестің рекордтар кітабына енді. Руслан Иванченков қазылар мүшесін қандай өнерімен қайран қалдырды? Русланның сиқыр әлемі сырын ұғып, тылсыммен тілдескеніне бес жыл. Лақап аты – Манкарди. Фокусты ғаламтор арқылы үйреніп, өздігімен шеберлігін шыңдаған. Еңбегі еш кетпеді. Жуырда Италияда бірнеше сағат бойы үздіксіз сиқыр көрсеткені үшін Гиннестің рекордтар кітабына енді.

Руслан Иванченков, сиқыршы:

— 2015 жылы қазақстандық бір топ сиқыршы Италиядағы сиқыршылардың чемпионатын тамашалауға бардық. Бір орында тапжылмай, рекорд орнатуға іріктеу болып жатыр екен. Мен тәуекел етіп, бел будым. 5 сағат бойына үзіліссіз өнер көрсеттім. Осылайша ойда жоқта Гиннестің рекордтар кітабына кірдім. Қазақстанда сыры мол сиқыр саласы дамудың бір соқпағына түспеген. Бірақ Руслан өзімізде де әлемге әйгілі Гарри Гудинилердің шығатынына сенімді. Мәселен, бірнеше жыл бұрын құрылған фокусшылар клубының әзірге 36 мүшесі бар. Руслан Иванченков, сиқыршы: — Әр сиқыршы фокустың сырын ешқашан ашпауға өз-өзіне серт береді. Бұл – күн сайын талмай еңбектенуді талап ететін сала. Бізді қаржыландыратын ешкім жоқ. Өз күшімізбен күн көріп келеміз. Русланның негізгі жұмысы ғарышпен байланысты. Ол – инженер. Дегенмен үш қайнаса сорпасы қосылмайтын қос саланы қатар тізгіндеген. Біздің көз алдымызда алақандағы картаны жоқ қылды.

24 kz

Зайсанда Абайға ескерткіш ашылды

Зайсанда Абайға ескерткіш ашылдыЗайсанда Абайға ескерткіш ашылып, «Абай әлемі» сөзжұмбақ кітабының тұсауы кесілді.

Хакім Абайдың ұрпақтары Зайсанды мекендеп, осында оқып, білім алып, тұрып жатыр. Абайдың шөбересі Гүлзипа Исрайылова 90-ға тақаған кезде бұдан бір жылдай бұрын арамыздан пәниге аттанып кетті. Ол кісінің ұрпақтары әлі де осында тұрады.

Абайдың 170 жылдық мерейтойы қарсаңында шырайлы шығыстың бірнеше ауданында ақынға құрмет көрсетіліп, кеудемүсіндер қойылды. Ұлы ақынға арналған сондай ескерткіштің салтанатты ашылуы Зайсандағы Абай саябағында өтті.

Ауданның құрметті азаматтары, ауыл ақсақалдары ескерткіштің жабуын ашқан кезде Абайдың мүсіні жарқ ете қалды. Ол өзінің осындағы ұрпақтарымен жүздескендей жан шуағын шаша қарайды. Айтар жоқ, ескерткіш сәтті шыққан екен.

Бұдан кейін Абай ескерткішінің ашылуы тамаша бір дәстүрмен сабақтасты. Зайсанда ауданның құрметті азаматы, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, жиырмаға тарта кітаптың авторы Қалибек Алтыбаев деген қадірлі ақсақал бар. Ауданның тарихы, өсіп-өркендеуі, жүзден жүйрік озаттары жайлы шығармаларын былай қойғанда, Қалекең ұлы Абайды ширек ғасыр бойы зерттеп келеді. Қаламгердің «Абайдың алып айдынынан», Абай, Шәкәрім, Мұхтар туралы «Үш кемелдің шалқарынан», «Абайды оқы, ойлан, тап» деген кітаптарын оқырмандар жылы қабылдады. Ұлы Абайдың шөбересі Гүлзипа Исрайылованың «Ризамын, асылдың сынығы боп өткеніме» атты кітабына материалдар жинасып, жарыққа шығаруына көмек берді. Енді, міне, 290 беттік «Абай әлемі» кітабын оқырмандарына ұсынып отыр.

Кітаптың тұсаукесер рәсімінде аудан әкімі Қалибек Алтыбаевқа ұзақ жылғы қызметі үшін тұрғындар атынан алғысын айтып, иығына ата салтымызбен шапан жапты.

Ауданның абыз ақсақалы, жазушы, журналист Қалибек Алтыбаев Абайды ширек ғасыр зерттеп келе жатқанын, Абай ұрпақтарымен тығыз қарым-қатынаста болғанын, бұл кітаптың хакім ақын туралы бесінші жинақ екенін айтып, кітаптың шығуына демеушілік жасаған аудан әкімі А.Оңдақановқа алғысын жеткізді. Әттең, әзірше құнды кітаптың небәрі 100 данамен жарық көруі жанға батады. Бәлкім, Абай рухына тағзым етушілер, кітапқа демеуші болатындар табылып та қалар.

Егемен Қазақстан