Домой Блог Страница 284

Облыс әкімі телеарна тілшілерін құттықтады

Облыс әкімі телеарна тілшілерін құттықтадыҚазан айында еліміздегі көшбастар телеарналардың бірі — «Хабар» агенттігінің құрылғанына -20 жыл толды.

«1995- жылы Қазақстанның ақпарат кеңістігінде алғаш ашылған телеарнаны көрермен қауым  тәуелсіздіктің алғашқы қарлығашы сынды қабылдады.  «Хабар» агенттігі — қашан да салмақты тақырыптарда салиқалы ой айтатын айтулы арна». Бүгін аталған мерейтойға орай, телеарнаның Алматы облысындағы тілшілер қосыны шығармашылық ұжымымен кездескен өңір әкімі Амандық Баталов осылай деді. Мерейтоймен құттықтап,  құрмет-қошемет көрсетті. Тәуелсіз еліміздің, оның ішінде Жетісу өңірінің әлеуметтік-экономикалық тұрғыда тұрақты дамуына ақпараттық тұрғыда үлкен үлес қосып жатқандықтарына алғыс айтты.

Агенттіктің Алматы облысы бойынша меншікті тілшілері Тілеуқабыл Мыңжасар мен Әділхан Сахариевтерге көп алдында «Алғыс хат» табыс етті. Тілеуқабыл Мыңжасар қазақ телевизиясында 40 жыл еңбек еткен азамат. Соңғы 17 -жылда тұрақты түрде «Хабар» агенттігінің Алматы облысындағы меншікті тілшісі қызметін атқарып келеді. Амандық Ғаббасұлы әйгілі тілшіге ел атынан алғыс айтып, шапан жапты.

Айта кетелік,  «Хабар» агенттігі бүгінде еліміздегі ең үздік телеарна. Елдегі » Хабар»,»24 кз», «Қазақ ТВ», Білім және мәдениет» арналарын тоғыстырған үлкен ұжым. 20 дан аса алыс-жақын шет елде және республиканың 14 облысында тілшілер қосыны, Астана мен Алматы қалаларында бюросы бар.

zhetysutv.kz

Алматы облысында әлеуметтік қорғау саласының үздіктері марапатталды

Алматы облысында әлеуметтік қорғау саласының үздіктері марапатталдыҚазанның соңғы жексенбісі әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлерінің күні.

Бұл күн 2011-ші жылдан бастап тойланады. Әлеуметтік саланың әлеуетін арттыруға үлес қосып келе жатқан жетісулықтар да кәсіби мерекесін салтанатты жағдайда атап өтті. Мәдениет сарайында өткен жиында сала үздіктеріне сый-сияпат жасалып,  қошамет көрсетілді.

Қай елде, қай қоғамда болмасын қамқорлыққа мұқтаж жандар болады. Олар жалғызілікті қарттар, мүгедектер, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылары. Осы әлжуаз топқа ең бірінші болып қолұшын беретін, мұң-мұқтажын бөлісетін-әлеуметтік сала қызметкерлері. Сала мамандарының айтуынша, тағдыр тауқыметін тартқан жандар бірінші кезекте өздерінен жан жылуы мен мейірімділікті күтеді. Сондықтан, әрбір қызметкер үлкен жүректі, мейірбан болғаны жөн.

Асыл Бүркітбаева, Алматы облыстық оңалту орталығының кадр жөніндегі инспекторы:

— Біздің атқарып отырған жұмысымыз оңай деп айта алмаймын. 1 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеміз.Жалпы әлеуметтік саланың жұмысы оңай жұмыс емес. Біздің жұмыс көзге көрінбейті  шығар. Бірақ, атқарып отырған жұмысымыз өте ауқымды.

Осы жылдың өзінде Алматы облысында 100 мыңға жуық адамға 1 млрд 200 млн теңгенің әлеуметтік көмегі көрсетілген. Жәрдемақы төлеуден бастап, тұрмыстық коммуналдық жеңілдіктер, мүгедектерді оңалту шаралары, оларға қажеттті құралдармен қаматамасыз ету, санаторлық емдеу жұмыстары бір сәтке де тоқтап көрген емес. Әлеуметтік салаға бөлінетін қаржы көлемі жылдан-жылға ұлғайып келеді. Биыл бұл көрсеткіш 8 млрд 600 млнға жеткен.

Бақытжан Жексенбаева, «Қамқор» балалар үйінің тәрбиешісі:

— «Қамқор» балалар үйінде 20 жылдан бері тәрбиеші болып жұмыс істеймін. Бізге ата-аналар балаларын әкелгенде олар өздігінен ештеңе істей алмайтын жағдайда келеді. Себебі, ол балалардың ақыл есінің дамуында ауытқу бар. Шыдамдылық, мейірімділік керек олармен жұмыс істеу үшін. сонда жұмыстың нәтижесі де болады.

Мүмкіндігі шектеулі жандарман тікелей байланыста болатын мамандардың жұмысы қандай құрметке болсын лайық. Бірқатарына әлеуметтік еңбек саласының үздігі төсбелгісі және құрмет граммоталары мен алғыс хаттар, бағалы сыйлықтар табысталды. Жиын соңы мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты.

http://zhetysutv.kz/

29 қазан — Дүниежүзілік инсультке қарсы күрес күні

29 қазан - Дүниежүзілік инсультке қарсы күрес күні29 қазан — Дүниежүзілік инсультке қарсы күрес күні (World Stroke Day). Бұл күн аталмыш ауру түріне қарсы жедел белсенді іс-шараларға шақыру күні ретінде 2006  жылы Дүниежүзілік инсультке қарсы ұйымның (World Stroke Organization, WSO) мұрындық болуымен бекітілген болатын. Бүгінгі таңда инсульт ғаламдық эпидемия. 

Инсульт — бастың қан айналым жүйесінің жедел бұзылысы. Оның нәтижесінде бас миының әртүрлі бөлімдерінің қызметі бұзылады.

Инсульттің негізгі себебі — миға қан алып келетін тамырларының зақымдануы, көп жағдайда қан тамыр жүйесінің атеросклероздық және гипертониялық бұзылыстармен қатар жүреді.

Инсульттің геморрагиялық түрі — миға немесе оның қабықтарына қан құйылу және ишемиялық  түрі – мидың инфаркті болады.

Басқа қан құйылу себебі көбіне — қан қысымының көтерілуі, яғни қан тамырларының жарылуынан болады. Бас миының инфаркті қан тамыры бүтін күйінде де бола береді. Атеросклероздық табақшалармен қан тамырларының бітеліп қалуы қан қысымы төмендеп кеткен жағдайда да болады.

Инсульттің тағы бір негізгі себебі — қан тамырларының тромбоэмболия салдарынан бітеліп қалуы. Көбінесе бұл жүрек инфарктін алған адамдарда, жыпылықтаушы аритмияда, ревматикалық жүрек ақауларында, туы біткен жүрек кемістігінде байқалады. Көп жағдайда бас миының инфаркті қан қысымы жоғары жағдайда болады. Бас миының инсульті тез дамиды -бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін, кейде бір-екі күнге дейін созылуы мүмкін.

Инсульттің жиі кездесетін белгілері: қозғалу бұзылысы — әлсіздік, қолда, бетте, ауырлық сезімі; сезімталдықтың бұзылысы — бетте, қолда, аяқта, шынтақта көбінесе бір жағынан көп кездеседі; сөйлеудің бұзылысы — сөздерді айтуға қиналады, анық айта алмайды, афазия, дизартрия. 
Сонымен қатар көру бұзылысы, теңселу, айналу, жүрістің тұрақсыздығы байқалады.

Инсульт бар деген күдік туған жағдайда, науқас дәрігерге қаралғанға дейін өз жағдайын бағалай алады.

Инсульттің негізгі қауіп факторлары: артериялық гипертензия, яғни жоғары қан қысымы; шылым шегу; жүрек аурулары; қант диабеті; май алмасуының бұзылысы. Алкогольді ішімдіктерге әуестік, ауыз арқылы қабылданатын контрацевтивтер қолдану, артериялық гипертензия.

Димаш Құдайберген Түркияда ABU TV Song Festival 2015-те өнер көрсетеді

Димаш Құдайберген Түркияда ABU TV Song Festival 2015-те өнер көрсетеді
Димаш

«Славян базары -2015» халықаралық байқауының жеңімпазы Димаш Құдайберген Ыстамбұлда ABU TV Song Festival 2015-те ән шырқайды. Фестиваль 28 қазанда өтеді.

«Танымал жұлдыздармен бір сахнада өнер көрсететін боламын. Концерт әлемнің 50 елінде көрсетіледі. Оның ішінде Иран мен Кувейт те бар. Қазақстанда «Хабар» телеарнасы тікелей эфирде көрсететін болады. Мен халық әні «Дайдидауды» орындайтын боламын», — деп жазды әнші Инстаграмдағы өз парақшасына.

Азия-Тынық мұхиттық 2015 әндер телефестивалі (ағылшынша — ABU TV Song Festival 2015) — төртінші рет өтуде. Фестиваль жарыс түрінде өтпейді. 2015 жылғы 28 қазанда Стамбұлда (Түркия) өтеді. Шара 25-30 қазан кезеңінде Азия-Тынық мұхит хабар тарату одағының (ABU, «АВС») 52-ші ассамблеясымен бір уақытта өтпек.

Д. Құдайберген 2010 жылы «Звонкие голоса Байконура» халықаралық фестивалінің 1 сыйлығының лауреаты болса, 2012 жылы «Жас қанат» республикалық жас орындаушылар байқауының гран-приін иеленді. «Шығыс базары» халықаралық эстрадалық орындаушылар телебайқауының 1 сыйлығы лауреатының дипломын алды.

baq.kz

Талдықорғанда жылу-электр орталығы салынады

Талдықорғанда жылу-электр орталығы салынадыБүгін Алматы облысының әкімдігі мен «Global Generation» ЖШС инвестициялық жобаларға қатысты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандум аясында Талдықорған қаласында қуаттылығы 440ГКал/сағ. болатын жылу-электр орталығын салу бойынша атқарылатын шаралар қамтылған.

Бұл бастама Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» тапсырмасында электрмен қамту мәселесіне қатысты айтқан міндеттерімен үйлесіп жатыр. ЖЭО салу туралы бұдан біршама бұрын айтылғанымен, тіпті салынатын орны да белгіленіп қойылғанымен, бастаусыз тұрған еді. Амандық Баталовтың Алматы қаласында ірі бизнесмендермен өткізген кездесуінен кейін осы жылу-электр орталығының құрылысына инвестиция құйып, орталық жұмысын жүргізуге құлшыныс білдірген кәсіпкерлер де табылды. Бүгінгі меморандум – соның нәтижесі.

Талдықорғанның өзінің жеке электр энергия көзі жоқ болғандықтан, электр энергиясы өңірден тыс жерлерден сатып алынып отыр. Бұл орайда жаңа ЖЭО құрылысы талдықорғандықтар үшін аса тиімді болмақ.

Бұл құрылысқа 360 млн. доллар қаржы жұмсалады, соның ішінде 97 млрд. теңге инвестиция тартылады деп жоспарланған.

Өз сөзінде облыс әкімі Амандық Баталов ЖЭО құрылысының облыс үшін берер мүмкіншіліктері өте зор екенін атап өтіп:

— Біз өз тарапымыздан жобаның теника-экономикалық негіздемесін жасауға қаржы бөлу, жер учаскесін қарастыру мәселелерін, техникалық жағдайларды шешеміз. Жобаның тиімділі сол, біріншіден облысқа инвестиция тартылады, екіншіден ЖЭО кәсіпорын ретінде жұмыс істейді, электрмен қамтуда сыртқа тәуелділікті азайтады және электр энергиясы тарифінің төмендеуіне де ықпал ете алады. Сондықтан бұл бастаманы ризашылықпен қолдаймыз, — деді.

Акцинерлер өкілі Рустам Баялиевтің айтуынша, ЖЭО-ның құрылысы төрт жыл жүргізіледі деп жоспарланған. Жоба шығынын 12 жылда ақтап шығады. Жылу-электр орталығында технологияның әлемдегі ең озық үлгілері қолданылады. Бұл экологиялық және тиімділігі жағынан қолайлы болуына мүмкіндік береді.

Атап өтсек, осы «Global Generation» ЖШС компаниясы аталған ірі жобамен қатар, облыстағы бірқатар өзендерде шағын СЭС-тар салу ісін қолға алуда.

Тұрғын үйге қатысты сауалдарға жауап берді

Тұрғын үйге қатысты сауалдарға жауап берді
Тұрғын

Кеше ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің Алматы облысындағы бөлімшесі Талдықорғандағы Журналистер үйінде «Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі және мемлекеттік бағдарлама аясында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жергілікті атқарушы органдармен қарым-қатынастары» тақырыбында брифинг өткізді.

Брифинг барысында «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Алматы облыстық филиалының директоры Ғалымжан Шалғымбаев, директордың орынбасары Райхан Байбөринова, облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары  Марат Нүсіпбаев және Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Әділ Алмас қатысты.

Олар журналистердің салымшылардың салымдарын компенсациялау, Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының шеңберіндегі шаралар, «Қолжетімді баспана» бағдарламасының мүмкіндіктері  және т.б. өзекті сауалдарына жауап берді.

Құрылыс нысандары бақылауда

Құрылыс нысандары бақылаудаҚұрылыс нысандары Алматы облысының әкімі Амандық Баталовьтың бақылауында.

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Талдықорған қаласында салынып жатқан бірнеше құрылыс нысандарының жұмыс барысымен танысып қайтты, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Атап айтқанда, Талдықорған қаласының Алматы-Өскемен айналма жолы аралығын абаттандыру, Қаратал өзені жағалауының құрылысы, «Қаратал» ықшам ауданы мен Тәуелсіздік көшесінің аралығындағы скверді абаттандыру және жаңа «Жастар» саябағының құрылыс жұмыстары, Оқушылар сарайының құрылысы мен Талдықорған — Алматы тас жолының күрделі жөндеу жұмыстарын көрді.
Облыс әкімі А. Баталов өз сөзінде:

— Талдықорған қаласы өзінің тазалығымен және жасыл желегімен ерекшеленеді. Сол себепті барлық құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандардың айналасы абаттандырылып, көгалдандырылуы тиіс. Жаңадан отырғызылған жас көшеттерді күтіп-баптауды осы істің мамандары жүргізуі керек. Барлық нысандарда сапалы құрылыс материалдары пайдаланылып, онда барлық құрылыс ережелері мен нормаларының сақталуы назарда болуы қажет. Қалаға деген көзқарас оның кіре берісінен қалыптасады. Сол себепті қалаға кіреберіс тұстарда салынып жатқан нысандар өзінің қайталанбас сұлулығымен және бірегейлігімен көздің жауын алып тұруы шарт, — деді.
Бүгінгі күні облыс орталығы Талдықорған шаһарында құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде. Дегенмен жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысында әртүрлі кемшіліктердің де орын алып жатқаны байқалды. Облыс әкімі Амандық Баталов анықталған кемшіліктерге қатысты құзырлы мекеме басшылары мен құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер мекеме басшылыларына сын-ескертпелерін білдіріп, жақын уақытта аталған кемшіліктерді түзету және құрылыс нысандарын белгіленген мерзімде аяқтау туралы нақты тапсырмалар берді.

«Сәбина келін» комедиясы халықаралық фестивальдарға қатысады

"Сәбина келін" комедиясы халықаралық фестивальдарға қатысадыҚазақстандық танымал режиссер әрі актер Нұртас Адамбаевтың «Сәбина келін» комедиясы бірқатар кинофестивальдарға шақырту алды.

Отандық фильм Лос-Анджелесте өтетін Woman UP Film Festival конкурсына қатысады. Фестиваль ағымдағы жылдың 3-5 қараша аралығында өтеді.

Сондай-ақ, фильм Қытайда өтетін әйелдер құқығына қатысты кинофорумға қатысады. Шара 2015 жылы 22-29 қараша аралығында өткізіледі.

Осынау туынды ағымдағы жылдың 30 қазанында өтетін Жаңа Зеландияның Ароха қаласында өтетін халықаралық Arohanui Film Festival кинофестиваліне қатысады деп күтілуде.

Содан кейін фильмнің тұсаукесері АҚШ-тың тәуелсіз киноға арналған Freedom Film Festival кинофестивалінде көрсетіледі. Айта кетейік, «Сәбина келін» комедиясы мұнда негізгі бағдарламаға еніп отыр. Фестиваль нәтижесі 2015 жылы 28 желтоқсанда белгілі болады.

Комедия сонымен қатар, жуырда Румынияның Клуй қаласында алғаш рет өткізілгелі отырған Comedy Cluj International Film Festival форумына да шақырту алды. Фестиваль ағымдағы жылдың 16-25 қазан аралығында өтеді деп жоспарлануда.

Естеріңізге салсақ, «Сәбина келін» фильмі Қазақстан кинотеатрларына өткен жылдың 27 қарашасында шыққан. Осынау туынды бес күн ішінде прокатта 600 мың доллар ақша жинаған болатын. Оның бюджеті 300 мың долларды құрайды. Алдағы уақытта фильмнің екінші бөлімі көрсетіледі деп күтілуде.

baq.kz

«Жас ұлан» армиялық әндер фестивалі жас таланттардың жұлдызын жарқыратады

«Жас ұлан» армиялық әндер фестивалі жас таланттардың жұлдызын жарқыратады
әндер фестивалі

Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде «Жас ұлан» армиялық әндер фестивалі өтуде.

Қазақстанның барлық аймағынан келген 298 жас вокалист патриоттық бағыттағы ең үздік орындаушы-вокалист, вокалды-аспаптық ансамбльдер мен орындаушылар номинациясы бойынша сайысуда.

Бүгінгі күнге дейін тәрбиеленушілер, оқушылар мен студенттер тыңдалды, ал қазіргі уақытта іріктеу кезеңінен әскери қызметшілер өтуде.

Фестивальдің шарты бойынша барлық қатысушыларды бірқатар критерий бойынша бағалады. Ол: әскери тақырыптағы шығарманы, қазақстандық сазгерлердің немесе орындаушылардың туындысын, жеке (авторлық) музыкалық шығармаларды, фольклорлық жанрдағы туындыны орындау.

Ертең барлық өнерпаздарды тыңдау аяқталып, әділқазылар алқасы үздік орындаушыларды анықтайды. Жеңімпаздардың есімі 29 қазанда өтетін гала-концертте жарияланып, салтанатты түрде марапатталады.

Үздік орындаушыларға дипломдар мен фестивальдің бағалы сыйлықтары табыс етіледі, барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар тапсырылады.

«Жас ұлан» армиялық әндер фестивалі 1997 жылдан бастап әскери қызметшілер мен армия жастарын әскери-патриоттық тәрбиелеу, өнерлі жастарды дәріптеу, оларға қолдау көрсету мақсатында жылда өткізіліп тұрады. Фестиваль қазақстандық армияның әскерлерінде ғана емес халық арасында да ыстық ықылас пен ілтипатқа бөленіп, танымал болуда.

Дәл осы фестиваль аясында жаңа әндердің тұсауы кесіліп, жаңа таланттардың жұлдызы жарқырайды.

baq.kz

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Қазақ ханы Абылай» атты кітаптың тұсаукесері өтті

 "Қазақ ханы Абылай" атты кітаптың тұсаукесері өттіБүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының «Мырзатай Жолдасбековтың мемориалдық кітап коллекциясы» залында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған қытайлық жазушы Дәулетбек Қаңбақовтың «Қазақ ханы Абылай» атты тарихи романының тұсаукесері өтті. Автордың айтуынша, бұл кітаптың Абылай хан жайлы қазірге дейін жарық көрген басқа еңбектерден айырмашылығы Абылай хан дәуіріндегі бейбіт заман көбірек бейнеленген екен. Жазушы бұл еңбегін Қытайдағы қазақтардың атынан Қазақ хандығының 550 жылдығына тарту етіп отырғандығын да жеткізді. 

«1960 жылдан бері Қытайда қазақ ауыз әдебиетін жинаумен және зерттеумен айналыстым. Осы зерттеулерім негізінде Қытайда 3 томдық еңбегім баспа бетін көрді. Осы халық арасынан жинаған ауыз әдебиеті мені көптеген құнды деректермен қамдады. Ал, мына романның өзіне 15 жыл уақытымды сарп еттім. Бұл еңбекте тың дүниелер қамтылды. Әсіресе, Қытайдағы ауыз әдебиеті мен сонда жарық көрген тарихи зерттеулерге көбірек сүйендім. Бұнда тек қазақтың жауларымен болған соғысты айтып қана қоймай, Абылай дәуіріндегі қазақтың бейбіт өмірін суреттедім. Хан Абылайдың балалық шағынан бастап ел басқарған кемел кезі, өзге елдермен дипломатиялық қарым-қатынасы, соңғы өмірі түгелдей баяндалды»,-дейді автор Дәулетбек Оспанғалиұлы.

Дәулетбек Қаңбақов 1942 жылы ҚХР Шыңжан өлкесі Нылқы ауданында дүниеге келген. Қаламгердің «Жас қарағай», «Жыл лебіздері», «Қайнар көз», «Мұралардан ұлағат» сияқты 12 кітабы арғы бетте жарық көрген.

Айта кетейік, «Фолиант» баспасынан жарық көріп отырған жаңа кітап Қазақ хандығының 550 жылдығына байланысты баспа бетін көріп отыр. Тарихи туындыда Абылай ханның өмір жолы, қоғамдық қызметтері туралы жан-жақты баяндалады. Сондай-ақ, тарих бедерінде небір тар жол, тайғақ кешуді бастан кешкен ұлтымыздың ұлы перзентінің көркем бейнесі арқау болған.

baq.kz