Домой Блог Страница 297

Жұлдызды кеңес. Мәдина Сәдуақасова: Енемен тіл табысудың 4 тәсілі

Мәдина Сәдуақасовадан кеңес. Енемен тіл табысудың 4 тәсілі
кеңес

Өткен жылдың 2-ақпан күні танымал әнші, халықтың сүйікті де ерке қызы Мәдина Садуақасова тұрмысқа шығып, жары Олжас Смағұловпен үйлену тойы Алматы қаласында өткен болатын. Енді араға екі жылға таяу уақыт салып, Мәдина ханым отбасы мәселесінде кеңес айтып, өзінің тәжірибесімен бөлісуде.

 

1. «Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады».

Ене ғана емес, жалпы адамның көңілін табудың бір тәсілі — жақсы сөз, мейірімділік. Әрқашан да көңіліне қарап сөйлеу имандылық белгісі саналмақ. Яғни енеңіздің мінезін жақсы білгеніңіз дұрыс, көңіл-күйін аңғарып, мейірім-шуағыңызды төгіңіз, жақсы сөздер ғана жанды жылытатынын ұмытпаңыз.

2. Кішіпейіл болыңыз.

«Үлкенге құрмет, кішіге ізет» білдіргеннің артығы жоқ. Үнемі ағайын-туғанмен қарым-қатынасыңыз жақсы болып, сыйластық танытыңыз. Сіздің жақсы болғаныңыздан енеңіздің қадірі артады.

3. Төзімділік.

Әрине, әрдайым сабырлы болып, бәріне төзіп жалыққан боларсыз. Десе де, бір жамандық артынан бір жақсылық бар. Сондықтан, ашу шақырып, мінез көрсетуден аулақ болыңыз. Әр нәрсенің қайыры бар. Сабыр етіп, төзімділік танытсаңыз бәрі өз жолымен жүреді.

4. Сыйлықтар жасаңыз.

Енеңізге үнемі көңіл бөліп, сыйлық беріңіз. Ал сыйлық алған кімге де болмасын ұнайды емес пе?

anabol.kz

«Қазақ елі» мультфильмі халықаралық байқауға ұсынылады

«Қазақ елі» мультфильмі халықаралық байқауға ұсынылады
мультфильмі

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай түсірілген «Қазақ елі» мультфильмі халықаралық байқауға ұсынылады.

Бұл анимациялық туындыны Шымкент қаласында «Сақ» киностудиясы әзірлеп жатыр.  Тарихи кеңесшісі — тарих ғалымдарының докторы, профессор — Жамбыл Артықбай. Режиссері — Батырхан Дәуренбеков.

Фильм желісінде Жәнібек пен Керейдің ұстазы болған Қарт батырдың оларға садақ ату, қылыштасу, жауынгерлік өнердің түрлі тәсілдерін үйретуі баяндалады. Ел басқаруда білімнің де маңызы зор екенін ұстазынан ұғынған Керей мен Жәнібектің Отырар қаласына аттануы, Отырар кітапханасын аралап, ғұлама ұстаздардан түрлі дәрістер алып, елге оралғанда түрлі ерліктерімен көзге түсе бастауы да қамтылған.

Балалардың қызығушылығын арттыру мақсатында «Қазақ елі» мульфильмі барысында Керей мен Жәнібектің бала кездерінде бастарынан өткен қызықты оқиғалары көрсетіледі. Олардың тай үйретеміз деп жүріп, қалай қарақшыларға тап болғандары, Қарт батырдың көмегімен қарақшыларды жеңіп шығуы суреттеледі. Осы эпизодқа арнайы жазылған «Қарақшылар» әнін Нұрлан Абдуллин, Сәкен Майғазиев сынды кәсіби әншілермен қатар әзілімен танылған азаматтар Нұржан Төлендиев пен Берік Тұрсынбеков орындайды деп күтілуде.

Айта кетейік, «Қазақ елі» толықметражды мультихикаясының дайындалуы осыдан 9 ай бұрын басталған. Ол үшін бүгінде 50-ден астам маман күндіз-түні ауысыммен «Сақ» киностудиясында қызмет етуде. 1 сағаттық мультхикаяның жасау жұмыстары желтоқсан айында аяқталып, тәуелсіздік күнінде тұсауы кесіледі. Сондай-ақ, «Қазақ елі» мультфильмі халықаралық байқауға ұсынылады деп жоспарлануда.

baq.kz

Армия спорт клубының қатысушысы Оңтүстік Кореядағы әскери ойындарда алтын медаль иеленді

Оңтүстік Кореядағы әскери ойындарда алтын медаль иеленді
әскери

Оңтүстік Кореядағы VI  Дүниежүзілік әскери ойындарда Қазақстан Қарулы Күштері құрамасы жақсы нәтиже көрсетті.

Грек-рим стиліндегі балуандардың сайысында 59 келі салмақта Қазақстан Қарулы Күштері құрамасының спортшысы Мирамбек Айнағұлов үздік атанды.  Өзінің қарсыластарың нық жеңе отырып, ол команданың қоржынын алтын медальмен толықтырды.

Сонымен қатар жүзушілеріміз де жаман нәтиже көрсеткен жоқ.  Кіші сержант Александр Тарабрин 100 метр қашықтыққа арқамен жүзуден «күміс» медальді қанжығасына байлады. Осылайша, қазір армиялық құрамамыздың қоржынында бір алтын, екі күміс және төрт қола медаль. Бұл әскери ойынның бірінші күнінде 57 келіге дейінгі салмақта ҚР спорт шебері, әлем чемпионаттарының жүлдегері Владимир Кудрин командамыздың қоржынын күміс медальмен майлады. Екі қола медальді 74 келіге дейінгі салмақта халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлем чемпионы кіші сержант Ғалымжан Үсербаев пен 65 келіге дейінгі салмақта ҚР спорт шебері, әлем чемпионатының жүлдегері ефрейтор Азат Сақаев иеленді. Құрамаға тағы да екі «қола» медальді 61 келі салмақта  еркін стильдегі балуан Қазақстанның чемпионы, әскери қызметшілер арасындағы 2014 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері ефрейтор Елдос Әбікенов пен оның серігі кіші сержант Әділет Даулумбаев әкелді.

mod.gov.kz

«Қазақстанда жүзеге асырылатын үздік әлеуметтік жобалар» байқауының ақтық сынына 26 жоба қатысады

«Қазақстанда жүзеге асырылатын үздік әлеуметтік жобалар» байқауының ақтық сынына 26 жоба қатысадыАймақтық іріктеу кезеңдерінің қорытындысы бойынша «Қазақстанда жүзеге асырылатын үздік әлеуметтік жобалар» байқауының ақтық сынына 26 жоба қатысатын болды.

Биылғы жылы «Қазақстанда жүзеге асырылатын үздік әлеуметтік жобалар» байқауына қатысуға барлық ел өңірлерінен 124 өтініш келіп түсті.

Үміткерлердің басым бөлігі Қостанай облысы мен Астана қаласында (14 өтініштен) тіркелді, Алматыдан 11, Ақтөбе мен Қызылорда облыстарынан 10 өтініштен қабылданды.

Байқауға ҮЕҰ, қоғамдық бірлестіктер, мүгедектер ұйымдары, жеке тұлғалар, қызметі әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуға негізделген өзге де ведомстволар мен мекемелер қатысты.

Қазақстандықтар сайыстың ақтық мәресіне шыққан жобалармен ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігінің (әрі қарай – ҚР ДСӘДМ) ресми веб-сайтында таныса алады. Жеңімпаздарды құрамына ҚР Праламентінің депутаттары, ҚР ДСӘДМ өкілдері, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері, БАҚ өкілдері мен өткен жылғы байқау лауреаттары кіретін республикалық комиссия анықтайды.

Үздік әлеуметтік жобалардың тұсаукесері мен байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстанда жүзеге асырылатын үздік әлеуметтік жобалар» республикалық байқауы алғаш рет Астана қаласында 2013 жылы өткен болатын. Оның аясында жастарды, балалар мен жасөспірімдерді; отбасыларын (отбасының сәтсіздікке ұшырауын алдын алу шаралары); дағдарыс жағдайындағы әйелдер мен ерлерді; қарт адамдарды; девиантты немесе делинквентті мінез-құлық танытуға бейім адамдарды; мигранттарды; мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау бойынша бірқатар жобалар ұсынылады.

Әлеуметтік жобаларды жүзеге асырудағы басты мақсат – жоғарыда аталған санаттағы азаматтарға шынайы көмек көрсету.

mzsr.gov.kz

Алматы облысында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді

Алматы облысында жаңа спорт кешені пайдалануға берілдіАлматы облысында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді.

Кеше Талдықорған қаласында спорттық – сауықтыру кешені ашылып, Алматы облысының ішкі істер департаментінің қолданысына берілді.

Ғимарат өткен ғасырдың 70-ші жылдары салынған. Соңғы жылдары қатты ескірген кешенге құрылыс жұмыстары қажет болатын. ІІД басшысы полиция генерал-майоры М. Ұрымхановтың өтініші бойынша облыс әкімі Амандық Баталов қажетті қаражат бөліп, заманауи және сапалы нысанның бой көтеруіне өз үлесін қосты.

Кешеннің салтанатты ашылуында сөз сөйлеген өңір басшысы А. Баталов:

— 1970 жылдары салынған «Динамо» спорт кешенінен осы күнге дейін көптеген спорт шеберлері мен Халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері түлеп шыққан. Елбасының тапсырмасына сәйкес полиция қызметкерлері жыл сайын қызметіне сәйкестігін анықтау мақсатында аттестациядан өтіп тұратын болады. Кешен құрылысын үнемі назарымда ұстап тұрдым. Менің ойымша пайдаланылған құрылыс материалдары сапалы, құрылыс жұмыстары да құрылыс ережелеріне сай жасалған. Осы мақсатта бүгінгі ашылып отырған кешен әрбір тәртіп сақшысының физикалық бойын шынықтырудағы таптырмас дайындық орны. Полиция қызметкерлерінің түрлі спорт түрлерінен Қазақстан аумағында ғана емес, одан тыс шет мемлекеттерде де көрсетіп жатқан нәтижелерімен таныспыз.

Сіздердің қызметтеріңіз халықтың қауіпсіздігі, құқықтары мен елдің тыныштығын сақтау. Бұл қажырлы еңбекті талап ететін өте жауапты және қауіпке толы қызмет. Сіздерге және сіздердің отбасыларыңызға зор денсаулық, амандық тілеймін, — деді.

Келесі болып құттықтау сөзін сөйлегендер —  Алматы облысы Ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры М.Ұрымханов пен өткен ғасырда «Динамо» спорт кешенінің салынуына бірден-бір себепкер болған еңбек ардагері сөз сөйледі.

Құттықтау сөздерінен кейін жаңа кешеннің лентасы қиылып, жиылғандар кешеннің  ішкі құрылымымен танысты. ІІД бастығы М. Ұрымханов жиылғандарды бокс және күрес залдарымен, жүзу бассейнімен, одан кейін фитнес жаттығу залы, воллейбол және баскетбол ойнауға арналған залдармен, сондай-ақ шағын асханамен таныстырды.

Кешеннің ашылуына арналған шара аясында Алматы облысы әкімдігі, облыстың ұлттық қауіпсіздік департаменті, облыстық ішкі істер департаменті, Алматы қаласының ішкі істер департаменті, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігінің облыстық департаменті, төтенше жағдайлар департаменті командаларының қатысуымен шағын футбол және воллейбол ойындарынан тартысқа толы кездесулер өткізді. Кіл мықтыдан ең мықтылары анықталып, арнайы кубок пен бағалы сыйлықтармен марапатталды. Алматы облысы әкімдігінің волейбол командасында облыс әкімі Амандық Баталов ойынның басынан соңғы секундына дейін қызықты ойын өрнегін көрсетіп, талай жастарға үлгі бола білді.

Ескерте кетсек, ғимарат Талдықорған қаласындағы «Жетісу» орталық стадионының маңында орналасқан. Кешенде спортта жақсы нәтижелер көрсету үшін барлық жағдайлар қарастырылған.

Е. Тұрсыновтың «Жат» фильмі «Оскар» жүлдесінен үміттілер тізімінде

Е. Тұрсыновтың «Жат» фильмі «Оскар» жүлдесінен үміттілер тізіміндеҚазақстандық режиссер Ермек Тұрсыновтың «Жат» фильмі «Оскар» жүлдесінен үміттілердің тізіміне кірді. Фильм «Шетел тіліндегі үздік фильм» категориясы бойынша бақ сынайды.

Естеріңізге салсақ, «Жат» фильмі — Dolby Atmos көпарналы дыбыстық форматында түсірілген алғашқы қазақстандық кинотуынды. Картинаны дайындаушылардың сөзіне қарағанда, фильмді түсіруге кәсіпкер достары демеушілік көрсеткен. Фильмінің сценариін Тұрсынов 25 жыл бұрын диплом жұмысына арнап жазған көрінеді. Кинокартина өмірде болған оқиғаларға негізделген, онда 30-жылдары өмірден баз кешіп, тауда ғұмыр кешуге кетіп қалған Ілияс есімді ер адамның басынан кешкен оқиғалары баяндалады.

Фильмнің қоюшы-операторы Мұрат Әлиев, қоюшы-суретші — Александр Ророкин, композитор — Қуат Шілдебаев. Басты рөлдерді Ержан Нұрымбет, Элина Абайқызы, Қуандық Қыстықбаев, Александр Карпов, Роза Хайруллина, Ерболат Тоғызақов сомдайды.

Лонг-парақшаға — киноакадемия сыйлығынан үміттілер тізіміне 81 елдің үздік фильмдері бақ сынайды. Іріктеуден өткен тоғыз үміткер шорт-парақшаға енеді. Тізімнің қорытындысы келесі жылдың 14 қаңтарында жарияланады. 2016 жылы 28 ақпанда өтетін салтанатқа бар болғаны бес картина жолдама алады.

Айта кетейік, Ермек Тұрсыновтың бұған дейін «Келін» және «Шал» фильмдері «Оскарға» ұсынылған болатын. 2013 жылы «Шал» атты картинасы «Оскар» сыйлығынан үміттілердің қатарында болып, шорт-парақшаға іліге алмай қалған.

baq.kz

Талдықорғандағы ауыр атлетика турнирінде 3 рекорд жаңартылды

ауыр атлетика турнирінде 3 рекорд жаңартылдыТалдықорған қаласындағы IV Қазақстан жазғы спартакиадасы ауыр атлетика турнирімен аяқталды, онда 3 рекорд жаңартылды.

Жарыстарға еліміздің 13 облысы мен екі қаласының спортшылары қатысты. Спартакиаданың қорытындысы бойынша жалпы медальдық есепте үздік үш команда анықталды. Бірінші орынды Алматы облысы, екінші орынды Оңтүстік Қазақстан облысы иеленсе, «қола» Қызылорда облысына бұйырды, деп хабарлайды ҚР Ауыр атлетика федерациясы баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, Спартакиадада спортшылар Қазақстан рекордын орнатты:

Карина Горичева (69 келі) қос сайыс қорытындысы бойынша 261 келіні көтерді;

Александра Аборнева (75+ келі) 170 келіні «жұлқа көтерді»;

Селимхан Әбубәкіров 445 келіні (200+245) бағындырып, өз салмағында (105+ келі) абсолютті рекордшы атанды.

bnews.kz

Экстремалды журналистика бойынша семинарға БАҚ өкілдері қатысты

Экстремалды журналистика бойынша семинарға БАҚ өкілдері қатысты
журналистика

Алматы облысындағы Тұйық су аңғарында өтіп жатқан «Әскери дискурс-3» экстремалды журналистика бойынша семинарға қатысушылар нағыз таулы жағдайларда дайындықтан өтті.

Жетекші республикалық басылымдардың тілшілері ҚР ҚМ АОСК-ның тәжірибелі әскери нұсқаушы альпинистерінің басшылық етуімен шамамен 2 600 метр биіктікке тауға көтерілді. Олардың ішіндегі ең мықтылары жартасқа өрмелеудің бастапқы дағдыларын үйренді, ілме жүйесі және сақтандыру арқанының көмегімен тігінен тауға шықты.

Естеріңізге сала кетейік, үшінші семинардың ерекшелігі таулы жағдайларда экстремалды журналистика мен альпинизмге арналған. «Журналистерді альпинистік дайындаумен біз алғаш рет шұғылданып отырмыз. Маған барлықтарың шымыр, белсенді екендіктерін өте ұнайды. Әскери қызметшілерден журналистердің басты айырмашылығы, олар өте көп сөйлейді, оларға барлығы қызықты. Бұл дұрыс та шығар, себебі, мұның барлығы қалай өтіп жатқанын көрермен мен тыңдаушыға дұрыс жеткізу қажет. Біз ұдайы негізде әскерилерді дайындаймыз»,- деді ҚР ҚМ АОСК-ның таулы дайындық жөніндегі команда бастығы аға лейтенант Мақсұт Жұмаев.

Тәжірибелі әскери нұсқаушылар «әскери шиеленіс» аймақтарына шығуға журналистерді дайындау бойынша іс-шараларды өткізеді, экстремалды таулы жағдайларда аман қалу және жұмыс жасау негіздеріне оқытып-үйретеді. Қазақстанның түкпір-түкіпірінен жиналған журналистер мен блогерлер Іле Алатауының бөктерінде орын тепкен «Тұйық су» альпинистік базасында үш күн бойы болады.

baq.kz

Халықаралық ақындар айтысы Таразда өтті

Таразда халықаралық ақындар айтысы өттіХалықаралық ақындар айтысы Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Тараз қаласындағы Баласағұн орталық концерт залында өтті. Оған елімізден және Қытай, Моңғолия елдерінен келген 26 айтыскер қатысты.

Халықаралық ақындар айтысы екі күнге созылды. Жыр додасының бас бәйгесін екі ақын өзара бөлісті. Алматы облысының тумасы Болатбек Оразбаев пен кереулік Аспанбек Шұғатаев әрқайсысы 2,5 млн теңге көлеміндегі жүлдеге ие болды.

Таразда халықаралық ақындар айтысы өттіЕкінші орынды Астана қаласының ақыны Иранғайып Күзенбаев иеленді. Оның жүлдесі 2 миллион теңге. Үздік үштікке Айбек Қалиев пен Мейірбек Сұлтанхан лайық деп танылды. Бұл екі ақын 650 мың теңгеге ие болды.

Қазылар алқасының құрамында КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Асанәлі Әшімов, филология ғылымдарының докторы, профессор, публицист, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Намазалы Омашев, ЮНЕСКО профессоры, филология ғылымдарының докторы Тұрсын Жұртбай, Қазақстанның халық ақындары Қонысбай Әбілев, Әсия Беркенова, Әселхан Қалыбекова, жазушы, драматург, қоғам қайраткері Арғынбай Бекбосын, Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері, «Асыл арна» телеарнасының директоры Мұхамеджан Тазабеков болды. Төраға қызметін Асанәлі Әшімов атқарды.

baq.kz

Жар таңдау: адамдар өзінің өмірлік серігін қалай таңдайды?

жар таңдау: адамдар өзінің өмірлік серігін қалай таңдайды?Қай кезде де жар таңдау мәселесі өзекті.

Бір жас жігіт анасынан: «Анашым, жар таңдау қиын-ақ! Өзіме лайық әйелді қалай табамын?» – деп сұрайды. Сонда анасы: «Балапаным-ау! Лайықты жар табуды уайымдағаннан бұрын, оған қалай лайықты күйеу боламын деп уайымдасаңшы!» – деген екен…

«Өмірде екі нәрседен қателеспеу керек: бірі мамандық таңдау, екіншісі адал жар таңдау» деген кеңесті көп естиміз. Бірақ  америкалық ғалымдардың айтуына қарағанда, адамдар өздеріне өмірлік жарды ДНҚ бойынша таңдайды.

Ал адамның ұлты немесе нәсілі, білім деңгейі, әлеуметтік жағдайы таңдау жасауға еш әсер етпейтін көрінеді. Бұндай тұжырымға зерттеушілер 825 жұп ерлі-зайыптыларды зерттеу барысында келді. Мамандар ерлі-зайыптылардың геномдарын зерттей келе, олардың ДНҚ-ларының ұқсас екендігін анықтаған.

7sunews.kz